Жеке және заңды тұлғаларды арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асырауға жіберу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2007 жылғы 15 қазандағы N 302 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 8 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4986 болып енгізілді.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 шілдедегі Заңының 9-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жеке және заңды тұлғаларды арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асыруға жіберу ережесі бекітілсін.

      2. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрінің міндетін атқарушы
      2007 жылғы 20 қазан

Қазақстан Республикасы Индустрия
және сауда министрінің 2007 жылғы
15 қазанда N 302 бұйрығымен 
бекітілген          

Жеке және заңды тұлғаларды арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асыруға жіберу ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жеке және заңды тұлғаларды арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асыруға жіберу ережесі (бұдан әрі - ереже) "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 9-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленген және жеке және заңды тұлғаларды арнайы экономикалық аймақтың аумағында (бұдан әрі - АЭА) қызметті жүзеге асыруға жіберу тәртібін айқындайды.

      2. АЭА құру мақсатына сәйкес АЭА әкімшілігі заңды тұлғаларды АЭА қатысушылары ретінде, сондай-ақ АЭА тиімді жұмыс істеуі мен дамыту мақсатына жету үшін қажетті қызметтің өзге де түрлерін жүзеге асыру үшін жеке және заңды тұлғаларға рұқсат беруді жүзеге асырады.

      3. АЭА әкімшілігі жеке және заңды тұлғаларға рұқсат беруді уәкілетті және кеден органдарымен келісім бойынша жүзеге асырады.

2. Заңды тұлғаларды АЭА қатысушылары ретінде
жіберу тәртібі

      4. Заңды тұлғаларға АЭА қатысушылары ретінде рұқсат беру оларды  АЭА-ның құқықтың режиміне орналастыру мақсатымен жүзеге асырылады.

      5. АЭА қатысушылары ретінде рұқсат беру үшін заңды тұлғаларды іріктеу кезінде мынадай өлшемдер есепке алынады:
      1) қаржылық дәулеттілік және кредиттік қабілеттік;
      2) алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің 2008.02.26 N 59 Бұйрығымен.
      3) олардың қызметінің АЭА мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі;
      4) өнімге және онымен байланысты өмірлік цикл үрдістеріне:
      егер олар міндетті техникалық реттеуге іліккен жағдайда, техникалық регламенттерге және олармен үйлестірілген мемлекеттік және мемлекетаралық стандарттарға;
      егер олар міндетті техникалық реттеуге ілікпеген жағдайда, мемлекеттік, өңірлік және халықаралық стандарттарға сәйкес болуы.
      АЭА әлеуетті қатысушылардың іріктеу өлшемдеріне сәйкессіздігі жіберуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің 2008.02.26 N 59 Бұйрығымен.

      6. Алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің 2008.02.26 N 59 Бұйрығымен.

      7. Алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің 2008.02.26 N 59 Бұйрығымен.

      8. Алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің 2008.02.26 N 59 Бұйрығымен.

      9. Алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің 2008.02.26 N 59 Бұйрығымен.

      10. Алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің 2008.02.26 N 59 Бұйрығымен.

      11. АЭА қатысушысы ретінде рұқсат алуға үміткер заңды тұлға АЭА әкімшілігіне тікелей немесе осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім беру арқылы.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің 2008.02.26 N 59 Бұйрығымен.

      12. Рұқсат беруді алуға өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша АЭА-ға қатысушының сауалнамасы;
      2) нотариалдық куәландырылған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік;
      3) алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің 2008.02.26 N 59 Бұйрығымен.
      4) бірінші басшының және бас бухгалтердің жеке басы куәландыратын құжаттардың көшірмесі;
      5) салық төлеушінің тіркелген нөмірінің нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе салық төлеушінің сәйкестендірілген нөмірі. Егер заңды тұлға Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса және Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген болса, онда осы Қазақстан Республикасының салық органдарында салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеуде тұрмайтындығы туралы анықтамасының түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі ұсынылады;
      6) заңды тұлғаның нотариалдық куәландырылған жарғысы;
      7) АЭА аумағындағы қызметті жүзеге асыруға қатысу туралы акционерлердің немесе заңды тұлға қатысушыларының нотариалдық куәландырылған шешімі;
      8) соңғы қаржылық жыл үшін бірінші басшының немесе оны ауыстыратын адамның, сондай-ақ бас бухгалтердің (бухгалтердің) қолы қойылған бухгалтерлік теңгерімінің түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі. Бухгалтерлік теңгерімінің түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі мынадай жағдайда ұсынылмайды, егер заңды тұлға құрылғанынан бір қаржылық жыл өтпеген болса;
      9) өтініш беруші-ұйымның (картатека және несиелік берешегі бойынша анықтама) соңғы жыл ішінде шоттар бойынша айлық орташа айналымын көрсете отырып, қаржылық жағдайы туралы қызмет көрсететін банктің анықтамасы. Егер заңды тұлға құрылған сәттен бастап бір қаржылық жыл өтпеген жағдайда өтініш беруші-ұйымның қаржылық жағдайы туралы қызмет көрсететін банктің анықтамасы ұсынылмайды;
      10) алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің 2008.02.26 N 59 Бұйрығымен.
      11) салық және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешегінің бар болуы/болмауы туралы тіркеу орнының есебі бойынша салық органының анықтамасы. Егер заңды тұлға Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса және Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген болса, онда Қазақстан Республикасының салық органдарында салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеуде тұрмайтындығы туралы анықтамасының түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі ұсынылады;
      12) шығыстар мен кірістерге талдауы бар жобаның экономикалық негіздемесі;
      13) АЭА-ның әлеуетті қатысушысы заңды тұлғасының акционерлерінің кепілді міндеттемелері;
      14) АЭА-ның әлеуетті қатысушысы заңды тұлғасының негізгі ұйымының кепілдемесі.
      Егер заңды тұлға Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын болса, аталған нотариалдық куәландырылған құжаттарды мемлекеттік және/немесе орыс тіліне міндетті түрде аудара отырып ұсынады.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің 2008.02.26 N 59 Бұйрығымен.

      13. Алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің 2008.02.26 N 59 Бұйрығымен.

      14. Өтінім ұсынылғаннан кейін АЭА-ның әкімшілігі оны өтінімді тіркеу журналына тіркейді. Өтінімді тіркеу күні оны берген күн болып табылады.
      АЭА-ның әкімшілігі өтінімді өтінім журналына тіркеген күннен бастап 15 жұмыс күннен аспайтын мерзімде өтінімді қарайды;
      уәкілетті және кедендік органдармен келіседі.
      АЭА-ның әкімшілігінің уәкілетті және кедендік органдарымен өтінімді қарау және келісу қорытындылары бойынша АЭА аумағында қызметті іске асыруға рұқсат беру туралы немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің 2008.02.26 N 59 Бұйрығымен.

      15. АЭА әкімшілігі АЭА қатысушысы ретінде өтінім берушіні рұқсат беру туралы шешімді қабылдау жағдайында:
      өтінім беруші туралы мәліметті тіркелімге және электрондық дерекқорға енгізеді
      АЭА-ға қатысушыны тіркеу туралы растауды береді;
      АЭА-ға қатысушы ретінде жіберуді алуға осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәлікті береді.
      АЭА-ға қатысушы ретінде рұқсатты алуға куәлік арнайы баспалық тәсілмен дайындалған, кемінде үш қорғау дәрежесі бар қатаң есептілік бланкісі болып табылады.

      16. АЭА қатысушысы ретінде заңды тұлғаны рұқсат беру туралы шешім заңды тұлға заңнамада белгіленген тәртіпте:
      АЭА мекен-жай бойынша заңды тұлғаның орналасқан жерін көрсете отырып құрылтай құжатына өзгерістер енгізуді;
      АЭА аумағындағы салық органына есепке қоюды;
      сыртқы экономикалық қызметке (СЭҚ) қатысушының карточкасын кеден органы алуды жүзеге асырады;
      АЭА-ның әкімшілігімен қызметті жүргізу туралы келісім жасайды (бұдан әрі - келісім).
      Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің 2008.02.26 N 59 Бұйрығымен.

      17. Келісімнің қолданулы мерзімі аяқталған, сондай-ақ АЭА қатысушысымен келісімді мерзімінен бұрын бұзған жағдайда АЭА-ға қатысушы ретінде жіберуді алуға куәліктің күші жойылады.
      Тиісті өзгерістер тіркелімге және электрондық дерекқорға енгізіледі.
      Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің 2008.02.26 N 59 Бұйрығымен.

3. Жеке және заңды тұлғаларды АЭА аумағындағы қызметтің
өзге де түрлерін жүзеге асыру үшін рұқсат беру тәртібі

      18. Қызметтің өзге де түрлерін жүзеге асыру үшін АЭА аумағына жіберуді алуға үміткер жеке және заңды тұлғалар АЭА-ның әкімшілігіне осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат алуға өтінім береді.
      Рұқсат беруді алуға өтінімге мыналар қоса беріледі:
      1) осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнаманы;
      2) нотариалдық куәландырылған заңды тұлға үшін статистикалық карточканы;
      3) жеке тұлға үшін, заңды тұлға үшін жеке бас куәлігінің көшірмесі бірінші басшының және бас бухгалтердің жеке бас куәлігінің көшірмесі;
      4) нотариалдық куәландырылған салық төлеушінің тіркеу нөмірі немесе салық төлеушінің сәйкестік нөмірі;
      5) заңды тұлға үшін нотариалдық куәландырылған жарғыны;
      6) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлікті қамтиды.
      Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің 2008.02.26 N 59 Бұйрығымен.

      19. Алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің 2008.02.26 N 59 Бұйрығымен.

      20. АЭА әкімшілігі өтінімді 5 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарастырады және уәкілетті және кеден органымен келіседі.
      Өтінімді қарау және уәкілетті және кеден органымен келісу қорытындысы бойынша АЭА әкімшілігі АЭА аумағына қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру немесе оның бас тартуы туралы шешім қабылдайды.
      Ескерту. 20-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің 2008.02.26 N 59 Бұйрығымен.

      21. АЭА әкімшілігі қызметтің өзге де түрлерін жүзеге асыру үшін АЭА аумағына жеке және заңды тұлғаға рұқсат беру туралы шешім қабылдаған жағдайда:
      жеке және заңды тұлға туралы мәліметті тіркелімге және электрондық дерекқорға енгізеді;
      осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АЭА аумағында қызметтің өзге де түрлерін жүзеге асыру үшін рұқсатты алуға куәлікті береді.
      АЭА аумағында қызметтің өзге түрлерін жүзеге асыру үшін рұқсат алуға куәлік арнайы баспалық тәсілмен әзірленген, кемінде үш қорғау дәрежесі бар, қатаң есептілік бланкісі болып табылады.

      22. Егер жеке және заңды тұлғалардың өтінімде берген АЭА-ның аумағында қызметтің түрлерін тоқтатқан немесе өзгерткен жағдайда рұқсат алуға арналған куәлігі күшін жояды.
      Тиісті өзгерістер тіркелімге және электрондық дерекқорға енгізіледі.
      Ескерту. 22-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің 2008.02.26 N 59 Бұйрығымен.

4. Қорытынды ережелер

      23. АЭА аумағында қызметтің басымды, сондай-ақ өзге де түрлерін жүзеге асыру үшін рұқсат беруге бас тартумен келіспеген жағдайда АЭА әкімшілігінің әрекетіне заңда белгіленген тәртіпте шағымдана алады.

      24. Өтінім берушімен және АЭА әкімшілігі арасындағы даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.
      Ескерту. 24-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің 2008.02.26 N 59 Бұйрығымен.

      25. АЭА қатысушыларының құқықтарына кепілдік беру "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қамтамасыз етіледі.
      Ескерту. 25-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің 2008.02.26 N 59 Бұйрығымен.

                                   Жеке және заңды тұлғаларды
                            арнайы экономикалық аймақтың аумағында
                           қызметті жүзеге асыруға жіберу ережесіне
                                              1-қосымша

Ұйым бланкісінде
200__ жыл "__" ________
N _____

                  "_________________________________________"
                          арнайы экономикалық аймақтың атауы
                    "Арнайы экономикалық аймақ әкімшілігі"
                                    мемлекеттік мекемесі

Мынадай жағдайларда:
      "___________________________________" АЭА қатысушысы ретінде
       арнайы экономикалық аймақтың атауы ____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      (заңды тұлғаның, кәсіпорынның атауы)
тіркеуге өтінімді қабылдауыңызды сұраймыз.

Қызмет мәні
________________________________________________________________________________________________________________________________________
(бағдарламалық өнімнің немесе аппараттық өнімнің және т.б.өндірілуі)

      Шығарылатын өнімнің атауы:
      Қызмет түрі:
      Меншік түрі:
      Қаржыландыру көзі: банк, акционерлік капитал және т.б.
      Меншікті капитал:
      Қаржыландырудың қосымша көздері: шетелдік инвестициялар,
      облигациялар және т.б.
      Өндірісте жұмыспен қамтылған персоналдық болжамдық саны:
      "_____________________________________" АЭА қатысушылары
        арнайы экономикалық аймақтың атауы

ретінде тіркеу үшін құжаттар қоса беріледі.

Басшы

                                    Жеке және заңды тұлғаларды
                              арнайы экономикалық аймақтың аумағында
                                қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру
                                        ережесіне 2-қосымша

                      " _______________________________ " АЭА
                         арнайы экономикалық аймақтың атауы

          АЭА ӘЛЕУЕТТІ ҚАТЫСУШЫСЫНЫҢ САУАЛНАМАСЫ

      1. Жалпы мәліметтер

Ұйымның толық атауы


Заңды мәртебесі
және меншік түрі


Құрылу жылы






Басқарушы орган


        2. Мекен-жайы

Өңір (ел, облыс, аудан)


Елді мекен


Көше


Үй


Индекс


e-mail


Факс


Телекс


Тел.




       3. Банктік деректемелері

е/ш


Валюталық шот


БСК


СТН


Басшы (аты-жөні), телефон
нөмірі, ұялы телефон, мекен-жайы


Бас бухгалтер (аты-жөні)


Байланыс жасаушы тұлға (аты-жөні),
телефон


        4. Қызмет түрі

Сала


Кіші сала

N

Өнім түрі

Қызмет түрі







Жылдық айналым


Нақты


   Басшы            қолы

                                    Жеке және заңды тұлғаларды
                             арнайы экономикалық аймақтың аумағында
                               қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру
                                         ережесіне 3-қосымша

                        Үлгілік нысан

            __________________________________________
                     уәкілетті орган атауы
       " ____________________________________________ "
               арнайы экономикалық аймақтың атауы
         "Арнайы экономикалық аймақ әкімшілігі"
                  мемлекеттік мекемесі
      " ____________________________________________ "
              арнайы экономикалық аймақтың атауы
  Арнайы экономикалық аймақ қатысушы ретінде жіберуді алу
                       КУӘЛІГІ
              ________________________________
                        (тіркеу нөмірі)
                                              200_ж. "__" _______
Заңды тұлғаның атауы:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Заңды тұлғаның орналасқан жері:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

                 ҚҰРЫЛТАЙ ҚҰЖАТТАРЫНА СӘЙКЕС
       ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ ШЕҢБЕРІНДЕ
        КУӘЛІК АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТЫҢ АУМАҒЫНДА
         "________________________________________"
             арнайы экономикалық аймақтың атауы
            ҚЫЗМЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА ҚҰҚЫҚ БЕРЕДІ

  "___________________________________"
   арнайы экономикалық аймақтың атауы
  "Арнайы экономикалық аймақ әкімшілігі"
  мемлекеттік мекемесінің директоры
  аты-жөні

Сериясы  N ______

                                   Жеке және заңды тұлғаларды
                           арнайы экономикалық аймақтың аумағында
                            қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру
                                    ережесіне 4-қосымша

Ұйым бланкісінде
200__ жыл "__" ________
N______

                                                                                     "____________________________________"
                             арнайы экономикалық аймақтың атауы
                       "Арнайы экономикалық аймақ әкімшілігі"
                       мемлекеттік мекемесі

Мынадай жағдайларда:
   "_____________________________________" АЭА аумағында
     арнайы экономикалық аймақтың атауы
____________________________________________________________________
  (жеке тұлғаның аты-жөні, заңды тұлғаның, кәсіпорынның атауы)

тіркеуге өтінім қабылдауыңызды сұраймын.

Қызмет мәні
____________________________________________________________________
(бағдарламалық өнімнің немесе аппараттық өнімнің және т.б.өндірілуі)

      Шығарылатын өнімнің атауы:
      Қызмет түрі:
      Меншік түрі:
      Қаржыландыру көзі: банк, акционерлік капитал және т.б.
      Меншікті капитал:
      Қаржыландырудың қосымша көздері: шетелдік инвестициялар,
      облигациялар және т.б.
      Өндірісте жұмыспен қамтылған персоналдық болжамдық саны:
      "_____________________________________" АЭА қатысушылары
        арнайы экономикалық аймақтың атауы

      ретінде тіркеу үшін құжаттар қоса беріледі.

      Басшы

                           Арнайы экономикалық аймақтың аумағында
                          қызметті жүзеге асыруда жеке және заңды
                             тұлғаларға рұқсат беру ережесіне
                                          5-қосымша

                          " _______________________________ " АЭА
                           арнайы экономикалық аймақтың атауы

                          САУАЛНАМА

      1. Жалпы мәліметтер

Ұйымның толық атауы


Заңды мәртебесі
және меншік түрі


Құрылу жылы






Басқарушы орган


        2. Мекен-жайы:

Өңір (ел, облыс, аудан)


Елді мекен


Көше


Үй


Индекс


e-mail


Факс


Телекс


Тел.




       3. Банктік деректемелері

е/ш


Валюталық шот


БСК


СТН


Басшы (аты-жөні), телефон
нөмірі, ұялы телефон, мекен-жайы


Бас бухгалтер (аты-жөні)


Байланыс жасаушы тұлға (аты-жөні),
телефон


        4. Қызмет түрі

Сала


Кіші сала

N

Өнім түрі

Қызмет түрі







Жылдық айналым


Нақты


   Басшы        қолы

                                 Жеке және заңды тұлғаларға
                         арнайы экономикалық аймақтың аумағында
                            қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру
                                     ережесіне 6-қосымша

                        Үлгілік нысан
          _____________________________________________
                      уәкілетті орган атауы

           " ____________________________________ "
                арнайы экономикалық аймақтың атауы
          "Арнайы экономикалық аймақ әкімшілігі"
                  мемлекеттік мекемесі
          " _____________________________________ "
               арнайы экономикалық аймақтың атауы
    Арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтің өзге
        де түрлерін жүзеге асыру үшін жіберуді алу
                          КУӘЛІГІ
                ________________________________
                        (тіркеу нөмірі)
                                               200_ж."__" _______
Жеке/заңды тұлғаның атауы:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Жеке/заңды тұлғаның орналасқан жері:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

            ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ ШЕҢБЕРІНДЕ
            КУӘЛІК АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТЫҢ АУМАҒЫНДА
              "_____________________________________"
                арнайы экономикалық аймақтың атауы
               ҚЫЗМЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА ҚҰҚЫҚ БЕРЕДІ
"____________________________________"
   арнайы экономикалық аймақтың атауы
  "Арнайы экономикалық аймақ әкімшілігі"
мемлекеттік мекемесінің директоры
аты-жөні

      Сериясы       N _______