Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 24 тамыздағы N 85 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 2 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5806 болып енгізілді

Жаңартылған

      Қолданушылардың назарына!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақша төлемі мен аударымы, қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі, банк қызметі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 11 шілдедегі Заңына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
      2. Осы қаулы осы қаулыға қосымшаның 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармағының тоғызыншы абзацын қоспағанда, ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем жүйелері департаменті (Мұсаев Р.Н.):
      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен (Сизова С.И.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге, "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамына, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне жіберсін.
      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұйымдастыру жұмысы, сыртқы және қоғамдық байланыстар департаменті (Терентьев А.Л.) Төлем жүйелері департаментінен жариялауға өтінімді алғаннан кейін үш күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға шаралар қабылдасын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.А. Әлжановқа жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                        Г. Марченко

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2009 жылғы 24 тамыздағы  
N 85 қаулысына қосымша   

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Басқармасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін
қаулыларының тізбесі

      1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.02.2014 № 14 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін – төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 388 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1011 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" ресми басылымында 1999 жылғы 20–31 желтоқсанда N 26 (170) жарияланған; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1149 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" ресми басылымында 2000 жылғы 5–18 маусымда N 12 (183) жарияланған "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін – төлем белгілеудің Бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 388 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2000 жылғы 16 мамырдағы N 195; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1319 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" ресми басылымында 2000 жылғы 4–17 желтоқсанда N 25 (196) жарияланған "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы N 388 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін – төлем белгілеудің Бірыңғай жіктеушісіне өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы" 2000 жылғы 30 қазандағы N 405; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1809 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2002 жылғы N 19 жарияланған "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін – төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 388 қаулысына өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы" 2002 жылғы 16 ақпандағы N 49; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2332 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" ресми басылымында 2003 жылғы N 12 жарияланған "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1011 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін – төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 388 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 125; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2757 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2004 жылғы 2 сәуірде N 77-78 (23716) жарияланған "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1011 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін – төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 388 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 12 ақпандағы N 18; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3689 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2005 жылғы N 16 және Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2005 жылғы N 16 жарияланған "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1011 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін – төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 388 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 13 мамырдағы N 58; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4405 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2006 жылғы 18 қазанда N 184 (990) жарияланған "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін – төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 388 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2006 жылғы 12 тамыздағы N 81 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен қоса) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      2-қосымшада:
      төлем белгілеу кодының жан-жақты кестесінде:
      "0 – Зейнетақы төлемдері және жәрдемақылар" бөлімінде:
      016-кодтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"

016

Банктің қаржыландырылған зейнетақы қаражатын және базалық зейнетақы төлемдерін қайтаруы

                                                           ";
      020-кодтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"

020

Зейнетақылардан және жәрдемақылардан сомаларды ұстау, зейнетақылардан және жәрдемақылардан ұстау сомаларды қайтару

                                                           ";
      077-кодынан кейін мынадай мазмұндағы 078 және 079-кодтармен толықтырылсын:
"

078

Жинақтаушы зейнетақы қорларының жинақталған зейнетақы қаражаты аударымдары сомаларын қайтаруы

079

Жинақтаушы зейнетақы қорларының заңсыз есептелген зейнетақы жарналары және жинақталған зейнетақы қаражаты үшін тұрақсыздық айыбын төлеуі

                                                           ";
      088-кодынан кейін мынадай мазмұндағы 089-кодпен толықтырылсын:
"

089

Орналасқан жері белгіленбеген бұрынғы қызметкерлер бойынша міндетті зейнетақы жарналары

                                                           ";
      РҚАО-ның ескертуі!
      2-тармақтың тоғызыншы абзацы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі (бұйрықтың 2-тармағын қараңыз).

      095-кодынан кейін мынадай мазмұндағы 096 – 098-кодтармен толықтырылсын:
"

096

"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамы қаражатынан жүктілігі және босануы бойынша әлеуметтік төлем

097

Банктердің "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамы қаражатынан жүктілігі және босануы бойынша әлеуметтік төлемді қайтаруы

098

Орналасқан жері белгіленбеген бұрынғы қызметкерлер бойынша міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл

                                                           ";
      "1 – Арнайы аударымдар" бөлімінде:
      171-кодтың бесінші жолында және 172-кодтың үшінші жолында "Мемлекеттік" және "мемлекеттік" деген сөздің алдында тиісінше "Шарттың, және сол сияқты" және "шарттың, және сол сияқты" деген тыныс белгілерімен және сөздермен толықтырылсын;
      "3 – Салымдар (депозиттер)" бөлімінде:
      311-кодтың екінші жолындағы және 321-кодтың үшінші жолындағы "және карт-" деген сөздер алынып тасталсын;
      311-кодтың төртінші жолындағы "карт-шот" деген сөздер "ағымдағы шот" деген сөздермен ауыстырылсын;
      321-кодта:
      он екінші жол мынадай редакцияда жазылсын:
"

321

Клиенттің банкте ашылған ағымдағы шоттан осы банкте ашылған басқа ағымдағы шотқа ақша аударымдары

                                                            ";
      он үшінші жол алынып тасталсын;
      он төртінші жолдағы "карт-шоттан" деген сөздер "ағымдағы шоттан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "4 – Заемдар" бөлімінде:
      411-кодтың екінші жолындағы "Карт-шотқа" деген сөздер "Банк шотына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      421-кодтың алтыншы және сегізінші жолдары алынып тасталсын;
      429-кодтың алтыншы жолында "Басқа тұлға" деген сөздер "Заңды немесе жеке тұлға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "7 – Тауарлар және материалдық емес активтер" бөлімінде:
      710-кодтың он үшінші жолындағы "корпоративтік карт-шотқа" деген сөздер "корпоративтік төлем карточкаларын пайдалана отырып операциялары есепке алуға арналған банк шотына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "8 – Қызмет көрсету" бөлімінде:
      817-кодтың төртінші жолындағы, 855-кодтың жетінші жолындағы "(оның ішінде карт-шотқа)" деген сөздер алынып тасталсын;
      834-кодтың екінші жолындағы "(оның ішінде карт-шоттарына)" деген сөздер алынып тасталсын;
      834-кодтың екінші жолынан кейін мынадай мазмұндағы кодпен толықтырылсын:
"

834

"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының кепілдік берілген сақтандыру төлемдерін аударуы

                                                            ";
      840-кодтың үшінші жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"

840

Мыналар: төлем карточкасына, төлем карточкаларын пайдалана отырып операциялар жүзеге асырылатын банк шоттары бойынша үзінді-көшірмеге жылдық қызмет көрсету, сауда нүктелерінде төлем карточкаларын пайдалана отырып қызмет көрсету, банкоматтар арқылы төлемдер аудару, төлем карточкаларын пайдалана отырып банк шоттарын толықтыру, банктің интернет – карталар сату бойынша операцияларды жүзеге асыруы, банк шоты бойынша баланс, оның ішінде жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді-көшірме беру үшін комиссиялық сыйақылар

                                                           ";
      855-кодтың жетінші жолындағы "(оның ішінде карт-шот)" деген сөздер алынып тасталсын;
      870-кодта:
      алтыншы жолындағы "(оның ішінде карт-шотқа)" деген сөздер алынып тасталсын;
      сегізінші жолындағы "немесе карт-шотына" деген сөздер алынып тасталсын;
      оныншы жолында:
      "карт-шотына" деген сөздер "ағымдағы шотына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "корпоративтік карт-шотқа" деген сөздер "корпоративтік төлем карточкаларын пайдалана отырып операциялары есепке алуға арналған банк шотына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "9 – Бюджетке және бюджеттен төленетін төлемдер" бөлімінде:
      960 және 970-шағын бөлімдер мынадай редакцияда жазылсын:
"


960

Бюджеттен қосылған құн салығын қайтару (шегеру), өсімпұлды және мемлекеттік бажды қайтару

961

Грант қаражаты есебінен сатып алынатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша төленген қосылған құн салығын салық берешегін өтеу есебіне есепке алу

962

Грант қаражаты есебінен сатып алынатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша төленген қосылған құн салығын қайтару

963

Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерге қосылған құн салығын қайтару

964

Келісім-шарттар бойынша қосылған құн салығын қайтару

965

Салық органының артық қосылған құн салығын қайтару мерзімін бұзғаны үшін салық төлеушінің пайдасына өсімпұл

966

Салық органының салықты, ақы төлеуді қайтару мерзімін бұзғаны үшін салық төлеушінің пайдасына өсімпұлдар

967

Салық органының салықты, ақы төлеуді есепке алу мерзімін бұзғаны үшін салық төлеушінің пайдасына өсімпұлдар

968

Салық төлеушінің өсімпұлды қайтаруы

969

Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік баж сомасын соттың шешімі негізінде қайтаруы


970

Бюджеттен артық қосылған құн салығын қайтару (есепке алу), төленген сомаларды өзге қайтарулар (есепке алулар)

971

Бюджеттен артық (қателесіп) төленген сомаларды банк шотына қайтару

972

Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін пайда болған қосылған құн салығын қайтару

973

Есепке алынған қосылған құн салығының 2009 жылғы 1 қаңтардан кейін пайда болған, есептелген салықтан асқан сомасын есепке алу

974

Есепке алынған қосылған құн салығының 2009 жылғы 1 қаңтардан кейін пайда болған, есептелген салықтан асқан сомасын қайтару

975

Бір бюджеттік жіктеу кодынан басқа бюджеттік жіктеу кодына есепке алу

976

Бір салық органынан басқа салық органына есепке алу

977

Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін пайда болған қосылған құн салығын есепке алу

978

Төленген айыппұл сомасын қайтару

979

Басқалары

                                                            ";
      "980 – Келісім-шарттар шеңберінде жүзеге асырылатын бюджетке төленетін төлемдер" шағын бөлімінде:
      983-кодтың атауындағы "Қазақстан" деген сөздің алдында "Салық органдары салатындарды қоспағанда," деген сөздермен және тыныс белгісімен толықтырылсын;
      995-кодтан кейін мынадай мазмұндағы 996–998-кодтармен толықтырылсын:
"

996

Тауарлар импорты кезінде төленген қосылған құн салығын қайтару

997

Резидент еместен жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алу кезінде төленген қосылған құн салығын қайтару

998

Пайдалануға енгізілетін негізгі құрал-жабдықтар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, сатып алынған биологиялық активтер бойынша қосылған құн салығын қайтару

                                                            ";
      Ескертуде:
      "Салымдар (депозиттер)" 3-бөлімінде:
      екінші бөліктегі "(оның ішінде карт-шоттардағы)" деген сөздер алынып тасталсын;
      "Бюджетке төлемдер және бюджеттен төлеу" 9-бөлімінде:
      961 – 974 аралығындағы кодтар талдамасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "961-код грант қаражаты есебінен сатып алынатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша төленген қосылған құн салығын салық берешегін өтеу есебіне есепке алу кезінде қойылады.
      962-код грант қаражаты есебінен сатып алынатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша төленген қосылған құн салығын қайтару кезінде қойылады.
      963-код Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерге қосылған құн салығын қайтару кезінде қойылады.
      964-код жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар бойынша, мемлекеттік бағдарлама және басқалар бойынша қосылған құн салығын қайтару кезінде қойылады.
      965-код салық органының артық қосылған құн салығын қайтару мерзімін бұзғаны үшін салық төлеушінің пайдасына бюджеттен өсімпұл төлеу кезінде қойылады.
      966-код салық органының салықты, ақы төлеуді қайтару мерзімін бұзғаны үшін салық төлеушінің пайдасына өсімпұл төлеу кезінде қойылады.
      967-код салық органының салықты, ақы төлеуді есепке алу мерзімін бұзғаны үшін салық төлеушінің пайдасына өсімпұлдар төлеу кезінде қойылады.
      968-код салық төлеушілерге міндеттемелер бойынша бюджетке өсімпұлдардың артық немесе қателесіп төленген сомасын қайтару кезінде қойылады.
      969-код мемлекеттік мекеменің мемлекеттік баж сомасын соттың шешімі негізінде қайтаруы кезінде қойылады.
      971-код бюджеттен артық (қателесіп) төленген сомаларды, басқа міндетті және өзге төлемдерді банк шотына қайтару кезінде қойылады.
      972-код нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін пайда болған қосылған құн салығын қайтару кезінде қойылады.
      973-код есепке алынған қосылған құн салығының 2009 жылғы 1 қаңтардан кейін пайда болған, есептелген салықтан асқан сомасын есепке алу кезінде қойылады.
      974-код есепке алынған қосылған құн салығының 2009 жылғы 1 қаңтардан кейін пайда болған, есептелген салықтан асқан сомасын қайтару кезінде қойылады.";
      977 және 978-кодтар талдамасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "977-код нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін пайда болған қосылған құн салығын есепке алу кезінде қойылады.
      978-код салық төлеушілерге бюджетке міндеттемелер бойынша төленген айыппұл сомасын қайтару кезінде қойылады.";
      996 – 998-кодтардың мынадай мазмұндағы талдамаларымен толықтырылсын:
      "996-код тауарлар импорты кезінде төленген қосылған құн салығын қайтару кезінде қойылады.
      997-код резидент еместен жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алу кезінде төленген қосылған құн салығын қайтару кезінде қойылады.
      998-код пайдалануға енгізілген негізгі құрал-жабдықтар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, сатып алынған биологиялық активтер бойынша қосылған құн салығын қайтару кезінде қойылады.".
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында ақша төлемі мен аударымын жүзеге асырған кезде электронды құжаттар алмасу ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 21 сәуірдегі N 146 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1148 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" басылымында 2000 жылғы 5-18 маусымда N 12(183) жарияланған; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2434 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" басылымында 2003 жылғы 28 шілде – 10 тамызда N 16 (264) жарияланған "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1148 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында ақша төлемі мен аударымын жүзеге асырған кезде электронды құжаттар алмасу ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 21 сәуірдегі N 146 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі N 228 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен қоса) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында ақша төлемі мен аударымын жүзеге асырған кезде электронды құжаттар алмасу ережесінде:
      9-тармақ алынып тасталсын.
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 179 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1155 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" ресми басылымында 2000 жылғы 5–18 маусымда N 12 (183) жарияланған; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1379 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2001 жылғы N 14 жарияланған "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 179 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 488, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1779 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2002 жылғы N 17 жарияланған "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 179 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2002 жылғы 18 қаңтардағы N 20, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 193 тіркелген, 2003 жылғы 21 наурызда "Егемен Қазақстан" газетінде N 64-65 (23275) жарияланған "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына төлем құжаттарын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 20, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2593 тіркелген, 2004 жылғы 30 қаңтарда "Егемен Қазақстан" газетінде N 22-23 (23661) жарияланған "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1155 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 179 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы N 372, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2704 тіркелген, 2004 жылғы 21 ақпанда "Егемен Қазақстан" газетінде N 40 (23678) жарияланған Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1155 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 179 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 24 қаңтардағы N 13, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3283 тіркелген, 2004 жылғы 8 қараша – 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" ресми басылымында N 23-24 (297, 298) жарияланған "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 179 қаулысына толықтыру енгізу туралы" 2004 жылғы 13 қарашадағы N 150, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3883 тіркелген, 2005 жылғы 11 қарашада "Заң газеті" газетінде N 145-146 (770) жарияланған "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына төлем құжаттарын ресімдеу және орындау мәселелері жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 95, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4407 тіркелген, 2006 жылғы 19 қазанда "Заң газеті" газетінде N 185 (991) жарияланған "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде банктік шоттарды жүргізу және инкассалық өкімдерді орындау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 12 тамыздағы N 74, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4700 тіркелген, 2007 жылғы 15 маусымда "Заң газеті" газетінде N 90 (1119) жарияланған "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 179 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 50, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4880 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2007 жылғы тамыз-қыркүйекте жарияланған "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сәйкестендіру нөмірлерінің мәселелері жөніндегі кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 20 шілдедегі N 76 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен қоса) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесінде:
      17-тармақтың бірінші және екінші сөйлемдерінде "құжаттары" деген сөзден кейін "және төлем құжаттарын кері қайтарып алу туралы өкім" деген сөздермен толықтырылсын;
      22-тармақта:
      бірінші бөлігінде:
      "төлем құжатында көрсетілген төлем валюталары банк есепшотындағы валютаға" деген сөздер алынып тасталсын;
      "кезінде" деген сөзден кейін "-" деген белгі ", сондай-ақ" деген сөзбен ауыстырылсын;
      28-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Заңды тұлға өзінің құрылымдық бөлімшелері үшін салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, сондай-ақ зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды төлеу кезінде "төлем мақсаты" бағанында ең алдымен, төлем жүзеге асырылатын заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің СТН, одан кейін оның атауы көрсетіледі.";
      87-1-тармақта "мемлекеттік органдардан, мемлекеттік ұйымдардан," деген сөздер алынып тасталсын;
      100-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "100. Акцептеуді талап етпейтін төлемдік талап-тапсырманы ұсынуды банк көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларымен не нотариат куәландырған көшірмелерімен бірге, банк заемы шарты, кредиттік желіні ашу туралы келісім және заем операциясы не оның банк шотынан акцептеусіз ақша алуға арналған ақша жіберушінің келісімінен тұратын кепілдіктер беру фактісін растайтын өзге де құжаттар негізінде заемшыдан, кепілгерден берешекті, сондай-ақ заемшының банк заемы бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алу үшін жүзеге асырады.";
      мынадай мазмұндағы 108-1-тармақшамен толықтырылсын:
      "108-1. Ақша жіберушінің банк шоттарында теңгемен/шетел валютасымен қаражат болмаған жағдайда осы Ереженің 100-тармағында көзделген негіздемелер бойынша және жағдайларда берешекті өндіріп алу төлем жасау күнгі валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып, тиісінше, банктердің акцептеуді талап етпейтін, теңгемен/шетел валютасымен ұсынылған төлемдік талап-тапсырмалары егізінде, ақша жіберушінің банк шоттарындағы теңгемен/шетел валютасымен ақша есебінен жүргізіледі.";
      115-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
      118-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "118. Салық қызметі органдарының және (немесе) кеден органдарының инкассалық өкімдерін, сот орындаушыларының теңгемен ұсынылған инкассалық өкімдерін орындау үшін ақша жіберушінің банк шоттарында теңгемен қаражат болмаған жағдайда, ақша жіберушінің банкі көрсетілген төлем құжаттарын орындауды салық төлеушінің (борышкердің) банк шоттарынан шетел валютасындағы қаражаттан төлем жасау күнгі валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып жүргізеді.";
      120-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Банк салық қызметі органының салық берешегін өндіріп алу туралы және кеден органының кедендік төлемдерді өндіріп алу туралы инкассалық өкімін төлеушінің салық төлеушісінің (салық агентінің) бірнеше банк шоттарынан ақшаны инкассалық өкімде көрсетілген жалпы сомаға есептен шығару арқылы толық орындаған кезде, салық қызметі органы және (немесе) кеден органы төлеушінің салық төлеушісінің салық агентінің) көрсетілген банкте ашқан басқа банк шоттарына инкассалық өкімдерді, егер мұндай инкассалық өкімдер сол күнмен, сол сомаға, берешектің сол түрі бойынша берілген болса, банк оларды қайтару себебін көрсете отырып орындаусыз салық қызметі органына және (немесе) кеден органына қайтарады.";
      124-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "124. Банк шотына тыйым салу құқығына ие уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың тиісті шешімдері негізінде ақша жіберушінің банк шотындағы ақшасына тыйым салу, сондай-ақ банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру құқығына ие уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың тиісті шешімдері негізінде банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) және "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және жағдайларда жүзеге асырылады.";
      124-1-тармақ алынып тасталсын.
      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1199 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2000 жылы N 9 жарияланған; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1675 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2001 жылы N 40-41 жарияланған, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулыққа өзгерістерді бекіту туралы" 2001 жылғы 8 қазандағы N 382, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2244 тіркелген, 2003 жылғы 6 маусымда "Егемен Қазақстан" газетінің N 137-138 (23348) жарияланған, "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1199 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 21 наурыздағы N 90, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2343 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" ресми басылымында 2003 жылғы 2–15 маусымда N 12 (259) жарияланған, "Банктік депозиттік сертификаттарды бағалы қағаздар деп тану және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1199 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 140, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4094 тіркелген, 2006 жылғы 10 наурызда "Заң газеті" газетінің N 42-43 (849) жарияланған, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 24 қаңтардағы N 2, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4534 тіркелген, 2007 жылғы 16 ақпанда "Заң газеті" газетінің N 25 (1054) жарияланған, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2007 жылғы 18 қаңтардағы N 2, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5128 тіркелген, "Заң газеті" газетінің 2008 жылғы 19 ақпандағы N 25 (1251) жарияланған, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 24 қазандағы N 123, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5272 тіркелген, 2008 жылғы 26 тамызда "Заң газеті" газетінің N 129 (1355) жарияланған, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 23 маусымдағы N 49), Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5754 тіркелген, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 9 шілдедегі N 60 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен қоса) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесінде:
      4-тармақта:
      бірінші бөліктегі ", карт-шоттары" деген тыныс белгісі және сөздер алынып тасталсын;
      екінші бөліктегі ", жинақ шоттары және карт-шоттары" деген тыныс белгісі және сөздер "және жинақ шоттары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тараудың тақырыбындағы "және карт-шоттар" деген сөздер алынып тасталсын;
      8-тармақтағы "және карт-" деген сөздер алынып тасталсын;
      26-тармақ мынадай мазмұндағы екінші – төртінші бөліктермен толықтырылсын:
      "Уәкілетті органның клиенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі банкке түскен кезде банк банктің және оның клиентінің деректемелерін өкімде көрсетілген деректемелермен сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады, осыдан кейін осындай шот бойынша шығыс операцияларын тоқтатады.
      Банктің және оның клиентінің деректемелері уәкілетті органның клиенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінде көрсетілген деректемелеріне сәйкес болмаған жағдайда, банк оны тиісті уәкілетті органға қайтарады.
      Банкке электронды тәсілмен ұсынылған, уәкілетті органның клиенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтату туралы өкімін орындаудан бас тартуға, егер басқа деректемелер (ЖСК, СТН не ЖСН (БСН)) банктің клиентін сәйкестендірсе, өкімде көрсетілген клиенттің атауы сәйкес болмаған жағдайда рұқсат етілмейді.";
      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "29. Уәкілетті органдардың банк шотындағы шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімдері, уәкілетті органдардың клиенттің осындай шотындағы ақшаға тыйым салу туралы шешімдері (қаулылары) банкке түскен кезде банк оларды Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) және "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және жағдайларда орындайды.".
      6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 24 тамыздағы N 331 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1260 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" ресми басылымында 2000 жылғы 23 қазан – 5 қарашадағы N 22 (193) жарияланған; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1667 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің 2001 жылғы N 36-37 бюллетенінде жарияланған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 24 тамыздағы N 331 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2001 жылғы 3 қыркүйектегі N 328, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1984 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің 2002 жылғы N 43-44 бюллетенінде жарияланған, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 24 тамыздағы N 331 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2002 жылғы 2 қыркүйектегі N 361, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2582 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2003 жылғы 6 желтоқсандағы N 318 (23617) жарияланған "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының төлем карточкаларын пайдалану мәселелері жөніндегі кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы N 370, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2581 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2003 жылғы 6 желтоқсандағы N 318 (23617) жарияланған, "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1260 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 24 тамыздағы N 331 қаулысына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2158 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Микропроцессорлық карточкалар негізінде төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесінің қызмет ету ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 510 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы N 371, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3852 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" ресми басылымында 2005 жылғы 16-31 шілдедегі N 14 (314) жарияланған, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 24 тамыздағы N 331 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 91, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3950 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" ресми басылымында 2006 жылғы 1-30 сәуірдегі N 7-8 жарияланған "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 24 тамыздағы N 331 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 29 қазандағы N 138, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4788 тіркелген, 2007 жылғы 27 шілдеде "Заң газеті" газетінің N 114 (1317) жарияланған, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 24 тамыздағы N 331 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 28 мамырдағы N 58 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен қоса) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесінде:
      3-тармақта:
      3) тармақшада "карт-шотындағы" деген сөздер "банк шотындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) тармақшада "карт-есепшоттың" деген сөздер "банк шотының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) тармақшада:
      "ұстаушыға" деген сөздер "заңды тұлғаның уәкілетті өкіліне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "карт-шот" деген сөздер "банк шоты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "карт-шотындағы" деген сөздер "банк шотындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-2-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Алдын ала төленген төлем карточкалары ұстаушыларының ақшасын есепке алу үшін эмитент эмитенттің шоғырландырылған шотын ашады.";
      7-тармақта:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) төлем карточкасын алу, оқшаулау және қайта шығару тәртібі және шарттары;";
      мынадай мазмұндағы 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "5-1) клиенттің өтінішін қарау және зияндарды қарау мен өтеу мерзімдерін көрсете отырып, рұқсат етілмеген төлем бойынша зияндарды клиентке өтеу тәртібі;
      5-2) ықтимал зияндарды қарау мен өтеу мерзімдерін көрсете отырып клиенттердің басқа да шағым-талаптарын қарау тәртібі;";
      мынадай мазмұндағы 7-1 және 7-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "7-1. Төлем карточкасын беру және банк шотын ашу кезінде аралас шарт жасауға рұқсат беріледі, онда төлем карточкасын беру туралы шарттың, банк шоты шартының және (немесе) банк заемы шартының элементтері бар.
      7-2. Төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асыру үшін заем беру эмитент және клиент арасында жасалған банк заемы шартында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.";
      3-тарау алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 34-1-тармақпен толықтырылсын:
      "34-1. Төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асырылатын барлық төлемдер, алдын ала төленген төлем карточкаларын қоспағанда (клиенттің банк шотындағы ақша сомасы шегінде, сондай-ақ эмитент ұсынған заем сомасы шегінде) клиенттердің банк шоттарында көрсетіледі. Алдын ала төленген төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асырылатын төлемдер эмитенттің шоғырландырылған шотында көрсетіледі.
      Эмитент және клиент арасында жасалған төлем карточкасын беру туралы шарттың негізінде берілген төлем карточкаларының бір немесе түрлі жүйелерінде бірнеше төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асырылған төлемдерді бір банк шотында көрсетуге рұқсат беріледі.";
      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "35. Төлем карточкасын пайдалана отырып валюта операциялары Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4516 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 129 қаулысында (бұдан әрі – Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесі) белгіленген талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасының аумағында төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген төлемдер Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүзеге асыру ережесінде айқындалған жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ғана жүзеге асырылады.";
      37-тармақта "карт-есепшот" және "карт-есепшоттан" деген сөздер "банк шоты" және "банк шотынан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      38 және 40-тармақтарда "карт-есепшотта" деген сөздер "банк шотында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      52-тармақта "Карт-есепшоттан" деген сөздер "банк шотынан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      64-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын.