Тарификация бірліктерінің өлшемдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс Агенттігінің 2009 жылғы 2 ақпандағы N 43 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 3 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5573 болып енгізілді.

Қолданыстағы

      "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 1-1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берілген тарификация бірліктерінің өлшемдері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Байланыс саласында талдау және тарифтік реттеу департаменті (Т.К. Наметчаев) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін және Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі құрылымдық бөлімшелерінің назарына жеткізсін.
      3. Байланыс операторлары 2009 жылғы 1 маусымға дейін аппараттық, сондай-ақ, бағдарламалық құралдарға қолданылатын барлық сертификаттық рәсімдерді өткізуді қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары А.Д. Бишиғаевқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2009 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілінеді.

      Төраға                                             Қ. Есекеев

      "Келісілді"
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық Қауіпсіздік
      Комитетінің Төрағасы
      Шабдарбаев А.С.
      _____________________
      2009 жыл

Қазақстан Республикасы   
Ақпараттандыру және байланыс
агенттігі төрағасының   
2009 жылғы 2 ақпандағы  
N 43 бұйрығымен     
бекітілген        

Тарификация бірліктерінің өлшемдері

      1. Тарифтік бірлігі - Қазақстан Республикасы телекоммуникациясының бірыңғай желісіне кіретін байланыс операторлары мен барлық санаттағы желі иелері үшін міндетті болып табылатын, байланыс қызметінің тиісті түрі үшін төлемақы алынатын уақытты, ақпарат санын немесе көлемін өлшеу бірлігі.
      2. Жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желісінің транзиттік трафигі және кіріс, шығыстың барлық түрін өткізуде байланыс операторлары арасында өзара есеп айырысуда қолданылатын тарификация бірліктерінің өлшемдері:
      1) телефон трафигі - 1 секунд, халықаралық телефон трафигінен басқа 10 секундты құрайтын тарификациялау бірлігі;
      2) деректер беру және Интернет трафигі - 10 кбайт.
      3. Байланыс операторларының абоненттермен өзара есеп айырысу кезінде қолданылатын тарификация өлшемдерінің бірліктері:
      1) жергілікті қызмет көсетуде, аймақішілік, қалааралық телефон байланысы, сонымен қатар ұялы байланыс:
      байланыс операторларының телекоммуникациялар желісі ішіндегі қосылуды беру кезінде - 1 секунд;
      басқа байланыс операторларының телекоммуникациялар желісі шығумен қосылуды беру кезінде – 1 секунд;
      2) халықаралық телефон байланыстары қызметін көрсетуде:
      жақын және алыс шетелдер желісіне қосылуды беру кезінде - 10 секунд;
      басқа операторлар желісінен жақын және алыс шетелдер желісіне қосылуды беру кезінде - 10 секунд
      3) деректер беру және Интернет желісіне қол жетімділік қызметін көрсету кезінде:
      деректер беру және Интернет желісіне қол жетімділік трафигі - 10 кбайт.
      4. Өзара есеп айырысуда байланыс операторлары мен абоненттер арасындағы келесі дөңгелектену қолданылады:
      1) халықаралық телефон трафигі – толық емес 10 секунд, 10 секундқа дейін дөңгелектенеді;
      2) деректер беру және Интернет желісіне қол жетімділік трафигі – толық емес 10 кбайт, 10 кбайтқа дейін дөңгелектенеді.