Маскүнедікпен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп танылған адамдарды есепке алу, қару және емдеу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 2 желтоқсандағы N 814 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 3 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5954 болып енгізілді

Жаңартылған

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 134-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған маскүнемдікпен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп танылған адамдарды есепке алу, қарау және емдеу ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (Айдарханов А.Т.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуге жіберсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Бисмильдин Ф.Б.) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін, оның заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. "Нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалту орталықтарына (бөлімшелеріне) жіберу, нашақорлықтан зардап шегетін ауруларды ұстау жағдайы туралы ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3046 тіркелген, 2005 жылғы 28 қазанда N 199-200 (933-934) "Заң газеті" газетінде жарияланған) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 18 тамыздағы N 638 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.
      6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін
      атқарушы                                         Б. Садықов

Қазақстан Республикасы   
      Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының    
2009 жылғы 2 желтоқсандағы 
N 814 бұйрығымен бекітілген

Маскүнемдікпен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп
танылған адамдарды есепке алу, қарау және емдеу ережесі 1. Жалпы бөлім

      1. Осы ереже Қазақстан Республикасының наркологиялық көмек көрсету жүйесінің психоактивті заттарға (алкоголь,есірткі, психотроптық заттар, психостимуляторлар, галлюциногендер, ұшпа ерітінділер, табак) (бұдан әрі - ПАЗ) тәуелді адамдарды диагностикалау, емдеу және оңалту және есірткіге тәуелділіктің алдын алу саласындағы қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында әзірленген.
      2. Осы ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) диспансерлік есепке алу және қадағалау - ПАЗ-ды пайдаланудан туындаған психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстары, ПБЗ-ға тәуелділіктің клиникалық белгілері бар адамдарды есепке алу және қадағалау (бұдан әрі - наркологиялық пациенттер);
      2) профилактикалық есепке алу және қадағалау - ағза үшін зиянды клиникалық елеулі зиянды әсері болған ПАЗ-ды пайдаланатын және жеке басында ПАЗ-ға тәуелділіктің клиникалық белгілері болмаған медициналық-әлеуметтік қызметінің бұзылыстары бар адамдарды есепке алу және қадағалау;
      3) мекен-жайы бойынша есепке алу - ағза үшін зиянды клиникалық елеулі зиянды әсері болған ПАЗ-ды пайдаланатын және жеке басында ПАЗ-ға тәуелділіктің клиникалық белгілері болмаған, медициналық-әлеуметтік қызметінің бұзылыстары бар адамдарды есепке алу, диспансерлік қадағалау және профилактикалық қадағалау. Мекен-жайы бойынша есепке алу пациенттің аты-жөні мен өзге де паспорттың деректері медициналық құжаттарда белгіленеді;
      4) жасырын есепке алу - тіркелген медициналық коды бойынша ағза үшін зиянды клиникалық елеулі зиянды әсері болған ПАЗ-ды пайдаланатын ПАЗ тәуелді тұлғаларды медициналық-әлеуметтік қызметінің бұзылыстары бар адамдарды есепке алу, диспансерлік қадағалау және профилактикалық қадағалау.
      3. Өздігінен немесе қоғамдық қауымдастықтардың, медициналық ұйымдардың, заңды тұлғалар мен ішкі істер органдарының жолдамасы бойынша көмекке жүгінген, ПАЗ-ды пайдаланғанымен аурудың клиникалық белгілері болмаған адамдарды (бұдан әрі - қауіп тобы) профилактикалық қадағалау ұйымдастырылады.
      4. Профилактикалық қадағалаудың мақсаты ПАЗ-ды пайдаланудан туындаған психикалық және мінез-құлықтық қауіп тобындағы адамдардың нашақорлық ауруларының дамуының алдын алу болып табылады.
      Профилактикалық қадағалау уақытында қауіп тобындағы адамдардың мас болуын және есірткі, психотроптық және басқа да ПАЗ-ды пайдалануын тоқтатуға септігін тигізетін сәйкес көмек алады.
      5. Наркологиялық ұйымдар ПАЗ-ды пайдаланудың салдарынан психикалық және мінез-құлық бұзылыстары болған пациенттерді диспансерлік есепке алады және қауіп тобының адамдарын профилактикалық қадағалауды жүзеге асырады.
      ПАЗ-ды (бұдан әрі - наркологиялық аурулар) пайдаланудың салдарынан психикалық және мінез-құлық бұзылыстары бар пациенттерді диспансерлік есепке алу және қауіп тобындағы адамдарды профилактикалық есепке алу наркологиялық ұйымдарда жүзеге асырылады. Нашақорлық ауруы диагнозын амбулаториялық, сол сияқты стационарлық жағдайда да деонтология қағидасын қатаң түрде сақтай отырып, денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тек нарколог дәрігер немесе дәрігерлік-консультациялық комиссия (бұдан әрі - ДКК) ғана қоятын болады. Наркологиялық ауруы диагнозы психиатриялық (психоневрологиялық) ұйымдарда тексеру мен емдеу кезінде белгіленуі мүмкін, алайда диспансерлік есепке алу (профилактикалық қадағалау) қажеттігі туралы мәселенің түпкілікті шешімін мұндай жағдайларда пациенттердің (қауіп тобындағы адамның) тұрғылықты мекен-жайы бойынша нарколог дәрігер қабылдайды.
      6. Наркологиялық көмек көрсететін (бұдан әрі - наркологиялық ұйымдар) амбулаториялық наркологиялық ұйымдарда мекен-жайы бойынша және жасырын диспансерлік есепке алуға және ылғи қадағалауға нарколог-дәрігердің, ДКК немесе өндіріс үшін арнайы медициналық комиссияның сот-наркологиялық сараптаудың диагнозы қойылған, ПАЗ-ды пайдаланудың салдарынан психикалық және мінез-құлық бұзылыстары бар адамдар жатады.
      7. Барлық нашақорлықпен ауыратын пациенттер мен қауіп тобындағы адамдарға амбулаториялық науқастың медициналық картасы және көрсетілген пациенттерді диспансерлік байқауды бақылау картасы толтырылады. Медициналық қызмет жасырын көрсетілген адамдарға толтырылған аталған құжаттардың паспорттық бөлігі кодталады.
      8. Пациенттерге ПАЗ-ды пайдаланудың салдарынан болған наркологиялық ауруы диагнозын қойған кезде міндетті түрде наркологиялық ауруының болуына байланысты медициналық-әлеуметтік аспектілер (белгілі бір жұмыс түрлерін, сонымен қатар қару сатып алу мен қолдануға рұқсат беруді шектеу) түсіндіріледі.

2. Наркологиялық ұйымдарда наркологиялық пациенттерді
диспансерлік есепке алу мен профилактикалық қадағалау
мерзімдері

      9. Диспансерлік есепке алу кезінде пациенттер ұзақ ремиссиялық жай-күйін қамтамасыз ететін білікті көмек алуға тиіс. Пациенттерге емдеуші дәрігердің барлық тағайындауларын орындап, наркологиялық ұйымдарда емдеудің мерзімдерін сақтап әрі тұрақты, объективті расталған ремиссиясы емделген жағдайда мекен-жайы бойынша диспансерлік есепке алудың мынадай мерзімдері белгіленеді:
      1) алкагольді пайдаланудың  нәтижесінде психикалық және мінез-құлық бұзылыстары бар пациенттер - 3 жыл;
      2) ПАЗ-ды (алкогольден басқа) пайдаланудың салдарынан психикалық және мінез құлық бұзылыстары бар пациенттер - 5 жыл.
      10. Медициналық емес мақсатта ПАЗ-ды пайдаланатын адамдарды профилактикалық қадағалаудың мерзімі - 1 жыл.
      Қауіп тобындағы адамдар профилактикалық қадағалау кезінде медициналық көмекті амбулаториялық жағдайда басымдылықпен алады.
      11. Диспансерлік есептен шығару (мекен-жайы бойынша, жасырын) мынадай негіздемелер бойынша жүргізіледі:
      1) тұрақты ремиссия (айығу);
      2) тұрғылықты мекен-жайын өзгертіп, наркологиялық ұйым қызмет көрсететін аумақтан тыс кеткенде, соның ішінде басқа наркологиялық ұйымға диспансерлік қадағалауға ауыстырылуына байланысты;
      3) наркологиялық ұйым 1 жыл ішінде пациентті тексеруді қамтамасыз етпеген жағдайда, барлық қабылданған шараларға (соның ішінде ішкі істер органдарының өтініштері) қарамастан, оның болған жері туралы объективті мәліметтер болмаған кезде пациент диспансерлік есептен шығарылады. Мұндай жағдайларда есептен шығару туралы шешімді пациенттер қадағаланған ұйымның ДКК-сы шығарады;
      4) 1 жылдан астам бас бостандығынан айырылып, сотталу;
      5) қайтыс болуына байланысты.
      12. Тұрақты ремиссияға (айығуы бойынша) байланысты мекен-жайы бойынша есептен шығару пациент қадағаланған ұйымның ДКК-сы қорытындысының негізінде жүргізіледі. Қалған жағдайларда есептен шығару туралы қорытындыны тиісті органдардың немесе ұйымдардың ресми хабарламаларының негізінде емдеуші дәрігер жасайды, бұл ретте есептен шығару туралы қорытындыға ДКК төрағасы немесе наркологиялық ұйымның бас дәрігерінің орынбасары қол қояды.
      13. Медициналық емес мақсатта ПАЗ-ды пайдалануды ұзақ уақыт бойы (жыл бойы) тоқтату профилактикалық қадағалауды тоқтатудың негізі болып табылады.

3. Наркологиялық пациенттерді жасырын есепке алу

      14. Жасырын оңалту курсынан өтуге ықылас білдірген пациент көмекке жүгінген кезде амбулаториялық немесе стационарлық наркологиялық ұйымға пациенттің жеке басын куәландыратын құжаттарды ұсыну талап етілмейді.
      Пациентке бірінші рет жасырын көмекке жүгінген кезде тіркеу медициналық коды беріледі, онда амбулаториялық науқастың жеке картасы немесе сырқатнамасы, статистикалық талондар, шұғыл хабарлама, диспансерлік бақылау картасы және басқа да медициналық құжаттар толтырылады (оларда аты-жөні, мекен-жайы, көрсетілмейді).
      15. Медициналық тіркеу кодын берген кезде мыналарды басшылыққа алған жөн:
      1) кодтың бірінші белгісі облыстың немесе өңірдің әріптік белгісі болып табылады:
      Z - Астана қаласы;
      А - Алматы қаласы;
      В - Алматы облысы;
      С - Ақмола облысы;
      D - Ақтөбе облысы;
      E - Атырау облысы;
      F - Шығыс Қазақстан облысы;
      H - Жамбыл облысы;
      L - Батыс Қазақстан облысы;
      X - Оңтүстік Қазақстан облысы;
      M - Қарағанды облысы;
      N - Қызылорда облысы;
      P - Қостанай облысы;
      R - Маңғыстау облысы;
      S - Павлодар облысы;
      T - Солтүстік Қазақстан облысы;
      2) пациент кодының мынадай бес белгісі - нақты облыста немесе өңірде пациентке бірінші рет көмекке жүгінген кезде берілетін оның реттік нөмірі. Бұдан әрі бұл нөмір осы өңірдегі әрбір пациент үшін тұрақты, жеке болып табылады. Кейіннен жасырын көмекке жүтінген кезде пациент осы нөмірді атауға тиіс;
      3) пациенттерді жасырын есепке алуы медициналық тіркеу коды қайталанбайтындай етіп ұйымдастырылуы тиіс. Жасырын түрде емделетін пациенттерді есепке алудың ұйымдастырылуын бақылауды наркологиялық ұйымдардың ұйымдастыру-әдістемелік бөлімдері (кабинеттері) жүзеге асырады.
      16. Жасырын түрде емделетін пациент оған жеке медициналық код берілгеннен кейін Қазақстан Республикасы наркологиялық қызметінің барлық есеп алу және есеп беру нысандарында ескерілуге тиіс.

4. Диспансерлік есепке алу мен профилактикалық бақылау кезінде
наркологиялық пациенттерді мерзімдік тексеру

      17. Пациенттер мен қауіп тобындағы адамдарды тексеру пациенттердің жай-күйіне тұрақты бақылау жасауды, медициналық сипаттағы емдеу мен профилактикалық іс-шаралар үрдісінде жүргізуді жүзеге асыру үшін қажет. Бұл ретте наркологиялық пункттің учаскелік дәрігер-наркологы, мейірбикесі, фельдшері, әлеуметтік көмек фельдшері (мейірбикесі) пациентті немесе қауіп тобындағы адамды тексереді, медициналық-тексеруді қамтамасыз-етеді, дәрілік-заттарды тағайындайды және басқа да терапиялық араласуларды жүзеге асырады.
      18. Алкогольден зардап шегетін пациенттер динамикалық бақылаудың үштен біріне енгізіледі:
      1) бірінші топ:
      алғашқы рет медициналық көмекке жүгінген пациенттер;
      ауруы іс жүзінде ремиссиясыз болатын пациенттер (ремиссияның ұзақтығы кемінде 1 жыл);
      мәжбүрлеп емдеу аяқталғаннан кейін арнайы мекемелерден шығарылған пациенттер;
      оларға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған еңбекпен түзету мекемелерінен босатылған пациенттер. Алайда түзету мекемелерінен алкогольді бір жылдан аса немесе екі жылдан аса қолданбауға ұстамдылық танытқандығы туралы ресми құжаттары болған жағдайда оларды тиісінше 2 немесе 3 динамикалық бақылау тобына ауыстырылуы мүмкін.
      2) екінші топ - 1 жылдан 2 жылға дейін ремиссиясы болған пациенттер;
      3) үшінші топ - 2 жылдан астам ремиссиясы болған пациенттер;
      4) төртінші топ - ПАЗ-ға (алкогольден басқа) тәуелді, 3 жылдан астам ремиссиясы болған пациенттер.
      Бірінші топтағы пациенттерді қараудың жиілігі орташа есеппен айына кемінде 1 рет (пациент стационардан тыс болғанда), екінші топ - 2 айда 1 рет, үшінші топ - қараулардың мерзімі ауру ағымы ескеріле отырып, белгіленеді; төртінші топ - 4 айда кемінде 1 рет болады.
      19. ПАЗ-ға (алкогольден басқа) тәуелді пациенттер диспансерлік қадағалаудың төрт тобының біреуіне енеді. Пациенттер бірінші, екінші және үшінші топтарға тексерулер санына сәйкес алкогольге тәуелді пациенттер үшін белгіленген тәртіппен бөлінеді.
      20. 1 жыл ішінде әрбір нақты пациентке келетін тексерулердің саны ол кіретін ылғи есепке алу немесе қадағалау тобына, сондай-ақ жеке тұлғаның ерекшеліктері мен аурудың ағымына байланысты болады.
      21. Алкогольді асыра пайдаланатын, медициналық емес мақсатта есірткіні, психотроптық және басқа да ПАЗ-ды пайдаланатын адамдар профилактикалық қадағалау тобын құрайды.
      Алкогольді және басқа да психикалық белсенді заттарды асыра пайдаланатын 18 жастан асқан адамдарды тексерулердің жиілігін емдеуші дәрігер жеке белгілейді.
      Алкогольді, және басқа да психикалық белсенді заттарды асыра пайдаланатын кәмелетке толмағандарды тексерулердің жиілігі - айына кемінде 1 рет.
      Есірткіні және басқа да құралдарды медициналық емес мақсатта пайдаланатын, ПАЗ-ға (алкогольден басқа) тәуелділік белгілерінсіз адамдарды тексерулердің жиілігі - айына кемінде 1 рет.
      22. Ұсынылып отырған тексерулердің жиілігі учаскедегі контингенттік құрылымына қарай және пациенттерге деген сараланған көзқарас тәртібімен барлық тұрақты қадағалау топтарында кездесуі мүмкін. Бір пациентке жылына тексерілуінің орташа есептік санын кемінде бес реттен аз емес деп белгілеген жөн.
      23. Топтағы қадағаланатын контингентті болжамды бөлу шағын топтар құрудың болуын, түсті таңбалау мен құжаттамамен жұмыс істеуге ыңғайлы болу үшін қолданылатын басқа да тәсілдерді пайдалануды қалайды.

5. Наркологиялық пациенттерді наркологиялық бөлімшелерге
(орталықтарға) жатқызу, емдеу және шығару тәртібі

      24. Наркологиялық ұйымға емделуге жатарда пациентке:
      1) наркологиялық науқас, оның биологиялық, дербес (психологиялық) және әлеуметтік зардаптары туралы толық ақпаратты, болуы мүмкін қауіп туралы мәліметтерді қосқандағы өзінің денсаулығы және ұсынылған және баламалы емдеу тәсілдерінің артықшылығы туралы, емделуден бас тартқан жағдайда мүмкін болатын салдары, диагнозы болжам мен науқас үшін қолжетімді емдік іс-шаралардың жоспары туралы ақпарат;
      2) психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділікті жеңудегі наркологиялық көмек жүйесінің мүкіндіктері туралы, оның ішінде қызметтердің толық ассортименті, наркологиялық көмектің түрлері, тұратын аймағындағы және тұтас республикадағы емдеу, оңалту бағдарламалары туралы толық және объективті ақпарат ұсынылады.
      25. Маскүнемдікпен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын пациенттерді емдеу үш кезеңнен тұрады: дәрі-дәрмекпен түзету кезеңі, психотерапия және оңалту кезеңі және әлеуметтік оңалту кезеңі.
      26. Пациентке наркологиялық ұйымда болу режимінің міндетті шарттар емдеу тәртібін сақтау қажеттігі түсіндіріледі.
      27. Дәрілік түзету кезеңінде алғаш келіп түскен кезде, қабылдау бөлімшесінде пациенттердің психофизикалық жай-күйін анықтау және медициналық түзету жоспарын құру мақсатында нарколог дәрігер пациенттермен әңгімелеседі және медициналық емдеу жоспары, психотерапия тәсілін құрады, диагностика мен емдеудің мерзімдік хаттамаларына сәйкес тар шеңберлі мамандықтағы дәрігерлердің тексеру және қарау жоспарын жасайды. Емдеудің екінші және үшінші кезеңдеріне ауыстырылған кезде пациентті наркологиялық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясы қарап, сәйкес ұсынымдар шығарады.
      28. Келіп түскен кезде пациенттерді қарауды наркологиялық ұйымның қабылдауындағы пациентті жеткізген медицина қызметкерлері мен бөлімшенің медицина қызметкерлері бірге жүзеге асырады. Қарау толық аяқталғаннан кейін және ПАЗ-ның әкелінбегендігіне толық көз жеткізілгенде ғана пациент қабылданды деп саналады.
      29. ПАЗ-дың бөлімшесіне әкелінуіне жол бермеу үшін пациенттерді, олардың жеке заттарын, тамақ өнімдерін және басқаларды мұқият қарауды жүргізеді.
      30. Емделуге келіп түскен кезде бөлімшедегі емдеу режимінің ерекшілігі, атап айтқанда, бөлімшеде (палатада) пациенттерді, олардың жеке заттарын, берілетін заттарды қарау тұрақты жүргізіледі.
      Пациенттер, сондай-ақ, аурухананың немесе бөлімшенің аумағында олардың туысқандарымен кездесуі кезінде міндетті түрде наркологиялық бөлімше қызметкерлерінің біреуі болатындығы туралы хабардар етіледі. Бұдан басқа, пациенттер есірткі мен пациент әуестігін тудыратын басқа да ПАЗ-ды сақтау және сатып алу қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғатыны туралы ескертіледі.
      31. Пациент парағында "Туысқандарымен әңгімелесу" деген бөлімде туысқандары наркологиялық бөлімше (палата) режимінің ерекшеліктерімен танысқандығы белгіленеді.
      32. Бөлімшеге келіп түскен кезде пациент ұйымның жұмысы, өзінің құқықтары мен міндеттері туралы толық ақпарат алады. Мамандармен бірге пациент өзінің бөлімшеде болу мақсатын анықтайды. Пациенттен жеке және топтық бағдарламаларға қатысу дайындығы, режимді сақтауы мен қызметкердің ұсынымдарын орындауы талап етіледі.
      33. Кәмелетке толмағандар емделуге келіп түскен кезде кез келген манипуляциялар, зерттеулер, емдеу тәсілдері олардың заңды өкілдерінің келісімімен жүргізіледі.
      34. Дәрі-дәрмекпен түзету бөлімшелерінің (палаталарының) жұмысын ұйымдастыру кезінде алғашқы рет және қайта түскен пациенттердің, сондай-ақ диагнозын қою мақсатында тексеруге жіберілген адамдардың, әр түрлі палаталарда болу мүмкіндігі ұсынылады.
      35. Пациенттерде ПАЗ немесе медициналық шприцтер табылған кезде бұдан әрі бөлімшелер мен палаталарға ПАЗ бен медициналық шприцтердің әкеліну жолдарын анықтау мен жою шаралары қабылданады.
      36. ПАЗ-ға тәуелді пациенттерді мамандандырылған консультациялық-диагностикалық кабинеттерге немесе физиотерапиялық кабинеттерге жіберген кезде бір санитар екі пациентті ғана алып жүреді. Бөлімшеге қайтқан кезде пациенттер ПАЗ-дың әкелінуіне жол бермеу мақсатында қаралады.
      37. Бекітіліп берілген аумақтың басқа медициналық ұйымынан пациенттерді ауыстыру наркологиялық бөлімше меңгерушісінің келісімімен, ондай болмаған жағдайда наркологиялық ұйымның бірінші басшысының немесе оның медициналық бөлімі жөніндегі орынбасарының шешімімен, аумақтың бекітілген учаскелік нарколог-дәрігердің келісімімен жүзеге асырылады.
      38. Пациентті екінші немесе үшінші кезеңіне ауыстыру наркологиялық ұйымның ДКК шешімімен жүзеге асырылады. Пациентті ауыстырған кезде пациенттің медициналық картасына және ДКК журналына дәрігерлік-консультациялық комиссияның байқауы жазбаша рәсімделеді, ауыстыру эпикризі мен стационарлық пациенттің медициналық картасы ол ауысатын және пациент шығып кеткенше жүргізілетін бөлімшеге жіберіледі.
      39. Психотерапия және оңалту бөлімшесі мен әлеуметтік оңалту бөлімшесіне жолдамаға қарсы айғақтар:
      1) интоксикация құбылысының (мастық күйдің), абстинеттік белгісінің болуын;
      2) сандырақтау, галлюцинация, айқын білінген аффекті-сезімталдылық бұзылыстары болатын психоз алды және психикалық жай-күйдің болуы;
      3) фобиясы, үрейі мен басқа бұзылыстары болатын психопатиялық және анестениялық бұзылыстардың декомпенсацияланатын нысандары;
      4) суицидальдық қауіптің (суицидальдық сөйлеудің, суицидальдық ойларын білдіру) болуы;
      5) анамнестиялық мәліметтермен расталған пациенттердің бейәлеуметтік мінез-құлқының сипаты;
      6) арнайы тексеру мен емдеуді талап ететін ілеспе соматикалық ауруларының болуы.
      40. Наркологиялық ұйымның басқа бөлімшесінен, сондай-ақ бекітіліп берілген аумақтың басқа медициналық ұйымынан пациенттерді оның құрамында ұйымдастырылған соматонаркологиялық бөлімшеге ауыстыру пациенттің соматикалық жай-күйі туралы тиісті қорытынды болғанда медициналық ұйымның дәрігер нарколог-консультантының немесе наркологиялық ұйымның бөлімше меңгерушісінің жолдамасы бойынша жүзеге асырылады.
      41. Жедел медициналық жәрдемнің (соның ішінде мамандандырылған наркологиялық немесе пихиатриялық) дәрігерлер бригадасының шұғыл айғақтары бойынша пациентті бөлімшеге жатқызу тәртібімен бөлімшеге жіберілген пациенттер соматонаркологиялық бөлімшенің қабылдау бөліміне жеткізіледі, онда бөлімшенің кезекші дәрігері пациентті қарағаннан кейін бөлімшеге жатқызу туралы түпкілікті шешім қабылдайды.
      Соматонаркологиялық бөлімшенің кезекші дәрігері, сондай-ақ, тікелей бөлімшеге өзі көмекке жүгінген пациенттерді де бөлімшеге жатқызу қажеттігі туралы мәселені шешеді.
      42. Бөлімшеге тек наркологиялық бұзылыстары мен ауыр соматикалық ілеспе аурулары бар пациенттер қабылданады.
      43. Жай-күйі жақсарған кезде пациент ерікті келісімімен соматонаркологиялық бөлімшеден оңалтудың келесі кезеңіне ауыстырылады немесе емдеу мерзімі аяқталғанда шығарылады.
      44. Шұғыл айғақтары бойынша пациентті бөлімшеден басқа медициналық ұйымға ауыстыру кезінде оның туысқандарын немесе заңды өкілдерін хабардар ету керек.
      45. Пациенттерді тамақпен, дәрі-дәрмекпен, мүлікпен қамтамасыз ету стационарлық пациенттерге арналған нормаларға және талаптарға сәйкес жүргізіледі.
      46. Пациент бөлімшеден тексеру аяқталғаннан кейін, емдеу көріністерін, абстиненттік синдромды тоқтатқаннан кейін және диагностика мен емдеудің мерзімді хаттамаларына сәйкес емдеу курсы аяқталғаннан кейін шығарылады.
      Пациенттің ықыласы болған жағдайда оңалту бағдарламасы жалғастырылады, ДКК комиссиясы келесі кезеңдерге психотерапия мен оңалту кезеңіне, әлеуметтік оңалту кезеңіне ауыстыруды жүзеге асырады.
      Кәмелетке толмағандарды стационардан шығарарда міндетті түрде олардың заңды өкілдерін хабардар етуі керек.
      47. Абстиненция жай-күйімен түсіндірілмейтін пациенттердің бөлімшедегі емдеу режимін тұрақты бұзушылық, медицина қызметкеріне деген дөрекі қатынас, жұртшылық алдында емдеуден бас тарту пациенттерді мерзімінен бұрын шығарудың немесе мамандандырылған медициналық ұйымдарға жіберудің негізі болып табылады.
      48. Пациент шығарылғаннан кейін ауру парағы аяқталады да, стационардан шығушының картасымен бірге наркологиялық ұйымның ұйымдастыру-әдістемелік бөліміне тапсырылады.
      49. Пациентті басқа медициналық ұйымнан бөлімшеге жіберген кезде эпикриздің көшірмесі осы медициналық ұйымның мекен-жайына жіберіледі.

6. Наркологиялық ұйымдардағы пациенттерге емдік
демалыс беру тәртібі

      50. Пациенттерге емдік демалысты психотерапия және оңалтудың 2-ші және әлеуметтік оңалтудың 3-кезеңдерінде беруге болады.
      51. Пациенттерге емдік демалыс оларды әлеуметтік оңалту, отбасының емдік іс-шаралардың тиімділігіне оң әсерін тигізсін деген мақсатта беріледі.
      52. Пациентке емдік демалыс оның емдеуге оң көзқараспен, өзінің жай-күйіне сынмен қарап және бұдан әрі салауатты өмір сүруге бет бұрыс алғанда ғана берілуі мүмкін.
      53. Емдік демалыс туысқандарының өтініші, сол сияқты пациенттің өзінің тілегі бойынша беріледі. Әр кезде емдік демалыс беру туралы мәселе жеке шешіледі. Демалыс мерзімі 3 күннен 5 күнге дейін белгіленеді.
      54. Еімдік демалысты құрамында бөлімше меңгерушісі мен емдеуші дәрігер бар ДКК береді.
      55. Стационарлық пациенттің картасының медициналық бөлігінде оған емдік демалыс берудің негізі, психикалық мәртебесі толық сипатталады және оның мүшелерінің барлығы қол қойған емдік демалыс беру мүмкіндігі туралы дәрігерлік комиссияның қорытындысы жасалады.
      56. Емдік демалыстан келгеннен кейін бөлімшенің медициналық қызметкерлері пациентті мұқият байқаудан өткізеді, емдеуші дәрігер пациенттің мәртебесін сипаттайды, айығу тәртібінің сақталғанын тексеру мақсатында ағзаның биологиялық орталарында (зәр) есірткілік заттардың мөлшеріне тексеру жүргізеді. Бұл тексеруді жүргізерден бұрын және тексергеннен кейін бөлімше дәрігері пациентке кеңес беруі керек.
      57. Емдік демалыс уақытында пациент емдеуші дәрігердің тағайындалуына сәйкес барлық демалыс күндеріне қажетті дәрі-дәрмектерді стационардан алады.
      58. Емдік демалысы уақытында пациентті стационардағы тамақтанудан алып тастайды. Бұл тиісті есептік
      59. Демалыс мынадай жағдайларда берілмейді:
      1) пациентте жіті психотиялық белгілері болғанда;
      2) суицидальды ойлар мен үрдістер болғанда;
      3) депрессиялық белгілер дамығанда;
      4) психопатиялық жеке басында ауто-гетероагрессивті мінез-құлық болғанда;
      5) мастық немесе абстиненттік белгілері білінгенде;
      6) пациенттің есінен тануы, рецидивтері болғанда.

7. Шұғыл айғақтар бойынша ауруханаға жатқызу

      60. Пациенттердің қоғамға қауіпті іс-әрекеттерінің, сондай-ақ аутоагрессивті қимылдарының алдын алу қажеттігі бірқатар жағдайларда арнайы профилактикалық және емдеу шараларын қабылдау мақсатында оларды дереу наркологиялық ұйымға орналастыруды талап етеді.
      61. Шұғыл айғақтар бойынша пациенттерді ауруханаға жатқызу үшін негіз:
      1) жіті алкогольді психоздың салдарынан болатын психоздық жай-күй (делирийлер, галлюциноз);
      2) абстинентік жай-күйдің психоз алды түрлері (патологиялық компульсивтілік, ауыр дисфориялар);
      3) ұзақ уақыт болатын алкогольдік уыттану жағдайында суицидальды ойлармен ілесетін депрессивті жай-күй;
      4) патологиялық мас болу;
      5) ұстама белгілерімен ауырлайтын абстиненттік жай-күй болып табылады.
      62. Уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтарына орта дәрежедегі алкогольдіқ мас болу жағдайында пациенттерді орналастыру жағдайдалрынан басқа, жай алкогольдік мас болудың кез-келген жағдайында шұғыл айғақтары бойынша наркологиялық ұйымға пациенттерді емдеуге жатқызу үшін негіз болып табылмайды.
      Ескерту. 62-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011.01.05 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      63. Пациент наркологиялық ұйымға келіп түскенде кезекші нарколог дәрігер шұғыл айғақтар бойынша наркологиялық стационарға жатқызу айғағының болуына өзі көз жеткізуге тиісті және стационарлық пациенттерің медициналық картасының мұқабасында және пациенттерді қабылдау және стационарға жатқызудан бас тарту журналында пациент шұғыл айғақтары бойынша наркологиялық стационарға келіп түскені туралы жазу жазады.
      Егер кезекші нарколог дәрігер пациентті шұғыл айғақтары бойынша наркологиялық стационарға жатқызу үшін негіздеме таппай, ал пациент немесе оның туысқандары әдеттегі тәртіппен стационарға жатқызуға келісім бермесе, онда кезекші дәрігер пациентті қабылдаудан бас тартады және қабылдау және стационарға жатқызудан бас тарту журналында дәлелденген жазба жазады.
      64. Наркологиялық ұйымының басшылығы, ал демалыс және мереке күндері - кезекші дәрігер пациенттерің туысқандарына немесе оның заңды өкілдеріне оны стационарға жатқызу туралы дереу жазбаша немесе телефонмен хабарлауға тиісті. Стационарлық науқастың медициналық картасында хабарламаны кім, қашан, кімге және қандай нысанда жібергені туралы жазу жазылады.