"Әкімшілік-аумақтық бірліктердегі халық санына сәйкес сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын белгілеу Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 8 шілдедегі N 12/200 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 25 мамырдағы N 87/161 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 11 маусымдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4727 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 21/323 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Орталық сайлау комиссиясының 11.09.2020 № 21/323 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Әкімшілік-аумақтық бірліктердегі халық санына сәйкес сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын белгілеу Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 8 шілдедегі N 12/200 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген N 838, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2004 жылғы 11 қазандағы N 144/210 қаулысымен енгізілген өзгерістермен) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған қаулымен бекітілген Әкімшілік-аумақтық бірліктердегі халық санына сәйкес сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын белгілеу Ережелерінде:

      2 қосымшада реттік нөмірі 27-ші жолда "Лениногорск" деген сөз "Риддер" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3 қосымшада:

      реттік нөмірі 48-жолда "Целинный" деген сөз "Ғабит Мүсірепов" деген сөздермен ауыстырылсын;

      реттік нөмірі 58-жолда "Бұлаев" деген сөз "Мағжан Жұмабаев" деген сөздермен ауыстырылсын;

      реттік нөмірі 64-жолда "Талдықорған" деген сөз "Ескелді" деген сөзбен ауыстырылсын;

      реттік нөмірі 104-жолда "Сергеев" деген сөз "Шал ақын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      реттік нөмірі 150-жолда "Жәнібек" деген сөз мемлекеттік тілдегі мәтінде өзгеріссіз қалдырылсын;

      реттік нөмірі 151-жолда "Орда" деген сөз "Бөкейордасы" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдеріне, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссияларының төрағаларына жіберілсін.

      3. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Орталық сайлау комиссиясының


Төрағасы


Қазақстан Республикасы


Орталық сайлау комиссиясының


xaтшысы