Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің "Консулдық іс-әрекеттерді жасағаны үшін алынатын консулдық алымдары ставкаларының мөлшерлерін бекіту туралы" 2007 жылғы 14 желтоқсандағы N 08-1-1-1/428 бұйрығына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 2008 жылғы 23 шілдедегі N 08-1-1-1/214 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 15 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5283 болып енгізілді.

Қолданыстағы

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

       БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің "Консулдық іс-әрекеттер жасағаны үшін алынатын консулдық алымдар ставкаларының мөлшерлерін бекіту туралы" 2007 жылғы 14 желтоқсандағы N 08-1-1-1/428 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 26 желтоқсанда N 5067 болып тіркелген, "Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілер бюллетенінде" 2008 жылғы ақпан айында N 2, 303-бабында жарияланған) төмендегідей толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың 2, 3, 5, 6, 7, 9, 10, 11, 12, 14, 15, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 24, 26, 27, 29, 32, 34, 36, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 49-қосымшаларына:
      Әзірбайжан Республикасында, Египет Араб Республикасында, Беларусь Республикасында, Венгрия Республикасында, Израиль Мемлекетінде, Иордания Хашимит Корольдігінде, Ауғанстан Ислам Республикасында, Иран Ислам Республикасында, Пәкістан Ислам Республикасында, Үндістан Республикасында, Канадада, Испания Корольдігінде, Қытай Халық Республикасында, Корея Республикасында, Қырғыз Республикасында, Нидерланд Корольдігінде, Сауд Арабиясы Корольдігінде, Малайзияда, Біріккен Араб Әмірліктерінде, Польша Республикасында, Сингапур Республикасында, Тәжікстан Республикасында, Түрікменстанда, Украина және Молдова Республикасында, Француз Республикасында, Чех Республикасында, Швейцария Конфедерациясында, Жапонияда, Болгария Республикасында, Ұлы Ливия Араб Социалистік Халық Жамахириясында, Грек Республикасында, Норвегия Корольдігінде, Тайланд Корольдігінде, Ливан Республикасында, Куба Республикасында консулдық іс-әрекеттер жасағаны үшін алынатын консулдық алымдар ставкаларының мөлшерлерінде:

      29-тармақтағы "5-50" деген цифрлар "10" деген цифрға ауыстырылсын;

      бұйрықтың 3-қосымшасында:
      Египет Араб Республикасында консулдық іс-әрекеттер жасағаны үшін алынатын консулдық алымдар ставкаларының мөлшерлерінде:
      тақырыптағы "Египет Араб Республикасында" деген сөздерден кейін "және Сирия Араб Республикасында" деген сөздермен толықтырылсын;

      бұйрықтың 30-қосымшасында:
      Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінде консулдық іс-әрекеттер жасағаны үшін алынатын консулдық алымдар ставкаларының мөлшерлері осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;

      бұйрықтың 35-қосымшасында:
      Өзбекстан Республикасында консулдық іс-әрекеттер жасағаны үшін алынатын консулдық алымдар ставкаларының мөлшерлерінде:
      7-тармақтағы "60" деген цифр "30" деген цифрға ауыстырылсын.

      2. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а.                                    А. СМИРНОВ

                                          Қазақстан Республикасы
                                         Сыртқы істер министрінің
                                          2008 жылғы 23 шілдедегі
                                          N 08-1-1-1/214 бұйрығына
                                                  Қосымша

                                           Қазақстан Республикасы
                                          Сыртқы істер министрінің
                                         2007 жылғы 14 желтоқсандағы
                                          N 08-1-1-1/428 бұйрығына
                                                 30-қосымша

    Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінде
    консулдық іс-әрекеттер жасағаны үшін алынатын консулдық
                алымдар ставкаларының мөлшерлері

N
р/с

Консулдық іс-әрекеттердің атауы

Консулдық алым-
дардың ставкалары
(АҚШ долларында
немесе аек-тің %)

1

Қазақстан Республикасының қызметтік паспортын ресімдеу


 

20 АҚШ доллары

2

Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресімдеу


 

50 АҚШ доллары

3

Қазақстан Республикасының азаматы паспортының қолданыс мерзімін ұзарту


 

30 АҚШ доллары

4

Қазақстан Республикасы азаматының паспортына балалардың деректерін  жазу (шығару)


 
 

  15 АҚШ доллары

5

Шетелдік дипломатиялық өкілдіктерге виза беру туралы  нотаны  жасау  және басып шығару


 
 

  15 АҚШ доллары

6

Қазақстан Республикасына келуге (кетуге) бір мәртелік виза немесе оны үш айға дейінгі мерзімге ұзарту


 
 

  30 АҚШ доллары

7

Бір мәрте келу-кету немесе кету-келу визаларына немесе оларды үш айға дейінгі мерзімге ұзарту


 
 

  60 АҚШ доллары

8

Екі мәрте келу-кету визасы немесе  кету-келу визасы немесе оларды үш айға дейінгі мерзімге ұзарту


 
 

  80 АҚШ доллары

9

Үш мәрте келу-кету визасы немесе  кету-келу визасы немесе оларды үш айға дейінгі мерзімге ұзарту


 
 

  105 АҚШ доллары

10

Көп мәртелік виза немесе оны ұзарту
мерзімі:
                      бір жылға дейін
                      екі жылға дейін


 
 

  200 АҚШ доллары
400 АҚШ доллары

11

Туристік виза:
             бір мәрте 30 күнге дейін
             екі мәрте 60 күнге дейін


 

40 АҚШ доллары
60 АҚШ доллары

12

Транзиттік виза    

20 АҚШ доллары

13

Қазақстан Республикасына қайтып
оралуға арналған куәлікті беру


 

15 АҚШ доллары

14

Шетелге жеке ісі бойынша кеткен
Қазақстан Республикасы азаматының
шетелде тұрақты тұруға қалу туралы
өтініштерін ресімдеу


 
 
 

   300 АҚШ доллары

15

Шетелге тұрақты тұруға келген
Қазақстан Республикасының азаматтарын
консулдық есепке алу:
                        есепке алу
                        есептен шығару


 
 
 

   30 АҚШ доллары
тегін

16

Қазақстан Республикасына тұрақты
тұруға келу туралы шетел азаматтары
мен азаматтығы жоқ адамдардың
өтінішін ресімдеу


 
 
 

   100 АҚШ доллары

17

Қазақстан Республикасының азаматтығына
қабылдау және қалпына келтіру туралы
өтінішті ресімдеу


 
 

  150 АҚШ доллары

18

Қазақстан Республикасының азаматтығы-
нан шығу туралы өтінішті ресімдеу


 

300 АҚШ доллары

19

Тууды, әкелікті айқындауды, ұл бала
(қыз бала) асырап алуды тіркеу және
тиісті куәліктерді беру


 
 

  20 АҚШ доллары

20

Некеге тұруды тіркеу және неке туралы куәлікті беру


 

30 АҚШ доллары

21

Некені бұзуды тіркеу және бұл туралы
куәлік беру


 

60 АҚШ доллары

22

Заңда белгіленген тәртіппен
хабар-ошарсыз кетті деп немесе жүйке
ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі
салдарынан әрекетке қабілетсіз деп
танылған адамдармен, не қылмыс
жасағаны үшін үш жылдан кем емес
мерзімге бас бостандығынан айыруға
сотталған адамдармен некені бұзуды
тіркеу


 
 
 
 
 
 
 
 

        30 АҚШ доллары

23

Некеге тұруына байланысты жағдайлардан
басқа реттерде тегін, атын, әкесінің
атын өзгерту туралы материалдарды
ресімдеу, сондай-ақ ұлтын өзгертуді
тіркеу


 
 
 
 

    50 АҚШ доллары

24

Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы
мұрағат материалдары бойынша қайталап
куәліктер беру


 
 

  40 АҚШ доллары

25

Тууы туралы, некеге тіркелгені,
некенің бұзылғаны туралы, қайтыс
болғандығы туралы жазбаларды
өзгертуге, толықтыруға, түзетуге және
қалпына келтіруге байланысты
куәліктерді беру


 
 
 
 
 

     20 АҚШ доллары

26

Некеге тіркелу мақсатында шет
елдердегі азаматтық хал актілерін
тіркеу органдарына ұсыну үшін анықтама
беру


 
 
 

   20 АҚШ доллары

27

Құжаттарды талап ету (әрбір құжат үшін)


 

30 АҚШ доллары

28

Құжаттарды заңдастыру (әрбір құжат үшін)


 

50 АҚШ доллары

29

Апостиль қою үшін құжаттарды қабылдау
және одан әрі жолдау (әрбір құжат
үшін)

50 АҚШ доллары

30

Мүлікті, оның ішінде автокөлік
құралдарын пайдалану мен иелік ету
және несие операцияларын жасау құқығына арналған сенімхаттарды
нотариалды түрде куәландыру


 
 
 
 

    100 АҚШ доллары

31

Түрлі тұлғалар мен мекемелерден банк
мекемелеріндегі пошталық аударым
бойынша ақшаны алуға, сәлемдемелерді,
салымға иелік етуге арналған
хат-хабарды және т.с алуға,
сенімхаттарды нотариалды түрде
куәландыру, сондай-ақ алдын-ала сенім
білдіру тәртібімен берілетін
сенімхаттарды куәландыру


 
 
 
 
 
 
 
 

        50 АҚШ доллары

32

Бағалауға жатпайтын бөлу шарттарын,
кепілдікті және басқа да шарттарды
нотариалды түрде куәландыру


 
 

  60 АҚШ доллары

33

Бағалауға жататын шарттарды нотариалды түрде куәландыру

шарт сомасының 1%,
бірақ 120 АҚШ
долларынан кем емес

34

Автомотокөлікті иеліктен айыру
шарттарын нотариалды түрде куәландыру


 

100 АҚШ доллары

35

Қазақстан Республикасының аумағында
орналасқан жылжымайтын мүлікті
иеліктен айыру туралы шарттардан басқа
өзге де шарттарды нотариалды түрде
куәландыру


 
 
 
 

    50 АҚШ доллары

36

Білім, жұмыс, туралы құжаттардың
көшірмелерін, азаматтық хал актілерін
жазбаларын, сондай-ақ  құжаттардың
үзінділерін (әр бетінің) және т.б.
нотариалды түрде куәландыру


 
 
 
 

    50 АҚШ доллары

37

Қойылған қолдың түпнұсқалығын
нотариалды түрде куәландыру (әрбір
құжат үшін)


 
 

  50 АҚШ доллары

38

Азаматтарға мүлік және қаржы
мәселелері бойынша олардың Қазақстан
Республикасының дипломатиялық
өкілдіктері мен консулдық мекемелерін-
де сақтаулы құжаттарынан үзінділер
мен көшірмелерді беру


 
 
 
 
 

     50 АҚШ доллары

39

Аударма жасау мен оның дұрыстығын бір
мезгілде нотариалды түрде куәландыру
(әрбір беті үшін):
              шет тілдерінен аударма
              шет тілдеріне аударма


 
 
 

   50 АҚШ доллары
50 АҚШ доллары

40

Консулдық лауазымды тұлғаның
қатысуынсыз жасалған аударманың
дұрыстығын куәландыру (әрбір бетіне)


 
 

  15 АҚШ доллары

41

Құжаттарды көшіру (әрбір бет үшін)

15 АҚШ доллары

42

Қамқоршыны тағайындау туралы актіні
жасау


 

50 АҚШ доллары

43

Қамқорлыққа алынған мүлікті басқару

мүлік сомасының 0,5%, жөніндегі
есепті бекіту бірақ
30 АҚШ долларынан
кем емес

44

Мұралық мүліктің тізбесін жасау,
сондай-ақ мұралық мүлікті қорғау
жөніндегі шараларды қабылдау

мүлік сомасының 1%,
бірақ
60 АҚШ долларынан
кем емес

45

Мүдделі адамдардың өтініштері
негізінде ұсынылған тізім бойынша
мүлікке тексеру жүргізу

мүлік сомасының 1%,
бірақ
60 АҚШ долларынан
кем емес

46

Өсиетхатты нотариалды түрде куәландыру

100 АҚШ доллары

47

Мұраға берушінің өтініші бойынша
өсиетхатқа қандай да бір өзгерістер
мен толықтырулар енгізу

100 АҚШ доллары

48

Консулдық мекемелерде өсиетхатты
сақтау


 

100 АҚШ доллары

49

Мұрагерлік құқығы туралы куәлікті
консулдық лауазымды тұлғаның беруі


 

100 АҚШ доллары

50

Көпшілікке арналған саудада тауарларды
немесе өзге де мүліктерді сату

түскен соманың 1%,
бірақ
60 АҚШ долларынан
кем емес

51

Өсиетхаттан басқа құжаттар пакетін
консулдық мекемелерде сақтау (бір
айда)


 
 

  20 АҚШ доллары

52

Мұрагерліктен басқа ақшаны, бағалы
қағаздарды және басқа да құндылықтарды
сақтау (ай сайын)


 
 

  жалпы соманың 0,2 %

53

Мүлікті немесе ақша сомаларын тиесілігі бойынша беруге 6 айға
дейінгі мерзімге депозитке қабылдау
(ай сайын)


 
 
 

   жалпы соманың 0,2 %

54

Заңды тұлғалардың мекен-жайына
дипломатиялық поштамен құжаттар жолдау


 

100 АҚШ доллары

55

Шетелден кеме сатып алған жағдайда,
оған Қазақстан Республикасының
мемлекеттік туымен жүзу құқығына
арналған куәлік беру, Қазақстан
Республикасының заңнамасымен немесе
Қазақстан Республикасы қатысушысы
болып табылатын халықаралық шарттармен
көзделген Қазақстан Республикасының
кемелеріне қатысты декларациялар мен
басқа да құжаттарды  жасау және
куәландыру


 
 
 
 
 

     60 АҚШ доллары

56

Консулдық алымдардың осы ставкаларында
айтылмаған, заңды маңызы бар түрлі
сипаттағы анықтамалар беру

30 АҚШ доллары

            Айлық есептік көрсеткіш - мрп