Түпқараған ауданы бойынша 2009 жылы жұмыссыздарға арнап әлеуметтік жұмыс орындарын құратын шаруашылық субъектілердің тізімін бекіту туралы

Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 12 желтоқсандағы N 817 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаменті Түпқараған ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 24 қаңтарда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 11-6-82 болып енгізілді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жергілікті басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2009 жылға арналған нысаналы топтардағы жұмыссыздардың әлеуметтік жұмыс орындарын құрушы шаруашылық субъектілерінің тізімі бекітілсін.Жалғанды:/Қосымша/

      2. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары О.Жарылғаповаға жүктелсін.

      3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                              С.У.Трумов

"КЕЛІСІЛДІ":
Жарылғапова
Қани С.Қ.
Аудандық экономика және бюджетті
жоспарлау бөлімінің бастығы
"___" _______2008 жыл

Шүкірбаева Д.С.
Аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы
"___" _______2008 жыл

                                    Түпқараған ауданы әкімдігінің
                                    2008 жылғы "___" __________
                                    N _____ қаулысына 1 қосымша

          2009 жылы аудан көлемінде жұмыссыздарға арнап
                әлеуметтік жұмыс орындарын құратын
                шаруашылық субъектілерінің тізбесі

N

Кәсіпорындар атауы

Жұмыстардың түрлері

Жұмыс көлемі

Жұмыс мерзімі

Еңбекақы мөлшері(ең төменгі жалақы мөлшері)

1

Баутин тұрғын-үй коммуналдық кәсіпорны

Көгалдандыру жұмыстары

Келісім-шартқа сәйкес

1 жылға дейін

13470 тенге

Көше тазалығы

Басқа жұмыстар

2

"Таушық ауылшаруашылығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестік

Көгалдандыру жұмыстары

Келісім-шартқа сәйкес

1 жылға дейін

13470 тенге

Көше тазалығы

Басқа жұмыстар

3

"Ақшұқыргаз сервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Көгалдандыру жұмыстары

Келісім-шартқа сәйкес

1 жылға дейін

13470 тенге

Көше тазалығы

Басқа жұмыстар

4

"Қарағантүбек" ЖШС

Көгалдандыру жұмыстары

Келісім-шартқа сәйкес

1 жылға дейін

13470 тенге

Көше тазалығы

Басқа жұмыстар

5

"Жайлау" ЖШС

Мал төлдету

Келісім-шартқа сәйкес

1 жылға дейін

13470 тенге

Мал қырқу