"Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2012.03.29 № 182 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
2. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2012.03.29 № 182 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 21 қазандағы N 305 "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі түзеу мекемелерiндегi сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде N 3228 болып тіркелген), "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі түзеу мекемелерiндегi сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 21 қазандағы N 305 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2006 жылғы 27 ақпандағы N 69 (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде N 4118 болып тіркелген) және "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің қылмыстық-атқару жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 21 маусымдағы N 185 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде N 4794 болып тіркелген) бұйрықтарымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен, мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі түзеу мекемелерiндегi сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөнiндегi Нұсқаулықта:
мынадай мазмұндағы 81-1-тармақпен толықтырылсын:
"81-1. Бас бостандығынан айыру мерзімі аяқталғанға дейін алты айдан кешіктірмей сотталған таңдаған тұрғылықты жері бойынша республикалық маңызы бар қала, астана, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалар) жергілікті атқарушы органдарына оның босатылуы, үй-жайы бары туралы, оның еңбекке жарамдылығы және мамандықтары (15 қосымша) туралы хабарлама жіберіледі.";
110-тармақ:
6) тармақшада "." тыныс белгісі ";" тыныс белгісімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) қашуға бейім ретінде сотталғанның алдын-алу есебінде тұруын ұзарту немесе алып тастау.";
119-тармақ:
екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Өтінішті одан әрі сотқа енгізу үшін 7 күн ішінде прокуратураға жіберіледі";
мынадай мазмұндағы 158-1-тармақпен толықтырылсын:
"158-1. Колонияның ОТК сотталғанның рақымшылық туралы өтініші кезінде өзінің осы өтініштің мәні бойынша пікірін білдіреді.";
осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес 15-қосымшамен толықтырылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасына жүктелсін.
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
КЕЛІСІЛГЕН
Қазақстан Республикасының
Бас прокуроры
2007 жылғы 19 желтоқсан ___________
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2007 жылғы 5 желтоқсандағы
N 327 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі
түзеу мекемелерiндегi
сотталғандармен тәрбие
жұмысын ұйымдастыру
жөнiндегi Нұсқаулыққа
15-қосымша
Мекеме мөртабаны __________________
(кімге)
ХАБАРЛАМА
20___ ж.__________________________________________________________
(мекеме атауы)
__________________________________________________ босатылады
(Т.А.Ә. туған жылы және жері)
____________________________________ мекемесінде жазасын өтеп жатқан
(ҚК қандай бабы (баптары) бойынша, жазалау шарасы)
____________________________________________________________________
_______________________ тұрғылықты жерге шығуға
____________________________________________________________________
(таңдап алған тұрғылықты мекен-жайын көрсету)
және жұмыс істеуге__________________________________________________
(босатылатынның таңдап алған жұмыс орнын көрсету)
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 176-бабының
1-тармағына сәйкес онда тұрғылықты жері барын_______________________
оның еңбекке жарамдылығы____________________________________________
және мамандығы _________________________________туралы хабарлаймыз.
Мекеме бастығы________________________________________________
(Т.А.Ә. қолы)
20___ж. ______________