Тауарлардың импорты бойынша есепке алу әдісімен төленуге тиісті қосылған құн салығының сомасын қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда көрсету бойынша және оларды мақсатты пайдалану туралы міндеттеменің нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 627 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 8 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 5485 болып енгізілді.

Қолданыстағы

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Тауарлардың импорты бойынша есепке алу әдісімен төленуге тиісті қосылған құн салығының сомасын қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда көрсету бойынша және оларды мақсатты пайдалану туралы міндеттеменің нысаны осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.
       2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау
комитеті осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген міндеттеменің бір данасын алушы/импорттаушыдан міндеттеме алынған айдан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей қосылған құн салығын төлеуші - сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды тіркеу орны бойынша салық органдарын қамтамасыз етсін.
      3. "Өздерінің өндірістік мұқтаждары үшін әкелінген тауарлардың импорты бойынша есепке алу әдісімен төленуге тиісті қосылған құн салығының сомасын қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда көрсету бойынша, және өздерінің өндірістік мұқтаждары үшін әкелінген, олар бойынша қосылған құн салығын төлеу есепке алу әдісімен жүргізілетін тауарларды мақсатты пайдалану туралы міндеттеменің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы N 23 бұйрығының (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4051 нөмірмен тіркелген және 2006 жылғы 3 ақпанда N 18-19 (998-999)
"Юридическая газета" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті (Д.Е. Ерғожин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      5. Осы бұйрық ресми түрде бірінші рет жарияланған күні қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайда болған қарым-қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрі                                  Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрінің    
2008 жылғы 29 желтоқсандағы
N 627 бұйрығымен бекітілген

Кедендік бақылау (кеден)
департаментінің бастығына
__________________________

Тауарлардың импорты бойынша есепке алу әдісімен төленуге тиісті
қосылған құн салығының сомасын қосылған құн салығы жөніндегі
декларацияда көрсету бойынша және оларды мақсатты пайдалану
туралы міндеттеме

1-бөлім. Жалпы ақпарат

Алушы/импорттаушы ________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, немесе жеке кәсіпкердің аты-жөні)
      
Салық төлеушінің тіркеу нөмірі
 _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|
        
Салық төлеушінің сәйкестендіру (БСН/ЖСН) олар бар болғанда
 _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|

ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік сериясы
 _ _ _ _ _     _ _ _ _ _ _ _
|_|_|_|_|_| N |_|_|_|_|_|_|_| "___" ______20__ж. берілген

__________________________________________________________________
                       (салық органының атауы)
__________________________________________________________________

2-бөлім. Тауарлардың импорты бойынша есепке алу әдісімен төленуге тиісті қосылған құн салығының сомасын қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда көрсету

      Қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда қосылған құн салығының сомасын
      Жүк кеден декларациясына сәйкес есепке алу әдісімен бюджетке төленуге тиісті қосылған құн салығының сомасын

_________________________________________________________________
                         (салық кезеңі)

(________________________________________________________________
________________________________________________________) теңге,
                  (сомасы жазбаша)

N_______________________________"___" _____ 20____ж. көрсетуге
міндеттенеді.

   3-бөлім. Есепке алу әдісімен жүргізілетін тауарларды
   мақсатты пайдалану бойынша қосылған құн салығын төлеу

      Тауарлар ретінде мыналар әкелінді:
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
                       (тауарлардың атауы)

      Осыған орай көрсетілген тауарларды, яғни қаржы лизингі мен реэкспорт режимінде тауарды қайтаруға беруді қоспағанда, олардың мақсатты бағытына сәйкес өзіндік өндірістік мұқтаждықтар үшін пайдалануға міндеттенемін.
      Көрсетілген тауарлар өзге де мақсаттарда пайдаланылған жағдайда Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамаларына сәйкес кедендік ресімдеу кезінде мөлшерінде төленбеген салықтарды және оларға есептелген өсімақыны төлеуге міндеттенемін.

Басшы ________________________________________________ /________/
    (басшысының аты-жөні немесе жеке кәсіпкердің аты-жөні)(қолы)

_______________________________________________________________
    (Жеке куәліктің нөмірі, кім берген және берілген күні)

      Міндеттеме қабылданды 20___ ж. "______"___________________

      Инспектор ___________________________________ /________ /
                           (аты-жөні)                  қолы
      Күні 20____ ж."_____" _________

      Кеден органы М.О.

      Ескерту: "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабына сәйкес 2010 жылдың 1 қаңтар мерзіміне дейін қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік секілді қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлік те танылады.
      Міндеттеме импортталатын тауарларды ресімдеуді жүзеге асыратын кеден органына үш данада тапсырылады.