Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2007 жылғы 23 мамырдағы N 117 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 12 маусымдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4729 болып енгізілді.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңдарын іске асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шығындары республикалық бюджеттен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызды облысаралық қатынастар бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде анықтау жөніндегі конкурсты өткізу ережесін бекіту туралы" Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылғы 23 қарашадағы N 429 а-І бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3232 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3936 тіркелген, "Заң газетінің" 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 230-231 (944-965) санында жарияланған, "Шығындары республикалық бюджеттен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызды облысаралық қатынастар бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде анықтау жөніндегі конкурсты өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылғы 23 қарашадағы N 429 а-І бұйрығына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 9 қарашадағы N 341-І бұйрығымен; Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4335 болып тіркелген, "Заң газетінің" 2006 жылғы 16 тамыздағы N 149 (1129) санында, "Ресми газетінің" 2006 жылғы 16 қыркүйектегі N 38 (300) санында жарияланған, "Шығындары республикалық бюджеттен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызды облысаралық қатынастар бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде анықтау жөніндегі конкурсты өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылғы 23 қарашадағы N 429 а-І бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2006 жылғы 26 шілдедегі N 188 бұйрығымен енгізілген толықтырулармен бірге Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2005 ж., N 3-8, 22-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шығындары республикалық бюджеттен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызды облысаралық қатынастар бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде анықтау жөніндегі конкурсты өткізу ережесінде:

      көрсетілген Ережеге 1-қосымшада:
      "СТН" деген аббревиатура "БСН" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      көрсетілген Ережеге 2-қосымшада:
      "СТН" деген аббревиатура "ЖСН" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      көрсетілген Ережеге 4-қосымшада:
"СТН" деген аббревиатура "БСН/ЖСН" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      көрсетілген Ережеге Әлеуметтік маңызды облысаралық қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау туралы шартқа қосымшада:
      "СТН" деген аббревиатура "БСН/ЖСН" деген аббревиатурамен ауыстырылсын.

      2. "Жүк тасымалдау ережесін бекіту туралы" Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылғы 23 қарашадағы N 429-І  бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3294 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4000 болып тіркелген, "Заң газетінің" 2006 жылғы 17 наурыздағы N 47-48 (1027-1028) санында, "Ресми газетінің" 2006 жылғы 25 наурыздағы N 13 (275) санында жарияланған, "Жүк тасымалдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылғы 23 қарашадағы N 429-1 бұйрығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 22 желтоқсандағы N 409-І бұйрығымен енгізілген толықтырумен бірге Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2005 жылғы  қыркүйектегі, N 18, 156-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жүк тасымалдау ережесінде:
      29-тармақтың бесінші абзацындағы "(СТН)" деген аббревиатура "(БСН/ЖСН)" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      353-тармақтағы "СТН" деген аббревиатура "ЖСН" деген аббревиатурамен ауыстырылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Қатынас жолдары комитеті (М.Ж. Оразбеков) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық 2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр