"Қостанай облысының аумағында көпшілікке таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе барлау мен өндіруді қоса атқаруға арналған келісім-шарттарды тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы" әкімдіктің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 584 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 14 қарашадағы № 544 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 18 желтоқсанда № 3661 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 115 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2010.04.09 № 115 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 наурыздағы № 276 қаулысына, "Қостанай облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті" мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 14 сәуірдегі № 214 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қостанай облысының аумағында көпшілікке таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе барлау мен өндіруді қоса атқаруға арналған келісім-шарттарды тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандарттың бекіту туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 584 қаулысына (мемлекеттік тіркеу нөмірі N 3592, "Қостанай таңы" 2008 жылғы 19 ақпандағы № 21, "Костанайские новости" 2008 жылғы 20 ақпандағы № 27) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулының "Қостанай облысының аумағында көпшілікке таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе барлау мен өндіруді қоса атқаруға арналған келісім-шарттарды тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандартында (бұдан әрі – стандарт) бүкіл мәтін бойынша "Қостанай облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті" деген сөздер "Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      стандарттың 12-тармағының 9) тармақшасында "Қостанай облысының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті" деген сөздер "Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      стандарттың 12-тармағының 10) тармақшасында "Қостанай облысының экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті" деген сөздер "Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі                   С. Кулагин

      КЕЛІСІЛДІ