Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 337 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 20 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6013 болып енгізілді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тәуелсіз салалық реттеуіштер қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Электр энергетикасын және көмір өнеркәсібін дамыту департаменті (Н.Б. Бертісбаев) осы бұйрықты белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін  және оның ары қарай ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                              С. Мыңбаев

      КЕЛІСІЛДІ:
      Қазақстан Республикасы
      Табиғи монополияларды реттеу
      агенттігінің төрағасы
      ________________ Н. Алдабергенов
      2009 жылғы 25 желтоқсан   

Қазақстан Республикасы 
Энергетика және минералдық
ресурстар министрінің  
2009 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 337 бұйрығына қосымша 

Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар
министрлігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне
өзгерістер мен толықтырулардың тізбесі

      Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасында электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 27 тамыздағы № 197 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3086 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінің 2004 жылғы 4 қарашадағы № 204-205 (938-939) нөмірінде жарияланған):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесінде:
      4-тармақтың 5) тармақшасында «бақылау мен реттеуді» деген сөздер «басшылықты» деген сөзбен ауыстырылсын;
      21-тармақта:
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) энергия беруші ұйымдар;»;
      7) тармақша алып тасталсын;
      9-тараудың тақырыбында «және өзге де» деген сөздер алып тасталсын;
      34-тармақта:
      бірінші абзацында «және өзге» деген сөздер алып тасталсын;
      1) тармақшада «электр энергиясын қайта сату мақсатында» деген сөздер «энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      35-тармақта:
      бірінші абзацында «және өзге де» деген сөздер алып тасталсын;
      4)-тармақшада «немесе өзге де» деген сөздер алып тасталсын:
      36-тармақтың бірінші абзацында «және өзге» деген сөздер алып тасталсын;
      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «37. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар өздерінің тұтынушыларын энергиямен жабдықтау мақсатында тиісті шекті, есептік немесе жеке тарифтерді ескере отырып электр энергиясын сатып алуды:
      тараптардың келісімі бойынша белгіленген бағалары, көлемдері мен шарттары бойынша энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясының орталықсыздандырылған сауда нарығында;
      «Қазақстан Республикасында электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2007 жылғы 29 тамыздағы № 228-НҚ бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 5095 болып тіркелген) белгіленген тәртіппен орталықтандырылған сауда нарығында жүзеге асырады.»;
      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «38. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясының орталықтандырылған саудаға қатысуы Заңмен белгіленген жағдайларды қоспағанда, ерікті негізде жүзеге асырылады.»;
      39-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «39. Электр энергиясының көтерме сауда нарығында өз қызметін жүзеге асыру кезінде энергиямен жабдықтаушы ұйымдар:»;
      44-тармақта:
      бірінші сөйлемінде «және өзге» деген сөздер алып тасталсын;
      екінші сөйлемінде «табиғи монополия аясында қызметке бақылау мен реттеуді» деген сөздер «табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты» деген сөзбен ауыстырылсын;
      45-тармақтың 3) тармақшасында «және өзге» деген сөздер алып тасталсын;
      2) «Жүйелік оператордың қызмет көрсетуі, жүйелік және қосалқы қызметтер нарығын ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 10 қыркүйектегі № 213 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3107 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінің 2005 жылғы 17 қарашадағы № 149 (773) нөмірінде жарияланған):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жүйелік оператордың қызмет көрсетуі, жүйелік және қосалқы қызметтер нарығын ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесінде:
      24-тармақта «мен өзге» деген сөздер алып тасталсын;
      3) «Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және жұмыс істеу, сондай-ақ осы нарыққа қызметтер көрсетудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2004 жылғы 30 қыркүйектегі № 232 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3119 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде жарияланған, 2005 жыл, № 3-8, 26-құжат):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және жұмыс істеу, сондай-ақ осы нарыққа қызметтер көрсетудің Ережесінде:
      3-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) реттеуші орган - табиғи монополиялар салаларындағы  және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;»;
      4-тармақта 3) тармақша алып тасталсын;
      8-тармақта 9), 10) тармақшалар алып тасталсын;
      10-тармақта 7), 8) тармақшалар алып тасталсын;
      12-тармақта 8), 9) тармақшалар алып тасталсын;
      4) «Электр энергиясын пайдалану және жылу энергиясын пайдалану ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 10 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3455 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде жарияланған, 2005 жыл, № 14, 69-құжат):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылу энергиясын пайдалану ережесінде:
      2-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) реттеуші орган - табиғи монополиялар салаларындағы  және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясын пайдалану ережесінде:
      2-тармақта:
      18) тармақшада «мен электр энергиясы нарығындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де ұйымдар» деген сөздер «, жүйелік оператор, электр энергиясымен орталықтандырылған сауда операторы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «21) уәкілетті орган - электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;»;
      60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «60. Жеке және заңды тұлғалар болып табылатын электр энергиясын тұтынушылар электр энергиясын «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18, 19-баптарына сәйкес энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан алады.»;
      70-тармақ алып тасталсын;
      5) «Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 269 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 5044 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінің 2008 жылғы 11 қаңтардағы № 4 (1230) нөмірінде жарияланған):
      3-тармақтағы «2009» деген сандар «2011» деген сандармен ауыстырылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу ережесінде:
      8-тармақта:
      3) тармақшада «жеткізушілердің» деген сөзден кейін «/сатып алушылардың» деген сөздермен толықтырылсын;
      4-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4-1) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының имитациялық режимі (бұдан әрі - имитациялық режим) - электр энергиясы теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеуді жүзеге асырмастан электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуі;»;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) теңгерімдеуші электр энергиясын жеткізуші/сатып алушы - реттеуге қатысуға өтінім берілгеніне сәйкес электр энергиясының теңгерімсіздігін физикалық реттеуде қатысатын электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектісі;»;
      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «13) электр энергиясын өндірудің-тұтынудың теңгерілімін ұйымдастыру - электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуін ұйымдастыру жөніндегі жүйелік оператор көрсететін қызмет;»;
      мынадай мазмұндағы 16) және 17) тармақшалармен толықтырылсын:
      «16) электр энергиясының теңгерімсіздігі - электр энергиясын өндірудің-тұтынудың нақты шамасының электр энергиясын өндіру-тұтынудың сағаттық тәуліктік кестесіндегі жүйелік оператор бекіткен шамадан ауытқуы;
      17) теңгерімдеуші электр энергиясы - электр энергиясын өндірудің-тұтынудың жүйелік оператор бекіткен сағат сайынғы тәуліктік кестесін іске асыру кезінде туындайтын теңгерімсіздіктерді жою үшін пайдаланылатын электр энергиясы;»;
      10-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Энергия өндіруші ұйымдардың шиналарына тікелей қосылған  және олардан электр энергиясын екі жақты келісімдер бойынша алатын бөлшек сауда нарығының субъектілері үшін теңгерім Провайдері ретінде Энергия өндіруші ұйым болып табылады.»;
      16-тармақтың екінші сөйлемінде «Жүйелік операторды» деген сөздерден кейін «және Қаржылық орталықты» деген сөздермен толықтырылсын;
      17-тармақтың 8) тармақшасы «электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілерімен» деген сөздердің алдында «Жүйелік оператор алдындағы электр энергиясы теңгерімсіздігі үшін жауапкершілікті Теңгерім провайдеріне берген» деген сөздермен толықтырылсын;
      18-тармақтың бірінші абзацында «жеткізушілері» деген сөзден кейін «/сатып алушылары» деген сөздермен толықтырылсын;
      21-тармақ «жеткізуші» деген сөзден кейін «/сатып алушы» деген сөздермен толықтырылсын;
      24-тармақтың соңғы сөйлемі алып тасталсын;
      67-тармақтың бесінші абзацы алып тасталсын;
      70-тармақ алып тасталсын.