Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі туралы

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімиятының 2008 жылғы 26 желтоқсандағы N 754/12 қаулысы. Павлодар облысы Екібастұз қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 27 қаңтарда N 213 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 4 мамырдағы N 396/5 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2010.05.04 N 396/5 қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5, 18-1-баптарына сәйкес, халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеуді ұйымдастыру мақсатында, Екібастұз  қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу бойынша қоса беріліп отырған комиссия құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеудің мынадай тәртібі белгіленсін және бекітілсін:
      1) әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынған жұмыс беруші жұмыс түрлерін, ауқымын, мөлшері мен еңбек шартын көрсете отырып, "Екібастұз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне тапсырыс береді;
      2) "Екібастұз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер  бөлімі" мемлекеттік мекемесі (С.Ә.Арыстанов):
      комиссияның қарауына құжаттар дайындауды іске асырады;
      нысаналы топқа жататын жұмыссыздар үшін қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруда, соның ішінде жастар тәжірибесінен өту үшін жұмыс берушілерге әдістемелік көмек көрсетеді;
      комиссия шешімінің негізінде әлеуметтік жұмыс орындарын кұру келісімшартын, оларға жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру тәртібін анықтайтын және каржыландыратын ұйымдарды ұсынатын жұмыс берушілермен келісімшарт жасайды;
      әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру үшін іріктеуден өткен жұмыссыздарды ұйымдар мен кәсіпорындарға жібереді.
      3. Осы каулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары А.А.Құрмановаға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласының әкімі                  Н. Нәбиев

Екібастұз қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 26 желтоқсандағы
N 754/12 қаулысына
1 қосымша

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі жөніндегі комиссия құрамы

      Ескерту. 1-Қосымшаға өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2009.05.06 N 261/5; 2009.06.30 N 355/7; 2009.12.15 N 799/12 Қаулыларымен.

Сансызбай Сапарұлы Төлеубаев

- Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;

Серік Әубәкішұлы Арыстанов

- "Екібастұз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары;

Айгүл Әнуарбекқызы Әлімова

- жұмыспен қамту секторының бас маманы, комиссия хатшысы.

Комиссия мүшелері:

Лариса Павловна Векшина

- "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы;

Жаңылсын Ералықызы Хамитова

- "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы;

Болат Қайыржанұлы Құспеков

- "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы;

Кенжебек Дүйсенбайұлы Дүйсенбаев

- "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы;

Сара Кеңеспайқызы Мұстафина

- жұмыспен қамту секторының меңгерушісі.