1. Қоса берілген сызба-картаға сәйкес:
Аққұдық ауылдық округі құрамынан жалпы көлемі 52167 га аумақты және онда орналасқан Көктау және Қарабаз елді мекендерін шығара отырып;
Көктөбе ауылдық округі құрамынан жалпы көлемі 37745 га аумақты және онда орналасқан Көшенсай ауылын шығара отырып, шекаралары өзгертілсін.
2. Қоса беріліп отырған сызба-картаға сәйкес құрамына жалпы көлемі 89912 га аумақты, онда орналасқан Көктау, Қарабаз және Көшенсай елді мекендерін қоса отырып, әкімшілік орталығы Көктау ауылы деп белгілеп, Көктау ауылдық округі құрылсын.
3. Хромтау ауданының әкiмi (О.Н. Далмағамбетов) жаңадан құрылған әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік басқаруды қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді шешсін.
4. "Ақтөбе облысының қаржы департаменті" ММ (С. Енсегенұлы) жаңадан құрылған әкімшілік-аумақтық бірлікті ұстауды қаржыландыруға байланысты мәселелерді шешсін.
5. "Ақтөбе облысының статистика басқармасы" ММ (А.Д.Мұқаев) облыстың әкімшілік-аумақтық бірліктерінің есептік деректеріне тиісті өзгерістер енгізсін.
6. "Ақтөбе облысы бойынша жер қатынастары басқармасы" ММ (М.Н.Жекеев) жер-кадастр құжаттарын Хромтау ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысында жасалған өзгерістермен сәйкестендірсін.
7. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы |
Облыс әкімі |