Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2007 жылғы 5 желтоқсандағы N 327 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 26 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5064 болып енгізілді.

Қолданыстағы

      "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  7-бабы  2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып,  БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі түзеу мекемелеріне ұсталатын адамдарды қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы  N 154 бұйрығына  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1723 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2002 ж., N 9-10, 544-құжат), "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі түзеу мекемелеріне ұсталатын адамдарды қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 154 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 27 мамырдағы  N 155  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2879 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік-құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2004 жыл, N 25-28, 941-құжат), 2004 жылғы 24 тамыздағы  N 240  "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына қоныс-колонияларының қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы", (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3061 болып тіркелген), 2005 жылғы 12 мамырдағы  N 128  "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына қылмыстық-атқару жүйесінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3655 болып тіркелген), 2005 жылғы 29 желтоқсандағы  N 345  "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4053 болып тіркелген, 2006 жылғы 24 ақпандағы N 33-34 "Юридическая газетінде" жарияланған), 2006 жылғы 21 маусымдағы  N 182  "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi түзеу мекемелерiнде ұсталатын адамдарды қадағалауды ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 154 бұйрығына толықтырулар енгiзу туралы" (Қазақстан Республикасы Нормативтiк-құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiнде N 4313 болып тiркелген, 2006 жылғы 29 қыркүйектегі N 174 (1154) "Юридическая газетінде" жарияланған) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрықтарымен енгізілген өзгерістері мен толықтырулармен, мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі түзеу мекемелерінде ұсталатын адамдарды қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулығында:

      2-тармақта "сотталғандармен" деген сөзден кейін "және олардың туыстарымен" деген сөздермен толықтырылсын;

      4-тармақта:
      5) тармақша "режимдiк бөлiмiмен" деген сөздер "және режим бөлімінің басшылығымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      15) тармақша "бағынбауының" деген сөзден кейін "өз мүшесіне зақым келтіруінің," деген сөздермен толықтырылсын;
      19) тармақшада:
      "(бұдан әрi - КИТҚ)" деген сөздерден кейін ", бейне бақылау жүйесін" деген сөздермен толықтырылсын;
      "." тыныс белгісі ";" тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      "құрайды" деген сөз алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 20) тармақшамен толықтырылсын:
      "20) ТМ аумағында ерікті жалданушы және аттестатталған әйел жынысты қызметкерлердің еріп жүруін қамтамасыз етуді құрайды.";

      6-тармақта:
      екінші абзацтағы "немесе оны ауыстыратын адам" деген сөздерден кейін "аумақтық ҚАЖКБ басшылығын міндетті түрде хабардар ету арқылы" деген сөздермен толықтырылсын;
      "Ауруханада қызмет өткеру үшiн тағайындалған бақылаушылар азаматтық киiм киюi керек, олардың жасырын түрде алып жүретiн радиостанциясы, қаруы мен арнайы құралдары болуы тиiс" деген сөйлем "Денсаулық сақтау органдарының медициналық мекемелерінде күзет және қадағалау бойынша қызмет өткеру үшін кемінде 2 қызметкер тағайындалады, олар азаматтық киім киюуі керек, жасырын түрде алып жүретін радиостанциясы, қаруы мен арнайы құралдары болуы тиiс." деген сөйлеммен ауыстырылсын;
      "өткеру үшін" деген сөздерден кейін "бір сотталғанға" деген сөздермен толықтырылсын;

      11-тармақта "әдетте, 12 сағаттан аспайтын" деген сөздер "тамақ ішу және демалу үшін 2 сағаттық 12 сағат немесе 4 сағаттық үзіліспен 24 сағат" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13-тармақта:
      3) тармақша "құралдарын" деген сөзден кейін "және бейнебақылау жүйесін" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) тармақшада "." тыныс белгісі ";" тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      "жөнiндегi iс-шаралар көзделедi" деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) алдын-алу есебінде тұрған адамдармен жұмыс жөнiндегi iс-шаралар көзделедi.";

      16-тармақта:
      3) тармақшада "аймақтарда" деген сөзден кейін ", айдауылсыз немесе еріп жүрусіз жүріп-тұру құқы бар және ТМ тыс жерде тұруға рұқсат етілген, сондай-ақ алдын-алу есебінде тұрған адамдардың" деген сөздермен толықтырылсын:
      6) тармақшада "құралдарды" деген сөздерден кейін "және бейнебақылау жүйесін" деген сөздермен толықтырылсын;

      18-тармақта:
      2) тармақшада "дайындауды" деген сөзден кейін "және олардың кезекші ауысым құрамында қызмет өткеру мүмкіндігіне медициналық куәландырудан өтулерін" деген сөздермен толықтырылсын;

      24-1-тармақта:
      5) тармақшада "." тыныс белгісі ";" тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      "орналастырылады" деген сөз алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 6), 7), 8), 9), 10) тармақшалармен толықтырылсын:
      "6) бақылау өткізу пунктінде;
      7) медико-санитарлық бөлігінде;
      8) жасақтардың локалді учаскелерінде;
      9) карантин үй-жайында;
      10) бақылау техникалық құралдарын басқару пульті орналасқан үй-жайда (оператор бөлмесі) орналастырылады.";
      "тәулік бойғы қадағалау бекеті" деген сөздерден кейін ", тінту, кездесу өткізу бөлмелерінде" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Күндізгі уақытта автокөлікті, әйел қызметкерлердің еріп жүруіне жүріп-тұру постылары, сондай-ақ сотталғандарды қоныс-колониясы аумағынан тыс жұмыс объектілерінде тексеру белгіленеді.";

      28-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Жедел топтың құрамына кiретiн қызметкерлерге ауыру немесе ерекше жеке жағдайлары (туысқандарының қайтыс болуы немесе өміріне қауіп төндіретін ауыр науқастануы, қызметкерге немесе оның отбасына елеулі материалдық нұқсан келтірген табиғи апат) оқиғаларынан басқа жағдайларда мекемені тастап кетуге тыйым салынады.";

      мынадай мазмұндағы 28-1-тармақпен толықтырылсын:
      "28-1. Демалыс және мереке күндері, сондай-ақ қызметтің күшейтілген түрін өткеру кезеңінде ТМ бастығы бекіткен кестеге сәйкес ТМ бойынша жауапты болып ТМ-нің басшы (бастық және оның орынбасарлары) құрамындағы қызметкерлер кезекшілікке түседі. Қызмет өткеру кезеңінде жауапты қызметкерлер ТМ-нің аумағында тәуліктік кезекшілікке қалады.";

      42-тармақтың екінші абзацында "шақырылады" деген сөзден кейін "немесе жеткізіледі" деген сөздермен толықтырылсын;

      45-тармақта:
      2) тармақшада "сотталғандардың" деген сөзден кейін ", сапқа тұрудан босатылғандардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақшада "20" деген сан "30" деген санмен ауыстырылсын;
      "сотталғандарды" деген сөздер "сапқа тұрғызу және" деген сөздермен толықтырылсын;

      49-тармақтың төртінші абзацында "кісен салынады" деген сөздерден кейін ", оларға тінту өткізеді" деген сөздермен толықтырылсын;

      50-тармақта "бақылаушының" деген сөз "ТМ қызметкерлерінің" деген сөзбен ауыстырылсын;

      52-тармақта "айыптылық оқшаулау орнының немесе камералық үлгiдегi үй-жайдың" деген сөздер "айыптылық оқшаулау орнының, камералық үлгiдегi үй-жайдың немесе бір адамдық камералар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Дүлей зілзала жағдайында (өрт, жер сілкінісі, су тасқыны және т.б.) болған жағдайда АОО, ТОО, КҮҮ бойынша бақылаушы адам өлімін болдырмау мақсатында өз бетінше камераларды аша алады.";

      57-тармақта "қашып кетуге бейім" деген сөздерден кейін "және алдын-алу есебінде тұрған" деген сөздермен толықтырылсын;

      59-тармақ:
      6) тармақшада "ауытқулары бар" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ аутоагрессивті қылыққа, өз мүшесіне зақым келтіруге және өз-өзіне қол жұмсауға бейім" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Қашуға бейім адамдар ретінде алдын-алу есебінде тұрғандардың тәртібін сипаттайтын материалдар есепке алынған күннен бастап он екі ай өткен соң ТМ комиссиясында қаралады. Комиссияда сотталғанды алдын-алу есебінде тұруын ұзарту немесе алып тастау туралы шешім қабылданады. Алдын-алу есебінен алып тастаудан бас тартқан жағдайда комиссияның қайта қарауы кемінде алты ай өткеннен кейін болуы мүмкін.";

      63-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Тексеру тобының қызметкерлері заңнамада белгіленген тәртіпте ұзақ және қысқа мерзімді кездесуге келген адамдардың, сондай-ақ олардың заттары мен азық-түліктеріне тексеріс жүргізеді. Қажет болған жағдайда, мекеменің немесе оның аумағына жақын жерлерде тұрған көлік құралдары да тексеріс жүргізуге жатады.";

      64-тармақта "бақылаушы" деген сөз "қызметкер" деген сөзбен ауыстырылсын;

      66-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Кездесуге келген адамдарға ТМ-нен тыс жерлерге қысқа уақытты шығуларына ТМ бастығы немесе оны алмастырушы адам рұқсат береді. Олар қайтып келгеннен кейін тексеріс тобының қызметкерлері заңнамада белгіленген тәртіппен олардағы заттар мен азық-түліктерге тексеріс жүргізеді.";

      70-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Заңнамада көзделген жағдайларда ТМ-нің уәкілетті лауазымды адамы, белгіленген тәртіппен, осындай құқық бұзушылыққа жол берген адамдарға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасайды.";

      84-тармақта:
      "пышақтар мен басқа" деген сөздер алып тасталсын;
      "мықтаудың орнықтылығы" деген сөздерден кейін "және бүтіндігі" деген сөздермен толықтырылсын;

      85-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Жалпы тінту аяқталған соң, сотталғандар тарапынан өтініштер мен арыздар түскен жағдайда ТМ бастығы оларды тіркеуге және 3 тәулік мерзімде қарауға міндетті.";

      87-тармақ:
      8) тармақшада "." тыныс белгісі ";" тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      "тыйым салынады" деген сөз алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      "9) ұялы байланыс құралын пайдалануға және сақтауға тыйым салынады.";

      107-тармақ:
      "бағынбаулардан" деген сөзден кейін ",өз мүшесіне зақым келтіру актілерінен," деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Төтенше оқиғалардың барлық фактілері туралы ТМ әкімшілігі ҚАЖКБ кезекшісіне, сондай-ақ мамандандырылған прокурорға шұғыл түрде хабарлайды.";

      109-тармақтың 1) тармақшада "бағынбаған," деген сөзден кейін "топтасып өз мүшесіне зақым келтіру актісі," деген сөздермен толықтырылсын;

      114-тармақта "бағынбау", "бағынбаудың" деген сөздерден кейін тиісінше ", өз мүшесіне зақым келтіру", ", өз мүшесіне зақым келтірудің" деген сөздермен толықтырылсын;

      115-тармақ:
      "бағынбауы" деген сөзден кейін ", өз мүшесіне зақым келтіруі" деген сөздермен толықтырылсын;
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) оқиға туралы дереу ТМ бастығына, ҚАЖКБ кезекшісіне баяндайды, қарауыл бастығына хабарлайды, ТМ бастығының немесе оны алмастырушы адамның рұқсатымен аумақтық ішкі істер органының кезекшiсiне хабарлайды;";
      4) тармақша "егер бағынбаушылық" деген сөздерден кейін ", өз мүшесіне зақым келтіру" деген сөздермен толықтырылсын;

      7-тарау мынадай мазмұндағы 8-бөлікпен толықтырылсын:
      "8. Сотталғандардың тамақ ішуден бас тарту жағдайында жасалатын іс-қимылдар
 
      131-1. Сотталғандардың тамақ ішуден бас тарту фактісі анықталған кезде ТМ бастығының кезекші көмекшісі:
      1) мұндай актіні жасаудың салдары мен себебін анықтайды;
      2) сотталғандардың жеке тұлғасын, олардың санын, ұйымдастырушыларын анықтайды және оқиға туралы ТМ бастығына, оның орынбасарына баяндайды;
      3) жедел, режим, медицина, тәрбие қызметтерінің қызметкерлерін, сондай-ақ психологтарды шақырып кері салдарды алдын-алу мақсатында сотталғандармен түсіндірме жұмыстарын жүргізеді;
      4) тамақ ішуден бас тартқан адамдарды басқа сотталғандардан оқшаулауға және жеке ұстауға шаралар қабылдайды, тамақ ішуден бас тарту себептері туралы жазбаша өтініштер мен түсініктемелер алады;
      5) сотталғандардың тамақ ішуден топтасып бас тартуларының ұйымдастырушыларын анықтаған жағдайда, оларды дереу оқшаулауға шаралар қолданады;
      6) қызмет өткеру бекеттеріндегі кезекші ауысым құрамына сотталғандарды қадағалауды күшейту бойынша нұсқау береді; 
      7) жедел жағдай шиеленiскен кезде жеке құрамның дабыл бойынша жиналуын хабарлайды;
      8) ТМ бастығы, оның орынбасары келгенде, қабылданған шаралар бойынша баяндап, олардың тапсырмасы бойынша әрекет жасайды.
      131-2. ТМ бастығы оқиға болған жерге келiп және оған баға берген соң, ҚАЖКБ бастығына оқиға туралы баяндайды, ТМ заңдылықты сақтауды қадағалайтын мамандандырылған прокурорға хабарлама жолдайды. Сотталғандардың заңды талаптарын қанағаттандыруға шаралар қолданып, сотталғандардан құқыққа қарсы іс-әрекеттердi тоқтатуды талап етедi және туындаған мәселелерді шешеді.
      131-3. Тамақ ішуден бас тартқан сотталғандардың денсаулығын қолдауға бағытталған, оның ішінде мәжбүрлеу сипатындағы шаралар, егер олардың өміріне қауіп төнсе, оны қадағалаушы медициналық қызметкердің жазбаша қорытындысының негіздемесіне сәйкес медициналық көрсеткіші бойынша жүзеге асырылады. 
      131-4. Сотталғандардың тамақ ішуден бас тартуы оларды басқа түзеу мекемелеріне немесе қамауда ұстау орнына айдауылдауға кедергі келтірмейді. Қажет болған жағдайда айдауылдау медицина қызметкерінің еріп жүруімен жүргізіледі.";

      Нұсқаулықтың 1 қосымшасының кестесінде 12, 13, 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: 
      "12. Жасақтың локалды учаскесі (жасақтың және учаскенің саны бойынша)
      13. Карантиндік үй-жай
      14. Бақылау-өткізу пункті";
      мынадай мазмұндағы 15-тармақпен толықтырылсын:
      "15. Бақылау техникалық құралдарын басқаратын пульті (оператор бөлмесі)";

      Нұсқаулықтың 2-қосымшасының кестесі мынадай мазмұндағы 12, 13, 14, 15, 16, 17-тармақтармен толықтырылсын:
      "12. Жасақтың локалды учаскесі бойынша бақылаушы (жасақтың және учаскенің саны бойынша)
      13. Карантиндік үй-жайы бойынша бақылаушы
      14. Бақылау-өткізу пункті бойынша бақылаушы
      15. Көлікті шығарып салу бойынша тексеру тобы құрамы бақылаушы
      16. Әйел жынысты ТМ персоналдарын шығарып салу бойынша бақылаушы
      17. Бақылау техникалық құралдарын басқару (бейне бақылау) бойынша бақылаушы-оператор";

      Нұсқаулыққа 5-қосымшадағы ескертуде:
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Түнгі уақытта тескіш-кескіш құралдар КБКК тапсырылады. Оларға белгі қойылу керек.";

      Нұсқаулыққа 6-қосымшаның 1-тармағында:
      12) тармақшада "БР" бұйымдары" деген сөздер "кезекші ауысымға берілетін арнайы құралдар, арнайы құралдарды есепке алу, беру және қолдану журналын қоса" деген сөздермен ауыстырылсын;
      17) тармақшада "қабылдау-тапсыруға жататын мүлiк пен құжаттардың тiзбесi болуы тиiс" деген сөздер "қызметтік құжаттар, қадағалау ведомостары және т.б." деген сөздермен ауыстырылсын;
      18) тармақшада "кезекшiнiң қызметтiк бөлмесi дауыстап сөйлейтiн және белгi беру құралдарымен жабдықталады" деген сөздер "қабылдау-тапсыруға жататын мүлiк пен құжаттардың тiзбесi болуы тиiс" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын:
      "19) кезекшiнiң қызметтiк бөлмесi дауыстап сөйлейтiн және белгi беру құралдарымен жабдықталады.";
      19) тармақшасында "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      "жабдықталады" деген сөз алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 20) тармақшамен толықтырылсын:
      "20) күзетілетін объектілердің аумағындағы сотталғандардың тәртібіне және объектілерді көзбен көріп қадағалауға арналған монитормен жабдықталады.";
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Үй-жай құлыпқа жабылатын металды есікпен жабдықталады, терезелер металды торлармен жабдықталады.";

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 27 тамыздағы  N 245  "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті тергеу изоляторының ішкі тәртіп ережесін бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде N 3062 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың бюллетенінде жарияланған, 2002 ж. N 13-14, 567-құжат), "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына тергеу изоляторларының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде N 4262 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2006 жылғы 9 маусымдағы  N 175  бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен, мынадай өзгерістер енгізілсін:
      10-тармақта "жеке басын куәландыратын құжат қоса берiлiп," деген сөздер алып тасталсын.

      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 21 қазандағы  N 305  "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі түзеу мекемелерiндегi сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде N 3228 болып тіркелген), "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі түзеу мекемелерiндегi сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 21 қазандағы N 305 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2006 жылғы 27 ақпандағы  N 69  (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде N 4118 болып тіркелген) және "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің қылмыстық-атқару жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 21 маусымдағы  N 185  бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде N 4794 болып тіркелген) бұйрықтарымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен, мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі түзеу мекемелерiндегi сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөнiндегi Нұсқаулықта:

      мынадай мазмұндағы 81-1-тармақпен толықтырылсын:
      "81-1. Бас бостандығынан айыру мерзімі аяқталғанға дейін алты айдан кешіктірмей сотталған таңдаған тұрғылықты жері бойынша республикалық маңызы бар қала, астана, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалар) жергілікті атқарушы органдарына оның босатылуы, үй-жайы бары туралы, оның еңбекке жарамдылығы және мамандықтары (15 қосымша) туралы хабарлама жіберіледі.";

      110-тармақ:
      6) тармақшада "." тыныс белгісі ";" тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      "7) қашуға бейім ретінде сотталғанның алдын-алу есебінде тұруын ұзарту немесе алып тастау.";

      119-тармақ:
      екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
      "Өтінішті одан әрі сотқа енгізу үшін 7 күн ішінде прокуратураға жіберіледі";

      мынадай мазмұндағы 158-1-тармақпен толықтырылсын:
      "158-1. Колонияның ОТК сотталғанның рақымшылық туралы өтініші кезінде өзінің осы өтініштің мәні бойынша пікірін білдіреді.";

      осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес 15-қосымшамен толықтырылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Әділет министрі

      КЕЛІСІЛГЕН
      Қазақстан Республикасының
      Бас прокуроры
      2007 жылғы 19 желтоқсан ___________

Қазақстан Республикасы    
Әділет министрінің        
2007 жылғы 5 желтоқсандағы
N 327 бұйрығына қосымша   

Қазақстан Республикасы   
Әділет министрлігі       
түзеу мекемелерiндегi    
сотталғандармен тәрбие   
жұмысын ұйымдастыру      
жөнiндегi Нұсқаулыққа    
15-қосымша               

      Мекеме мөртабаны                          __________________
                                                      (кімге)

                        ХАБАРЛАМА

20___ ж.__________________________________________________________
                              (мекеме атауы)
__________________________________________________ босатылады
         (Т.А.Ә. туған жылы және жері)
____________________________________ мекемесінде жазасын өтеп жатқан
(ҚК қандай бабы (баптары) бойынша, жазалау шарасы)
____________________________________________________________________
_______________________ тұрғылықты жерге шығуға
____________________________________________________________________
              (таңдап алған тұрғылықты мекен-жайын көрсету)
және жұмыс істеуге__________________________________________________
                  (босатылатынның таңдап алған жұмыс орнын көрсету)

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 176-бабының
1-тармағына сәйкес онда тұрғылықты жері барын_______________________
оның еңбекке жарамдылығы____________________________________________
және мамандығы _________________________________туралы хабарлаймыз.

      Мекеме бастығы________________________________________________
                                    (Т.А.Ә. қолы)

      20___ж. ______________