Ауылдық елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын (жоспарларын) әзірлеу, келісу, бекіту және беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару Агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 16 қазандағы N 185-П бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 23 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5866 болып енгізілді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 14149 және 150-баптарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Ауылдық елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын (жоспарларын) әзірлеу, келісу, бекіту және беру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау және мемлекеттік жер кадастры департаменті осы Бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолдануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының орынбасары К.Ө. Райымбековке жүктелсін.
      4. Осы Бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                              Ө. Өзібеков

Қазақстан Республикасы  
Жер ресурстарын басқару 
агенттігі төрағасының  
2009 жылғы 16 қазандағы  
N 185-П бұйрығымен    
бекітілген         

Ауылдық елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын (жоспарларын) әзірлеу, келісу, бекіту және беру жөніндегі нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 14149 және 150-баптарына сәйкес әзірленді және ауылдық елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын (жоспарларын) әзірлеуді, келісуді, бекітуді және беруді (бұдан әрі - жоба) нақтылайды.
      2. Нұсқаулықтың мақсаты жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жүргізілетін жобаларды әзірлеуді бірыңғай тұрғыда қамтамасыз ету.

2. Жобаны әзірлеу

      3. Жобаларды әзірлеуді ұйымдастыруды ауылдық елді мекен орналасқан жер бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы жүзеге асырады.
      4. Жобаларды әзірлеуді жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуге лицензия алған тұлғалар (бұдан әрі - жобаны әзірлеуші) жүзеге асырады.
      5. Жобаны әзірлеу келесі жүйелілікте жүргізіледі:
      1) дайындық (камералдық және далалық) жұмыстары;
      2) жобаны құру.
      6. Камералдық дайындық жұмыстары:
      1) жер-кадастрлық деректерді, аумақты орналастыру жөніндегі ұсыныстарды, елді мекендердің шегін белгілеу, Қазақстан Республикасының Ауыл аумақтарын дамыту мемлекеттік бағдарламасының материалдарын, елді мекен аумағын сипаттайтын басқа да деректерді зерделеу және жинау кіреді;
      2) құрылыстар салынған аумаққа масштабы 1:2000 және 1:5000 қажетті жоспарлы-картографиялық негіздерді таңдап алу. Елді мекеннің құрылыс салынбаған бөлігіне масштабы 1:10000, 1:25000 негізді пайдалануға болады.
      7. Далалық дайындық жұмыстар барысында елді мекен құрылысының (селитебті аумағы) аумақ мөлшерлері, оның көлемінің ұлғаю мүмкіндігі және қажеттілігі;
      ұжымдық бағбандық және бақша шаруашылығы, жеке малды жаю, шаруа қожалықтары және ауыл шаруашылық кәсіпорындары үшін берілген жер учаскелерінің алаңдары және орналасуы;
      ауыл шаруашылық алқаптарының сапалық жағдайының (жағымсыз қасиеті жоқ, тұзданған, эрозияға ұшыраған, бүлінген, ластанған, батпақтанған жерлер) сипаттамалары;
      пайдаланылмайтын аумақтардың болуы (бос жатқан жерлер, қираған орындар, резервтік аумақтар және басқа жерлер);
      елді мекендер аумағын орналастыруды жетілдіру;
      құрылыс салуға, қара және түсті металдарды, ағаш өңдеу және басқа да материалдарды жинау, сақтау және өңдеу (сорттау, пакеттеу, кесу және басқа) қоймалар (пункттер) орналастыру үшін, ауыл шаруашылық және басқа да мақсаттар үшін жерді резервте;
      ұстау ауыл шаруашылық алқаптарын жақсарту, жерді қорғау жөніндегі ұсыныстар анықталады.
      8. Далалық дайындық жұмыстардың қорытындысы бойынша жоспарлы-картографиялық материалдары (сызбалар) қосылған ауылдық елді мекендердің далалық зерттеу актісі, осы Нұсқаулықтың қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады.
      9. Ауылдық елді мекендердің далалық зерттеу актісінде не сызбада елді мекен жерінің жалпы ауданы, нақты пайдаланылуы, резервте ұстау үшін белгіленетін аумақтар, сондай-ақ жерді жақсарту және   қорғау жөніндегі іс-шаралар көрсетіледі.
      10. Жобаның құрамында келесі жұмыстар:
      1) елді мекеннің шекараларын (шегін) анықтау;
      2) нысанды мақсаты және пайдалану режимі бойынша аумақты аймаққа бөлуді  жүргізу;
      3) аумақтарды орналастыру іс-шараларды әзірлеу:
      тұрғын, қоғамдық-іскерлік, өндірістік және ортақ пайдаланудағы жерлерді;
      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлерді;
      көлік, байланыс, инженерлік коммуникацияларды;
      су айдындары және су күзет белдеулері мен қорғау аймақтары, гидротехникалық және басқа су шаруашылығы құрылыстарымен қамтылған;
      ауыл шаруашылықта пайдаланылатын, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықты дамыту үшін;
      крематорийлер, мал қорымы, тұрмыстық қалдықтар тастау орындарын және өзге де объектілерді орналастыру үшін бөлінетін арнайы мақсаттағы баска да жерлерді;
      4) ауылдық елді мекеннің аумақтық дамуы үшін резервте ұстауға белгіленетін жер учаскелерін анықтау жүргізіледі.
      11. Ауылдық елді мекендердің аумағын орналастыру санитарлық-гигиеналық, экологиялық, өртке қарсы, қала құрылысының нормалары мен ережелерін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы алқаптарын ұтымды пайдалану бойынша іс-шараларды ескере отырып жүзеге асырылады.
      Жобаға барлық атқарылған жұмыстар бойынша толық түсіндірме жазба қоса беріледі.

3. Жобаны келісу, бекіту және беру

      12. Әзірленген жоба он жұмыс күні мерзіміне дейін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі, сәулет және қала құрылысы тиісті органдары, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтер әкімдерімен келісіледі.
      13) Келісілген жоба жеті жұмыс күні мерзімінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының шешімімен тиісті ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті өкілді органына бекітуге енгізіледі.
      14. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары   жөніндегі уәкілетті органы бекітілген жобаның көшірмесін жобаны  әзірлеушіге, ауылдық (селолық) округ әкіміне, ауданның (облыстық  маңызы бар қаланың) сәулет және қала құрылысы органына жібереді. Бір данасы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органында қалады. Бекітілген жобаның түпнұсқасы ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті өкілді органына беріледі.

Ауылдық елді мекендер аумағын 
жер-шаруашылық орналастыру   
жобаларын (жоспарларын) әзірлеу,
келісу, бекіту және беру    
жөніндегі нұсқаулығына қосымша 

Нысан

Далалық зерттеу актісі

      20__ жылғы "__" _______________________________________ облысы
________________________________________ ауданының __________ селолық
(ауылдық) округі ____________________________________________ ауылдық
елді мекені

      Жобаны әзірлеушімен __________________________________________
                                      (ұйымның атауы)

жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеу мақсатында ____________
____________________________________________________________________

елді мекен аумағына далалық зерттеу жүргізілді.

      Нәтижесінде анықталды:

Елді мекендегі жер алқаптарының атауы

Алаңы гектармен

1

2

1) Жердің жалпы ауданы, оның ішінде:


егістік


көп жылдық екпелер


тыңайған жерлер


шабындықтар


жайылымдар


бақшалар


барлық ауыл шаруашылық алқаптары


орман алаңдары


ағашты-бұталы екпелер


батпақтар


су асты


каналдар, коллекторлар


алаңдар, жолдар, көшелер астындағы


парктердің, скверлер, бульварлар астындағы


құрылыстар асты


бүлінген жерлер


басқа да жерлер


2) Елді мекен жерлерінің нақты пайдаланылуы:


тұрғын құрылысы


қоғамдық-іскерлік құрылыс


ортақ пайдаланудағы


ерекше қорғалатын табиғи аумақтар


су күзет белдеулері


су қорғау аумақтары


ауыл шаруашылықта пайдаланудағы


3) Елді мекеннің аумақтық дамуы үшін резервте ұстауға белгіленетін аумақтар:


      Елді мекен жерлерін қорғау мен пайдалануын жақсарту бойынша
алдын ала ұсыныстар: _______________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

Ұйымның басшысы-жобаны әзірлеуші:

___________________________________   ______________________________
(Аты-жөні, лауазымы ұйымның атауы)     Қолы мен ұйымның мөрінің орны