Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын, ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2001 жылғы 5 қыркүйектегi N 343 қаулысына өзгерiс енгiзу және Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2006 жылғы 17 тамыздағы N 86 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 10 қазандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4417 болып енгізілді.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру және Қазақстан Республикасында валюталық режимдi одан әрi ырықтандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1.  Алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.09.24. N 110 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      2. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесi (осы қаулының 1-қосымшасы) бекiтiлсiн.

      3. Осы қаулының 2-қосымшасында көрсетiлген нормативтiк құқықтық актiлердiң күшi жойылды деп танылсын.

      4. Қазақстан Республикасының кеден органдары және екiншi деңгейдегi банктерi 1997 жылғы 1 қаңтардан бастап қоса алғанда 2001 жылғы 31 желтоқсанға дейiнгi кезеңде ресiмделген, 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап ақша не тауар қозғалысы болмаған мәмiле паспорттарын, сондай-ақ 2006 жылғы 31 желтоқсанға дейiн жеке есепке алуға жатқызылған мәмiле паспорттарын жабуды жүзеге асырсын.

      5. Осы қаулы осы қаулының 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 2 және 3-тармақтарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi және ресми түрде жариялануға тиiс.

      6. Төлем балансы және валюталық реттеу департаментi (Дюгай Н.Н.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне және аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне, екiншi деңгейдегi банктерге және "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне жiберсiн.

      7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басшылығының қызметiн қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) Төлем балансы және валюталық реттеу департаментiнен (Дюгай Н.Н.) жариялауға өтiнiм алған күннен бастап үш күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға шаралар қабылдасын.

      8. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Г.З.Айманбетоваға жүктелсiн.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы Қаржы
      нарығы мен қаржы ұйымдарын
      реттеу және қадағалау агенттігі

      Төраға

      2006 жылғы 21 тамыз

      "KEЛIСIЛДI"

      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрлiгi
      Министрi

      2006 жылғы 8 қыркүйек

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2006 жылғы 17 тамыздағы
N 86 қаулысына 1-қосымша

Қазақстан Республикасында экспорт-импорт
валюта бақылауын жүзеге асыру
ережесі

      Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" (бұдан әрі - Заң), "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру тәртiбiн және резиденттердің шетел және ұлттық валютаны қайтару талабын (бұдан әрі - қайтару талабы) орындауын қамтамасыз ету мақсатында экспорт және импорт бойынша мәмілелер паспорттарын ресімдеу талаптарын белгiлейдi.

1-тарау. Негізгі ұғымдар және терминдер

      1. Ережеде қолданылған ұғымдар Заңда көрсетілген мағыналармен пайдаланылады.

      2. Ереженің мақсаты үшін сондай-ақ мынадай терминдер және ұғымдар пайдаланылады:
      1) мәміле паспорты бойынша салыстырып тексеру актісі - мәміле паспортының банкі және кеден органы арасында мәміле паспорты бойынша тауарлар қозғалысы бойынша жүргізген салыстырып тексеру нәтижесі бойынша ресімделген акт;
      2) мәміле паспортының банкі - мәміле паспортын ресімдеген және мәміле бойынша бақылауды жүзеге асырған уәкілетті банк (оның филиалы), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) аумақтық филиалы (бұдан әрі - филиал); 
      3) экспорт немесе импорт күні - Ұлттық Банк Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4516 тіркелген "Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 129 қаулысына сәйкес белгіленген күн;
      4) валюта бақылау құжаттары:
      мәміле паспорты бойынша салыстырып тексеру актісі;
      келісім-шарт бойынша міндеттемелерін орындау мерзімдерінің, талаптарының, сондай-ақ тараптардың өзгерісін растайтын құжаттарды қоса алғанда валюталық шарт;
      шетелдік банктердегі шоттардағы ақша қозғалысы жөніндегі үзінді-көшірмелерді, келісім-шарттар шеңберінде шетелдік банктердегі шоттардан төлем және (немесе) аударымдарды растайтын және бірегейлендіретін өзге құжаттарды қоса алғанда келісім-шарттар бойынша міндеттемелердің орындалуын растайтын құжаттар;
      кедендік жүк декларациясының көшірмесі.
      Бұл ретте шет тіліндегі құжаттардың көшірмелері экспортердің немесе импортердің уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолымен расталып, уәкілетті банктің немесе Ұлттық Банк филиалының талап етуі бойынша экспортер немесе импортер сол тәртіппен расталған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасы қоса беріле отырып ұсынылады;
      лицензия, тіркеу куәлігі, хабарлама туралы куәлік;
      мәміле паспорты, мәміле паспортына қосымша парақ;
      5) мәміле паспорттарын тіркеу журналы - мәміле паспорттарын тіркеу үшін мәміле паспортының банкі жүргізетін журнал;
      6) келісім-шарт - тауарлардың (жұмыстың, қызметтің) импорты көзделген валюта шарты;
      7) лицензия - резиденттің резидент емеске 180 күннен астам мерзімге (Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тауарлардың жеке тізбесі бойынша 365 күн) коммерциялық кредит беруі үшін және шетел банкінде шот ашуға Ұлттық Банк 2006 жылғы 31 желтоқсанға дейін берген лицензия;
      8) кеден органдары - уәкілетті органның облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) бойынша кеден істері, кеден және кеден бекеттері мәселелері бойынша аумақтық бөлімшелері; 
      9) экспортер немесе импортер - Қазақстан Республикасының келісім-шарт жасаған не резидент емеске келісім-шарт бойынша талап ету құқығы өткен резиденті (заңды тұлға, оның филиалы, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген жеке кәсіпкер).
      Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2007.09.24. N 110 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

2-тарау. Экспорт-импорт валюта бақылау рәсімдері

      3. Уәкілетті банктер, сондай-ақ Ұлттық Банктің филиалдары Ереженің 20-тармағының 1)-5), 7)-тармақшаларында көрсетілген жағдайларды қоспағанда он мың АҚШ долларынан астам сомаға келісім-шарттар бойынша қайтару талабын бақылауды жүзеге асырады.
      Өзге валютамен көрсетілген және келісім-шарт бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшін АҚШ долларына қатысы бойынша айырбас бағамы көрсетілмеген келісім-шарттар бойынша АҚШ долларындағы келісім-шарт сомасының баламасын айқындау үшін соманы қайта есептеу валюта айырбастаудың келісім-шарт жасаған күнгі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасымен белгіленген тәртіппен айқындалған нарықтық бағамы бойынша жүзеге асырылады.
      Өзге валютамен көрсетілген және келісім-шарт бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшін АҚШ долларына қатысы бойынша айырбас бағамы көрсетілмеген келісім-шарттар бойынша орындалған міндеттемелер сомаларының АҚШ долларындағы баламасын айқындау үшін сомаларды қайта есептеу валюта айырбастаудың операция жасаған күнгі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасымен белгіленген тәртіппен айқындалған нарықтық бағамы бойынша жүзеге асырылады.

      4. Экспортер немесе импортер уәкілетті банктердің, сондай-ақ Ұлттық Банк филиалдарының талап етуі бойынша олардың қайтару талабының орындалуын бақылау мақсатында мәміле паспортын ресімдеу талап етілетін келісім-шарттар бойынша - мәміле паспортында немесе оған қосымша парақта, мәміле паспортын ресімдеу талап етілмейтін келісім-шарттар бойынша - еркін нысандағы өтініште:
      1) экспорт күні және экспорт бойынша келісім-шартқа ақы төлеу үшін валюта түскен күн;
      2) төлем және (немесе) ақша аудару күні және импорт бойынша келісім-шарт бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшін резидент еместің пайдасына импортер аударған валютаны қайтару күні, резидент емес міндеттемелерді орындамаған (және немесе) толық орындамаған жағдайда (бұдан әрі - пайдаланылмаған авансты қайтару) не келісім-шартта пайдаланылмаған авансты қайтарудың осындай мерзімдері болмаған жағдайда импорт күні арасындағы болжанған уақыт кезеңін (күн, жыл санын) көрсетеді.
      Аталған уақыт кезеңін (бұдан әрі - валюта түсудің болжанған күні) экспортер немесе импортер тараптардың келісім-шарт бойынша міндеттемелерін орындау талаптарын негізге алып, осы Ереженің талаптарын есеп ала отырып есептейді.
      Егер келісім-шарт шеңберінде резидент еместің тауарды жеткізу немесе ақы төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындаудың әртүрлі талаптары бар тауардың бірден көп тобының (жұмысты немесе қызметті орындаудың бірден көп кезеңінің) экспорты немесе импорты көзделсе, онда валюта түсудің болжанған күні ретінде тауардың жекелеген топтары (жұмысты немесе қызметті орындаудың кезеңдері) бойынша валюта түсудің барлық мерзімінің ең жоғарысы қабылданады.
      Мәміле паспортын ресімдеу талап етілмейтін келісім-шарттар бойынша экспортердің немесе импортердің валюта түсудің болжанған мерзімі көрсетілген өтініші болмаған жағдайда аталған мерзім 180 күнтізбелік күнге тең болып қабылданады.

      5. Экспортер немесе импортер Ереженің осы тармағында көрсетілген жағдайлар басталған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде, бірақ болжанған мерзім аяқталған айдың соңғы күнінен кешіктірмей:
      1) келісім-шартқа тараптардың міндеттемелерін орындау мерзімдері мен талаптарына әсер ететін өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде және мәміле паспортына қосымша парақты ресімдеу үшін негіз болып табылатын өзге өзгерістер пайда болған кезде;
      2) вексель бойынша төлем алған немесе вексель бойынша талап ету құқықтарын үшінші тұлғаға өткізу кезінде уәкілетті банкке және Ұлттық Банктің филиалына растайтын құжаттарды және ақпаратты ұсынады.
      Қайтару талабының орындалуын бақылау мақсатында уәкілетті банк Ереженің 44-тармағының 1) тармақшасында белгіленген оқиға басталған айдан кейінгі айдың бесінші күні экспортердің немесе импортердің атына тараптардың міндеттемелерді орындауын растайтын не болжанған мерзімдерді өзгертетін құжаттарды және ақпаратты ұсыну туралы жазбаша сұрату жібереді.
      Ұлттық Банктің филиалы Ереженің 44-тармағына сәйкес уәкілетті банк жіберген ақпарат, сондай-ақ Ұлттық Банктің филиалында ресімделген мәмілелер паспорттары негізінде экспортердің немесе импортердің атына валюта операцияларын жүзеге асыру жөніндегі құжаттарды және ақпаратты ұсыну туралы жазбаша сұрату жібереді.
      Экспортер немесе импортер сұратылған құжаттарды және ақпаратты уәкілетті банктен немесе Ұлттық Банктің филиалынан жазбаша сұрату алған күннен бастап он күнтізбелік күні ішінде уәкілетті банкке немесе Ұлттық Банктің филиалына ұсынады.

      6. Уәкілетті банк келісім-шарт бойынша ақша төлемі және (немесе) аударымы жүргізілгенге дейін қолда бар валюта бақылау құжаттарын экспортер немесе импортер ұсынған (не уәкілетті банктің қызметкері - уәкілетті банк экспортер немесе импортер болып табылатын келісім-шарттар бойынша) құжаттармен және ақпаратпен келісім-шарттың және мәміле паспортының деректемелеріне сәйкес келуіне салыстырып тексереді.
      Келісім-шарттың және мәміле паспортының деректемелері экспортер немесе импортер (не уәкілетті банктің қызметкері - уәкілетті банк экспортер немесе импортер болып табылатын келісім-шарттар бойынша) ұсынған құжаттарға және ақпаратқа сәйкес келмеген кезде уәкілетті банк жіберілетін төлемдер бойынша төлем жасаудан бас тартады. Келіп түскен төлемдер бойынша банкаралық хабардағы келісім-шарттың және мәміле паспортының деректемелері сәйкес келмеген кезде, егер экспортер немесе импортер осы келісім-шарт бойынша ақшаның түскенін жазбаша растаса, уәкілетті банк ақшаны есепке алады.
      Валюта түсудің болжанған мерзімдерін сақтамау уәкілетті банк үшін ақша төлемін және (немесе) аударымын жүргізуден бас тартуға негіз болып табылмайды.
      Ереженің 47 және 49-тармақтарында белгіленген жағдайларда уәкілетті банк Ереженің аталған тармақтарында белгіленген тәртіппен мәміле паспортына қосымша парақ ресімделгеннен кейін экспортердің немесе импортердің тапсырмасы бойынша немесе пайдасына ақша төлемін және (немесе) аударымын жүргізеді. 

      7. Ұлттық Банктің филиалы Ереженің 5-тармағына сәйкес экспортер немесе импортер ұсынған құжаттар және ақпарат негізінде экспортердің немесе импортердің іс-әрекеттерінде әкімшілік құқық бұзушылықтың болуы туралы мәселені қарайды не қылмыстық жазалау іс-әрекеттерінің белгілері болған кезде құқық қорғау органдарына олардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өкілеттіктеріне сәйкес ақпарат жібереді.

      8. Кеден органының тауарларды кедендік ресімдеуді жүргізген лауазымды тұлғасы Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы алып өтетін тауарларды кедендік ресімдеу кезеңінде мәміле паспортын ресімдеу талап етілетін келісім-шарттар бойынша: 
      1) мәміле паспортының болуын, ал Ереженің 47 және 49-тармақтарында көрсетілген жағдайларда сондай-ақ мәміле паспортына қосымша парақты тексеруді;
      2) мәміле паспортындағы ақпараттың, жүктің кедендік декларациясында мәлімделген мәліметтердің және Ереженің 41-тармағында белгіленген тәртіппен Ұлттық Банк жіберген ақпараттың сәйкес келуін тексеруді жүзеге асырады.
      Мәміле паспорттары жөніндегі ақпарат болмаған немесе Ереженің 41-тармағында белгіленген тәртіппен Ұлттық Банк жіберген мәміле распорттары жөніндегі ақпарат мәміле паспорттарындағы ақпаратпен сәйкес келмеген кезде, кедендік ресімдеу экспортер немесе импортер ұсынған мәміле паспорты негізінде, ал Ереженің 47 және 49-тармақтарында көрсетілген жағдайларда сондай-ақ экспортер немесе импортер ұсынған мәміле паспортына қосымша парақ негізінде жүргізіледі.

3-тарау. Мәміле паспортын ресімдеу
тәртібі және талаптары

      9. Ереженің осы тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда мәміле паспортын экспортердің немесе импортердің банктік шотына қызмет көрсететін уәкілетті банкте ашылады және жабылады.
      Мәміле паспорты экспортер немесе импортер келісім-шарт бойынша ақша төлемін және (немесе) аударымын жүзеге асыруды бастағанға дейін не келісім-шарт бойынша тауарлар кедендік ресімделгенге дейін ашылады.
      Ереженің осы тармағының төртінші абзацында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, экспортердің немесе импортердің шетелдік банктердегі шоттардан ақша төлемі және (немесе) аударымы жүзеге асырылатын келісім-шарттар бойынша мәміле паспорты экспортердің немесе импортердің орналасқан жері бойынша Ұлттық Банктің филиалында Ереженің осы тарауында белгіленген тәртіппен ашылады және жабылады.
      Уәкілетті банк экспортер немесе импортер болып табылатын келісім-шарттар бойынша мәміле паспорттары уәкілетті банкте ашылады және жабылады.

      10. Мәміле паспорты:
      1) тауарлар Қазақстан Республикасының шекарасынан экспортер немесе импортер жасаған тауарлар сатып алу немесе сату келісім-шарттар бойынша алып өткізілген; 
      2) бұрын экспорттан (еркін айналысқа шығарудан) өзгеше кедендік режимде ресімделген тауарлар меншіктеу құқығының резиденттен резидент емеске (резидент еместен резидентке) өтуіне байланысты осы тауарларды экспорттау (еркін айналыс үшін шығару) үшін кеден органына мәлімдеген;
      3) егер осы тауарлардың құны осы келісім-шартты жасау күні он мың АҚШ долларынан асқан жағдайда, жұмыс орындау, қызмет көрсету келісім-шарттары бойынша тауарларды Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы алып өткен;
      4) егер лизинг беруші немесе лизинг алушы резидент емес болып табылған жағдайда, тауарларды Қазақстан Республикасының шекарасынан тауарды меншіктеу құқығының лизинг алушыға өтуі көзделетін, бір күнтізбелік жылдан астам мерзімге лизинг келісім-шарттары бойынша алып өткен жағдайда;
      5) мәміле паспорты банкінің банктік және өзге операцияларды жүргізуге берілген лицензиясы тоқтатыла тұрған не қайтарып алынған және мәміле паспортын жабу үшін негіз болмаған жағдайда, мәміле паспортының банкі болып табылмайтын уәкілетті банкке қызмет көрсетуге өткен;
      6) Ереженің 35-тармағында белгіленген жағдайларда әрбір келісім-шартқа жеке ашылады (егер келісім-шарт бойынша жеткізілетін тауарлардың құны оны жасау күні он мың АҚШ долларынан асса).

      11. Мәміле паспортын ресімдеу үшін экспортер немесе импортер уәкілетті банкке:
      1) мәміле паспортының Ереженің 1 және 2-қосымшаларында белгіленген нысан бойынша толтырылған екі данасын;
      2) келісім-шарттың түпнұсқасын не оның нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады.
      Резидент емеспен факс бойынша келісім-шарт жасаған жағдайда экспортер немесе импортер уәкілетті банкке оның факсимильдік көшірмесін барлық тараптың қолдары мен мөрлері болған кезде мәміле паспорты ресімделген күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде келісім-шарттың түпнұсқасын не нотариат куәландырған көшірмесін бере отырып ұсынады.
      Уәкілетті банктің қызметкері келісім-шарттың экспортер немесе импортер ұсынған түпнұсқасын не нотариат куәландырған көшірмесін іс қағазында бар көшірмесімен салыстырып тексереді және тараптардың және тараптар қатысушыларының міндеттемелерді орындау мерзімдері, сомасы және нысаны бойынша айырмашылықтар болған жағдайда, Ереженің 44-тармағында белгіленген тәртіппен Ұлттық Банкке ақпарат жібереді.

      12. Уәкілетті банктің қызметкері экспортер немесе импортер Ереженің 11-тармағында көрсетілген барлық құжатты ұсынған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде мәміле паспортында көрсетілген ақпараттың келісім-шарттың талаптарына сәйкес келуін тексереді, мәміле паспортының ұсынылған даналарына қол қояды, Ереженің 3-қосымшасында белгіленген нысан бойынша мәміле паспорттарын тіркеу журналына тіркеу арқылы мәміле паспортының нөмірін және күнін береді, экспорт немесе импорт жөніндегі іске орналастыру үшін келісім-шарттың көшірмесін дайындайды. Мәміле паспортының уәкілетті банктің қызметкері қол қойған бірінші данасы экспортерге немесе импортерге қайтарылады. Мәміле паспортының екінші данасы мәміле паспорты банкінің экспорт немесе импорт бойынша іс қағаздарын қалыптастыру үшін негіз болады.
      Мәміле паспортының экспортер немесе импортер ұсынған даналарында шамалы дәлсіздіктер (әріптерді, сандарды тастап кету, уәкілетті банктің, резидент еместің деректемелеріндегі қате) анықталған кезде мәміле паспорты банкінің қызметкері қолын қойып және уәкілетті банктің мөрімен расталған түзетулерді жүзеге асырады.
      Мынадай талаптардың тым болмаса біреуінің болуы уәкілетті банк үшін мәміле паспортын ресімдеуден бас тарту үшін негіз болып табылады:
      1) экспортердің немесе импортердің мәміле паспортын оны ресімдеу тәртібін және талаптарын бұза отырып толтыруы, оның ішінде экспортер немесе импортер мәміле паспортында көрсеткен ақпараттың келісім-шарттағы ақпаратпен сәйкес келмеуі;
      2) келісім-шартта Қазақстан Республикасының  валюта заңнамасының талаптарына қайшы келетін талаптардың болуы, оның ішінде келісім-шартта резидент еместің міндеттемелерді орындау мерзімдерінің болмауы;
      3) экспортердің немесе импортердің қолдарының және (немесе) мөрлерінің экспортердің немесе импортердің банктік шоты бойынша бірінші қолды қоюға құқығы бар тұлғалардың қолдарының үлгісі бар құжаттағы қол қою және мөр үлгісіне сәйкес келмеуі және (немесе) экспортердің немесе импортердің уәкілетті банкте банктік шотының болмауы.

      13. Мәміле паспортына қосымша парақтар:
      1) келісім-шартқа міндеттемелердің орындалу мерзімдері мен талаптарына әсер ететін өзгерістер мен толықтырулар енгізілген;
      2) Ереженің осы тармағының алтыншы абзацында көрсетілген жағдайларды қоспағанда мәміле паспортында көрсетілген ақпарат өзгерген;
      3) Ереженің 47 және 49-тармақтарында көрсетілген жағдайларда, ақпараты нақтылануға жататын бөлімдері толтырыла отырып мәміле паспортының нысаны бойынша жасалады.
      Мәміле паспортына қосымша парақтарды одан әрі ресімдеу және пайдалану мәміле паспорты үшін белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Экспортер немесе импортер тіркеу куәлігін және (немесе) хабарлама туралы куәлікті ұсынған кезде мәміле паспортының банкі мәміле паспортының өз данасының және экспортер немесе импортер данасының "Мәміле паспорты банкінің ерекше белгілері" бөліміне куәлігінің және (немесе) хабарлама туралы куәлігінің деректемелерін енгізеді. 

      14. Мәміле паспортының банкі мәміле паспорттары бойынша әрбір экспортер немесе импортер бойынша валюта бақылау құжаттарынан, олардың түсуіне қарай қалыптастырылатын іс қағазын жүргізеді.

      15. Түскен сомаларды бірегейлендіру үшін экспортер немесе импортер резидент еместі экспортердің немесе импортердің пайдасына ақша аударуға арналған төлем құжаттарында келісім-шарттың деректемелерін және мәміле паспортының нөмірлерін көрсету қажеттілігі туралы хабарлайды.

      16. Келіп түскен тауарларды бірегейлендіру үшін импортер резидент емеске импортердің атына жіберілетін және тауарды оның пайдасына тиеп жіберілгенін растайтын тауарға ілеспе құжаттарда келісім-шарттың деректемелерін және мәміле паспортының нөмірін көрсету қажеттілігі туралы хабарлайды.

      17. Төлем құжатында мәміле паспорты бойынша түскен ақшаны есепке алу үшін қажетті деректер болмаған жағдайда, мәміле паспортының банкі оларды экспортерді немесе импортерді келіп түскен сомаларды бірегейлендіру қажеттілігі туралы алдын ала жазбаша хабарлай отырып жіберушінің нұсқауларын сақтау шотына есепке алады. 
      Экспортер немесе импортер мәміле паспортының банкін келісім-шарттың деректемелерін және мәміле паспортының нөмірін көрсете отырып түскен соманың сипаты туралы жазбаша хабардар етеді. Егер 180 күн ішінде ақша нақты мәміле паспорты бойынша бірегейлендірілмесе не экспортер немесе импортер Қазақстан Республикасының  валюталық заңнамасында көзделген құжаттар мен ақпаратты ұсыну бойынша өзге іс-әрекеттерді орындамаса, мәміле паспортының банкі жіберушіге осындай нұсқауды орындамастан қайтарады.

      18. Келісім-шарт бойынша басқа уәкілетті банкке ақша түскен кезде уәкілетті банк ақшаны экспортердің немесе импортердің банктік шотына есепке алады және экспортердің немесе импортердің тапсырмасы негізінде түскен ақшаны мәміле паспортының банкіне аударуды жүзеге асырады. Экспортер немесе импортер ақша аударуға арналған өтінішке мәміле паспортының банкі растаған мәміле паспортының көшірмесін қоса береді, ол ақша аударуға арналған өтінішпен бірге өзге уәкілетті банк үшін ақша аударуды жүзеге асыру үшін негіз болып табылады.

      19. Егер ақша төлемінің және (немесе) аударымының валютасы келісім-шарттың валютасымен сәйкес келмесе, мәміле паспортының банкі түскен соманы:
      1) ақша төлемі және (немесе) аударымы мәміле паспорты бойынша төлем валютасымен жүзеге асырылған жағдайда валюталық келісімге сәйкес;
      2) өзге жағдайларда экспортермен немесе импортермен келісілген бағам бойынша келісім-шарттың валютасымен есепке алады.

      20. Мәміле паспортын ресімдеу:
      1) уәкілетті банктер Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы қолма-қол ақша алып өткен кезде;
      2) Ұлттық Банк немесе уәкілетті банктер шетел банктеріндегі металл шоттарға орналастыру үшін қымбат металдарды әкеткен кезде;
      3) Ұлттық Банк немесе уәкілетті банктер Қазақстан Республикасының аумағына қымбат металдар әкелген кезде;
      4) ақы төлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыртқы заемдары немесе Қазақстан Республикасының кепілдік беруімен қамтамасыз етілген сыртқы заемдар есебінен жүргізілетін келісім-шарттар бойынша;
      5) Қазақстан Республикасының ақша төлемдерін және (немесе) аударымдарын мемлекеттік органдарының бөлімшелері (ведомстволары) арқылы жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелерімен және мемлекеттік кәсіпорындарымен жасалған келісім-шарттар бойынша;
      6) экспортермен немесе импортермен жасаған, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар алып өту көзделмейтін және тиісінше кедендік ресімдеу талап етілмейтін келісім-шарттар бойынша;
      7) тауарларды өтеусіз келісім-шарттар бойынша алып өткен кезде талап етілмейді.

      21. Нақты соманы және мәміле паспортын толтыру үшін қажетті басқа ақпаратты айқындамайтын келісім-шарттар бойынша мәміле паспортын ресімдеу келісім-шарт және мәміле паспортының бөлімдерін толтыру үшін қажетті мәліметтер бар келісім-шартқа қосымшалар, ерекше нұсқамалар немесе инвойстар негізінде жүзеге асырылады. Бұл ретте экспортер немесе импортер аударылған сомаларды мәміле паспортының нөміріне және осындай инвойстардың, қосымшалардың немесе ерекше нұсқамалардың деректемелеріне сәйкес бірегейлендіруді қамтамасыз етеді.

      22. Жеткізілетін тауарлардың болжамды бағалары көзделетін келісім-шарттар бойынша мәміле паспорттарын ресімдеу кезінде мәміле паспортының "Мәміле паспорты банкінің ерекше белгілері" бөлімінде бағалардың болжамды екенін көрсетіледі. Тауарлардың құнын белгілеу кезінде мәміле паспортына қосымша парақ тауар құнын растайтын құжаттар негізінде ресімделеді. 

      23. Дистрибьютордың немесе дилердің банктік шоты арқылы ақша төлемдерін және (немесе) аударымдарын жүргізу белгіленетін, әкелінетін тауарлар еркін айналыс үшін шығару режимінде ресімделетін және келісім-шарттың дәл сомасы алдын ала белгілі болмайтын дистрибьюторлық немесе дилерлік келісімдер бойынша мәміле паспорты мәміле паспорты банкінің инвойстар негізінде ақша төлемдерін және (немесе) аударымдарын жүргізу алдында толтырылатын ашық бағандармен ресімделеді.

      24. Егер ақы төлеу аударым аккредитивін пайдалану арқылы экспортердің (сауда делдалының) және резидент жүк жіберушінің пайдасына жүргізілсе, онда мәміле паспорты экспортерге қызмет көрсететін, аударым аккредитиві бойынша аудару банкі ретінде болатын мәміле паспортының банкінде ресімделеді.
      Тауар экспорты үшін ақы төлеу түсімі мынадай жағдайларда толық көлемде түскен болып саналады: 
      1) егер екі бенефициардың (экспортердің және жүк жіберушінің) банктік шоттарына түсімдердің сомасы келісім-шарт пен мәміле паспортының талаптарына сәйкес келсе. Бұл ретте экспорттан түскен түсім туралы ақпаратта аккредитив бойынша уәкілетті банкке түскен барлық сома бірінші бенефициар экспортер мен екінші бенефициар - жүк жіберуші арасында бөлінгенге дейін көрсетіледі;
      2) егер екінші бенефициардың банктік шотына түскен сома бірінші бенефициардың банктік шотына түсуі тиіс соманы шегере отырып келісім-шарт сомасына тең болса (бірінші бенефициар аударатын банктің алғашқы талабы бойынша екінші бенефициардың шотының (инвойстың) орнына өз шотын (инвойс) ұсынбаған және аккредитив бойынша ақы төлеуді банк-эмитент екінші бенефициардың пайдасына жүзеге асырған жағдайда).

4-тарау. Жеке оқиғалар. Мәміле паспортын үшінші
тұлғалардың қатысуымен ресімдеу

      25. Ереженің 6-тарауына сәйкес ақпарат алмасу мақсаттарында пайдаланылатын, атауын, пошта адресін, сондай-ақ электрондық адресін өзгерткен мәміле паспортының банкі мыналарды:
      1) осындай өзгерістер күнінен бастап он күнтізбелік күннен кешіктірмей Ұлттық Банкті хабардар етуді;
      2) мәміле паспорттарына кезекті қосымша парақтарды ресімдеу кезінде "Мәміле паспорты банкінің ерекше белгілері" бөлімінде жаңа атауын көрсетуді;
      3) олардың бұрынғы адресіне немесе бұрынғы атауына экспорт-импорт валюта бақылауы шеңберінде келіп түскен хат-хабарларды Ереженің осы тармағының 1) тармақшасы орындалған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде қабылдауды қамтамасыз етеді.

      26. Мәміле паспортының қызмет көрсететін банкі өзгерген жағдайда, экспортер немесе импортер мәміле паспортын жабады және үш жұмыс күні ішінде Ереженің 3-тарауында белгіленген тәртіппен жаңа мәміле паспортын ресімдейтін мәміле паспортының жаңа банкіне ресімдеуге ұсынады.
      Мәміле паспорты бір уәкілетті банктен басқа уәкілетті банктің қызмет көрсетуіне өту арқылы өзгерген жағдайда, жаңа мәміле паспортының банкі жаңа мәміле паспорты ресімделген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде мәміле паспортының алдыңғы банкіне осы мәміле паспорты бойынша ақша және тауар қозғалысы туралы ақпарат ұсыну жөнінде жазбаша сұрату жібереді. Мәміле паспортының алдыңғы банкі үш жұмыс күні ішінде ақша және тауар қозғалысы туралы қолда бар ақпаратты мәміле паспортының жаңа банкіне ұсынады.
      Мәміле паспорты уәкілетті банктің бір филиалынан уәкілетті банктің басқа филиалының қызмет көрсетуіне өту арқылы өзгерген жағдайда, мәміле паспортын қайта ресімдеу талап етілмейді. Мәміле паспортының жаңа банкі жөніндегі ақпарат мәміле паспортының "Мәміле паспорты банкінің ерекше белгілері" деген бөлімінде көрсетіледі. Бұл ретте бұрын мәміле паспортына бұрын қызмет көрсеткен уәкілетті банктің филиалы екі жұмыс күні ішінде мәміле паспорты бойынша барлық құжаттар мен ақпаратты осы мәміле паспортын бақылауға қабылдайтын уәкілетті банктің филиалына береді.

      27. Мына төмендегі:
      1) уәкілетті банктің:
      экспортерге немесе импортерге банктік шот ашқаны және келісім-шарт бойынша жүргізілген төлемдер мен (немесе) ақша аударымдары жөнінде банктік шот ашылған немесе төлем жүргізілген және (немесе) ақша аударылған операциялық күннен кешіктірмей уәкілетті банк пен оның филиалы арасында ақпарат алмасуға;
      Ережеде белгіленген тәртіппен ұсынылған мәміле паспорттары бойынша тауар қозғалысы туралы ақпаратқа уәкілетті банк көрсетілген ақпаратты алған операциялық күннен кешіктірмей кіруге;
      ресімделген мәміле паспорттары бойынша уәкілетті банк (оның филиалдары) мәміле паспортын ресімдеген операциялық күннен кешіктірмей уәкілетті банк жөнінде тұтасымен жиынтық ақпараты болуға;
      экспорт немесе импорт бойынша маңызды электрондық іске кіруге мүмкіндік беретін интеграцияланған автоматтандырылған ақпарат жүйесі болған;
      2) мына:
      экспортердің немесе импортердің тапсырмалары бойынша валюталық операцияларды жүргізу;
      уәкілетті банктің өз филиалдарына мәміле паспорты бойынша тауар қозғалысы туралы ақпаратты жіберу;
      уәкілетті банктің тәуекелдерді басқару жүйесі шегінде уәкілетті банк филиалының валюталық бақылау агенттерінің функцияларын жүзеге асыруға және уәкілетті банктер филиалдарының келісім-шарттар бойынша ақша және тауар қозғалысы туралы ақпаратқа кіруіне байланысты тәуекелдерді бағалауды, өлшеуді, бақылауды және мониторингін жүзеге асыру рәсімдерін реттейтін ішкі ережелер болған;
      3) уәкілетті банк (оның филиалы) бойынша мәміле паспорттарына нөмірлерді ретін сақтай отырып беруді қамтамасыз ететін мәміле паспорттарын тіркеу журналын және экспорт немесе импорт бойынша іс қағаздарын электрондық түрде  жүргізу мүмкіндігі болған жағдайларда, мәміле паспорттары бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын уәкілетті банктің әртүрлі филиалдарында жүзеге асыруға, сондай-ақ уәкілетті банктің (оның филиалының) әртүрлі орналасқан жері бар операциялық залдарының мәміле паспорттарын ресімдеуіне рұқсат етіледі.

      28. Мәміле паспорты банкінің корреспонденттік шотына экспорттық түсімнің түсуін не уәкілетті банктің банк және өзге операцияларды жүргізуге лицензиясын тоқтата тұру не қайтарып алу себепті кейіннен экспортердің немесе импортердің банктік шотына есептелмеген импорт жөніндегі келісім-шарт бойынша бұрын аударылған ақшаның қайтарылуын бақылауды жүзеге асыру үшін, экспортердің немесе импортердің пайдасына ақша түскенін растайтын құжат ретінде мәміле паспорты банкінің тарату комиссиясының мәміле паспортының таратылатын банкінің корреспонденттік шотына нақты мәміле паспорты бойынша бірегейлендірілген ақшаның түскені туралы анықтамаларын қабылдауға рұқсат етіледі.

      29. Резиденттің келісім-шарт бойынша төлеуші үшінші тұлға ретінде қатысуы: 
      1) резидент үшінші тұлға резидент емеске кредит ұсынған;
      2) экспортердің резидент үшінші тұлғаға резидент емеске қойылатын талап ету құқықтарын берген;
      3) экспортердің резидент емеске және резидент еместің резидент үшінші тұлғаға талаптары ескерілген;
      4) үшінші тұлғалар тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетуді) сатып алуды және өзге де мәмілелерді қаржыландырған, сондай-ақ үшінші тұлғалардың кредитор алдындағы нәтижесінде қаржыландыруды және (немесе) осы орындауды ұсынған тұлғаға сыйақымен немесе ондайсыз ақшаны және өзге мүлікті қайтару жөніндегі міндеттемелері орындалып берілген тұлғаның міндеті туындайтын міндеттемелерін орындаған жағдайларда мүмкін болады.

      30. Бір резидент үшінші тұлға келісім-шартқа ақы төлеген кезде мәміле паспортын экспортер немесе импортер толтырады және үшінші тұлғаның қатысуымен үшінші тұлғаға қызмет көрсететін уәкілетті банкке (бұдан әрі - үшінші тұлғаның банкі) мәміле паспортының барлық бөлімдерін, оның ішінде "Үшінші тұлғаның деректемелерін" бөлімін толтыра отырып, төрт данамен (экспортер немесе импортер, мәміле паспортының банкі, үшінші тұлға және үшінші тұлғаның банкі үшін бір-бір данадан) ұсынылады.
      Үшінші тұлғаның банкі Ереженің 11-тармағына сәйкес мыналарды ескере отырып, мәміле паспортының барлық данасын ресімдейді:
      мәміле паспортына нөмір мен күн берілмейді;
      мәміле паспортының барлық данасы мәміле паспортының банкіне беріледі.
      Мәміле паспортының банкі үшінші тұлғаның банкінен мәміле паспортының барлық данасын алған соң, мыналарды ескере отырып, оларды Ереженің 11-тармағына сәйкес ресімдейді:
      мәміле паспортының нөмірі мен күні мәміле паспортының бір данасына беріледі, мәміле паспортының қалған даналарында осы нөмір және күн көрсетіледі;
      мәміле паспорты банкінің қызметкері қол қойған мәміле паспортының бірінші данасы экспортерге немесе импортерге қайтарылады, мәміле паспортының екінші данасы мәміле паспорты банкінің іс қалыптастыруына негіз болады, мәміле паспортының қалған даналары үшінші тұлғаға және үшінші тұлғаның банкіне (үшінші тұлға және үшінші тұлғаның банкі үшін бір-бір данадан) беріледі.
      Егер екі және одан да көп резидент үшінші тұлға келісім-шартқа ақы төлеген жағдайда, экспортер немесе импортер үшінші тұлғаларды көрсетпей, мәміле паспортын екі данада толтырады және экспортердің немесе импортердің банктік шотына қызмет көрсететін уәкілетті банкке (мәміле паспорты ресімделгеннен кейін мәміле паспортының банкі болатын) ұсынады.
      Мәміле паспорты тиісінше ресімделгеннен кейін экспортер немесе импортер үшінші тұлғаның банкіне үшінші тұлғаның қатысуымен мәміле паспортына толтырылған қосымша парақтарды төрт данамен (экспортер немесе импортер, мәміле паспортының банкі, үшінші тұлға және үшінші тұлғаның банкі үшін бір-бір данамен), немесе "Үшінші тұлғаның деректемелері" бөлімі толтырылатын одан да көп данамен (келісім-шартқа қатысушы үшінші тұлғалардың санына қарай) ұсынылады. Үшінші тұлғаның банкі мәміле паспортының қосымша парағын валюталық бақылауға қабылдағаннан кейін үшінші тұлғаның банкі (егер үшінші тұлғалар бірнешеу болса, онда үшінші тұлғаның қосымша параққа қол қойған банктерінің ең соңғысы) мәміле паспортының қосымша парағының барлық данасын мәміле паспортының банкіне жібереді. Мәміле паспортының банкі Ереженің 13-тармағына сәйкес мәміле паспортының қосымша парақтарын ресімдейді, мәміле паспортының қосымша парағының бір данасын өзінде қалдырады және экспортерге немесе импортерге, үшінші тұлғаға, үшінші тұлғаның банкіне (банктеріне) мәміле паспортының қосымша парағының даналарын береді.
      Үшінші тұлғаның банкі мәміле паспортының банкінен мәміле паспортына ресімделген қосымша парақты алғанға дейін ақша төлемдерін және (немесе) аударымдарын жүргізбейді. Үшінші тұлғаның банкі ақша төлемдері және (немесе) аударымдары жүзеге асырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мәміле паспортының қосымша парағы бойынша жүргізілген ақша төлемі және (немесе) аударымы туралы ақпаратты мәміле паспортының банкіне жібереді.
      Мәміле паспортының банкі мәміле паспортының қосымша парақтары шеңберінде үшінші тұлғалардың банктері төлеген сомаларды ескере отырып, келісім-шарт бойынша валюта бақылауын жүзеге асырады.

      31. Келісім-шартқа бір резидент емес үшінші тұлға ақы төлеген кезде экспортер немесе импортер мәміле паспортының банкіне барлық бөлімдерді, оның ішінде "Үшінші тұлғаның деректемелері" бөлімін толтырып, мәміле паспортының толтырылған екі данасын ұсынады. Егер келісім-шартқа ақыны екі немесе одан да көп резидент емес үшінші тұлға төлеген жағдайда, онда экспортер немесе импортер резидент еместердің біреуі бойынша ақпаратты "Үшінші тұлғаның деректемелері" бағанында көрсетеді, уәкілетті банк мәміле паспортын ресімдеген кезде қалған резидент еместер бойынша ақпаратты "Мәміле паспорты банкінің ерекше белгілері" бөлімінде көрсетеді.

      32. Мәміле паспортының банкі есеп айырысулардың вексельді нысанын көздейтін мәміле паспорты бойынша бақылауды вексель ұстаушылар болып табылатын экспортерден немесе импортерден мынадай құжаттарды:
      1) төлеуші не вексель бойынша міндетті өзге тұлға вексель бойынша өтеу кезінде оны өтеген кезде ол бойынша төлем түскен жағдайда, осы төлемді растайтын құжаттар (акцептелген вексельдің көшірмесі және төлем құжаты);
      2) экспортер немесе импортер есепке алу үшін есеп кеңсесіне вексель ұсынған жағдайда, вексельдің жүргізілген есебін, яғни дисконтты шегере отырып немесе онсыз (есеп кеңсесінің пайдасына индоссирленген вексельдің көшірмесі және төлем құжаты) экспортерге немесе импортерге төлем жасалғанын растайтын құжаттарды;
      3) вексельді төлем құралы ретінде пайдаланған жағдайда, вексель бойынша құқық берілген тұлғамен келісім-шарт, тиісті ауыспалы жазуы (индоссаменті) бар осы вексельдің көшірмесі осы операцияның жүргізілгенін растайтын өзге де құжаттар (мәміле паспорты, жүктің кедендік декларациясы және басқалары) алғанға дейін жүзеге асырады (экспортер немесе импортер вексельді пайдалануына байланысты).
      Вексель бойынша валюта басқа уәкілетті банкке түскен кезде вексель ұстаушы болып табылатын экспортер немесе импортер басқа уәкілетті банкке валютаны мәміле паспортының банкіне аударуды тапсырады.
      Егер вексель беруші импортер болып табылса және импорт жөніндегі келісім-шарт бойынша тауарлар вексель бойынша төлем мерзімі басталғанға дейін жеткізілген жағдайда, мәміле паспорты осы вексель үшін ақы төлеуге ұсынылған күнге дейін бақылануы тиіс, бұл ретте вексель сомасы келісім-шарттың жалпы сомасынан аспауы тиіс. Есеп айырысулардың вексельді нысанындағы импорт жөніндегі келісім-шарттар бойынша вексель эмитенті үшінші тұлға болып табылған жағдайда, мәміле паспорты тауарлар импортерге жеткізілген күнге дейін жабылмайды.

      33. Ақпарат жазылған ақпарат тасымалдағыштарды (магнитті дискілерді, магнитті ленталарды, компакт-дискілерді, басқа да ақпарат тасымалдағыштарды) Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс әкету кезінде мәміле паспорты келісім-шарттың бүкіл сомасына ресімделеді.

      34. Экспортер немесе импортер мәміле паспортын немесе оның қосымша парағын жоғалтқан жағдайда, мәміле паспортының дубликаты немесе мәміле паспортының қосымша парағының дубликаты экспортердің немесе импортердің жазбаша өтініші негізінде ресімделеді. Бұл ретте мәміле паспортының банкінде тұрған құжаттарды қайта ұсыну талап етілмейді. Мәміле паспортының дубликаты немесе мәміле паспортының қосымша парағының дубликаты мәміле паспорты банкінің экспорты немесе импорты жөніндегі істе тұрған мәміле паспортының немесе мәміле паспортының қосымша парағының түпнұсқасының нақты көшірмесі болып табылады. Мәміле паспортының дубликатын немесе мәміле паспортының қосымша парағының дубликатын ресімдеу кезінде мәміле паспортының банкі мәміле паспортында немесе мәміле паспортының қосымша парағының дубликатында "Дубликат" деген сөзді көрсетеді.

      35. Экспортер немесе импортер резидент емеске қойылатын талап ету құқығын резидентке берген кезде қайтару талаптарының орындалуына бақылауды мынадай тәртіппен жүзеге асырады:
      1) егер құқықты беру нәтижесінде экспортердің немесе импортердің және сол сияқты резидент емеске қойылатын талап ету құқығы көшкен резиденттің резидент емеске қойылатын талап ету сомасы он мың АҚШ доллары баламасынан асып кетсе, резидент емеске қойылатын талап ету құқығы көшкен резидент жөніндегі ақпаратты мәміле паспортының "Үшінші тұлғаның деректемелері" бөлімінде көрсету үшін Ереженің 30-тармағында көрсетілген тәртіппен мәміле паспортына қосымша парақ ресімдеу қажет. Резидент емеске қойылатын талап ету құқығы көшкен резидентке қызмет көрсететін Банк клиенттен ақпаратты алған немесе төлем және (немесе) ақша аударымы жүргізілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей осы ақпаратты экспортердің немесе импортердің мәміле паспортының банкіне Ереженің 4-қосымшасында белгіленген нысан бойынша хабарлайды;
      2) егер құқықты беру нәтижесінде немесе жүргізілген төлемдерден және (немесе) ақша аударымдарынан және жеткізулерден кейін Ереженің осы тармағының 1) тармақшасында белгіленген жағдайларда резидент емеске қойылатын талап ету құқығының сомасы экспортерде немесе импортерде он мың АҚШ доллары баламасынан аспаса, онда экспортердің немесе импортердің мәміле паспорты мыналар ескеріле отырып жабылуы тиіс:
      егер резидент емеске қойылатын талап ету құқығы көшкен резидентте беру нәтижесінде немесе Ереженің осы тармағының 1) тармақшасында белгіленген жағдайларда ақша төлемдері және (немесе) аударымдары және жеткізілімдер жүргізілгеннен кейін алынған, резидент емеске қойылатын талап ету құқығының сомасы он мың АҚШ доллары баламасынан асса, онда мәміле паспортының банкі резидент емеске қойылатын талап ету құқығы көшкен резидентке қызмет көрсететін уәкілетті банктен осы келісім-шарт бойынша мәміле паспортын ресімдеу туралы хабар алмайынша, мәміле паспортын жаппайды;
      резидент емеске қойылатын талап ету құқығы көшкен резидент жаңа мәміле паспортын Ереженің 3-тарауында белгіленген тәртіппен мәміле паспортының "Мәміле паспорты банкінің ерекше белгілері" бөлімінде талап ету құқығы туралы келісім-шарттың деректемелерін көрсете отырып, ресімдейді.
      Экспортердің немесе импортердің мәміле паспортының банкі мәміле паспортын жабады және Ұлттық Банкке Ереженің 43-тармағына сәйкес жіберілетін ақпаратта резидент еместің міндеттемелерді орындауы ретіндегі беру сомасын көрсетеді, сондай-ақ алдыңғы мәміле паспортының төлемдерінің және (немесе) ақша аударымдарының белгісі резидент емеске талап ету құқығы көшкен резиденттің жаңа мәміле паспорты бойынша ескереді.
      Келісім-шарт бойынша одан әрі бақылауды резидент емеске қойылатын талап ету құқығы көшкен резидентке қызмет көрсететін уәкілетті банк алдыңғы мәміле паспорты валютасының түсуінің болжамды мерзімдерін ескере отырып, жүзеге асырады. 

5-тарау. Мәміле паспортын жабу талаптары

      36. Келісім-шарт бойынша мәміле паспортын жабуды мәміле паспортының банкі мәміле паспортын жабу үшін Ереженің 37-тармағында көрсетілген қажетті негіздемелер бар болған жағдайда, экспортердің немесе импортердің мәміле паспортын жабу туралы өтініш жасаған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Ереженің 37-тармағының 5)-8), 15) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда мәміле паспортын экспортердің немесе импортердің тиісті өтінішінсіз жабуға жол беріледі.
      Жабылған мәміле паспорттары бойынша экспорт немесе импортқа байланысты істер мәміле паспорты банкінде мәміле паспорты жабылған күннен бастап бес күнтізбелік жыл бойы сақталады.

      37. Мәміле паспортын жабу үшін мыналар негіз болып табылады:
      1) келісім-шарт бойынша тараптардың міндеттемелерін толық орындауы не резидент еместің не резиденттің он мың АҚШ доллары баламасынан аспайтын сомада берешегінің қалдығы болуы, оның ішінде борышкер мен кредитор бір тұлға болған жағдайда жеңілдікті, есепке алуды ұсыну арқылы міндеттемелерін тоқтатуы, растайтын құжаттар болған жағдайда мемлекеттік орган актісінің шығуы салдарынан орындау мүмкін еместігі;
      2) импортердің осы келісім-шарттың қолданылуын тоқтату туралы жазбаша растауы болған жағдайда, резидент емеске бұрын алынған тауарларды не импортерге пайдаланылмаған авансты қайтару;
      3) резидент емес тауарға ақы төлеу бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда, экспортерге бұрын тиеп жөнелтілген тауарларды қайтару не экспортердің осы келісім-шарттың қолданылуын тоқтатылуы туралы жазбаша растауы болған кезде экспортер тауарды жеткізу бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда, экспорт бойынша келісім-шарттың ақысына экспортер алған валютаны резидент емеске қайтару;
      4) экспортер немесе импортер резидент еместің алдында міндеттемелерін орындамаған жағдайда, экспортер немесе импортер алдында өз міндеттемелерін толық көлемде орындаған резидент еместің тарапынан наразылықтардың жоқтығын растайтын құжаттарды ұсыну;
      5) жеке кәсіпкер ретінде тіркелген экспортердің немесе импортердің Қазақстан Республикасынан тыс тұрақты мекен-жайға кетуі туралы уәкілетті органның растамасы;
      6) келісім-шарт мерзімінің аяқталуы және тараптар міндеттемелерін орындаған соңғы күннен бастап бір күнтізбелік жыл ішінде тараптар міндеттемелерді балама орындаған немесе резидент еместің он мың АҚШ долларына балама болатын сомадан аспайтын қалдық берешегі болған жағдайда мәміле паспорты бойынша ақша және тауар қозғалысының болмауы;
      7) резидент еместі тарату туралы немесе банкрот деп тану туралы сот шешімінің не шет мемлекеттің өзге уәкілетті мемлекеттік органы құжатының болуы. Бұл ретте ақша қайтарылған жағдайда мәміле паспортын қайта ресімдеу талап етілмейді;
      8) құқықтық мұрагері болмаған жағдайда, экспортердің немесе импортердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен таратылуы;
      9) резидент еместің міндеттемелерін орындамау тәуекелін сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жағдайы басталған жағдайда, экспортердің немесе импортердің сақтандыру төлемдерін алуы;
      10) экспортердің немесе импортердің банктік шотына шарт шеңберінде ақша талап етуін (факторинг) беруді қаржыландыруға ақшаның түсуі;
      11) мәміле паспорты банкінің банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензиясын тоқтата тұру не қайтарып алу;
      12) уәкілетті банктің тараптар келісім-шарт бойынша міндеттемелерін толық көлемде орындаған не резидент еместің он мың АҚШ долларына балама болатын сомадан аспайтын берешек қалдығы болған кезде келісім-шарт бойынша есеп айырысу үшін импортер шығарған резидент емес ұсынған вексельді есепке алуы;
      13) экспортердің немесе импортердің келісім-шарт бойынша резидент емес алдындағы өз борышын басқа тұлғаға резидент еместің келісімін растайтын құжаттар негізінде және экспортердің немесе импортердің мәміле паспортының банкіне ұсынылған осы келісім-шарттың қолданылуы тоқтатылғаны туралы жазбаша өтініші болған жағдайда аударуы;
      14) растайтын құжаттар (талап ету құқығын беру шарты, өзара міндеттемелер бойынша салыстыру актісі, тауарларды қабылдау-өткізу актісі, тауардың ілеспе құжаттары және т.б.) және экспортердің немесе импортердің осы келісім-шарттың қолданылуы тоқтатылғаны туралы жазбаша өтініші болған жағдайда, Ереженің 35-тармағына сәйкес, экспортердің немесе импортердің резидент емеске қойылатын талап ету құқықтарын басқа тұлғаға беруі немесе аударуы;
      15) құқықтық мұрагері жоқ болған жағдайда, жеке кәсіпкер ретінде тіркелген экспортердің немесе импортердің қайтыс болуы;
      16) Ереженің 38-тармағында көзделген жағдайлар.
      Ереженің осы тармағының 5), 7), 8), 15) тармақшаларында көзделген жағдайларда мәміле паспортын жабу мүмкіндігі туралы шешімді Ережеге сәйкес алынған ақпарат негізінде экспортердің немесе импортердің мемлекеттік тіркелген жері бойынша Ұлттық Банктің филиалы қабылдайды.

      38. Мәміле паспорттары:
      1) мәміле паспорты бойынша өзге операциялар болмаған жағдайда, қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс шеңберінде келісім-шартқа байланысты жүргізілген операциялар бойынша қайтару талаптарын бұзғаны үшін шешім қабылданған;
      2) экспортер немесе импортер мемлекеттік тіркелген орны бойынша болмаған жағдайларда экспортер немесе импортер мемлекеттік тіркелген жері бойынша Ұлттық Банктің филиалында жеке есепке алынуы тиіс.
      Ұлттық Банктің филиалы жеке есепке алынған мәміле паспорттары бойынша экспортерден немесе импортерден жыл сайын қайтару талаптарын орындау үшін қабылданған шаралар туралы ақпарат сұратады немесе салық органдарына және өзге де мемлекеттік органдарға олардың құзыретіне қарай экспортердің немесе импортердің қызметі немесе олардың орналасқан жері туралы сұрату жіберу арқылы экспортердің немесе импортердің орналасқан жерін анықтайды.
      Қажетті ақпарат алынғанға қарай, мәміле паспорты жеке есепке алынған күннен бастап үш күнтізбелік жылдан кешіктірмей, Ұлттық Банктің филиалы мәміле паспортының банкіне мәміле паспортының жабылуы мүмкін екендігі туралы хабарлайды.

6-тарау. Экспорт немесе импорт жөніндегі
келісім-шарттар бойынша ақпарат алмасу

      39. Уәкілетті банктер, Ұлттық Банк және уәкілетті орган арасында кеден ісі мәселелері жөніндегі ақпарат алмасу Ереженің 40-45-тармақтарына сәйкес электрондық түрде Ұлттық Банк кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен және уәкілетті банктермен келіскен нысанда жүзеге асырылады.

      40. Уәкілетті банк мәміле паспорттары бойынша ақпаратты мәміле паспорты ресімделген немесе жабылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, Ереженің 5-қосымшасында белгіленген нысанда Ұлттық Банкке жібереді.
      Мәміле паспортына қосымша парақ, оның ішінде валюта түсуінің болжамды мерзімін түзету жөнінде парақ, ресімделген жағдайда, ресімделген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, уәкілетті банк Ұлттық Банкке Ереженің 5-қосымшасында белгіленген нысанда ақпарат жібереді.

      41. Ұлттық Банк кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органға уәкілетті банктерден мәміле паспорттары жөнінде алынған ақпаратты Ереженің 5-қосымшасында белгіленген нысанда күн сайын жібереді.
      Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган Ұлттық Банктен мәміле паспорттары бойынша алынған ақпаратты жүк кеден декларациясында мәлімделген мәліметтердің мәміле паспортындағы ақпаратқа сәйкестігін тексеру үшін күн сайын кеден органдарына жібереді.

      42. Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган ай сайын, есептік айдан кейінгі айдың он біріне дейінгі мерзімде, Ұлттық Банкке Ереженің 6-қосымшасында белгіленген нысанда мәміле паспорттары бойынша есептік айдағы тауар қозғалысы туралы ақпаратты жібереді.
      Ұлттық Банк кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органнан мәміле паспорттары бойынша тауар қозғалысы туралы ақпарат алғаннан кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, ақпаратты мәміле паспортының банктеріне жібереді.

      43. Уәкілетті банк (Ұлттық Банктің филиалдарын қоспағанда) ай сайын, есептік айдан кейінгі айдың он бесіне дейінгі мерзімде Ұлттық Банкке мәміле паспорттары бойынша міндеттемелерді есепті айда орындалуы туралы осы ақпаратты мыналарды ескере отырып, Ереженің 4-қосымшасында белгіленген нысанда жібереді:
      1) есеп айырысудың аккредитивті нысанында не банктік кепілдеме орындалған кезде деректер ақша төлемі және (немесе) аударымы жүзеге асырылу кезінде көрініс табады;
      2) есеп айырысудың вексельді нысанында вексельді беру кезінде, сондай-ақ одан әрі Ереженің 32-тармағының 1)-3) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда ақпарат түскен кезде деректер көрсетіледі.
      Аккредитив немесе кепілдік беру мәміле паспортының банкінде ресімделмеген жағдайда, аккредитивті немесе кепілдік беруді ресімдеген уәкілетті банк:
      егер орындаушы банк болып табылса, ақша төлемі және (немесе) аударымы күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде;
      егер орындаушы банк шетелдік банк болып табылса, ақша төлемі және (немесе) аударымы туралы мәліметтер алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мәміле паспортының банкіне ақша төлемі және (немесе) аударымы жүзеге асырылғанын растайтын төлем құжатының көшірмесін жібереді.

      44. Уәкілетті банктер есептік айдан кейінгі айдың соңғы күніне дейінгі мерзімде Ұлттық Банкке Ереженің 7-қосымшасында белгіленген нысан бойынша:
      1) резидент еместің валюта түсудің болжанған мерзімдерінде келісім-шарт бойынша экспортер немесе импортер алдындағы есепті айдың соңғы күнгі жағдайы бойынша он мың АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы міндеттемелерді орындамауы және резидент еместің міндеттемелерді орындауын растайтын не болжанған мерзімдерді өзгертетін құжаттарды және ақпаратты экспортердің немесе импортердің ұсынбауы;
      2) экспортердің немесе импортердің Ереженің 5-тармағына сәйкес құжаттарды және ақпаратты уәкілетті банкке уақтылы ұсынбауы;
      3) есепті айда валюта түсудің болжамды бір күнтізбелік жылдан асатын мерзімі бар мәміле паспортын ресімдеу талап етілмейтін он мың АҚШ доллары баламасынан артық сомадағы келісім-шартты валюталық бақылауға қабылдау туралы ақпаратты жібереді.

      45. Егер бір күнтізбелік ай ішінде экспортер немесе импортер бір уәкілетті банк арқылы Ереженің 20-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы он мың АҚШ долларына дейінгі сомада тауар алып өту көзделетін келісім-шарттар бойынша жүргізген ақша төлемдерінің және (немесе) аударымдарының немесе алған ақшаның жалпы сомасы елу мың АҚШ долларынан асып кетсе, уәкілетті банк күнтізбелік ай аяқталғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде Ұлттық Банкке осы экспортер немесе импортер туралы мынадай ақпарат ұсынады: заңды тұлғаның, сондай-ақ қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкердің бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН), қызметін жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкердің жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН), экспортердің немесе импортердің атауы, аты-жөні, орналасқан жері, жүргізілген ақша төлемдерінің және (немесе) аударымдарының жалпы сомасы.
      Ескерту: 45-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2007.09.24. N 110 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      46. Мәміле паспортының банкінде бар мәміле паспорттары бойынша тауар қозғалысы жөніндегі ақпарат пен экспортер немесе импортер ұсынған ақпарат арасында айырмашылық анықталған жағдайда, мәміле паспортының банкі және кеден органы қолданылып жүрген мәміле паспорттары бойынша қажет болған жағдайда, бірақ жарты жылда бір реттен көп емес салыстырып тексеру жүргізілуі мүмкін.
      Мәміле паспорты жабылған және мәміле паспортының банкінде бар мәміле паспорттары бойынша тауар қозғалысы жөніндегі ақпарат пен экспортер немесе импортер ұсынған ақпарат арасында айырмашылық анықталған кезде, қажет болған кезде мәміле паспорты бойынша салыстырып тексеру жүргізілуі мүмкін.
      Салыстырып тексеру нәтижесі мәміле паспорты банкі және кеден органы басшының не тиісті өкілеттігі бар өзге де тұлғалар қол қойған жүктің кедендік декларациясының нөмірі мен күнін, тауардың шыққан күнін, мәміле паспортының нөмірі мен күнін, кеден режимін көрсете отырып, мәміле паспорты бойынша салыстыру актісі түрінде ресімделеді.
      Кеден органы айырмашылық болмаса, Ереженің осы тармағына сәйкес салыстырып тексеру актісін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде салыстырып тексеру актісіне қол қояды немесе мәміле паспортының банкіне анықталған айырмашылықтар туралы ақпарат жібереді. 

7-тарау. Өтпелі ережелер

      47. Ереже қолданысқа енгізілгенге дейін мәміле паспортын ресімдеген экспортер немесе импортер ақша төлемін және (немесе) аударымын жүргізген және Ереже қолданысқа енгізілгеннен кейін келісім-шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізген жағдайда, "Валюта түсудің болжанған мерзімі" бөлімін, "Есеп айырысу тәсілі" бағанын және ақпарат нақтыланатын өзге бөлімдер мен бағандарды толтыра отырып, Ереженің 1 немесе 2-қосымшасының нысаны бойынша жаңа мәміле паспортына қосымша парақты мәміле паспортының банкіне ұсынады. 
      Мәміле паспортының банкінде бар валюта бақылау құжаттарын, егер олар мәміле паспортының банкіне ұсынған соңғы күннен бастап өзгермесе, қайтадан ұсыну талап етілмейді. 
      Мәміле паспортының банкі Ереженің 3-тарауына сәйкес мәміле паспортына қосымша парақты ресімдейді, мәміле паспортын тіркеу журналына тіркеу арқылы мәміле паспортының нөмірін және күнін береді және мәміле паспортына қосымша парақта мәміле паспортының бұрынғы және қолданылып жүрген нөмірі мен күнін көрсетеді.

      48. Егер экспортер немесе импортер уәкілетті банкке өзге ақпарат ұсынбаса, Ереже қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған, мәміле паспортын ресімдеу талап етілмейтін келісім-шарттар бойынша валюта түсудің болжанған мерзімі 180 күнтізбелік күнге тең болып қабылданады.

      49. Ереже қолданысқа енгізілгенге дейін ресімделген мәміле паспорттары бойынша валюта түсудің болжанған мерзімді экспортер немесе импортер есептеуі және уәкілетті банкке:
      1) резиденттің резидент емеске 180 күннен асатын мерзімге коммерциялық кредит ұсынуға лицензия болған жағдайда - лицензияда белгіленген міндеттемелерді орындау мерзімінен бастап 180 күннен;
      2) басқа жағдайларда - 2007 жылғы 1 шілдеден кешіктірмей ұсынылуы тиіс.
      Осы Ереженің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген мерзім аяқталғаннан және экспортер немесе импортер Ереженің 47-тармағына сәйкес мәміле паспортына қосымша парақты ресімдемегеннен кейін уәкілетті банк Ұлттық Банкке Ереженің 44-тармағында белгіленген тәртіпте ақпарат жібереді.
      Экспортер немесе импортер Ұлттық Банктің әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілетті лауазымды тұлғасы осы Ережені бұзу фактісін қарағаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде Ереженің 47-тармағына сәйкес мәміле паспортына қосымша парақты ресімдейді.

                                     Қазақстан Республикасында
                                  экспорт-импорт валюта бақылауын
                                       жүзеге асыру ережесіне 
                                              1-қосымша

      Ескерту: 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2007.09.24. N 110 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

                  Экспорт бойынша мәміле паспорты

            Мәміле паспортының бұрынғы нөмірі мен күні 
         "___"__________ жылғы _________________________

         Мәміле паспортының қолданыстағы нөмірі мен күні  
     "___"__________ жылғы 1/_____________/________/_______

Мәміле паспортының банкі бойынша ақпарат:


Атауы




Сәйкестендіру нөмірі 


Шетел банкінің атауы


Экспортер бойынша ақпарат:


Атауы немесе аты-жөні






Сәйкестендіру нөмірі


Мекен-жайы




Үшінші тұлға бойынша ақпарат:


Атауы немесе аты-жөні






Сәйкестендіру нөмірі


Мекен-жайы




Шетелдік сатып алушы жөнінде ақпарат:


Атауы немесе аты-жөні


Елі


Мекен-жайы


Қызмет көрсететін банктің деректемелері




Келісім-шарт бойынша ақпарат:


Нөмірі


Күні


Сомасы


Төлем валютасы


Есеп айырысу тәсілі


Келісім-шарт бойынша валюта


Валютаны келісу


Соңғы күні




Лицензия:


Нөмірі 


Күні


Мерзімі




Тіркеу куәлігі:


Нөмірі 


Күні




Хабарлама туралы куәлік:


Нөмірі 


Күні




Алдыңғы мәміле паспортының деректемелері:


Уәкілетті тұлғалардың қолдары:


мәміле паспорты банкінің атынан

экспортердің атынан





Аты-жөні, қызметі

Аты-жөні, қызметі

Мөр орны

Мөр орны



үшінші тұлғаның банкінің атынан

үшінші тұлғаның атынан



Аты-жөні, қызметі

Аты-жөні, қызметі

Мөр орны

Мөр орны

Валюта түсудің болжамды мерзімі:


Экспортердің атынан қойылған қол



Аты-жөні, қызметі 


Мөр орны

Мәміле паспорты банкінің ерекше белгілері:


1-қосымшаны толтыру бойынша нұсқау

      1. Мәміле паспортының банкі "Мәміле паспортының бұрынғы нөмірі мен күні" бағанында Ереженің 47 және 49-тармақтарында көрсетілген жағдайларда Ереже қолданысқа енгізілгенге дейін ресімделген мәміле паспортының нөмірі мен күнін көрсетеді.
      2. Мәміле паспортының банкі "Мәміле паспортының қолданылып жүрген нөмірі мен күні" бағанында Ережеге сәйкес мәміле паспортына берілген нөмір мен күнін көрсетеді. 
      Бұл ретте мәміле паспорты көлбеу сызықпен бөлінген төрт бөліктен тұрады:
      1) бірінші бөлікте 1 көрсетіледі;
      2) екінші бөлікте мәміле паспортының банктік бірегейлендіру кодының соңғы үш саны көрсетіледі;
      3) үшінші бөлікте уәкілетті банктің ішкі анықтамалығына сәйкес төрт саннан тұратын мәміле паспорты банкінің коды көрсетіледі;
      4) төртінші бөлікте экспорт бойынша осы мәміле паспортының рет нөмірі мәміле паспорттарын тіркеу журналына сәйкес көрсетіледі.
      Мәміле паспортының банкі мәміле паспортының күні ретінде мәміле паспорттарын тіркеу журналында мәміле паспорты тіркелген күн көрсетіледі.
      3. "Мәміле паспортының банкі бойынша ақпарат" бөлімі төмендегідей толтырылады:
      1) "Атауы" деген баған мыналар ескеріле отырып толтырылады:
      егер мәміле паспортының банкі ретінде уәкілетті банк болатын болса, уәкілетті банктің толық атауы көрсетіледі;
      егер мәміле паспортының банкі ретінде уәкілетті банктің филиалы немесе Ұлттық Банктің филиалы болатын болса, филиалдың толық атауы көрсетіледі;
      2) алынып тасталды
      3) "Сәйкестендіру нөмірі" деген баған мәміле паспорты банкі БСН-нің 12 цифрын көрсету арқылы толтырылады.
      Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2007.09.24. N 110 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      4. "Шетел банкінің атауы" бөлімінде экспортердің шоты ашылған және Заң талаптарына сәйкес мәміле паспортында көрсетілген келісім-шарт бойынша экспорт түсімінің түсуі мүмкін шетел банкінің толық атауы көрсетіледі.
      5. "Экспортер бойынша ақпарат" бөлімі төмендегідей толтырылады:
      1) "Атауы немесе аты-жөні" бағанында экспортердің толық атауы немесе аты-жөні көрсетіледі;
      2) алынып тасталды
      3) алынып тасталды
      4) "Сәйкестендіру нөмірі" деген баған заңды тұлғаның, оның филиалының, сондай-ақ қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкердің БСН-нің, қызметін жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкердің ЖСН-нің 12 цифрын көрсету арқылы толтырылады;
      5) "Мекен-жайы" бағанында экспортердің толық пошталық адресі көрсетіледі. Экспортердің нақты мекен-жайы келісім-шартта көрсетілген кезде экспортердің заңды мекен-жайын көрсетуге болады.
      Ескерту: 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2007.09.24. N 110 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      6. "Үшінші тұлға бойынша ақпарат" бөлімі үшінші тұлғаның қатысуымен мәміле паспорты (мәміле паспортына қосымша парақ) ресімделген жағдайда "Экспортер бойынша ақпарат" бөлімінің тиісті бағанына ұқсас толтырылады.
      7. "Шетелдік сатып алушы бойынша ақпарат" бөлімі келісім-шартқа сәйкес толтырылады:
      1) "Атауы немесе аты-жөні" бағанында экспортталатын тауарды шетелдік сатып алушының атауы көрсетіледі;
      2) "Елі" бағанында шетелдік сатып алушының тұрған елінің коды ҚР МЖ 06 ИСО 3166.1 2001 "Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеу үшін кодтар. 1-бөлік. Ел коды", ҚР МЖ 06 ИСО 3166.2 - 2001 "Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеу үшін кодтар. 2-бөлік. Елдердің әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің кодтары", ҚР МЖ 06 ИСО 3166.3 - 2001 "Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеу үшін код. 3-бөлік. Елдердің атауларын  белгілеу үшін бұрын пайдаланылған кодтар" мемлекеттік жіктеушіге сәйкес көрсетіледі;
      3) "Мекен-жайы" бағанында шетелдік сатып алушының мекен-жайы көрсетіледі;
      4) "Қызмет көрсетуші банктің деректемелері" бағанында шетелдік сатып алушыға қызмет көрсететін банктің деректемелері көрсетіледі.
      8. "Келісім-шарт бойынша ақпарат" бөлімі төмендегідей толтырылады:
      1) "Нөмір" бағанында негізінде экспорт бойынша мәміле паспорты ресімделген келісім-шарттың нөмірі көрсетіледі. Келісім-шарттың осындай деректемелері болған жағдайда толтырылады;
      2) "Күні" бағанында келісім-шарт жасалған күн көрсетіледі;
      3) "Сомасы" бағанында келісім-шарттың жалпы сомасы көрсетіледі. Егер келісім-шарт бойынша болжамды баға бегіленетін тауар жеткізу көзделсе, онда мәміле паспортында "Мәміле паспорты банкінің ерекше белгілері" бөлімінде келісім-шарттың болжамды және нақты сомасы мәміле паспортында көрсетілген сомадан аса алатындығын бір мезгілде көрсете отырып, болжамды бағаға жеткізудің белгіленген көлемін көбейту арқылы есептелген келісім-шарттың сомасы көрсетіледі;
      4) "Төлем валютасы" бағанында валютаның әріптік мәні көрсетіледі, мұнымен экспортталатын тауарға ҚР МЖ 07 ИСО 4217 - 2001 "Валюталар мен қорларды белгілеу кодтары" мемлекеттік жіктеушіге сәйкес ақы төлеу жүргізіледі;
      5) "Есеп айырысу тәсілі" бағанында жіктеушіге сәйкес келісім-шарт талаптарына сай экспортталатын тауар үшін есеп айырысудың қолданылатын тәсілінің коды көрсетіледі: 

Есеп айырысу тәсілі

Код

1. Ақша төлемі және (немесе) аударымы:


аккредитив шеңберінде

11

банктік кепілдеме шеңберінде

12

экспортердің немесе импортердің шоты арқылы


оның ішінде:


алдын ала ақы төлеу

13

тауар тиелгеннен кейін ақы төлеу

14

2. Міндеттемелерді өзгеше орындау:


есептеу    

21

беру

22

борышты аудару

23

вексельді беру

24

бағалы қағаздарды беру

25

өзгелері

29

      Есеп айырысудың құрама тәсілдерін қолдануға жол беріледі, мұндайда екі және одан да көп код қойылады;
      6) "Келісім-шарт бойынша валюта" бағанында ҚР МЖ 07 ИСО 4217 - 2001 "Валюталар мен қорларды белгілеу үшін кодтар" мемлекеттік жіктеушісіне сәйкес келісім-шарт валютасы сомасының әріптік мәні көрсетіледі; 
      7) "Валютаны келісу" бағанында келісім-шарт бойынша валюта бағамының төлем валютасына есеп айырысу тәсілі көрсетіледі ("Келісім-шарт бойынша валюта" және "Төлем валютасы" сәйкес келмеген жағдайда ғана толтырылады);
      8) "Соңғы күні" бағанында келісім-шарт қолданылатынға дейінгі күн көрсетіледі. Келісім-шартта осындай талап болған жағдайда толтырылады.
      9. "Лицензия" бөлімі экспортер Ұлттық Банкте лицензия алған жағдайда төмендегідей толтырылады:
      1) "Нөмірі" бағанында лицензия нөмірі көрсетіледі;
      2) "Күні" бағанында лицензияның күні көрсетіледі;
      3) "Мерзімі" бағанында лицензияның қолданылу мерзімі көрсетіледі.
      10. "Тіркеу куәлігі" бөлімі Ұлттық Банкте экспортер тіркеу куәлігін алған кезде төмендегідей толтырылады:
      1) "Нөмірі" бағанында тіркеу куәлігінің нөмірі көрсетіледі;
      2) "Күні" бағанында тіркеу куәлігінің күні көрсетіледі.
      11. "Хабарлама туралы куәлік" бөлімі Ұлттық Банкте экспортер хабарлама туралы куәлікті алған кезде төмендегідей толтырылады:
      1) "Нөмір" бағанында хабарлама туралы куәліктің нөмірі көрсетіледі;
      2) "Күні"» бағанында хабарлама туралы куәліктің нөмірі көрсетіледі.
      12. "Алдыңғы мәміле паспортының деректемелері" бөлімі Ереженің 35-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жағдайларда толтырылады. Бұл ретте алдыңғы мәміле паспортының нөмірі мен күні көрсетіледі, оның орнына жаңа мәміле паспорты ресімделеді. 
      13. "Уәкілетті тұлғалардың қолдары" бөлімін:
      1) мәміле паспорты банкінің және үшінші тұлғаның банкінің атынан - мәміле паспортын ресімдеуді жүзеге асыратын қызметкер;
      экспортердің атынан - экспортердің басшысы;
      үшінші тұлғаның атынан - үшінші тұлғаның басшысы толтырады;
      2) экспорт бойынша барлық мәміле паспорттары мәміле паспорты банкінің, экспортердің мөрлерімен бекітіледі және қажет болған жағдайда үшінші тұлғаның және үшінші тұлғаның банкінің мөрлерімен бекітіледі.
      14. "Валюта түсудің болжамды мерзімі" бөлімі нүктемен бөлінген екі бөліктен тұрады:
      бірінші бөлікте валюта түсудің болжамды мерзімінің күн саны көрсетіледі;
      екінші бөлікте валюта түсудің болжамды мерзімінің жыл саны көрсетіледі.
      Егер экспортердің тауар жеткізу бойынша міндеттемесі Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өткеннен кейін тауарды беру болса, экспортер валюта түсудің болжамды мерзімін келісім-шарт бойынша шетелдік сатып алушы тауарға ақы төлеу бойынша міндеттемелерін орындаудың ең ұзақ мерзіміне бір күнтізбелік жылдан аспайтын тауарды беру орнына дейін Қазақстан Республикасында кедендік тіркелгеннен кейін тауарды жеткізу үшін қажетті мерзімді қоса отырып есептейді.
      Егер экспортердің тауар жеткізу бойынша міндеттемесі Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өткенге дейін тауарды беру болса, экспортер валюта түсудің болжамды мерзімі ретінде шетелдік сатып алушының тауарға ақы төлеу бойынша міндеттемелерін орындаудың келісім-шарт бойынша ең ұзақ мерзімін көрсетеді.
      Егер келісім-шартта шетелдік сатып алушының тауарға ақы төлеуі бойынша міндеттемелерін орындауының түрлі талаптары көзделсе (тауарға экспортер тауарды тиегенге дейін ақы төлеу, тауарға экспортер тауарды тиегеннен кейін ақы төлеу), валюта түсудің болжамды мерзімі экспортер тауарды тиегеннен кейін келісім-шартта белгіленген шетелдік сатып алушының тауарға ақы төлеуі бойынша міндеттемелерін орындаудың мерзімдерін ескере отырып, есептейді.
      Егер келісім-шартта экспорт бойынша валюта түсімінің экспорт күні болғанға дейін (шетелдік сатып алушының алдын ала ақы төлеуі) не 180 күннен аспайтын мерзімде түсуін көзделсе, валюта түсудің болжамды мерзімін экспортер 180 күн деп көрсетеді.
      Валюта түсудің болжамды мерзімін есептеу мақсаты үшін күнтізбелік күн пайдаланылады, бұл ретте 30 күн мерзімі бір ай болып, 360 күн - бір күнтізбелік жыл болып қолданылады.
      Мысалдар:
      1) келісім-шартқа сәйкес тауар жеткізу бойынша экспортердің тауарды жеткізу бойынша міндеттемесі тауар Омбы қаласында өткізілгеннен кейін орындалды деп саналады. Шетелдік сатып алушының тауарға ақы төлеуі: ішінара - алдын-ала ақы төлеу, ішінара - экспортер тауарды тиегеннен кейін ақы төлеу арқылы. Шетелдік сатып алушы тауарға ақы төлеуінің ең ұзақ мерзімі - 210 күн. Тауарды кедендік ресімдеу күні мен шетелдік сатып алушының тауарды Омбы қаласында өткізу күні арасындағы Экспортер болжайтын мерзім (тауарды өткізу фактісін ресімдеу үшін қажетті мерзімді есептей отырып) - 30 күн.
      Есеп: 210  күн + 30 күн = 240 күн, яғни 240 күн, 00 жыл.
      Экспортер "Валюта түсудің болжамды мерзімі" бағанында 240.00 көрсетеді;
      2) келісім-шартқа сәйкес тауар жеткізу бойынша экспортердің тауар жеткізу бойынша міндеттемесі тауар 1-Алматы станциясына өткізілгеннен кейін орындалды деп саналады. Шетелдік сатып алушы тауарға ақыны экспортер тауарды тиегеннен кейін төлейді. Тауарға ақы төлеудің ең ұзақ мерзімі - 210 күн.
      Экспортер "Валюта түсудің болжамды мерзімі" бағанында 210.00 көрсетеді;
      3) келісім-шартқа сәйкес шетелдік сатып алушы тауарға толық көлемде алдын ала ақы төлейді.
      Экспортер "Валюта түсудің болжамды мерзімі" бағанында 180.00 көрсетеді;
      4) келісім-шартқа сәйкес шетелдік сатып алушы тауарға ақы төлеуінің ең ұзақ мерзімі  -160 күн.
      Экспортер "Валюта түсудің болжамды мерзімі" бағанында 180.00 көрсетеді.
      15. "Мәміле паспорты банкінің ерекше белгілері" бөлімінде мәміле паспортының бөлімдерінде көрінбеген, алайда Ережеде көзделген ақпаратты немесе мәміле паспорты банкінің оңайлатылған жұмысын көрсетеді.

                                         Қазақстан Республикасында
                                     экспорт-импорт валюта бақылауын
                                          жүзеге асыру ережесіне 
                                                 2-қосымша

      Ескерту: 2-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2007.09.24. N 110 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

                  Импорт бойынша мәміле паспорты

             Мәміле паспортының бұрынғы нөмірі мен күні 
             "___"__________ жылғы ____________________

           Мәміле паспортының қолданыстағы нөмірі мен күні  
      "___"__________ жылғы 2/_____________/________/_________ 

Мәміле паспортының банкі бойынша ақпарат:


Атауы




Сәйкестендіру нөмірі 




Шетел банкінің атауы


Импортер бойынша ақпарат:


Атауы немесе аты-жөні






Сәйкестендіру нөмірі


Мекен-жайы




Үшінші тұлға бойынша ақпарат:


Атауы немесе аты-жөні






Сәйкестендіру нөмірі


Мекен-жайы




Шетелдік жеткізуші бойынша ақпарат:


Атауы немесе аты-жөні


Елі


Мекен-жайы


Қызмет көрсетуші банкінің деректемелері




Келісім-шарт бойынша ақпарат:


Нөмірі


Күні


Сомасы


Төлем валютасы  


Есеп айырысу тәсілі


Келісім-шарт бойынша валюта


Валютаны келісу


Соңғы күні




Лицензия:


Нөмірі


Күні


Мерзімі




Тіркеу куәлігі:


Нөмірі 


Күні




Хабарлама туралы куәлік:


Нөмірі


Күні




Алдыңғы мәміле паспортының деректемелері:


Уәкілетті тұлғалардың қолдары:


мәміле паспорты банкінің атынан

импортердің атынан                         





Аты-жөні, қызметі

Аты-жөні, қызметі

Мөр орны

Мөр орны



үшінші тұлғаның банкінің атынан

үшінші тұлғаның атынан



Аты-жөні, қызметі

Аты-жөні, қызметі

Мөр орны

Мөр орны

Валюта түсудің болжамды мерзімі:


Импортердің атынан қойылатын қол



Аты-жөні, қызметі


Мөр орны


Мәміле паспорты банкінің ерекше белгілері:


2-қосымшаны толтыру бойынша нұсқау

      2-қосымша мыналарды ескере отырып, 1-қосымшаға ұқсас толтырылады: 
      1. Қолданыстағы мәміле паспортының бірінші бөлігінде 2 көрсетіледі.
      2. "Шетел банкінің атауы" бөлімінде импортердің шоты ашылған және мәміле паспортында көрсетілген келісім-шарт бойынша ақша төлемі және (немесе) аударымы жүзеге асырылатын не заң талаптарына сәйкес пайдаланылмаған авансты қайтарған жағдайда импорт бойынша келісім-шарт бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшін резидент еместің пайдасына импортер аударған валюта түсуі мүмкін шетел банкінің толық атауы көрсетіледі.
      3. "Есеп айырысу тәсілі" бағанында есеп айырысу тәсілдерінің 13, 14 кодтары мынаны білдіреді:
      алдын ала жеткізу                     13
      тауарға ақы төлегеннен кейін жеткізу  14.
      4. "Валюта түсудің болжамды мерзімі" бөлімін импортер мыналарды ескере отырып толтырады:
      Шетелдік жеткізушінің тауарды жеткізу бойынша міндеттемесі Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өткеннен кейін тауарды беру болса, импортер шетелдік жеткізушінің келісім-шарт бойынша тауар жеткізу бойынша міндеттемелерін орындаудың ең ұзақ  мерзіміне пайдаланылмаған авансты (келісім-шартта ол болған жағдайда) қайтару мерзіміне қосу арқылы валюта түсудің болжамды мерзімін есептейді. 
      Шетелдік жеткізушінің тауарды жеткізу бойынша міндеттемесі Қазақстан Республикасының кедендік шекарасына өткенге дейін тауарды беру болса, импортер шетелдік жеткізушінің келісім-шарт бойынша тауар жеткізу бойынша міндеттемелерін орындаудың ең ұзақ мерзіміне Қазақстан Республикасының кедендік шекарасына дейін тауарды жеткізу және тауарды Қазақстан Республикасында кедендік ресімдеуге қажетті мерзімді (бір күнтізбелік жылдан аспауы тиіс) және пайдаланылмаған авансты (келісім-шартта ол болған жағдайда) қайтару мерзімін қосу арқылы валюта түсудің болжамды мерзімін есептейді.
      Егер келісім-шартта шетелдік жеткізушінің тауарды жеткізу міндеттемелерін орындауының түрлі талаптары (тауарға төлем және (немесе) ақша аудару жүзеге асырылғанға дейін тауар жеткізу, тауарға төлем және (немесе) ақша аудару жүзеге асырылғаннан кейін тауар жеткізу) көзделсе валюта түсудің болжамды мерзімін импортер шетелдік жеткізушінің тауар жеткізу бойынша міндеттемелерін орындаудың келісім-шартта белгіленген мерзімдерін ескере отырып тауарға ақша төлемін және (немесе) аударымын жүзеге асырылғаннан кейін есептейді.
      Егер келісім-шартта тауарға төлем және (немесе) ақша аудару жүзеге асырылғанға дейін не төлем жүргізілген және (немесе) ақша аударылған күннен бастап 180 күннен аспайтын мерзімде тауарды жеткізу (шетелдік жеткізушінің алдын ала жеткізуі) көзделсе, валюта түсудің болжамды мерзімін импортер 180 күн деп көрсетеді.
      Мысалдар:
      1) келісім-шартқа сәйкес шетелдік жеткізушінің тауар жеткізу бойынша міндеттемелері Омбы қаласында тауар жеткізілгеннен кейін орындалды деп саналады. Шетелдік жеткізушінің тауарды жеткізуі - ішінара алдын ала жеткізу арқылы, ішінара - тауарға төлем жүргізгеннен және (немесе) ақша аударғаннан кейін. Шетелдік жеткізуші тауарды жеткізуінің ең ұзақ мерзімі - 800 күн. Импортер тауарды кедендік ресімдеу күні (тауарды беру фактісін ресімдеу үшін қажетті мерзімді ескере отырып) мен шетелдік жеткізуші тауарды Омбы қаласында беру күні арасындағы болжамды күнді - 70 күн деп болжайды. Пайдаланылмаған авансты қайтару мерзімі -  тауарды Омбы қаласында болжамды берілді деген күннен бастап 100 күн.
      Есеп: 800 күн + 70 күн + 100 күн = 970 күн, яғни 250 күн, 02 жыл.
      Импортер "Валюта түсудің болжамды мерзімі" бағанында 250.02 көрсетеді;
      2) келісім-шартқа сәйкес шетелдік жеткізушінің тауар жеткізу бойынша міндеттемелері Омбы қаласында тауар жеткізілгеннен кейін орындалды деп саналады. Шетелдік жеткізушінің тауарды жеткізуі - ішінара алдын ала жеткізу арқылы, ішінара - тауарға төлем жүргізгеннен және (немесе) ақша аударғаннан кейін. Шетелдік жеткізуші тауарды жеткізуінің ең ұзақ мерзімі - 210 күн. Импортер тауарды кедендік ресімдеу күні (тауарды беру фактісін ресімдеу үшін қажетті мерзімді ескере отырып) мен шетелдік жеткізуші тауарды Омбы қаласында беру күні арасындағы болжамды күнді - 70 күн деп болжайды. Пайдаланылмаған авансты қайтару мерзімі келісім-шартта белгіленбеген.
      Есеп: 210 күн + 70 күн = 280 күн, яғни 280 күн, 00 жыл.
      "Валюта түсудің болжамды мерзімі" бағанында импортер 280.00 көрсетеді;
      3) келісім-шартқа сәйкес шетелдік жеткізушінің тауарды жеткізу бойынша міндеттемелері тауар 1-Алматы станциясына берілгеннен кейін орындалды деп саналады. Шетелдік жеткізушінің тауарды жеткізуі - ішінара алдын ала жеткізу, ішінара - тауарға төлегеннен кейін және (немесе) аударғаннан кейін жеткізу. Шетелдік жеткізушінің тауарды жеткізуінің ең ұзақ мерзімі - 100 күн. Пайдаланылмаған авансты қайтару мерзімі - 100 күн.
      Есеп: 100 күн + 100 күн = 200 күн, яғни 200 күн, 00 жыл.
      "Валюта түсудің болжамды мерзімі" бағанында импортер 200.00 көрсетеді;
      4) келісім-шартқа сәйкес тауар жеткізу бойынша шетелдік жеткізушінің міндеттемесі тауар 1-Алматы станциясына өткізілгеннен кейін орындалды деп саналады. Шетелдік жеткізушінің тауарды жеткізуі - ішінара алдын ала жеткізу, ішінара - тауарға төлегеннен кейін және (немесе) аударғаннан кейін. Шетелдік жеткізушінің тауарды жеткізуінің ең ұзақ мерзімі - 100 күн. Пайдаланылмаған авансты қайтару мерзімі келісім-шартта белгіленбеген.
     "Импортер»Валюта түсудің болжамды мерзімі" бағанында 100.00 көрсетеді;
      5) келісім-шартқа сәйкес шетелдік жеткізуші тауарды толық көлемде алдын ала жеткізуді жүзеге асырады.
      "Валюта түсудің болжамды мерзімі" бағанында импортер 180.00 көрсетеді;
      6) келісім-шартқа сәйкес шетелдік жеткізушінің тауар жеткізуінің ең ұзақ мерзімі - 160 күн.
      "Импортер»Валюта түсудің болжамды мерзімі" бағанында 180.00 көрсетеді.

                                         Қазақстан Республикасында
                                     экспорт-импорт валюта бақылауын
                                           жүзеге асыру ережесіне 
                                                  3-қосымша

       ____________________ (атауы) мәміле паспорты банкінің 
                      мәміле паспорттарын тіркеу 
                                журналы

_____ жылы басталды
_____ жылы аяқталды 

№N

Мәміле паспортын ресімдеу күні

Экспортердің немесе импортердің атауы немесе аты-жөні

Келісім-шарттың деректемелері

1

2

3

4





3-қосымшаны толтыру бойынша нұсқау

      Мәміле паспорттарын тіркеу журналының 1-бағанында көрсетілген нөмір мәміле паспортының төртінші бөлігіндегі нөмірге сәйкес келуі тиіс.
      Мәміле паспорттарын тіркеу журналын мәміле паспортының банкі  экспорт және импорт бойынша жеке-жеке жылдан жылға ілеспелі түрде жүргізеді.
      Мәміле паспорттарын тіркеу журналы электрондық түрде жүргізілген жағдайда жұмыс күнінің аяғында жұмыс күні ішінде толтырылған мәміле паспорттарын тіркеу журналының парағы қағазға басып шығарылады және кейін сақталуы үшін мәміле паспортының банкінде тігіледі.
      Мәміле паспорттарын тіркеу журналы аяқталысымен (немесе мәміле паспорттарын тіркеудің электрондық журналының шығарылған парақтарының тігінділері) мәміле паспорты банкінің басшысы не тиісті өкілеттігі бар өзге тұлға қол қояды және мәміле паспорты банкінің мұрағатында сақталады.

                                      Қазақстан Республикасында
                                   экспорт-импорт валюта бақылауын
                                   жүзеге асыру ережесіне 4-қосымша

      Ескерту: 4-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2007.09.24. N 110 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

                        _____ жылғы ____айдағы
             мәміле паспорттары бойынша міндеттемелерді
                        орындау туралы ақпарат

Уәкілетті банктің БСН ________________

N

Қолданыстағы мәміле паспортының деректемелері

Ақша жіберуші

N

Күні

Атауы немесе аты-жөні

БСН

ЖСН

Белгісі - заңды
тұлға немесе жеке кәсіпкер

Елі

Облыстың коды

Резиденттік коды

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











   кестенің жалғасы

Бенефициар

Атауы немесе аты-жөні

БСН

ЖСН

Белгісі - заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер

Елі

Облыстың коды

Резиденттік коды

11

12

13

14

15

16

17








   кестенің жалғасы      

Төлем және (немесе) ақша аударымы немесе басқалай міндеттемені орындау туралы ақпарат

Сомалар жаңа мәміле паспортына ауыстырылған жағдайда

Күні

Мың бірліктегі сома

Есеп айырысу валютасы

Есеп айырысу тәсілінің коды

Белгісі - шығыс, кіріс

Есепке алуға немесе беруге немесе басқалай орындауға араналған негісіз

Жаңа мәміле паспортының күні

Жаңа мәміле паспортының нөмірі

N

Күні

18

19

20

21

22

23

24

25

26

4-қосымшаны толтыру бойынша нұсқау

      Уәкілетті банктің БСН-нің 12 цифрын көрсету арқылы толтырылады.
      2, 3-бағандарында қолданыстағы мәміле паспортының деректемелері көрсетіледі, яғни:
      егер мәміле паспортына Ереженің 47 және 49-тармақтарына сәйкес жаңа нөмір мен күн берілген болса, онда оның жаңа нөмірі мен күні көрсетіледі;
      егер берілмесе - ескі нөмірі мен күні көрсетіледі (Ереженің 49-тармағында көрсетілген мерзімдер аяқталғанша жол берілмейді).
      3, 18, 24, 25-бағандар сегіз санды көрсету арқылы мынадай тәртіппен толтырылады: күні, айы, жылы.
      5, 12-бағандар ақша жіберушінің немесе бенефициардың - заңды тұлғаның, оның филиалының, сондай-ақ қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкердің БСН-нің 12 цифрын көрсету арқылы толтырылады.
      5, 6, 12, 13-бағандар ақша жіберуші немесе бенефициар резиденттер болып табылса.
      6, 13-бағандар егер 7, 14-бағандарда 2 саны көрсетілсе толтырылады. 6, 13-бағандар ақша жіберушінің немесе бенефициардың ЖСН-нің 12 цифрын көрсету арқылы толтырылады.
      7, 14-бағандар мынадай белгілерді ескере отырып толтырылады: 1 - экспортер немесе импортер заңды тұлғалар болып табылса және 2 - экспортер немесе импортер жеке кәсіпкер болып табылса.
      8, 15-бағандар ҚР МЖ 06 ИСО 3166.1 2001 "Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеу үшін кодтар. 1-бөлік. Ел коды", ҚР МЖ 06 ИСО 3166.2 - 2001 "Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеу үшін кодтар. 2-бөлік. Елдердің әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің кодтары", ҚР МЖ 06 ИСО 3166.3 - 2001 "Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеу үшін код. 3-бөлік. Елдердің атауларын белгілеу үшін бұрын пайдаланылған кодтар" мемлекеттік жіктеушілерін пайдалана отырып толтырылады.
      9, 16-бағандарда (ақша жіберуші немесе бенефициар - резидент болған жағдайда) әкімшілік-аумақтық объектілердің (КАТО) ҚР МЖ 11-2003 жіктеушісіне сәйкес облыс кодының алдыңғы 2 саны көрсетіледі.
      10, 17-бағандар төлем мақсатының бірыңғай жіктеушісінің мемлекеттік жіктеушісінің мақсаты үшін пайдаланылатын резиденттік анықтамасына сәйкес толтырылады.
      20-бағанда ҚР МЖ 07 ИСО 4217 - 2001 "Валюталар мен қорларды белгілеу үшін кодтар" мемлекеттік жіктеушісіне сәйкес валютаның әріптік мәні көрсетіледі.
      21-баған Ереженің 1-қосымшасын толтыру бойынша нұсқаудың 8-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген жіктеушіге және 2-қосымшасын толтыру бойынша нұсқаудың 3-тармағына (есептеудің бірнеше тәсілдері көрсетілуі мүмкін) сәйкес толтырылады.
      22-баған мынадай белгілер ескеріле отырып толтырылады: 1 - шығыс (яғни шетелдік сатып алушының немесе шетелдік жеткізушінің пайдасына ақша төлемі және (немесе) аударымы) және 2 - кіріс (яғни экспортердің немесе импортердің пайдасына ақша төлемі және (немесе) аударымы).
      23, 24-бағандар егер 21-бағанда 21-23 сандары көрсетілсе, 23-бағанда валюта шартының (келісім-шарттың осындай деректемесі болған жағдайда) күнін, ал  24-бағанда - валюта шартының күшіне ену күні, болмаған жағдайда - валюта шарты жасалған күнді көрсету арқылы толтырылады.
      Толтырылған 25, 26-бағандар мәміле паспортының сомалары Ереженің 35-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жағдайларда жаңа мәміле паспорты бойынша ескерілетінін білдіреді.

                                      Қазақстан Республикасында
                                   экспорт-импорт валюта бақылауын
                                   жүзеге асыру ережесіне 5-қосымша

      Ескерту: 5-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2007.09.24. N 110 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

              _____жылғы _____(күні)___________(айы)
           мәміле паспорттары және мәміле паспорттарына
                  қосымша парақтар бойынша ақпарат

Мәміле паспорты банкінің БСН_______________

N

Мәміле паспортының деректемелері

Экспортер немесе импортер бойынша ақпарат

Бұрынғы

Қолданыстағы

Атауы немесе аты-жөні

БСН

ЖСН

Белгі - заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер

Облыстың коды

N

Күні

N

Күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

кестенің жалғасы

N

Келісім-шарт бойынша ақпарат

Белгісі - экспорт немесе импорт

Нөмір

Күні 

Төлем валютасы

Мың бірліктегі келісім-шарт сомасы

Келісім-шарттың валютасы

Валютны келісу

Соңғы күні

1

11

12

13

14

15

16

17

18

кестенің жалғасы

Резидент емес

Валюта түсудің болжамды мерзімдері

Есептеу тәсілінің коды

Лицензия

Тіркеу куәлігі

Атауы және аты-жөні

Елі

N

Күні

N

Күні

19

20

21

22

23

24

25

26









   кестенің жалғасы

Хабарлама туралы куәлік

Мәміле паспорты бойынша қосымша парақтың деректемелері

Қосымша парақты ресімдеуге негіз

Мәміле паспортын жабу

N

Күні

N

Күні

Күні

Негіз  

27

28

29

30

31

32

33








5-қосымшаны толтыру бойынша нұсқау

      Мәміле паспорты банкі БСН-нің 12 цифрын көрсету арқылы толтырылады.
      Мәміле паспортын ресімдеу туралы ақпаратты жіберу кезінде лицензия болған жағдайда 23 және 24-бағандар, тіркеу куәлігі болған жағдайда 25 және 26-бағандар, хабарлама туралы куәлік болған жағдайда 27 және 28-бағандар толтырыла отырып, 4-22-бағандар толтырылады.
      Ереженің 47 және 49-тармақтарында белгіленген жағдайларда мәміле паспортына қосымша парақты ресімдеу туралы ақпаратты жіберу кезінде 2-22, лицензия болған кезде - 23, 24-бағандар, тіркеу куәлігі болған кезде - 25, 26-бағандар, хабарлама туралы куәлік болған кезде - 27, 28-бағандар, сондай-ақ 29-31-бағандар толтырылады. Осындай мәміле паспорты бойынша келесі ақпаратты жіберу кезінде 4 және 5-бағандарда мәміле паспортының қолданылып жүрген нөмірін және күнін көрсету қажет.
      Өзге жағдайларда мәміле паспортына қосымша парақты ресімдеу туралы ақпаратты жіберу кезінде 2, 3 немесе 4, 5, сондай-ақ мәліметтері нақтылануы тиіс бағандар толтырылады. Бұл ретте 2 және 3-бағандар Ереженің 47 және 49-тармақтарына сәйкес жаңа нөмірі мен күні әлі берілмеген мәміле паспортына қосымша парақ ресімделген жағдайда толтырылады (Ереженің 49-тармағында көрсетілген мерзімдер аяқталғаннан кейін рұқсат етілмейді).
      Мәміле паспортын Ереженің 35-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жағдайларда ресімдеген кезде 2-22-бағандар, лицензия болған кезде 23, 24-бағандар, тіркеу куәлігі болған кезде 25, 26-бағандар, хабарлама туралы куәлік болған кезде 27, 28-бағандар толтырылады.
      Мәміле паспортын жабу туралы ақпаратты жіберу кезінде 2, 3 немесе 4, 5, 32, 33-бағандар толтырылады.
      3, 5, 13, 18, 24, 26, 28, 30, 32-бағандар мынадай тәртіпте сегіз санды көрсету арқылы толтырылады: күн, ай, жыл.
      7-баған экспортердің немесе импортердің - заңды тұлғаның, оның филиалының, сондай-ақ қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкердің БСН-нің 12 цифрын көрсету арқылы толтырылады.
      8-баған экспортердің немесе импортердің - қызметін жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкердің ЖСН-нің 12 цифрын көрсету арқылы толтырылады.
      9-баған мынадай белгілер ескеріле отырып толтырылады: 1 - егер экспортер немесе импортер заңды тұлға болып табылса және 2 - егер экспортер немесе импортер жеке кәсіпкер болып табылса.
      10-бағанда әкімшілік-аумақтық объектілердің (КАТО) ҚР МЖ 11-2003 жіктеушісіне сәйкес облыс кодының алғашқы 2 саны көрсетіледі.
      11-баған мынадай белгілер ескеріле отырып толтырылады: 1 - егер келісім-шарт экспорт бойынша және 2 - егер келісім-шарт импорт бойынша болса.
      12-баған келісім-шарттың осындай деректемесі болған жағдайда келісім-шарттың нөмірін көрсету арқылы толтырылады.
      14, 16-бағандарда ҚР МЖ 07 ИСО 4217 - 2001 "Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар" мемлекеттік жектеушісіне сәйкес валютаны әріппен белгілеу көрсетіледі.
      15-баған келісім-шарт валютасымен толтырылады.
      17-баған Ереженің 1-қосымшасын толтыру бойынша нұсқаудың 8-тармағының 7) тармақшасына сәйкес толтырылады.
      18-баған Ереженің 1-қосымшасын толтыру бойынша нұсқаудың 8-тармағының 8) тармақшасына сәйкес толтырылады.
      20-баған ҚР МЖ 06 ИСО 3166.1 2001 "Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеуге арналған кодтар. 1-бөлік. Елдің коды", ҚР МЖ 06 ИСО 3166.2 - 2001 "Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеуге арналған кодтар. 2-бөлік. Елдердің әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің кодтары", ҚР МЖ 06 ИСО 3166.3 - 2001 "Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеуге арналған кодтар. 3-бөлік. Елдердің атауларын белгілеуге арналған бұрын пайдаланылған кодтар" мемлекеттік жіктеушілерін пайдалана отырып толтырылады.
      21-бағанда Ереженің 1-қосымшасын толтыру бойынша нұсқаудың 14-тармағына және 2-қосымшасын толтыру бойынша нұсқаудың 4-тармағына сәйкес валюта түсудің болжамды мерзімі көрсетіледі.
      22-баған Ереженің 1-қосымшасын толтыру бойынша нұсқаудың 8-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген жіктеушіге және 2-қосымшасын толтыру бойынша нұсқаудың 3-тармағына сәйкес толтырылады (есептеудің бірнеше тәсілі көрсетілуі мүмкін).
      29-бағанда мәміле паспортына қосымшасы парақтың рет нөмірі көрсетіледі.
      31-баған мынадай жіктеуші ескеріле отырып толтырылады:
      1 - міндеттемелерді орындау мерзімі мен талаптарына әсер ететін өзгерістер мен толықтырулар;
      2 - мәміле паспортында көрсетілген ақпараттың өзгеруі;
      3 - Ереженің 47 және 49-тармақтарында көрсетілген жағдайлар.
      33-баған мынадай жіктеуші ескеріле отырып толтырылады:
      1 - тараптардың келісім-шарт бойынша міндеттемелерін толық орындауы не резидент еместің немесе резиденттің он мың АҚШ доллары сомасынан аспайтын берешек қалдығының болуы, оның ішінде борышкер мен кредитор бір тұлға болған жағдайда жеңілдік, есепке алуды ұсыну арқылы міндеттемелерді тоқтату, растайтын құжаттар болған кезде мемлекеттік органның актісінің шығуы салдарынан орындау мүмкін болмауы;
      2 - резидент емеске бұрын алынған тауарды қайтару не импортердің осы келісім-шартты тоқтату туралы жазбаша растамасын алған кезде импортерге пайдаланылмаған авансты қайтару;
      3 - резидент емес тауарға ақы төлеу бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда бұрын тиелген тауарларды экспортерға қайтару не экспортердің осы келісім-шарттың қолданылуын тоқтату туралы жазбаша растамасы болған кезде тауарды жеткізу бойынша экспортер міндеттемелерін орындамаған жағдайда экспорт бойынша келісім-шартқа ақы төлеуге экспортер алған валютаны резидент емеске қайтару;
      4 - экспортер немесе импортер резидент еместің алдында өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда экспортер немесе импортер алдында өз міндеттемелерін толық орындаған резидент еместің тарапынан шағым-талап болмайтынын растайтын құжаттарды ұсыну;
      5 - жеке кәсіпкер ретінде тіркелген экспортердің немесе импортердің Қазақстан Республикасынан тыс тұрақты тұратын жерге кету туралы уәкілетті органның растамасы;
      6 - келісім-шарт мерзімінің аяқталуы және тараптар міндеттемелерін балама орындау немесе резидент еместің он мың АҚШ долларына балама болатын сомадан аспайтын берешек қалдығының болу талабымен тараптар міндеттемелерін орындаған соңғы күннен бастап бір күнтізбелік жыл ішінде мәміле паспорты бойынша ақша немесе тауар қозғалысының болмауы;
      7 - сот шешімінің не резидент еместі тарату немесе банкрот деп тану туралы шетел мемлекетінің басқа уәкілетті мемлекеттік органы құжатының болуы;
      8 - экспортерді немесе импортерді құқықтық мұрагері болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тарату;
      9 - экспортердің немесе импортердің тәуекелді сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жағдайы болған кезде резидент еместің міндеттемелерін орындамауы;
      10 - экспортердің немесе импортердің банктік шотына ақшаны талап етуді (факторинг) беруге қаржыландыру шарты шеңберінде ақшаның түсуі;
      11 - мәміле паспорты банкінің банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензияны тоқтату не қайтарып алу;
      12 - тараптар келісім-шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындаған не резидент еместің он мың АҚШ долларына балама болатын сомадан аспайтын берешек қалдығы болған кезде келісім-шарт бойынша есеп айырысу үшін импортер шығарған, резидент емес ұсынған вексельді уәкілетті банктің есепке алуы;
      13 - резидент еместің келісімін растайтын құжаттар негізінде және экспортердің немесе импортердің мәміле паспортының банкіне ұсынған осы келісім-шарттың қолданылуын тоқтату туралы жазбаша өтініші болған кезде экспортердің немесе импортердің келісім-шарт бойынша резидент емес алдындағы өз борышын басқа тұлғаға аударуы;
      14 - Ереженің 35-тармағын ескере отырып, осы келісім-шарттың қолданылуын тоқтату туралы экспортердің немесе импортердің жазбаша өтініші және растайтын құжаттар (талап ету құқығын беру шарты, өзара міндеттемелер бойынша салыстыру актісі, тауарларды қабылдау-өткізу актісі, тауармен бірге жүретін құжаттар және басқалары) болған жағдайда экспортердің немесе импортердің резидент емеске талап ету құқығын басқа тұлғаға беру немесе аудару;
      15 - жеке кәсіпкер ретінде тіркелген экспортердің немесе импортердің құқықтық мұрагері болмаған жағдайда қайтыс болуы;
      16 - Ереженің 38-тармағында көзделген жағдайлар.
      Ұлттық Банк Ереженің 41-тармағына сәйкес кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органға осы Ереженің 1-8, 12, 13, 29-32-бағандарында көрсетілген ақпаратты жібереді.

                                      Қазақстан Республикасында
                                   экспорт-импорт валюта бақылауын
                                   жүзеге асыру ережесіне 6-қосымша

      Ескерту: 6-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2007.09.24. N 110 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

              _____жылғы _____(күні)___________(айы)
              мәміле паспорттары бойынша тауарлардың
                     қозғалысы туралы ақпарат

N

Мәміле паспортының деректемелері

Белгісі - экспорт немесе импорт

Келісім-шарт деректемелері

Экспортердің немесе импортердің деректемелері

N

Күні

Нөмірі

Күні

БСН

ЖСН

Белгісі - заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер

1

2

3

4

5

6

7

8

9










   кестенің жалғасы

Жүк кедендік декларацияның нөмірі

Жүк кедендік декларациясында көрсетілген кедендік режим

Тауарды шығару күні

Тауардың құны

Статистикалық

Фактуралық

Келісім-шарт валютасы

Валюта бағамы

10

11

12

13

14

15

16








6-қосымшаны толтыру бойынша нұсқау

      3, 6, 12-бағандар мынадай тәртіппен сегіз санды көрсету арқылы толтырылады: күні, айы, жылы.
      5-баған келісім-шарттың осындай деректемесі болған жағдайда келісім-шарттың нөмірін көрсету арқылы толтырылады.
      4-баған мынадай белгілер ескеріле отырып толтырылады: 1 - егер келісім-шарт экспорт бойынша болса және 2 - егер келісім-шарт импорт бойынша болса.
      7-баған экспортердің немесе импортердің - заңды тұлғаның, оның филиалының, сондай-ақ қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкердің БСН-нің 12 цифрын көрсету арқылы толтырылады.
      8-баған экспортердің немесе импортердің - қызметін жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкердің ЖСН-нің 12 цифрын көрсету арқылы толтырылады.
      9-баған мынадай белгілер ескеріле отырып толтырылады: 1 - егер экспортер немесе импортер заңды тұлға болып табылса және 2 - егер экспортер немесе импортер жеке кәсіпкер болып табылса.
      11-баған Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды декларациялау мақсаты үшін кедендік органдар пайдаланатын жіктеушіге сәйкес кедендік режимді сандық белгілеу арқылы көрсете отырып толтырылады.
      13-бағанда тауардың статистикалық құны АҚШ доллары бірлігінде көрсетіледі.
      14-бағанда тауардың фактуралық құны келісім-шарт валютасының бірлігінде көрсетіледі.
      15-бағанда ҚР МЖ 07 ИСО 4217 - 2001 "Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар" мемлекеттік жіктеушісіне сәйкес келісім-шарттың валютасын әріппен белгілеу көрсетіледі.
      16-бағанда фактуралық құнға қайта есептеу үшін пайдаланылған және жүктің кедендік декларациясында көрсетілген валюта бағамы көрсетіледі.

                                      Қазақстан Республикасында
                                   экспорт-импорт валюта бақылауын
                                   жүзеге асыру ережесіне 7-қосымша

      Ескерту: 7-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2007.09.24. N 110 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

       N_____/_____ Банктік бақылаудың жеке карточкасы
              _________жылғы _____________есептік ай 
                (есептік айдың аяғындағы жағдай бойынша)

N

Банктік бақылаудың жеке карточкасы бойынша ақпараттың атауы

Жолдың коды

Банктік бақылаудың жеке карточкасы бойынша ақпарат

1.

Жеке карточканы жіберуге негіз:

10


2.

Экспортер немесе импортер бойынша ақпарат:

20


3.

Атауы немесе аты-жөні

21


4.

БСН

22


5.

ЖСН

23


6.

Белгісі - заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер

24


7.

Мекен-жайы

25


8.

Облыстың коды

26


9.

Мәміле паспорты:

30


10.

Нөмір

31


11.

Күні

32


12.

Мәміле паспорты банкінің БСН

40


13.

Келісім-шарт бойынша ақпарат:

50


14.

Белгісі - экспорт немесе импорт

51


15.

Нөмірі 

52


16.

Күні 

53


17.

Мың бірліктегі сома

54


18.

Келісім-шарт валютасы

55


19.

Резидент емес бойынша ақпарат:

60


20.

Атауы немесе аты-жөні

61


21.

Елі

62


22.

Валюта түсудің болжамды мерзімі:

70


23.

Резидент еместің келісім-шарт бойынша экспортер немесе импортер алдындағы валюта түсудің болжамды мерзімдерінде орындамаған міндеттемелерінің сомасы туралы ақпарат 

80


24.

Келісім-шарттың валютасымен

81


25.

АҚШ долларымен

82


26.

Ескерту:

90


7-Қосымшаны толтыру бойынша нұсқау

      Банктік бақылаудың жеке карточкасының нөмірі көлбеу сызықпен бөлінген екі бөліктен тұрады:
      бірінші бөлікте уәкілетті банктің БСН-нің 12 цифры көрсетіледі;
      екінші бөлікте уәкілетті банк (оның филиалдарын ескере отырып) үшін банктік қабылдаудың жеке карточкасының бірегей нөмірі көрсетіледі.
      10 деген коды бар жол мынадай жіктеушіге сәйкес толтырылады:
      1 - резидент еместің экспортер немесе импортер алдында есептік айдың соңғы күніндегі жағдай бойынша он мың АҚШ долларына баламасынан асатын сомаға валюта түсудің болжамды мерзімінде келісім-шарт бойынша міндеттемелерін орындамауы және экспортердің немесе импортердің резидент еместің міндеттемелерін орындамауын растайтын немесе болжамды мерзімді өзгертетін құжаттарды ұсынбауы;
      2 - экспортердің немесе импортердің уәкілетті банкке Ереженің 5-тармағына сәйкес құжаттарды және ақпаратты уақтылы ұсынбауы;
      3 - есептік айда валюта түсудің болжамды мерзімі бір күнтізбелік жылдан асатын мәміле паспортын ресімдеу талап етілмейтін он мың АҚШ долларына балама болатыннан артық сомаға келісім-шартты валюталық бақылауға қабылдау;
      4 - Ереженің 11-тармағында көрсетілген жағдайлар;
      5 - Ереженің 49-тармағында көрсетілген жағдайлар.
      10 деген коды бар жолда жеке карточканы жіберуге бірнеше негіздер көрсетілуі мүмкін.
      Ұлттық Банкке осы келісім-шарт бойынша банктік бақылаудың жеке карточкасын жіберу күні экспортер немесе импортер уәкілетті банкке резидент еместің осы келісім-шарт бойынша міндеттемелерін орындауын растайтын құжаттарды ұсынса, банктік бақылаудың жеке карточкасын жіберу талап етілмейді.
      Экспортер немесе импортер болжамды мерзімді өзгертетін құжаттарды есептік айда келісім-шарт бойынша банктік бақылаудың жеке карточкасын 10 деген коды бар жолда 1 санын көрсете отырып жіберсе, онда осы келісім-шарт бойынша банктік бақылаудың жеке карточкасын көрсетілген жолда 2 санын көрсете отырып кейін жіберу талап етілмейді.
      22 деген коды бар жол экспортердің немесе импортердің - заңды тұлғаның, оның филиалының немесе қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкердің БСН-нің 12 цифрын көрсету арқылы толтырылады.
      23 деген коды бар жол экспортердің немесе импортердің - қызметін жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкердің ЖСН-нің 12 цифрын көрсету арқылы толтырылады.
      24 деген коды бар жол мынадай белгілер ескеріле отырып толтырылады: 1 - егер экспортер немесе импортер заңды тұлға болып табылса және 2 - егер экспортер немесе импортер жеке кәсіпкер болып табылса.
      26 деген коды бар жолда (КАТО) ҚР МЖ 11-2003 әкімшілік-аумақтық объектілерінің жіктеушісіне сәйкес облыс кодының алғашқы 2 саны көрсетіледі.
      31-32 деген кодтары бар жолдар мәміле паспорты бар болған жағдайда толтырылады.
      40 деген коды бар жол мәміле паспорты банкі БСН-нің 12 цифрын көрсету арқылы толтырылады.
      51 деген коды бар жол мынадай белгілер ескеріле отырып толтырылады: 1 - келісім-шарт экспорт бойынша болса және 2 - егер келісім-шарт импорт бойынша болса.
      52 деген коды бар жол келісім-шарттың осындай деректемесі болған жағдайда келісім-шарттың нөмірін көрсету арқылы толтырылады.
      55 деген коды бар жолда ҚР МЖ 07 ИСО 4217 - 2001 "Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар" мемлекеттік жіктеушісіне сәйкес валютаны әріппен белгілеу көрсетіледі.
      62 деген коды бар жол коды ҚР МЖ 06 ИСО 3166.1 2001 "Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеуге арналған кодтар. 1-бөлік. Ел коды", ҚР МЖ 06 ИСО 3166.2 - 2001 "Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеуге арналған кодтар. 2-бөлік. Елдердің әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің кодтары", ҚР МЖ 06 ИСО 3166.3 - 2001 "Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеуге арналған код. 3-бөлік. Елдердің атауларын белгілеу үшін бұрын пайдаланылған кодтар" мемлекеттік жіктеушілерін пайдалана отырып толтырылады.
      70 деген коды бар жол Ереженің 1-қосымшасын толтыру бойынша нұсқаудың 14-тармағына және 2-қосымшасын толтыру бойынша 4-тармағына сәйкес толтырылады.
      81 және 82 деген кодтары бар жолдар, егер коды бар 10-жолда 1,5 саны көрсетілсе толтырылады.
      81 және 82-жолдар валютаның мың бірлігімен толтырылады.
      90 деген коды бар жолда уәкілетті банк кез келген басқа қосымша ақпаратты көрсетеді.
      Келісім-шарт бойынша банктік бақылаудың жеке карточкасы бұрын жіберілген болса және келесі есептік күні оны жіберу үшін негіз бар болса, уәкілетті банк алғашқы рет 20-70 деген кодтары бар жолдарды толтырмай, осы жолдардағы ақпарат өзгерген жағдайларды қоспағанда, банктік бақылаудың жеке карточкасы жіберілген нөмірді көрсете отырып, банктік бақылау жеке карточкасын жібереді.

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
2006 жылғы 17 тамыздағы 
М 86 қаулысына    
2-қосымша      

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң
күшi жойылды деп танылған нормативтiк
құқықтық актiлерiнiң тiзбесi

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2001 жылғы 5 қыркүйектегi N 343 қаулысы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1669 тiркелген, Қазақстан  Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2001 жылғы 19 қараша - 2 желтоқсанда жарияланған).
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2001 жылғы 5 қыркүйектегi N 343 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 575 қаулысы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1743 тiркелген).
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2001 жылғы 5 қыркүйектегi N 343 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" 2002 жылғы 3 маусымдағы N 203 қаулысы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1923 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2002 жылғы 29 шiлде - 11 тамызда жарияланған).
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 1669 тiркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2001 жылғы 5 қыркүйектегi N 343 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 484 қаулысы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2696 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2004 жылғы 2 - 15 ақпанда жарияланған).
      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2001 жылғы 5 қыркүйектегi N 343 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2005 жылғы 29 қарашадағы N 137 қаулысы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 3957 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Юридическая газета" газетiнде 2006 жылғы 26 мамырдағы N 94-95 (1074-1075) жарияланған).