Бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 29 қазандағы N 170 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 15 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5406 болып енгізілді.

Қолданыстағы

      Бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметін реттеу мақсатында және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңының 45-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұсынылып отырған Бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметін жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
      2. Агенттік Басқармасының "Бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметін жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4863 тіркелген 2007 жылғы 25 маусымдағы N 175 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Сауда-саттықты ұйымдастырушылар 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін өзінің ішкі құжаттарын осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін.
      5. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің, өзін-өзі реттейтін ұйымдардың, сауда-саттықты ұйымдастырушылардың, Орталық депозитарийдің мүдделі бөлімшелеріне жіберсін.
      6. Агенттік Төрайымы қызметі (А.А. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

       Төрайым                                         Е. Бахмутова

Қазақстан Республикасы Қаржы    
нарығын және қаржы ұйымдарын    
реттеу мен қадағалау агенттігі   
Басқармасының 2008 жылғы 29 қазандағы
N 170 қаулысымен бекітілген    

Бағалы қағаздармен және басқа қаржы құралдармен
сауда-саттықты ұйымдастырушылардың қызметін
жүзеге асыру ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережеде "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі  Заңында  көрсетілген негізгі ұғымдармен қоса мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) биржадан тыс рыноктың баға белгілеу ұйымының (бұдан әрі – баға белгілеу ұйымы) ақпараттық жүйесі - пайдалану және қолдау көрсетуді биржадан тыс рыноктың баға белгілеу ұйымы жүзеге асыратын бағалы қағаздарға баға белгілеуді алмасу жүйесі;
      2) екі жақты баға белгілеу - өзіне қаржы құралын сатып алу бағасын да сату бағасын да қосатын баға белгілеу;
      3) индикативті баға белгілеу – пайда болған сауда-саттықты ұйымдастырушының мүшесіне (клиентін) осы баға белгілеу негізінде мәміле жасауға міндеттемейтін және пайда болған сауда-саттықты ұйымдастырушының мүшесі (клиентіне) осы баға белгілеу негізінде сауда-саттықты ұйымдастырушының басқа мүшесімен (клиентімен) келіссөз жасау қорытындысы бойынша осы баға белгілеуді өзгерту және осы баға белгілеу негізінде мәміле жасасудан бас тарту құқығымен мәміле жасайды деп болжалдайтын баға белгілеу;
      4) қаржы құралымен мәмілені орындау (мәміле орындау) – осы мәміле тараптарының осы мәміледен туындайтын міндеттемелерді орындау арқылы қаржы құралымен жасасқан мәміле бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру;
      5) қатаң баға белгілеу - пайда болған сауда-саттықты ұйымдастырушының мүшесіне (клиентіне) осы баға белгілеу негізінде мәміле жасау жөнінде міндеттеме қоятын баға белгілеу;
      6) қор биржасын растау жүйесі (растау жүйесі) – қор биржасына қосылуға мүмкіндік беретін тұлғаларға сауда жүйесінде осы тұлғалар атынан, осы тұлғалардың тапсырмалары бойынша, не осы тұлғалардың немесе олардың клиенттерінің мүддесіне қаржы құралдарымен жасалған немесе жасалатын мәмілелер туралы мәліметтерді алуға мүмкіндік беретін және алынған мәліметтерді өңдеу негізінде қор биржасына осындай мәмілелерге растамалар беруге (жасалған немесе жасалатын мәмілелер шарттарының олар жасалуы тиіс немесе жасалуы мүмкін шарттарға сәйкестігі туралы хабарламалар), не осындай мәмілелерді растаудан бас тартуға мүмкіндік беретін қор биржасының бағдарламалық - техникалық кешені;
      7) қор биржасының ресми тізімі (ресми тізім) – қор биржасының тізіміне енгізілетін және онда болатын қаржы құралдары немесе осы қаржы құралдарының эмитенттері листинг талаптарына сәйкес келуі тиіс қор биржасы тізімінің бөлігі;
      8) лот - бұл:
      қаржы құралымен сауда жасау бірлігі;
      осы қаржы құралы бойынша өтінім мөлшері тең немесе еселі болуға тиіс қаржы құралының саны;
      9) маркет-мейкер – қор биржасы маркет-мейкер ретінде таныған және қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес қаржы құралы бойынша баға белгілеуді жариялап отыруға және ұстап тұруға өзіне міндеттеме алған қор биржасының мүшесі;
      10) рұқсат ету бастамашысы - қаржы құралдары қор биржасының сауда жүйесінде немесе баға белгілеу ұйымының ақпараттық жүйесінде айналысқа түсуіне жол берілетін ұйымның бастамасы;
      11) сауда алаңы – қор биржасының басқа бөліктерінен сауда-саттыққа қатысушыларға және айналыстағы қаржы құралдарына қойылатын ерекше талаптарымен, сондай-ақ қаржы құралдарымен мәміле жасасу және оларды орындау шарттарымен өзгешеленетін бөлігі;
      12) сауда күні – қор биржасының барлық қаржы құралдары үшін немесе олардың жеке топтары үшін оның сауда жүйесінде қаржы құралдарымен мәміле жасалуы мүмкін күнтізбелік күн шегіндегі белгілеген кезең;
      13) сауда-саттық жүйесіндегі айналыс - қор биржасының сауда жүйесінде жасалатын сол немесе өзге қаржы құралының мәміленің мәні болу мүмкіндігі;
      14) сауда-саттыққа қатысушы - осы қор биржасының сауда жүйесін пайдалану арқылы мәміле жасасуға рұқсат берілген және ол ұйымдастырған сауда-саттыққа қатысатын қор биржасының мүшесі;
      15) сауда-саттықты ұйымдастырушы - қор биржасы және баға белгілеу ұйымы;
      16) сауда сессиясы - сауда күнінің бөлігі;
      17) төлемге қарсы жеткізілім - бір тараптың қаржы құралын немесе ақшаны жеткізу жөніндегі мәмілелері бойынша міндеттемелерін екінші тараптың қаржы құралын немесе ақшаны жеткізу жөніндегі мәмілелері бойынша қарсы міндеттемелерін орындамай жасау мүмкін еместігі кезіндегі қаржы құралдарымен мәмілелерді орындау әдісі;
      18) трейдер – осы қор биржасының сауда жүйесін пайдалану арқылы қор биржасының мүшесі атынан мәміле жасауға және өзге іс-әрекеттерді жасауға уәкілетті жеке тұлға;
      19) уәкілетті орган – қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган.

2-тарау. Сауда –саттықты ұйымдастырушының
мүшелері (клиенттері)

      2. Брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары, ал егер Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасына сәйкес қор биржасы бағалы қағаздардан өзге қаржы құралдарымен сауда-саттық ұйымдастырған жағдайда - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы қаржы құралдарымен үшінші тұлғалардың делдалдық қызметін пайдаланбай мәміле жасасуға құқығы бар өзге де қаржы ұйымдары қор биржасының мүшесі бола алады.
      Тек бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары ғана баға белгілеу ұйымының клиенттері бола алады.
      Қор биржасының мүшесі болу (баға белгілеу ұйымының клиенті болып қабылдану) шарттары мен тәртібі оның ережесімен айқындалады.
      3. Қор биржасы мүшелігінің санаттары Қор биржасының Ережесімен айналыстағы қаржы құралдарының топтарына байланысты белгіленеді.
      4. Қор биржасының мүшелері:
      1) қор биржасы өткізетін қаржы құралдарымен сауда-саттыққа оларға берілген мүшелік санаттарға сәйкес қатысады;
      2) қаржы құралдарымен ұйымдастырушы өткізетін сауда-саттыққа қатысуға және қаржы құралдарымен жасалған мәмілелерді орындау үшін қор биржасынан қажетті және жеткілікті ақпарат алады;
      3) қор биржасы органдарының және мүшелерінің жалпы жиналысының қарауына Қор биржасының сауда, есеп айырысу және ақпараттық қызмет мәселелері және Қор биржасының ішкі құжаттарында көзделген басқа мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді.
      5. Баға белгілеу ұйымының мүшелері:
      1) баға белгілеу ұйымынан баға белгілеу ұйымы жүргізіп отырған баға белгілеуді ауыстыруға қатысу үшін қажетті және жеткілікті ақпаратты алады;
      2) Баға белгілеу ұйымының органдарына қарауға ақпараттық жүйе мәселелері бойынша және баға белгілеу ұйымының ішкі құжаттарымен белгіленген басқа мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді.
      6. Сауда–саттықты ұйымдастырушының мүшелері (клиенттері) мыналарды сақтауы қажет:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасының және сауда–саттықты ұйымдастырушының мүшелері (клиенттері) қызметін реттейтін  сауда–саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарының талаптарын;
      2) сауда–саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарымен белгіленген құрамда, мөлшерде, мерзімде және тәртіп бойынша мүшелік жарналарды және алымдарды төлеу.
      7. Қор биржасының мүшелері осы Ереженің 6-тармағында көзделген талаптардан басқа мыналарды жасауы қажет:
      1) қор биржасы өткізетін қаржы құралдарымен өткізетін сауда-саттықта жасалатын мәмілелерді тек әділетті және тең құқылы сауда принциптерімен, Қор биржасының басқа мүшелерінің, бағалы қағаздар эмитенттерінің және инвесторлардың мүдделеріне нұқсан келтірмей мәміле жасасуға;
      2) олардың қор биржасы өткізген қаржы құралдарымен жасаған сауда-саттықтағы мәмілелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес өзге де міндеттемелерді уақтылы, толық және ең тиімді тәсілмен орындауы.
      8. Сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарымен өз мүшелеріне (клиенттеріне) және өзге де ықтимал мүдделі тұлғаларға беретін ақпарат көлемі және осындай ақпаратты ұсыну тәртібі анықталады.
      9. Сауда-саттықты ұйымдастырушыға мүше - брокер және (немесе) дилер сауда-саттықты ұйымдастырушыны уәкілетті орган немесе брокер және (немесе) дилер ұйымдары осы брокер және (немесе) дилерге, оның қызметкерлеріне және оның аффилиирленген тұлғаларына қатысты қабылдаған кез-келген санкциялар мен шектеулі ықпал ету шаралары туралы хабардар етеді.
      10. Қор биржасының ішкі құжаттарымен мүшелікті тоқтата тұру немесе тоқтату талаптары мен тәртібі көзделген. Баға белгілеу ұйымының ішкі құжаттарымен осы баға белгілеу ұйымының клиенттері жариялаған Баға белгілеудің ақпараттық жүйесінен уақытша немесе тұрақты алып тастау шарттары мен тәртібі көзделген.
      Осының алдында брокерге және (немесе) дилерге бағалы қағаздар рыногындағы брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияны (бұдан әрі - лицензия) уақытша тоқтату және (немесе) тоқтату барлық қор биржаларында, барлық баға белгілеу ұйымдарының олар жариялап белгілеген бағаларының ақпараттық жүйесінен уақытша немесе тұрақты алып тастаудың негіздемесі болып табылады.
      Уәкілетті орган сауда-саттықты ұйымдастырушыны лицензияның уақытша тоқтатылғандығы және тоқтатылғандығы туралы тиісті шешім қабылданған күні хабардар етеді.
      Қор биржасы лицензиясы уақытша тоқтатылған және тоқтатылған брокерді және (немесе) дилерді аталған хабарлама алынған сәттен бастап ол жүргізіп отырған қаржы құралдарымен сауда-саттыққа қатысудан шеттетеді.
      Баға белгілеу ұйымы лицензиясының қолданысы уақытша тоқтатылды немесе тоқтатылды деп хабарланған брокердің және (немесе) дилердің барлық белгіленген бағаларын ақпарат жүйесінен аталған хабарлама алынған сәттен бастап алып тастайды.
      11. Брокердің және (немесе) дилердің қор биржасына мүше болуының тоқтатыла тұруы немесе тоқтатылуы осы брокердің және (немесе) дилердің осы қор биржасы өткізетін қаржы құралдарымен сауда-саттыққа қатысудан дереу шеттетілуіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Қор биржасының ішкі құжаттарымен Қор биржасының мүшесі үшін белгіленген өзге құқықтардың тоқтатыла тұруына немесе тоқтатылуына алып келеді.
      12. Қор биржасы уәкілетті органды өзіне мүше етіп қабылдау, мүше етіп қабылдаудан бас тарту, мүше болуды тоқтата тұру, мүше болуды жаңарту және мүше болуды тоқтату бойынша барлық жағдайлар туралы осындай жағдай пайда болған жұмыс күнінен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.
      Баға белгілеу ұйымы уәкілетті органды клиенттерді ақпараттық жүйеге кіруге рұқсат беруді, клиенттерді қабылдаудан бас тартуды, осы баға белгілеу ұйымы клиентінің сауда-саттыққа қатысуын тоқтата тұруды, баға белгілеу ұйымының клиенттері жариялаған баға белгілеудің ақпараттық жүйесін уақытша немесе тұрақты алып тастау жөніндегі барлық жағдайлар туралы хабарлайды.

3-тарау. Трейдерлер

      13. Брокер және (немесе) дилер - қор биржасының мүшесі қор биржасына бар трейдерлер туралы мәліметтерді қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленген көлемде ұсынады.
      14. Қор биржасының ішкі құжаттарында трейдерлерге сауда жүйесіне рұқсат берудің шарттары, оның ішінде трейдерлерді қор биржасының сауда жүйесінде жұмыс істеуді міндетті түрде алдын ала оқыту шарты, сауда жүйесінде жұмыс істеуді міндетті түрде мерзімді қайта оқыту шарты көзделеді.
      15. Брокер және (немесе) дилер - қор биржасының мүшесі осы қор биржасына өзінің трейдерлері құрамындағы кез келген өзгерістері туралы мәліметтерді ұсынады.
      16. Қор биржасының ішкі құжаттарымен трейдерлердің осы қор биржасы өткізетін қаржы құралдарымен сауда-саттықты өткізу барысында  және сауда алдындағы және саудадан кейінгі ықтимал рәсімдерді (трейдерлердің құзыретіне жататын) орындау барысында трейдерлердің іс-қимыл нормаларын реттейтін құжатты енгізу мүмкіндігі көзделеді.
      17. Қор биржасының ішкі құжаттарында трейдерді осы қор биржасы өткізетін қаржы құралдарымен сауда-саттықтан шеттету негіздемелері көзделеді.
      18. Брокердің және (немесе) дилердің - қор биржасы мүшесінің барлық трейдерлері қор биржасы өткізетін қаржы құралдарымен сауда-саттыққа қатысудан шеттетілуі осы сауда-саттыққа қатысудан брокердің және (немесе) дилердің өзінің дереу шеттетілуіне душар етеді.

4-тарау. Сауда-саттықты ұйымдастырушының тізіміне
енгізілген бағалы қағаздар мен өзге қаржы құралдары

      19. Қор биржасының сауда жүйесінде мынадай бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдары айналыста жүр:
      1) шығарылымы Қазақстан Республикасының заңнамасында  белгіленген тәртіппен уәкілетті орган тіркеген Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары;
      2) шығарылымы Қазақстан Республикасының заңнамасында  белгіленген тәртіппен уәкілетті орган тіркеген немесе Қазақстан Республикасының ұйымдасқан бағалы қағаздар рыногында айналысқа жіберілген Қазақстан Республикасының резидент емес ұйымдарының мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары;
      3) шығарылымы шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркеген, және Қазақстан Республикасының ұйымдасқан бағалы қағаздар рыногында айналысқа жіберілген Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары;
      4) шығарылымын уәкілетті орган тіркеген немесе Қазақстан Республикасының ұйымдасқан бағалы қағаздар рыногында айналысқа жіберілген халықаралық қаржы ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары;
      5) Қазақстан Республикасы ұйымдарының борыштық міндеттемелері (вексельдер);
      6) Қазақстан Республикасының жергілікті атқару органдарының облигацияларын қосқандағы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздары;
      7) шетелдік мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар;
      8) Қазақстан Республикасының ұйымдасқан бағалы қағаздар рыногында айналысқа жіберілген туынды бағалы қағаздар және өзге де қаржы құралдары.
      20. Баға белгілеу ұйымының ақпараттық жүйесі баға белгілеу ұйымдарының тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа енгізілген бағалы қағаздарға баға белгілеумен алмасуға қолдау жасайды.
      21. Қор биржасының тізіміне енгізілген бағалы қағаздар басқа қор биржасының не Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін басқа баға белгілеу ұйымының айналысына жіберілмейді.
      22. Сауда-саттықты ұйымдастырушының тізімі, оның ішінде және Қор биржасының ресми тізімі сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарына сәйкес жеке секторларға, санаттарға және шағын санаттарға  бөлінеді.
      23. Қаржы құралы сауда-саттықты ұйымдастырушының белгілеген талаптарына сәйкес келген жағдайда ол осы сауда-саттықты ұйымдастырушының тізіміне (қор биржасының ресми тізімі) енгізіледі.
      Сауда-саттықты ұйымдастырушының тізімі сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарына сәйкес жасалады және бекітіледі.
      24. Бағалы қағаздар делистингі туралы мәселені аталған мәселені қарау құзыретіне кіретін қор биржасының органы мына жағдайларда қарайды:
      1) эмитент өз қызметін тоқтататындығы туралы (қайта ұйымдастыру немесе тарату) хабарлады немесе тарату процесінде болып отыр;
      2) шығарылым бастамашысының ұсынысы бойынша қор биржасының ресми тізімінен бағалы қағаздарды алып тастау. Қор биржасының ресми тізімінен бағалы қағаздарды алып тастау инвесторлардың мүдделерінің қомақты түрде бұзылуына алып келуі мүмкін болған жағдайда бағалы қағаздар делистингі туралы мәселені қарау құзыретіне кіретін қор биржасының органы бағалы қағаздар делистингі туралы өтініштер қаралған сәттен бастап алты айға дейінгі мерзім ішінде қор биржасының  сауда жүйесінде бағалы қағаздардың міндетті айналыс мерзімін белгілейді;
      3) бағалы қағаздардың және (немесе) бағалы қағаздар эмитенттерінің қор биржасына айналысқа жіберуге рұқсат беру үшін, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттары бойынша белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
      4) эмитент Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарын бағалы қағаздарды шығару және айналысқа жіберу бөлігі бойынша, сондай-ақ бағалы қағаздар ұстаушылар алдындағы міндеттемелерін орындау талаптарын бұзған жағдайда;
      5) эмитенттің қаржылық көрсеткіштері нашарлағанда;
      6) эмитент ұсынған қаржылық есеп беру мен аудитор ұсынған қаржылық есеп беру арасындағы қомақты алшақтықтар анықталса;
      7) қор биржасына  бағалы қағаздарға рұқсат беру бастамашысының шынайы емес, нақты емес немесе толық емес мәліметтерді ұсыну фактілерін анықтау;
      8) рұқсат беру бастамашысының ақпаратты ашу жөніндегі талаптарын жүйелі түрде (қатарынан жиырма күнтізбелік ай ішінде үш және одан көп) сақталмаса, ашылуы осы ереженің және қор биржасының ішкі құжаттарының талаптарымен көзделген ақпаратты ұсыну мерзімдері бұзылса;
      9) листингтік алымдарды төлемеу, уақтылы төлемеу немесе толық төлемеу.
      25. Басқа жағдайлар сияқты, қор биржасының ішкі құжаттарында бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді заңсыз деп тану олардың делистингіне негіздеме болып табылады.
      Уәкілетті орган сауда-саттықты ұйымдастырушыны тиісті шешім  қабылданған күні бағалы қағаздарды айналысқа жіберу және (немесе) орналастыруды тоқтата тұру туралы хабардар етеді.
      Қор биржасы заңды күшіне енген сот шешімі негізінде шығарылымын мемлекеттік тіркеу заңсыз деп танылған бағалы қағаздарды өз тізімінен алып тастайды
      Баға белгілеу ұйымы заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жарамсыз деп танылған бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге баға белгілеуді ауыстырудың ақпараттық жүйесіне қолдау жасауды тоқтатады.
      26. Сауда-саттықты ұйымдастырушы уәкілетті органды қаржы құралдарын сауда-саттықты ұйымдастырушының, бағалы қағаздар делистингінің тізіміне енгізудің барлық жағдайы туралы осындай жағдай пайда болған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.

5-тарау. Қор биржасының сауда жүйесі және баға
белгілеу ұйымының ақпараттық жүйесі

      27. Қор биржасы (баға белгілеу ұйымы) өз қызметінде іркіліссіздікті, үздіксіздікті қамтамасыз ету мақсатында екіден кем емес сауда жүйесі болуы тиіс, оның біреуі негізгі, ал басқалары - резервтік ретінде, не резервтік компоненттері дереу белсенділікке дайын күйін сақтайтын бір ғана сауда (ақпараттық) жүйесін иеленеді.
      Қор биржасы (баға белгілеу ұйымы) бірнеше сауда (ақпараттық) жүйелерін пайдаланған жағдайда қор биржасының ішкі құжаттарында негізгі және резервтік сауда жүйелері, сондай-ақ резервтегі сауда жүйелерін дереу белсенділікке дайын күйінде ұстау және оларды пайдалану тәртібін анықтайды.
      Қор биржасы жалғыз сауда (ақпараттық) жүйемен қор биржасының (баға белгілеу ұйымының) ішкі құжаттарын пайдалану кезінде резервтегі сауда (ақпараттық) жүйелерін дереу белсенділікке дайын күйінде ұстау және оларды пайдалану тәртібін анықтайды.
      28. Қор биржасы (баға белгілеу ұйымы) өзінің сауда жүйесін жұмыс жағдайында сақтау үшін мүмкіндігінше бар күшін салады және сауда-саттыққа қатысушыларын және өзінің өзге мүшелерін кез келген тәсілмен оның жұмысындағы іркілістер мен осындай іркілістерді жою жөніндегі шаралар туралы дереу хабарлайды.
      29. Қор биржасының сауда жүйесінің жеке алаңдарға бөлінуі оның ішкі құжаттарымен белгіленеді.

6-тарау. Сауда-саттықты ұйымдастырушының
резервтік орталығы

      30. Қор биржасында (баға белгілеу ұйымында) резервтік техникалық орталық болуы тиіс, ол дереу белсенділікке тұрақты дайын болуға тиіс. Резервтік техникалық орталық мынадай талаптарға сай келуі тиіс:
      1) сауда жүйесінің (ақпарат жүйесінің) барабар көшірмесі және Қор биржасының негізгі сауда жүйесінің (ақпарат жүйесінің) тұрған жерінде болатын резервтік сауда жүйесімен (баға белгілеу ұйымымен) барабар резервтік сауда жүйелерінің көшірмелері болуы тиіс;
      2) Қор биржасының резервтік техникалық орталығы оның негізгі  сауда жүйесінің орналасқан жерінен 25 километрден кем емес қашықтықта орналасуы тиіс;
      3) қор биржасының (баға белгілеу ұйымының) резервтік техникалық орталығының оның орналасқан жерінде сауда-саттықты өткізуге қажетті барлық коммуникациялармен қамтамасыз етілуі тиіс;
      4) күтпеген жағдай пайда болғанда және негізгі сауда (ақпарат) жүйесі орналасқан жерде сауда-саттықты (баға белгілеуді алмасу) жүргізуге мүмкіндік болмаған жағдайда негізгі сауда (ақпарат) жүйесінің орналасқан жері бойынша сауда-саттық (баға белгілеуді алмасу) тоқтатылған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей сауда-саттықты (баға белгілеуді алмасуды) жүргізу мүмкіндігі қарастырылады.

7-тарау. Сауда-саттық жүргізу және қаржы
құралдарымен мәмілелер жасасу

      31. Қор биржасы қаржы құралдармен өткізетін сауда-саттыққа өздерінің тағайындалған мүше болу санаттарына (мүше болудың әртүрлі санаттары болған жағдайда) сәйкес осы Қор биржасының мүшелері - брокелер және (немесе) дилерлер трейдерлері қатысады.
      Өзге тұлғалар (қор биржасының ішкі құжаттарымен сауда-саттықта сауда жүйесінің басқарушысы немесе бақылаушы ретінде қатысуға/ішінде болуға уәкілетті қызметкерлерінен басқа) қаржы құралдарымен қор биржасы өткізетін сауда-саттыққа осы қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленген тәртіпке сәйкес тек байқаушы ретінде ғана қатысуға құқылы. Осы тұлғалар тікелей немесе жанама түрде сауда процесіне араласпайды.
      32. Сауда күнінің және жекелеген сауда сессияларының (ондайлар болған жағдайда) басталу және аяқталу уақыты, сондай-ақ сауда жүйесінің (ондайлар болған жағдайда) жұмысындағы технологиялық үзілістердің басталу және аяқталу уақыты қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленеді.
      33. Қаржы құралдармен сауда-саттықты өткізу әдістері қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленеді және олардың алаңдары бойынша түрлендіріледі.
      Қаржы құралдармен іркіліссіз, үздіксіз сауда-саттықты қамтамасыз ету мақсатында қор биржасында әрбір жеке алаңға арналған сауда-саттықты өткізудің бірнеше әдісі болуы тиіс, олардың біреуі - негізгі, ал қалғандары - резервтік ретінде пайдаланылады.
      Бір алаң шегінде сауда-саттық өткізудің бірнеше әдістері пайдаланылған жағдайда қор биржасының ішкі құжаттарымен сауда-саттық өткізудің негізгі және резервтік әдістері, сондай-ақ сауда-саттық өткізудің резервтік әдістерін пайдалану тәртібі анықталады.
      34. Қаржы құралдармен қор биржасы өткізетін сауда-саттықта мәміле жасасуды оның қатысушылары осы Қор биржасының белгілі қаржы құралына қатысты немесе белгілі алаңда пайдалануға рұқсат етілген баға белгілеу тәсілдері көрсетілуі тиіс ішкі құжаттармен белгіленген тәртіпте іске асырады.
      35. Уәкілетті орган "Standard & Poor's" рейтинг агенттігінің рейтингтік бағасынан басқа сондай-ақ "Moody's Investors Service" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің немесе олардың еншілес рейтинг ұйымдарының (бұдан әрі – басқа рейтинг агенттіктері) рейтингтік бағаларын таниды.
      36. "Репо" операциялары Қор биржасының сауда жүйесінде мынадай тәсілдермен жүзеге асырылады:
      1) сауда-саттыққа қатысушылардың алдын-ала келісімі бойынша жүргізілетін "тікелей" тәсілмен;
      2) үзіліссіз қарсы аукциондар тәсілі арқылы  жүргізілетін "автоматты" тәсілмен.
      37. Қор биржасының сауда жүйесінде "автоматты" тәсілмен жүзеге асырылатын "Репо" операциялары былайша жасалады:
      1) Қ аза қ стан Республикасыны ң жергілікті ат қ ару органдарыны ң облигацияларын қ ос қ анда ғ ы, Қ аза қ стан Республикасыны ң мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздары бойынша;
      2) қ ор биржасыны ң ресми тізіміндегі "акциялар" секторының бірінші санатына енгізілген акциялар бойынша;
      3) "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша  " В- "-дан төмен емес рейтинг бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктері бірінің осыған ұқсас деңгейінің рейтинг бағасы немесе "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "kzВ-" кем емес рейтинг бағасы бар борыштық бағалы қағаздар бойынша;
      4) қ ор биржасыны ң ресми тізіміндегі "бірінші санатты рейтинг бағасынсыз борыштық бағалы қағаздар" санатына енгізілген борыштық бағалы қағаздар бойынша.
      Бағалы қағаздардың Қор биржасының сауда жүйесінде жүзеге асырылатын "репо" операцияларының мәні болып табылатын тізбесі қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленеді.
      38. Қор биржасының сауда жүйесінде брокер ж ә не (немесе) дилер жүзеге асыратын "репо" операцияларының мәні болып табылатын бағалы қағаздар құны Қор биржасының Қаржы құралдарына баға беру әдістемесіне сәйкес белгіленген осы бағалы қағаздардың рыноктық құнын негізге алып, анықталады.
      39. Қор биржасының сауда жүйесінде жүзеге асырылатын "репо" операциялары "репо" операцияларының бастапқы мерзімін ұзарта отырып, тоқсан күнтізбелік күннен аспайтын мерзімнен аспайтын мерзімде жасалады.
      Қор биржасының сауда жүйесінде "автоматты" тәсілмен жүзеге асырылатын "репо" операцияларының мерзімі "репо" операцияларының мәні бойынша бағаны дисконттаудың өзгеріссіз шегі кезінде "репо" операцияларының бастапқы мерзімін ұзарта отырып, отыз күнтізбелік күннен аспауы тиіс.
      40. Қор биржасының ішкі құжаттарында "репо" операцияларын жүргізу талаптары мен тәртібі, оның ішінде  "репо" операцияларының мәні болып табылатын бағалы қағаздар құнын дисконттау, сондай-ақ қарсы агенттердің "репо" операциялары бойынша міндеттемелерін орындау тәртібінің талаптары қарастырылады.
      41. Қ аржы құ ралдарымен м ә міле қ ор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленген тәртіпке сәйкес сауда жүйесінде тіркелгеннен кейін жасалған болып есептеледі.
      42. Сауда-сатты ққ а қ атысушылармен жасал ғ ан қ аржы құ ралдарымен мәмілені ресімдеу тә ртібі қ ор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленеді.

8-тарау. Маркет-мейкерлер қызметі

      43. Әрбір жеке қаржы құралы бойынша маркет-мейкер мәртебесі қор биржасының мүшесі - бірнеше брокерге және (немесе) дилерге беріледі.
      Брокерге және (немесе) дилерге - қор биржасының мүшесіне маркет-мейкер мәртебесін беру тәртібі осы қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленеді, олар өзге болуы мүмкін талаптардан басқа осындай мәртебе алуға үміткерге қойылатын мынадай талаптарды қамтиды:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес маркет-мейкерлерге қойылатын барлық талаптарды орындауды (маркет-мейкерге жүктелген барлық функцияларды орындау) қадағалау жөніндегі міндеттемені отыз сауда-саттық күні ішінде ұсыну;
      2) үміткер маркет-мейкер қызметін орындауға ықылас білдірген  қаржы құралын көрсету;
      3) үміткер маркет-мейкердің қызметін орындауға ықылас білдірген  қаржы құралдарымен мәміле жасаудың күнделікті көлемінің барынша жоғары лимитін анықтау (бұдан әрі "мәмілелер лимиті" деп аталатын);
      4) үміткер маркет-мейкер қызметін орындауға ықылас білдірген күн.
      44. Маркет-мейкерлер мынадай талаптарды сақтайды:
      1) тұрақты түрде (әрбір сауда сессиясының басынан бастап) оларға маркет-мейкер мәртебесі тағайындалған қаржы құралдары бойынша екі жақты қатаң (сауда күні ішінде мәміле лимиті біткенге дейін) және екі жақты индикативті (мәміле лимиті біткен соң сауда күні аяқталғанша) баға белгілеуді жариялайды және ұстап тұрады. Аталған баға белгілеуді жариялау және ұстап тұру маркет-мейкерлердің өз есебінен де, сондай-ақ олардың клиенттерінің есебінен де (клиенттердің тапсырмаларына сәйкес) жүргізілуі мүмкін. Аталған баға белгілеу - қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленген баға шегінен асатындай болып, осы қаржы құралдарымен сауда жүйесінде бұрын жасалған мәмілелердің бағаларынан өзгешелене алмайды;
      2) қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленген шектен аспайтын маркет-мейкер мәртебесін тағайындаған қаржы құралдарын сатып алу және сату бағасының арасындағы Қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленген мөлшерінен аспайтын маркет-мейкер спрэдтерін (өзгешеліктерін) қамтамасыз етеді;
      3) қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленген өзге де талаптарды сақтайды.
      45. Маркет-мейкер мәртебесі берілген қаржы құралдары бойынша екі жақты қатаң баға белгілеуге маркет-мейкердің қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленген тәртіппен сауда сессиясының кез келген сәтінде өзгеріс енгізуіне жол беріледі.
      46. Маркет-мейкердің мәртебесін тағайындау қор биржасының мүшесі - брокерге және (немесе) дилерге ол қатысуға құқылы сауда-саттықтағы өзге қаржы құралдарына (оған маркет-мейкер мәртебесін берген қаржы құралдарынан басқа) қатысты қандай да бір шектеулер қоймайды.
      47. Брокер және (немесе) дилер - қор биржасының мүшесі маркет-мейкер мәртебесінен уақытша немесе тұрақты бас тартуы мүмкін, бірақ ол осы қаржы құралы бойынша маркет-мейкер қызметін атқарған отыз сауда күнінен бұрын болмауы керек. Осындай брокердің және (дилердің) - қор биржасы мүшесінің тиісті хабарламасын ұйғарылған күнге дейінгі он сауда күнінен кешіктірмей ұсынылады.
      Осындай брокерге және (немесе) дилерге - қор биржасының мүшесіне осы қаржы құралы бойынша маркет-мейкер мәртебесін қайталап тағайындау - ол осы үлгідегі қаржы құралы бойынша маркет-мейкердің қызметін орындауын тоқтатқан күннен бастап он сауда күні өткен соң ғана жүзеге асырылады.
      48. Брокер және (немесе) дилер - қор биржасының мүшесі маркет-мейкердің қызметін бастаған немесе тоқтатқан күнге дейінгі бес сауда күнінен кешіктірмей, қор биржасы бұл туралы уәкілетті органды және осы қор биржасының мүшелері басқа брокерлерді және (немесе) дилерлерді хабардар етеді.
      49. Сауда сессиясы кезінде сауда-саттыққа қатысушының өзі пайдаланатын сауда жүйесінің немесе сауда жүйесі терминалының жұмысында іркіліс болған жағдайда осы сауда-саттыққа қатысушы бұл туралы сауда жүйесінің басқарушысын кез келген мүмкін тәсілмен хабардар етсе ғана ол жариялаған қатаң баға белгілеуден туындайтын қаржы құралдарымен мәміле жасау жөніндегі міндеттемелерін орындаудан босатылады.
      Сауда-саттыққа қатысушының жоғарыда аталған міндеттемелерден босатылатын сәті сауда жүйесі басқарушысының басқа сауда-саттыққа қатысушыларға тиісті хабарландыру жасаған сәті болып табылады.
      Сауда-саттыққа қатысушы сауда жүйесінің (осы сауда-саттықта қатысушы пайдаланған сауда жүйесі терминалының) жұмысындағы іркілістің салдарынан жоғарыда аталған міндеттемелерден босату қажеттілігі туралы хабарлама алғаннан кейін сауда жүйесінің басқарушысы одан осы сауда-саттыққа қатысушының барлық қатаң баға белгілеулерін жояды.

9-тарау. Қор биржасының бағалы қағаздармен сауда-саттықты
тоқтата тұру талаптары мен тәртібі

      50. Қор биржасы уәкілетті органды тиісті оқиға пайда болған күн аяқталғанға дейін мынадай жағдайларда хабардар етеді:
      1) қор биржасының ресми тізіміндегі "акциялар" секторының бірінші немесе екінші санатына енгізілген эмитент акциясының бағасына бір сауда күні ішінде он бес және одан артық пайызбен өзгерістер;
      2) бір сауда күні ішінде қор биржасы индексінің деңгейіне бес және одан артық пайызбен өзгерістер;
      3) қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленген өзге жағдайларда.
      Қор биржасының осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында көрсетілген оқиғаларды қамтыған қор рыногындағы жағдайды талдаған хабарламасы жазбаша түрде ресімделеді, қор биржасының жіберілетін құжаттама журналдарында тіркеледі және уәкілетті органның жауапты қызметкеріне электронды почтамен және (немесе) факсимилді хабарламамен, осы хабарламаны алғандығын міндетті түрде растайтындай етіп, жіберіледі.
      51. Қор биржасының ішкі құжаттарымен бағалы қағаздармен сауда-саттықты тоқтата тұрудың, сондай-ақ оны кейіннен қайта бастаудың жағдайлары мен тәртібі белгіленеді. Өзге мүмкін жағдайлардан басқа қор биржасының ішкі құжаттары мыналарды тоқтата тұруды көздейді:
      1) егер кез келген уақыт сәтінде қатарынан екі сауда күні ішінде қор биржасы индексінің деңгейі бірінші сауда күнінің алдындағы сауда күнінің жабылу сәтінде қалыптасқан индекс көрсеткішімен салыстырғанда он бес және одан артық пайызға төмендегені белгіленген жағдайдағы қор биржасының ресми тізіміндегі "акциялар" секторына енгізілген эмитенттер акцияларымен сауда-саттық;
      2) сауда күні ішінде бағасы осының алдындағы сауда күнінің жабылу сәтінде қалыптасқан осы акциялардың бағасымен салыстырғанда кез келген уақыт сәтінде отыз және одан артық пайызға төмендеген қор биржасының ресми тізіміндегі "акциялар" секторының бірінші санатына енгізілген акциялармен сауда-саттық;
      3) өзге бағалы қағаздармен сауда-саттық, бағалар немесе сауда-саттыққа қатысушылар жариялаған осының алдында тіркелген мәндерден бас тартқан баға белгілеу және қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленген белгілі шекке қол жеткізу.
      Қор биржасы осы тармақтың 1) 3) тармақшаларында көрсетілген негіздемелер пайда болған кезде сауда-саттықты тоқтата тұрады және уәкілетті органның жауапты қызметкеріне электронды почтамен және (немесе) факсимилді хабарламамен, осы  хабарламаны алғандығын міндетті түрде растайтындай етіп, сауда-саттық уақытша тоқтатылғаннан кейінгі бір сағат ішінде жазбаша хабардар етеді.
      Сауда-саттық қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленген тәртіппен, егер уәкілетті орган қор биржасымен кеңес өткізгеннен кейін уәкілетті орган бағалы қағаздармен сауда-саттықты тоқтата тұру мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдамаған болса, келесі сауда күні ішінде қайта жалғастырылады.

10-тарау. Қаржы құралдарымен жасалған
мәмілелерді растау

      52. Қор биржасының жұмыс жүйесі тәртібін растау оның ішкі құжаттарымен белгіленеді.
      53. Бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметті жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы және инвестициялық қорларына қызмет көрсететін ұйымдар қор биржасын растаушы жүйеге қосылады.
      54. Қор биржасының растау жүйесіне қосылған тұлғаның тапсырмасы бойынша қаржы құралдарымен жасалған және осындай тұлғамен расталмаған (осындай тұлғаның оны растаудан бас тартқан не қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленген мерзімде түспеген) мәмілені қор биржасы орындауға бермейді.

11-тарау. Қаржы құралдарымен жасалған
мәмілелерді орындау

      55. Қор биржасының сауда жүйесінде қаржы құралдарымен жасалған мәмілелерді орындау тәртібі оның ішкі құжаттарымен анықталады, онда өзге ықтимал шарттардан басқа мынадай талаптар қамтылуы керек:
      1) қор биржасының ресми тізіміне енгізілген қаржы құралдарымен жасалған мәміленің орындалуы Қазақстан Республикасының заңнамасымен және орталық депозитарийдің жиынтық ережесімен белгіленген тәртіпте орталық депозитарий есептілік жүйесі бойынша жүзеге асырылады;
      2) қор биржасының ресми тізіміне енгізілген қаржы құралдарымен жасалған мәмілелердің орындалуы Қор биржасының сауда жүйесінде мәміле жасалған күні жүзеге асырылады.
      56. Егер сауда-саттыққа қатысушының орталық депозитарийде шоты болмаған жағдайда оның бағалы қағаздармен жасалған мәмілелердің орындалуы осы сауда-саттыққа қатысушының орталық депозитарийдің депонентінің жеке шоты аясында қосалқы шоты бойынша жүргізіледі.
      57. Қ ор биржасыны ң сауда ж ү йесінде қ аржы құ ралдарымен жасал ғ ан м ә мілелер орындалма ғ ан (уа қ тылы немесе толы қ орындалма ғ ан) жа ғ дайда ғ ы брокерді ң ж ә не (немесе) дилерді ң міндеттемелеріні ң орындалу т ә ртібі
Қ аза қ стан Республикасыны ң за ң намасымен ж ә не Қ ор биржасыны ң ішкі
құ жаттарымен белгіленеді.
      Қор биржасының ішкі құжаттарымен төтенше жағдайларды ескеруі тиіс (дүлей күш жағдайлары), олар бойынша Қор биржасының сауда жүйесінде қаржы құралдарымен жасалған мәмілелердің орындау мерзімі осындай жағдайлар болған мерзімге ұзартылуы, сондай-ақ осындай жағдай туындаған кездегі қор биржасының және брокерлердің және (немесе) дилерлердің - оның мүшелерінің осындай жағдай пайда болған кездегі іс-қимылдарының тәртібі өсірілуі мүмкін.
      58. Сауда-саттыққа қатысушылардың арасындағы, сондай-ақ сауда-саттыққа қатысушылар мен қор биржасы арасындағы сауда жүйесінде қаржы құралдарымен мәміле жасасу және оларды орындау мәселелері бойынша дауларды шешу тәртібі Қор биржасының арбитраждық комиссиясын және оның жұмысының тәртібін көздейтін Қор биржасының ішкі құжаттарымен анықталады. Ішкі құжаттарды қабылдау (бекіту), сондай-ақ арбитраждық комиссияның дербес құрамын және санын және құрылымын анықтау Қор биржасының басқару органының құзыретіне жатады.