Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 337 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 20 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6013 болып енгізілді

Жаңартылған

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тәуелсіз салалық реттеуіштер қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Электр энергетикасын және көмір өнеркәсібін дамыту департаменті (Н.Б. Бертісбаев) осы бұйрықты белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін  және оның ары қарай ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                              С. Мыңбаев

      КЕЛІСІЛДІ:
      Қазақстан Республикасы
      Табиғи монополияларды реттеу
      агенттігінің төрағасы
      ________________ Н. Алдабергенов
      2009 жылғы 25 желтоқсан   

Қазақстан Республикасы 
Энергетика және минералдық
ресурстар министрінің  
2009 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 337 бұйрығына қосымша 

Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар
министрлігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне
өзгерістер мен толықтырулардың тізбесі

      Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 16.04.2013 № 124 бұйрығымен.
      2) «Жүйелік оператордың қызмет көрсетуі, жүйелік және қосалқы қызметтер нарығын ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 10 қыркүйектегі № 213 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3107 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінің 2005 жылғы 17 қарашадағы № 149 (773) нөмірінде жарияланған):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жүйелік оператордың қызмет көрсетуі, жүйелік және қосалқы қызметтер нарығын ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесінде:
      24-тармақта «мен өзге» деген сөздер алып тасталсын;
      3) Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 16.04.2013 № 124 бұйрығымен.
      4) «Электр энергиясын пайдалану және жылу энергиясын пайдалану ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 10 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3455 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде жарияланған, 2005 жыл, № 14, 69-құжат):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылу энергиясын пайдалану ережесінде:
      2-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) реттеуші орган - табиғи монополиялар салаларындағы  және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясын пайдалану ережесінде:
      2-тармақта:
      18) тармақшада «мен электр энергиясы нарығындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де ұйымдар» деген сөздер «, жүйелік оператор, электр энергиясымен орталықтандырылған сауда операторы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «21) уәкілетті орган - электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;»;
      60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «60. Жеке және заңды тұлғалар болып табылатын электр энергиясын тұтынушылар электр энергиясын «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18, 19-баптарына сәйкес энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан алады.»;
      70-тармақ алып тасталсын;
      5) Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 16.04.2013 № 124 бұйрығымен.