"Шығындары республикалық бюджеттен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызды облысаралық қатынастар бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде анықтау жөніндегі конкурсты өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылғы 23 қарашадағы N 429а-І бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылғы 23 қарашадағы N 429а-І Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 8 тамызда тіркелді. Тіркеу N 4335

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы   N 1188  қаулысына  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 желтоқсандағы N 1272  қаулысына  сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

      1.»"Шығындары республикалық бюджеттен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызды облысаралық қатынастар бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде анықтау жөніндегі конкурсты өткізу ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3232 нөмірмен тіркелген және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3936 нөмірмен тіркелген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 9 қарашадағы N 341-І  бұйрығымен  енгізілген толықтырулармен бірге "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде" жарияланған, 2005 ж., N 3-8, 22-құжат) Қазақстан   Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылғы 23 қарашадағы N 429а-І  бұйрығына  мынадай толықтырулар енгізілсін: 

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шығындары республикалық бюджеттен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызды облысаралық қатынастар бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде анықтау жөніндегі конкурсты өткізу ережесінде:

      көрсетілген Ережеге 3-қосымшада:
      4-баған»"саны" деген сөздің алдынан»"ең аз" деген сөздермен толықтырылсын:

      көрсетілген Ережеге 4-қосымшада:
      3.2.1-тармақ»"есеп" сөзі соңынан кейін»"және жыл басынан бастап жолаушылар тасымалын орындау туралы есеп" деген сөздермен толықтырылсын;

      көрсетілген Ережеге 4-қосымшаға Әлеуметтік маңызды облысаралық қатынастардың тізбесінде:
      4-баған»"Құрамдылығы" деген сөздің алдынан»"Ең аз" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Қатынас жолдары комитеті (М.Ж Оразбеков) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Ж.М.Қасымбекке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министр