Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін тіркелген салық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы

Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2009 жылғы 29 қаңтардағы N 113 шешімі. Ақтөбе облысының Ойыл аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 24 ақпанда N 3-11-57 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Заңының (Салық Кодексінің) 422 бабының 1 тармағы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Қосымшаға сәйкес жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін тіркелген салық ставкасының мөлшері бекітілсін.

      2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

        Аудандық мәслихат       Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы:          хатшысы:

         К.Қазмағамбетов           Б.Бисекенов

Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 29 қаңтардағы
сессиясының N 113 шешіміне N 1 қосымша

Айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың ең төменгі және ең жоғарғы базалық ставкаларының мөлшері

N

Салық салу обьектісінің атауы

Тіркелген салықтың базалық ставкаларының ең төменгі мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)

Тіркелген салықтың базалық ставкаларының ең жоғары мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)

1

2

3

4

1.

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

12

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

18

3

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

1

4

4

Ойын жолы

5

83

5

Карт

2

12

6

Бильярд үстелі

3

25