"Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" 2008 жылғы 12 ақпандағы № 6/3-ІV шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2008 жылғы 11 шілдедегі N 10/3-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Шемонаиха аудандық Әділет басқармасында 2008 жылғы 24 шілдеде N 5-19-79 тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңының 6-бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңының 97-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» 2004 жылғы 9 қыркүйектегі № 949, «Қазақстан Республикасында тұрғын үй-коммуналдық саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» 2006 жылғы 15 маусымдағы № 553 қаулыларына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Шемонаиха аудандық мәслихатының «Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» 2008 жылғы 12 ақпандағы № 6/3-IV (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-19-71 нөмірмен тіркелген, 2008 жылғы 7 наурыздағы «Уба-Информ» газетінің № 10 санында жарияланған, «Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» 2008 жылғы 2 ақпандағы № 6/3-ІҮ шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 8/4-ІV, нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-19-76 болып тіркелген шешімімен, 2008 жылғы 23 мамырдағы «Уба-Информ» газетінің № 21 санында жарияланған; Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» 2008 жылғы 12 ақпандағы № 6/3-ІҮ шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 19 маусымдағы № 9/4 - ІV, нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-9-77 болып тіркелген шешімімен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, 2008 жылғы 10 шілдедегі «Уба-Информ» газетінің № 28 «санында жарияланған), шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
      Атауында және шешімнің барлық мәтінінде Нұсқаулық деген сөз Ереже деген сөзбен ауыстырылсын.
      1- бөлімнің 5-тармағы «Жалпы ережелер» жаңа редакцияда жазылсын:
      «Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметті тұтынуға шекті жол берілетін шығыс үлесі отбасының жиынтық кірістерінің 6 пайызы мөлшерінде белгіленеді».
      2. Осы шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейінгі 10 күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                Ә.О. БАЯНДИНОВ

      Шемонаиха аудандық
      мәслихатының хатшысы           А.М. БОРОВИКОВ