Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қор биржасында айналымына жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына талаптары, және де қор биржасы тізімінің бөлек санаттары туралы" 2008 жылғы 26 мамырдағы N 77 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 2009 жылғы 27 ақпандағы N 26 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 10 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5625 болып енгізілді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Күшін жою көзделген - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.10.22 № 189 (2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Агенттік Басқармасының "Қор биржасында айналымына жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына талаптары, және де қор биржасы тізімінің бөлек санаттары туралы" 2008 жылғы 26 мамырдағы N 77 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5251 тіркелген, N 9 Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2008 жылғы 15 қыркүйекте жарияланған ), Агенттік Басқармасының " Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қор биржасында айналымына жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына талаптары, және де қор биржасы тізімінің бөлек санаттары туралы" 2008 жылғы 26 мамырдағы N 77 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2008 жылғы 22 тамыздағы N 115 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5297 тіркелген, N 10 Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2008 жылғы 15 қазанда жарияланған ), Агенттік Басқармасының " Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қор биржасында айналымына жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына талаптары, және де қор биржасы тізімінің бөлек санаттары туралы" 2008 жылғы 26 мамырдағы N 77 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 243 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5532 тіркелген) енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен, бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      4-тармақта:
      1) тармақшадағы "ұлттық басқарушы компанияларға" деген сөздер "ұлттық басқарушы холдингке" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) рұқсат беру бастамашысы мыналардан кем емес уақыттағы аудиторлық есеппен расталған эмитенттің қаржылық есептілігін ұсынады:
      егер акцияларды осы санатқа енгізу жөніндегі өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы біткен күннен бастап төрт ай өткеннен кейін берілген болса, аяқталған соңғы үш қаржы жылынан;
      егер акцияларды осы санатқа енгізу жөніндегі өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы біткен күннен бастап төрт ай ішінде берілген болса, аяқталған соңғы қаржы жылының алдындағы аяқталған жүйелі үш қаржы жылынан.
      Рұқсат беру бастамашысы соңғы берген аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп шығарылған, эмитенттің қаржылық есептілігін жасау күнінен бастап акцияларды осы санатқа енгізу туралы өтінішті беру күніне дейін алты айдан аспауы тиіс.
      Егер аудиторлық есеппен расталған аяқталған қаржы жылының қаржылық есептілігі жасалған күннен бастап акцияларды осы санатқа енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін алты айдан астам мерзім өтсе, рұқсат беру бастамашысы аралық қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепті немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есепті береді;";
      7) тармақшада:
      "(сатып алынған және ауыртпалық салынғандарын қоспағанда) акцияларының" деген сөздер "эмитент сатып алғандарды, ауыртпалық салынғандарды және (немесе) оқшауланғандарды қоспағанда) акцияларының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "жүз" деген сөз "елуден астам" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші абзацтағы "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісіне ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      "Еркін айналымдағы акциялар санын есептеу осы эмитенттің жай және артықшылық берілген акциялары бойынша бөлек жүзеге асырылады;";
      5-тармақта:
      1) тармақшадағы "ұлттық басқарушы компанияларға" деген сөздер "ұлттық басқарушы холдингке" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) рұқсат беру бастамашысы мыналардан кем емес уақыттағы аудиторлық есеппен расталған эмитенттің қаржылық есептілігін ұсынады:
      егер акцияларды осы санатқа енгізу жөніндегі өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы біткен күннен бастап төрт ай өткеннен кейін берілген болса, аяқталған соңғы екі қаржы жылынан;
      егер акцияларды осы санатқа енгізу жөніндегі өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы біткен күннен бастап төрт ай ішінде берілген болса, аяқталған соңғы қаржы жылының алдындағы аяқталған жүйелі екі қаржы жылынан.
      Рұқсат беру бастамашысы соңғы берген аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп шығарылған, эмитенттің қаржылық есептілігін жасау күнінен бастап акцияларды осы санатқа енгізу туралы өтінішті беру күніне дейін алты айдан аспауы тиіс.
      Егер аудиторлық есеппен расталған аяқталған қаржы жылының қаржылық есептілігі жасалған күннен бастап акцияларды осы санатқа енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін алты айдан астам мерзім өтсе, рұқсат беру бастамашысы аралық қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепті немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есепті береді;";
      7) тармақшада:
      "(сатып алынған және ауыртпалық салынғандарын қоспағанда) акцияларының" деген сөздер "эмитент сатып алғандарды, ауыртпалық салынғандарды және (немесе) оқшауланғандарды қоспағанда) акцияларының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "жүз" деген сөз "елуден астам" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші абзацтағы "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісіне ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      "Еркін айналымдағы акциялар санын есептеу осы эмитенттің жай және артықшылық берілген акциялары бойынша бөлек жүзеге асырылады;";
      6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      " 3) рұқсат беру бастамашысы эмитенттің соңғы аяқталған қаржы жылы немесе эмитент бір жылдан кем қызметін жүзеге асырған жағдайда, нақты қызмет ету кезеңі үшін аудиторлық есеппен расталған, эмитенттің қаржылық есептілігін береді.
      Рұқсат беру бастамашысының акцияларды осы санатқа енгізу жөніндегі өтініші соңғы қаржы жылы аяқталғаннан кейінгі алғашқы төрт ай ішінде қор биржасымен осы акциялар эмитентінің аудиторлық есеппен расталған, соңғы аяқталған қаржы жылы үшін қаржылық есептілігін берусіз қабылданады, эмитентте мыналар бар болған жағдайда:
      соңғы аяқталған қаржы жылының алдындағы жыл үшін аудиторлық есеппен расталған, қаржылық есептілік, сондай-ақ жасалу уақытынан рұқсат беру бастамашысы аталған өтінішті берген күнге дейін алты айдан астам өткен, аралық қаржы ақпаратының шолуы (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп немесе жасалу уақытынан рұқсат беру бастамашысы аталған өтінішті берген күнге дейін алты айдан астам өткен, аудиторлық есеппен расталған, осы эмитенттің аралық қаржылық есептілігі;";
      8-тармақта:
      2) тармақшадағы "ұлттық басқарушы компанияға" деген сөздер "ұлттық басқарушы холдингке" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) рұқсат беру бастамашысы мыналардан кем емес уақыттағы аудиторлық есеппен расталған эмитенттің қаржылық есептілігін ұсынады:
      егер акцияларды осы санатқа енгізу жөніндегі өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы біткен күннен бастап төрт ай өткеннен кейін берілген болса, аяқталған соңғы екі қаржы жылынан;
      егер акцияларды осы санатқа енгізу жөніндегі өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы біткен күннен бастап төрт ай ішінде берілген болса, аяқталған соңғы қаржы жылының алдындағы аяқталған жүйелі екі қаржы жылынан.
      Рұқсат беру бастамашысы соңғы берген аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп шығарылған, эмитенттің қаржылық есептілігін жасау күнінен бастап акцияларды осы санатқа енгізу туралы өтінішті беру күніне дейін алты айдан аспауы тиіс.
      Егер аудиторлық есеппен расталған аяқталған қаржы жылының қаржылық есептілігі жасалған күннен бастап акцияларды осы санатқа енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін алты айдан астам мерзім өтсе, рұқсат беру бастамашысы аралық қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепті немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есепті береді;";
      10-тармақта:
      1) тармақшадағы "ұлттық басқарушы компанияға" деген сөздер "ұлттық басқарушы холдингке" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) рұқсат беру бастамашысы мыналардан кем емес уақыттағы аудиторлық есеппен расталған эмитенттің қаржылық есептілігін ұсынады:
      егер акцияларды осы санатқа енгізу жөніндегі өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы біткен күннен бастап төрт ай өткеннен кейін берілген болса, аяқталған соңғы екі қаржы жылынан;
      егер акцияларды осы санатқа енгізу жөніндегі өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы біткен күннен бастап төрт ай ішінде берілген болса, аяқталған соңғы қаржы жылының алдындағы аяқталған жүйелі екі қаржы жылынан.
      Рұқсат беру бастамашысы соңғы берген аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп шығарылған, эмитенттің қаржылық есептілігін жасау күнінен бастап акцияларды осы санатқа енгізу туралы өтінішті беру күніне дейін алты айдан аспауы тиіс.
      Егер аудиторлық есеппен расталған аяқталған қаржы жылының қаржылық есептілігі жасалған күннен бастап акцияларды осы санатқа енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін алты айдан астам мерзім өтсе, рұқсат беру бастамашысы аралық қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепті немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есепті береді;";
      11-тармақта:
      1) тармақшадағы "ұлттық басқарушы компанияға" деген сөздер "ұлттық басқарушы холдингке" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) рұқсат беру бастамашысы мыналардан кем емес уақыттағы аудиторлық есеппен расталған эмитенттің қаржылық есептілігін ұсынады:
      егер акцияларды осы санатқа енгізу жөніндегі өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы біткен күннен бастап төрт ай өткеннен кейін берілген болса, аяқталған соңғы қаржы жылынан;
      егер акцияларды осы санатқа енгізу жөніндегі өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы біткен күннен бастап төрт ай ішінде берілген болса, аяқталған соңғы қаржы жылының алдындағы аяқталған қаржы жылынан.
      Егер аудиторлық есеппен расталған аяқталған қаржы жылының қаржылық есептілігі жасалған күннен бастап акцияларды осы санатқа енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін алты айдан астам мерзім өтсе, рұқсат беру бастамашысы аралық қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепті немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есепті береді.
      Рұқсат беру бастамашысы соңғы берген аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп шығарылған, эмитенттің қаржылық есептілігін жасау күнінен бастап акцияларды осы санатқа енгізу туралы өтінішті беру күніне дейін алты айдан аспауы тиіс;";
      14-тармақта:
      бірінші абзацтағы "бағалы қағаздарын" деген сөздер "акциялары мен пайларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4 ) рұқсат беру бастамашысы соңғы толық аяқталған қаржы жылы не нақты қызмет ету кезеңі үшін аудиторлық есеппен расталған, инвестициялық қордың басқарушы компаниясының немесе акционерлік инвестициялық қордың қаржылық есептілігін береді.
      Рұқсат беру бастамашысының инвестициялық қордың бағалы қағаздарын осы секторға енгізу жөніндегі өтініші соңғы қаржы жылы аяқталғаннан кейінгі алғашқы төрт ай ішінде қор биржасымен инвестициялық қордың басқарушы компаниясының немесе акционерлік инвестициялық қордың аудиторлық есеппен расталған, соңғы аяқталған қаржы жылы үшін қаржылық есептілігін берусіз қабылданады, оларда мыналар бар болған жағдайда:
      соңғы аяқталған қаржы жылының алдындағы жыл үшін аудиторлық есеппен расталған, қаржылық есептілік, сондай-ақ жасалу уақытынан рұқсат беру бастамашысы аталған өтінішті берген күнге дейін алты айдан астам өткен, аралық қаржы ақпаратының шолуы (инвестициялық қордың басқарушы компаниясының немесе акционерлік инвестициялық қордың аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп немесе жасалу уақытынан рұқсат беру бастамашысы аталған өтінішті берген күнге дейін алты айдан астам өткен, аудиторлық есеппен расталған, осы инвестициялық қордың басқарушы компаниясының немесе акционерлік инвестициялық қордың аралық қаржылық есептілігі;";
      12) тармақшада "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісіне ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 13), 14), 15) және 16) тармақшалармен толықтырылсын:
      "13) акционерлік инвестициялық қордың мемлекеттік тіркелуі оның бағалы қағаздарын ресми тізімге енгізу жөніндегі өтініші берілген күнге дейінгі бір жылдан кем емес бұрын жүзеге асырылған;
      14) акционерлік инвестициялық қордың активтерін бағалау қор биржасы таныған бағалаушылардың тізбесіне кірген бағалаушының біреуімен жүргізіледі;
      15) қызмет етуінің әр жылы үшін акционерлік инвестициялық қордың аудиторлық есеппен расталған, соңғы есептік күндегі қаржылық есептілігіне сәйкес таза кірістің бар болуы;
      16) акционерлік инвестициялық қор акционерлерінің жалпы жиналысында бекітілген корпоративтік басқару кодексінің бар болуы.";
      мынадай мазмұндағы 14-1 және 14-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "14-1. Жылжымайтын мүлік қорының акцияларын қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың онда болуы үшін жылжымайтын мүлік қоры және оның бағалы қағаздары мына талаптарға сәйкес келеді:
      1) осы қаулының 14-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15) және 16) тармақшаларында көзделгендерге;
      2) шығарылған бағалы қағаздар және (немесе) басқа міндеттемелер бойынша міндеттемелердің мөлшері жиынтығында жылжымайтын мүлік қорының меншікті капиталының он пайызынан аспайды;
      3) жылжымайтын мүлік қорының инвестициялық кірістерінің жетпіс бес пайызынан кем емесін жылжымайтын мүлікті жалға беру нәтижесінде алынған кіріс құрайды;
      4) жылжымайтын мүлік қорының активін құрайтын жылжымайтын мүлік жылжымайтын мүлік қорының басқарушы компаниясының аффилиирленген тұлғаларынан сатып алынбаған;
      5) жылжымайтын мүлік қорының активтеріне кіретін жылжымайтын мүлікке ауыртпалық салынбаған не сенімгерлік басқаруға берілген;
      6) жылжымайтын мүлік қорының активтеріне кіретін жылжымайтын мүлік объектілерін жалға беру шартында белгіленген жалға беру мерзімі бір жылдан кем еместі құрайды;
      7) жылжымайтын мүлік қоры активтерінің құрамына кіретін жылжымайтын мүлік объектілері оның бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу жөніндегі өтінішті берген күнге дейінгі екі жыл ішінде жалға беріледі.
      Рұқсат беру бастамашысы қор биржасына жалға беру шартының стандартты нысанын, сондай-ақ жылжымайтын мүлік қорының активтерін құрайтын жылжымайтын мүлік объектілерін бір жылдан кем емес мерзімге жалға берілуін растайтын, жылжымайтын мүлік қорының бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу жөніндегі өтінішті берген күнге дейін жасалған жалға беру шарттарының көшірмесін береді.
      14-2. Осы қаулының 14-тармағының 13) тармақшасында және 14-1-тармағының 3) және 7) тармақшаларында көзделген талаптар қор биржасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісіліп, айқындаған рейтингтік агенттіктің тізбесіне кіретін рейтингтік агенттіктердің біреуінің рейтингтік бағасы бар жылжымайтын мүлік қорына таралмайды.".
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
      1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастан он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.
      4. Сауда-саттықты ұйымдастырушылар осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап бір ай ішінде өздерінің ішкі құжаттарын осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін.
      5. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

      Төрайым                                 Е. Бахмутова