Қолданушылардың назарына!!!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Табиғи және ілеспе газды жағуға рұқсат беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2006 жылғы 2 ақпандағы N 43 бұйрығына (2006 жылы 7 сәуірде N 61-62 (1041-1042) "Заң газетінде" жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 4105 тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген ілеспе және табиғи газды жағуға рұқсат беру жөніндегі нұсқаулыққа:
9-тармақта "тәжірибелік-өнеркәсіптік" деген сөздерден кейін "және өнеркәсіптік" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген нұсқаулыққа 1-қосымшада:
бірінші бөлімде ", табиғи және (немесе) ілеспе газды кәдеге жарату жөніндегі бағдарламада көрсетілген технологиялық есеп негізінде нақты әр кен орындары үшін белгіленген жағудың технологиялық болмай қоймайтын көлемін қоспағанда." деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші бөлім:
"құрылады" деген сөзден кейін "ведомствоаралық" деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы сөйлемдермен толықтырылсын:
"Ведомствоаралық жұмыс тобы табиғи және (немесе) ілеспе газды кәдеге жарату жөніндегі бағдарламаны, сондай-ақ оған, технологиялық бөлігіндегі іс-шараларға, іске асыру кестесі мен мерзімі, құрамы белгіленген заңнамалық тәртіппен бекітілетін толықтырулар және өзгерістерді қарайды, бекітеді.";
бесінші абзацтағы 4) тармақша мынадай мазмұндағы сөйлемдермен толықтырылсын:
"алауда жағылатын газдың нақты есебін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларын енгізу".
2. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткенде қолданысқа енгізіледі.
Министрдің
міндетін атқарушы Б. Ақшолақов
Келісілген: Келісілген:
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы төтенше
Қоршаған ортаны қорғау жағдайлар жөніндегі министрінің
министрі міндетін атқарушы
_________Н. Ысқақов _________________А. Сабдалин
2008 жыл 4 тамыз 2008 жыл 1 тамыз