Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша қосылған құн салығын қайтару ережесін бекіту және "Салық есептілігін жасау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2006 жылғы 13 желтоқсандағы N 637 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің 2007 жылғы 26 маусымдағы N 428 бұйығы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2007 жылғы 16 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4813 болып енгізілді.

Қолданыстағы

        Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін  6-тармақтан  қараңыз.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының  Кодексіне  (Салық кодексі) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша қосылған құн салығын қайтару ережесі бекітілсін.

      2. "Салық есептілігін жасау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2006 жылғы 13 желтоқсандағы  N 637  бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4498 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша қосылған құн салығын бюджеттен қайтару туралы өтінішті жасау ережелері (302.00-нысан) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Салық тексеруі актісімен расталған қосылған құн салығын қайтару туралы өтінішті жасау ережелері (332.00-нысан) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      3. "Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау үшін қосылған құн салығын төлеушінің жеткізушілеріне қарсы тексерулер тағайындау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2005 жылғы 29 маусымдағы  N 288  бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3745 болып тіркелген, "Заң" газетінде 2006 жылғы 17 ақпанда N 28-29 (835) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Салықтық әкімшілендіру басқармасы (А.М. Қыпшақов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің ұйымдастыру-қаржылық қамтамасыз ету басқармасы (Р.Ю. Юсупов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға шаралар қабылдасын. 

      6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төрағаның міндетін
     атқарушы

Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Салық комитеті
Төрағасының міндетін атқарушы
2007 жылғы 26 мамырдағы N 428
бұйрығымен бекітілген   

Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша қосылған құн салығын қайтару ережесі

      Осы Ереже "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы  кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және салық органдарында Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша қосылған құн салығын (бұдан әрі - ҚҚС) қайтару тәртібін белгілейді.

  1-тарау. ҚҚС қайтару көзделген нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар

      1. Нөлдік ставка бойынша ҚҚС:
      1) тауарларды экспортқа өткізу бойынша айналымына.
      Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауарларды әкету Тауарларды экспорттау болып табылады;
      2) Қазақстан Республикасы резиденттерінің тазартылған қымбат металдарды - өз өндірісінің шикізатынан әзірлеген алтынды, платинаны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен қаржы ұйымдарына өткізуі бойынша айналымына;
      3) Халықаралық тасымалдар бойынша мынадай қызмет көрсетуді іске асыру жөніндегі айналымға:
      Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, соның ішінде поштаны тасымалдауға;
      Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзит жүктерін тасымалдауға;
      халықаралық қатынаста жолаушылар мен жолжүктерін тасымалдауға;
      4) Салық кодексінің  140-1-бабы  1-тармағының 3) тармақшасында және "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағында (бұдан әрі - АЭА) көрсетілген қызмет түрлерін АЭА аумақтарында жүзеге асыруға арналған жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес әкімшілік және өндірістік мақсаттағы объектілерді салу және пайдалануға беру процесінде толық тұтынылатын тауарларды арнайы экономикалық аймақтардың аумағында өткізу бойынша айналымға;
      5) Қазақстан Республикасының Үкіметімен инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға концессиялық шарт жасасқан салық төлеушіге өткізілетін, өзі өндірген тауарларды сату жөніндегі айналымға салынады. Осы тармақша жаңа объектілерді салу кезеңінде қолданылады;
      6) Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалану келісім-шарты шеңберінде қызметін жүзеге асыратын, сол келісім-шарттың талаптарына сәйкес импортталатын тауарлары қосылған құн салығынан босатылатын салық төлеушілерге өткізілетін, өзі өндірген тауарларды сату жөніндегі айналымдарға салынады.
      Егер, жер қойнауын пайдалану келісім-шартында қосылған құн салығынан босатылатын импортталатын тауарлар тізбесі айқындалған болса, онда осы тізбеде көрсетілген тауарларды сату жөніндегі айналымдарға нөлдік ставка бойынша салық салынады.
      Осы баптың 5) және 6) тармақшаларының мақсатына орай, қосылған құн салығын төлеушінің өзі өндірген, өндіріс процесінде пайдаланылған және өндірілген өнімнің (тауардың) құрамына кірген шикізаттар мен материалдар кодының алғашқы төрт таңбасының кез келгенінің деңгейінен ерекшеленетін сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасының коды бар өнім (тауар) өзі өндірген тауар болып танылады.

  2-тарау. Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдарды растайтын құжаттар

      2. Мыналар:
      1) экспортталатын тауарларды беруге жасалған шарт (келiсiм-шарт);
      2) тауарлар шығаруды экспорт режимiнде жүзеге асыратын кеден органының белгiсi соғылған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден шекарасындағы бекетте орналасқан кеден органының белгiсi соғылған кедендiк жүк декларациясы тауарлар экспортын растайтын құжат болып табылады.
      Тауарларды магистральдық құбырлар жүйесi бойынша немесе электр тарату желiлерi бойынша не экспорт режимiнде шығарған жағдайда кедендік ресiмдеудi жүргiзген кеден органының белгiсi бар толық кедендiк жүк декларациясы экспортты растаушы болып қызмет етедi;
      Тауарларды мерзімдік декларациялау рәсімін қолдана отырып экспорт режимінде шығарған жағдайда, кедендік ресімдеуді жүргізген кеден органының белгісі бар толық кедендік жүк декларациясы да экспортты растаушы болып табылады.
      Уақытша декларация беру рәсімін қолдана отырып, экспорт режимінде тауарларды әкеткен жағдайда, кедендік ресімдеуді жүргізген кеден органының белгілері бар толық жүк кеден декларациясы да экспортты растау болып табылады.
      3) тауардың ілеспе құжаттарының көшiрмелерi тауарлар экспортын растайтын құжаттар болып табылады.
      Тауарларды магистральдық құбырлар жүйесi бойынша немесе электр тарату желiлерi бойынша экспорт режимiнде шығарған жағдайда тауардың iлеспе құжаттары көшiрмелерiнiң орнына тауарларды қабылдау-өткiзу актiсi табыс етiледі;
      4) зияткерлiк меншiк құқығын қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның магнит жеткiзгiште тауардың және оған авторлық құқықтардың болуы туралы, сондай-ақ зияткерлік меншiк объектiсiн экспорттаған жағдайда оның құны туралы растамасы тауарлар экспортын растайтын құжаттар болып табылады.

      3. Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерге бұдан бұрын кеден аумағынан тыс жерлерде ұқсату режимiнде әкетiлген тауарларды немесе оларды ұқсату өнiмдерiн одан әрi экспорттау жүзеге асырылған жағдайда экспортты растау мынадай құжаттардың негiзiнде жүргiзiледi:
      1) ұқсату режимi экспорт режимiне өзгертiлетiн кедендiк жүк декларациясы;
      2) тауарларды кеден аумағынан тыс ұқсату режиммен ресiмделген кедендiк жүк декларациясы;
      3) тауарларды шет мемлекет аумағына әкелу кезiнде оларды кеден аумағында ұқсату (тауарларды кеден бақылауымен ұқсату) режимiнен ресiмделген, осындай ресiмдеудi жүзеге асырған кеден органы куәландырған кедендiк жүк декларациясының көшiрмесi;
      4) тауарларды немесе олардың ұқсатылған өнiмдерiн өңдеген мемлекеттiң аумағынан әкету кезiнде экспорт режимiнде ресiмделген және осындай ресiмдеудi жүзеге асырған кеден органы куәландырған кедендiк жүк декларациясының көшiрмесi.

      4. Мыналар:
      1) өз өндірісінің шикізатынан дайындалған тазартылған қымбат бағалы металдарды - алтынды, платинаны жеткізуге шарты (келісім-шарт);
      2) өз өндірісінің шикізатынан дайындалған тазартылған қымбат бағалы металдарды - алтынды, платинаны тиеп-жөнелтуді растайтын тауарға iлеспе құжаттардың көшiрмелерi;
      3) өз өндірісінің шикізатынан дайындалған тазартылған қымбат бағалы металдарды - алтынды, платинаны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы ұйымдарының алғанын растайтын құжаттардың көшiрмелерi Қазақстан Республикасы резиденттерінің тазартылған қымбат бағалы металдарды - алтынды, платинаны сатуы жөніндегі айналымын растайтын құжаттар болып табылады.

      5. Халықаралық тасымалдар бойынша қызмет көрсетуді іске асыру жөніндегі айналымды растайтын құжаттар.
      Салық кодексінің  224-бабы  2-тармағына сәйкес егер тасымалдауды ресімдеу бірыңғай халықаралық тасымалдау құжаттарымен жүзеге асырылса, халықаралық тасымалдау деп есептеледі.
      Мыналар:
      1) жүктерді халықаралық автомобиль қатынасында   тасымалдау кезінде   халықаралық тауар-көлiк жүкқұжаты бірыңғай халықаралық тасымалдау құжаты болып табылады;
      2) жүктерді халықаралық және мемлекетаралық қатынаста теміржолмен тасымалдау кезінде бір үлгідегі жүкқұжаты бірыңғай халықаралық тасымалдау құжаты болып табылады;
      3) мұнай мен газды құбыр-теміржол аралас қатынастарында тасымалдау кезінде бір үлгідегі жүкқұжаты тасымалдау құжаты болып табылады;
      4) жүктерді әуе көлігімен тасымалдау кезінде жүкқұжат бірыңғай халықаралық тасымалдау құжаты болып табылады;
      5) магистральдық құбыр жүйесiмен экспортталатын тауарларды тасымалдау кезінде егер тасымалдауды ресімдеу экспортталатын тауарларды магистралдық құбыр желісінің жүйесі бойынша тасымалдау - экспортталатын тауарларды сатып алушыға не аталған тауарларды экспорттың кедендік режимінде ресімделген кедендік жүк декларациясын табыс ете отырып, одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа тұлғаларға беруді растайтын құжаттармен жүзеге асырылған жағдайда тасымалдау халықаралық тасымалдау деп есептеледі.
      Орындалған жұмыстардың актілері, шот-фактуралар, жүктерді қабылдау-беру актілері және есеп айырысу кезеңі үшін әрбір магистральдық құбыр жүйесi бойынша транзиттік тауарлар көлеміне жүк кеден декларациясы, магистральдық құбыр жүйесiмен жүктерді тасымалдау көлемін растайтын құжаттар болып табылады.
      Мыналар:
      1) авто көліктермен тасымалдау кезінде:
      жүйелі тасымалдау кезінде - Қазақстан Республикасында сатылған жол жүру билеттерінің сатылуы туралы есеп, сондай-ақ сапар шегу жолы бойынша автовокзалдар (автостанциялар) жасаған жолаушылар билеттері туралы есеп айырысу ведомостары;
      жүйесіз тасымалдау кезінде - жүргізушіде бар жолаушылардың тізімі;
      2) теміржол көлігімен тасымалдау кезінде - қаржылық және статистикалық есептілік:
      Қазақстан Республикасында сатылған жол жүру, тасымалдау және пошталық құжаттарды сату туралы есеп;
      Халықаралық қатынаста Қазақстан Республикасында сатылған жолаушылар билеттері туралы есеп айырысу ведомосы;
      теміржол әкімшіліктері арасындағы жолаушылар тасымалдағаны үшін өзара есеп айырысу бойынша теңгермелік ведомостісі және жол жүру және тасымалдау құжаттарын ресімдеу туралы есеп;
      3) әуе көлігімен тасымалдау кезінде:
      басты декларация;
      жолаушылар манифесті;
      карго манифест;
      лоджит (орталық жүктеу кестесі);
      жиынтық жүктеу ведомостісі (жол жүру билеті және жүк түбіртегі);
      жолаушы үшін кеден декларациясы жолаушылар мен жүктерді халықаралық тасымалдаудың жүзеге асырылуын растайтын құжаттар болып табылады.

      6. АЭА аумағында орналасқан салық органының сұрау салуы бойынша АЭА аумағында құрылған атқарушы орган беретін әкелінген тауарларды объектілерді салу процесінде әкімшілік және өндірістік мақсатта пайдалану туралы құжат АЭА аумағына өткізілетін тауарларға салық салынғанын растау үшін негіздемесі болып табылады.
      Мыналар:
      1) АЭА аумағында осы Ереженің 1-тармағы 4) тармақшасында көрсетілген объектілерін құрылысын жүзеге асыратын ұйымдар арасындағы тауарларды жеткізуге шарт (келісім-шарт);
      2) еркін кеден аймағының кеден режимінде тауарларды шығаруды жүзеге асыратын кеден органының белгісі бар кеден жүк декларациясының көшірмесі;
      3) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдарға тауарларды тиеп-жөнелтуді растайтын тауардың ілеспе құжаттарының көшiрмелерi;
      4) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері ҚҚС бойынша нөлдік ставка қолдануға негіздеме болып табылады.

      7. Мыналар тауарлардың Қазақстан Республикасының Үкіметімен инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға концессиялық шарт жасасқан салық төлеушіге өткізілгенін растайтын құжаттар болып табылады:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметімен инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға концессиялық шарт жасасқан заңды тұлғаға тауарларды жеткізуге шарт;
      2) осы Ереженің 1-тармағы 5) тармақшасында көрсетілген салық төлеушіге тауарлардың тиеп-жөнелтілгенін растайтын тауардың ілеспе құжаттарының көшiрмелерi;
      3) осы Ереженің 1-тармағы 5) тармақшасында көрсетілген салық төлеушінің тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшiрмелерi.

      8. Мыналар тауарлардың Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалану келісім-шарты шеңберінде қызметін жүзеге асыратын, сол келісім-шарттың талаптарына сәйкес импортталатын тауарлары қосылған құн салығынан босатылатын салық төлеушілерге өткізілгенін растайтын құжаттар болып табылады:
      1) жеткізілетін тауарлар жер қойнауын пайдалану келісім-шартының жұмыс бағдарламасының орындалуына арналғандығын онда көрсете отырып, Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалану келісім-шарты шеңберінде қызметін жүзеге асыратын, сол келісім-шарттың талаптарына сәйкес импортталатын тауарлары қосылған құн салығынан босатылатын салық төлеушілерге тауарларды жеткізу шарты;
      2) осы Ереженің 1-тармағы 6) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілерге тауарлардың тиеп-жөнелтілгенін растайтын тауардың ілеспе құжаттарының көшiрмелерi;
      3) осы Ереженің 1-тармағы 6) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілердің тауарларды алғанын растайтын құжаттарының көшiрмелерi.

      9. Осы Ереженің 2-8 тармақтарында көрсетілген құжаттардан басқа, қайтару негіздемесіне байланысты мыналар бюджеттен қайтаруға ұсынылған ҚҚС сомаларының дұрыстығын растайтын құжаттар болып табылады:
      1) ҚҚС есепке жатқызуға негіздеме болып табылатын құжаттар (одан ҚҚС бөлінген Салық кодексінің  235-бабына  сәйкес шот-фактура немесе басқа құжат);
      2) бастапқы есеп құжаттары (оның негізінде бухгалтерлік есеп жүргізілетін операцияларды жүзеге асыру фактісінің немесе оқиғаның және оны жүзеге асыруға құқықтың құжаттық куәлігі қағазда, сол сияқты электрондық тасығышта).

  3-тарау. Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша ҚҚС-ын қайтару үшін негіздеме

      10. Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша ҚҚС-ын қайтару салық органы 302.00-нысан бойынша нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша ҚҚС қайтару туралы өтінішті (бұдан әрі - 302.00-нысан бойынша өтініш) алған сәттен бастап алпыс жұмыс күні ішінде:
      1) салық кезеңі үшін ҚҚС бойынша декларация;
      2) осы Ереженің 2-9 тармақтарына сәйкес қажетті құжаттарды қайтару негіздемесіне байланысты;
      3) салық органы жүргізген салықтық тексеру актісіне сәйкес қайтаруға ұсынылған салық сомасының дұрыстығын растау не Салық кодексі  252-бабының  4-тармағында көзделген жағдайда, салықтық тексеру актісіне салық органының қорытындысы негізінде жүргізіледі.

      11. Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша асып кету сомасы, егер де мына шарттар орындалатын болса:
      1) ҚҚС төлеуші нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) тұрақты өткізуді жүзеге асырып отырса;
      2) қайтарып алуға өтiнiш берген айдың алдындағы үш айдың әрқайсысы үшiн нөлдiк ставка бойынша салық салынатын өткiзу жөнiндегi айналым өткiзу бойынша жалпы салық салынатын айналымның кемiнде 70 процентi болса;
      3) ҚҚС төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте ашық банк шотына валюталық түсімнің түсуі немесе ҚҚС төлеушіге сыртқы сауданың тауар айырбасы (бартер) операциялары бойынша экспортталған тауарларды сатып алушы жеткізген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына нақты әкелу жүргізілген болса ҚҚС төлеушіге қайтарылады.

      12. Осы Ереженің 11-тармағында белгіленген шарттар орындалмаған жағдайда, асып кеткен сома ҚҚС төлеушiге оның өткен салық кезеңдерi үшiн ҚҚС бойынша мiндеттемелерiн есепке ала отырып, нөлдiк ставка бойынша салық салынатын айналымының мақсаттары үшiн пайдаланылған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша есепке жатқызылған салық сомасы бөлiгiнде қайтарылады.

      13. Қайтарылуға тиіс ҚҚС сомасын айқындау кезінде сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) операциялар бойынша тауарлар экспорты болған жағдайда, сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) шарттың (келісім-шарттың), сондай-ақ сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) операция бойынша экспортталған тауарлардың қосылған құн салығын төлеушіге сатып алушы берген тауарлар бойынша импорттық жүк кеден декларациясының болуы есепке алынады.

     14.  Мәмілелер паспортын ресімдеуді, жабуды көздейтін экспорттық-импорттық бақылауды, экспорттық түсімдердің уақтылы түсуіне және импорт бойынша ақша қаражаттарының қайтарылуына бақылауды, сондай-ақ экспорттық түсімдердің түсуі туралы салық органдарына қорытынды тапсыруды екінші деңгейдегі банктер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк филиалдары жүзеге асырады.
      Аталған түсімдердің түсуі туралы қорытындыны алу үшін салық органы ҚҚС төлеуші 302.00-нысаны бойынша өтініш тапсырған күнгі жағдай бойынша ақпаратқа сұрау салынатын тиісті сұрау салу жібереді.

      15. Егер нөлдiк ставка бойынша салық салынатын айналымдары бар ҚҚС төлеушi ҚҚС сомасын қайтару туралы салық органына өтiнiш жасамаса, онда асып кету сомасы есептi салық кезеңiнен кейiнгi салық кезеңiнде қосылған құн салығы бойынша алдағы төлемдер есебiне есепке жатқызылады.

      16. ҚҚС:
      1) шағын бизнес субъектілері;
      2) шаруа (фермер) қожалықтары;
      3) ауыл шаруашылық өнімін өндіруші заңды тұлғалар үшін белгіленген арнаулы салық режимінде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын ҚҚС төлеушілерге қайтарылмайды.

      17. Нөлдік ставка бойынша ҚҚС салынатын және олар бойынша өтініш берілген айналымдар жасалған салық кезеңінен кейін он екі ай өткен соң салықты қайтару туралы өтініш берген ҚҚС төлеушілерге осы бапта көзделген ҚҚС қайтару жүргізілмейді.

  4-тарау. Тауарларды экспортқа және АЭА аумағына өткізу бойынша нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша ҚҚС дұрыстығын растау

      18. АЭА аумағында объектілер құрылысы бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін АЭА аумағына жеткізілген тауарлардың әкімшілік және өндірістік мақсаттағы объектілерді салу және пайдалануға беру процесінде толық тұтынылу фактісін растау үшін осы Ережеге N 1 қосымшаға сәйкес АЭА аумағына салық органдарына сұрау салу жіберу қажет.

      19. Осы Ереженің 18-тармағында көрсетілген сұрау салу негізінде АЭА аумағындағы салық органдары осы Ережеге N 2 қосымшаға сәйкес жауабын беруге міндетті.

      20. Бюджеттен қайтарылуға тиіс ҚҚС сомасын анықтау кезінде кеден органының Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы  N 19  бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 19 қаңтарда N 4518 болып тіркелген) бекітілген нысанда және тәртіппен ұсынылған Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауарларды экспорт режимінде әкету фактісін растайтын мәліметтері есепке алынады.

  5-тарау. Қайтаруға ұсынылған ҚҚС сомаларының дұрыстығын растау үшін ҚҚС төлеушінің жеткізушілерімен өзара есеп айырысуын растау

      21. Қайтаруға ұсынылған ҚҚС сомаларының дұрыстығын растау қарсы тексерулер тағайындау және жүргізу жолымен жүзеге асырылады. Қарсы тексеру тағайындау үшін тексеруді жүргізуші салық органының жауапты қызметкері қарсы тексеруге жатпайтын мынадай:
      1) бұл салық төлеушінің қосылған құн салығын қайтаруға өтініш беру сәтінің алдындағы он екі ай кезең ішінде аталған салық төлеушіге айына кемінде бір рет тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) өткізуді жүзеге асыратын;
      2) электр және жылу энергиясын, суды, газды, байланыс қызметін жеткізуді жүзеге асыратын;
      3) Қазақстан Республикасында ҚҚС-н төлеушілер болып табылмайтын жұмыстарды орындайтын (тауарларды жеткізетін қызмет көрсетулер көрсететін) резидент емес жеткізушілерді қоспағанда, жазылған шот-фактуралар бойынша ҚҚС сомаларының кему тәртібімен тексерілетін салық кезеңі үшін ҚҚС-н төлеушінің жеткізушілерін айқындайды.

      22. Қарсы тексеруге осы тармақта белгіленген жеткізушілерді қоспағанда, салық кезеңі үшін есепке жатқызуға жатқызылған ҚҚС-ның жалпы сомасы ҚҚС сомасының 80 процентін құрайтын шот-фактуралар жазып берген ҚҚС-н төлеушінің жеткізушілері жатады.
      Егер жеткізушінің шот-фактурасындағы ҚҚС-ның сомасы 80 проценттік шектеу белгілеуіне келетін болса, онда көрсетілген жеткізуші қарсы тексеруге жататын жеткізушілердің тізбесіне енгізіледі.
      Осы Ереженің 21 және 22-тармақтарында белгіленген шарттарға қарамастан, "ҚҚС төлеушілерді тіркеу. ҚҚС бойынша салық есептілігі нысандарын қабылдау және өңдеу" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі - ҚҚС АЖ) камералды бақылау жүргізу кезінде бұзушылықтары анықталған жеткізушілер (Қазақстан Республикасының аумағында өндіріс пен айналымға қатысқан тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) жеткізуші салық төлеушілерді қоса алғанда) міндетті қарсы тексеруге жатады.
      Осы тармақтың мақсаты үшін ҚҚС АЖ камералды бақылау деп Салық кодексінің  542-бабына  сәйкес тікелей тексерілетін салық төлеушінің (экспорттаушының) тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) жеткізушілері бойынша қалыптастырылған "Экспорттаушының жеткізушілері бойынша пирамида" аналитикалық есебі арқылы салық төлеуші тапсырған салық есептілігін талдау түсініледі.

      23. Егер ҚҚС төлеушінің жеткізушісі салық төлеушілердің мониторинг жүргізуіне тиіс болса, салық қызметі органдары Салық кодексіне сәйкес осы жеткізушілер ұсынатын салық есептілігінің негізінде қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растауы мүмкін екендігі ескеріле отырып қабылданады.

      24. Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша ҚҚС-н қайтару мерзімдерін сақтау мақсатында салық қызметі органының қызметкері салық тексеруін жүргізу басталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық қызметінің тиісті органдарына салық төлеушілер мониторингіне жататын жеткізушілер беретін салық есептілігінің негізінде жеткізушілерге қарсы тексерулер жүргізу туралы сұрау салулар, сондай-ақ бюджеттен қайтаруға ұсынылған ҚҚС сомаларының дұрыстығын растау бойынша сұрау салулар белгілейді және жібереді.

      25. Егер салық тексеруін жүргізу мерзімі ішінде қарсы тексеру жүргізу кезінде анықталған бұзушылықтар жойылмаса, сондай-ақ сұрау салуға жауаптардың түпнұсқалары, қарсы тексеру материалдары мен жеткізушілерге қарсы тексеру жүргізу мүмкін еместігі туралы мәліметтердің болмаса, ҚҚС төлеушілерге салықты қайтару жүргізілмейді.

      26. Қазақстан Республикасы аумағында экспортталған тауарлардың өндірісі мен айналымы процесіне қатысатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) жеткізушілерде "Экспорттаушының жеткізушілері бойынша пирамида" аналитикалық есеп бойынша бұзушылықтар анықталған кезде осындай жеткізуші жазып берген ҚҚС төлеушінің шот-фактурасында көрсетілген ҚҚС сомасы экспорттаушыны есебінен алып тастауға жатпайды.

      27. Салық тексеруі актісінде міндетті тәртіпте актіге қорытынды қалыптастыру бойынша одан әрі жұмыс істеу үшін мынадай ақпарат көрсетілуі тиіс:
      сұрау салуға жауаптардың түпнұсқалары, қарсы тексеру материалдары жоқ екендігі туралы;
      жеткізушіге қарсы тексеру жүргізу барысында анықталған бұзушылықтар туралы.

      28. Егер осы бұзушылықтар салық тексеруі аяқталған соң жойылған болса, салықты қайтару осы Ережеге N 3 қосымшаға сәйкес тексеру актісіне қорытынды негізінде жүргізіледі.

      29. Салық тексеруі актісі аяқталған соң тоқсан сайын тоқсаннан кейінгі айдың 5-не салық органы екі нұсқада сұрау салуларға түскен жауаптар бойынша алдыңғы тоқсандағы бұзушылықтарды жою бойынша актіге қорытынды дайындайды.
      Егер алдыңғы тоқсан үшін сұрау салуларға жауаптар жоқ болған жағдайда актіге қорытынды жасалмайды.

      30. Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша ҚҚС қайтарудың жалпы сомасы тексеру актісі мен актіге қорытынды бойынша тексерілген кезең үшін 302.00-нысан бойынша өтініште көрсетілген сомадан асып түспеуі тиіс.
      Егер салық тексеруі барысында қайтаруға ұсынылғаннан көп сома расталған жағдайда салық төлеуші мәлімделген салық кезеңі (салық кезеңдері) үшін 302.00-нысан бойынша қосымша өтініш тапсыруға құқылы. Бұл жағдайда салық органы қосымша өтініш негізінде қайтару жүргізеді және салық тексеруін "Экспорттаушының жеткізушілері бойынша пирамида" аналитикалық есеп қалыптастырмай жүргізеді.

      31. Егер салық тексеруі аяқталған соң тексерілген кезең үшін қосымша салық есептілігінің нысанын тапсыру себебімен және басқа да себептермен (осы Ереженің 32-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда) 302.00-нысан бойынша қосымша өтініш тапсырылған жағдайда, "Экспорттаушының жеткізушілері бойынша пирамида" аналитикалық есеп міндетті тәртіпте қалыптастырылады және салық тексеруі жүргізіледі.

      32. Егер салық тексеруі аяқталған соң кедендік жүк декларациясын тапсыру, валюталық түсімнің түсу себебімен 302.00-нысан бойынша қосымша өтініш тапсырылған жағдайда "Экспорттаушының жеткізушілері бойынша пирамида" аналитикалық есебі қалыптастырылмайды, салық тексеруі жүргізіледі.

  6-тарау. Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша ҚҚС қайтару

      33. Қосылған құн салығын қайтару:
      1) қосылған құн салығын осы салықты төлеушінің аталған салық пен салықтың басқа да түрлері бойынша салық берешегін өтеу есебіне есепке жатқызу жолымен жүргізіледі.
      Егер заңды тұлға ҚҚС төлеуші болып табылса, онда ҚҚС қайтару ҚҚС оның құрылымдық бөлімшесінің осы және басқа да салық түрлері бойынша салық берешегін өтеу есебіне есепке жатқызу жолымен де жүргізіледі.
      Егер заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі қосылған құн салығын төлеуші болып табылса, қосылған құн салығын қайтару қосылған құн салығын заңды тұлғаның осы және басқа да салық түрлері бойынша салық берешегін өтеу есебіне есепке жатқызу жолымен де жүргізіледі;
      2) тауарлардың импорты кезінде төленуге тиіс қосылған құн салығының есебіне есепке жатқызу;
      3) Салық кодексінің  221-бабына  сәйкес төленуге тиіс қосылған құн салығының есебіне есепке жатқызу;
      4) қосылған құн салығын төлеушінің осы және басқа да салық түрлері бойынша салық берешегі болмаған жағдайда қосылған құн салығын қайтару оның дербес салық төлеушілер болып табылатын құрылымдық бөлімшелерінің осы және басқа да салық түрлері бойынша салық берешегін өтеу есебіне есепке жатқызу;
      5) қосылған құн салығын төлеушінің банк шотына ақша аудару жолымен жүргізіледі;
      6) қосылған құн салығын төлеушінің салық берешегі болмаған жағдайда, салық төлеуші қосылған құн салығын салықтың басқа да түрлері бойынша алдағы уақыттағы төлемдер есебіне есепке жатқызу жолымен қайтаруды талап етуге құқылы.

      34. Қосылған құн салығын төлеушінің банк шотына қайтару оның салық берешегі болмаған кезде жүргізіледі.

      35. Егер заңды тұлға ҚҚС төлеуші болып табылса, ҚҚС банк шотына қайтару оның құрылымдық бөлімшелерінің осы және басқа да салық түрлері бойынша салық берешегі болмаған кезде де жүргізіледі.

      36. Салық тексеруі актісімен немесе актіге қорытындымен расталған ҚҚС сомаларын қайтаруды (есепке жатқызу) салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органы жүргізеді.

      37. Салық кодексінің  252-бабы  4-тармағында көзделген жағдайда, салық тексеруі актісіне немесе актіге қорытындыға қол қойғаннан кейін, бюджеттен қайтаруға жататын ҚҚС сомаларының дұрыстығын растау бойынша тексеру жүргізген бөлім ҚҚС төлеушіге 332.00-нысаны бойынша салық тексеруі актісімен расталған ҚҚС қайтару туралы өтінішті (бұдан әрі - 332.00-нысаны бойынша өтініш) тапсыру және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2003 жылғы 23 желтоқсандағы  N 530  бұйрығымен бекітілген Дербес шоттарды жүргізу ережеге (бұдан әрі - Дербес шоттарды жүргізу ереже) N 10 қосымшаға сәйкес нысан бойынша салыстырып тексеру актісін жасау қажеттігі туралы хабарлайды.

      38. Бұл ретте 332.00 нысаны бойынша өтініш салық органына салық тексеруі актісіне не актіге қорытындыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде беріледі.

      39. Бір мезгілде тексеруді жүргізген бөлім, есепке алу бөліміне салық төлеушінің салық берешегі жоқ (бар) екендігі туралы құжат (бұдан әрі салық берешегінің жоқ екендігі туралы құжат) жасалуы қажет ҚҚС төлеушілердің тізімін береді.

      40. Есепке алу бөлімі тізім берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде заңды тұлғада салық тексеруі актісіне не актіге қорытындыға қол қою күні жасалған салық төлеушінің құрылымдық бөлімшелерінің не құрылымдық бөлімшенің салық берешегін ескере отырып салық берешегінің жоқ екендігі туралы құжат жасайды.
      Құрылымдық бөлімшелері жоқ заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер бойынша салық берешегінің жоқ екендігі туралы құжат үш жұмыс күні ішінде жасалады.
      Салық берешегінің жоқ екендігі туралы құжатты жасау күні есепке алу бөлімі салық берешегінің жоқ екендігі туралы құжатты шешім қабылдау үшін тексеруді жүргізген бөлімге береді.

      41. ҚҚС қайтаруды (есепке жатқызуды) салық органдары салық тексеруі актісімен не актіге қорытындымен расталған ҚҚС сомасының шегінде жүзеге асырады.

      42. ҚҚС-ты тауарлар импорты кезінде төленуге жататын ҚҚС-ты төлеу есебіне есепке жатқызуды жүргізу кезінде 332.00 нысаны бойынша өтінішке тауарлар импорты кезінде төленуге жататын ҚҚС сомаларын көрсете отырып, кеден органының растауы қоса беріледі.

      43. Салық тексеруі актісімен не актіге қорытындымен расталған ҚҚС-ты салық берешегін өтеу есебіне қайтаруды (есепке жатқызуды) салық органы Салық кодексінің  33-бабында  белгіленген тәртіппен жүргізеді.

      44. Егер салық тексеруі актісіне не актіге қорытындыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ҚҚС төлеуші 332.00 нысаны бойынша өтініш бермеген жағдай болатын болса, онда ҚҚС-ты заңды тұлғаның және/немесе құрылымдық бөлімшелердің салық берешегін өтеу есебіне қайтаруды (есепке жатқызуды) аталған және басқа салық органдарында салық органы салық тексеруінің актісі не актіге қорытындының және салық берешегінің жоқ екендігі туралы құжаттың негізінде жүргізеді.
      Бұл ретте, егер салық тексеруі актісімен не актіге қорытындымен расталған ҚҚС сомасы ҚҚС төлеушінің салық берешегінен асып түсетін жағдай болатын болса, онда салық тексеруі актісімен не актіге қорытындымен расталған ҚҚС-тың қалған сомасын төлеушінің банктік шотына 332.00 нысаны бойынша өтінішсіз жүргізілмейді.

      45. Егер ҚҚС төлеушіде салық берешегі бар және 332.00 нысаны бойынша өтініш берілген кезде 332.00 нысаны бойынша өтініште көрсетілген салық берешегі салық берешегі жоқ екендігі туралы құжаттың деректерімен сәйкес келмейтін жағдай болатын болса, онда ҚҚС-ты қайтару (есепке жатқызу) салық берешегінің жоқ екендігі туралы құжаттың негізінде осы Ереженің 43 және 44-тармақтарында көрсетілген тәртіппен жүргізіледі.

      46. Салық кодексі  251-бабының  2-тармағына сәйкес нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша ҚҚС-ты қайтару кезінде бюджеттен қайтаруға жататын ҚҚС сомасы өтініш беруші ҚҚС бойынша міндеттемелерді есепке ала отырып, бюджеттен қайтаруға ұсынған және салық тексеруі актісімен не актіге қорытындымен расталған ҚҚС сомасы салық кезеңі (кезеңдері) үшін нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша қалыптасқан есептелген салық салық сомасынан есепке жатқызуға жатқызылатын салық сомасының асып кету есебінен құралған өтініш берушінің дербес шоты бойынша  ҚҚС-тың оң қалдығынан асып кетпеуі тиіс.

      47. Салық кодексі 251-бабының 3-тармағына сәйкес ҚҚС бойынша мiндеттемелерiн есепке ала отырып, нөлдiк ставка бойынша салық салынатын айналымының мақсаттары үшiн пайдаланылған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша есепке жатқызылған салық сомасы бөлiгiнде нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар жасалған салық кезеңінің соңында қалыптасқан есептелген салық сомасынан есепке жатқызуға жатқызылған салық сомасының асып кетуі бюджеттен қайтаруға жатады.

      48. Егер нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша бюджеттен қайтаруға жататын ҚҚС-тың асып кету сомасы кейінгі салық кезеңдерінде ҚҚС бойынша бюджетке алдағы төлемдердің есебіне есепке жатқызылған жағдай болса, бірақ салық органы қайтаруға қорытынды жасаған күні ҚҚС төлеушінің дербес шотында Салық кодексі  251-бабының  1-тармағына сәйкес кейінгі салық кезеңдерінде қалыптасқан және ҚҚС бойынша алдағы төлемдердің есебіне есептелген салық сомасынан есепке жатқызуға жатқызылатын салық сомасының асып кетуі бар болса, онда бұрын ҚҚС бойынша бюджетке алдағы төлемдердің есебіне есепке жатқызылған нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша ҚҚС сомасы бюджеттен қайтаруға жатпайды.

      49. Егер нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша бюджеттен қайтарылуға жататын ҚҚС-тың асып кету сомасы кейінгі салық кезеңдерінде ҚҚС бойынша бюджеттен алдағы төлемдердің есебіне есепке жатқызылған және салық тексеруі актісіне не актіге қорытындыға қол қою күні және (немесе) салық органы қайтаруға қорытынды жасаған күні ҚҚС-тың оң қалдығы болмаған жағдай болатын болса, онда нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша ҚҚС сомасы бюджеттен қайтарылуға жатпайды.

      50. 332.00 нысаны бойынша өтініш алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей не осы Ереженің 44-тармағында көрсетілген жағдайда тексеру жүргізген бөлім осы Ережеге N 4 қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада ҚҚС-ты қайтаруға өкім (бұдан әрі - өкім) жасайды.

      51. ҚҚС төлеушінің әрқайсысына бөлек өкім жасалады.

      52. Өкім салық органының басшысымен немесе тексеру жүргізген бөлім берген күні оны алмастыратын тұлғамен бекітіледі және ҚҚС-ты нақты қайтаруды (есепке жатқызуды) жүзеге асыру үшін есепке алу бөліміне беріледі.

      53. Өкімнің негізінде есепке алу бөлімі оны алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей кірістердің бюджет сыныптамасының әрбір кодына Дербес шоттарды жүргізу ережесіне N 18 қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды (бұдан әрі - қайтару бойынша қорытынды) және екі данада төлем тапсырмасын жасайды.

      54. Заңды тұлғаның және/немесе құрылымдық бөлімшенің салық берешегін өтеу есебіне есепке жатқызуды жүргізген соң ҚҚС төлеушілердің банктік шотына ҚҚС-ты қайтару кезінде қайтару бойынша қорытынды жасау кезінде салық төлеушінің орналасқан орны бойынша салық органы салық төлеушінің тіркеу есебінің орны бойынша мемлекеттік бюджетке салықтар бойынша салық берешегінің бар немесе жоқ екендігіне мынадай салық органдарына:
      орналасқан орны бойынша;
      қызметті жүзеге асыру орны бойынша
      салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілердің орналасқан және (немесе) тіркеу орны бойынша;
      салық төлеушінің құрылымдық бөлімшелердің орналасқан орны бойынша;
      ҚҚС төлеушінің бас ұйымының тіркеу есебінің орны бойынша тексеру жүргізеді.

      55. Қайтару бойынша қорытындыны салық органының басшысы немесе есепке алу бөлімі бекітуге берген күні оны алмастыратын тұлға бекітеді.

      56. Қол қойылғаннан кейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей есепке алу бөлімі ресімдеген қайтару бойынша өтініштер мен төлем тапсырмалары төлемнің мақсатында ҚҚС-ты қайтару (есепке жатқызу) жүргізуге өкімнің деректемелерін көрсете отырып, аумақтық қазынашылық органдарына жіберіледі.

      57. ҚҚС-ты қайтару (есепке жатқызу) жүргізілген соң салық органының есепке алу бөлімінің қызметкері өкімнің екінші данасын орындалғандығы туралы белгі қойып тексеруді жүргізген бөлімге қайтарады. Өкімнің бірінші данасы есепке алу бөлімінде қалады.

      58. Резидент емес үшін төленуге жататын ҚҚС сомасының есебіне есепке жатқызу жолымен ҚҚС-ты қайтару жүргізілген соң салық төлеушіге осы Ережеге N 5 қосымшаға сәйкес ҚҚС бойынша жүргізілген есепке жатқызу туралы растау беріледі.

                                      Нөлдік ставка бойынша салық
                                     салынатын айналымдар бойынша
                                      қосылған құн салығын қайтару
                                          ережелеріне 1 қосымша

          ____ жылғы»"____"»________N_____СҰРАУ САЛУ

      1. Сұрау салу жіберген салық комитетінің атауы мен
СТН-і_______________________________________________________________

      Салық кодексінің 224-1-бабына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың аумағына әкелінген тауарларды жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес әкімшілік және өндірістік мақсаттағы объектілерді салу және пайдалануға беру процесінде тұтыну фактісін растауды сұраймыз.

      2. Сатып алушы:_______________________________________________
                               (Атауы, СТН-і)
      3. Жеткізуші:_________________________________________________
                               (Атауы, СТН-і)
      4. Тиеп-жөнелтілген тауарлар бойынша мәліметтер:

КЖД-ның
анықтамалық
нөмірі

Кедендік
құны

Құрылыс
объектісі-
нің атауы

Тауар-
лардың
атауы

Өлшем
бірлігі

1

2

3

4

5

6

  

  

  

  

  

  

Барлығы:

 

ххххххх

хххххх

хххххх

кестенің жалғасы

Саны

Шот-фактура

Шот-фактура бойынша құны 

Ескерту

нөмірі 

күні

7

8

9

10

11

  

  

  

  

  

  

ххххххх

ххххх

 

ххххххх

      5. Қосымша мәліметтер:________________________________________

      6. Сұрау салуды орындаушының аты-жөні, лауазымы және телефон нөмірі _____________________________________________________________

      Салық комитетінің төрағасы ___________________________________
                                              аты-жөні 

                                     Нөлдік ставка бойынша салық
                                     салынатын айналымдар бойынша
                                      қосылған құн салығын қайтару
                                         ережелеріне 2 қосымша

          ____ жылғы»"____"»________N _____ сұрау салуға
          ____ жылғы»"____"»________N ___ ЖАУАП

      1. Сұрау салу жіберген салық комитетінің атауы және
СТН-і:______________________________________________________________ _______________________салық комитеті Салық кодексінің 224-1-бабына сәйкес "_____________________" АЭА аумағына әкелінген тауарларды жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес әкімшілік және өндірістік мақсаттағы объектілерді салу және пайдалануға беру процесінде тұтыну фактісін растау мәселесі бойынша тексерудің нәтижелерін жіберіп отыр.

      2. Тексеру жүргізілген салық төлеушінің атауы және СТН-і_______________________________________________________________

      3. Тексерудің нәтижелері:

N

КЖД-ның анықтамалық нөмірі

КЖД бойынша жалпы құны 

Құрылыс объектісінің атауы

Тауар-
лардың
атауы

Өлшем
бірлі-
гі

Саны

1

2

3

4

5

6

7

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

Барлығы:

  

хххххххххххх

хххххх

  

  

кестенің жалғасы

  

Шот-фактура

Нақты пайдаланыл- ғаны

Нақты пайдаланылмағаны

Ес-
ке-
рту

  

нөмірі

күні

саны

сомасы

саны

сомасы

 

  

8

9

10

11

12

13

14

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

хххх

ххххх

  

  

  

  

хххххх

      4. АЭА бас дирекциясының ___________________________________
      АЭА аумағына әкелінген тауарлардың әкімшілік және өндірістік мақсаттағы объектілерді салу және пайдалануға беру процесінде пайдаланылғаны туралы құжатының күні мен нөмірі.

     5. Қосымша мәліметтер: _______________________________________.

     6. Жауапты орындаушының аты-жөні, лауазымы және
        нөмірі_____________________________________________________.

      Салық комитетінің төрағасы                    _______________
                                                       (аты-жөні)

                                      Нөлдік ставка бойынша салық
                                     салынатын айналымдар бойынша
                                      қосылған құн салығын қайтару
                                         ережелеріне 3 қосымша
__________________________
Салық органының атауы

20_____ж. "____" ______________
Жасалған күні

Нөлдік ставка бойынша ҚҚС салынатын айналымдар бойынша 
бюджеттен қайтаруға ұсынылған ҚҚС сомасын растау бойынша 
20___ж. "___" ____________N______ салық тексеруі актісіне    
N _______ ҚОРЫТЫНДЫ

СТН-і
ҚҚС төлеушінің атауы _______________________________________________
ҚҚС бойынша есепке қою туралы куәліктің сериясы мен нөмірі _________
302.00 нысаны бойынша өтініштің кіріс нөмірі_________ Күні__________
Өтініш бойынша салық кезеңі 20_ ж."__"_______ бастап 20__ ж."__"____

302.00 нысанының өтініші бойынша қайтаруға ұсынылған
ҚҚС сомасы                                         ________
                                                  |________|

Салық тексеруі актісіне (-леріне) және қорытындыға
(-ларға) сәйкес қайтаруға жататын ҚҚС сомасы       ________
Салық тексеруі актісімен расталмаған, соның       |________|
ішінде:                                           |________|
Сұрау салуларға жауаптардың түпнұсқаларының және  |________|
жеткізушілерге қарсы тексерулер материалдарының   |________|
жоқтығы
Қарсы салық тексеруін жүргізу барысында анықталған
бұзушылықтар

20__ж. "_______" ____________________ жағдай бойынша
Салық тексеруі  аяқталған соң себептің жойылғандығын растайтын құжаттар:

                                                (теңге)     

Р/с№N 

Растауға
сұрау
салу

Растауға
жататын
ҚҚС
сомасы

Салық
орга-
нының
коды

Жеткі-
зушінің
СТН-і

Қарсы
тексеру
актісі,
салық
органы-
ның
жауабы

Қарсы
тексе-
ру
акті-
сімен,
салық
орга-
нының
жауа-
бымен
рас-
талған
ҚҚС
сомасы

Ауыт-
қу
(4-
бағ.-
9-
бағ.)

 

N

күні

 

 

 

N

күні

 

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

  

  

  

  

  

  

  

  

  

3

  

  

  

  

  

  

  

  

  

Жиыны:

  

  

  

  

  

  

  

  

Бюджеттен қайтарылуға жататын ҚҚС сомасы ____ теңгені құрайды

200 __ж."____" ______________ ____________________________________            (жауапты бөлім қызметкерінің аты-жөні, лауазымы және қолы)

Жауапты бөлімнің бастығы _________________ ____________________
                             (аты-жөні)         (қолы)
Салық төлеушіге табыс етілді
200 __ж."____" ________________ ________________________________________
(салық төлеушінің аты-жөні, лауазымы және қолы)

                                       Нөлдік ставка бойынша салық
                                      салынатын айналымдар бойынша
                                      қосылған құн салығын қайтару
                                          ережелеріне 4 қосымша

__________________________                      "Бекітемін"
 Салық органының атауы                    Салық органының басшысы

      Нөлдік ставка бойынша айналымдар бойынша қосылған
                құн салығының сомаларын қайтаруға
                                ӨКІМ 
                      200__ж.  "____" ____________N______

СТН-і
ҚҚС төлеушінің атауы
ҚҚС бойынша есепке қою туралы куәліктің сериясы мен нөмірі
302.00 нысаны бойынша Өтініштің кіріс нөмірі_________ Күні__________
302.00 нысанының өтініші бойынша қайтаруға ұсынылған ҚҚС сомасы
Салық тексеруі актісіне не актіге Қорытындыға сәйкес қайтаруға
жататын ҚҚС сомасы
Өкімді толтыру күніне дербес шоттан үзінді жазба бойынша ҚҚС қалдығы
332.00 нысаны бойынша Өтініштің кіріс нөмірі _______Күні____________

Р/с
N

Салық
органының
коды

Заңды
тұлғаның
немесе
құрылымдық
бөлімшенің
атауы

Заңды
тұлғаның
немесе
құрылымдық
бөлімшенің
СТН-і

Бюджет
кірістері
сыныптама-
сының
кодына
(БСК)

1

2

3

4

5

  

  

  

  

  

 
кестенің жалғасы 

 соның ішінде есепке жатқызуға (қайтаруға) жатады*

қосылған құн салығы
және салықтың басқа да
түрлері бойынша салық
берешегін өтеу есебіне
және алдағы төлемдер
есебіне

тауарлар
импорты
кезінде
төленуге
жататын
ҚҚС
есебіне

тіркелме-
ген рези-
дент емес
үшін
төленуге
жататын
ҚҚС
есебіне

ҚҚС
төлеуші-
нің
банктік
шотына
аудару
түрінде

өсім сомасы

салық сомасы

айппұл
сомасы

6

7

8

9

10

11

 
кестенің жалғасы

ҚҚС төлеушінің банктік шотына аудару
үшін банктің деректемелері

банк
бенефициар-
дың атауы

банктік
сәйкестен-
діру коды
(БСК)

жеке
сәйкестендіру
коды (ЖСК)

12

13

14

Өкімді бердім:
Тексеруді жүргізген бөлімнің бастығы     __________  _______________
                                           (қолы)       (аты-жөні)
_________________________________        200__ж. "___"______________
(тексеруді жүргізген бөлім
қызметкерінің аты-жөні,
лауазымы және қолы)

Өкімді қабылдадым:
_________________________________         200__ж. "___"_____________
(есепке алу бөлімі қызметкерінің
аты-жөні, лауазымы, қолы)

* Ескерту. Қайтаруға (есепке жатқызуға) жататын ҚҚС сомасы, әрбір БСК-ға жол сайын көрсетіледі

                                      Нөлдік ставка бойынша салық
                                      салынатын айналымдар бойынша
                                      қосылған құн салығын қайтару
                                         ережелеріне 5 қосымша

               Қосылған құн салығы бойынша
            жүргізілген есепке жатқызу туралы
                          растау

200___ж . »"____"» ____________ __________________________________
               (жасалған күні)       (салық органының коды)

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) 221-бабының 5-тармағына сәйкес _________________________________________________
                      (салық органының СТН-і, атауы)
бойынша салық комитеті
Сізді ______________________________________________________________
          салық төлеушінің (салық агентінің), СТН-і, атауы
____________________________________________________________________                   немесе жеке тұлғаның СТН-і, аты-жөні

Сіздің ___________________________________ өтінішіңіздің негізінде,                  (өтініштің N, күні)

Салық кодексінің 252-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес  _____________________
      (күні)
Салық кодексінің 221-бабына сәйкес төленуге жататын қосылған құн салығының есебіне есепке жатқызуға жолымен нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша __________________(_____________________)____________________теңге                           (жазбаша)
сомасында қосылған құн салығын қайтару жүргізілгендігі туралы хабардар етеді

М.О.

Салық комитетінің төрағасы   ___________  Аты-жөні _________________
                               (қолы)

Есепке алу бөлімінің бастығы ___________  Аты-жөні _________________
                               (қолы)

Қазақстан Республикасы       
Қаржы министрлігінің Салық комитеті 
Төрағасының міндетін атқарушы   
2007 жылғы 26 мамырдағы     
N 428 бұйрығына N 1 қосымша   

Қазақстан Республикасы      
Қаржы министрлігінің Салық комитеті 
Төрағасының 2007 жылғы     
13 желтоқсандағы N 637 бұйрығымен 
бекітілген           

  Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша қосылған құн салығын бюджеттен қайтару туралы өтінішті жасау ережелері (302.00-нысан)

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережелер "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының  Кодексіне  (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және қосылған құн салығын дұрыс есептеу мен уақтылы қайтаруға арналған Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша қосылған құн салығын бюджеттен қайтару туралы өтінішті (302.00-нысан) (бұдан әрі - Өтініш) жасау тәртібін айқындайды

      2. Өтініш қағаз тасығышта жасалады және қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, бас баспа әріптерімен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады.

      3. Өтінішті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге, тазалауға жол берілмейді.

      4. Көрсеткіштер болмаған кезде Өтініштің тиісті торкөздері толтырылмайды.

      5. Өтініш қағаз тасығышта келу тәртібімен табыс етіледі және екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен қосылған құн салығын төлеушіге қайтарылады.

  2. Өтінішті жасау

      6. "Қосылған құн салығын төлеуші туралы жалпы ақпарат" бөлімінде салық төлеуші мынадай деректер көрсетеді:
      1) салық төлеушінің тіркеу нөмірін;
      2) құрылтай құжаттарына сәйкес қосылған құн салығын төлеушінің аты-жөнін немесе толық атауын;
      3) өзіне қою сериясын, нөмірін және күнін кіргізетін, қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәліктің деректерін;
      4) қайтару себебін - тиісті торкөзде белгі қойылады;
      5) оларға байланысты қосылған құн салығы қайтаруға жататын нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар жасалған салық кезеңдерін;
      6) өзіне бенефициар банктің атауын, бенефициар банктің тіркеу нөмірін, банктік сәйкестендiру кодын (БСК) және жеке сәйкестендіру кодын (ЖСК) кіргізетін банктік деректемелерді;
      7) өтініштің түрін - негізгі; қосымша - тиісті тор көзге белгі қойылады.
      Негізгі өтініш салық кезеңі (салық кезеңдері) үшін алғаш рет табыс етілген қосылған құн салығының сомасын қайтару үшін жасалады. 
      Егер бұрын салық кезеңі (салық кезеңдері) үшін негізгі Өтініш бойынша қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының сомасы салық тексеруінің актісінде қайтаруға толық емес мөлшерде расталған жағдайда (қарсы салық тексеруін жүргізу кезінде, салық тексеруі аяқталған соң анықталған бұзушылықтарды жою жағдайларын қоспағанда) қосымша Өтініш жасалады.

      7. "Қайтаруға жататын ҚҚС сомасы туралы мәліметтер" бөлімінде:
      1) 302.00.001 жолында қосылған құн салығын төлеушіде өтінішті беру күніне қалыптасқан есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептелген салық сомасынан асып кетуі көрсетіледі.
      2) 302.00.002 жолында қайтаруға ұсынылған салықтың сомасы көрсетіледі.

(Қағаз мәтініне қараңыз нысан 302.00)

Қазақстан Республикасы       
Қаржы министрлігінің Салық комитеті 
Төрағасының міндетін атқарушы   
2007 жылғы 26 мамырдағы     
N 428 бұйрығына N 2 қосымша   

Қазақстан Республикасы      
Қаржы министрлігінің Салық комитеті 
Төрағасының 2007 жылғы     
13 желтоқсандағы N 637 бұйрығымен 
бекітілген           

  Салық тексеруі актісімен
(салық органының қорытындысымен)
расталған қосылған құн салығын қайтару туралы
өтінішті жасау ережелері
(332.00-нысан)

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережелер "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының  Кодексіне  (бұдан әрі - Салық кодексі) сәйкес әзірленген және Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша салық тексеруі актісімен (салық органының қорытындысымен) расталған, грант қаражаттары есебiнен сатып алынатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша төленген қосылған құн салығын, сондай-ақ қайтарылуы жер қойнауын пайдалануға жасалған шарттың талаптарына сәйкес көзделген есепке жатқызылған салық сомасының салық кезеңi iшiнде есептелген салық сомасынан асып кетуiн   бюджеттен қайтару туралы өтінішті (бұдан әрі - Өтініш) жасау тәртібін айқындайды.

      2. Өтініш қағаз тасығышта жасалады және қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, бас баспа әріптерімен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады.

      3. Өтінішті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге, тазалауға жол берілмейді.

      4. Көрсеткіштер болмаған кезде Өтініштің тиісті торкөздері толтырылмайды.

      5. Өтініш қағаз тасығышта келу тәртібімен табыс етіледі және екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен қосылған құн салығын төлеушіге қайтарылады.

  2. Салық тексеруі актiсiмен (салық органының қорытындысымен) расталған қосылған құн салығын қайтару туралы өтiнiшті жасау (332.00-нысан)

      6. "Жалпы ақпарат бөлімінде" мынадай деректер көрсетіледі:
      1) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      2) құрылтай құжаттарына сәйкес қосылған құн салығын төлеушінің немесе грант алушының аты-жөні немесе толық атауы;
      3) қосылған құн салығы бойынша есепке қою сериясын, нөмірін және күнін қамтитын қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәліктің деректемелері. Егер 332.00 нысаны бойынша Өтініш табыс еткен грант алушы қосылған құн салығын төлеуші болып табылмаған жағдайда, аталған жол толтырылмайды;
      4) қосылған құн салығын қайтарудың себебін, тиісті торкөзге
белгі қойылады;
      5) бұрын салық органы қабылдаған, салық органының кіріс нөмірі мен қабылдау күнін қамтитын Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша қосылған құн салығын бюджеттен қайтару туралы 302.00-нысан бойынша өтініштің немесе Грант қаражаты есебінен сатып алынатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша төленген қосылған құн салығын бюджеттен қайтару туралы 322.00-нысан бойынша өтініштің деректері;
      6) қорытындының нөмірі мен жасалған күнін қамтитын Салық органы қорытындысының деректері;
      7) бенефициар банктің атауын, бенефициар банктің тіркеу нөмірін, банктік сәйкестендiру кодын (БСК) және жеке сәйкестендіру кодын (ЖСК) қамтитын банктік деректемелері;
      8) берілген қосымшалар, берілген қосымшалардың тиісті төркөздеріне белгі қойылады;
      9) Өтініштің түрі (негізгі, қосымша), тиісті торкөзге белгі қойылады.
      Негізгі өтініш 302.00, 322.00 және 392.00 нысандары бойынша негізгі Өтініш бойынша салық тексеруі актісімен расталған қосылған құн салығының сомасын қайтару үшін жасалады.
      Қосымша өтініш 302.00, 322.00 және 392.00 нысандары бойынша қосымша Өтініш бойынша салық тексеруі актісімен расталған қосылған құн салығының сомасын қайтару үшін, сондай-ақ қосылған құн салығының сомасын қайтаруға салық органы қорытындысының негізінде растау кезінде жасалады.

      7. "Қайтару нысаны" бөлімінде қосылған құн салығының сомасы қандай нысанда және қандай мөлшерде жүргізілуі тиіс екендігі көрсетіледі:
      1) 332.00.001 жолында Салық кодексінің  252-бабы  2-тармағының
1), 4) тармақшаларына сәйкес салықтың осы және басқа да түрлері бойынша берешекті өтеу есебіне есепке жатқызуға жататын қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі. Аталған жолға 332.01 нысанының Өтінішіне қосымшаның Н бағанының жиынтық шамасы көшіріледі;
      2) 332.00.002 жолында Салық кодексінің 252-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тауарларды импорттау кезінде төленуге жататын қосылған құн салығын төлеу есебіне есепке жатқызуға жататын қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі. Аталған жолға 332.02 нысанының Өтінішіне қосымшаның G бағанының жиынтық шамасы көшіріледі;
      3) 332.00.003 жолында Салық кодексінің 252-бабы 2-тармағының  3) тармақшасына сәйкес резидент емес үшін қосылған құн салығын төлеу есебіне есепке жатқызуға жататын қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі. Аталған жолға 332.03 нысанының Өтінішіне қосымшаның G бағанының жиынтық шамасы көшіріледі;
      4) 332.00.004 жолында Салық кодексінің 252-бабы 2-тармағының  5) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығын төлеушінің банктік шотына аударылуға жататын қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі;
      5) 332.00.005 жолында Салық кодексінің 252-бабы 2-тармағының  6) тармақшасына сәйкес салықтың басқа да түрлері бойынша алдағы төлемдердің есебіне есепке жатқызуға жататын қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі. Аталған жолға 332.03 нысанының Өтінішіне қосымшаның D бағанының жиынтық шамасы көшіріледі;
      6) 332.00.006 жолда шамасы 332.00.01-ден бастап 332.00.05-ке дейінгі жолдардың сомасы ретінде айқындалатын бюджеттен қайтаруға жататын қосылған құн салығының жиынтық сомасы көрсетіледі. Аталған жолдың шамасы қайтаруға салық тексеруі актісімен немесе салық органының қорытындысымен расталған қосылған құн салығының сомасына сәйкес келуі тиіс.

  3. Қосылған құн салығы және салықтың басқа да түрлері бойынша берешек - 332.01 нысанын жасау

      8. 332.01 нысаны қосылған құн салығын төлеушідегі салықтың осы және басқа да түрлері бойынша салық берешегін өтеу есебіне есепке жатқызуға жататын қосылған құн салығының сомаларын көрсетуге арналған.
      Егер қосылған құн салығын төлеуші заңды тұлға болып табылатын жағдай болса, онда қосылған құн салығын қайтару қосылған құн салығын оның құрылымдық бөлімшелеріндегі салықтың осы және басқа да түрлері бойынша салық берешегін өтеу есебіне есепке жатқызу жолымен де жүргізіледі.
      Егер қосылған құн салығын төлеуші заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын жағдай болса, онда қосылған құн салығын қайтару қосылған құн салығын заңды тұлғадағы салықтың осы және басқа да түрлері бойынша салық берешегін өтеу есебіне есепке жатқызу жолымен де жүргізіледі.
      Қосылған құн салығын төлеушіде салықтың осы және басқа да түрлері бойынша салық берешегі болмаған жағдайда қосылған құн салығын қайтару оның салықтарды дербес төлеушілері болып табылатын құрылымдық бөлімшелерінің салықтың осы және басқа да түрлері бойынша салық берешегін өтеу есебіне есепке жатқызу жолымен жүргізіледі.
      Бұл ретте бастапқыда есепке жатқызу салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық берешегін өтеу есебіне жүргізіледі.
      Салық берешегін өтеу Салық кодексінің  33-бабына  сәйкес  жүргізіледі.

      9. "Салық төлеуші туралы мәліметтер" бөлімінде мыналар көрсетіледі:
      1) Өтініш берген салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      2) Өтініш берген салық төлеуші тіркеу есебінде тұрған салық органының коды.

      10. Аталған нысанның "Қосылған құн салығы және салықтың басқа да түрлері бойынша берешек" бөлімінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
      1) А бағанында - жолдың реттік нөмірі;
      2) В бағанында - Салық кодексінің  252-бабы  2-тармағының 1), 4) тармақшаларына сәйкес есепке жатқызу жүргізілетін заңды тұлғаның немесе құрылымдық бөлімшенің СТН-і;
      3) С бағанында - В бағанында көрсетілген салық төлеуші салық органының коды;
      4) D бағанында -   ол бойынша берешек бар салықтың (өсімпұлдың, айыппұлдың) түріне сәйкес келетін кірістердің бюджет сыныптамасының коды;
      5) E бағанында - Өтінішті жасау күніне жағдай бойынша D бағанында көрсетілген кірістердің бюджет сыныптамасының кодына сәйкес келетін салықтың түрі бойынша өсімпұлды өтеу есебіне есепке жатқызуға жататын қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі;
      6) F бағанында - Өтінішті жасау күніне жағдай бойынша D бағанында көрсетілген кірістердің бюджет сыныптамасының кодына сәйкес келетін салықтың түрі бойынша берешекті өтеу есебіне есепке жатқызуға жататын қосылған құн салығының сомасы;
      7) G бағанында - Өтінішті жасау күніне жағдай бойынша D бағанында көрсетілген кірістердің бюджет сыныптамасының кодына сәйкес келетін айыппұлдарды өтеу есебіне есепке жатқызуға жататын қосылған құн салығының сомасы;
      8) Н бағанында - Өтінішті жасау күніне жағдай бойынша тиісті жолда көрсетілген салықтың тиісті түрі бойынша салық берешегін өтеу есебіне есепке жатқызуға жататын қосылған құн салығының жалпы сомасы.
      Н бағанының жиынтық шамасы Өтініштің 332.00.001 жолына көшіріледі.

  4. Тауарлар импорты кезінде төленуге жататын қосылған құн салығының есебіне есепке жатқызу - 332.02 нысанын жасау

      11. 332.02 нысаны тауарлар импорты кезінде төленуге жататын қосылған құн салығы есебіне есепке жатқызуға жататын қосылған құн салығының сомаларын көрсетуге арналған.
      332.02-нысанға кеден органының растауы қоса беріледі.

      12. "Салық төлеуші туралы мәліметтер" бөлімінде мыналар көрсетіледі:
      1) Өтініш берген салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      2) Өтініш берген салық төлеуші тіркеу есебінде тұрған салық органының коды.

      13. Аталған нысанның "Тауарлар импорты кезінде төленуге жататын қосылған құн салығының есебіне есепке жатқызу" бөлімінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
      1) А бағанында - жолдың реттік нөмірі көрсетіледі;
      2) В бағанында - салық органының коды;
      3) С бағанында -   есепке жатқызу жүргізілетін бюджет сыныптамасының коды;
      4) D бағанында - Өтінішті жасау күніне жағдай бойынша С бағанында көрсетілген кірістердің бюджет сыныптамасының кодына сәйкес келетін салықтың түрі бойынша өсімпұлды өтеу есебіне есепке жатқызуға жататын қосылған құн салығының сомасы;
      5) E бағанында - Өтінішті жасау күніне жағдай бойынша С бағанында көрсетілген кірістердің бюджет сыныптамасының кодына сәйкес келетін тауарлар импорты кезінде төленуге жататын қосылған құн салығының есебіне есепке жатқызуға жататын қосылған құн салығының сомасы;
      6) F бағанында - Өтінішті жасау күніне жағдай бойынша С бағанында көрсетілген кірістердің бюджет сыныптамасының коды бойынша айыппұлдарды өтеу есебіне есепке жатқызуға жататын қосылған құн салығының сомасы;
      7) G бағанында - Өтінішті жасау күніне жағдай бойынша тауарлар импорты кезінде төленуге жататын қосылған құн салығының есебіне есепке жатқызуға жататын қосылған құн салығының жалпы сомасы.
      G бағанының жиынтық шамасы Өтініштің 332.00.002 жолына көшіріледі.

  5. Салық кодексінің 221-бабына сәйкес төленуге жататын қосылған құн салығының есебіне есепке жатқызу - 332.03 нысанын жасау

     14. 332.03 нысаны Салық кодексінің  221-бабына  сәйкес төленуге жататын қосылған құн салығының есебіне есепке жатқызуға жататын қосылған құн салығының сомаларын көрсетуге арналған.

      15. "Салық төлеуші туралы мәліметтер" бөлімінде мыналар көрсетіледі:
      1) Өтініш берген салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      2) Өтініш берген салық төлеуші тіркеу есебінде тұрған салық органының коды.

      16. Аталған нысанның "Салық кодексінің 221-бабына сәйкес төленуге жататын қосылған құн салығының есебіне есепке жатқызу" бөлімінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
      1) А бағанында - жолдың реттік нөмірі;
      2) В бағанында - салық органының коды;
      3) С бағанында - есепке жатқызу жүргізілетін бюджет сыныптамасының коды;
      4) D бағанында - Өтінішті жасау күніне жағдай бойынша С бағанында көрсетілген кірістердің бюджет сыныптамасының кодына сәйкес келетін салықтың түрі бойынша өсімпұлды өтеу есебіне есепке жатқызуға жататын қосылған құн салығының сомасы;
      5) E бағанында - Өтінішті жасау күніне жағдай бойынша С бағанында көрсетілген Салық кодексінің 221-бабына сәйкес төленуге жататын қосылған құн салығының есебіне есепке жатқызуға жататын қосылған құн салығының сомасы;
      6) F бағанында - Өтінішті жасау күніне жағдай бойынша С бағанында көрсетілген кірістердің бюджет сыныптамасының кодына сәйкес келетін айыппұлдарды өтеу есебіне есепке жатқызуға жататын қосылған құн салығының сомасы;
      7) G бағанында - Өтінішті жасау күніне жағдай бойынша Салық кодексінің 221-бабына сәйкес төленуге жататын қосылған құн салығының есебіне есепке жатқызуға жататын қосылған құн салығының жалпы сомасы жатады.
      G бағанының жиынтық шамасы Өтініштің 332.00.003 жолына көшіріледі.

  6. Қосылған құн салығын салықтың басқа да түрлері бойынша алдағы төлемдердің есебіне есепке жатқызу жолымен қайтару - 332.04 нысанын жасау

      17. 332.04 нысаны салықтың басқа да түрлері бойынша алдағы төлемдердің есебіне есепке жатқызу жолымен қайтаруға жататын қосылған құн салығының сомасын көрсетуге арналған.

      18. "Салық төлеуші туралы мәліметтер" бөлімінде мыналар көрсетіледі:
      1) Өтініш берген салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      2) Өтініш берген салық төлеуші тіркеу есебінде тұрған салық органының коды көрсетіледі.

      19. Аталған нысанның "Қосылған құн салығын салықтың басқа да түрлері бойынша алдағы төлемдердің есебіне есепке жатқызу жолымен қайтару" бөлімінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
      1) А бағанында - жолдың реттік нөмірі көрсетіледі;
      2) В бағанында - салық органының коды;
      3) С бағанында - қайтару жүргізілетін бюджет сыныптамасының коды;
      4) D бағанында - Өтінішті жасау күніне жағдай бойынша С бағанында көрсетілген салықтың басқа да түрлері бойынша алдағы төлемдердің есебіне есепке жатқызуға жататын қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі;
      D бағанының жиынтық шамасы Өтініштің 332.00.004 жолына көшіріледі.

(Қағаз мәтініне қараңыз
нысан 332.00, 332.01, 332.02, 332.03, 332.04)