Жеке және заңды тұлғаларды арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асырауға жіберу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2007 жылғы 15 қазандағы N 302 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 8 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4986 болып енгізілді.

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 шілдедегі Заңының  9-бабының  4) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жеке және заңды тұлғаларды арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асыруға жіберу ережесі бекітілсін.

      2. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр

       "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрінің міндетін атқарушы
      2007 жылғы 20 қазан

Қазақстан Республикасы Индустрия 
және сауда министрінің 2007 жылғы
15 қазанда N 302 бұйрығымен  
бекітілген           

Жеке және заңды тұлғаларды арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асыруға жіберу ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жеке және заңды тұлғаларды арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асыруға жіберу ережесі (бұдан әрі - ереже) "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Заң)  9-бабының  4) тармақшасына сәйкес әзірленген және жеке және заңды тұлғаларды арнайы экономикалық аймақтың аумағында (бұдан әрі - АЭА) қызметті жүзеге асыруға жіберу тәртібін айқындайды.

      2. АЭА құру мақсатына сәйкес АЭА әкімшілігі заңды тұлғаларды АЭА қатысушылары ретінде, сондай-ақ АЭА тиімді жұмыс істеуі мен дамыту мақсатына жету үшін қажетті қызметтің өзге де түрлерін жүзеге асыру үшін жеке және заңды тұлғаларға рұқсат беруді жүзеге асырады.

      3. АЭА әкімшілігі жеке және заңды тұлғаларға рұқсат беруді уәкілетті және кеден органдарымен келісім бойынша жүзеге асырады.

  2. Заңды тұлғаларды АЭА қатысушылары ретінде
жіберу тәртібі

      4. Заңды тұлғаларға АЭА қатысушылары ретінде рұқсат беру оларды АЭА-ның құқықтың режиміне орналастыру мақсатымен жүзеге асырылады.

      5. АЭА қатысушылары ретінде рұқсат беру үшін заңды тұлғаларды іріктеу кезінде мынадай өлшемдер есепке алынады:
      1) қаржылық дәулеттілік және кредиттік қабілеттік;
      2) өндірістің мәлімделген нысанында бизнесті жүргізу тәжірибесі;
      3) олардың қызметінің АЭА мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі;
      4) пайдаланылатын технологиялардың және түпкілікті өнімнің мемлекеттік және халықаралық стандарттарға сәйкестігі.
      АЭА әлеуетті қатысушылардың іріктеу өлшемдеріне сәйкессіздігі жіберуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

      6. АЭА-ға қатысушылар ретінде заңды тұлғаларды жіберу екі деңгейде жүзеге асырылады:
      1) жобаларды бастапқы іріктеу;
      2) жобаларды сараптамалық талдау.

      7. Жобаларды бастапқы іріктеудің мақсаты жобаның АЭА мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі болып табылады.

      8. Бастапқы іріктеуден өту үшін әлеуетті қатысушы оператор-компанияға алдын ала қарастыру үшін жобаның бизнес-жоспарын ұсынады.

      9. Жобаның бизнес-жоспары:
      жобаның бас жоспарынан;
      инженерлік инфрақұрылымға мұқтаждықтан: теміржолдан, автожолдан, энергия тасмалдағыштардан, судан, жылудан, будан және басқалардан;
      өнеркәсіптік ағынды сулардың, ағынды суларда зиянды заттардың шоғырлануының болуынан;
      атмосфераға өнеркәсіптік қалдықтарды шығарудың болуынан, шығару сипаттамасынан және олардың шоғырлануынан; аумақта орналасқан өндіріс қуаттарының ара қатынасынан;
      экспортқа жіберілген түпкілікті өнімнің көлемінен;
      импорт алмастыру бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын түпкілікті өнімнің көлемінен;
      шығарылған өнімнің бәсекеге қабілеттілігінен;
      жобаның экономикалық тартымдылығын бағалау үшін қажетті мәліметтерден тұруы тиіс.

      10. Оператор-компания жобаның бизнес-жоспарын ұсынған заңды тұлға туралы мәліметті тізілімге енгізеді және 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жобаның бизнес-жоспарын қарастырады.
      Бизнес-жоспар жобасын АЭА мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келмеген кезде оператор-компания сараптамалық талдауға қабылдаудан бас тарту себебінің негіздемесімен хабарлама жібереді.

      11. Жоба бизнес-жоспарының АЭА мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі кезінде оператор-компания сараптамалық талдауды жүргізу үшін АЭА әкімшілігіне беру үшін осы Ереженің  1-қосымшасына  сәйкес нысан бойынша рұқсат беруді алуға АЭА әлеуетті қатысушыдан өтінім сұрайды.

      12. Рұқсат беруді алуға өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) осы Ереженің  2-қосымшасына  сәйкес нысан бойынша АЭА-ға қатысушының сауалнамасы;
      2) нотариалдық куәландырылған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік;
      3) нотариалдық куәландырылған заңды тұлғаның статистикалық карточкасы;
      4) бірінші басшының және бас бухгалтердің жеке басы куәлігінің көшірмесі;
      5) нотариалдық куәландырылған салық төлеушінің тіркеу нөмірі немесе салық төлеушінің сәйкестік нөмірінің көшірмесі;
      6) заңды тұлғаның нотариалдық куәландырылған жарғысы;
      7) АЭА аумағындағы қызметті жүзеге асыруға қатысу туралы акционерлердің немесе заңды тұлға қатысушыларының нотариалдық куәландырылған шешімі;
      8) бірінші басшы немесе оны ауыстырушы тұлға, сондай-ақ бас бухгалтер (бухгалтер) қол қойған соңғы қаржылық жылға арналған бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
      9) қызмет көрсететін банкінің соңғы жылғы есеп бойынша орташа айлық айналымдарды көрсете отырып өтінім беруші-кәсіпорынның қаржылық жай-күйі туралы анықтамасы (картотека және қарыздық берешек бойынша мәлімет);
      10) олар үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен аудитті міндетті өткізу белгіленген, заңды тұлғалардың соңғы қаржылық жылға арналған аудиторлық есептің түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
      11) салық органынан тіркеу есебінің орны бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегінің бар болуы/жоқ болуы туралы анықтама;
      12) жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі.

      13. Оператор-компанияның өтінімін өтінім беруші ұсынғаннан кейін өтінім тіркеу журналында тіркеледі. Өтінім берген күн өтінімді тіркеу күні болып табылады.
      Өтінімді тіркеу журналына тіркегеннен бастап, 30 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, оператор-компания АЭА-ға қызметін келісу және өтінім берушінің іріктеу өлшемдеріне сәйкестігін айқындау үшін жобаның сараптамалық талдауын жүргізеді.
      Өтінім беруші АЭА-ға қатысушының өлшемдеріне сәйкестік кезінде, оператор-компания АЭА әкімшілігіне АЭА аумағындағы қызметті жүзеге асыруға жіберу туралы ұсыныс енгізеді, сәйкессіздік кезінде - өтінім 3 күн ішінде қайтарылу себебін негіздемеумен өтінім берушіге қайтарылады.

      14. АЭА әкімшілігі рұқсат алуға оператор-компанияның ұсынысы негізінде ұсынылған өтінімді:
      өтінімді тіркеу журналына тіркейді;
      өтінімді тіркеу журналына өтінімді тіркеу сәтінен 15 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарастырады;
      уәкілетті және кеден органдарымен келіседі.
      Өтінімді қарастыру және келісу қорытындысы бойынша АЭА әкімшілігінің уәкілетті және кеден органдары АЭА аумағындағы қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      15. АЭА әкімшілігі АЭА қатысушысы ретінде өтінім берушіні рұқсат беру туралы шешімді қабылдау жағдайында:
      өтінім беруші туралы мәліметті тіркелімге және электрондық дерекқорға енгізеді
      АЭА-ға қатысушыны тіркеу туралы растауды береді;
      АЭА-ға қатысушы ретінде жіберуді алуға осы Ережеге  3-қосымшаға  сәйкес нысан бойынша куәлікті береді.
      АЭА-ға қатысушы ретінде рұқсатты алуға куәлік арнайы баспалық тәсілмен дайындалған, кемінде үш қорғау дәрежесі бар қатаң есептілік бланкісі болып табылады.

      16. АЭА қатысушысы ретінде заңды тұлғаны рұқсат беру туралы шешім заңды тұлға заңнамада белгіленген тәртіпте:
      АЭА мекен-жай бойынша заңды тұлғаның орналасқан жерін көрсете отырып құрылтай құжатына өзгерістер енгізуді;
      АЭА аумағындағы салық органына есепке қоюды;
      сыртқы экономикалық қызметке (СЭҚ) қатысушының карточкасын кеден органы алуды жүзеге асырады.

      17. Шарттың қолданулы мерзімі аяқталған, сондай-ақ АЭА қатысушысымен шартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда АЭА-ға қатысушы ретінде жіберуді алуға куәліктің күші жойылады.
      Тиісті өзгерістер тіркелімге және электрондық дерекқорға енгізіледі.

  3. Жеке және заңды тұлғаларды АЭА аумағындағы қызметтің
өзге де түрлерін жүзеге асыру үшін рұқсат беру тәртібі

      18. Қызметтің өзге де түрлерін жүзеге асыру үшін АЭА аумағына жіберуді алуға үміткер жеке және заңды тұлғалар оператор-компанияға осы Ережеге  4-қосымшаға  сәйкес нысан бойынша рұқсат алуға өтінім береді.
      Рұқсат беруді алуға өтінімге мыналар қоса беріледі:
      1) осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнаманы;
      2) нотариалдық куәландырылған заңды тұлға үшін статистикалық карточканы;
      3) жеке тұлға үшін, заңды тұлға үшін жеке бас куәлігінің көшірмесі бірінші басшының және бас бухгалтердің жеке бас куәлігінің көшірмесі;
      4) нотариалдық куәландырылған салық төлеушінің тіркеу нөмірі немесе салық төлеушінің сәйкестік нөмірі;
      5) заңды тұлға үшін нотариалдық куәландырылған жарғыны;
      6) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлікті қамтиды.

      19. Оператор-компания өтінімді өтінімдерді тіркеу журналында тіркейді және өтінімді тіркелген сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде қарайды.
      АЭА тиімді жұмыс істеу және дамытуы мақсатына жетуде өтінім беруші қызметіне сәйкестігі жағдайында, оператор-компания АЭА әкімшілігіне АЭА аумағында қызметті жүзеге асыруда жеке және заңды тұлғаға рұқсат беру туралы ұсынысты енгізеді, сәйкессіздік жағдайында - өтінімді 3 күннен аспайтын мерзімде өтінім берушіге қайтарады.

      20. АЭА әкімшілігі оператор-компанияның ұсынуы негізінде өтінімді 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарастырады және уәкілетті және кеден органымен келіседі.
      Өтінімді қарау және уәкілетті және кеден органымен келісу қорытындысы бойынша АЭА әкімшілігі АЭА аумағына қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру немесе оның бас тартуы туралы шешім қабылдайды.

      21. АЭА әкімшілігі қызметтің өзге де түрлерін жүзеге асыру үшін АЭА аумағына жеке және заңды тұлғаға рұқсат беру туралы шешім қабылдаған жағдайда:
      жеке және заңды тұлға туралы мәліметті тіркелімге және электрондық дерекқорға енгізеді;
      осы Ережеге  6-қосымшаға  сәйкес нысан бойынша АЭА аумағында қызметтің өзге де түрлерін жүзеге асыру үшін рұқсатты алуға куәлікті береді.
      АЭА аумағында қызметтің өзге түрлерін жүзеге асыру үшін рұқсат алуға куәлік арнайы баспалық тәсілмен әзірленген, кемінде үш қорғау дәрежесі бар, қатаң есептілік бланкісі болып табылады.

      22. Шартың қолдану мерзімі аяқталған, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар шартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда рұқсатты алуға куәліктің күші жойылады.
      Тиісті өзгерістер тіркелімге және электрондық дерекқорға енгізіледі.

  4. Қорытынды ережелер

      23. АЭА аумағында қызметтің басымды, сондай-ақ өзге де түрлерін жүзеге асыру үшін рұқсат беруге бас тартумен келіспеген жағдайда АЭА әкімшілігінің әрекетіне заңда белгіленген тәртіпте шағымдана алады.

      24. Өтінім берушімен және оператор-компания арасындағы, сондай-ақ өтінім берушімен және АЭА әкімшілігі арасындағы даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.

      25. АЭА қатысушыларының, сондай-ақ АЭА аумағында қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың құқықтарына кепілдік беру "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  12-бабына  және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қамтамасыз етіледі.

                                   Жеке және заңды тұлғаларды
                            арнайы экономикалық аймақтың аумағында
                           қызметті жүзеге асыруға жіберу ережесіне
                                              1-қосымша

Ұйым бланкісінде
200__ жыл "__" ________
N _____

                  "_________________________________________"
                          арнайы экономикалық аймақтың атауы
                    "Арнайы экономикалық аймақ әкімшілігі"
                                    мемлекеттік мекемесі

Мынадай жағдайларда:
      "___________________________________" АЭА қатысушысы ретінде
       арнайы экономикалық аймақтың атауы ____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      (заңды тұлғаның, кәсіпорынның атауы)
тіркеуге өтінімді қабылдауыңызды сұраймыз.

Қызмет мәні
________________________________________________________________________________________________________________________________________
(бағдарламалық өнімнің немесе аппараттық өнімнің және т.б.өндірілуі)

      Шығарылатын өнімнің атауы:
      Қызмет түрі:
      Меншік түрі:
      Қаржыландыру көзі: банк, акционерлік капитал және т.б.
      Меншікті капитал:
      Қаржыландырудың қосымша көздері: шетелдік инвестициялар,
      облигациялар және т.б.
      Өндірісте жұмыспен қамтылған персоналдық болжамдық саны:
      "_____________________________________" АЭА қатысушылары
        арнайы экономикалық аймақтың атауы

ретінде тіркеу үшін құжаттар қоса беріледі.

Басшы

                                    Жеке және заңды тұлғаларды
                              арнайы экономикалық аймақтың аумағында
                                қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру
                                        ережесіне 2-қосымша

                       " _______________________________ "  АЭА
                         арнайы экономикалық аймақтың атауы

          АЭА ӘЛЕУЕТТІ ҚАТЫСУШЫСЫНЫҢ САУАЛНАМАСЫ

      1. Жалпы мәліметтер

Ұйымның толық атауы

  

 

Заңды мәртебесі
және меншік түрі

  

Құрылу жылы

  

  

  

  

  

 

Басқарушы орган

  

      2. Мекен-жайы

Өңір (ел, облыс, аудан)

  

Елді мекен

  

 

Көше

 

Үй

 

Индекс

 

e-mail

 

Факс

 

Телекс

 

Тел.

 

 

 

      3. Банктік деректемелері

е/ш

  

Валюталық шот

  

БСК

  

СТН

  

Басшы (аты-жөні), телефон
нөмірі, ұялы телефон, мекен-жайы

  

Бас бухгалтер (аты-жөні)

  

Байланыс жасаушы тұлға (аты-жөні),
телефон

  

      4. Қызмет түрі

Сала

  

Кіші сала

 

N

Өнім түрі

Қызмет түрі

  

  

  

  

  

  

Жылдық айналым

  

Нақты

  

 Басшы            қолы

                                    Жеке және заңды тұлғаларды
                             арнайы экономикалық аймақтың аумағында
                               қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру
                                         ережесіне 3-қосымша

                        Үлгілік нысан

            __________________________________________
                     уәкілетті орган атауы  
       " ____________________________________________ "
               арнайы экономикалық аймақтың атауы
         "Арнайы экономикалық аймақ әкімшілігі"
                  мемлекеттік мекемесі
       " ____________________________________________ "
              арнайы экономикалық аймақтың атауы
  Арнайы экономикалық аймақ қатысушы ретінде жіберуді алу
                       КУӘЛІГІ
              ________________________________
                        (тіркеу нөмірі)
                                              200_ж. "__" _______
Заңды тұлғаның атауы:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Заңды тұлғаның орналасқан жері:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

                 ҚҰРЫЛТАЙ ҚҰЖАТТАРЫНА СӘЙКЕС
       ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ ШЕҢБЕРІНДЕ
        КУӘЛІК АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТЫҢ АУМАҒЫНДА
         "________________________________________"
             арнайы экономикалық аймақтың атауы
            ҚЫЗМЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА ҚҰҚЫҚ БЕРЕДІ

  "___________________________________"
   арнайы экономикалық аймақтың атауы
  "Арнайы экономикалық аймақ әкімшілігі"
  мемлекеттік мекемесінің директоры
  аты-жөні

Сериясы  N ______

                                   Жеке және заңды тұлғаларды
                           арнайы экономикалық аймақтың аумағында
                            қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру
                                    ережесіне 4-қосымша

 Ұйым бланкісінде
 200__ жыл "__" ________
 N______

                                                                                     "____________________________________"
                             арнайы экономикалық аймақтың атауы
                       "Арнайы экономикалық аймақ әкімшілігі"
                       мемлекеттік мекемесі

 Мынадай жағдайларда:
   "_____________________________________" АЭА аумағында
     арнайы экономикалық аймақтың атауы
____________________________________________________________________
  (жеке тұлғаның аты-жөні, заңды тұлғаның, кәсіпорынның атауы)

тіркеуге өтінім қабылдауыңызды сұраймын.

Қызмет мәні
____________________________________________________________________
(бағдарламалық өнімнің немесе аппараттық өнімнің және т.б.өндірілуі)

      Шығарылатын өнімнің атауы:
      Қызмет түрі:
      Меншік түрі:
      Қаржыландыру көзі: банк, акционерлік капитал және т.б.
      Меншікті капитал:
      Қаржыландырудың қосымша көздері: шетелдік инвестициялар,
      облигациялар және т.б.
      Өндірісте жұмыспен қамтылған персоналдық болжамдық саны:
      "_____________________________________" АЭА қатысушылары
        арнайы экономикалық аймақтың атауы

      ретінде тіркеу үшін құжаттар қоса беріледі.

      Басшы

                           Арнайы экономикалық аймақтың аумағында
                          қызметті жүзеге асыруда жеке және заңды
                             тұлғаларға рұқсат беру ережесіне
                                          5-қосымша

                          " _______________________________ "  АЭА
                           арнайы экономикалық аймақтың атауы

                          САУАЛНАМА

      1. Жалпы мәліметтер

Ұйымның толық атауы

  

 

Заңды мәртебесі
және меншік түрі

  

Құрылу жылы

  

  

  

  

  

 

Басқарушы орган

  

      2. Мекен-жайы:

Өңір (ел, облыс, аудан)

  

Елді мекен

  

 

Көше

 

Үй

 

Индекс

 

e-mail

 

Факс

 

Телекс

 

Тел.

 

 

 

      3. Банктік деректемелері

е/ш

  

Валюталық шот

  

БСК

  

СТН

  

Басшы (аты-жөні), телефон
нөмірі, ұялы телефон, мекен-жайы

  

Бас бухгалтер (аты-жөні)

  

Байланыс жасаушы тұлға (аты-жөні),
телефон

  

      4. Қызмет түрі

Сала

  

Кіші сала

 

N

Өнім түрі

Қызмет түрі

  

  

  

  

  

  

Жылдық айналым

  

Нақты

  

 Басшы        қолы

                                 Жеке және заңды тұлғаларға
                         арнайы экономикалық аймақтың аумағында
                            қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру
                                     ережесіне 6-қосымша

                        Үлгілік нысан
          _____________________________________________
                      уәкілетті орган атауы

            " ____________________________________ "
                арнайы экономикалық аймақтың атауы
          "Арнайы экономикалық аймақ әкімшілігі"
                  мемлекеттік мекемесі
           " _____________________________________ "
               арнайы экономикалық аймақтың атауы
    Арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтің өзге
        де түрлерін жүзеге асыру үшін жіберуді алу
                          КУӘЛІГІ
                ________________________________
                        (тіркеу нөмірі)
                                               200_ж."__" _______
Жеке/заңды тұлғаның атауы:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Жеке/заңды тұлғаның орналасқан жері:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

            ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ ШЕҢБЕРІНДЕ
            КУӘЛІК АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТЫҢ АУМАҒЫНДА
              "_____________________________________"
                арнайы экономикалық аймақтың атауы
               ҚЫЗМЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА ҚҰҚЫҚ БЕРЕДІ
 "____________________________________"
   арнайы экономикалық аймақтың атауы  
 "Арнайы экономикалық аймақ әкімшілігі"
 мемлекеттік мекемесінің директоры
 аты-жөні

      Сериясы       N _______