2008 жылы жекешелендіруге және оның алдын ала жүргізілетін сатыларына жататын Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншік объектілерінің тізбесі туралы

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінің 2008 жылғы 07 наурыздағы N 484 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 25 наурызда N 2478 тіркелді

Жаңартылған

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабына , "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, "Жекешелендіру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандары әкімдерінің, сондай-ақ облыстық департаменттер мен басқармалардың қолдаухаттары негізінде, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. 2008 жылы жекешелендіруге және оның алдын ала жүргізілетін сатыларына жататын Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншік объектілерінің қоса беріліп отырған тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.

      2. "Шығыс Қазақстан облысының қаржы департаменті" мемлекеттік мекемесі (А.А. Құрманғалиев) заңнамамен белгіленген тәртіпте Тізбеде көрсетілген объектілерді жекешелендіру және оның алдын ала жүргізілетін сатылары бойынша іс-шараларды жүзеге асырсын.
      3. Күші жойылды деп есептелсін:
      1) "Жекешелендіруге және оның алдын ала жүргізілетін сатыларына жататын Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншік объектілерінің тізбесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2006 жылғы 10 шілдедегі N 674, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2428 болып тіркелген, 2006 жылғы 1 тамыздағы N 78 "Дидар", 2006 жылғы 29 шілдедегі N 116 "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған қаулысы;
      2) "Жекешелендіруге және оның алдын ала жүргізілетін сатыларына жататын Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншік объектілерінің тізбесін бекіту туралы" 2006 жылғы 10 шілдедегі N 674 қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 16 қазандағы N 267, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2459 болып тіркелген, 2007 жылғы 13 қарашадағы N 139 "Дидар", 2007 жылғы 13 қарашадағы N 170 "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған қаулысы;
      3) "Жекешелендіруге және оның алдын ала жүргізілетін сатыларына жататын Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншік объектілерінің тізбесін бекіту туралы" 2006 жылғы 10 шілдедегі N 674 қаулыға толықтыру енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 6 желтоқсандағы N 338, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2461 болып тіркелген, 2007 жылғы 25 желтоқсандағы N 156 "Дидар", 2007 жылғы 25 желтоқсандағы N 192 "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған қаулысы.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Е.Қ. Нұрланбаевқа жүктелсін.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ШҚО әкімдігінің 2008.07.10 N 67 Қаулысымен.
      5. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Облыс әкімінің
      міндетін атқарушы                     Ә. БЕРГЕНЕВ

Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2008 жылғы
07 наурыздағы N 484
қаулысымен бекітілді

       Ескерту. Тізбесі жаңа редакцияда - ШҚО әкімдігінің 2008.07.10  N 67 Қаулысымен.

2008 жылы жекешелендіруге және оның алдын ала жүргізілетін сатыларына жататын Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық
меншік нысандарының тізбесі

N
п/п

Объектінің атауы

Объектінің орналасқан жері

1

2

3

1.

"Астана қаласындағы Шығыс Қазақстан облысы өкілдігі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны мүліктік кешені және нысанның құрылысы аяқталмаған "Астана қаласындағы Шығыс Қазақстан облысы өкілдігі"

Астана қаласы, Вавилов көшесі, 18

2.

ВАЗ-21063 автомобилі, м/н Ғ 091 КP, 1993 жылы шыққан

Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі, 1

3.

ГАЗ-3307 автомобилі, м/н Ғ 110 КP, 1993 жылы шыққан

Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі, 1

4.

"Daewoo Espero" автомобилі, м/н Ғ 090 КP, 1996 жылы шыққан

Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі, 1

5.

ВАЗ-21093 автомобилі, м/н Ғ 512 КP, 1998 жылы шыққан

Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі, 1

6.

ВАЗ-21093 автомобилі, м/н Ғ 589 КP, 1993 жылы шыққан

Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі, 1

7.

ВАЗ-21099 автомобилі, м/н Ғ 547 КP, 1996 жылы шыққан

Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі, 1

8.

ВАЗ-21093 автомобилі, м/н Ғ 563 КP, 1997 жылы шыққан

Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі, 1

9.

"Volkswagen Passat" автомобилі, м/н Ғ 548 КP, 1996 жылы шыққан

Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі, 1

10.

"Mitsubishi Pajero" автомобилі, м/н Ғ 538 КP, 1990 жылы шыққан

Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі, 1

11.

ГАЗ-31029 автомобилі, м/н Ғ 203 КР, 1994 жылы шыққан

Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі, 1

12.

УАЗ-31519 автомобилі, м/н Ғ 144 КР, 1998 жылы шыққан

Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі, 1

13.

УАЗ-31512 автомобилі, м/н Ғ 187 КP, 1995 жылы шыққан

Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі, 1

14.

УАЗ-31512 автомобилі, м/н Ғ 261 КP, 1995 жылы шыққан

Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі, 1

15.

ГАЗ-3110 автомобилі, м/н Ғ 061 АА, 1999 жылы шыққан

Өскемен қаласы, К.Либкнехт көшесі, 19

16.

УАЗ-31512 автомобилі, м/н U 063 АА, 1993 жылы шыққан

Семей қаласы, Қараөлең ауылы

17.

ГАЗ-2410 автомобилі, м/н  U 934 АВ, 1991 жылы шыққан

Семей қаласы, Знаменка ауылы

18.

ГАЗ-31029 автомобилі, м/н Ғ 175 КP, 1993 жылы шыққан

Семей қаласы, Ақбұлақ ауылы

19.

УАЗ-31512 автомобилі, м/н  U 017 ВВ, 1993 жылы шыққан

Семей қаласы, Ақбұлақ ауылы

20.

ГАЗ-31029 автомобилі, м/н Ғ 502 КP, 1993 жылы шыққан

Семей қаласы, Танат ауылы

21.

УАЗ-31512 автомобилі, м/н 4282 СПА, 1990 жылы шыққан

Семей қаласы, Танат ауылы

22.

ВАЗ-21074 автомобилі, м/н U 354 AB, 1995  жылы шыққан

Семей қаласы, Шульбинск  ауылы

23.

"Урал" М 67/36 мотоциклы  коляскасымен, м/н  2213 СПА, 1982 жылы шыққан

Семей қаласы, Жаңабаженово ауылы

24.

УАЗ-31512 автомобилі, м/н Ғ 265 AL, 1990 жылы шыққан

Семей қаласы, Байтұрсынов көшесі, 27

25.

"Кубань" Г1К1-02 автобусы, м/н Ғ 453 DO, 1988 жылы шыққан

Зырян қаласы, Ленин көшесі 84

26.

УАЗ-3303 автоклубы, м/н Ғ 455 DO, 1989 жылы шыққан

Зырян қаласы, Ленин көшесі, 84

27.

УАЗ-3962 автомобилі, м/н Ғ 036 AZ, 1994 жылы шыққан

Курчатов қаласы,  Курчатов көшесі, 9

28.

УАЗ-31519 атомобилі, м/н Ғ159 КU, 1997 жылы шыққан

Абай ауданы, құндызды ауылы

29.

ГАЗ-3110 автомобилі, м/н Ғ 152 AА, 1998 жылы шыққан

Абай ауданы, Саржал ауылы

30.

ВАЗ-2121 автомобилі, м/н Ғ 187 АЕ, 1992 жылы шыққан

Абай ауданы,  Саржал ауылы

31.

УАЗ-3962-01 автомобилі, м/н Ғ 644 DB, 1995 жылы шыққан

Аягөз ауданы, Баршатас ауылы

32.

ГАЗ -31029 автомобилі, м/н Ғ 071 АО, 1993 жылы шыққан

Бесқарағай ауданы, Бозтал ауылы

33.

УАЗ-3962 автомобилі, м/н Ғ 691 DE, 1996 жылы шыққан

Глубокое ауданы, Черемшанка ауылы

34.

"Daewoo Espero" автомобилі, м/н Ғ 276 AA, 1997 жылы шыққан

Үржар ауданы, Үржар ауылы, Абылайхан көшесі, 122

       Шығыс Қазақстан облысы
       қаржы басқармасының бастығы      А. Құрманғалиев