Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне өтуге қосылу шартына екінші деңгейдегі банктердің қосылуы жөніндегі өтініш нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 23 қыркүйектегі N 216 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 24 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4430 болып енгізілді.

Жаңартылған

     "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 10-бабының 2-тармағын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне өтуге қосылу шартына екінші деңгейдегі банктердің қосылуы жөніндегі өтініш нысаны бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы (Үсенбекова Л.Е.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан депозиттерге кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамына, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, екінші деңгейдегі банктерге мәлімет үшін жіберсін.
      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

       Төраға 

                                     Қазақстан Республикасы Қаржы
                                     нарығын және қаржы ұйымдарын 
                                     реттеу мен қадағалау агенттігі 
                                     Басқармасының 
                                     2006 жылғы 23 қыркүйектегі 
                                     N 216 қаулысына қосымша                                                                                       Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.05.28 № 155 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен                                                                                                             ________________________________
                                   (депозиттерге міндетті кепілдік 
                                    беруді жүзеге асыратын ұйымның
                                                 атауы)

      Күні "____"__________ 20___ жыл

                         Өтініш 

     Екінші деңгейдегі банк_______________________________________
                                    (банктің толық атауы)
(бұдан әрі - Банк) оның атынан____________________________________,
                                (лауазымы, фамилиясы, аты-жөні)
_________________________________________ негізінде іс-қимыл жасай 
     (Жарғы немесе өзге құжат)
отырып, депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қосылу үшін банктің
қосылу шартына қосылады.
      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі берген банк операцияларын, оған
депозиттерді қабылдау, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу және
жүргізу жөніндегі операциялары енетін N _____"____"_____________
20____ жылғы лицензиясын, Банк "____" ____________ 20____жылы алды.
      Банк "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде
орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы"
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі  Заңында және
қосылу шартында қарастырылған қатысушы банктің міндеттемелерін
өзіне алады. 

Банк деректемелері:

______________________________________________________________
   (банктің заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)
   куәлігіне сәйкес мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ресми
                       толық атауы)
______________________________________________________________
(заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) куәлігінің
нөмірі және күні)
______________________________________________________________

______________________________________________________________
                   (заңды мекен-жайы)
______________________________________________________________
                   (нақты мекен-жайы)
______________________________________________________________
(Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі корреспонденттік
шот нөмірі)
______________________________________________________________
                (банктік бірегейлендіру коды)

_______________ __________________  __________________________
    Лауазымы         Қолы              Фамилиясы, аты-жөні

  Мөр орны