Қор биржасында айналымына жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына талаптары, және де қор биржасы тізімінің бөлек санаттары туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 26 мамырдағы N 77 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 30 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5251 болып енгізілді.

Жаңартылған

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 29-тармақтан қараңыз.

      "Бағалы қағаздар рыногы" туралы 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 89-бабының 1-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар рыногын одан әрі дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулы мақсаты үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) арнайы қаржы компаниясы – секьюритилендірудің бір немесе бірнеше мәмілесін жүзеге асыру, сондай-ақ бөлінген активтер бойынша уақытша бос түсімдерді инвестициялау үшін "Секьюритилендіру туралы" 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылып отырған заңды тұлға;
      2) арнайы кәсіпорын (Special purpose vehicle) – шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған, қызметінің жалғыз түрі өзінің жеке құрылтайшысының (қатысушысы, акционері) – осы немесе басқа мемлекеттің заңды тұлғасының кепілдігіне, оның ішінде борыштық бағалы қағаздар шығару және орналастыру жолымен қаржы тарту болып табылатын заңды тұлға;
      3) борыштық бағалы қағаз – шығарылым шарттарымен белгіленген мөлшер мен мерзімде оның иесінің эмитенттен алатын негізгі борыш сомасы құқығын растайтын бағалы қағаз;
      4) жергілікті атқару органдарының облигациялары – республика дәрежесіндегі қаланың, астананың жергілікті атқару органдары шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;
      5) индекстік қор – активтері осы инвестициялық қор үшін базалық болып табылатын белгілі бір қор индексінің өкілдік тізіміне кіретін ұқсас қаржы құралдарынан тұратын инвестициялық қор;
      6) индекстің өкілдік тізімі – параметрлері қор биржасының сол не басқа индикаторларын есептеу мақсатында пайдаланылатын бағалы қағаздар тізімі;
      6-1) исламдық бағалы қағаздар – исламдық жалға алу сертификаттары мен исламдық қатысу сертификаттары;
      7) қаржылық емес ұйым - қаржылық ұйым болып табылмайтын ұйым ("Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалғандай);
      8) қор биржасының ресми тізімі (ресми тізім) – қор биржасының енгізілуі және болуы белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиісті бағалы қағаздар мен бағалы қағаздар эмитенттерінің тізімі;
      9) листингтік компания – бағалы қағаздары ресми тізімге енгізілген заңды тұлға;
      10) маркет-майкер – қор биржасы маркет-майкер ретінде таныған және қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес бағалы қағаздар бойынша баға белгілеуді тұрақты хабарлап отыру және қолдау көрсету жөнінде өзіне міндеттеме қабылдаған қор биржасының мүшесі;
      11) ресми тізім секторы – белгіленген талаптарға сәйкес келетін эмиссиялық бағалы қағаздар енгізілген қор биржасының ресми тізімінің бөлігі;
      12) рұқсат беру бастамашысы – бастамасымен бағалы қағаздар қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне енгізілетін (рұқсат берілетін) эмитент не қор биржасының мүшесі;
      13) сауда алаңы – ресми тізімге енгізілген (қор биржасында айналымға жіберілген) қаржы құралдарының жекелеген түрлерімен мәмілелер жасалатын қор биржасының бағдарламалық-техникалық кешенінің бөлігі;
      14) үлестік бағалы қағаз – Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда мүліктің белгілі бір үлесіне оның иесінің құқығын растайтын бағалы қағаз;
      15) эмитенттің міндеттемелерін қайта құрылымдау – эмитенттің «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңында белгіленген тәртіпте бекітілген қайта құрылымдау жоспары және «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңында белгіленген тәртіпте бекітілген оңалту жоспары негізінде іске асыратын әкімшілік, заңдық, қаржылық, ұйымдастырушы-техникалық және басқа да іс-шаралары мен рәсімдерінің кешені.
       Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.07.07. N 136, өзгерту енгізілді - 2010.03.29 N 40 Қаулыларымен.
      1-1. Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне енгізілетін (кіретін) эмитенттердің қаржылық есептілігіне аудитті жүргізетін аудиторлық ұйымдар Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына қаржы құралдарын кіргізу үшін, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі мемлекеттік уәкілетті орган бекіткен біліктілік талаптарына сәйкес келеді.
      Ескерту. 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.12.29. N 243, өзгерту енгізілді - 2010.03.29 N 40 Қаулыларымен.

      2. Қор биржасының ресми тізіміне Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған бағалы қағаздар, соның ішінде базалық активі Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған мемлекеттік емес бағалы қағаздар болып табылатын туынды бағалы қағаздар енгізіледі (рұқсат беріледі).
      Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногы айналысына шетел мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес шығарылған мемлекеттік емес бағалы қағаздарына және қор биржасының ресми тізіміне енгізілген (рұқсат берілген) халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына рұқсат беріледі.
      Қор биржасының ресми тізімі келесі секторлардан тұрады:
      1) акциялар;
      2) борыштық бағалы қағаздар;
      3) инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары;
      4) депозитарлық қолхаттар;
      5) халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары;
      6) мемлекеттік бағалы қағаздар;
      7) туынды бағалы қағаздар;
      8) исламдық бағалы қағаздар.
      Қор биржасының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің секторлары бөлек санаттарға және шағын санаттарға бөлінеді.
      Қор биржасының ішкі құжаттарында, осы тармақта көрсетілген ресми тізімнің секторларынан басқа, қосымша секторлардың қызмет етуі қарастырылуы мүмкін.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.03.29 N 40 Қаулыларымен.
       3. "Акциялар" секторы үш санатқа бөлінеді: бірінші (ең жоғарғы) санат, екінші (ең жоғарғы) санат және үшінші (ең жоғарғы санатынан кейінгі) санат.

      4. Эмитент акцияларын қор биржасының ресми тізімінің бірінші санаты (ең жоғарғы) бойынша "акциялар" секторына енгізу және онда қалдыру үшін аталған бағалы қағаздар мен олардың эмитенті мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:

      1) эмитентті мемлекеттік тіркеу оның акцияларын ресми тізімге енгізу туралы арыз берген күнге дейінгі үш жыл ішінде жүзеге асырылған. Қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес қайта ұйымдастыру нәтижесінде эмитентті құруды жүзеге асырып отырған ұйымның (ұйымдардың) мерзімі үшін сынақ жасалуы мүмкін.
      Егер қор биржасының ішкі құжаттарында жүз пайыздық акциялары мемлекетке немесе ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар үшін қызмет ету мерзіміне қойылатын талап кем дегенде үш жыл болған жағдайда, осы тармақтың 4) және 6) тармақшаларында белгіленген талаптар осы ұйымдардың нақты қызмет ету мерзіміне байланысты қолданылады;

      2) эмитент қаржылық есептілікті қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына (International Financial Reporting Standards) (бұдан әрі - ҚЕХС) немесе Америка Құрама Штаттарында қолданылатын стандарттарға (International Accepted Accounting Principles) (бұдан әрі - АҚШ ҚЕС) сәйкес жасайды;

      3) эмитенттің қаржылық есептілігінің аудитін қор биржасы танитын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне енетін аудиторлық ұйымдардың бірі жүзеге асырады;

      4) рұқсат беру бастамашысы мыналардан кем емес уақыттағы аудиторлық есеппен расталған эмитенттің қаржылық есептілігін ұсынады:
      егер акцияларды осы санатқа енгізу жөніндегі өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы біткен күннен бастап төрт ай өткеннен кейін берілген болса, аяқталған соңғы үш қаржы жылынан;
      егер акцияларды осы санатқа енгізу жөніндегі өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы біткен күннен бастап төрт ай ішінде берілген болса, аяқталған соңғы қаржы жылының алдындағы аяқталған жүйелі үш қаржы жылынан.
      Рұқсат беру бастамашысы соңғы берген аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп шығарылған, эмитенттің қаржылық есептілігін жасау күнінен бастап акцияларды осы санатқа енгізу туралы өтінішті беру күніне дейін алты айдан аспауы тиіс.
      Егер аудиторлық есеппен расталған аяқталған қаржы жылының қаржылық есептілігі жасалған күннен бастап акцияларды осы санатқа енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін алты айдан астам мерзім өтсе, рұқсат беру бастамашысы аралық қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепті немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есепті береді;

      5) эмитенттің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептілік күніне жасалған қаржылық есептілігіне сәйкес оның жарғылық капиталынан кем бола алмайды. Бұл ретте эмитенттің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есепті күнге жасалған қаржылық есептілікке сәйкес тиісті қаржы жылына бекітілген республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі - айлық есептік көрсеткіш) сегіз миллион бес жүз алпыс мың еселенген мөлшерінен кем емес соманы құрайды.

       Қолданушылар назарына!
      5) тармақшаның 2 абзацы 2012 жылғы 1 шілдеге дейін таралады (ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.07.07. N 136 Қаулысының 4-тармағын қараңыз).
      Акциялар қор биржасының ресми тізімінің осы санатында болғанда, эмитенттің меншікті капиталы айлық есептік көрсеткіштің сегіз миллион бес жүз алпыс мың еселі мөлшердегі баламалы сомасының жетпіс пайызына тең шамаға дейін, бірақ аудиторлық есеппен расталған, соңғы есептік күнгі қаржылық есептілікке сәйкес эмитенттің жарғылық капиталынан төмен емес төмендеуіне жол беріледі.
      Осы санаттағы акциялар сауда-саттығы ашылған күннен бастап алты ай өткен соң қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес анықталатын осы акциялар эмитентінің рыноктық капиталдандырылуы айлық есептік көрсеткіштің сегіз миллион бес жүз алпыс мың еселенген мөлшерінен кем емес соманы құрауға тиіс.
      Осы тармақшаның үшінші абзацының талаптары ресми тізімге артықшылықты акцияларды енгізу жағдайында қолданылмайды;

      6) акция эмитентінің таза табысы соңғы үш жылдың әрқайсысында эмитенттің аудиторлық есебімен расталған соңғы есепті күніне жасалған қаржылық есептілігіне сәйкес айлық есептік көрсеткіштің сексен бес мың алты жүз еселенген мөлшерінен кем емес соманы құрайды.
       Қолданушылар назарына!
      6) тармақшаның 2 абзацы 2012 жылғы 1 шілдеге дейін таралады (ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.07.07. N 136 Қаулысының 4-тармағын қараңыз).
      Акциялар қор биржасының ресми тізімінің осы санатында болғанда, жылына айлық есептік көрсеткіштің сексен бес мың алты жүз еселі мөлшерінен кем емес баламалы сомасын құрайтын, аудиторлық есеппен расталған, соңғы есептік күнгі қаржылық есептілікке сәйкес соңғы үш жылдың ең болмағанда екі жылында акциялар эмитентінің таза кірісі бар болуына жол беріледі.
      Эмитент осы тармақшаның бірінші абзацында белгіленген таза пайданың мөлшері бойынша талаптарды орындамаған жағдайда оның акциялары, егер эмитенттің операциялық қызметінен түскен қаражаттарының таза ағымы оның аудиторлық есеппен расталған қаржы есептілігіне сәйкес әрбір соңғы үш жылда оң болса, осы санатқа көрсетілген талаптар ескерілмей енгізіледі;

      7) еркін айналымдағы акциялар саны аталған акциялар саудасы ашылған күннен бастап алты ай өткен соң орналасқан осы типтің (эмитент сатып алғандарды, ауыртпалық салынғандарды және (немесе) оқшауланғандарды қоспағанда) акцияларының жалпы санының кем дегенде он пайызын, аталған акциялар саудасы ашылған күннен бастап бір жыл өткен соң - он бес пайызын және аталған акциялар саудасы ашылған күннен бастап екі жыл өткен соң жиырма бес пайызын құрайды.
      Еркін айналымдағы акциялар санына "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабына сәйкес акционерлік қоғамның аффилиирленген тұлғасы болып табылатын тұлғаларға тиесілі акциялар кірмейді.
      Акцияларының елуден астам пайызы мемлекетке немесе ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы компанияларға тиесілі ұйымдар үшін акцияларын ресми тізімге енгізу күніне еркін айналымдағы акциялар саны бойынша талап осы акциялар сауда-саттық ашылған күннен бастап алты ай өткен соң орналасқан акциялар санының кем дегенде бес пайызын, аталған акциялар сауда-саттық ашылған күннен бастап бір жыл өткен соң - он пайызын құрайды.
      Еркін айналымдағы акциялар санын есептеу осы эмитенттің жай және артықшылық берілген акциялары бойынша бөлек жүзеге асырылады;

      8) Қазақстан Республикасының резиденті акционерлік қоғамдарына қатысты - эмитент акционерлерінің жалпы жиналысымен бекітілген корпоративтік басқару кодексінің болуы.
      Қазақстан Республикасының резидент еместеріне қатысты - корпоративтік басқару кодексінің болуы немесе заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеу елі заңнамасында қарастырылған тәртіпте бекітілген мазмұны бойынша ұқсас өзге құжаттың болуы, егер заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеу елі заңнамасында оның болуы қарастырылса;

      9) акцияларды ресми тізімнің осы санатына енгізу туралы мәселені қарастырғанға дейін қор биржасы мүшелерінің біреуі аталған акциялар бойынша оған маркет-мейкер мәртебесін тағайындау туралы өтініш беруі тиіс, ал олардың осы санатта болуы кезінде маркет-мейкердің болуы міндетті болып табылады;

      10) эмитенттің құрылтай құжаттарында және/немесе бағалы қағаздарды шығару проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (тапсыру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалардың болмауы.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.12.29 N 243, 2009.02.27. N 26, 2009.07.07. N 136 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), 2009.12.29. N 262 Қаулыларымен.

      5. Эмитент акцияларын қор биржасының ресми тізімінің екінші (ең жоғарғы) санаты бойынша "акциялар" секторына енгізу және оларды онда қалдыру үшін аталған бағалы қағаздар мен олардың эмитенті келесі талаптарға сәйкес келуі тиіс:

      1) эмитентті мемлекеттік тіркеуі оның акцияларын ресми тізімге енгізу туралы өтініш беру күнінен кем дегенде екі жыл бұрын жүзеге асырылған. Қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес қайта ұйымдастыру нәтижесінде эмитент құрылған ұйымның (ұйымдардың) бар болу мерзімі есепке алынуы мүмкін.
      Егер қор биржасының ішкі құжаттарында акцияларының жүз пайызы мемлекетке немесе ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар үшін бар болу мерзіміне екі жылдан кем талап қойылса, онда осы тармақтың 4) және 6) тармақшаларында белгіленген талаптар осы ұйымдардың нақты бар болу мерзіміне байланысты қолданылады;

      2) эмитент қаржылық есептілігін ҚЕХС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес әзірлейді;

      3) эмитенттің қаржылық есептілігінің аудитін қор биржасымен танылатын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне енген аудиторлық ұйымдардың бірімен жүзеге асырылады;

      4) рұқсат беру бастамашысы мыналардан кем емес уақыттағы аудиторлық есеппен расталған эмитенттің қаржылық есептілігін ұсынады:
      егер акцияларды осы санатқа енгізу жөніндегі өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы біткен күннен бастап төрт ай өткеннен кейін берілген болса, аяқталған соңғы екі қаржы жылынан;
      егер акцияларды осы санатқа енгізу жөніндегі өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы біткен күннен бастап төрт ай ішінде берілген болса, аяқталған соңғы қаржы жылының алдындағы аяқталған жүйелі екі қаржы жылынан.
      Рұқсат беру бастамашысы соңғы берген аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп шығарылған, эмитенттің қаржылық есептілігін жасау күнінен бастап акцияларды осы санатқа енгізу туралы өтінішті беру күніне дейін алты айдан аспауы тиіс.
      Егер аудиторлық есеппен расталған аяқталған қаржы жылының қаржылық есептілігі жасалған күннен бастап акцияларды осы санатқа енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін алты айдан астам мерзім өтсе, рұқсат беру бастамашысы аралық қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепті немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есепті береді;

      5) эмитенттің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептілік күніне жасалған қаржылық есептілігіне сәйкес оның жарғылық капиталынан кем бола алмайды. Бұл ретте эмитенттің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есепті күніне жасалған қаржылық есептілігіне сәйкес айлық есептік көрсеткіштің жүз жетпіс бір мың еселенген мөлшерінен кем емес соманы құрайды.
       Қолданушылар назарына!
      5) тармақшаның 2 абзацы 2012 жылғы 1 шілдеге дейін таралады (ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.07.07. N 136 Қаулысының 4-тармағын қараңыз).
      Акциялар осы санатта болғанда, эмитенттің меншікті капиталы айлық есептік көрсеткіштің бір жүз жетпіс бір мың еселі мөлшердегі баламалы сомасының жетпіс пайызына тең шамаға дейін, бірақ аудиторлық есеппен расталған, соңғы есептік күнгі қаржылық есептілікке сәйкес жарғылық капиталынан төмен емес төмендеуіне жол беріледі.
      Осы санаттағы акциялар саудасы ашылған күннен бастап алты ай өткен соң қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес анықталатын осы акциялар эмитентінің нарықтық капиталдандырылуы айлық есептік көрсеткіштің сегіз миллион бес жүз алпыс мың еселенген мөлшерінен кем емес соманы құрауға тиіс.
      Осы тармақшаның үшінші абзацының талаптары ресми тізімге артықшылықты акцияларды енгізу жағдайында қолданылмайды;

      6) акциялар эмитентінің соңғы екі жылдың біреуінде аудиторлық есебімен расталған соңғы есепті күніне жасалған қаржылық есептілігіне сәйкес таза табысының болуы;

      7) еркін айналымдағы акциялар саны аталған акциялар саудасы ашылған күннен бастап алты ай өткен соң орналасқан осы типтің (эмитент сатып алғандарды, ауыртпалық салынғандарды және (немесе) оқшауланғандарды қоспағанда) акцияларының жалпы санының кем дегенде бес пайызын, аталған акциялар сауда-саттығы ашылған күннен бастап бір жыл өткен соң - он пайызын және аталған акциялар саудасы ашылған күннен бастап екі жыл өткен соң - он бес пайызын құрайды.
      Еркін айналымдағы акциялар санына "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабына сәйкес акционерлік қоғамның аффилиирленген тұлғасы болып табылатын тұлғаларға тиесілі акциялар кірмейді.
      Акцияларының елуден астам пайызы мемлекетке, ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы компанияға тиесілі ұйымдардың акцияларын ресми тізімге енгізу күніне, еркін айналымдағы акциялар саны бойынша талап осы акциялар сауда-саттығы ашылған күннен бастап алты ай өткен соң орналастырылған акциялар санының кем дегенде бес пайызын құрайды.
      Еркін айналымдағы акциялар санын есептеу осы эмитенттің жай және артықшылық берілген акциялары бойынша бөлек жүзеге асырылады;

      8) Қазақстан Республикасының резиденттері акционерлік қоғамдарға қатысты - эмитент акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы.
      Қазақстан Республикасының резидент еместеріне қатысты - корпоративтік басқару кодексінің немесе заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеу елі заңнамасында көзделген тәртіппен бекітілген мазмұны бойынша өзге ұқсас құжаттың болуы, егер оның болуы заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеу елі заңнамасында көзделген жағдайда;

      9) ресми тізімнің осы санатына акцияларды енгізу туралы мәселені қарастырғанға дейін қор биржасы мүшелерінің бірі оған осы акциялар бойынша маркет-мейкер мәртебесін беру туралы өтініш беруі тиіс, ал олардың осы санатта болған уақытында олар бойынша маркет-мейкердің бар болуы міндетті;

      10) эмитенттің құрылтай құжаттарында және/немесе бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар болмайды.
       Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.12.29 N 243 , 2009.02.27. N 26 , 2009.07.07. N 136 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), 2009.12.29. N 262 Қаулыларымен.

      6. Қор биржасының ресми тізімінің үшінші санаты бойынша (ең жоғарғы санатынан кейінгі) "акциялар" секторына эмитент акцияларын енгізу және олардың онда болуы үшін осы бағалы қағаздар мен олардың эмитенті мынадай талаптарға сәйкес болуы керек:

      1) эмитент ҚЕХС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес қаржылық есептілік әзірлейді;

      2) эмитенттің қаржылық есептілігінің аудиті қор биржасымен мойындалатын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне кіретін аудиторлық ұйымдардың бірімен жүргізіледі;

      3) рұқсат беру бастамашысы эмитенттің соңғы аяқталған қаржы жылы немесе эмитент бір жылдан кем қызметін жүзеге асырған жағдайда, нақты қызмет ету кезеңі үшін аудиторлық есеппен расталған, эмитенттің қаржылық есептілігін береді.
      Рұқсат беру бастамашысының акцияларды осы санатқа енгізу жөніндегі өтініші соңғы қаржы жылы аяқталғаннан кейінгі алғашқы төрт ай ішінде қор биржасымен осы акциялар эмитентінің аудиторлық есеппен расталған, соңғы аяқталған қаржы жылы үшін қаржылық есептілігін берусіз қабылданады, эмитентте мыналар бар болған жағдайда:
      соңғы аяқталған қаржы жылының алдындағы жыл үшін аудиторлық есеппен расталған, қаржылық есептілік, сондай-ақ жасалу уақытынан рұқсат беру бастамашысы аталған өтінішті берген күнге дейін алты айдан астам өткен, аралық қаржы ақпаратының шолуы (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп немесе жасалу уақытынан рұқсат беру бастамашысы аталған өтінішті берген күнге дейін алты айдан астам өткен, аудиторлық есеппен расталған, осы эмитенттің аралық қаржылық есептілігі;

      4) эмитенттің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептік күндегі қаржылық есептілікке сәйкес айлық есептік көрсеткіштің елу бір мың еселі мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;

      5) (алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.08.22 N 115 Қаулысымен);

      6) Қазақстан Республикасының резиденттері акционерлік қоғамдарға қатысты - эмитент акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы.
      Қазақстан Республикасының резидент еместеріне қатысты - корпоративтік басқару кодексінің немесе заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеу елі заңнамасында көзделген тәртіппен бекітілген, мазмұны бойынша өзге ұқсас құжаттың болуы, егер оның болуы заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеу елі заңнамасында көзделген жағдайда;

      7) эмитенттің құрылтай құжаттарында және/немесе бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар болмайды.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.08.22 N 115 , 2009.02.27. N 26 Қаулыларымен.

      7. "Борыштық бағалы қағаздар" секторы үш санатқа бөлінеді:

      1) рейтингтік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар (ең жоғарғы санат);

      2) рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар:
      бірінші шағын санаттың рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздары (ең жоғарғы санат);
      екінші шағын санаттың рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздары (ең жоғарғы санатынан кейінгі);
      3) буферлік санат.
       Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.07.07. N 136 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      8. Қор биржасының ресми тізімінің "борыштық бағалы қағаздар" секторының "рейтингтік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар (ең жоғары санат)" санатына эмитенттің борыштық бағалы қағаздарын енгізу және олардың онда болуы үшін, осы бағалы қағаздар және олардың эмитенті мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:

      1) рейтингтік бағалары қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша қор биржасымен мойындалатын рейтингтік агенттіктердің тізбесіне кіретін рейтингтік агенттіктердің бірімен борыштық бағалы қағазына рейтингтік баға берілді. Бұл ретте қор биржасы соңғы он екі ай ішінде берілген (расталған, жаңартылған) сол рейтингтік бағаға ғана назар аударады. Бірнеше рейтингтік агенттіктер берген рейтингтік бағалар бар болғанда, осы бағалардың соңғысына мән беріледі;

      2) эмитентті мемлекеттік тіркеу оның бағалы қағаздарын ресми тізімге енгізу туралы өтініш берген күнге дейін екі жылдан кем емес уақыт ішінде жүзеге асырады. Қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес оны (оларды) қайта ұйымдастыру нәтижесінде эмитент құрылған ұйымның (ұйымдардың) қызмет атқару мерзіміне сынақ жүргізілуі мүмкін.
      Егер, қор биржасының ішкі құжаттарымен акцияларының жүз пайызы (жарғы капиталына қатысу үлестері) мемлекетке, ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар үшін екі жылдан кем қызмет атқару мерзіміне қойылатын талап белгіленген жағдайда, осы тармақтың 5) тармақшасында белгіленген талап осы ұйымдардың нақты қызмет ету мерзіміне байланысты қолданылады;

      3) эмитент ҚЕХС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес қаржылық есептілікті әзірлейді;

      4) эмитенттің қаржылық есептілігінің аудиті қор биржасымен мойындалатын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне кіретін аудиторлық ұйымдардың бірімен жүргізіледі;

      5) рұқсат беру бастамашысы мыналардан кем емес уақыттағы аудиторлық есеппен расталған эмитенттің қаржылық есептілігін ұсынады:
      егер акцияларды осы санатқа енгізу жөніндегі өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы біткен күннен бастап төрт ай өткеннен кейін берілген болса, аяқталған соңғы екі қаржы жылынан;
      егер акцияларды осы санатқа енгізу жөніндегі өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы біткен күннен бастап төрт ай ішінде берілген болса, аяқталған соңғы қаржы жылының алдындағы аяқталған жүйелі екі қаржы жылынан.
      Рұқсат беру бастамашысы соңғы берген аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп шығарылған, эмитенттің қаржылық есептілігін жасау күнінен бастап акцияларды осы санатқа енгізу туралы өтінішті беру күніне дейін алты айдан аспауы тиіс.
      Егер аудиторлық есеппен расталған аяқталған қаржы жылының қаржылық есептілігі жасалған күннен бастап акцияларды осы санатқа енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін алты айдан астам мерзім өтсе, рұқсат беру бастамашысы аралық қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепті немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есепті береді;

      6) Қазақстан Республикасының резиденттері акционерлік қоғамдарға қатысты - эмитент акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы.
      Қазақстан Республикасының резидент еместеріне қатысты - корпоративтік басқару кодексінің немесе заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеу елі заңнамасында көзделген тәртіппен бекітілген, мазмұны бойынша өзге ұқсас құжаттың болуы, егер оның болуы заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеу елі заңнамасында көзделген жағдайда.

      7) ресми тізімнің осы санатына борыштық бағалы қағаздарды енгізу туралы мәселені қарастырғанға дейін қор биржасы мүшелерінің бірі оған осы борыштық бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкер мәртебесін беру туралы өтініш беруі тиіс, ал олардың осы санатта болған уақытында олар бойынша маркет-мейкердің бар болуы міндетті.

      8) эмитенттің құрылтай құжаттарында және/немесе бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар болмайды.
       Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 2009.02.27. N 26 Қаулысымен.

      9. Қор биржасының ресми тізімінің "борыштық бағалы қағаздар" секторының "рейтингтік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар (ең жоғары санат)" санатына арнайы қаржы компаниясымен немесе арнаулы кәсіпорынмен шығарылған секьюритилендірілген борыштық бағалы қағаздарды енгізу және олардың онда болуы үшін, осы бағалы қағаздар және олардың эмитенті мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:

      1) эмитент бір немесе бірнеше секьюритилендіру мәмілелерін жүзеге асыру үшін арнайы құрылған заңды тұлға болып табылады;

      2) эмитент және оның рейтингтік бағасы бар борыштық бағалы қағаздары осы қаулының 8-тармағының 1), 3), 4) және 7) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс.

      10. Эмитенттің борыштық бағалы қағаздарын "борыштық бағалы қағаздар" секторының "рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының "бірінші шағын санаттың рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар (ең жоғарғы санат)" шағын санатына енгізу үшін, инфрақұрылымдық облигацияларды, қор биржасының ресми тізімін және олардың онда болуын қоспағанда, бағалы қағаздар және олардың эмитенті мынадай талаптарға сәйкес болуы керек:

      1) эмитенттің мемлекеттік тіркелуі оның бағалы қағаздарын ресми тізімге енгізу туралы өтініш берген күнге дейін кем дегенде екі жыл ішінде жүзеге асырылады. Қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес қайта ұйымдастыру нәтижесінде эмитент құрылған ұйымның (ұйымдардың) қызмет атқару мерзіміне сынақ жүргізілуі мүмкін.
      Егер қор биржасының ішкі құжаттарында акцияларының жүз пайызы (жарғы капиталына қатысу үлестері) мемлекетке, ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар үшін екі жылдан кем қызмет атқару мерзімі талабы белгіленген жағдайда, осы тармақтың 4), 6) және 7) тармақшаларында белгіленген талаптар осы ұйымдардың нақты қызмет ету мерзіміне байланысты қолданылады;

      2) эмитент ҚЕХС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес қаржылық есептілікті әзірлейді;

      3) эмитенттің қаржылық есептілігінің аудиті қор биржасымен мойындалатын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне кіретін аудиторлық ұйымдардың бірімен жүргізіледі;

      4) рұқсат беру бастамашысы мыналардан кем емес уақыттағы аудиторлық есеппен расталған эмитенттің қаржылық есептілігін ұсынады:
      егер акцияларды осы шағын санатқа енгізу жөніндегі өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы біткен күннен бастап төрт ай өткеннен кейін берілген болса, аяқталған соңғы екі қаржы жылынан;
      егер акцияларды осы шағын санатқа енгізу жөніндегі өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы біткен күннен бастап төрт ай ішінде берілген болса, аяқталған соңғы қаржы жылының алдындағы аяқталған жүйелі екі қаржы жылынан.
      Рұқсат беру бастамашысы соңғы берген аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп шығарылған, эмитенттің қаржылық есептілігін жасау күнінен бастап акцияларды осы санатқа енгізу туралы өтінішті беру күніне дейін алты айдан аспауы тиіс.
      Егер аудиторлық есеппен расталған аяқталған қаржы жылының қаржылық есептілігі жасалған күннен бастап акцияларды осы санатқа енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін алты айдан астам мерзім өтсе, рұқсат беру бастамашысы аралық қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепті немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есепті береді;

      5) эмитенттің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есепті күндегі қаржылық есептілікке сәйкес оның жарғылық капиталынан кем болмауы тиіс. Бұл ретте эмитенттің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есепті күндегі қаржылық есептілікке сәйкес айлық есептік көрсеткіштің екі миллион елу мың еселі мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;

      6) соңғы екі жылдың біреуіндегі эмитенттің таза кірісі аудиторлық есеппен расталған соңғы есепті күндегі қаржылық есептілікке сәйкес айлық есептік көрсеткіштің сексен бес мың алты жүз еселі мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;

      7) лизингтік ұйымды және кредиттік серіктестікті қоспағанда қаржылық емес ұйымның негізгі қызметі бойынша соңғы екі жылдың әрқайсысындағы сату көлемі аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілік деректері бойынша айлық есептік көрсеткіштің екі миллион елу мың еселі мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;
      Егер облигация эмитенті соңғы аяқталған қаржы жылының төртінші тоқсаны немесе өтініш берген жылдың бірінші тоқсаны ішінде басқа ұйымдарға бақылауды алған жағдайда, оның бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы мәселе осы эмитенттің аудиторлық есеппен расталған аралық қаржылық есептілігінің (ағымдағы жылдың алты немесе тоғыз айындағы) деректері негізінде қарастырылуы мүмкін, оған сәйкес көрсетілген кезеңдегі оның сату көлемі осы тармақшаның бірінші абзацында белгіленген талаптарға сәйкес болады;

      8) Қазақстан Республикасының резиденттері акционерлік қоғамдарға қатысты - эмитент акционерлерінің жалпы жиналысымен бекітілген корпоративтік басқару кодексінің болуы.
      Қазақстан Республикасының резидент еместеріне қатысты - корпоративтік басқару кодексінің болуы немесе егер заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеу елінің заңнамасымен оның болуы көзделген жағдайда, заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеу елінің заңнамасымен көзделген тәртіппен бекітілген мазмұны бойынша ұқсас құжаттың болуы;

      9) ресми тізімнің осы шағын санатына борыштық бағалы қағаздарды енгізу туралы мәселені қарастырғанға дейін қор биржасы мүшелерінің бірі оған осы борыштық бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкер мәртебесін беру туралы өтініш беруі тиіс, ал олардың осы шағын санатта болу уақытында олар бойынша маркет-мейкердің бар болуы міндетті;

      10) эмитенттің құрылтай құжаттарында және/немесе бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар болмайды.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.08.22 N 115 , 2008.12.29 N 243 , 2009.02.27. N 26 Қаулыларымен. 
 
       10-1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының борыштық бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізімінің «борыштық бағалы қағаздар» секторының «рейтингтік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар (ең жоғары санат)» санатына енгізу және олардың сонда болуы үшін осы борыштық бағалы қағаздар және олардың эмитенті осы қаулының 8-тармағының 1), 3), 6), 7) және 8) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс.
      «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат коры» акционерлік қоғамы ашатын ақпараттың тізбесі қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді.
       Ескерту. 10-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.03.29. N 40 Қаулысымен.

      11. Қор биржасының ресми тізімінің "борыштық бағалы қағаздар" секторының "рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының "екінші шағын санаттың рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар (ең жоғарғы санаттан кейінгі)" шағын санатына эмитенттің борыштық бағалы қағаздарын енгізу және олардың онда болуы үшін осы бағалы қағаздар және олардың эмитенті мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:

      1) эмитенттің мемлекеттік тіркелуі оның бағалы қағаздарын ресми тізімге енгізу туралы өтініш берген күнге дейін кем дегенде бір жыл ішінде жүзеге асырылады. Қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес қайта ұйымдастыру нәтижесінде эмитент құрылған ұйымның (ұйымдардың) қызмет атқару мерзіміне сынақ жүргізілуі мүмкін.
      Егер қор биржасының ішкі құжаттарында акцияларының жүз пайызы (жарғы капиталына қатысу үлестері) мемлекетке, ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар үшін бір жылдан кем қызмет атқару мерзімі талабы белгіленген жағдайда, осы тармақтың 4), 7) және 8) тармақшаларында белгіленген талаптар осы ұйымдардың нақты қызмет ету мерзіміне байланысты қолданылады;
      2) эмитент ҚЕХС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес қаржылық есептілікті әзірлейді;
      3) эмитенттің қаржылық есептілігінің аудиті қор биржасымен мойындалатын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне кіретін аудиторлық ұйымдардың бірімен жүргізіледі;
      4) рұқсат беру бастамашысы мыналардан кем емес уақыттағы аудиторлық есеппен расталған эмитенттің қаржылық есептілігін ұсынады:
      егер акцияларды осы санатқа енгізу жөніндегі өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы біткен күннен бастап төрт ай өткеннен кейін берілген болса, аяқталған соңғы қаржы жылынан;
      егер акцияларды осы санатқа енгізу жөніндегі өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы біткен күннен бастап төрт ай ішінде берілген болса, аяқталған соңғы қаржы жылының алдындағы аяқталған қаржы жылынан.
      Егер аудиторлық есеппен расталған аяқталған қаржы жылының қаржылық есептілігі жасалған күннен бастап акцияларды осы санатқа енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін алты айдан астам мерзім өтсе, рұқсат беру бастамашысы аралық қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепті немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есепті береді.
      Рұқсат беру бастамашысы соңғы берген аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп шығарылған, эмитенттің қаржылық есептілігін жасау күнінен бастап акцияларды осы санатқа енгізу туралы өтінішті беру күніне дейін алты айдан аспауы тиіс;

      5) эмитенттің құрылтай құжаттарында және/немесе бағалы қағаздарды шығару проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар болмайды;

      6) эмитенттің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есепті күндегі қаржылық есептілікке сәйкес оның жарғылық капиталынан кем болмауы тиіс. Бұл ретте эмитенттің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есепті күндегі қаржылық есептілікке сәйкес айлық есептік көрсеткіштің үш жүз қырық мың еселі мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;

      7) аудиторлық есеппен расталған соңғы есепті күндегі қаржылық есептілікке сәйкес эмитенттің аяқталған үш қаржы жылының біреуі үшін таза кірісінің бар болуы;

      8) лизингтік ұйым және кредит серіктестігінен басқа, қаржылық емес ұйымның сату көлемі аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептіліктің деректері бойынша соңғы қаржылық жыл ішінде негізгі қызметі бойынша айлық есептік көрсеткіштің үш жүз қырық мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы сомасын құрайды;
      Егер облигация эмитенті соңғы аяқталған қаржы жылының төртінші тоқсаны немесе өтініш берген жылдың бірінші тоқсаны ішінде басқа ұйымдарға бақылауды алған жағдайда, оның бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы мәселе осы эмитенттің аудиторлық есеппен расталған аралық қаржылық есептілігінің (ағымдағы жылдың алты немесе тоғыз айындағы) деректері негізінде қарастырылуы мүмкін, оған сәйкес көрсетілген кезеңдегі оның сату көлемі осы тармақшаның бірінші абзацында белгіленген талаптарға сәйкес болады;

      9) Қазақстан Республикасының резиденттеріне - акционерлік қоғамдарына қатысты - эмитент акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы.
      Қазақстан Республикасының резидент еместеріне қатысты - корпоративтік басқару кодексінің болуы немесе егер заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеу елінің заңнамасымен оның болуы көзделген жағдайда, заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеу елінің заңнамасымен көзделген тәртіппен бекітілген мазмұны бойынша ұқсас құжаттың болуы;

      10) алынып тасталды;
      Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.08.22 N 115, 2008.12.29 N 243, 2009.02.27. N 26, 2009.07.07. N 136 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулыларымен.
      
      11-1. «Исламдық бағалы қағаздар» секторы екі санатқа бөлінеді:
      исламдық жалға алу сертификаттары мен исламдық қатысу сертификаттары.
      Ескерту. 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.03.29. N 40 Қаулысымен.
      11-2. Исламдық бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізімінің «исламдық бағалы қағаздар» секторының «исламдық жалға алу сертификаттары» санатына енгізу және олардың сонда болуы үшін осы бағалы қағаздар, олардың эмитенті және оригинатор мына талаптарға сәйкес келуі тиіс:
      1) эмитент акционерлік қоғам не жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға болып табылады;
      2) оригинаторды мемлекеттік тіркеу исламдық бағалы қағаздарды ор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы өтінішті берген күнге дейінгі кем дегенде үш жыл бұрын жүзеге асырылған. Қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес қайта ұйымдастыру нәтижесінде оригинатор құрылған ұйымның (ұйымдардың) жұмыс істеу мерзімін есепке алу жүргізілуі мүмкін;
      3) рейтингтік бағасын қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша қор биржасымен мойындалатын рейтингтік агенттіктердің тізбесіне кіретін рейтингтік агенттіктердің біреуімен исламдық бағалы қағазға және ригинаторға рейтингтік баға берілді. Бұл ретте қор биржасы соңғы он екі ай ішінде берілген (расталған, жаңартылған) сол рейтингтік бағаға ғана назар аударады. Бірнеше рейтингтік агенттіктер берген рейтингтік бағалар бар болған кезде, осы бағалардың соңғысына мән беріледі;
      4) оригинатор қаржылық есептілігін ҚЕХС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес жасайды;
      5) рұқсат беру бастамашысы аудиторлық есеппен расталған мына:
      егер исламдық бағалы қағаздарды осы санатқа енгізу туралы өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы біткен күннен бастап төрт ай өткеннен кейін берілген болса, аяқталған соңғы үш қаржы жылынан;
      егер исламдық бағалы қағаздарды осы санатқа енгізу туралы өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы біткен күннен бастап төрт ай ішінде берілген болса, аяқталған соңғы қаржы жылының алдындағы аяқталған жүйелі үш қаржы жылынан кем емес уақыттағы қаржылық есептілікті ұсынады.
      Аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратқа шолу (оригинатордың аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) жөніндегі есеп шығарылған, рұқсат беру бастамашысы соңғы берген оригинатордың қаржылық есептілігін жасау күнінен бастап исламдық бағалы қағаздарды осы санатқа енгізу туралы өтінішті беру күніне дейін кемінде алты ай өтуі тиіс.
      Егер аудиторлық есеппен расталған, аяқталған қаржы жылының соңғы қаржылық есептілігі жасалған күннен бастап исламдық бағалы қағаздарды осы санатқа енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін алты айдан астам уақыт өтсе, рұқсат беру бастамашысы аралық қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есепті немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (оригинатордың аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) жөніндегі есепті береді;
      6) оригинатордың меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептілік күніне жасалған қаржылық есептілікке сәйкес оның жарғылық капиталынан кем бола алмайды. Бұл ретте оригинатордың меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептілік күніне жасалған оригинатордың қаржылық есептілігіне сәйкес айлық есептік көрсеткіштің сегіз миллион бес жүз алпыс мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;
      7) оригинатордың соңғы үш жылдың екі жылы ішіндегі таза табысы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептілік күніне жасалған қаржылық есептілікке сәйкес айлық есептік көрсеткіштің сексен бес мың алты жүз еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;
      8) исламдық бағалы қағаздарды шығару проспектісін оригинатордың исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңесі келісуі тиіс;
      9) оригинатордың левередж шамасы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептілік күніне жасалған қаржылық есептілікке сәйкес екіден аспайды;
      10) рұқсат беру бастамашысы эмитенттің соңғы есептілік күніне жасаған қаржылық есептілігін береді;
      11) құрылтайшы эмитенттің жарғылық капиталын толығымен төледі;
      12) бөлінген активтердің құрамына кіретін мүліктің объектілері исламдық бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы өтініш берілген не оригинатор мен эмитент арасында бөлінген активтерді құрайтын мүліктің объектілерін исламдық бағалы қағаздардың айналыста болу мерзіміне жалға (қаржы лизингіне) беру туралы шарт жасалған күнге дейінгі екі жыл ішінде жалға (қаржы лизингіне) беріледі;
      13) эмитенттің бөлінген активтерін бағалау қор биржасы мойындайтын бағалаушылардың тізбесіне кірген бағалаушылардың біреуімен жүргізіледі;
      14) бөлінген активтер бойынша кірістердің кемінде жетпіс бес пайызын мүлікті жалға (қаржы лизингіне) беру нәтижесінде алынған кірістер құрайды;
      15) бөлінген активтер құрамына кіретін мүліктің объектілеріне ауыртпалық салынбаған болуы тиіс.
      Ескерту. 11-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.03.29. N 40 Қаулысымен.
      11-3. Исламдық бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізімінің «исламдық бағалы қағаздар» секторының «исламдық қатысу сертификаттары» санатына енгізу және олардың сонда болуы үшін осы бағалы қағаздар, олардың эмитенті және оригинатор мына талаптарға сәйкес келуі тиіс:
      1) осы қаулының 11-2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11) тармақшаларында көзделген талаптар;
      2) эмитент қолданыстағы инвестициялық жобаны дамытуға шығарудан тартылған қаражатты кейіннен пайдалану мақсатында исламдық бағалы қағаздарды шығару үшін құрылған заңды тұлға болып табылады;
      3) инвестициялық жобада ақшалай қаражатты жинақтайтын объектінің (қаражат көзінің) және осы ақшалай қаражатты бөлу механизмінің, сондай-ақ инвестициялық жоба шығындарының негізгі көздерінің бар екенін болжамдайтын ақшалай қаражат қозғалысының айқын схемасы бар;
      4) инвестициялық жобаның рентабельділігі оның жобалық құжаттамасына сәйкес оң шамаға жатады;
      5) оригинатор инвестициялық жобаға енгізген мүліктің бағасы қор биржасы мойындайтын бағалаушылардың тізбесіне кірген бағалаушылардың біреуімен жүргізіледі.
      Ескерту. 11-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.03.29. N 40 Қаулысымен.
      12. Инфрақұрылымдық облигациялар қор биржасы ресми тізімінің "борыштық бағалы қағаздар" секторының "рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының "рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар екінші шағын санатына" (ең жоғарғы санатынан кейінгі) шағын санатына енгізіледі.
      Қор биржасының ресми тізіміне инфрақұрылымдық облигацияларды енгізу және сонда қалдыру үшін осы облигациялар және олардың эмитенті осы қаулының 11-тармағының 2), 3), 8), 9) және 10) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкес болуы қажет.

      13. Қор биржасының ресми тізіміне арнайы кәсіпорындармен шығарылған борыштық бағалы қағаздарды енгізу үшін, осы эмитенттің жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылатын ұйымның кепілдігіне шығарылған, талаптар борыштық бағалы қағаздардың эмитентінің өзіне емес, кепілдік беруші ұйымға қолданылады.

      13-1. Эмитенттің борыштық бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізімінің "борыштық бағалы қағаздар" секторының "буферлік санат" санатына аударым жасау мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
      1) бағалы қағаздар мен оның эмитенттері осы қаулының 10 және 11-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмегенде;
      2) эмитенттің өз міндеттемелері бойынша сыйақыны (егер борыштық бағалы қағаздардың аталған шығарылымы қор биржасының ресми тізіміндегі осы эмитенттің борыштық бағалы қағаздарының жалғыз шығарылымы болып табылған жағдайда, соңғы купондық кезең бойынша сыйақыны қоспағанда) төлеу дефолтында; 
      3) эмитент міндеттемелері қайта құрылымдағанда.
       Ескерту. 13-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.07.07. N 136 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), өзгерту енгізілді - 2010.03.29. N 40 Қаулыларымен.
      13-2. Қор биржасы эмитент пен оның бағалы қағаздарын осы қаулының 13-1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген "буферлік санат" санатына аударым жасау үшін негіздер пайда болған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде эмитентке (рұқсатнаманың бастамашысына) осындай сәйкессіздік жөнінде хабарлама жібереді.
       Ескерту. 13-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.07.07. N 136 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      13-3. Осы Қаулының 13-1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген негіздер пайда болғанда, эмитенттің бағалы қағаздарын "буферлік санат" санатына аударым жасау үшін эмитент (рұқсатнамасының бастамашысы) қор биржасына бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде белгіленген борыштық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелер орындалмағаны туралы бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде белгіленген орындалу мерзіміне дейінгі үш жұмыс күні бұрын кешіктірмей хабарлайды.
       Ескерту. 13-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.07.07. N 136 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      13-4. Эмитент (рұқсатнаманың бастамашысы) міндеттемелерді қайта құрылымдау туралы эмитенттің директорлар кеңесі (акционерлік қоғамнан бөлек, өзге ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда құрылған эмитенттің қадағалау кеңесі) шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей қор биржасына осы факті туралы хабарлайды.
       Ескерту. 13-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.07.07. N 136 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз),  өзгерту енгізілді - 2009.12.29 N 262 Қаулыларымен.
      13-5. Эмитент (рұқсатнаманың бастамашысы) қор биржасының жазбаша хабарламасын алған күннен не эмитентті және оның бағалы қағаздарын осы қаулының 13-1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген «буферлік санат» санатына аударым жасау үшін негіздемелер пайда болған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қор биржасының атына эмитенттің директорлар кеңесі (акционерлік қоғамнан бөлек, өзге ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда құрылған эмитенттің қадағалау кеңесі) бекіткен эмитенттің бағалы қағаздарын осы қаулының 13-1-тармағында көрсетілген «буферлік санат» санатына аударым жасаудың негіздемелерін жою жөніндегі іс-шаралардың жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) жібереді.
      Қор биржасы іс-шаралар жоспарын алған күні оны өзінің ресми сайтында орналастырады.
      Іс-шаралар жоспарында:
      1) эмитент қызметінің қысқаша сипаттамасы;
      2) эмитенттің бағалы қағаздарын «буферлік санат» санатына аударым жасау үшін негіздемелер туындауының негізгі себептері;
      3) қаржылық ахуалды қалпына келтіруге бағытталған, эмитенттің орындауға ұйғарылған негізгі іс-шаралары;
      4) іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың әрқайсысының орындалу мерзімдері;
      5) эмитенттің негізгі қаржылық көрсеткіштерінің болжамы;
      6) іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың орындалуына жауапты тұлғалардың тізбесі қамтылады.
      Эмитенттің іс-шаралар жоспарына қатысты қосымша талаптар қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді. 
       Ескерту. 13-5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.03.29. N 40 Қаулысымен.
      13-6. Қор биржасы іс-шаралар жоспарын алған күннен кейінгі он  бес жұмыс күні ішінде іс-шаралар жоспарын қарайды және оны қабылдау не қабылдамау туралы шешім қабылдайды.
       Ескерту. 13-6-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.07.07. N 136 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), өзгерту енгізілді - 2010.03.29. N 40 Қаулыларымен.
      13-7. Іс-шаралар жоспарын қабылдау не қабылдамау туралы шешімді құзыретіне листинг, делистинг немесе бағалы қағаздар тізімінің санатын ауыстыру мәселелерін қарау кіретін қор биржасының органы (бұдан әрі – листингтік комиссия) қабылдайды және оны қор биржасының директорлар кеңесі бекітеді.
      Листингтік комиссияның іс-шаралар жоспарын қабылдау туралы шешімін қор биржасының директорлар кеңесі бекіткен жағдайда, осы шешімде эмитенттің бағалы қағаздары «буферлік санат» санатына аударым жасалуы тиіс екендігі туралы ақпарат болады.
      Листингтік комиссияның іс-шаралар жоспарын қабылдамау туралы шешімін қор биржасының директорлар кеңесі бекіткен жағдайда, осы шешімде эмитенттің бағалы қағаздары осы шағын санаттың талаптарына не делистингке сәйкес келген кезде қор биржасының ресми тізімінің «рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» санатының «екінші шағын санаттың рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздары» шағын санатына аударым жасалуы тиіс екендігі туралы ақпарат болады.
      Қор биржасының директорлар кеңесі листингтік комиссияның іс-шаралар жоспарын қабылдау туралы шешімін бекітуден бас тартқан жағдайда, эмитенттің бағалы қағаздары осы шағын санаттың талаптарына не делистингке сәйкес келген кезде қор биржасының ресми тізімінің «рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» санатының «екінші шағын санаттың рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздары» шағын санатына аударым жасалуы тиіс.
      Қор биржасының директорлар кеңесі листингтік комиссияның іс-шаралар жоспарын қабылдамау туралы шешімін бекітуден бас тартқан жағдайда, эмитенттің бағалы қағаздары «буферлік санат» санатына аударым жасалуы тиіс.
      Эмитенттің бағалы қағаздары «буферлік санат» санатында болған кезеңде эмитент эмитенттің директорлар кеңесі (акционерлік қоғамнан бөлек, өзге ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда құрылған эмитенттің қадағалау кеңесі) бекітетін іс-шаралар жоспарына өзгеріс енгізе алады.
      Іс-шаралар жоспарына енгізілетін өзгерістерді қабылдау не қабылдамау туралы шешімді листингтік комиссия қабылдайды және оны қор биржасының директорлар кеңесі іс-шаралар жоспарына енгізілетін өзгерістерді алған күннен кейінгі он жұмыс күні ішінде бекітеді.
      Іс-шаралар жоспарына енгізілетін өзгерістерді қабылдамау туралы шешім эмитенттің бағалы қағаздары делистинг үшін негіздемелер болмаған жағдайда, осы қаулының 13-13, 13-14, 13-16-тармақтарына сәйкес «буферлік санат» санатында қалатыны туралы ақпаратты қамтиды.
       Ескерту. 13-7-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.12.29 N 262 Қаулысымен.
      13-8. Эмитент "буферлік санат" санатына өзінің бағалы қағаздарын аударым жасаудың негіздерін жойған не делистингі және "буферлік санат" санатына аударым жасау туралы шешім қабылданған сәтке дейін растайтын құжаттарды берген не бағалы қағаздардың делистингі жағдайында, осы бағалы қағаздар осы қаулының 13-1-тармағында көрсетілген іс-әрекеттер жасалған сәтте болған қор биржасының ресми тізімінің санатында қалады.
       Ескерту. 13-8-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.07.07. N 136 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      13-9. Қор биржасының ресми тізімінің "буферлік санат" санатында бағалы қағаздардың болуының барынша ұзақ мерзімі эмитентті және оның бағалы қағаздарын "буферлік санат" санатына аударым жасау туралы шешім қабылданған күннен бастап он екі айды құрайды.
       Ескерту. 13-9-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.07.07. N 136 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      13-10. Бағалы қағаздар "буферлік санат" санатында болған кезеңде, эмитент (рұқсатнаманың бастамашысы) тоқсан сайынғы негізде және қор биржасының ресми сұратуы бойынша сауда-саттықты ұйымдастырушысына мына ақпаратты береді:
      1) қор биржасының ішкі құжаттарында және листинг туралы шартта тізбесі айқындалатын, эмитенттің қызметіндегі маңызды оқиғалар жөніндегі оның ішінде мәліметтер бар есептілікті және ақпаратты береді;
      2) іс-шаралар жоспарында көзделген шараларды орындау туралы мәліметтерді.
       Ескерту. 13-10-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.07.07. N 136 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз),  өзгерту енгізілді - 2009.12.29 N 262 Қаулыларымен.
      13-11. Қор биржасы іс-шаралар жоспарын қабылдаған жағдайда, осы эмитенттің борыштық бағалы қағаздарының барлық шығарылымдары "буферлік санат" санатына аударым жасалады.
       Ескерту. 13-11-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.07.07. N 136 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      13-12. Осы қаулының 13-9-тармағында көрсетілген мерзімде эмитенттің бағалы қағаздарын "буферлік санат" санатына аударым жасау үшін осы қаулының 13-9-тармағында көрсетілген негіздер жойылған жағдайда, листингтік комиссияның шешімі негізінде бағалы қағаздар "буферлік санат" санатынан бұдан бұрын олар болған санатқа аударым жасалады.
      Эмитенттің міндеттемелерін қайта құрылымдаған жағдайда, оның бағалы қағаздарын "буферлік санат" санатынан басқа санатқа (шағын санатқа) аударым жасаудың негізі болып құзыретіне листинг, делистинг немесе бағалы қағаздар тізімінің санатын ауыстыру мәселелерін қарау кіретін, қор биржасы органының эмитент және оның бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізімінің тиісті санатының талаптарына сәйкес келетіні туралы шешімі табылады.
       Ескерту. 13-12-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.07.07. N 136 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз),  өзгерту енгізілді - 2009.12.29 N 262 Қаулыларымен.
      13-13. Осы қаулының 13-1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген сәйкессіздіктерді осы қаулының 13-9-тармағында көрсетілген мерзімде жоймаған жағдайда, эмитенттің бағалы қағаздары осы шағын санаттың талаптарына сәйкес келгенде не делистингте қор биржасының ресми тізімінің "рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының "екінші шағын санаттың рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздары" шағын санатына аударым жасауға жатады.
       Ескерту. 13-13-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.07.07. N 136 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      13-14. Егер эмитент және оның бағалы қағаздары "буферлік санат" санатында болғанда, осы санатқа оларды аударым жасауға әкелген сәйкессіздіктермен қоса осы қаулының 10-тармағының басқа да талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, эмитенттің бағалы қағаздары осы шағын санаттың талаптарына сәйкес келгенде не делистингте қор биржасының ресми тізімінің "рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының "екінші шағын санаттың рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздары" шағын санатына аударым жасауға жатады.
       Ескерту. 13-14-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.07.07. N 136 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      13-15. Егер бағалы қағаздары "буферлік санат" санатында болғанда, эмитент қайта құрылымдау жөнінде хабарлаған жағдайда, оның бағалы қағаздары "буферлік санат" санатында қалады.
       Ескерту. 13-15-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.07.07. N 136 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      13-16. Эмитенттің бағалы қағаздары мынадай жағдайларда делистингке жатады:
      1) эмитенттің қызметі қайта құрылымдау немесе тарату не эмитент мәжбүрлеп тарату процесінде бөлу нәтижесінде тоқтатылғанда ;
      2) өз міндеттемелері бойынша сыйақы төлеу жөнінде эмитенттің дефолтында (соңғы купондық кезең бойынша сыйақыны қоспағанда) және эмитент осы қаулының 13-5-тармағында көрсетілген іс-шаралар жоспарын бермегенде;
      3) бағалы қағаздар және оның эмитенттері осы қаулының 10 және 11-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмегенде және эмитент осы қаулының 13-5-тармағында көрсетілген іс-шаралар жоспарын бермегенде;
      4) қор биржасы осы қаулының 13-5-тармағында көрсетілген іс-шаралар жоспарын қабылдамағанда;
      5) егер эмитенттің директорлар кеңесі (акционерлік қоғамнан бөлек, өзге ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда құрылған эмитенттің қадағалау кеңесі) міндеттемелерді қайта құрылымдау туралы шешім қабылдамаған жағдайда, оның бағалы қағаздары "буферлік санат" санатында болған уақытта эмитенттің өз міндеттемелері бойынша дефолтында;
      6) қор биржасы осы қаулының 13-5-тармағында көрсетілген негіздерді жою мүмкін емес фактісін айқындағанда;
      7) осы қаулының 13-13-тармағының талаптарын ескеріп, осы қаулының 13-1-тармағында көрсетілген негіздерді осы қаулының 13-9-тармағында көрсетілген мерзімде жоймағанда;
      8) егер эмитенттің директорлар кеңесі (акционерлік қоғамнан бөлек, өзге ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда құрылған эмитенттің қадағалау кеңесі) міндеттемелерді қайта құрылымдау туралы шешім қабылдамаған жағдайда, эмитент және оның бағалы қағаздары "буферлік санат" санатында болғанда, осы санатқа оларды аударым жасауға әкелген сәйкессіздіктермен қоса осы қаулының 13-14-тармақтарын ескеріп, осы қаулының 10-тармағының 1) - 8), 10) тармақшаларының және 11-тармағының басқа да талаптарына сәйкес келмегенде;
      9) сот эмитентті банкрот деп танығанда;
      10) эмитент мүлігіне осы эмитент активтерінің елу пайызынан асатын мөлшерде тыйым салынғанда;
      11) эмитент және оның бағалы қағаздары "буферлік санат" санатында болған уақытта эмитент (рұқсатнама бастамашысы) тізбесі осы қаулының 13-10-тармағында көрсетілген ақпаратты бермегенде;
      12) іс-шаралар жоспарында көзделген шараларды орындамағанда;
      13) қор биржасының ішкі құжаттарында көзделген өзге де жағдайларда.
       Ескерту. 13-16-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.07.07. N 136 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз),  өзгерту енгізілді - 2009.12.29 N 262 Қаулыларымен.

      14. Қор биржасының ресми тізіміне инвестициялық қордың акциялары мен пайларын енгізу үшін және онда қалдыру үшін, осы бағалы қағаздар, инвестициялық қорды басқарушы компания немесе акционерлік инвестициялық қор, егер ол инвестициялық портфелді басқаруға лицензиясы не болмаса заңды тұлға ретінде инвестициялық қордың тіркеу елінің заңнамасымен көзделген тиісті құжаты болса (бұдан әрі - инвестициялық қорды басқарушы компания немесе акционерлік инвестициялық қор) мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс:
      1) инвестициялық қордың бағалы қағаздар шығарылымын тіркеу елінің заңнамасына сәйкес олар шығарған бағалы қағаздар қор биржасының сауда-саттық жүйесінде орналастырылуына және айналымда болуына рұқсат етілуі тиіс;
      2) инвестициялық қорды басқарушы компания немесе акционерлік инвестициялық қор ҚЕХС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес қаржылық есептілікті құрайды;
      3) ресми тізімнің осы секторына бағалы қағаздарын енгізу туралы өтініш берілген күніне инвестициялық қорды басқарушы компания немесе акционерлік инвестициялық қор инвестициялық портфелді басқаруға лицензия немесе заңды тұлға ретінде инвестициялық қордың тіркеу елінің заңнамасымен көзделген тиісті құжатты алған күннен бастап бір жылдан кем емес уақыт өтті;
      4) рұқсат беру бастамашысы соңғы толық аяқталған қаржы жылы не нақты қызмет ету кезеңі үшін аудиторлық есеппен расталған, инвестициялық қордың басқарушы компаниясының немесе акционерлік инвестициялық қордың қаржылық есептілігін береді.
      Рұқсат беру бастамашысының инвестициялық қордың бағалы қағаздарын осы секторға енгізу жөніндегі өтініші соңғы қаржы жылы аяқталғаннан кейінгі алғашқы төрт ай ішінде қор биржасымен инвестициялық қордың басқарушы компаниясының немесе акционерлік инвестициялық қордың аудиторлық есеппен расталған, соңғы аяқталған қаржы жылы үшін қаржылық есептілігін берусіз қабылданады, оларда мыналар бар болған жағдайда:
      соңғы аяқталған қаржы жылының алдындағы жыл үшін аудиторлық есеппен расталған, қаржылық есептілік, сондай-ақ жасалу уақытынан рұқсат беру бастамашысы аталған өтінішті берген күнге дейін алты айдан астам өткен, аралық қаржы ақпаратының шолуы (инвестициялық қордың басқарушы компаниясының немесе акционерлік инвестициялық қордың аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп немесе
      жасалу уақытынан рұқсат беру бастамашысы аталған өтінішті берген күнге дейін алты айдан астам өткен, аудиторлық есеппен расталған, осы инвестициялық қордың басқарушы компаниясының немесе акционерлік инвестициялық қордың аралық қаржылық есептілігі;
      5) инвестициялық қорды басқарушы компаниясының немесе акционерлік инвестициялық қордың меншікті капиталы жарғы капиталынан аз болмауы тиіс және соңғы есептілік күнде аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілікке сәйкес айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы сомасын құрайды;
      6) инвестициялық қорды басқарушы компаниясының немесе акционерлік инвестициялық қордың қаржылық есептілігінің аудиті қор биржасымен мойындалатын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне кіретін аудиторлық ұйымдарының бірімен жүргізіледі;
      7) инвестициялық қордың оның басқарушы компаниясы немесе инвестициялық қорда болуының барлық мерзімі ішінде оның бағалы қағаздарды ұстаушылар алдындағы міндеттемелерді орындамау немесе уақтылы орындамау жағдайлары жоқ;
      8) ресми тізімнің осы секторына бағалы қағаздарды енгізу туралы мәселені қарастырғанға дейін қор биржасы мүшелерінің бірі оған осы бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкер мәртебесін беру туралы өтініш беруі тиіс, ал олардың ресми тізімде болуы кезінде олар бойынша маркет-мейкердің бар болуы міндетті;
      9) соңғы есептілік күні инвестициялық қордың таза активінің құны аудиторлық есеппен расталған не инвестициялық пай қоры бойынша арнайы мақсаттағы аудиторлық есепке сәйкес басқарушы компанияның немесе акционерлік инвестициялық қордың қаржылық есептілігіне сәйкес айлық есептік көрсеткіштің екі жүз он бес мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы сомасын құрауы тиіс.
      Егер қор биржасының ресми тізіміне енгізу күнге осы инвестициялық қордың орналастырылған бағалы қағаздары жоқ болған жағдайда, таза активтердің құны бойынша осы тармақшаның талаптары инвестициялық қордың осы бағалы қағаздармен сауда-саттық ашылған күннен бастап үш айдан кейін қолданылады;
      10) инвестициялық қордың бағалы қағаздарды ұстаушылардың саны осы бағалы қағаздармен сауда-саттық ашылған күннен бастап үш ай өткен соң елуден кем емес құрауы тиіс;
      11) инвестициялық қорды басқарушы компания немесе акционерлік инвестициялық қор, қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленген талаптарға сәйкес инвестициялық қордың инвестициялық декларациясын ашуды жүзеге асырады;
      12) басқарушы компанияның немесе акционерлік инвестициялық қордың құрылтай құжаттарында бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалардың болмауы;
      13) акционерлік инвестициялық қордың мемлекеттік тіркелуі оның бағалы қағаздарын ресми тізімге енгізу жөніндегі өтініші берілген күнге дейінгі бір жылдан кем емес бұрын жүзеге асырылған;
      14) акционерлік инвестициялық қордың активтерін бағалау қор биржасы таныған бағалаушылардың тізбесіне кірген бағалаушының біреуімен жүргізіледі.
      Осы тармақшаның қолданылуы Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасына сәйкес құрылған акционерлік инвестициялық қорға таралады;
      15) қызмет етуінің әр жылы үшін акционерлік инвестициялық қордың аудиторлық есеппен расталған, соңғы есептік күндегі қаржылық есептілігіне сәйкес таза кірістің бар болуы;
      16) акционерлік инвестициялық қор акционерлерінің жалпы жиналысында бекітілген корпоративтік басқару кодексінің бар болуы.
       Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.02.27. N 26 , 2009.07.07. N 136 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), 2010.03.29. N 40 Қаулыларымен.
       14-1. Жылжымайтын мүлік қорының акцияларын қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың онда болуы үшін жылжымайтын мүлік қоры және оның бағалы қағаздары мына талаптарға сәйкес келеді:
      1) осы қаулының 14-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15) және 16) тармақшаларында көзделгендерге;
      2) шығарылған бағалы қағаздар және (немесе) басқа міндеттемелер бойынша міндеттемелердің мөлшері жиынтығында жылжымайтын мүлік қорының меншікті капиталының он пайызынан аспайды;
      3) жылжымайтын мүлік қорының инвестициялық кірістерінің жетпіс бес пайызынан кем емесін жылжымайтын мүлікті жалға беру нәтижесінде алынған кіріс құрайды;
      4) жылжымайтын мүлік қорының активін құрайтын жылжымайтын мүлік жылжымайтын мүлік қорының басқарушы компаниясының аффилиирленген тұлғаларынан сатып алынбаған;
      5) жылжымайтын мүлік қорының активтеріне кіретін жылжымайтын мүлікке ауыртпалық салынбаған және сенімгерлік басқаруға берілмеген;
      6) жылжымайтын мүлік қорының активтеріне кіретін жылжымайтын мүлік объектілерін жалға беру шартында белгіленген жалға беру мерзімі бір жылдан кем еместі құрайды;
      7) жылжымайтын мүлік қоры активтерінің құрамына кіретін жылжымайтын мүлік объектілері оның бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу жөніндегі өтінішті берген күнге дейінгі екі жыл ішінде жалға беріледі.
      Рұқсат беру бастамашысы қор биржасына жалға беру шартының стандартты нысанын, сондай-ақ жылжымайтын мүлік қорының активтерін құрайтын жылжымайтын мүлік объектілерін бір жылдан кем емес мерзімге жалға берілуін растайтын, жылжымайтын мүлік қорының бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу жөніндегі өтінішті берген күнге дейін жасалған жалға беру шарттарының көшірмесін береді.
       Ескерту. 14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.02.27. N 26, өзгерту енгізілді - 2010.03.29 N 40 Қаулыларымен.

       14-2. Осы қаулының 14-тармағының 13) тармақшасында және 14-1-тармағының 3) және 7) тармақшаларында көзделген талаптар қор биржасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісіліп, айқындаған рейтингтік агенттіктің тізбесіне кіретін рейтингтік агенттіктердің біреуінің рейтингтік бағасы бар жылжымайтын мүлік қорына таралмайды.
       Ескерту. 14-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.02.27. N 26 Қаулысымен.

      15. Индекстік қордың бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу және онда қалдыру үшін индекстік қор мен оның бағалы қағаздары мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:

      1) осы қаулының 14-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10) және 11) тармақшаларында көзделуі;

      2) индекстің өкілдік тізіміне кіретін бағалы қағаздар қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша қор биржасымен мойындалатын, биржалардың тізбесіне кіретін қор биржаларының ішіндегі біреуінің ресми тізіміне енгізілуі.

      16. "Депозитарлық қолхаттар" секторындағы айналымға базалық активі Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған акция болып табылатын депозитарлық қолхаттар жіберіледі.
      Депозитарлық қолхаттарды қор биржасының ресми тізіміне енгізуге қойылатын талаптар осы қаулының 5-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс және базалық актив болып табылатын акцияларға және олардың эмитентіне қатысты қолданылады.

      17. "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторындағы айналымға халықаралық қаржы ұйымдарының мынадай талаптарға сәйкес келетін эмиссиялық бағалы қағаздары жіберіледі:

      1) олардың есебі орталық депозитарийдің есеп жүйесінде жүзеге асырылуы;

      2) ресми тізімнің осы секторына бағалы қағаздарды енгізу туралы мәселені қарастырғанға дейін қор биржасы мүшелерінің бірі оған осы бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкер мәртебесін беру туралы өтініш беруі тиіс, ал олардың осы секторда болу кезінде олар бойынша маркет-мейкердің бар болуы міндетті.
      Эмиссиялық бағалы қағаздары қор биржасының сауда жүйесінде айналымға жіберілетін халықаралық қаржы ұйымдарының тізбесін қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша қор биржасы белгілейді.

      18. "Мемлекеттік бағалы қағаздар"секторындағы айналымға Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздар жіберіледі:

      1) олардың есебі орталық депозитарийдің есеп жүйесінде жүзеге асырылады;

      2) ресми тізімнің осы секторына бағалы қағаздарды енгізу туралы мәселені қарастырғанға дейін қор биржасы мүшелерінің бірі оған осы бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкер мәртебесін беру туралы өтініш беруі тиіс, ал олардың осы секторда болу кезінде олар бойынша маркет-мейкердің бар болуы міндетті. Осы тармақтың талабы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына қолданылмайды.
      Қор биржасының сауда жүйесіндегі айналымға "В-" (Standard & Poor's және Fitch рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "В3" (Moody's рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) төмен емес шетел валютасындағы егемен ұзақ мерзімді кредиттік рейтинг бағасы бар мемлекеттер шығарған шет мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздары жіберіледі.

      19. Жергілікті атқарушы органдардың облигацияларын "мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына енгізу және онда қалдыру үшін аталған облигациялар мен олардың эмитенті осы қаулының 18-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс.

      20. Қор биржасының ресми тізімінің "Туынды бағалы қағаздар" секторына туынды бағалы қағаздарды енгізу және онда қалдыру үшін аталған бағалы қағаздар мен олардың эмитенті қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісілген қор биржасының ережесінде белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс.

      21. Қор биржасының ресми тізіміне эмитенттердің бағалы қағаздарын ықшамдалған рәсім бойынша енгізу және онда қалдыру үшін аталған бағалы қағаздар мен олардың эмитенті мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:

      1) бағалы қағаздары қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша қор биржасымен мойындалатын, биржалар тізбесіне кіретін қор биржаларының ішіндегі біреуінің ресми тізіміне енгізілуі тиіс;

      2) эмитенттердің ақпаратты ашуы тиісті қор биржаларының ресми сайттарында және қор биржасы мен рұқсат беру бастамашысы немесе  эмитент арасында жасалған ақпаратты ашу туралы келісімге сәйкес жүзеге асырылуы;

      3) ресми тізімге бағалы қағаздарды енгізу туралы мәселені қарастырғанға дейін қор биржасы мүшелерінің бірі оған осы бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкер мәртебесін беру туралы өтініш беруі тиіс, ал олардың осы секторда болу кезінде олар бойынша маркет-мейкердің бар болуы міндетті;

      4) эмитенттің құрылтай құжаттарында және/немесе бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалардың болмауы.

      22. Бағалы қағаздарды секторлардың жекелеген санатына (шағын санатына) ықшамдалған рәсім бойынша жатқызу қор биржасының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      23. Қор биржасының ережелерінде осы қаулыда айтылған талаптардан өзге рұқсат беру бастамашыларына және листингтік компанияларға қойылатын қосымша талаптар белгіленуі мүмкін.

      24. Қор биржасының ережелерінде бағалы қағаздарды ресми тізімге енгізу, сондай-ақ ресми тізімнен алып тастау, бір санаттан екінші санатқа ауыстыру туралы өтінішті қарастыру тәртібі мен мерзімдері бекітіледі.

      25. Қор биржасындағы жария компанияның жай акцияларымен сауда-саттық жасау көлемі соңғы он күнтізбелік ай ішінде ай сайын айлық есептік көрсеткіштің жүз мың есе мөлшерінен кем болмауы тиіс.

      26. Осы қаулыны қолданысқа енгізгенге дейін қор биржасының ресми тізіміне ең жоғарғы және ең жоғарғыдан кейінгі санат бойынша енгізілген бағалы қағаздар осы қаулыны қолданысқа енгізген күннен бастап үш ай ішінде бағалы қағаздардың тиісті санатына аударуға жатады.
      Осы қаулының 8, 9, 10, 11 және 12- тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес келмейтін, қор биржасының ресми тізіміне ең жоғарғы және ең жоғарғыдан кейінгі санат бойынша енгізілген борыштық бағалы қағаздар "рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші шағын санатына аударылады.

      27. 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қор биржасының ресми тізіміне осы қаулының 8, 9 және 12-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес келетін борыштық бағалы қағаздар ғана енгізіледі.
      2009 жылғы 31 желтоқсанға дейін ресми тізімге енгізілген рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар осы қаулының 10, 11-тармақтарына сәйкес өтеу күніне дейін ресми тізімнің тиісті санатында қалдырылады.
      Ескерту. 27-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.03.29 N 40 Қаулысымен.

      28. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Эмитенттерге және қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) олардың бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасының тізіміндегі жеке санаттарға қойылатын талаптар туралы" 2007 жылғы 30 наурыздағы N 73 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4664 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2007 жылғы 1 маусымдағы N 82 (1285) санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      29. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

      30. Қор биржасы 2008 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде өзінің ішкі құжаттарын осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін.

      31. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):

      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесе отырып осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.

      32. Агенттіктің Төрайым қызметі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      33. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

      Төрайым                                          Е. Бахмутова