"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабына , "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, "Жекешелендіру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандары әкімдерінің, сондай-ақ облыстық департаменттер мен басқармалардың қолдаухаттары негізінде, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. 2008 жылы жекешелендіруге және оның алдын ала жүргізілетін сатыларына жататын Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншік объектілерінің қоса беріліп отырған тізбесі (бұдан әрі-Тізбе) бекітілсін.
2. "Шығыс Қазақстан облысының қаржы департаменті" мемлекеттік мекемесі (А.А. Құрманғалиев) заңнамамен белгіленген тәртіпте Тізбеде көрсетілген объектілерді жекешелендіру және оның алдын ала жүргізілетін сатылары бойынша іс-шараларды жүзеге асырсын.
3. Күші жойылды деп есептелсін:
1) "Жекешелендіруге және оның алдын ала жүргізілетін сатыларына жататын Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншік объектілерінің тізбесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2006 жылғы 10 шілдедегі N 674, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2428 болып тіркелген, 2006 жылғы 1 тамыздағы N 78 "Дидар", 2006 жылғы 29 шілдедегі N 116 "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған қаулысы;
2) "Жекешелендіруге және оның алдын ала жүргізілетін сатыларына жататын Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншік объектілерінің тізбесін бекіту туралы" 2006 жылғы 10 шілдедегі N 674 қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 16 қазандағы N 267, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2459 болып тіркелген, 2007 жылғы 13 қарашадағы N 139 "Дидар", 2007 жылғы 13 қарашадағы N 170 "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған қаулысы;
3) "Жекешелендіруге және оның алдын ала жүргізілетін сатыларына жататын Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншік объектілерінің тізбесін бекіту туралы" 2006 жылғы 10 шілдедегі N 674 қаулыға толықтыру енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 6 желтоқсандағы N 338, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2461 болып тіркелген, 2007 жылғы 25 желтоқсандағы N 156 "Дидар", 2007 жылғы 25 желтоқсандағы N 192 "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған қаулысы.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ә.С. Бергеневке жүктелсін.
5. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Облыс әкімінің
міндетін атқарушы Ә. БЕРГЕНЕВ
Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2008 жылғы
07 наурыздағы N 484
қаулысымен бекітілді
2008 жылы жекешелендіруге және оның алдын ала
жүргізілетін сатыларына жататын Шығыс Қазақстан
облысының коммуналдық меншік объектілерінің тізбесі
N |
Объектінің атауы |
Объектінің орналасқан
|
1 |
2 |
3 |
1. |
"Daewoo Espero-162" автомобилі, м/н F 262 AA, 1998 жылы шыққан |
Өскемен қаласы, Горький көшесі, 40 |
2. |
ВАЗ-21063 автомобилі, м/н F 029 АР, 1990 жылы шыққан |
Өскемен қаласы, Киров көшесі, 33 |
3. |
ГАЗ-53 "Кубань" автомобилі, м/н F 892 DH, 1990 жылы шыққан |
Өскемен қаласы, Қ.Қайсенов көшесі, 40 |
4. |
"Volvo 740 GL" автомобилі, м/н F 353 КТ, 1990 жылы шыққан |
Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі, 150/1 |
5. |
Hyundai H100d автомобилі, м/н F225 DA, 1996 жылы шыққан |
Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі, 149 |
6. |
ГАЗ-31029 автомобилі, м/н F 451 KS, 1994 жылы шыққан |
Өскемен қаласы, Қ.Қайсенов көшесі, 38/40 |
7. |
ВАЗ-2121 автомобилі, м/н F 266 АH, 1991 жылы шыққан |
Семей қаласы, Озерки ауылы |
8. |
ГАЗ-31029 автомобилі, м/н F 464 ОО, 1992 жылы шыққан |
Семей қаласы, Қайнар ауылы |
9. |
ИЖ-2715 автомобилі, м/н F 662 DB, 1990 жылы шыққан |
Семей қаласы, Шәкәрім көшесі,68 |
10. |
ГАЗ-3110-411 автомобилі, м/н F 337 КР, 2003 жылы шыққан |
Семей қаласы, Интернациональная көшесі, 8 |
11. |
ВАЗ-21061 автомобилі, м/н F 318 AS, 1996 жылы шыққан |
Бесқарағай ауданы, Беген ауылы |
12. |
ГАЗ-2410 автомобилі, м/н F 953 АК, 1991 жылы шыққан |
Глубокое ауданы, Белоусовка кенті |
13. |
ГАЗ-31029 автомобилі, м/н F 950 АS, 1993 жылы шыққан |
Күршім ауданы, Қалжыр ауылы |
14. |
ГАЗ-3110 автомобилі, м/н F 634 AL, 1999 жылы шыққан |
Катонқарағай ауданы, Большенарым ауылы |
15. |
УАЗ-31512 автомобилі, м/н F 832 AF, 1991 жылы шыққан |
Катонқарағай ауданы, Белқарағай ауылы |
16. |
УАЗ-31512 автомобилі, м/н F 094 DT, 1994 жылы шыққан |
Зырян ауданы, Феклистовка ауылы |
17. |
ВАЗ-21043 автомобилі, м/н F 791 AК, 1993 жылы шыққан |
Риддер қаласы, Предгорное ауылы |
18. |
"Ниссан-Террано" автомобилі, м/н U 055 АA, 1997 жылы шыққан |
Үржар ауданы, Үржар ауылы |
Шығыс Қазақстан облысы
қаржы департаментінің
директоры А. Құрманғалиев