Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы N 16/4-ІV "Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 31 наурыздағы N 197/31-IV Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2009 жылғы 29 сәуірде нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 574 болып енгізілді

Қолданыстағы

      Астана қаласы әкімдігінің ұсынысын қарап, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Заңның 13-бабын , Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Заңның 8-бабын , Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңның 1-бабының , 4-тармағының 1) тармақшасын басшылыққа ала отырып Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы N 16/4-ІV "Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидалары туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2007 жылғы 23 қарашада N 478 болып тіркелген, 2007 жылғы 29 қарашада N 187 "Вечерняя Астана", 2007 жылғы 29 қарашада N 192-194 "Астана хабары" газеттерінде жарияланған), 2008 жылғы 30 қаңтардағы N 50/8-ІV "Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы N 16/4-ІV "Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылғы 3 наурызда N 491 болып тіркелген, 2008 жылғы 8 наурызда N 27 "Вечерняя Астана", 2008 жылғы 8 наурызда N 32-33 "Астана хабары" газеттерінде жарияланған), 2008 жылғы 9 шілдеде N 116/18-ІV "Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы N 16/4-ІV "Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылғы 15 тамызда N 542 болып тіркелген, 2008 жылғы 21 тамызда N 99 "Астана ақшамы", 2008 жылғы 21 тамызда N 102 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған), 2009 жылғы 29 қаңтардағы N 187/30-ІV "Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы N 16/4-ІV "Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) шешімнің кіріспесі "мемлекеттік басқару" деген сөздерден кейін "және өзін-өзі басқару" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) осы шешіммен бекітілген, Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидаларында :
      1-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) қалалық бағыттағы жолаушылар көлігінде жол ақысын төлеуден босату түрінде және ақшалай төлемдер түрінде тегін қызметтерді көрсету түрінде ұсынылады.";
      8-тармақ келесі мазмұндағы 12) және 13) тармақшаларымен толықтырылсын:
      "12) қалалық бағыттағы жолаушылар көлігі - көлік туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын Астана қаласының жолаушыларды автомобильмен тұрақты тасымалдау көлігі";
      "13) мұқтаж зейнеткерлер - жалғыз тұратын зейнеткерлер, сонымен қатар жасы бойынша ең темен мөлшерде зейнетақы және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға.";
      9-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;
      10-тармақта "(қалалық бағыттағы жолаушылар көлігінде жол жүруге әлеуметтік көмек алушы азаматтардың тізімінен басқа)" сөздер алынып тасталсын;
      3-тарау алынып тасталсын;
      27-тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "2) бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде жалпы орта білім беретін, жоғары және орта кәсіптік оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар, балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін оқу орнын бітіретін уақытқа дейін, бірақ әрі дегенде 23 жасқа толғанға дейін көп балалы аналарға (анасы болмаған жағдайда - әкесіне немесе оған теңестірілген тұлғаға), (бұдан әрі - көп балалы аналар) беріледі.";
      31-тармақтың бірінші азат жолы келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "Мерекелік және айтулы күндерге Әлеуметтік көмек азық-түлік жиынтығы мен мерекелік түскі астар түрінде хабарласуы бойынша төмендегі санаттар ішінен азаматтарға беріледі:";
      34-тармақ "тізімдер" деген сөзден кейін "саннан" деген сөзбен толықтырылсын;
      62-тармақтың 3) тармақшасындағы "1000 (бір мың) теңгеден" деген сандар мен сөздер "3000 (үш мың) теңгеден аспайтын" деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын;
      62-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;
      65-тармақ алынып тасталсын;
      66-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "1) 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне - көпбалалы аналарға - 3000 (үш мың) теңгеден;";
      келесі мазмұндағы 4-бөліммен толықтырылсын:

"4-бөлім. Қалалық бағыттағы жолаушылар көлігінде жол ақысын төлеуден босату түрінде әлеуметтік көмек

      89. Қалалық бағыттағы жолаушылар көлігінде жол ақысын төлеуден босату түрінде әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға;
      2) жасы келген және еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлерге;
      3) мүгедектер мен он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
      4) көп балалы аналарға беріледі.
      90. Әкімгер:
      1) МЗТО деректер базасына сәйкес Ереженің 89-тармағында көрсетілген азаматтарға жеке куәлікті және тегін жол жүру билетін пайдалану құқығы расталған куәлік көрсеткен кезде "Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) дайындаған белгіленген үлгідегі жеңілдікті жол жүру билеттерін беруді жүргізеді;
      2) Басқарма ұсынған атқарылған жұмыстардың актілері негізінде тасымалдаушылар арасында бюджеттік қаражаттарды бөлуді және көрсетілген азаматтардың санаттарына жол жүруге тасымалдаушылардың шығын өтемақысын қамтамасыз етеді.
      91. Ереженің 89-тармағында көрсетілген, қалалық бағыттағы жолаушылар көлігінде жол ақысын төлеуден босату үшін азаматтардың жеңілдікті санаттарына жататынын растайтын және куәлігінің түпнұсқасы мен белгіленген үлгідегі жеңілдікті жол жүру билеттері негіздеме болып табылады.
      92. Әкімгер азаматтардың өтініштері бойынша жарамсыз жеңілдікті жол жүру билеттерін ауыстырады.
      93. Жеңілдікті жол жүру билеттерін қайтадан беру жоғалғандығы туралы құжатпен расталғанда ("іздеу салу үстелінің" анықтамасы, мерзімдік басылымдағы ұрланған (жоғалған) жеңілдікті жол жүру билетінің жарамсыз деп танылғаны туралы хабарландыру, ұрланған жағдайда - ішкі істер органдарынан растау) жылына бір рет жүргізіледі.".
      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы
      мәслихатының сессия төрайымы                      Н. Петухова

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                            В. Редкокашин