"Түрлі-түсті бейнедегі көбейту-көшіру техникасын шеттен әкелу, сатып алу, есепке алу, сақтау және пайдалану туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 28 наурыздағы N 198 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 20 сәуірдегі N 185 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 27 маусымда тіркелді. Тіркеу N 4266

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қабылдаған нормативтік құқықтық кесімдерді қолдану кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың туындауына жағдай жасауға жол бермеу мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Түрлі-түсті бейнедегі көбейту-көшіру техникасын шеттен  әкелу, сатып алу, есепке алу, сақтау және пайдалану туралы  нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 28 наурыздағы N 198  бұйрығына  (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3578 болып тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы "әкелу" деген сөзден кейін "(әкету)" деген сөзбен толықтырылсын;

      1-тармақ "әкелу" деген сөзден кейін "(әкету)" деген сөзбен толықтырылсын;

      2 және 3-тармақтардағы "Астана және Алматы қалалары Ішкі істер бас басқармаларының, облыстардағы және көліктегі ішкі істер бас басқармалары мен ішкі істер басқармаларының" деген сөздер "Астана, Алматы қалалары, облыстардың және көліктегі Ішкі істер департаменттерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Түрлі-түсті бейнедегі көбейту-көшіру техникасын шеттен әкелу, сатып алу, есепке алу, сақтау және пайдалану туралы нұсқаулықта:

      атауы "әкелу" деген сөзден кейін "(әкету)" деген сөзбен толықтырылсын;

      1-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы Нұсқаулық тізбесі "Сатып алу, сақтау, тасымалдау, әкелу және әкету ішкі істер органдарының рұқсаты бойынша жүзеге асырылатын түрлі-түсті бейнедегі көбейту-көшіру техникасының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 мамырдағы N 448  қаулысымен  бекітілген түрлі-түсті бейнедегі көбейту-көшіру техникасын (бұдан әрі - көбейту техникасы) Қазақстан Республикасында заңды тұлғалардың шеттен әкелуін (әкетуін), сатып алуын, есепке алуын, сақтауын және пайдалануын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі ішкі істер органдарының жұмысын нақтылайды.";

      екінші абзац "агенттігінің" деген сөзден кейін "(қаржы полициясы)" деген сөздермен толықтырылсын, "сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің полиграфиялық кәсіпорындарына (баспаларына)" деген сөздер алынып  тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Көбейту учаскесі дегеніміз кіріс алу мақсатында баспа өнімін дайындау үшін пайдаланылатын көбейту техникасымен жабдықталған заңды тұлғаның үй-жайы (оның ішінде жалға алған үй-жайы).";

      "Көбейту техникасын сатып алу" деген 2-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Көбейту техникасын сатып алу

      3. Көбейту техникасын сатып алу құқығына рұқсат алу кіріс алу мақсатында баспа өнімін дайындау үшін көбейту техникасын әкелетін (әкететін), сататын (өткізетін), пайдаланатын заңды тұлғаларға таратылады.

      3-1. Көбейту техникасын сатып алу құқығына рұқсатты (1-қосымша) заңды тұлғаның жазбаша қолдаухатты негізінде оның тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органы береді, онда: сатып алынатын техниканың атауы, маркасы, моделі, (рұқсат беру мүмкіндігі, пайдаланылатын түстердің саны мен басу технологиясы), қандай мақсатқа арналғаны (сату (өткізу) немесе пайдалану үшін) көрсетіледі.
      Кіріс алу мақсатында баспа өнімін дайындау үшін көбейту техникасын пайдаланатын заңды тұлғалар ішкі істер, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, өртке қарсы қызмет органдарының өкілдері қол қойған үй-жайлардың көбейту техникасын пайдалану мен сақтаудың белгіленген талаптарына сәйкестігі туралы тексеру актілерінің көшірмелерін қосымша ұсынады.

      4. Сатып алу құқығына рұқсат алты ай мерзімге беріледі.";

      5-тармақтың бірінші абзацы "негізінде" деген сөзден кейін "кіріс алу мақсатында баспа өнімін дайындау үшін көбейту техникасын пайдаланатын" деген сөздермен толықтырылсын;

      19-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Дайындаушы зауыт санауыштар көздемеген көбейту техникасын пайдалану осы Нұсқаулықтың талаптарын бұзу болып табылмайды.";

      22 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "22. Заңды тұлғаның көбейту техникасын сатып алу құқығына рұқсаты бар болған жағдайда, кіріс алу мақсатында баспа өнімін дайындау үшін көбейту техникасын пайдаланатын заңды тұлға оған көбейту техникасын бере (өткізе) алады.
      Көбейту техникасын оны өз кәсіпорнының қажеттіліктері үшін, оның ішінде іс жүргізу барысында пайдаланатын заңды тұлғаға беру (өткізу) ішкі істер органдарының рұқсатынсыз жүзеге асырылады.

      23. Көбейту техникасын басқа заңды тұлғаға берген (өткізген) заңды тұлға ол туралы бір апта мерзім ішінде аумақтық ішкі істер органына хабарлайды.";

      мынадай мазмұндағы 28-1-тармақпен толықтырылсын:
      "28-1. Көбейту техникасын әкелуді (әкетуді) реттейтін нормалар осы Нұсқаулықтың 1-тармағында көрсетілген органдар мен бөлімшелерді қоспағанда, барлық заңды тұлғаларға таратылады.";

      31-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "31. Кіріс алу мақсатында баспа өнімін дайындау үшін көбейту техникасын пайдаланатын заңды тұлға орындалған жұмыстардың парақтарын есепке алуды нөмірленген, тігілген және "Лицензиялық-рұқсат жүйесі" деген бедері бар ішкі істер органының мөрімен бекітілген кітапта жүргізеді.";

      мынадай мазмұндағы 32-тармақпен толықтырылсын:
      "32. Көбейту техникасын өткізетін заңды тұлға нөмірленген, тігілген және "Лицензиялық-рұқсат жүйесі" деген бедері бар ішкі істер органының мөрімен бекітілген өткізілетін түрлі-түсті бейнедегі көбейту-көшіру техникасын есепке алу журналында (6-қосымша) оны есепке алуды жүргізеді.";

      осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес 6-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қоғамдық қауіпсіздік департаменті (Ғ.А.Алпысбаев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Баспасөз қызметі бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі полиция генерал-майоры А.Ж.Шпекбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қоғамдық қауіпсіздік департаментіне (Ғ.А.Алпысбаев) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министр

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы
      генерал-лейтенант

      2006 жылғы 23 мамыр

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау министрі

      2006 жылғы 15 мамыр

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Мәдениет және ақпарат министрі

      2006 жылғы

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Төтенше жағдайлар министрі

      2006 жылғы 2 мамыр

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы вице-министрі-
      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрлігі Кедендік
      бақылау комитетінің төрағасы

      2006 жылғы

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрлігі Кедендік
      бақылау комитетінің төрағасы

      2006 жылғы 29 мамыр

                                             Қазақстан Республикасы
                                             Ішкі істер министрінің
                                             2006 жылғы 20 сәуірдегі
                                             N 185 бұйрығына қосымша

                                            "Түрлі-түсті бейнедегі
                                           көбейту-көшіру техникасын
                                              шеттен әкелу, әкету,
                                             сатып алу, есепке алу,
                                             сақтау және пайдалану
                                              туралы нұсқаулыққа
                                                    6-қосымша

      Өткізілген түрлі-түсті бейнедегі көбейту-көшіру
                  техникасын есепке алу
                       ЖУРНАЛЫ

Жүргізілуіне жауапты адам __________________________________________
____________________________________________________________________

20____ж.  "___" _____________ басталды
20____ж.  "___" _____________ аяқталды

N р/с

Өткізілген ТТБККТ атауы (маркасы, моделі)

Зауыттық нөмірі

Өткізілген күні

Сатып алу құқығына ІІО рұқсат берген қағаздың нөмірімен күні*

ТТБККТ атауы, оны сатып алған заңды тұлғаның атауы немесе жеке адамның Т.А.Ә.

ТТБККТ сатып алған заңды тұлғаның немесе жеке адамның мекен жайы

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

  

  

  

  

  

  

  

  

      * Ескертпе: 5-баған сатып алушы (көбейту техникасын пайдаланатын, әкелетін, әкететін және өткізетін заңды тұлға) сатып алу құқығына тиісті рұқсатты көрсеткен жағдайда толтырылады.".