Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5, 18-1-баптарына сәйкес, халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеуді ұйымдастыру мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу бойынша қоса беріліп отырған комиссия құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеудің мынадай тәртібі белгіленсін және бекітілсін:
1) әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынған жұмыс беруші жұмыс түрлерін, ауқымын, мөлшері мен еңбек шартын көрсете отырып, "Екібастұз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне тапсырыс береді;
2) "Екібастұз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (С.Ә.Арыстанов):
комиссияның қарауына құжаттар дайындауды іске асырады;
нысаналы топқа жататын жұмыссыздар үшін қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруда, соның ішінде жастар тәжірибесінен өту үшін жұмыс берушілерге әдістемелік көмек көрсетеді;
комиссия шешімінің негізінде әлеуметтік жұмыс орындарын кұру келісімшартын, оларға жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру тәртібін анықтайтын және каржыландыратын ұйымдарды ұсынатын жұмыс берушілермен келісімшарт жасайды;
әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру үшін іріктеуден өткен жұмыссыздарды ұйымдар мен кәсіпорындарға жібереді.
3. Осы каулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары А.А.Құрмановаға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Екібастұз қаласының әкімі Н.Нәбиев
Екібастұз қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 26 желтоқсандағы
N 754/12 қаулысына
қосымша
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі жөніндегі комиссия құрамы
Айзада Амангелдіқызы Құрманова |
-қала әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы; |
Серік Әубәкішұлы Арыстанов |
-"Екібастұз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары; |
Светлана Васильевна Ткачева |
-"Екібастұз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бас маманы, комиссия хатшысы. |
Комиссия мүшелері: |
|
Лариса Павловна Векшина |
-"Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы; |
Ерлан Мақсұтұлы Қабдылов |
-"Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы; |
Жанна Советқызы Рахымбаева |
-"Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы; |
Жасұлан Жәлелұлы Сәдуақасов |
-"Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы; |
Татьяна Алексеевна Тарасова |
-"Екібастұз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары- жұмыспен қамту бөлімінің меңгерушісі. |