Агент банкті таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларын және агент банкке қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 23 қыркүйектегі N 211 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 23 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4439 болып енгізілді.

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 20-бабының 1-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Агент банкті таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидалары және агент банкке қойылатын талаптар бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы қолданысқа 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізіледі.

      3. Банктерді қадағалау Департаменті (Раева Р.Е.):

      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі мен "Қазақстан депозиттерге кепілдік беру жөнінде қоры" акционерлік қоғамына мәлімет үшін жіберсін.

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

Төраға



  Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының
2006 жылғы 23 қыркүйектегі
N 211 қаулысымен бекітілді

Агент банкті таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидалары және агент банкке қойылатын талаптар

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Осы Қағидалар "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген және депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын банктің депозиторларына оның еріксіз тарату жағдайында (бұдан әрі – қатысушы банк), кепілді өтем жөнінде рәсімді орындау үшін екінші деңгейдегі банкті (банктерді) (бұдан әрі – агент банк) таңдау, сондай-ақ агент банкке қойылатын талаптар жөніндегі конкурсты өткізу тәртібін анықтайды.

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Агент банкті таңдау жөніндегі конкурсты өткізу жеке тұлға депозиторлардың Заңға сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беру объектілері болып табылатын (бұдан әрі – кепілдік берілген депозиттер) депозиттері бойынша міндетті өтем алуға құқығын қамтамасыз етуге бағытталған.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қатысушы банктер арасынан конкурс негізінде агент банкті таңдайды. Кепілдік берілген өтемді төлеу үшін қажеттілікке байланысты бірнеше агент банктер таңдалуы мүмкін.

      3. Конкурстың қорытындысы бойынша депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым агент банкпен келісім жасайды, соған сәйкес агент банк депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның атынан және оның есебінен қатысушы банктердің біреуі мәжбүрлеп таратылған жағдайда кепілдік берілген депозиттер бойынша кепілдік берілген өтемді төлейді.

      4. Міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйыммен агент банкке қызметтері үшін сыйақы төленбейді.

      5. Міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым агент банкке қойылатын талаптарға банктердің бірі де сәйкес келмеген жағдайда Ұлттық почта операторы арқылы кепілдік берілген өтемді төлейді.

2-тарау. Агент банкке қойылатын талаптар

      6. Агент банкті таңдау жөніндегі конкурсқа қатысуға тілек білдірген банкке (бұдан әрі – үміткер банк) мынадай талаптар қойылады:

      1) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысуы;

      2) кассалық операцияларды жүргізуге лицензияның болуы;

      3) конкурсқа қатысуға берілген конкурстық өтінім беру күні (бұдан әрі – конкурстық өтінім) алдындағы соңғы алты ай ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген пруденциялық нормативтерді және ең төмен резервтік талаптарды орындауы;

      4) агент банкті таңдау жөніндегі конкурсқа қатысуға конкурстық өтінім берген күнге үміткер банкке қатысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қолданып жүрген қолданыстағы шектеулі ықпал ету шаралары мен санкциялардың болмауы;

      5) депозиторларға кепілдік берілген өтемді төлеуге қажетті орындарда үміткер банктің филиалдары (олардың үй-жайлары) болуы;

      6) Қағидалардың 15 және 16-тармақтарының талаптарына жауап беретін үміткер банктің конкурстық өтінім ұсынуы.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3-тарау. Агент банкті таңдау жөніндегі конкурсты өткізу

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Агент банкті таңдау жөніндегі конкурсты депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйыммен қатысушы банкті мәжбүрлеп тарату туралы соттың шешімі шыққан күннен бастап он бес күнтізбелік күн аралығында өткізіледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым агент банкті таңдау жөніндегі конкурсты өткізу үшін конкурстық комиссия құрады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Конкурстық комиссияның құрамына конкурстық комиссияның Төрағасы, төрағаның орынбасары және мүшелері кіреді. Конкурстық комиссияның жалпы санын бес адам құрайды.

      Конкурстық комиссияның мәжілісі конкурстық комиссияның төрағасын немесе оның орынбасарын қосқанда төрт мүшесінен кем емес талап бойынша қатысуы арқылы өткізіледі. Конкурстық комиссияның шешімдері конкурстық комиссияның қатысып отырған мүшелер санының жай көп дауысымен қабылданады. Дауыстар тең келгенде конкурстық комиссия төрағасының дауысы (ол болмаған жағдайда - төрағаның орынбасарының) шешуші болып табылады.

      10. Конкурстық комиссияның жұмысын ұйымдастыру, оның қызмет қорытындысын ресімдеу депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның қызметкерлері арасынан тағайындалған, конкурстық комиссиясының мүшелігіне кірмейтін және конкурстық комиссия шешім қабылдағанда дауыс беру құқығы жоқ конкурстық комиссияның хатшысы арқылы жүзеге асырылады.

      11. Конкурстық комиссия әр конкурсқа агент банкті таңдау үшін құрылады.

      12. Конкурстық комиссия:

      1) конкурсқа дайындық шараларын жүргізеді, оның ішінде:

      банктерді агент банкті таңдау жөніндегі конкурстың өту уақыты және орны, мерзімі мен конкурстық өтінімді қабылдау орны туралы хабардар етеді;

      үміткер банктерден конкурстық өтінім қабылдайды;

      2) конкурстық өтінімдерді ашады және қарайды;

      3) конкурс жеңімпазын айқындайды, конкурс қорытындысы бойынша хаттамаға қол қояды және оны депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның уәкілетті органына бекіту үшін ұсынады.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13. Конкурстық комиссия конкурс өткізуге дайындық жұмыстарын, конкурс өткізетін мерзімді, уақытты және орынды анықтаудан бастайды.

       14. Конкурстық комиссия қатысушы банкті мәжбүрлеп тарату туралы соттың шешімі шыққан күннен кейінгі үш жұмыс күні ішінде қатысушы банктерді агент банкті таңдау жөніндегі конкурстың өту уақыты және орны жөнінде, сондай-ақ конкурстық өтінімдерді Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қабылдау мерзімі мен орны туралы хабардар етеді.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Хабарламаға мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің (олар болған жағдайда) филиалдары орналасқан жері (оның үй-жайлары) туралы мәліметтер, сондай-ақ конкурс өткізу тәртібі мен талаптары жөнінде басқа да мәліметтер қоса береді.

      15. Үміткер банк агент банкті таңдау жөніндегі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттары бар конкурстық өтінімді ұсынады:

      1) агент банкті таңдау жөніндегі конкурсқа қатысу үшін Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді;

      2) соңғы аяқталған қаржы жылы бойынша үміткер банктің қаржылық есеп беруінің аудиторлық есебінің нотариатта куәландырылған көшірмесін;

      3) алынып тасталды

      4) кассалық операцияларды жүргізуге берілген лицензияның нотариатта куәландырылған көшірмесін;

      5) конкурстық өтінімді берген күннің алдындағы соңғы алты ай ішінде үміткер банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген пруденциялық нормативтерді және ең төмен резервтік талаптарды орындау туралы мәліметтерді;

      6) агент банкті таңдау жөніндегі конкурсқа қатысу үшін конкурстық өтінімді берген күнге үміткер банкке қатысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қолданып жүрген қолданыстағы шектеулі ықпал ету шаралары мен санкциялардың болмауы туралы мәліметтерді;

      7) үміткер банктің филиалдарының болуы және орналасқан жері (олардың үй-жайлары) туралы мәліметтер;

      8) мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің кепілдік берілген депозиттері бойынша кепілдік берілген өтемін төлеу жөнінде үміткер банктің шарттары туралы мәліметтер;

      9) үміткер банк өкілінің конкурстық комиссияның конкурстық өтінімді ашу кезінде қатысуға өкілеттілігін дәлелдейтін сенімхат.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.03.29 № 50 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

       16. Конкурстық өтінім нөмірленген парақтарымен тігілген түрінде ұсынылады және соңғы парағы үміткер банктің мөрімен куәландырылады.

      Үміткер банк конкурстық өтінімді жапсырылған конвертте ұсынады.

      17. Үміткер банктермен ұсынылған конкурстық өтінімдер депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның сейфінде ашылатын күнге дейін сақталады.

      18. Конкурстық өтінімдерді қабылдау оларды ашуға бір сағат қалғанда тоқтатылады. Үміткер банк өзінің конкурстық өтінімін қайтарып алуы мүмкін, ол туралы конкурстық комиссияға конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы күнінен кешіктірмей хабарлайды.

      19. Конкурстық комиссия хабарламада көрсетілген орында және уақытта үміткер банктердің өкілдері қатысуымен конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашады және мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің депозиторларына кепілдік берілген депозиттері бойынша үміткер банктермен ұсынылатын кепілдік берілген өтемді төлеу жөнінде шарттарын хабарлайды.

      Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу рәсімі аяқталғаннан кейін конверттер ашылғаны туралы конкурстық комиссияның төрағасы, мүшелері және хатшы қол қоятын хаттама толтырылады.

      20. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдер ашылғаннан кейін, бірақ қатысушы банкті мәжбүрлеп тарату жөнінде соттың шешімі шыққан күннен бастап он бес күнтізбелік күннен кешіктірмей, үміткер банктер арасынан Қағидалардың 6-тармағының талаптарына сәйкес келетін мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің депозиторларына кепілдік берілген депозиттері бойынша кепілдік берілген өтемді төлеу жөнінде үздік шарттарын ұсыну қағидаты бойынша конкурс жеңімпазын анықтайды.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      21. Конкурс жеңімпазы конкурстық комиссияның шешімі бойынша анықталады. Аталған шешім конкурс қорытындысы туралы хаттамамен ресімделеді, оған конкурстық комиссияның төрағасы, мүшелері мен хатшысы қол қояды және депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның уәкілетті органы бекітеді.

      22. Конкурс нәтижесі туралы хаттама депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның уәкілетті органымен бекітілгеннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде конкурстың жеңімпаз банкіне оның агент банк болып таңдалғаны жөнінде хабарлама жіберіледі.

      23. Қатысушы банкті мәжбүрлеп тарату жөнінде соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап он жұмыс күні ішінде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым агент банкпен мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің кепілдік берілген депозиттері бойынша агент банк арқылы кепілдік берілген өтемді төлеу туралы келісім жасайды.

      24. Қағидалардың 23-тармағында көрсетілген келісім агент банктің депозиторларға кепілдік берілген депозиттері бойынша кепілдік берілген өтемді төлеуге арналған ақшаны уақтылы және мақсатты қолдануы туралы міндетін қамтуы қажет.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      25. Агент банк (агент банктер), кепілдік берілген өтемді төлеу мерзімі мен орны (орындары) туралы хабарлау жөніндегі жарияланым депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйыммен Заңның 21-бабының 1-тармағына сәйкес жүргізіледі.

      26. Конкурс мынадай жағдайда өтпеді деп саналады:

      1) конкурстық өтінім берген барлық үміткер банктер Қағидалардың 6-тармағының талаптарына сәйкес келмесе;

      2) конкурстық өтінім жоқ болса.

      Ескерту. 26-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

4-тарау. Қорытынды ережелер

      27. Қағидалармен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Агент банкті таңдау жөніндегі
конкурсты өткізу қағидалары
және агент банкке қойылатын
талаптарға
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      20__жылғы "____"__________                  Басқарма Төрағасына

      ___________________________

      (банктің атауы)

      ___________________________

      Хабарлама

      _______________________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________________

      (депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның атауы)

      жеке тұлға депозиторларға___________________________________________________

      (мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің атауы)

      орналасқан кепілдік берілген депозиттер бойынша кепілдік берілген өтемді төлеу үшін

      агент банкті таңдау жөніндегі конкурсты жариялайды.

      Конкурстық өтінімдер 20__ жылғы "___" _______ ________

      сағатқа дейін мынадай мекен-жай бойынша_____________________________________

      _______________________________________________________________________________

      қабылданады.

      Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу 20___ жылғы "__"

      _______ _______ сағатта мынадай мекен-жай бойынша:___________ өтеді.

      Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын және

      агент банкке қойылатын талаптарға жауап беретін банктер конкурсқа қатысуға жіберіледі.

      _______________________________________________________________________________

      (депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның атауы)

      конкурс жеңімпазымен мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің кепілдік берілген

      депозиттері бойынша агент банк арқылы кепілдік берілген өтемді төлеу туралы келісім

      жасайды.

      Конкурстық комиссияның

      Төрағасы ______________________________________ ___________________________

      (тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса))            (қолы)

  Агент банкті таңдау жөніндегі
конкурсты өткізу қағидалары
және агент банкке қойылатын
талаптарға
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      20__ жылғы "____"__________                  Конкурстық комиссияның төрағасына

      _________________________________

      Агент банкті таңдау жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім

      _______________________________________________________________________________

      (банктің толық атауы)

      жеке тұлға депозиторларға

      _______________________________________________________________________________

      (мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің атауы)

      орналастырылған кепілдік берілген депозиттер бойынша кепілдік берілген өтемдерді

      төлеуге агент банкті таңдау жөніндегі конкурсқа қатысу үшін конкурстық өтінімді ұсынады.

      Конкурстық комиссиямен агент банкті таңдау жөніндегі конкурстың жеңімпазы

      болып ____________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________

      (банктің толық атауы)

      танылған жағдайда _________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________

      (депозиттерге кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның атауы)

      онымен агент банк арқылы кепілдік берілген депозиттер бойынша кепілдік берілген

      өтемді төлеу жөнінде келісім жасауға міндеттеме алады.

      Осы конкурстық өтінім мыналардан тұрады:

      1. ________________________________________________________________________

      2. ________________________________________________________________________

      3. ________________________________________________________________________

      4. ________________________________________________________________________

      5. ________________________________________________________________________

      6. ________________________________________________________________________

      7. ________________________________________________________________________

      Банктің деректемелері:

      _______________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) анықтамасына

      _______________________________________________________________________________

      немесе куәлігіне сәйкес мемлекеттік және орыс тілінде банктің толық

      _______________________________________________________________________________

      ресми атауы)

      _______________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) анықтамасының

      _______________________________________________________________________________

      немесе куәлігінің нөмірі мен уақыты)

      _______________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________

      (заңды мекен-жайы)

      _______________________________________________________________________________

      (нақты мекен-жайы)

      _______________________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі

      _______________________________________________________________________________

      корреспонденттік шотының нөмірі)

      _______________________________________________________________________________

      (банктік сәйкестендіру коды)

      Бірінші басшы ________________________________________ ___________________

      (тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса))            (қолы)

      Мөр орны (бар болса)