Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды лицензиялау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы N 168 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2007 жылғы 15 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4873 болып енгізілді.

Жаңартылған

       Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 21 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз

      Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұсынылып отырған Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды құру, қызметін лицензиялау, реттеу, тоқтату ережесін бекіту туралы" Агенттік Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 34 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4176 тіркелген);
      2) "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерін  жүзеге асыратын ұйымдарды құру, қызметін лицензиялау, реттеу, тоқтату ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 34 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Агенттік Басқармасының 2006 жылғы 27 мамырдағы N 118 Қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4252 тіркелген).

      3. <*>
      Ескерту. 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      5. Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап алты ай ішінде өз қызметін Ереже талаптарына сәйкестендірсін.

      6. Лицензиялау басқармасы (Ә.Ж. Нәжімеденова):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.

      7. Агенттіктің Төраға Қызметі (Заборцева Е.Н.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жөнінде шаралар қабылдасын.

      8. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық Банкімен келісілді
      2007 жылғы 6 шілде
      ____________________________
      (қолы, күні, елтаңбалық мөр)

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын 
және қаржы ұйымдарын реттеу мен   
қадағалау агенттігі Басқармасының  
2007 жылғы 25 маусымдағы     
N 168 қаулысымен бекітілген     

  Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдарды лицензиялау ережесі

      Осы Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды лицензиялау ережесі (бұдан әрі – Ереже) 1995 жылғы 31 тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» (бұдан әрі - Банктер туралы заң), 1995 жылғы 23 желтоқсандағы «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» (бұдан әрі - Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы заң), 2003 жылғы 2 шілдедегі «Бағалы қағаздар рыногы туралы», 2003 жылғы 4 шілдедегі «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы», 2007 жылғы 11 қаңтардағы  «Лицензиялау туралы» (бұдан әрі - Лицензиялау туралы заң) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және лицензиялау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінің (бұдан әрі - уәкілетті орган) құзыретіне кіретін банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың тәртібі мен талаптарын анықтайды.
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 21 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

1-тарау. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды лицензиялау

      1. Банктер туралы Заңның 30-бабының 2-тармағында көзделген банктік операцияларды жүргізуге банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға (бұдан әрі - банктік емес ұйым) лицензияны Банктер туралы Заңның 30-бабының 7-тармағында көзделген жағдайлардан басқа жағдайда уәкілетті орган береді.

      2. Ешбір банктік емес ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Ереженің 10-тармағында көзделген жағдайлардан басқа жағдайда, Банктер туралы заңының 30-бабының 2-тармағының 1), 2) тармақшаларында көзделген банк операцияларын жүзеге асыра алмайды.
      Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.12.24. N 272 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз), 2009.08.28 N 197 Қаулыларымен.

      3. Банктік емес ұйымға Банктер туралы заңда көзделген бір немесе бірнеше операцияларды жүргізуге арналған лицензия тек банктер ғана жүзеге асыра алатын банк операцияларын қоспай беріледі.
      Банктік емес ұйым жүзеге асыратын банктік заем операциясын басқа банктік операцияларының басқа түрлерін қосып атқаруға болмайды.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 21 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      4. Өтініш иесі лицензияны алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттар береді:
      1) осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес лицензия беру туралы өтініш;
      2)  кез-келген ұйымдастыру-құқықтық нысанда құрылған заңды тұлға ретінде өтініш иесінің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі мен Жарғының нотариатта куәландырылған көшірмелерін;
      РҚАО-ның ескертуі!
      2010.08.13 бастап 3) тармақша алынып тасталады - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.03.29 N 47 қаулысымен.
      3) салық төлеушінің тіркеу нөмірі туралы куәлігінің нотариалды расталған көшірмесі;
      4) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы жөніндегі лицензиялық алымды бюджетке төлегенін растайтын құжатты;
      5) барлық жоспарланып отырған операциялар бойынша лицензияны алу мақсатын ашатын, өтініш беруші ыңғайланып отырған рынок сегментін, қызмет түрлерін, маркетинг жоспарын, ұйым қызметін қаржыландырудың көздерін, алғашқы үш қаржылық (операциялық) жылдағы кірістер мен шығыстардың болжамын ашатын және өтініш берушіде өзінің қызметінің жоспарына сәйкес келетін құрылымдық бөлімше бар болғандығын көрсететін бизнес-жоспар;
      6) Қазақстан Республикасының банктік заңнамасының талаптарына сәйкес банктік емес ұйымның банктік операцияларды жүргізудің жалпы талаптары жөніндегі ережесін;
      7) осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес банктік емес ұйымның атқарушы органының бірінші басшысы және бас бухгалтері туралы электронды және қағаз жеткізушімен берілетін мәліметтер;
      8) осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес құжаттарды ұсынған күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша акционерлер (қатысушылар) туралы мәліметтер;
      9) алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.12.24. N 272 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      10) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын филиалдардың (осылар бар болса) тізімі және осындай филиалдар туралы ережелерінің нотариатта куәландырылған көшірмелері;
      11) жарғы капиталының барынша төмен мөлшерінің толық төленгендігін растайтын құжаттар - төлем тапсырмалары, кассалық кіріс ордерлері (акционерлік қоғамның ұйымдастыру-құқықтық нысандағы заңды тұлғаларынан басқа).
      Банктік емес ұйымның әрбір түрі бойынша жарғы капиталының барынша төмен мөлшерін уәкілетті орган белгілейді және ол осы сома шегінде тек қана ақшамен төленуі тиіс (банкаралық ақша аудару жүйесінің операторынан, сондай-ақ аграрлық-өнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингінің шешімімен банктік емес ұйымның жарғы капиталын қалыптастырудың өзге мөлшері мен жарғы капиталын қалыптастыру тәртібі көзделуі мүмкін жеке жағдайлардан басқа).
      Жарғы капиталының барынша төмен мөлшеріне төлем жасау талаптары жарғы капиталының қалыптасуы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделетін коммерциялық емес ұйымдарға таратылмайды.
      Ескерту: 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.12.24. N 272 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз), 2008.11.28 N 182, 2009.08.28 N 197, 2010.03.29 N 47 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.

      5. Ипотекалық ұйымдар лицензия алу үшін осы Ереженің 4 тармағында көрсетілген құжаттардан басқа қосымша мыналарды береді:
      1) осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес Директорлар кеңесінің бірінші басшысы және мүшелері, атқарушы орган мүшелері туралы электронды және қағаз жеткізушімен берілетін мәліметтерді;
      2) Банктер туралы Заңның 34-бабына сәйкес әзірленген ішкі кредиттік саясат туралы ережені;
      3) ішкі аудит туралы ережені.

      6. <*>
      Ескерту. 6-тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 21 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      7. <*>
      Ескерту. 7-тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 21 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      8. Қор биржасы, орталық депозитарий лицензия алу үшін осы Ереженің 4-тармағының 1), 4), 5), 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      Ескерту: 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.12.24. N 272 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      9. Аграрлық-өнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа мыналарды береді:
      1) Банктер туралы Заңның 34-бабына сәйкес әзірленген ішкі кредиттік саясат туралы ереже;
      2) ішкі аудит туралы ереже (акционерлік қоғамның ұйымдастыру-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлғалар үшін).
      Ескерту: 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.28 N 197 қаулыcымен.

      10. Банктер туралы Заңның 30-бабының 2-тармағының 6) тармақшасында көзделген банк операцияларын жүргізуге лицензия қор биржасына, орталық депозитарийге, банкаралық ақша аудару жүйесінің операторына беріледі.
      Банктер туралы Заңның 30-бабының 2-тармағының 6) тармақшасында көзделген банк операцияларын қор биржасы, орталық депозитарий, осы көрсетілген заңды тұлғаларда Банктер туралы Заңның 30-бабының 2-тармағының 1) және (немесе) 3) тармақшаларында көзделген банк операцияларын жүргізуге уәкілетті органның лицензиясы бар болғанда, жүзеге асырады.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 21 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      10-1. Өзге заңды тұлғалар Банктер туралы Заңының 30-бабының 2-тармағының 1) және 6) тармақшаларында көзделген банк операцияларын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өкілеттіктері шегінде жүргізеді.
      Ескерту: 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.28 N 197 қаулыcымен.

      11. Алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.12.24. N 272 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      12. Алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.12.24. N 272 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      13. Осы Ереженің 4, 5, 9-тармақтарында аталған, бірнеше парақтардан тұратын құжаттар нөмірленген, тігілген және соңғы парақтың екінші бетінде тігілім шетіне желімделген парақтардың саны көрсетіліп, ішінара жапсырманың жоғарғы жағына өтініш иесінің мөрімен расталған күйінде ұсынылады. Құжаттардың көшірмелері осындай құжаттарға қол қою және өтініш иесінің мөрінің бедерімен растау құқығы бар өтініш иесінің лауазымды тұлғаларының қолдарымен расталады.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.12.24. N 272 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      14. Алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.12.24. N 272 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      15. Лицензия алуға ұсынылған құжаттарды уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мерзімде қарайды.

      16. Өтініш иесінің және лицензияны алуға ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасымен, оның ішінде осы Ережемен сәйкес келген жағдайда өтініш иесіне лицензия осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес беріледі.

      17. <*>
      Ескерту. 17-тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 21 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      18. Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүргізуге арналған лицензиясы бар заңды тұлға лицензияны алуға арналған өтініште көрсетілген мекен-жайлары өзгерген, сондай-ақ осы Ереженің 4-тармағының 2), 7), 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін жағдайда уәкілетті органға осындай өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап он төрт күн ішінде осындай өзгерістер мен толықтырулар енгізілген құжаттарды береді.
      Ескерту: 18-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.28 N 197 қаулыcымен.

      19. Банктік емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктерінің ашылуы (қайта тіркелу, қызметін тоқтату) кезінде әділет органдарында филиалды (өкілдікті) есепке алып тіркелген (қайта тіркелген, есептен шығарылған) күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде банктік емес ұйым уәкілетті органға филиалдың немесе өкілдіктің есепке алып тіркелуі туралы куәліктің нотариатта куәландырылған көшірмесін (филиалды (өкілдікті) есептен шығару туралы бұйрық, есепке алынып қайта тіркелуі туралы куәлік, есепке алып тіркелуі туралы куәлікті жою) қоса беріп, филиалды (өкілдікті) ашу (қызметін тоқтату) туралы хабарлама береді.
      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.12.24. N 272 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз), 2009.08.28 N 197 Қаулыларымен.

      20. Лицензияны беруден бас тарту Банктер туралы Заңның 27-бабымен, Лицензиялау туралы Заңның 45-бабымен көзделген негіздемелер бойынша жасалады.

      21. Банктік емес ұйымның лицензиясын қайта ресімдеу Лицензиялау туралы Заңда белгіленген тәртіп пен негіздеме бойынша жасалады.

      22. Лицензия жоғалған, бүлінген жағдайда уәкілетті орган банктік емес ұйымнан жазбаша өтініш алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде лицензияның телнұсқаның оң жақ жоғарғы бұрышына нөмірі мен "Телнұсқа" деген жазба жасау және нөмір беру арқылы береді.

      23. Уәкілетті орган банктік емес ұйымға Банктер туралы Заңның 27-бабымен, Банктер туралы Заңның 46-бабымен47-бабының 2 тармағының а), б) тармақшаларымен, Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы Заңның 5-4-баптарымен және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-1-бабымен көзделген негіздемелер бойынша көзделген шектеулі ықпал ету шаралары мен санкцияларын қолдана алады.
      Ескерту: 23-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.28 N 197 қаулыcымен.

      24. Уәкілетті органның лицензияның қолданылуын тоқтата тұру не айыру туралы шешімі банктік емес ұйымға орындау үшін жіберіледі және уәкілетті органның ресми басылымдарында жарияланады.
      Ескерту: 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.28 N 197 қаулыcымен.

      25. Лицензиясы тоқтатыла тұрған банктік емес ұйым ай сайын әр айдың оныншы күнінен кешіктірмей (лицензияның қолданылуы қайта басталу күніне не лицензияның тоқтатыла тұру мерзімі аяқталғанға дейін) уәкілетті органды анықталған жөнсіздіктерді жою бойынша банктік емес ұйымы өткізген іс-шаралары туралы хабардар етеді.
      Уәкілетті орган лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдаған банктік емес ұйым:
      1) уәкілетті орган лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдаған күнінен бастап он жұмыс күн ішінде уәкілетті органға лицензияны қайтарады;
      2) уәкілетті орган лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдаған күнінен бастап екі айлық мерзімде уәкілетті органға атауының өзгеруіне байланысты (ипотекалық ұйымдар үшін) әділет органдарында қайта тіркелуін, сондай-ақ құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулардың тіркелуін (құрылтай құжаттарына банктік емес ұйымның қайта тіркелуіне әкелмейтін қызметінің түрін өзгерту негіздемелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда) растайтын құжаттарды және банктік емес ұйымының салық қызметі органдарына берілген лицензиядан айыру туралы хабарламасының көшірмесін ұсынады.
      Ескерту: 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.28 N 197 қаулыcымен.

      26. Банктік емес ұйымның банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізуге берілген лицензияны банктік емес ұйымның өтініші негізінде ерікті қайтаруы (оның ішінде лицензиядан операциялардың жекелеген түрлерін алып тастау) тек банктік емес ұйымы осы операциялар бойынша барлық міндеттемелерін орындағаннан кейін ғана жүргізіледі.
      Лицензияны ерікті қайтаруы туралы ақпарат банктік емес ұйымы республикалық маңызы бар мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде оны уәкілетті органға қайтару күніне дейін алпыс күнтізбелік күннен кешіктірмей жариялайды. Банктік емес ұйым уәкілетті органға лицензияны ерікті қайтарған кезде қолдаухатпен бірге осы тармақта көрсетілген іс-шараларды орындағанын растайтын хат жібереді.
      Ескерту: 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.28 N 197 қаулыcымен.

2-тарау. Қорытынды ережелер

      27. Уәкілетті орган уәкілетті органның ресми web-сайтында орналастыру жолымен не мүдделі тұлғалардың сұратулары бойынша лицензияны беру, айыру, тоқтата тұру, тыйым салу және жаңғырту туралы ақпаратты ашады.

      28. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешілуі тиіс.

                                          Банк операцияларының
                                        жекелеген түрлерін жүзеге
                                     асыратын ұйымдарды лицензиялау
                                           ережесіне 1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.12.24. N 272 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

_________________________________________________________________
             (уәкілетті органның толық атауы)
_________________________________________________________________
             (өтініш иесінің толық атауы)

                           ӨТІНІШ
      Мынадай банк операцияларын жүзеге асыруға лицензия беруді сұраймын:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
    (валюта түрін көрсету (ұлттық және (немесе) шетелдік)).
Өтініш иесі туралы мәліметтер:
      1. Өтініш иесінің тұратын орны
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
    (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй нөмірі)
_________________________________________________________________
       (телефон, факс).
      3. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы
куәліктің нөмірі мен күні және уәкілетті орган белгілеген жарғы
капиталының барынша төмен мөлшері.
_________________________________________________________________
      4. Жіберілетін құжаттар тізбесі, олардың әр қайсысының даналары мен парақтар саны:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________

      Өтініші иесі өтінішке қоса берілген құжаттардың (ақпараттың) шынайылығы үшін толық жауап береді.

      өтінішті беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қызметі
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
            (қолы)
200__жылғы _____________"______"
Мөрдің орны

                                            Банк операцияларының
                                         жекелеген түрлерін жүзеге
                                      асыратын ұйымдарды лицензиялау
                                          ережесіне 2-қосымша

_________________________________________________________________
(банктік емес ұйым қызметкерінің қызметі және банктік емес ұйымның
   атауы көрсетіледі)

                      туралы мәліметтер

1. Жалпы мәліметтер:

Тегі, аты, әкесінің аты

_________________________________
_________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат
пен толық сәйкес келуі, тегі,
аты, әкесінің аты (бар болса)
өзгерген жағдайда оның қай
уақытта және қандай себеппен
өзгертілгенін көрсету)

Туған күні және туған жері

________________________________
________________________________

Тұрақты тұратын жері, телефон нөмірлері

________________________________
________________________________
(елді мекеннің кодын қосқанда,
мекен-жайын жан-жақты, қызметтік,
үй, байланыс телефондарын
көрсету)

Азаматтығы

_________________________________

Жеке басын куәландыратын құжаттың толық деректемелері

________________________________
________________________________
________________________________
________________________________

Жақын туыстар (ата-анасы, ері (зайыбы), ағасы-інісі, апасы-сіңлісі,
балалары), сондай-ақ жекжаттары (ерінің (зайыбының) ата-анасы,
ағасы-інісі, апасы-сіңлісі, балалары) туралы мәліметтер:

N

Тегі, аты, әкесінің аты

Туған жылы

Туыстық қатынастары

Жұмыс орны және қызметі

1
2





       Өтініш иесінің өзге заңды тұлғаларды құруға және қызметіне қатысушы, акционер ретінде қатысуы туралы мәліметтер:

N

Заңды тұлғаның атауы тұратын орны

Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері

Өтініш иесінің заңды тұлғаның жарғы капиталындағы қатысу үлесі, акциялар саны және өтініш иесіне, заңды тұлғаның дауыс беруші акцияларының жалпы санына тиесілі акциялардың пайыздық ара-қатынасы





        2. Кәсіби деректер:

Білімі, оның
ішінде жұмыс
кәсібіне сәйкес
келетін кәсіби
білімі

______________________________________
______________________________________
(оқу орнының, факультеттің немесе
бөлімшенің атауы мен тұратын орнын,
оқыту кезеңін, иеленетін біліктілігін,
білімі туралы дипломның деректемелерін
көрсету)

Қосымша білім,
оның ішінде жұмыс
істейтін саласын-
дағы біліктілік
көтеру курстары,
ғылыми дәрежесі

______________________________________
______________________________________
(оқу орнының атауы мен тұратын орнын,
оқыту кезеңін, білімі туралы дипломның,
сертификаттың, куәліктердің
деректемелерін көрсету)

Қаржылық қызмет
көрсету саласын-
дағы жұмыс тәжіри-
бесі

______________________________________
______________________________________
(қаржы ұйымдарындағы жұмыс жылдарының
санын, қызмет түрлері бойынша аудитор,
бухгалтер қызметін иеленуді көрсету)

Басшы қызметтегі
жұмыс тәжірибесі

______________________________________
______________________________________
(бар жұмыс тәжірибесін сипаттау:
қызметтік міндеттер, кәсіби тәжірибе)

Қол жеткен
жетістіктер

______________________________________
______________________________________
(осы мәселе бойынша ақпаратты, мысалы,
ғылыми жарияланымның атын көрсету,
ғылыми әзірлеулерге, заң жобаларына
және сол сияқтыларға қатысу)

Осы мәселеге
қатысы бар басқа
ақпарат

______________________________________
______________________________________
(кандидаттың кәсіби құзыреттілігін
сипаттайтын ақпарат көрсетіледі)

      Еңбек қызметі туралы мәліметтер:

N

Жұмыс кезеңі (ай/жыл)

Ұйым атауы, атқаратын қызметі және қызметтік міндеттер, ұйымның координаттары







        3. Басқа мәліметтер:

Мемлекеттік қызмет және мемле-
кеттік басқару мүдделеріне
қарсы сыбайлас жемқорлық және
өзгеде қылмыстар үшін сотты-
лықты заңды тәртіппен белгі-
ленген тәртіп бойынша өтел-
меуінің немесе алынып таста-
луының болуы

Иә/жоқ
(егер Иә десе, онда
қылмыстық жауапкершілікке
тарту туралы үкімнің күні
мен нөмірін, 1997 жылғы 16
шілдедегі Қазақстан
Республикасының Қылмыстық
Кодексінің бабын көрсету)

Қадағалау органдарының
Қазақстан Республикасының
заңнамасын бұзғаны үшін
қызметтік міндетті орындаудан
шеттету туралы деректердің
болуы

Иә/жоқ
(егер "Иә" десе, онда осы
шараны қолданған органның
атауын және күнін көрсету)

Осының алдында банкрот болып
танылған қаржы ұйымының басшы
қызметкері болып табылды ма
не лицензияны айыру, мәжбүрлеп
тарату, консервация, акциялар-
ды мәжбүрлеп сатып алуға
қатыстылығы туралы

Ұйымның атауы, қызметі,
жұмыс кезеңі

Қаржы ұйымының басшысы
ретінде қаржылық қызмет
көрсету мәселелері бойынша
сотта ақ-қарасын ажыратуға
жауапкер ретінде тартылды ма

(мәселені және сот шешімін
қарайтын сот ақ-қарасын
ажыратуындағы жауап беруші
ұйымның атауын, күнін көрсету

Осы мәселеге қатысы бар басқа
да ақпарат

(ерікті түрде көрсетіледі)

      Мен (тегі, аты, бар болса әкесінің аты), ___________, осы ақпаратты ұқыптап тексердім және шынайы және толық болып табылатындығын растаймын _____________________ (қолы, күні).

                                            Банк операцияларының
                                         жекелеген түрлерін жүзеге
                                      асыратын ұйымдарды лицензиялау
                                            ережесіне 3-қосымша

Өтініш иесінің (заңды тұлға үшін) акционері (қатысушысы) туралы мәліметтер
_________________________________________________________________
        (Өтініш иесінің толық атауы)

      1. Өтініш иесінің акционері (қатысушысы)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
                     (толық атауы)
      Тұратын орны ______________________________________________
_________________________________________________________________
            (почталық индексі, мекен-жайы)
Байланыс деректемелері
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(телефон және факс нөмірлері, электронды почта бар болса, оның   
                               мекен-жайы)
      Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер
_________________________________________________________________
     (құжат атауы, берілген нөмірі және күні, кім берді)
Қазақстан Республикасының резиденті/резидент емес
_________________________________________________________________
Негізгі қызмет түрі  ____________________________________________
_________________________________________________________________
      2. Акционерге, өтініш иесінің дауыс беруші жалпы акциялар санына пайыздық ара қатынасы немесе өтініш иесінің жарғы капиталындағы қатысу үлесі.
_________________________________________________________________
      3. Өтініш иесінің акцияларына төлем жасау үшін ақшаны енгізер алдындағы өтініш иесі акционерінің (қатысушысының) меншікті капиталының мөлшері (өтініш иесінің жарғы капиталына қатысу үлесі) және өтініш иесінің акцияларына төлем жасау үшін енгізілген сома (өтініш иесінің жарғы капиталына қатысу үлесі)___________________
      4. Заңды тұлғалардың толық атауын және тұратын орнын көрсетіп, қатысушы, акционер ретінде өзге заңды тұлғаларды құруға және қызметіне акционердің (қатысушының) қатысуы туралы мәліметтер:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
      5. Ұйымдардың толық атауларын, тұратын орнын көрсетіп, өтініш иесінің акционерінің (қатысушысының) қатысатын холдингтері, концеріндері, қауымдастықтары, консорциумдары, өнеркәсіптік, банктік, қаржылық топтары туралы мәліметтер
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
      6. Өтініш иесінің акционерінің (қатысушысының) басшысы туралы мәліметтер:
_________________________________________________________________
      (тегі, аты, бар болса әкесінің аты)

      20__ жылғы "___"_____________.

      Өтініш иесінің акционерінің (қатысушысының) басшысының қолы ________________

      Мөрдің орны

      Өтініш иесінің акционері (қатысушысы) туралы мәліметтер
                   (жеке тұлға үшін)
_________________________________________________________________
          (Өтініш иесінің толық атауы)

      1. Өтініш иесінің акционері (қатысушысы)
_________________________________________________________________
         (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туған жылы және күні ____________________________________________
Азаматтығы_______________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат деректері  _______________________
_________________________________________________________________
(құжат атауы, берілген нөмірі, сериясы және күні, кім берді)
Тұратын орны ____________________________________________________
_________________________________________________________________
         (почталық индексі, мекен-жайы)
Байланыс деректемелері __________________________________________
_________________________________________________________________
       (телефон нөмірі, электронды почтаның адресі)
Жұмыс орны (мекен-жайын көрсетіп), қызметі ______________________
_________________________________________________________________
      2. Акционерге, өтініш иесінің дауыс беруші акцияларының жалпы санына тиесілі өтініш иесінің дауыс беруші акцияларының санына пайыздық қатынасы
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
      3. Заңды тұлғалардың толық атауын және тұратын орнын көрсетіп, қатысушы, акционер ретінде өзге заңды тұлғаларды құруға және қызметіне акционердің (қатысушының) қатысуы туралы мәліметтер:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________

      20__ жылғы "___"_____________.
      Өтініш иесінің акционерінің (қатысушысының) қолы __________

                                             Банк операцияларының
                                          жекелеген түрлерін жүзеге
                                      асыратын ұйымдарды лицензиялау
                                             ережесіне 4-қосымша

                  Қазақстан Республикасының
                        елтаңбасы

               Уәкілетті органның толық атауы

              Банктік операцияларды жүргізуге
                          Лицензия

_________________________________________________________________
   (лицензия қандай валютада (ұлттық және/немесе шетелдік)
                     берілгендігі көрсетіледі)

      Лицензия нөмірі _____ берілген уақыты _____ жылғы "___"
_________________________________________________________________
      банктік емес ұйымның толық атауы

      Осы лицензия мынадай банк операцияларын жүргізуге құқық береді:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________

      Банк операцияларын жүргізуге бірінші рет берілген лицензиялар туралы деректер:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
  (лицензияны берген мемлекеттік органның нөмірі, күні, атауы)

      Төраға (Төрағаның орынбасары)
      Мөрдің орны

      Алматы қаласы

                                             Банк операцияларының
                                          жекелеген түрлерін жүзеге
                                      асыратын ұйымдарды лицензиялау
                                             ережесіне 5-қосымша

                    Қазақстан Республикасы
                Уәкілетті органның толық атауы
       Бағалы қағаздар рыногындағы қызметті және банктік
                  операцияларды жүргізуге
                           Лицензия

      Лицензия нөмірі _____ берілген уақыты _____ жылғы "___" ___
_________________________________________________________________
           банктік емес ұйымның толық атауы
      Осы лицензия мынадай банктік операцияларды жүргізуге құқық береді:
      1. ________________________________________________________
         (лицензияның қандай валютада (ұлттық және/немесе шетел)                              берілгендігі көрсетіледі)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
      2. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыру:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
      Бірінші рет берілген лицензиялар туралы деректер:________________________________________________________
банк операцияларын
жүргізуге:_______________________________________________________
_________________________________________________________________
  (лицензияны берген мемлекеттік органның нөмірі, күні, атауы)

бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүргізуге:
_________________________________________________________________
  (лицензияны берген мемлекеттік органның нөмірі, күні, атауы)

      Төраға (Төрағаның орынбасары)
      Мөрдің орны

      Алматы қаласы