Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 272 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 14 ақпандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5137 болып енгізілді.

Қолданыстағы

       Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан  қараңыз.

      Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Агенттік Басқармасының»"Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту және Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының»"Жеке тұлғаларға бағалы қағаздар рыногында жұмыстарды орындауға рұқсат беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 1999 жылғы 20 сәуірдегі N 30 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы  N 317 қаулысына  (Нормативтік құқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3870 тіркелген) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту және Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Жеке тұлғаларға бағалы қағаздар рыногында жұмыстарды орындауға рұқсат беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 1999 жылғы 20 сәуірдегі N 30 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 317 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы  N 65  (Нормативтік құқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4173 тіркелген) қаулысымен енгізілген өзгерістерімен, Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту және Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Жеке тұлғаларға бағалы қағаздар рыногында жұмыстарды орындауға рұқсат беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 1999 жылғы 20 сәуірдегі N 30 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 317 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 17 маусымдағы  N 131 қаулысымен  (Нормативтік құқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4296 тіркелген) енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту" және Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Жеке тұлғаларға бағалы қағаздар рыногында жұмыстарды орындауға рұқсат беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 1999 жылғы 20 сәуірдегі N 30 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 317 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі  N 111 қаулысымен  (Нормативтік құқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4689 тіркелген) енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесінде:

      63-тармақтың 6) тармақшасы алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды лицензиялау ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының лицензиясы негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерлері туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 54 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 25 маусымдағы  N 168 қаулысына  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4873 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды лицензиялау ережесінде:

      2-тармақта:
      4)" деген цифрдан кейін ", 5)" деген цифрмен толықтырылсын;
      "заңнамасында" деген сөзден кейін "және осы Ереженің 10-тармағында" деген сөздермен және цифрмен толықтырылсын;

      3-тармақтың үшінші абзацы алынып тасталсын;

      4-тармақтың 9) тармақшасы алынып тасталсын;

      6, 8-тармақтарда "9)" деген цифр алынып тасталсын;

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "10. Банктер туралы Заңның 30-бабының 2-тармағының 6) тармақшасында көзделген банк операцияларын жүргізуге лицензия тек ғана қор биржасына, орталық депозитарийге, номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерге және (немесе) дилерге беріледі.
      Банктер туралы Заңның 30-бабының 2-тармағының 6) тармақшасында көзделген банк операцияларын қор биржасы, орталық депозитарий, номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокер және (немесе) дилер, осы көрсетілген заңды тұлғаларда Банктер туралы Заңның 30-бабының 2-тармағының 1) және (немесе) 3) тармақшаларында көзделген банк операцияларын жүргізуге уәкілетті органның лицензиясы бар болғанда, жүзеге асырады.";

      11, 12-тармақтар алынып тасталсын;

      13-тармақта "11" деген цифр алынып тасталсын;

      14-тармақ алынып тасталсын;

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "19. Банктік емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктерінің ашылуы (қызметін тоқтату) кезінде әділет органдарында филиалды (өкілдікті) есепке алып тіркелген (есептен алған) күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде банктік емес ұйым уәкілетті органға филиалдың немесе өкілдіктің есепке алып тіркелуі туралы куәліктің нотариатта куәландырылған көшірмесін (филиалды (өкілдікті) есептен шығару туралы бұйрық, есепке алып тіркелуі туралы куәлікті жою) қоса беріп, филиалды (өкілдікті) ашу (қызметін тоқтату) туралы хабарлама береді.";

      1-қосымшаның 3-тармағында "(акционерлік қоғамның ұйымдастыру-құқықтық нысандағы заңды тұлғалары үшін)" деген сөздер алынып тасталсын.

      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      4. Лицензиялау басқармасы (Ә.Ж. Нәжімеденова):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне, Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.

       Төраға

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық Банкімен
      "Келісілген"
      Төраға
      2008 жылғы 9 қаңтар
      ___________________________
            (қолы, күні,
      ___________________________
           елтаңбалы мөр)