Тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергиясына арналған тарифтерді энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың саралау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 20 ақпандағы N 57-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 20 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5602 болып енгізілді.

Жаңартылған

      "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергиясына арналған ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеу департаменті (А.В. Шкарупа) осы бұйрықты заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
      4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің аумақтық органдары екі апта мерзім ішінде асыра пайдаланғаны үшін ең жоғары тариф бойынша ақы алынатын электр энергиясын тұтынудың шамасын анықтасын.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Қ.М. Смағұловқа жүктелсін.
      6. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн аяқталған соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                   Н. Алдабергенов

Қазақстан Республикасы   
Табиғи монополияларды   
реттеу агенттігі төрағасының
2009 жылғы 20 ақпандағы  
N 57-НҚ бұйрығымен    
бекітілген         

Тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергиясына арналған тарифтерді энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың саралау ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергиясына арналған тарифтерді энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың саралауының осы ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергиясына арналған сараланған тарифтерді есептеудің тәртібін айқындайды.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2011.02.08 № 47-НҚ (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн аяқталған соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. Осы Ережеге сәйкес есептелген тәулік зоналары бойынша электр энергиясына арналған сараланған тарифтер энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың тұтынушылары үшін оларда электр энергиясының көп ставкалы есептеу құралдары болған кезде қолданылады.
      3. Осы Ережеде қолданылатын негізгі ұғымдар:
      1) тұтынушы – электр энергиясын шарттың негізінде пайдаланушы жеке немесе заңды тұлға;
      2) тұтынушының электрді тұтыну кестесі (тұтынушының жүктелім кестесі) – тәулік зоналары бойынша қисық өзгерістер, электр энергиясын тұтыну көлемдерінің тәуліктік өзгерісінің графикалық көрінісі;
      3) тұтынушылар тобы – ортақ белгілері бойынша: электр энергиясын тұтыну шарттары, тұтынылатын қуат және одан әрі топтарға біріктірілген тұтынушылар;
      4) шарттық (мәлдімделген) ең жоғары жүктеме – энергиямен жабдықтаушы ұйымда уақыт бойынша ең жоғары жүктеменің өту сағаттарымен сәйкес келетін аса үлкен жарты сағаттық қуат;
      5) көп ставкалы есептеу құралы – электр энергиясын тәулік зоналары бойынша тұтынуды бақылауға мүмкіндік беретін есептеу құралы;
      6) алып тасталынды
      7) көп ставкалы есепке алу – электр энергиясын тәулік зоналары бойынша тұтынуды есепке алу;
      8) режим күні – жылдың екі маусымы бойынша жасалған, энергиямен жабдықтаушы ұйым тұтынушыларының электр тұтыну жүктемесінің графигінен айқындалған электр энергиясының ең көп тұтынылатын күн;
      8-1) тәулік зоналары бойынша электр энергиясына сараланған тарифтер – осы Ережеге сәйкес тұтынушылар үшін қолданылатын тәулік уақытына қарай электр энергиясының әртүрлі тарифтері; 
      9) тәуліктік жүктеме графигі – нақты маусымның режим күнінде өңірдің электр энергиясын тұтыну тәулігінің сағаттық графигі;
      10) уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметке басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      11) энергия өндіруші ұйым – электр энергиясын өз мұқтаждары және (немесе) сату үшін өндіруді, сондай-ақ импортталатын электр энергиясын жеткізуді жүзеге асыратын ұйым;
      12) энергиямен жабдықтаушы ұйым – сатып алынған электр энергиясын тұтынушыларға сатуды жүзеге асыратын ұйым;
      13) ең төменгі тариф – тұтынушы-жеке тұлғалар үшін электр энергиясын тұтыну шамасын жергілікті атқарушы орган белгілеген шектерде тұтынылатын электр энергиясына арналған тариф;
      14) ең жоғары тариф – тұтынушы-жеке тұлғалар үшін электр энергиясын тұтыну шамасын жергілікті атқарушы орган белгілегеннен тыс  тұтынылатын электр энергиясына арналған тариф;
      15) (Алып тасталды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2009.07.31. N 265-НҚ Бұйрығымен).
      16) тұтыну көлемдеріне қарай электр энергиясына арналған сараланған тарифтер - осы Ережеге сәйкес тұтынушы - жеке тұлғалар үшін қолданылатын тұтыну көлемдеріне қарай әртүрлі электр энергиясының тарифтері (екі деңгейлік немесе үш деңгейлік).
      Осы Ережеде пайдаланылатын өзге да ұғымдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009.04.15 N 123-НҚ ,  2009.07.31. N 265-НҚ, 2011.02.08 № 47-НҚ (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн аяқталған соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрықтарымен.
      4. <*>
      Ескерту. 4-тармақ алынып тасталды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2011.02.08 № 47-НҚ (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн аяқталған соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      5. Тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлемдеріне қарай энергиямен жабдықтаушы ұйым уәкілетті органмен келіскеннен кейін енгізеді.
      6. Тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлемдеріне қарай электр энергиясына арналған сараланған тарифтерді тұтынушылардың қолдануына байланысты энергиямен жабдықтаушы ұйым табысты кем алған немесе табысты негізсіз алған жағдайда кем алынған табыстың сомасы немесе негізсіз алынған табыстың сомасы "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабына сәйкес белгіленген орташа босату тарифінің тиісті өзгерісінің есебінен тарифтерді кезекті қайта қарау кезінде ескеріледі.
      7. Босату тарифінің деңгейін өзгерту кезінде энергиямен жабдықтаушы ұйым тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлемдеріне қарай электр энергиясына арналған сараланған тарифтерге қайта есептеу жүргізеді.
      8. Энергиямен жабдықтаушы ұйым тәулік зоналары бойынша және (немесе) тұтынылған энергияның көлемдеріне қарай (жеке тұлғалар үшін) сараланған тарифтер бойынша электр энергиясын өткізуде (сатуда) тұтынушыларға бас тарта алмайды.
      9. Энергиямен жабдықтаушы ұйым жыл сайын есеп айырысуды орындайды және тәулік зоналары бойынша және оның жазғы және қысқы маусымдарда тұтынылған көлемдеріне қарай (жеке тұлғалар үшін) сараланған тарифтерді уәкілетті органмен келіседі.
      10. Энергиямен жабдықтаушы ұйым жеке тұлғаларға (тәулік зоналары бойынша сараланған тарифтер белгілеу үшін жеке тұлғалардың тұтынушыларын қоспағанда) тұрмыстық мұқтаждарға тұтынылған электр энергиясы үшін тұтынылған энергияның көлемдеріне қарай электр энергиясына арналған сараланған тарифтерді ескере отырып шот тапсырады.
      Егер тұтынушының электр энергиясын есептеу аспаптарының көрсеткіштерін жазып алу арасындағы нақты кезең күнтізбелік отыз күнге тең болмаса, электр энергиясын тұтыну шамаларының мөлшерін энергиямен жабдықтаушы ұйым немесе тұтынушы нақты кезеңнің ұзақтығын ескере отырып түзетеді.
      Электр энергиясын тұтыну шамасының шегінде толық пайдаланылмаған электр энергиясы келесі айда пайдаланылмайды.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2011.02.08 № 47-НҚ (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн аяқталған соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      10-1) Тұтыну көлеміне қарай сараланған тарифтер бойынша тұтынылған электр энергиясы үшін ақы төлеу тұратын жеке тұлғалардың санын ескере отырып анықталады, оны анықтауға азаматтарды тіркеу кітабы немесе пәтер иелері кооперативінің мөрімен расталған тұратын заңды тұлғалардың саны туралы анықтама негіз болып табылады.
      Елді мекендерде азаматтарда пәтер иелері кооперативінің және азаматтарды тіркеу кітабы болмаған жағдайда тұратын жеке тұлғалардың санын анықтау үшін қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмi берген тұратын жеке тұлғалардың саны туралы анықтама негіз болып табылады.
      Тұрғын үй-жайларды өзінің кәсіби қызметін орындау үшін пайдаланатын жеке кәсіпкерлер, адвокаттар, жеке нотариустар және сот орындаушылары үшін тұратын тұлғалардың санына үй иелерінің немесе сол тұрғын үй-жайларды жалға алушыларының саны теңестіріледі, оны анықтау үшін құқық белгілейтін құжаттар негіз болып табылады.
      Ескерту. 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2011.02.08 № 47-НҚ (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн аяқталған соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      11. Осы Ереже екі деңгейлік және үш деңгейлік тарифтерді қолданып жеке тұлғаларға тәулік зоналары бойынша электр энергиясына сараланған тарифті және оны жеке тұлғалардың тұтыну көлемдеріне сараланған тарифті бір мезгілде қолдануды болжамайды.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2011.02.08 № 47-НҚ (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн аяқталған соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Тәулік зоналары бойынша электр энергиясына арналған тарифтерді энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың саралау тәртібі

      12. Тәуліктік жүктеме графигі төрт зонаға бөлінеді: "ертеңгілік максимум", "кешкі максимум", "күндізгі ойылым" және "түнгі ойылым".
      13. Көпставкалы есептеу кезінде энергиямен жабдықтаушы ұйымдар электр энергиясын екі зоналық есептеу жүйесі пайдаланылатын тұрмыстық мұқтаждарға электр энергиясын жұмсайтын тұтынушы-жеке тұлғаларды қоспағанда, үш зоналық есептеу жүйесін пайдаланады.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2011.02.08 № 47-НҚ (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн аяқталған соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      14. Үшзоналық жүйе мыналардан:
      (УД) – "ертеңгілік максимумды", "күндізгі ойылымды" біріктіретін электр энергиясын күндізгі тұтыну зонасынан;
      (В) – "кешкі максимумге" сай келетін электр энергиясын кешкі тұтыну зонасынан;
      (Н) "түнгі ойылыммен" сай келетін түнгі тұтыну зонасынан тұрады.
      15. Екізоналық жүйе мыналардан:
      (УД) – "ертеңгілік максимумды", "күндізгі ойылымды", "кешкі максимумды" біріктіретін күндізгі тұтыну зонасынан;
      (Н) "түнгі ойылым" аймағымен сай келетін түнгі тұтыну зонасынан тұрады.
      16. <*>
      Ескерту. 16-тармақ алынып тасталды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2011.02.08 № 47-НҚ (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн аяқталған соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      17. Тәулік зоналары бойынша электр энергиясына арналған сараланған тарифтерді есептеу кезінде (П) электр энергиясы үшін ақы төлеу мынадай формула бойынша айқындалады:

      П = Wо*Tо (теңге), мұндағы:                                (1)
      Wо – өңірде (энергетикалық жүйеде) режим күнінің (желтоқсан, маусым) тәуліктік жүктеме кестелерінің орташа есебі бойынша айқындалатын тұтынылған электр энергиясының тәуліктік көлемі, кВт.сағ.;
      То – тұтынушылардың тиісті топтары үшін уәкілетті органмен келісілген электр энергиясына арналған босату тарифі.
      Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2011.02.08 № 47-НҚ (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн аяқталған соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      18. Тұтынушылардың электр энергиясының тұтыну мен ол үшін ақы (П) төлеудің өзгеріссіздігі кезінде Тв тарифі белгіленеді:

      Тв = (П - Туд*Wуд - Tн*Wн)/Wв (теңге/кВт.сағ.), мұндағы:   (2)

      П – нақты тұтынушының электр энергиясын тұтынғаны үшін тәуліктік ақы;
      Wуд – өңірде (энергетикалық жүйеде) режим күнінің (желтоқсан, маусым) тәуліктік жүктеме кестелерінің орташа есебі бойынша айқындалған тәуліктік графиктің (УД) зонасы кезеңінде электр энергиясын тұтыну көлемі, кВт.сағ.;
      Tуд - (УД) зонасы кезеңінде тұтынылған электр энергиясы үшін тариф, кВт.сағ.;
      Wн - өңірде (энергетикалық жүйеде) режим күнінің (желтоқсан, маусым) тәуліктік жүктеме кестелерінің орташа есебі бойынша айқындалған тәуліктік графиктің (УД) зонасы кезеңінде тұтынылған электр энергиясының көлемі, кВт.сағ.;
      Тн - (Н) зонасы кезеңінде тұтынылған электр энергиясы үшін тариф, кВт.сағ.;
      Wв - өңірде (энергетикалық жүйеде) режим күнінің (желтоқсан, маусым) тәуліктік жүктеме кестелерінің орташа есебі бойынша айқындалған тәуліктік графиктің (В) зонасы кезеңінде электр энергиясын тұтыну көлемі, кВт.сағ.
      Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2011.02.08 № 47-НҚ (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн аяқталған соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 
      19. Түнгі зонаның тарифтері мынадай формула бойынша белгіленеді:
      Тн = То*Кн,                                             (3)
      Кн = (Wнзим + Wнлет) / (Wозим + Wолет) , мұндағы:        (4)
                  2                 2
      Кн – "электр энергиясын тұтыну минимумының" коэффициенті, коэффициентті әрбір энергиямен жабдықтаушы ұйым дербес айқындайды;
      Wнзим, Wнлет, Wозим, Wолет – өңірде (энергетика жүйеде) өткен күнтізбелік жылдағы режим күнінің (желтоқан, маусым) тәуліктік жүктеме кестелері бойынша айқындалатын түнгі кезеңде және тұтастай тәулікте тұтынылатын электр энергиясының көлемі.
       Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009.04.15 N 123-НҚ бұйрығымен.
      20. Өнеркәсіптік және оған теңестірілген тұтынушылар үшін 750 кВА қуатпен қосылған және режим күні ішінде электр энергиясын тұтынудың тәуліктік кестесінің негізінде сараланған тарифтерге өту сәтінде (4) формула бойынша есептелетін "электр энергиясын тұтынудың минимумының" коэффициенттері айқындалады.
      21. Өнеркәсіптік және оған теңестірілген тұтынушылар үшін 750 кВА қуатпен қосылған және тұтынылған электр энергиясы үшін (Туд) зона кезеңінде (УД) мынадай формула бойынша айқындалады:
      Туд = П /Wо, мұндағы:                                     (5)
      Wо – тұтынылған электр энергиясының тәуліктік көлемі, кВт.сағ.;
      22. Түнгі зона тарифі (3) формуласы бойынша белгіленеді.
      23. Тұтынылған электр энергиясы үшін тариф (Тв) ең жоғары тұтыну зонасының (В) сағатында (2) формуласы бойынша белгіленеді.
      24. Қосылған 750 кВА-дан төмен қуаты бар абоненттердің топтарына тұтынылған электр энергиясы үшін тариф (Туд) зона кезеңінде (УД) қолданылады:
      Туд = То                                                  (6)
      25. Есепке алудың екізоналық жүйесін пайдаланатын тұтынушылар - тәулік зоналары бойынша сараланған тарифтер бойынша ақы төлеу мынадай жағдайлардың негізінде белгіленеді:
      1) түнгі зона тарифтері (3) және (4) формулалары бойынша белгіленеді.
      электр энергиясын тұтынудың (Тудв) күндізгі зона тарифтері формуласы бойынша есептеледі:
      Тудв=(П–Тн*Wн)/Wудв, мұндағы:                             (7)
      Wудв - өңірде (энергетикалық жүйеде) режим күнінің (желтоқсан, маусым) тәуліктік жүктеме кестелерінің орташа есебі бойынша айқындалған зона (УДВ) кезеңінде тәуліктік графиктің электр энергиясын тұтыну көлемі , кВт.сағ.
      Ескерту. 25-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2011.02.08 № 47-НҚ (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн аяқталған соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      26. Энергиямен жабдықтаушы ұйым тәулік зоналары бойынша сараланған тарифтің деңгейін мынадай жағдайларда өзгертеді:
      1) алып тасталынды
      2) энергиямен жабдықтаудың схемаларын өзгерту кезінде;
      3) тұтынушыдағы технологиялық процесті жан-жақты сипаттау картасы өзгерген кезде;
      4) электр энергиясына арналған босату тарифі өзгерген жағдайда.
       Ескерту. 26-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009.04.15 N 123-НҚ бұйрығымен.
      27. Электр энергиясын тұрмыстық мұқтаждарға пайдаланушы жеке тұлғалар болып табылатын электр энергиясын тұтынушылар көпставкалы есептеу құралы бар болған кезде тәулік зоналары бойынша сараланған тарифтер белгілеу өтінімімен кез келген уақытта энергиямен жабдықтаушы ұйымға жүгінуге құқылы.
      28. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан электр энергиясын сатып алатын заңды тұлғалар болып табылатын электр энергиясын тұтынушылар (электр энергиясын тұрмыстық мұқтаждарға пайдаланатын, оның ішінде есепке алудың ортақ құралы бойынша есеп айырысуды жүзеге асыратын қосалқы тұтынушылар заңды тұлғалардың есептерінен қосылған заңды тұлғаларды қоспағанда) көпставкалы есептеу құралын орнатады, тәулік зоналары бойынша сараланған тарифтер белгілеу өтінімімен энергиямен жабдықтаушы ұйымға жүгінеді және тұтынылған электр энергиясы үшін тәулік зоналары жөнінде сараланған тарифтер бойынша төлем жасайды.
      29. Өнеркәсіптік және оған теңестірілген тұтынушылар үшін қосылған 750 кВА және одан жоғары қуаты бар өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) 1, 2-қосымшаларға сәйкес белсенді энергияны тұтынудың тәуліктік графиктері, белсенді қуатты өлшеу нәтижелерінің ведомостары;
      2) технологиялық процестің жан-жақты сипатының картасы.
      30. Тұтынушылардың қосылған 750 кВА-дан төмен қуаты бар қалған топтары, сондай-ақ тұтынушылардың топтары бойынша сараланған тарифтері жоқ өңірлер үшін электр энергиясын тұтынудың графиктерін ұсыну талап етілмейді.
       Ескерту. 30-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009.04.15 N 123-НҚ бұйрығымен.

3. Екідеңгейлік тарифтерді қолданып электр энергиясына арналған тарифтерді оны жеке тұлғалардың тұтыну көлемдеріне қарай энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың саралау тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2011.02.08 № 47-НҚ (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн аяқталған соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 

      31. Асыра тұтынғаны үшін ең жоғары тариф бойынша ақы алынатын электр энергиясын тұтынудың шамасын электр плиталарын пайдаланатын және пайдаланбайтын жеке тұлғалар үшін жеке жергілікті атқарушы органның (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің) келісімі бойынша жеке уәкілетті орган белгілейді. Бұл ретте электр плиталарын пайдаланатын жеке тұлғаларға ҚНЖЕ-ге сәйкес газдандыруға жатпайтын, не егер үйдің құрылысының жобасында немесе кондоминиум объектісіне техникалық паспортта оны газдандыру көзделмеген үйлердің тұрғындары жатады.
      Асыра тұтынғаны үшін ең жоғары тариф бойынша ақы алынатын электр энергиясын тұтынудың шамасы тұтынушыларда энергия үнемдеу үшін ынта жасайтын және халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін өлшемдерді ескере отырып айқындалады.
      Ескерту. 31-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2011.02.08 № 47-НҚ (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн аяқталған соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      32. Екі деңгейлік тарифтерді қолданып электр энергиясына оны жеке тұлғалардың тұтыну көлемдеріне қарай с араланған тарифтер есептеу кезінде (Т макс ) ең жоғары тариф мынадай формула бойынша белгіленеді:
      Т макс = 1,2*Т о , мұндағы:                                   (8)
      Т о - электр энергиясына босату тарифі.
      Ескерту. 32-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2011.02.08 № 47-НҚ (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн аяқталған соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 
      33. Электр плиталарын пайдаланатын (Т мин1 ) жеке тұлғалар үшін ең төменгі тарифтер мынадай формула бойынша белгіленеді:
      Т мин1 = (Т о *W быт1 - Т макс *(W быт1 -k*W мин1 )/k*W мин1 , мұндағы:      (9)
      W быт1 – алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде электр плиталарын пайдаланатын жеке тұлғалар тұтынған электр энергиясының нақты көлемі, кВт.сағ.;
      W мин1 – алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде электр плиталарын пайдаланатын, электр энергиясын тұтыну шамасын асырмаған жеке тұлғалар тұтынған электр энергиясының нақты көлемі, кВт.сағ.;
      k – жеке тұлғалардың электр энергиясын тұтыну көлемдерін, осы Ереженің k=1,1, кейіннен k=1 алғашқы рет қолдану кезінде энергиямен жабдықтауды ескере отырып қайта бөлу коэффициенті.
       Ескерту. 33-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009.04.15 N 123-НҚ бұйрығымен.
      34. Электр плиталарын пайдаланбайтын (Т мин2 ) жеке тұлғалар үшін ең төменгі тарифтер мынадай формула бойынша белгіленеді:
      Т мин2 = (Т о *W быт2 - Т макс *(W быт2 -k*W мин2 )/k*W мин2 , мұндағы:     (10)
      W быт2 – алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде электр плиталарын пайдаланбайтын жеке тұлғалар тұтынған электр энергиясының нақты көлемі, кВт.сағ.;
      W мин2 – алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде электр плиталарын пайдаланбайтын, электр энергиясын тұтыну шамасын асырмаған жеке тұлғалар тұтынған электр энергиясының нақты көлемі, кВт.сағ.
       Ескерту. 34-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009.04.15 N 123-НҚ бұйрығымен.
      35. Есептеу аспабының көрсеткіштері бойынша есеп айырысу айлары үшін нақты тұтынылған электр энергиясының шамасы бір тұтынушыға шаққанда тұтынылған электр энергиясы үшін ақы төлейтін тиісті тұтынушылар үшін электр энергиясын тұтыну шамасынан аспаған жағдайда мынадай формула бойынша белгіленеді:
      П = Т мин *W нақты, мұндағы:                                    (11)
      П – есеп айырысу айлары үшін тұтынылған электр энергиясы үшін төленетін ақы, теңге;
      W нақты – есеп айырысу айлары үшін тұтынылған электр энергиясының нақты көлемі, кВт.сағ.
      36. Есептеу аспабының көрсеткіштері бойынша есеп айырысу айлары үшін нақты тұтынылған электр энергиясының шамасы бір тұтынушыға шаққанда тұтынылған электр энергиясы үшін ақы төлейтін тиісті тұтынушылар үшін электр энергиясын тұтыну шамасынан асып түскен жағдайда мынадай формула бойынша белгіленеді:
      П макс = Т мин *n*W лим макс * (W нақты -n* W лим ), мұндағы:            (12)
      W лим – асыра тұтынғаны үшін ең жоғары тариф бойынша ақы өндіріп алынатын бір жеке тұлға тұтынатын электр энергиясының шамасы, кВт.сағ.;
      n – тұратын жеке тұлғалардың саны.
      37. <*>
      Ескерту. 37-тармақ алынып тасталды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2011.02.08 № 47-НҚ (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн аяқталған соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-1. Үшдеңгейлік тарифтерді қолданып электр энергиясына арналған тарифтерді оны жеке тұлғалардың тұтыну көлемдеріне қарай энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың саралау тәртібі

      Ескерту. 3-1-тараумен толықтырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2011.02.08 № 47-НҚ (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн аяқталған соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      37-1. Асыра тұтынғаны үшін екінші және үшінші деңгейлік тарифтер бойынша ақы алынатын электр энергиясын тұтынудың шамаларын электр плиталарын пайдаланатын және пайдаланбайтын жеке тұлғалар үшін жергілікті атқарушы органның (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің) келісімі бойынша жеке уәкілетті орган белгілейді.
      Бұл ретте электр плиталарын пайдаланатын жеке тұлғаларға ҚНжЕ-ге сәйкес газдандыруға жатпайтын, не егер үйдің құрылысының жобасында немесе кондоминиум объектісіне техникалық паспортта оны газдандыру көзделмеген үйлердің тұрғындары жатады.
      Асыра тұтынғаны үшін екінші деңгейлік тариф (бұдан әрі – V2) бойынша ақы алынатын электр энергиясын тұтынудың шамасы тұтынушыларда энергия үнемдеу үшін ынталар жасайтын және халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін өлшемдерді ескере отырып айқындалады.
      Асыра тұтынғаны үшін үшінші деңгейлік тариф (бұдан әрі – V3) бойынша ақы алынатын электр энергиясын тұтынудың шамасы саны жалпы тұтынушылар санынан 10-15% аспайтын ең жоғары тұтынған тұтынушыларда энергия үнемдеу үшін ынталар жасалуын ескере отырып айқындалады.
      37-2. Электр плиталарын пайдаланатын (Т1 с э/п) жеке тұлғалар үшін бірінші деңгейлік тариф мынадай формула бойынша белгіленеді:
      Т1 с э/п = (Tо*Wо с э/п – Т2*W2 с э/п – Т3*W3 с э/п) / W1 с э/п, мұндағы:                                                       (13)
      Т2 - (15) формуласы бойынша белгіленген екінші деңгейлік тариф;
      Т3 - 16) формуласы бойынша белгіленген үшінші деңгейлік тариф;
      Wо с э/п – алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде электр плиталарын пайдаланатын жеке тұлғалар тұтынған электр энергиясының нақты көлемі, кВт.сағ.;
      W1 с э/п - алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде электр плиталарын пайдаланатын, V2 асырмаған жеке тұлғалар тұтынған электр энергиясының нақты көлемі, кВт.сағ;
      W2 с э/п – алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде электр плиталарын пайдаланатын, V2 асырған, бірақ V3 шектерде жеке тұлғалар тұтынған электр энергиясының нақты көлемі, кВт.сағ;
      W3 с э/п - алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде электр плиталарын пайдаланатын, V3 асырған жеке тұлғалар тұтынған электр энергиясының нақты көлемі, кВт.сағ
      37-3. Электр плиталарын пайдаланбайтын (Т1 без э/п) жеке тұлғалар үшін бірінші деңгейлік тариф мынадай формула бойынша белгіленеді:
      Т1 без э/п = (Tо*Wо без э/п – Т2*W2 без э/п – Т3*W3 без э/п)/W1 без э/п, мұндағы:                                                       (14)
      Wо без э/п – алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде электр плиталарын пайдаланбайтын жеке тұлғалар тұтынған электр энергиясының нақты көлемі, кВт.сағ.;
      W1 без э/п - алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде электр плиталарын пайдаланбайтын, V2 асырмаған жеке тұлғалар тұтынған электр энергиясының нақты көлемі, кВт.сағ;
      W2 без э/палдыңғы күнтізбелік жыл ішінде электр плиталарын пайдаланбайтын, V2 асырған, бірақ V3 шектерде жеке тұлғалар тұтынған электр энергиясының нақты көлемі, кВт.сағ;
      W3 без э/п - алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде электр плиталарын пайдаланбайтын, V3 асырған жеке тұлғалар тұтынған электр энергиясының нақты көлемі, кВт.сағ
      37-4. Үшдеңгейлік тарифтерді қолданып электр энергиясына арналған тарифтерді оны жеке тұлғалардың тұтыну көлемдеріне қарай сараланған тарифтер есептеу кезінде (Т2) екінші деңгейлік тариф мынадай формула бойынша белгіленеді:
      Т2 = 1,2*Tо, мұндағы:                                     (15)
      То - электр энергиясына босату тарифі.
      37-5. Үшдеңгейлік тарифтерді қолданып электр энергиясына арналған тарифтерді оны жеке тұлғалардың тұтыну көлемдеріне қарай сараланған тарифтер есептеу кезінде (Т3) үшінші деңгейлік тариф мынадай формула бойынша белгіленеді:
      Т3 = 1,5*Tо, мұндағы:                                     (16)
      То - электр энергиясына босату тарифі.
      37-6. Осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес формулалар бойынша есеп айырысу айлары үшін тұтынылған электр энергиясы үшін төленетін ақы (П) белгіленеді.

4. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар уәкілетті органға ұсынатын құжаттар

      38. Тәулік зоналары бойынша сараланған тарифтердің деңгейін келісу үшін э нергиямен жабдықтаушы ұйым тәулік зоналары бойынша сараланған тарифтер қолданысқа енгізілгенге дейін 30 күнтізбелік күн бұрын уәкілетті органға мынадай құжаттар мен материалдарды :
      түсіндірме жазбаны;
      тәулік зоналары бойынша сараланған тарифтердің есебін ;
      тәулік зоналары бойынша сараланған тарифтер ін бекіту туралы бұйрықтың жобасын;
       3-қосымшаға сәйкес жылдың екі маусымы бойынша режим күніндегі тәуліктік жүктеме графигін зоналарға бөле отырып (күзгі және қысқы маусым үшін көрсетілген графиктер ретінде жұмыс күнінің желтоқсан графигі, көктемгі-жазғы маусым үшін – маусым графигі пайдаланылуы мүмкін) ұсынады.
      Ескерту. 38-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2009.07.31. N 265-НҚ Бұйрығымен.
      39. Сараланған тарифтердің деңгейлерін келісу үшін оны жеке тұлғалардың тұтыну көлемдеріне қарай энергиямен жабдықтаушы ұйым оны жеке тұлғалардың тұтыну көлемдеріне қарай сараланған тарифтер қолданысқа енгізілгенге дейін 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей уәкілетті органға мынадай құжаттар мен материалдарды:
      1) түсіндірме жазбаны;
      2) жеке тұлғалардың оны тұтыну көлемдеріне қарай сараланған тарифтерді ң есебін ;
      3) жеке тұлғалардың оны тұтыну көлемдеріне қарай сараланған тарифтерді бекіту туралы бұйрықтың жобасын;
      4) 4-қосымшаға сәйкес негіздеуші құжаттарды қоса бере отырып электр энергиясына көлемдеріне қарай (жеке тұлғалар үшін) сараланған тарифтер туралы ақпарат ұсынады.
      Ескерту. 39-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2009.07.31. N 265-НҚ Бұйрығымен.
      40. Уәкілетті орган келісу үшін ұсынылған тәулік зоналары бойынша сараланған тарифтердің деңгейлерін және (немесе) жеке тұлғалардың оны тұтыну көлемдеріне қарай 30 күнтізбелік күн ішінде құжаттар мен материалдарды қарайды. Қарау мерзімі құжаттар мен материалдарды берген сәттен есептеледі.
      41. Уәкілетті орган қажет болған жағдайда энергиямен жабдықтаушы ұйымнан тәулік зоналары бойынша сараланған тарифтердің деңгейін негіздейтін және (немесе) жеке тұлғалардың оны тұтыну көлемдеріне қарай қосымша ақпарат сұратады.
      42. Энергиямен жабдықтаушы ұйым тәулік зоналары бойынша сараланған тарифтер туралы және (немесе) жеке тұлғалардың оны тұтыну көлемдеріне қарай ақпаратты олар қолданысқа енгізілгенге дейін тұтынушылардың назарына жеткізеді.
      Ескерту. 42-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2009.07.31. N 265-НҚ Бұйрығымен.
      43. 3-қосымшаға сәйкес энергиямен жабдықтаушы ұйым жыл сайын 1 сәуірге және 1 қазанға дейін уәкілетті органға жылдың екі маусымы бойынша тәуліктік жүктеме графигін зоналарға бөле отырып (күзгі және қысқы маусым үшін көрсетілген графиктер ретінде жұмыс күнінің желтоқсан графигі, көктемгі-жазғы маусым үшін – маусым графигі пайдаланылуы мүмкін) ұсынады. 4-қосымшаға сәйкес энергиямен жабдықтаушы ұйым жыл сайын 1 ақпанға дейін уәкілетті органға электр энергиясының көлемдеріне қарай (жеке тұлғалар үшін) сараланған тарифтер туралы ақпарат ұсынады.

                                Тәулік зоналары бойынша және
                               (немесе) оны жеке тұлғалардың
                                тұтыну көлеміне қарай электр
                               энергиясына арналған тарифтерді
                              энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың
                                 саралау ережесіне 1-қосымша

                                               Дербес шоттар

        Белсенді энергияны тұтынудың тәуліктік графигі

  п/ст, РП,сыртқы желі.
    фидерінің нөмірі
Қала___________
Аудан__________
РЭС____________

                    _____________________________________________                                      (кәсіпорынның атауы)      

Тұтыну, кВт

Есептегіштердің көрсеткіштерінің алынған күні

Өтемдік құрылғылардың белгіленген қуаты ______кВАр

Трансформаторлардың белгіленген қуаты  __________кВА

тәуліктік тұтыну кВт (белсенді)

________кВт. сағ.












































































Лауазымы    Басшылардың аты-жөні   Телефон   Қолы
Директор
Бас.инженер
Энергия
қызметінің
басшысы                                         М.О.

                                    Тәулік зоналары бойынша және
                                   (немесе) оны жеке тұлғалардың
                                    тұтыну көлеміне қарай электр
                                   энергиясына арналған тарифтерді
                                  энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың
                                     саралау ережесіне 2-қосымша

         Белсенді қуатты өлшеу нәтижелерінің ведомосі

___________________ 200 ___ жыл үшін
___________________________ бойынша (N _____ шарт)
  (абоненттің атауы)      

Сағаттар

Белсенді қуаттылық (кВт)

1. 00.00-01.00

Р1


2. 01.00-02.00

Р2


3. 02.00-03.00

Р3


4. 03.00-04.00

Р4


5. 04.00-05.00

Р5


6. 05.00-06.00

Р6


7. 06.00-07.00

Р7


8. 07.00-08.00

Р8


9. 08.00-09.00

Р9


10. 09.00-10.00

Р10


11. 10.00-11.00

Р11


12. 11.00-12.00

Р12


13. 12.00-13.00

Р13


14. 13.00-14.00

Р14


15. 14.00-15.00

Р15


16. 15.00-16.00

Р16


17. 16.00-17.00

Р17


18. 17.00-18.00

Р18


19. 18.00-19.00

Р19


20. 19.00-20.00

Р20


21. 20.00-21.00

Р21


22. 21.00-22.00

Р22


23. 22.00-23.00

Р23


24. 23.00-24.00

Р24


Электр энергиясының
тәуліктік шығыстары

Асут


Басшы _____________________ қолы    М.О.

                                    Тәулік зоналары бойынша және
                                    (немесе) оны жеке тұлғалардың
                                    тұтыну көлеміне қарай электр
                                    энергиясына арналған тарифтерді
                                    энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың
                                    саралау ережесіне 3-қосымша

        Режим күнінде электр энергиясын тұтыну графигі
                  _________________ 200 __ ж.

      

Тәулік зоналары бойынша және    
(немесе) оны жеке тұлғалардың   
тұтыну көлеміне қарай электр    
энергиясына арналған тарифтерді 
энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың
саралау ережесіне 4-қосымша     

Абоненттің жеке шоты

Тұрғылықты тұратын жеке тұлғалардың саны

Есепті жылда қолданылғаны, ай сайын

Есепті жылда қолданылған мөлшер, барлығы

Орташа айлық қолданылғаны



қаңтар

ақпан

наурыз

сәуір

мамыр

маусым

шілде

тамыз

қыркүйек

қазан

қараша

желтоқсан



































Ескерту: ақпарат энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен аудан (қала) әкімшіліктеріне бөлініп беріледі

Тәулік зоналары бойынша және    
(немесе) оны жеке тұлғалардың   
тұтыну көлеміне қарай электр    
энергиясына арналған тарифтерді 
энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың
саралау ережесіне 5-қосымша     

      Ескерту. 5-қосымшамен толықтырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2011.02.08 № 47-НҚ (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн аяқталған соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Есептеу аспабының көрсеткіштері бойынша есеп айырысу айлары үшін бір тұтынушыға шаққанда нақты тұтынылған электр энергиясының көлемі

Есеп айырысу айлары үшін тұтынылған электр энергиясы үшін төленетін ақыны есептеу формуласы

V2 асырмаған тиісті тұтынушылар үшін

П=Т1*Wнақты, мұндағы:
Wнақты  есептеу аспабының көрсеткіштері бойынша есеп айырысу айлары үшін тұтынылған электр энергиясының нақты көлемі, кВт.сағ.

V2 асырған, бірақ V3 кем тиісті тұтынушылар үшін

П = Т1*n *Wуст1 + Т2*( Wнақты - n * Wуст1), мұндағы:
n – тұратын жеке тұлғалардың саны.
Wуст1 – бірінші деңгейдің шамасына сәйкес бір жеке тұлғаның электр энергиясын тұтыну шамасы, кВт.сағ.

V3 асырмаған тиісті тұтынушылар үшін

П=Т1*n*Wуст12*n*(Wуст2-Wуст1)+Т3*(Wнақты-n*Wуст2), мұндағы:
Wуст2 – екінші деңгейдің шамасына сәйкес бір жеке тұлғаның электр энергиясын тұтыну шамасы, кВт.сағ.