Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 24 тамыздағы N 85 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 2 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5806 болып енгізілді

Жаңартылған

      Қолданушылардың назарына!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақша төлемі мен аударымы, қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі, банк қызметі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 11 шілдедегі Заңына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
      2. Осы қаулы осы қаулыға қосымшаның 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармағының тоғызыншы абзацын қоспағанда, ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем жүйелері департаменті (Мұсаев Р.Н.):
      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен (Сизова С.И.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге, "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамына, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне жіберсін.
      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұйымдастыру жұмысы, сыртқы және қоғамдық байланыстар департаменті (Терентьев А.Л.) Төлем жүйелері департаментінен жариялауға өтінімді алғаннан кейін үш күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға шаралар қабылдасын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.А. Әлжановқа жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                        Г. Марченко

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2009 жылғы 24 тамыздағы  
N 85 қаулысына қосымша   

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Басқармасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін
қаулыларының тізбесі

      1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.02.2014 № 14 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі!
      2-тармақтың күшін жою көзделген - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 203 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін – төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 388 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1011 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" ресми басылымында 1999 жылғы 20–31 желтоқсанда N 26 (170) жарияланған; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1149 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" ресми басылымында 2000 жылғы 5–18 маусымда N 12 (183) жарияланған "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін – төлем белгілеудің Бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 388 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2000 жылғы 16 мамырдағы N 195; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1319 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" ресми басылымында 2000 жылғы 4–17 желтоқсанда N 25 (196) жарияланған "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы N 388 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін – төлем белгілеудің Бірыңғай жіктеушісіне өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы" 2000 жылғы 30 қазандағы N 405; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1809 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2002 жылғы N 19 жарияланған "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін – төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 388 қаулысына өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы" 2002 жылғы 16 ақпандағы N 49; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2332 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" ресми басылымында 2003 жылғы N 12 жарияланған "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1011 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін – төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 388 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 125; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2757 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2004 жылғы 2 сәуірде N 77-78 (23716) жарияланған "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1011 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін – төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 388 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 12 ақпандағы N 18; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3689 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2005 жылғы N 16 және Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2005 жылғы N 16 жарияланған "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1011 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін – төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 388 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 13 мамырдағы N 58; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4405 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2006 жылғы 18 қазанда N 184 (990) жарияланған "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін – төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 388 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2006 жылғы 12 тамыздағы N 81 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен қоса) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      2-қосымшада:
      төлем белгілеу кодының жан-жақты кестесінде:
      "0 – Зейнетақы төлемдері және жәрдемақылар" бөлімінде:
      016-кодтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"

016

Банктің қаржыландырылған зейнетақы қаражатын және базалық зейнетақы төлемдерін қайтаруы

                                                           ";
      020-кодтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"

020

Зейнетақылардан және жәрдемақылардан сомаларды ұстау, зейнетақылардан және жәрдемақылардан ұстау сомаларды қайтару

                                                           ";
      077-кодынан кейін мынадай мазмұндағы 078 және 079-кодтармен толықтырылсын:
"

078

Жинақтаушы зейнетақы қорларының жинақталған зейнетақы қаражаты аударымдары сомаларын қайтаруы

079

Жинақтаушы зейнетақы қорларының заңсыз есептелген зейнетақы жарналары және жинақталған зейнетақы қаражаты үшін тұрақсыздық айыбын төлеуі

                                                           ";
      088-кодынан кейін мынадай мазмұндағы 089-кодпен толықтырылсын:
"

089

Орналасқан жері белгіленбеген бұрынғы қызметкерлер бойынша міндетті зейнетақы жарналары

                                                           ";
      095-кодынан кейін мынадай мазмұндағы 096 – 098-кодтармен толықтырылсын:
"

096

"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамы қаражатынан жүктілігі және босануы бойынша әлеуметтік төлем

097

Банктердің "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамы қаражатынан жүктілігі және босануы бойынша әлеуметтік төлемді қайтаруы

098

Орналасқан жері белгіленбеген бұрынғы қызметкерлер бойынша міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл

                                                           ";
      "1 – Арнайы аударымдар" бөлімінде:
      171-кодтың бесінші жолында және 172-кодтың үшінші жолында "Мемлекеттік" және "мемлекеттік" деген сөздің алдында тиісінше "Шарттың, және сол сияқты" және "шарттың, және сол сияқты" деген тыныс белгілерімен және сөздермен толықтырылсын;
      "3 – Салымдар (депозиттер)" бөлімінде:
      311-кодтың екінші жолындағы және 321-кодтың үшінші жолындағы "және карт-" деген сөздер алынып тасталсын;
      311-кодтың төртінші жолындағы "карт-шот" деген сөздер "ағымдағы шот" деген сөздермен ауыстырылсын;
      321-кодта:
      он екінші жол мынадай редакцияда жазылсын:
"

321

Клиенттің банкте ашылған ағымдағы шоттан осы банкте ашылған басқа ағымдағы шотқа ақша аударымдары

                                                            ";
      он үшінші жол алынып тасталсын;
      он төртінші жолдағы "карт-шоттан" деген сөздер "ағымдағы шоттан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "4 – Заемдар" бөлімінде:
      411-кодтың екінші жолындағы "Карт-шотқа" деген сөздер "Банк шотына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      421-кодтың алтыншы және сегізінші жолдары алынып тасталсын;
      429-кодтың алтыншы жолында "Басқа тұлға" деген сөздер "Заңды немесе жеке тұлға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "7 – Тауарлар және материалдық емес активтер" бөлімінде:
      710-кодтың он үшінші жолындағы "корпоративтік карт-шотқа" деген сөздер "корпоративтік төлем карточкаларын пайдалана отырып операциялары есепке алуға арналған банк шотына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "8 – Қызмет көрсету" бөлімінде:
      817-кодтың төртінші жолындағы, 855-кодтың жетінші жолындағы "(оның ішінде карт-шотқа)" деген сөздер алынып тасталсын;
      834-кодтың екінші жолындағы "(оның ішінде карт-шоттарына)" деген сөздер алынып тасталсын;
      834-кодтың екінші жолынан кейін мынадай мазмұндағы кодпен толықтырылсын:
"

834

"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының кепілдік берілген сақтандыру төлемдерін аударуы

                                                            ";
      840-кодтың үшінші жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"

840

Мыналар: төлем карточкасына, төлем карточкаларын пайдалана отырып операциялар жүзеге асырылатын банк шоттары бойынша үзінді-көшірмеге жылдық қызмет көрсету, сауда нүктелерінде төлем карточкаларын пайдалана отырып қызмет көрсету, банкоматтар арқылы төлемдер аудару, төлем карточкаларын пайдалана отырып банк шоттарын толықтыру, банктің интернет – карталар сату бойынша операцияларды жүзеге асыруы, банк шоты бойынша баланс, оның ішінде жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді-көшірме беру үшін комиссиялық сыйақылар

                                                           ";
      855-кодтың жетінші жолындағы "(оның ішінде карт-шот)" деген сөздер алынып тасталсын;
      870-кодта:
      алтыншы жолындағы "(оның ішінде карт-шотқа)" деген сөздер алынып тасталсын;
      сегізінші жолындағы "немесе карт-шотына" деген сөздер алынып тасталсын;
      оныншы жолында:
      "карт-шотына" деген сөздер "ағымдағы шотына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "корпоративтік карт-шотқа" деген сөздер "корпоративтік төлем карточкаларын пайдалана отырып операциялары есепке алуға арналған банк шотына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "9 – Бюджетке және бюджеттен төленетін төлемдер" бөлімінде:
      960 және 970-шағын бөлімдер мынадай редакцияда жазылсын:
"


960

Бюджеттен қосылған құн салығын қайтару (шегеру), өсімпұлды және мемлекеттік бажды қайтару

961

Грант қаражаты есебінен сатып алынатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша төленген қосылған құн салығын салық берешегін өтеу есебіне есепке алу

962

Грант қаражаты есебінен сатып алынатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша төленген қосылған құн салығын қайтару

963

Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерге қосылған құн салығын қайтару

964

Келісім-шарттар бойынша қосылған құн салығын қайтару

965

Салық органының артық қосылған құн салығын қайтару мерзімін бұзғаны үшін салық төлеушінің пайдасына өсімпұл

966

Салық органының салықты, ақы төлеуді қайтару мерзімін бұзғаны үшін салық төлеушінің пайдасына өсімпұлдар

967

Салық органының салықты, ақы төлеуді есепке алу мерзімін бұзғаны үшін салық төлеушінің пайдасына өсімпұлдар

968

Салық төлеушінің өсімпұлды қайтаруы

969

Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік баж сомасын соттың шешімі негізінде қайтаруы


970

Бюджеттен артық қосылған құн салығын қайтару (есепке алу), төленген сомаларды өзге қайтарулар (есепке алулар)

971

Бюджеттен артық (қателесіп) төленген сомаларды банк шотына қайтару

972

Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін пайда болған қосылған құн салығын қайтару

973

Есепке алынған қосылған құн салығының 2009 жылғы 1 қаңтардан кейін пайда болған, есептелген салықтан асқан сомасын есепке алу

974

Есепке алынған қосылған құн салығының 2009 жылғы 1 қаңтардан кейін пайда болған, есептелген салықтан асқан сомасын қайтару

975

Бір бюджеттік жіктеу кодынан басқа бюджеттік жіктеу кодына есепке алу

976

Бір салық органынан басқа салық органына есепке алу

977

Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін пайда болған қосылған құн салығын есепке алу

978

Төленген айыппұл сомасын қайтару

979

Басқалары

                                                            ";
      "980 – Келісім-шарттар шеңберінде жүзеге асырылатын бюджетке төленетін төлемдер" шағын бөлімінде:
      983-кодтың атауындағы "Қазақстан" деген сөздің алдында "Салық органдары салатындарды қоспағанда," деген сөздермен және тыныс белгісімен толықтырылсын;
      995-кодтан кейін мынадай мазмұндағы 996–998-кодтармен толықтырылсын:
"

996

Тауарлар импорты кезінде төленген қосылған құн салығын қайтару

997

Резидент еместен жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алу кезінде төленген қосылған құн салығын қайтару

998

Пайдалануға енгізілетін негізгі құрал-жабдықтар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, сатып алынған биологиялық активтер бойынша қосылған құн салығын қайтару

                                                            ";
      Ескертуде:
      "Салымдар (депозиттер)" 3-бөлімінде:
      екінші бөліктегі "(оның ішінде карт-шоттардағы)" деген сөздер алынып тасталсын;
      "Бюджетке төлемдер және бюджеттен төлеу" 9-бөлімінде:
      961 – 974 аралығындағы кодтар талдамасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "961-код грант қаражаты есебінен сатып алынатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша төленген қосылған құн салығын салық берешегін өтеу есебіне есепке алу кезінде қойылады.
      962-код грант қаражаты есебінен сатып алынатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша төленген қосылған құн салығын қайтару кезінде қойылады.
      963-код Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерге қосылған құн салығын қайтару кезінде қойылады.
      964-код жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар бойынша, мемлекеттік бағдарлама және басқалар бойынша қосылған құн салығын қайтару кезінде қойылады.
      965-код салық органының артық қосылған құн салығын қайтару мерзімін бұзғаны үшін салық төлеушінің пайдасына бюджеттен өсімпұл төлеу кезінде қойылады.
      966-код салық органының салықты, ақы төлеуді қайтару мерзімін бұзғаны үшін салық төлеушінің пайдасына өсімпұл төлеу кезінде қойылады.
      967-код салық органының салықты, ақы төлеуді есепке алу мерзімін бұзғаны үшін салық төлеушінің пайдасына өсімпұлдар төлеу кезінде қойылады.
      968-код салық төлеушілерге міндеттемелер бойынша бюджетке өсімпұлдардың артық немесе қателесіп төленген сомасын қайтару кезінде қойылады.
      969-код мемлекеттік мекеменің мемлекеттік баж сомасын соттың шешімі негізінде қайтаруы кезінде қойылады.
      971-код бюджеттен артық (қателесіп) төленген сомаларды, басқа міндетті және өзге төлемдерді банк шотына қайтару кезінде қойылады.
      972-код нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін пайда болған қосылған құн салығын қайтару кезінде қойылады.
      973-код есепке алынған қосылған құн салығының 2009 жылғы 1 қаңтардан кейін пайда болған, есептелген салықтан асқан сомасын есепке алу кезінде қойылады.
      974-код есепке алынған қосылған құн салығының 2009 жылғы 1 қаңтардан кейін пайда болған, есептелген салықтан асқан сомасын қайтару кезінде қойылады.";
      977 және 978-кодтар талдамасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "977-код нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін пайда болған қосылған құн салығын есепке алу кезінде қойылады.
      978-код салық төлеушілерге бюджетке міндеттемелер бойынша төленген айыппұл сомасын қайтару кезінде қойылады.";
      996 – 998-кодтардың мынадай мазмұндағы талдамаларымен толықтырылсын:
      "996-код тауарлар импорты кезінде төленген қосылған құн салығын қайтару кезінде қойылады.
      997-код резидент еместен жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алу кезінде төленген қосылған құн салығын қайтару кезінде қойылады.
      998-код пайдалануға енгізілген негізгі құрал-жабдықтар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, сатып алынған биологиялық активтер бойынша қосылған құн салығын қайтару кезінде қойылады.".
      3. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      4. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      5. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      6. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 205 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.