Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының»"Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары жөніндегі ережені бекіту туралы" 2005 жылғы 30 шілдедегі N 269 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 110 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 11 маусымдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4723 болып енгізілді.

Қолданыстағы

      Нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестендіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Агенттік Басқармасының»"Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары жөніндегі ережені бекіту туралы" 2005 жылғы 
30 шілдедегі N 269  қаулысына  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3822 тіркелген) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының»"Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары жөніндегі ережені бекіту туралы" 2005 жылғы 
30 шілдедегі N 269 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 15 сәуірдегі N 99  Қаулысымен  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4238 тіркелген) енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

      атауы және 1-тармағы "өтеу" деген сөзден кейін ", облигациялар шығарылымының күшін жою" сөздерімен толықтырылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есепті қарау ережесінде:
      атауы ", облигациялар шығарылымының күшін жою" сөздерімен толықтырылсын;

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы Ереже "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі  Заңына  (бұдан әрі - Заң), "Секьюритилендіру туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 
20 ақпандағы  Заңына , "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі  Заңына  сәйкес әзірленді және мемлекеттік емес облигациялардың (бұдан әрі - облигациялар) шығарылымын мемлекеттік тіркеудің, облигацияларды орналастыру және өтеу, сондай-ақ облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары туралы есепті қараудың және бекітудің шарттары мен тәртібін айқындайды.";

      1-тармақтың екінші абзацы "электронды тасымалдағышта" деген сөздерден кейін "мемлекеттік және орыс тілінде" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақтың 2) тармақшасында, 4-тармақтың 3) тармақшасында "бір данада" деген сөздерден кейін "мемлекеттік және орыс тілдерінде" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Эмитенттің аудиторлық есеппен расталған соңғы қаржы жылына жылдық қаржылық есептілік және облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру алдындағы соңғы тоқсан аяғындағы жағдай бойынша эмитенттің қаржылық есептілігі (облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеу кезінде қаржылық есептіліктің деректері ұсынылмаған жағдайда) облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымының проспектісінің ажырамас бөлігі болып табылады.";

      3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз тасымалдағышта (мемлекеттік және орыс тілдерінде) екі данада және Acrobat Reader форматында электронды тасымалдағышта (проспекттің электрондық нұсқасы эмитенттің қаржылық есебін қоспай мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылады) жасалған облигациялар шығарылымының проспектісін;";

      5-1-тармақтың 5) тармақшасындағы және 5-2-тармақтың 1) тармақшасындағы "бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте көрсетілген деректер" деген сөздері "эмитенттің атауы" деген сөздерімен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
      "9-1. Облигацияларды орналастыру кезеңі жүйелі алты ай болады;
      Орналастырудың бірінші есепті кезеңінің басталу күні облигациялар шығарылымының проспектісінде белгіленген облигацияларды орналастыруды бастаған күні болып табылады.
      Келесі есепті кезеңнің басталу күні алдыңғы есепті кезеңнің аяқталған күннен кейін келетін күн болып табылады.
      Облигацияларды орналастыруды аяқтау күні эмитенттің жеке шотынан барлық облигацияларды жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесінде тіркелген тұлғалардың жеке шоттарына аудару бойынша соңғы операцияны жүргізу күні не облигациялар шығарылымының проспектісімен белгіленген облигацияларды орналастыру мерзімі аяқталған күні болып табылады.
      Облигацияларды орналастыру қорытындысы туралы есепті эмитент орналастырудың есепті кезеңі аяқталғаннан кейін бір ай ішінде ұсынады.";

      12-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "12. Егер облигацияларды орналастырудың есепті кезеңі басталған күнінен бастап алты ай ішінде эмитент бір де бір облигация орналастырмаса, ол уәкілетті органға:";

      мынадай мазмұндағы 3-1 тараумен толықтырылсын:

"3-1 тарау. Облигациялар шығарылымының күшін жою

      12-1. Облигациялар шығарылымының күшін жою уәкілетті органымен осы шығарылымның бір де бір облигациясы орналастырылмаған жағдайда облигациялар шығарылымының күшін жою туралы шешім қабылдаған эмитенттің шешімі негізінде жүзеге асырылады.
      12-2. Облигациялардың күшін жою үшін эмитент уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) ерікті нысанда жазылған өтініш;
      2) облигациялар шығарылымының күшін жою туралы шешім қабылдаған эмитенттің шешімінің көшірмесі;
      3) облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің, облигациялар шығарылымының проспектісінің уәкілетті органның тіркеу туралы белгісімен түпнұсқалары;
      4) жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін тіркеуші берген эмитенттің жеке шотының жай-күйі туралы анықтаманың көшірмесі.
      12-3. Осы Ереженің 12-2-тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген құжаттарды жоғалтқан жағдайда эмитент уәкілетті органға бұқаралық ақпараттар құралдарында жарияланған жоғалған құжаттардың жарамсыздығы туралы хабарламаның көшірмесін ұсынады.
      12-4. Эмитенттің облигациялар шығарылымының күшін жоюға уәкілетті органға ұсынған құжаттары оларды алған күннен бастап он төрт күн ішінде қаралады.
      12-5. Эмитенттің облигациялар шығарылымының күшін жоюға ұсынған құжаттары Қазақстан Республикасы заңнамасына және осы Ережеге сәйкес болған жағдайда уәкілетті орган облигациялар шығарылымының күшін жояды және эмитентке осы Ереженің 9-қосымшасына сәйкес облигациялар шығарылымының күші жойылғаны туралы хабарлама жібереді. Облигациялар шығарылымының күшін жою туралы қабылданған шешімді уәкілетті орган эмитенттің тіркеушісіне және орталық депозитарийге мәлімет үшін жібереді.
      12-6. Облигациялар шығарылымы облигациялар шығарылымы күшін жойғаны туралы хабарламада көрсетілген күннен бастап, бірақ уәкілетті орган облигациялар шығарылымының күшін жою туралы шешім қабылдаған күннен он күн асырмай күшін жояды."; 

      мынадай мазмұндағы 16-1-тармағымен толықтырылсын:
      "16-1. Эмитент ұсынған құжаттар көшірмелері бірінші басшының (не оның орнын ауыстыратын тұлғаның) қолы қойылуымен және эмитенттің мөр таңбасымен расталады.
      Құжаттың парақтары көп болған жағдайда әр парағы расталады не құжат тігіледі және тігістің түйініне және жартылай параққа желімделген қағаз пломбасымен бекітіледі. Мөрдің таңбасы және бірінші басшысының (немесе оның орнын ауыстыратын тұлғаның) қолы жартылай қағаз пломбаға, жартылай құжаттың парағына түсуі тиіс.";

      1-қосымшасында:
      10-тармақта:
      бірінші абзацы "эмитенттің" деген сөзден кейін "соңғы аяқталған үш қаржы жылына" деген сөздерімен толықтырылсын;
      екінші абзацы "Тиісті қызмет көрсету" деген сөздердің алдында "Проспектті уәкілетті органға ұсыну алдындағы үш жыл ішінде" сөздерімен толықтырылсын;

      13-тармақтың 3) тармақшасында, 14-тармақтың 2) тармақшасында "екі" деген сөзі "үш" сөзімен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
      "13-1. Эмитенттің директорлар кеңесінің комитеттері (ондай болған жағдайда).
      Осы тармақта эмитенттің директорлар кеңесі комитетінің (комитеттерінің) атауын, оның (олардың) құзыретін көрсету қажет.";

      16-тармақтың екінші абзацында "13 және 14-тармақтарында" деген сөздері "13, 13-1 және 14-тармақтарында" деген сөздерімен ауыстырылсын;

      21-тармақтың екінші абзацы "13," цифрдан кейін "13-1," цифрмен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 36-1, 36-2, 36-3-тармақтармен толықтырылсын:
      "36-1. Эмитенттің соңғы үш аяқталған қаржы жылы ішінде алған (шеккен) кірістің (шығынның) мөлшері (үш жылдың ішіндегі әр жылдың қорытындысы бойынша бөлігінде).
      36-2. Левередж.
      Осы тармақта эмитенттің левередж шамасы соңғы үш жылдың әр аяқталған қаржы жылының бірінші күнгі, сондай-ақ облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарлама) проспектісін беру алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша көрсетіледі.
      36-3. Эмитенттің нашарлауы эмитент үшін облигацияларды сатып алу міндетіне әкелетін қаржылық жағдайының критерийлері мен басқа көрсеткіштері.";

      38-тармақтың 6) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "облигациялар мерзімнен бұрын өтелген жағдайда облигацияларды өтеу шарттары, мерзімі тәртібі көрсетіледі;";

      44-тармақта:
      екінші абзацта:
      екінші сөйлемі "және" деген сөзден кейін "тігілген және нөмірленген парақтардың санын көрсетіп" деген сөздерімен толықтырылсын;
      үшінші сөйлемі "бірінші басшысының" деген сөздерден кейін "немесе оның орнын ауыстыратын тұлғаның" деген сөздерімен толықтырылсын;

      2-қосымшасында:
      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      "5-1. Эмитенттің директорлар кеңесінің комитеттері (ондай болған жағдайда).
      Осы тармақта эмитенттің директорлар кеңесі комитетінің (комитеттерінің) атауын (атауларын), оның (олардың) құзыретін көрсету қажет.";

      28-тармақтың үшінші абзацының бірінші сөйлемі "пломбамен" деген сөзден кейін "тігілген және нөмірленген парақтардың санын көрсетіп" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-қосымшада:
      3-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "12) облигациялар мерзімнен бұрын өтелген жағдайда облигацияларды сатып алу шарттары, мерзімдері, тәртібі, облигацияларды төлеу үшін берілген ақшаны қайтарып алу тәртібі көрсетіледі;";

      7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Облигациялық бағдарлама шеңберінде облигациялар шығарылымының проспектісіне бірінші басшысының, бас бухгалтері, ішкі аудит қызметі басшысының (болған жағдайда) не олардың орнын ауыстыратын тұлғалардың қолы қойылады және эмитент мөрінің таңбасымен куәландырылады, тігіледі және тігістің түйініне және жартылай параққа желімделген қағаз пломбамен бекітіледі. Мөрдің таңбасы жартылай қағаз пломбасына, жартылай құжаттың парағына түсіп бірінші басшының немесе оның орнын ауыстыратын тұлғаның қолымен расталуы тиіс.";

      5-қосымшада:
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармағымен толықтырылсын:
      "1-1. Эмитенттің мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер.
      Осы тармақта эмитенттің мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы куәлігінің күні мен нөмірін, сондай-ақ оны мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткізген органның атауын көрсету қажет.";

      5-тармақта:
      1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы алдыңғы есепті (есептерді) бекіту күні;";
      4) тармақшасы "сауда-саттық күні" деген сөздерден кейін  "орналастырылған акциялардың саны және тартылған ақшаның сомасы" деген сөздермен толықтырылсын;

      8-тармақтың алтыншы абзацында:
      екінші сөйлемі "орналастырылған облигациялардың саны туралы" деген сөздерден кейін "меншік иелерінің санаты бойынша бөлігінде" деген сөздермен толықтырылсын;
      үшінші сөйлемі "бірінші басшысының" деген сөздерден кейін "немесе оның орнын ауыстыратын тұлғаның" деген сөздерімен толықтырылсын;

      6-қосымшада:
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармағымен толықтырылсын:
      "1-1. Эмитенттің әділет органдарында мемлекеттік тіркелу (қайта тіркелу) туралы мәліметтер, бизнес-бірдейлендіру нөмірі (болған жағдайда).
      Осы тармақта эмитенттің әділет органдарында мемлекеттік тіркелу (қайта тіркелу) туралы куәлігінің күнін және нөмірін, сондай-ақ оның мемлекеттік тіркеуін (қайта тіркеуін) жүзеге асырған органның атауын көрсету қажет.";

      5-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшасымен толықтырылсын:
      "1-1) эмитенттің сатып алған облигациялардың саны туралы облигацияларды өтеу күнгі жағдай бойынша мәліметтер;";

      6-тармақ мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
      "Осы тармақта есеп толығымен келтіріледі.";

      Осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда 9-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
      1) Заң департаментімен (М.Б. Байсынов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, сауда-саттықты ұйымдастырушыларға, орталық депозитарийге жіберсін.

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.

      Төраға

                                       Қазақстан Республикасы Қаржы 
                                        нарығын және қаржы ұйымдарын
                                      реттеу мен қадағалау агенттігі
                                          Басқармасының 2007 жылғы
                                       30 сәуірдегі N 110 қаулысына
                                                 Қосымша

"Мемлекеттік емес облигациялар     
шығарылымын мемлекеттік тіркеу    
 және облигацияларды орналастыру   
 және өтеу, облигациялар шығарылымының
 күшін жою қорытындылары жөніндегі  
 ережеге 9-қосымша            

Облигациялар шығарылымының күшін жою туралы
Хабарлама

"___"______200__ жылы                       Алматы қаласы  N____
 
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу
мен қадағалау агенттігі
___________________________________________________________
_______________________________________ тіркелген (қайта тіркелген)
(заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігін берген әділет
органының атауы, күні, айы, жылы, берілген нөмірі)
____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігіне
               сәйкес эмитенттің атауы мен мекен-жайы)
 
облигациялар шығарылымының күшін жойды.
Шығарылым___________________________________________________________
          (облигациялар шығарылымының мемлекеттік тіркеуін жүзеге
                 асырған органның атауы, күні, айы, жылы)
 
тіркелді және Эмиссиялық бағалы қағаздар мемлекеттік тізілімінде
нөмірі _______ болып енгізілген.
 
Шығарылым ________________________________облигация болып бөлінген.
         (саны цифрмен және жазбаша, түрі)
 
Облигациялар  шығарылымының күшін жою туралы шешім қабылданған
күнгі жағдай бойынша бір де бір акция орналастырылмаған.
 
Акциялар шығарылымы ______________________күннен бастап күшін жойды.
                     Күні (күні/айы/жылы)
 
Куәлікке қол қойған тұлғаның фамилиясы, аты, әкесінің аты (болған
жағдайда) және лауазымы, қолы, мөрі.".