Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 77 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 19 маусымда тіркелді. Тіркеу N 4257.

Жаңартылған

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату ережесi бекiтiлсiн.

      2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерiксiз тарату туралы ереженi бекiту туралы" 2001 жылғы 28 қазандағы N 420 қаулысы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1769 тiркелген);

      2) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әдiлет Министрлiгiнде N 1769 тiркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының уақытша әкiмшiлiгiнiң, арнайы басқарушысының қызметi және ерiксiз тарату туралы ереженi бекiту туралы" 2001 жылғы 28 қазандағы N 420 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 8 қаулысы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2710 тiркелген, 2005 жылғы 16 қыркүйекте N 170-171 "Юридическая газета" газетiнде жарияланған).

      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      4. Қаржы ұйымдарын тарату департаментi (Мұқашева A.M.):

      1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;

      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларына жiберсiн.

      5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлiмi (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттiк Төрағасының орынбасары F.H.Өзбековке жүктелсiн.

Төраға


Келiсiлдi
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкi
Төраға



      15.05.2006

      ____________________________

      (қолы, күні, елтаңбалы мөрі)

Келiсiлдi
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат
министрлігінің
Ақпарат және мұрағаттар комитеті
Төраға



      23.05.2006

      ____________________________

      (қолы, күні, елтаңбалы мөрі)

  Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және
қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау
агенттiгi Басқармасының
N 77 қаулысымен бекiтiлген

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын
мәжбүрлеп тарату туралы
Ереже

      Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату туралы ережесі (бұдан әрі - Ереже) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату тәртібін айқындайды.

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 130 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Сақтандыру қызметi туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы (бұдан әрі – Сақтандыру қызметi туралы заң), "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Ережені қолдану мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) барынша төмен баға - бұдан төмен болғанда лот сатылмайтын баға;

      2) бастапқы баға – әрбір лот бойынша сауда-саттық басталатын, бағалаушы Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес айқындаған лоттың (мүліктің) құнынан төмен емес болып белгіленетін баға;

      3) болжанбаған шығыстар – тарату комиссиясы жоспарламаған, мөлшері 100 (бір жүз) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын, шұғыл қажеттіліктерге арналған шығындар;

      4) кредиторлар комитеті - кредиторлардың мүдделерін қамтамасыз ету және олардың қатысуымен шешімдер қабылдау мақсатында таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторлары қатарынан құрылатын орган;

      5) кредиторлар санаты - талаптары біртектес сипатта болатын және Сақтандыру туралы заңның 72-бабында көзделген белгілі бір кезек шегінде қанағаттандырылатын кредиторлар тобы;

      6) кредиторлар талаптарының тiзiлiмі – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – уәкілетті орган) бекіткен, тарату комиссиясымен танылған кредиторлардың талаптарын, жүзеге асырылған кепілдікті төлемдер, Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және талаптарда басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына берілетін мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін төлеуге байланысты шығыстар бойынша "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор) талаптарын көрсететін құжат;

      7) құндылықтар - Қазақстан Республикасының валюталық құндылықтары, банкноттары мен монеталары, бағалы қағаздар және қатаң есепті бланктер, қымбат металлдар, олардан жасалған бұйымдар, сондай-ақ айналыстан шыққан, қымбат металлдардан жасалған монеталар және бағалы заттар;

      8) лот - сату үшін бөлiнбейтiн бiрлiктерге бөлінген, аукционға шығарылатын мүлік;

      9) мерзiмдi баспасөз басылымы - тұрақты атауы, ағымдағы нөмiрi бар және кемінде үш айда бір рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшалары;

      10) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторы - таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына азаматтық-құқықтық және өзге де міндеттемелерден туындайтын мүліктік талаптары бар тұлға;

      11) сату бағасы - сауда-саттық нәтижесінде белгіленген лоттың ақырғы бағасы, ал мүлік сауда-саттықты өткізусіз сатылатын жағдайда - кредиторлар комитеті не Ережеге сәйкес тарату комиссиясының төрағасы белгілеген, мүліктің ақырғы бағасы;

      12) сату объектiсi - таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сауда-саттыққа жеке (дербес) бiрлiк ретінде шығарылатын мүлкі немесе бірнеше бiрлiктерден бір лотқа шоғырландырылған өзге мүлкі;

      13) сатушы - таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы;

      14) сатып алушы - сатушымен сатып алу-сату шартын жасасқан сауда-саттық жеңімпазы;

      15) сауда-саттық жеңімпазы - сауда-саттықта лот үшін мейлінше жоғары баға ұсынған қатысушы;

      16) сауда-саттыққа қатысушы – сауда-саттықты ұйымдастырушы белгілеген тәртіппен сауда-саттыққа қатысу туралы өтiнiш берген және сауда-саттықты ұйымдастырушы оны қатысушы ретінде тіркеген жеке немесе заңды тұлға;

      17) сауда-саттықты ұйымдастырушы – таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы немесе тарату комиссиясымен сауда-саттықты өткізу бойынша қызмет көрсету туралы шарт жасасқан және сауда-саттықтың нәтижелеріне мүдделі емес жеке не заңды тұлға;

      18) сауда-саттықтың ағылшын әдiсi - лоттың бастапқы бағасы алдын-ала жарияланған қадам бойынша лот үшiн барынша жоғары баға ұсынған қатысушылардың бiрi қалған сәтке дейін көтеріле беретін сауда-саттық әдiсi;

      19) сауда-саттықтың голланд әдiсi - лоттың бастапқы бағасы алдын-ала жарияланған қадам бойынша қатысушылардың бiрi лотты жарияланған бағамен сатып алуға келіскен сәтке дейін төмендетіле беретін сауда-саттық әдiсi;

      20) тарату комиссиясы - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылданған жағдайда уәкiлеттi орган тағайындайтын (босататын), тарату рәсiмдерiн жүргізу барысында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iстерiн аяқтау және оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз ету мақсатында тарату комиссиясы төрағасының тікелей басшылығымен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін және iстерiн басқару жөнiндегi өкiлеттiктi жүзеге асыратын орган;

      21) тарату комиссиясының шығыстары - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мәжбүрлеп таратылу барысындағы тауарлардың, жұмыстың және қызметтің тұтынылуына байланысты шығындар (бұдан әрi - тарату шығыстары);

      22) тарату, конкурстық масса - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iстерiн аяқтауға және оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз етуге арналған таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері;

      23) тарату массасын мақсатсыз жұмсау - уәкiлеттi органмен келiсiлген немесе кредиторлар комитеті бекіткен тарату шығыстарының сметасында көзделмеген шығындарды жүзеге асыру;

      24) тарату шығыстарының бекiтiлген сметасы - тарату комиссиясының төрағасы уәкiлеттi органмен немесе кредиторлар комитетімен келісе отырып бекіткен, тиiстi уақыт кезеңіне арналған смета;

      25) тарату шығыстарының сметасы – тарату комиссиясы белгiлi бір уақыт кезеңіне болжап отырған шығындарды көрсететін, кредиторлар комитеті (кредиторлар комитеті болмаған кезде – уәкілетті органмен келісу бойынша тарату комиссиясының төрағасы) бекітетін құжат;

      26) тарату өндiрiсi - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iстерiн аяқтау және оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын, заңды тұлға ретiндегi сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметiн тоқтату рәсiмi;

      27) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы - сот шешiмiнің заңды күшіне енуіне байланысты мәжбүрлеп тарату барысындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы;

      28) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкі - құндық бағасы бар және тарату, конкурстық массаға енгiзiлген мүлiктiк қажеттiлiк пен құқықтар жиынтығы;

      29) уақытша әкімшілік (уақытша басқарушы) – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын басқаруды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиядан айыру күнінен бастап уәкілетті орган тарату комиссиясын тағайындағанға дейінгі кезеңге уәкілетті орган тағайындайтын орган;

      30) бас офис – тарату комиссиясының төрағасы ұйымдастыру-басқару және Ережеде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын офис.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 130 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы банкрот деп танылған жағдайда тарату осы Ережеге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымын мәжбүрлеп таратуды жүргiзу тәртiбi

      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешiмiнiң заңды күшiне ену күнi мәжбүрлеп тарату процесiнiң басы болып саналады.

      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешiмiнiң күшіне енген күнінен бастап:

      1) Сақтандыру қызметі туралы заңның 69-бабы 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында көзделген салдарлар туындайды;

      2) Сақтандыру қызметі туралы заңның 69-бабы 3-1-тармағында көзделген шаралар іске асырылады;

      3) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан немесе соның есебінен жүзеге асырылатын іс-әрекеттердің егер оларды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасы не тарату комиссиясының төрағасы осы іс-әрекеттерді жасауға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген сенімхатты берген тұлға жасаған жағдайда ғана заң күші болады;

      4) Сақтандыру қызметі туралы заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық борыштық мiндеттемелерiнiң мерзiмдерi біткен болып есептеледі;

      5) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторлық берешегiнiң барлық түрлерi бойынша тұрақсыздық айыбын және сыйақыны (мүдденi) есептеу тоқтатылады;

      6) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкіне өндiрiп алу жөнiндегi өтiнiшке заңнамамен белгіленген барлық шектеулер алынып тасталады;

      7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты мүлiктiк сипаттағы барлық талаптары бар сотта қаралатын даулар, егер олар бойынша қабылданған шешімдер заңды күшіне енбеген болса, тоқтатылады;

      8) алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9) таратылып отырған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлiктiк талаптарына қатысты соттың атқарушы құжаттарын тарату комиссиясы Сақтандыру қызметі туралы заңында белгіленген кезектiлiк тәртiбiмен орындауға береді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 130 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      6. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры (бұдан әрі – Қор) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушысы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 маусымдағы Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес өзіне міндеттемелер қабылдайды.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп таратуға байланысты барлық шығыстар осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз қаражаты есебiнен ғана жасалады.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және тарату комиссиясының уақытша әкiмшiлiгiнiң (уақытша әкiмшiсiнiң) құрамына кiрген уәкiлеттi орган қызметкерлерiне еңбекақы төлеуге байланысты шығыстарды, сондай-ақ орталық әдiлет органының ресми баспасөз басылымдарында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот қабылдаған шешiм туралы ақпаратты жариялау жөнiндегi шығыстарды және әдiлет органының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату негiздемесi бойынша және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкi болмаған жағдайда не оның құны осы шығыстарды жабуға жеткiлiксiз болса, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату аяқталған соң құжаттарды мұрағатқа сақтауға тапсыру жөнiндегi қызметтiң тоқтатылуын мемлекеттiк тiркеуге байланысты шығыстарды қоспағанда уәкiлеттi органның мәжбүрлеп тарату негiздемесi бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметiн тоқтату жөнiндегi шығыстарды қаржыландыруына тыйым салынады.

3-тарау. Тарату комиссиясы

      8. Тарату комиссиясын тағайындаған күннен бастап оған таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкі мен істерін басқару жөніндегі өкілеттіктер ауысады.

      Тарату комиссиясы бір айдан аспайтын мерзімде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшылығынан не уақытша әкімшіліктен (уақытша басқарушыдан) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құжаттары мен мүлкін қабылдау-өткізу актісі бойынша қабылдайды.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензияларының түпнұсқалары "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 35-бабының 2-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімде уәкілетті органға қайтарылуға тиіс.

      Тарату комиссиясы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының істерін аяқтау үшін, оның ішінде оның кредиторларымен және акционерлерімен есеп айырысуды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Тарату комиссиясы таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан іс-әрекет жасайды және оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдау кезінде дербес әрекет етеді.

      Тарату комиссиясы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату рәсімін тарату комиссиясының төрағасы бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады.

      Бөлімшелердің басшылары жұмыс жоспарын тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде тарату комиссиясының төрағасына жібереді.

      Тарату комиссиясының төрағасы жиынтық жұмыс жоспарын жарты жылдықтарға бөле отырып, бір жылға жасайды (бөлімшелердің басшылары ұсынған жұмыс жоспарларын ескере отырып) және тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап 45 (қырық бес) жұмыс күні ішінде уәкiлеттi органға жібереді.

      Тарату комиссиясы жыл сайынғы жұмыс жоспарларын жоспарланып отырған кезеңнің алдындағы айдың 10 (оныншы) күнінен кешіктірмей уәкiлеттi органға жібереді.

      Тарату комиссиясы есепті кезеңнен кейінгі айдың 15 (он бесінші) күнінен кешіктірмей әрбір жартыжылдықтың қорытындылары бойынша жұмыс жоспарының орындалуы туралы ақпаратты уәкiлеттi органға ұсынады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру жүйесiне қатысушы-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының құрамына уәкiлеттi органға ұсынылған өтiнiш негiзiнде Қордың өкiлi кiре алады.

      11. Тарату комиссиясының төрағасы тарату комиссиясының жұмысына басшылық жасайды және оның қызметiнiң Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес жүзеге асырылуына дербес жауап бередi. (K990409, K970167, K010155)

      Тарату комиссиясының төрағасы болмаған кезде оның мiндеттерiн төрағаның тарату комиссиясы мүшелерінің қатарынан тағайындайтын орынбасары орындайды.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11-1. Тарату комиссиясының төрағасы тарату комиссиясының тиімді жұмыс істеуі, сондай-ақ құқықтар мен міндеттерді белгілеу мақсатында ол тағайындалған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен кеш емес мерзімде тарату комиссиясы төрағасының, тарату комиссиясы төрағасының орынбасары мен тарату комиссиясы мүшелерінің арасында міндеттерді бөлу туралы бұйрық шығарады.

      Ескерту. Ереже 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары не өкiлдiктерi болған жағдайда, оларды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының сол жерде құрылған бөлiмшесi (бұдан әрi - бөлiмше) таратады.

      13. Бөлімшені уәкілетті орган тарату комиссиясын тағайындаған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей тарату комиссиясының төрағасы тарату комиссиясы мүшелерінің арасынан тағайындайтын басшысы (бұдан әрі – бөлімшенің басшысы) басқарады.

      Бөлiмше басшысы өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ресiмделген және оған тарату комиссиясының төрағасы берген сенiмхат негiзiнде жүзеге асырады.

      Бөлiмше басшысы және тұтас алғанда бөлiмше тарату комиссиясының төрағасына есеп бередi.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      14. Бөлiмше басшысы Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметiне және филиалын не өкiлдiгiн таратуды жүзеге асыруға жауап бередi.

      15. Кредиторлар комитетінің және тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелерінің арасында келісімді жасауға (бұзуға) тарату комиссиясының төрағасын және (немесе) мүшелерін тағайындау (босату) туралы уәкілетті органның шешімі негіз болып табылады. Уәкілетті орган тарату комиссиясының төрағасын және (немесе) мүшесін босату туралы шешімді қабылдаған күннен бастап келісім бұзылған болып саналады.

      Кредиторлар комитетімен жасалатын келісімде тарату комиссиясының төрағасы мен мүшесінің құқықтары және міндеттері, жұмыс тәртібі, сыйақыны төлеу мөлшері мен мерзімдері және тарату комиссиясы төрағасының немесе мүшесінің функцияларын орындауға байланысты өзге де ережелер көзделеді.

      Кредиторлар комитетімен жасалатын келісімге кредиторлар комитетінің атынан кредиторлар комитетінің төрағасы немесе кредиторлар комитеті осыған уәкілеттік берген адам қол қояды.

      Кредиторлар комитеті құрылғанға дейін және келісім жасалғанға дейін тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелері өз өкілеттіктерін Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      15-1. Тарату комиссиясының төрағасы және (немесе) мүшесі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында тарату рәсімдерін жүргізу бөлігінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзған, жүктелген міндеттерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған, кредиторлардың мүдделеріне қысым көрсететін не басқа кредиторларға артықшылық беретін іс-әрекет (әрекетсіздік) жасаған жағдайда, кредиторлар комитеті және (немесе) тарату комиссиясының төрағасы уәкілетті органға комиссияның төрағасын және (немесе) мүшесін атқарып отырған қызметтерінен босату туралы өтінішхатпен өтініш жасау жөнінде шешім қабылдайды.

      Ескерту. Ереже 15-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      15-2. Тартылған қызметкердің немесе тартылған тұлғаның құқықтары мен міндеттері еңбек шартында немесе өтеулі қызмет көрсету шартында, сондай-ақ тарату комиссиясының төрағасы бекітетін әр қызметкердің лауазымдық нұсқаулығында айқындалады.

      Тарату комиссиясының жұмысына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторлары және олармен үлестес тұлғалар, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бұрынғы басшы қызметкерлері тартылмайды.

      Ескерту. Ереже 15-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      16. Тарату комиссиясының төрағасы оның қызметін жедел басқаруды жүзеге асырады, бөлімшелердің және олардың басшыларының жұмысын бақылайды.

      Тарату комиссиясының төрағасы кредитордың өтінішін қарау нәтижелері туралы шешімдерді және Ереженің 107-тармағына сәйкес таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторлар комитетінің өкілеттігіне кіретін мәселелерді қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату өндірісінің міндеттері бойынша шешімдерді дербес қабылдайды, сондай-ақ шарттарға, сенімхаттарға, бұйрықтарға, өкімдерге және тарату өндірісі барысында туындайтын мәселелерді шешуге байланысты басқа да құжаттарға қол қояды.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      17. Тарату комиссиясының төрағасы, бөлiмшелерiнiң басшылары мен мүшелерi сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату барысында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына зиян келтiру, өкiлеттiктi терiс пайдалану, сондай-ақ басқа да жол берiлген жөнсiздiктерi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленгендей жауап бередi.

      Таратылатын заңды тұлғаның (оның басқару органдарының, басшы қызметкерлерiнiң) тарапынан Қазақстан Республикасының заңнамасын терiс мақсатта пайдалану немесе басқа да тәртiп бұзу фактiлерi анықталған жағдайда тарату комиссиясы белгiленген тәртiппен бұл жөнiнде құқық қорғау органдарына хабарлауы, сондай-ақ уәкiлеттi органға мәлiмдеуi тиiс.

      18. Тарату комиссиясы мынадай іс-шаралар өткізеді:

      1) ол тағайындалған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде өтініштерді беру тәртібін, мерзімін және кредиторлар өз талаптарын беретін мекенжайды, филиал желісі болса – филиалдардың мекенжайын (мекенжайларын) міндетті түрде көрсете отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы ақпаратты қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми баспа басылымдарында жариялайды;

      2) тағайындалған күнінен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кеш емес мерзімде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банктік шоттары бар екінші деңгейдегі банктерге Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1199 тіркелген "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы № 266 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесінің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қол қою және мөр бедерінің үлгілері бар құжаттарды ұсынады;

      3) тағайындалған күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мүлікті және олармен жасалатын мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын органдарды, сондай-ақ "Қазақстан қор биржасы", "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" акционерлік қоғамдарын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы хабардар етеді және тарату комиссиясы жасамаған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін иеліктен алу мәмілелерін тіркеуге, сондай-ақ кепіл ұстаушысы таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылатын мүліктен ауыртпалықты алуға тыйым салуды белгілейді;

      4) заңды тұлғаларды тіркеуді жүзеге асыратын әділет органдарын және мемлекеттік кірістер органдарын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы хабардар етеді;

      5) бірыңғай тіркеушіден сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің заңды күшіне ену күніндегі жағдай бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімін сұратады;

      6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшылығын және (немесе) уақытша әкiмшiлiгін тарату комиссиясына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында тарату ісін жүргізу міндеттерін жүктеуді растайтын құжатпен қол қойғыза отырып, таныстырады;

      7) қабылдау-өткізу туралы актілерді жасай отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшылығынан не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мөртабандарын, мөрлерін, электрондық ақпарат тасымалдағыштарын, бағдарламалық қамтамасыз етуін, бланкілері мен барлық басқа да құжаттарын дереу талап етеді;

      8) қабылдау-өткізу актілері бойынша активтерді, оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін қабылдайды;

      9) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кассасын дереу түгендейді, Ереженің 53-тармағында көзделген кассадағы қолма-қол ақша қалдығының күн сайынғы лимитін қоспағанда, ақша қалдығын таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банктік шоттарына аударады;

      10) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банктік шоттарын салыстырып тексереді, оларды жабады және таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының теңгемен және қажетті жағдайда шетел валютасында ағымдағы шоттарын ашады;

      11) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің қабылданғаны және тарату комиссиясының тағайындалғаны туралы хабарландыруды көрінетін жерге орналастырады;

      12) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерi мен мiндеттемелерiн түгендеуді жүзеге асырады;

      13) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы, ал қажет болған кезде өзге де қызметкерлерiн Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыстан шығарады;

      14) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерiн анықтайды;

      15) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерін оның таратылу мақсаттарына сәйкес басқарады;

      16) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан талап қояды және сотта сөз сөйлейді;

      17) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бағдарламалық қамтамасыз етуінің және электрондық ақпарат тасымалдағыштарының, сондай-ақ басқа ақпаратының сақталуын қамтамасыз етеді;

      18) толық материалдық жауап беретін адамдар, оның ішінде бухгалтерлік есеп жүргізудің және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық және басқа есептілігін өңдеудің электрондық жүйесіне кіру рұқсаты бар адамдар тобын айқындайды;

      19) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының істері мен құжаттары заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдағаннан кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құжаттарын сақтауды ұйымдастыруға жауапты адамды тағайындайды;

      20) автоматтандырылған есептік жүйенің деректерін жеке электрондық тасымалдағышқа көшіре отырып (резервтік көшірмелер), тарату комиссиясын құру күнінде қолда бар электрондық түрдегі бас бухгалтерлік кітапты қағазға басып шығарады. Осы ақпарат электрондық түрде болмағанда, қағаз тасымалдағыштағы ақпарат негізге алынады;

      21) кредиторлардың тізімін жасайды, қолда бар құжаттар бойынша олардың мекенжайын анықтайды және талдау есебінің деректерімен салыстырып тексереді;

      22) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторлары талаптарының заңдылығын анықтайды және оларды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бекітілген аралық тарату балансына және кредиторлар талаптарының тізіліміне сәйкес қанағаттандырады;

      23) тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап бес жұмыс күні iшiнде Қордың атына таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кепілдік берілетін сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру шарттарының тізілімін жiбередi;

      24) өз функциялары мен міндеттерін орындауды қамтамасыз ету үшін еңбек шарттары, өтеулі қызмет көрсету шарттары бойынша адамдарды жұмысқа қабылдайды;

      25) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын таратудың барлық кезеңі ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкі мен құжаттарын сақтау бойынша шаралар қабылдайды;

      26) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату ісінің барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші ақпанынан кешіктірмейтін мерзімде жылдың қорытындысы бойынша жариялайды;

      27) уәкілетті органның талабы бойынша тарату өндірісіне қатысты мәліметтер береді;

      28) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бағалы қағаздары шығарылымдарының күшін жою мақсатында уәкілетті органға акциялар және (немесе) облигациялар шығарылымдарының күшін жою үшін құжаттарды ұсынады;

      29) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату туралы есепті, тарату балансын жасайды және оларды уәкілетті органға келісуге жібереді;

      30) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату аяқталғаннан кейін Ереженің 10-тарауында белгіленген тәртіппен құжаттарды мұрағатқа сақтауға береді және бұл туралы уәкілетті органды хабардар етеді.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      19. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ағымдағы шоттары тарату комиссиясының және оның бөлімшелерінің тұрған жері бойынша екінші деңгейдегі банктің филиалдарында теңгемен және қажет болған кезде шетел валютасында ашылады.

      Осы Ережеде көзделген касса лимитін қоспағанда, таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, оның ішінде филиалдарының не өкілдіктерінің барлық ақшасы таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ағымдағы шотына есепке жазылады.

      Тарату комиссиясы таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының алдында берешегі жоқ заңды немесе жеке тұлғалардың жазбаша талап етуі бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банк шоттарына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиядан айырылғаннан кейін келіп түскен, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін келіп түсетін ақшаны дереу (талапты алған күннен бастап үш жұмыс күні iшiнде) қайтаруды жүзеге асырады.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      20. Уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы орындалған жұмыс туралы есептердi, ал қажет болған жағдайда қосымша ақпаратты да ұсынады.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары мен өкiлдiктерiндегi өз қызметiн жүзеге асыратын бөлiмшелер орындалған жұмыс туралы есептi тарату комиссиясының төрағасына ұсынады.

4-тарау. Тарату шығыстарының сметасын
қалыптастыру және бекiту

      21. Тарату өндiрiсiне байланысты, оның iшiнде тарату комиссиясының қызметiн қамтамасыз ету бойынша шығыстар таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаражатынан кезектен тыс және тұрақты төленеді.

      Кредиторлар комитетi құрылғанға дейiн тарату шығыстарының сметасын тарату комиссиясының төрағасы уәкiлеттi органмен келiсу бойынша бекiтедi.

      Тарату өндiрiсiнiң шығыстары олардың туындауына қарай тарату массасынан төленедi.

      Тарату массасын мақсатсыз жұмсауға, сондай-ақ 3 (үш) айдан артық мерзiмге тарату шығыстарына қаражат резервтеуге тыйым салынады.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      22. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасына, мүшелеріне және өзге де тартылған қызметкерлерге төленетін ай сайынғы сыйақы мөлшері олардың әрқайсысына республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген он еселенген ең төменгі жалақы мөлшерінен аспайды.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      23. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығыстарын тәртiпке келтiру мақсатында тарату комиссиясы өз қызмет кезеңiнде осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тарату комиссиясының тарату шығыстарының сметасы жасалады.

      Ескерту. 23-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      24. Тарату комиссиясы, уәкiлеттi орган және кредиторлар комитетi таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату шығыстары сметасын қалыптастыру, келiсу және бекiту кезiнде тарату шығыстарының нақтылық, негiздiлiк, орындылық, шыншылдық принциптерiн басшылыққа алып жұмыс iстейдi.

      Тарату шығыстарының нақтылық принципi тарату шығыстарының сметасын қалыптастыру кезiнде таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының нақты қаржылық жағдайын, оның iшiнде кредиторлар алдындағы берешектер көлемiн негiзге алуды болжалдайды.

      Тарату шығыстарының негiздiлiк принципiн тарату өндiрiсiнiң белгiлi бiр кезеңiнде болжалданып отырған шығындардың объективтi қажеттiгi деп түсiну қажет.

      Орындылық принципi тарату комиссиясы жасап отырған шығындар алға қойылған мақсатқа сәйкес келетiндiгiн бiлдiредi, яғни тарату өндiрiсiн аяқтауға және таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторларымен есеп айырысуға бағытталған.

      Тарату шығыстарының шыншылдық принципi жасалған (жоспарланатын) шығындарды тарату комиссиясының құжаттамалық растауы арқылы көрiнедi.

      Ескерту. 24-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      25. Тарату комиссиясы тарату шығыстары сметасын қалыптастыру кезiнде таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қандай да бiр кәсiби қызметпен айналысатын айналыспайтындығын негiзге алады және тарату комиссиясының негiзгi мiндетi таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iстерiнiң аяқталуы, Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарын сақтай отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторлармен және акционерлерiмен есеп айырысу жөнiнде шаралар көру болып табылады.

      26. Тарату шығыстары сметасында мынадай шығын баптары көзделеді:

      1) еңбекке ақы төлеу шығыстары;

      2) бюджетке аударымдар бойынша шығыстар;

      3) әкімшілік шығыстар;

      4) тауарлық-материалдық құндылықтарды сатып алу бойынша шығыстар;

      5) іссапар шығыстары;

      6) көзделмеген шығыстар;

      7) өзге шығыстар.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      26-1. Тарату комиссиясы тарату шығыстарының сметасына әрбір бап бөлігінде шығыстар сметасын қалыптастыру кезінде осы Ереженің24-тармағында көзделген принциптердің сақталуын көрсететін түсіндірме жазбаны қоса береді.

      Ескерту. 26-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      27. Еңбекке ақы төлеу шығыстары мынадай шығындарды көздейді: тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне сыйақы төлеу, таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары мен өкілдіктерін есепке ала отырып, еңбек шарттары негізінде жұмыс істейтін тарату комиссиясына тартылған қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу, өтеулі қызмет көрсету шарттары бойынша қызмет көрсететін тарату комиссиясына тартылған қызметкерлердің жұмысына ақы төлеу.

      Еңбек шарттары негізінде жұмыс істейтін тарату комиссиясына тартылған қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу бойынша шығыстарда:

      лауазымдық еңбекақы;

      мемлекеттік бюджетке аударылатын жеке табыс салығының;

      міндетті зейнетақы жарналарының сомасы көрсетіледі.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      27-1. Өтем төленетін қызмет көрсету шарттары бойынша ақы төлеу шығыстарына өтем төленетін қызмет көрсету шарттары бойынша қызмет көрсететін тартылған қызметкерлердің қызметтеріне ақы төлеу шығындары кіреді.

      Тарату шығыстарының сметасына өтем төленетін қызмет көрсету шарттары бойынша ақы төлеу кіргізілген жағдайда тарату комиссиялары есептеулерді қызметтер күн сайынғы негізде көрсетілетін және ақы төлеу ай сайын жүзеге асырылатын, жасалған өтем төленетін қызмет көрсету шарттарының негізінде жүргізеді.

      Ескерту. 27-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      28. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      29. Қызметкерлердің еңбегіне, сондай-ақ орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеуге арналған шығыстар бабы тарату комиссиясының төрағасы бекітетін штаттық кестеге сәйкес қалыптастырылады.

      Штаттық кестеге тарату комиссиясының төрағасы, мүшелері, еңбек шарттары және қызмет көрсету шарттары бойынша жұмыс істейтін адамдар енгізіледі.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      29-1. Қызметін және функциялардың орындалуын қамтамасыз ету үшін тарату комиссиясы үстем немесе монополиялық жағдайдағы нарық субъектісін қоспағанда, қызметтерді жеткізушіні таңдайды.

      Қызметтерді жеткізушіні таңдау қызмет көрсетудің практикалық тәжірибесі, өңірлерде филиалдардың, мамандардың болуы ескеріле отырып баға ұсыныстарын сұрату жолымен жүзеге асырылады.

      Ескерту. Ереже 29-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      30. Бюджетке төленетiн салықтар және басқа да мiндеттi төлемдер бойынша шығыстар Қазақстан Республикасының салықтық заңнамаларының талаптарына сәйкес жасалады.

      31. Әкімшілік шығыстар:

      1) қызметтік және шаруашылық мұқтаждықтар үшін көлік жалдау жөніндегі қызметке;

      2) байланыс қызметіне (телекоммуникациялық шығыстар, телефонды, телеграфты пайдаланғаны үшін абоненттік төлем, қалааралық және халықаралық сөйлесулер, почта мен анықтамалық қызметтердің қызмет көрсетуі бойынша шығыстар, интернет желісін пайдалану үшін шығыстар);

      3) үйлер мен ғимараттарды (меншікті және кепіл мүлкін) күзету және сигнализация жөніндегі қызметке;

      4) көлікті күзету жөніндегі қызметке;

      5) көлікке арналған тұрақты ұсыну жөніндегі қызметке;

      6) көлікті тіркеу жөніндегі қызметке;

      7) көлікті техникалық тексеру жөніндегі қызметке;

      8) көлікті сақтандыру жөніндегі қызметке;

      9) қызметкерлер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеуге;

      10) коммуналдық қызметке;

      11) мердігерлік тәсілмен жүзеге асырылатын негізгі құрал-жабдықтарды ағымдағы жөндеу, техникалық, сервистік қызмет көрсету (байқау) жөніндегі жұмыстарға;

      12) үй-жайды жалдауға;

      13) жылжымайтын мүлік пен тиісті құжаттаманы тіркеуші органдарда тіркеу жөніндегі қызметке;

      14) мүлікті бағалау жөніндегі қызметке;

      15) бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жөніндегі қызметке;

      16) жылыту жүйесін іске қосуға дайындау жөніндегі қызметке;

      17) сантехникалық жұмыстарға;

      18) мүлікті сақтау жөніндегі қызметке;

      19) мемлекеттік бажды төлеуге;

      20) нотариалды куәландыру жөніндегі қызметке;

      21) мүлікті тасымалдау, тиеу, түсіру жөніндегі қызметке;

      22) терезелерге, есіктерге темір торларды дайындау және орнату жөніндегі жұмыстарға;

      23) аукциондар өткізу жөніндегі қызметке;

      24) инкассация қызметіне;

      25) сараптама жүргізу жөніндегі қызметке;

      26) аудит жүргізу жөніндегі қызметке;

      27) құжаттарды аудару қызметіне;

      28) телефон нөмірлерін орнатуға, ауыстыруға немесе басқа жерге орнатуға;

      29) акционерлердің тізілімін өзекті күйде ұстау үшін бірыңғай тіркеушінің қызметіне;

      30) банк шотына қызмет көрсету, банк шотын ашусыз жүзеге асырылған ақша аударымы мен төлемдері жөніндегі қызметке;

      31) құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу және оларды мұрағатқа тапсыру жөніндегі қызметке;

      32) таратуды тіркегені үшін алым төлеуге;

      33) коллекторлық қызметке арналған шығындарды қамтиды.

      Жұмысқа және қызмет көрсетуге ақы төлеу тұрақты және біржолғы сипатта болады.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      32. Ағымдағы қажеттiлiктердi қанағаттандыруға бағытталған және мыналар үшiн қажеттi жол берiлген барынша төмен қор құру үшiн тауар-материалдық құндылықтарды сатып алу жөнiндегi шығыстар:

      1) жұмыс жағдайындағы офистiк жабдықтарды ұстау;

      2) көлiк құралдарын ұстау;

      3) үй-жайды ұстау;

      4) қағаз және бланктiк өнiмдердi сатып алу;

      5) кеңсе тауарларын сатып алу;

      6) жанар-жағар май материалдарын сатып алу.

      Ескерту. 32-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.10.24. N 241 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      33. Тарату комиссиясы сатып алу үшiн әртүрлi қызмет пен тауар-материалдық құндылықтарды шығыстар сметасына енгiзу кезiнде есеп айырысу осы өңiрде белгiленген тарифтiк сеткалар мен орта рыноктық бағалар негiзiнде жасалады.

      34. Тарату комиссиясы қызметкерлерiнiң шығу шығыстары тарату шығыстарының сметасында көзделген қаражат шегi бойынша жүзеге асырылады.

      Іссапарға жіберілген қызметкерге тәуліктік ақы 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларында айлық есептік көрсеткіштің бес еселенген мөлшерінен, облыс орталықтарында – айлық есептік көрсеткіштің төрт еселенген мөлшерінен, аудан орталықтарында – айлық есептік көрсеткіштің үш еселенген мөлшерінен аспайтын тұрғын жайды жалдау жөніндегі шығыстар, іссапарға жіберілген жерге және кері қарай тұрақты жұмыс орнына көлік шығыстары өтеледі.

      Ескерту. 34-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      34-1. Өзге шығыстар өзге шығындарды қамтиды.

      "Көзделмеген шығыстар", "Өзге шығыстар" шығындар баптары бойынша шығыстардың басқа бабы бойынша артық шығынға байланысты шығыстар, сондай-ақ келісілуі не бекітілуі Ережеде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын мұқтаждықтарға арналған шығыстар жүзеге асырылмайды.

      Ескерту. 34-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      35. Жоспарланып отырған және жасалған шығыстарды тарату комиссиясы уәкiлеттi органға шарттар, шот-фактуралар, чектер және өзге растаушы құжаттарды беру жолымен растайды.

      36. Тарату комиссиясы оны уәкiлеттi орган тағайындағаннан кейiн он жұмыс күнi iшiнде тарату шығыстары сметасын қалыптастырады және оны келiсу үшiн уәкiлеттi органға бередi.

      Филиалдық желiсi бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасы тарату комиссиясы бөлiмшелерiнiң тарату шығыстары сметасын жасау жөніндегі қызметiн үйлестіреді және тарату комиссиясының бөлiмшелерi бойынша шығыстар бөлiгiнде тарату шығыстарының жинақталған сметасын қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 36-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      37. Жоспарланып отырған кезеңнiң алдындағы айдың онына дейiнгi мерзiмнен кешiктiрмей тарату комиссиясы келiсу үшiн тарату шығыстарының сметасын уәкiлеттi органға бередi.

      38. Тарату комиссиясының төрағасы тарату шығыстарының сметасына өзгерiстер мен толықтыруларды тек уәкiлеттi органмен келiсе отырып енгiзедi.

      39. Кредиторлар комитетiнiң құрамы бекiтiлген соң тарату комиссиясы тарату шығыстарының сметасын тоқсан сайын жоспарланып отырған кезеңнiң алдындағы айдың бесiнен кешiктiрмей кредиторлар комитетiне бекiтуге бередi.

      Тарату шығыстарының сметасы тоқсан аясындағы әрбiр ай бөлiгi бойынша жасалады.

      40. Кредиторлар комитетi тарату комиссиясы ұсынған тарату шығыстарының сметасын жоспарланып отырған кезеңнiң алдындағы айдың он бесiнен кешiктiрмейтiн мерзiмде қарайды және бекiтедi.

      41. Кредиторлар комитетi бекiткен тарату шығыстарының сметасын тарату комиссиясы кредиторлар комитетi бекiткен күннiң ертеңiне уәкiлеттi органға ұсынады.

      42. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының нақты қаржылық жай-күйіне қарай және тарату комиссиясы орындаған жұмысты ескере отырып, тарату комиссиясының төрағасы бекітілген тарату шығыстарының сметасына міндетті тәртіппен кредиторлар комитеті алдын-ала бекітетін өзгерістер мен толықтыруларды енгізеді.

      Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      42-1. Уәкiлеттi органмен келісілген немесе кредиторлар комитеті бекіткен тарату шығыстары алдыңғы кезеңде жүзеге асырылмаған және оларды жоспарланған кезеңде жүзеге асыру қажет болған жағдайда, көрсетілген шығыстар жоспарланатын кезеңдегі тарату шығыстарының сметасына кіргізілуі тиіс.

      Ескерту. 42-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      43. Тарату шығыстарының сметасын келiскен немесе бекiткен орган оның орындалуына бақылау жасайды.

      44. Басқа бiр бап бойынша үнем жасай отырып, екiншi бiр шығын бабы бойынша артық шығындар жасалуына жол берiлмейдi.

      45. Осы Ереженің 45-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тарату комиссиясының тарату шығыстарының сметасын уәкiлеттi органмен келiскенге дейiн немесе кредиторлар комитетi бекiткенге дейiн шығыстар жасауына жол берiлмейдi.

      Ескерту. 45-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      45-1. Тарату шығыстарының сметасын уәкілетті органмен келісуге дейін тарату комиссиясының бірінші кезектегі іс-шараларды жүргізуіне байланысты оның мынадай шығындар баптары бойынша шығыстарды жүзеге асыруына рұқсат етіледі:

      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы хабарландыруды жариялау жөніндегі қызмет;

      2) байланыс қызметі (телекоммуникациялық шығыстар, телефонды, телеграфты пайдаланғаны үшін абоненттік төлем, қалааралық және халықаралық сөйлесулер, почта мен анықтамалық қызметтердің қызмет көрсетуі бойынша шығыстар);

      3) коммуналдық қызмет;

      4) бірінші және екінші қол қою (қолтаңбалар) үлгілері бар құжаттарды және мөр бедерін нотариалды куәландыру жөніндегі қызмет;

      5) үй-жайды жалдау жөніндегі қызмет.

      Ескерту. 45-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      45-2. Мыналардың:

      1) тарату комиссиясының осы Ереженің 24-тармағында көзделген тарату шығыстарының сметасын қалыптастыру принциптерін сақтауын көрсететін түсіндірме жазбаның;

      2) жоспарланатын (жасалған) шығыстарды растайтын құжаттардың ұсынылмауы уәкiлеттi органның тарату шығыстарының сметасын келісуден (кредиторлар комитетінің бекітуден) бас тартуына негіздеме болып табылады.

      Ескерту. 45-2-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      45-3. Уәкiлеттi орган тарату шығыстары сметасының келісілгені (бекітілгені) туралы немесе оны келісуден (бекітуден) бас тартылғаны туралы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясына жазбаша нысанда хабарлайды.

      Кредиторлар комитетiнің тарату шығыстарының сметасын бекіту немесе бекітуден бас тарту туралы шешімі хаттамамен ресімделеді.

      Ескерту. 45-3-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

5-тарау. Тарату комиссиясының кассалық тәртiп
сақтау талаптары

      46. Тарату комиссиясының төрағасы, бас бухгалтерi, кассирi, ал бөлiмшелерде - бөлiмше басшысы қолма-қол ақша мен құндылықтардың сақталуын, бухгалтерлiк есептiң дұрыс жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi, тарату комиссиясының кассасына түскен ақшаның уақтылы кiрiске алынуына бақылауды жүзеге асырады.

      47. Тарату комиссиясының төрағасы бухгалтерлiк құжаттарға қол қою құқығы бар тұлғаларды анықтайды.

      Бiр кассирi бар тарату комиссияларында оны ауыстыру қажет болған жағдайда кассирдiң мiндетiн атқару тарату комиссиясы төрағасының жазбаша бұйрығымен басқа қызметкерге жүктеледi.

      48. Қолма-қол ақша операцияларымен жұмысты орындап отырған, сондай-ақ өзге құндылықтарға рұқсаты бар тарату комиссиясының қызметкерiмен толық материалдық жауапкершiлiк туралы шарт жасалады.

      49. Қолма-қол ақшаны және құндылықтарды сақтау күзет, өрт және дабыл сигнализациясы құралдармен бекiтiлген және жабдықталған, сейфтермен немесе жанбайтын металл шкафтармен жабдықталған үй-жайда жүзеге асырылады.

      Ескерту. 49-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.10.24. N 241 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      50. Алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.10.24. N 241 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      51. Тарату комиссиясының кассасының (бұдан әрi - касса) жұмысы аяқталған соң ақшаны және құндылықтарды сақтайтын үй-жай бiр комплектiсi кассирде, екiншiсi - бас бухгалтерде, не тарату комиссиясының төрағасында (бөлімшенің басшысында) болатын кiлттермен жабылады және тарату комиссиясының мөрiмен жабылады.

      Ескерту. 51-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      52. Кассада жасалатын қолма-қол ақшамен операциялардың есебi "Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына , қаржылық есеп берудiң халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жасалады.

      53. Кассадағы қолма-қол ақша қалдығының күн сайынғы лимиті мынадай шектерде анықталады:

      1) тарату комиссиясының бас офисінде – 100 000 (жүз мың) теңге;

      2) тарату комиссиясының бөлімшесінде – 50 000 (елу мың) теңге.

      Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      54. Осы Ереженiң 53-тармағында белгiленген күн сайынғы лимит сомасы жоғарылап кеткен кезде тарату комиссиясының кредиторлармен есеп айырысу жүргiзу мақсатында екiншi деңгейдегi банктерден, мүлікті сатудан, дебиторлық берешекті өндіріп алудан алынған қалма-қол ақшаны сақтауы қызмет көрсетушi банктен ақшаны алған күндi қоспағанда үш жұмыс күнiнен аспайтын мерзiм iшiнде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 54-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      55. Қолма-қол ақшаны кассаға қабылдау тарату комиссиясының бас бухгалтерi және кассирi қол қойған кассалық кiрiс құжаттары бойынша (қалма-қол ақшаны алып жүруге хабарлама және кассалық кiрiс ордерi) жасалады және кассалық кiрiс журналында күн iшiнде жалпы сомасы көрсетiледi.

      Кассаға басқа құндылықтарды қабылдау баланстан тыс ордерлермен ресiмделедi.

      56. Осы Ереженің 53-тармағында көзделген кассадағы қолма-қол ақша қалдығының күн сайынғы лимитін қоспағанда, кассаға қабылданған қолма-қол ақша (оның iшiнде дебиторлық берешектi өтеу есебiнен және мүлiктi сатудан алынған ақша) кассаға сол күнi кiрiске алынады және келесi жұмыс күнiнен кешiктiрмей тарату комиссиясының ағымдағы шотына аударылады.

      Ескерту. 56-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      57. Кассадан қолма-қол ақшаны беру кассалық шығыс ордерлерi бойынша жасалады.

      Басқа құндылықтарды беру баланстан тыс ордерлер бойынша ресiмделедi.

      58. Қолма-қол ақшаны кассалық шығыс ордерi бойынша беру кезiнде кассир немесе оның орнындағы адам алушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуiн талап етедi, құжаттың атауын және нөмiрiн, кiм және қашан бергенiн жазып алады.

      59. Қолма-қол ақшаны кассир немесе оның орнындағы адам тек кассалық шығыс ордерiнде көрсетiлген адамға ғана бередi.

      60. Егер ақшаны беру белгiленген тәртiп бойынша ресiмделген сенiмхат бойынша жасалса, онда ордер мәтiнiндегi ақшаны алушының фамилиясы, аты-жөнiнен кейiн кассир ақшаны алуға сенiм бiлдiрiлген адамның фамилиясы, аты-жөнiн көрсетедi. Егер ақша ведомость бойынша берiлген болса, онда ақшаны алу үшiн қол қоятын орынның алдына кассир "сенiмхат бойынша" деп жазба жасайды.

      Сенiмхат кассирде қалады және кассалық шығыс ордерiне немесе ведомостьке қосылып тiгiледi.

      61. Кассалық операциялар нәтижесiнде пайда болған және кассалық құжаттар бойынша ресiмделмеген ақшаның және құндылықтардың артық шығуы немесе кем шығуы тиiсiнше кiрiске алынады немесе акт жасала отырып, кассирден төлеттiрiп алынады.

      62. Қолма-қол ақшаны беруге арналған құжаттарға тарату комиссиясының төрағасы, бас бухгалтерi және кассирi қол қояды, ал бөлiмшелерде - бөлiмше басшысы қол қояды.

      63. Тарату комиссиясы қызметкерлерiнiң және тартылған қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеу әрбiр алушыға кассалық шығыс ордерi жасалмай төлем (есеп айырысу-төлем) ведомосi бойынша жасалады.

      64. Төлем (есеп айырысу-төлем) ведомосiнiң бiрiншi бетiнде (аты көрсетiлген) қолма-қол ақшаның берiлгендiгi туралы рұқсат беру жазбасы тарату комиссиясының төрағасының және бас бухгалтерiнiң қолмен, қолма-қол ақшаны беру мерзiмiн және сомасын жазбаша көрсету арқылы жасалады.

      65. Жалақы төлеудiң белгiленген мерзiмi өткен соң кассир:

      1) төлем ведомосiне төлем жасалмаған адамның фамилиясының қарсы тұсына штамп қояды немесе қолымен "депонирленген" деп белгi қояды;

      2) депонирленген соманың тiзiлiмiн жасайды;

      3) ведомостiң аяғында жалақының нақты төленген сомасы мен депонирлеуге жататын жалақының алынбаған сомасы туралы жазба жасайды, осы сомаларды төлем ведомосiнiң жалпы жиынтық сомасымен салыстырады және өзiнiң қолымен бекiтедi;

      4) ведомосте нақты төленген соманы көрсетедi.

      Ескерту. 65-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      66. Тарату комиссиясының қызметкерлерiне қолма-қол ақша тарату өндiрiсiне байланысты мақсаттар үшiн есептi түрде берiледi.

      Ақшаны есептi түрде берудiң негiздемесi тарату комиссиясының бас бухгалтерi және төрағасы қол қойған осы шығыстардың (тарату комиссиясының баянжазбасы, есептерi, хаттамалары және басқалар) қажеттiгiн негiздейтiн құжаттарды тиiстi жағдайда ресiмдеу болып табылады.

      67. Есеп берушi тұлғалар есептi түрде берiлген сомалар бойынша оларды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнiнен кеш емес мерзiмде, iссапарлық шығыстар бойынша iссапар мерзiмi аяқталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнiнен кеш емес мерзiмде алынған сомалардың мақсатты жұмсалғанын растайтын құжаттарды бередi (барлық растаушы құжаттар қоса берiлген аванстық есептер, тауарларға ақы төленгенi немесе қызмет көрсетiлгені туралы чектер).

      Есептi түрде берiлген ақша мынадай:

      1) мақсатты жұмсалмаған;

      2) мақсатты жұмсалғанын растайтын құжаттар болмаған жағдайларда қайтарылуға тиіс.

      Есептi түрде берiлген ақша алынған күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей, ал іссапар шығыстары бойынша – іссапар ақталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей қайтарылуға тиіс.

      Есепті түрде алынған және пайдаланылмаған ақша сыйақыдан (жалақыдан) ұсталмайды.

      Ескерту. 67-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      68. Кассалық кiрiс құжаттары, кассалық шығыс ордерлерi және баланстан тыс ордерлер нақты және түсiнiктi етiп толтырылады. Бұл құжаттарда ешқандай өшiру, түзетiс немесе түзету, тiптi келiсiлгендерiне де жол берiлмейдi.

      Кассалық шығыс ордерлерiнде оларды жасау негiздемелерi және оған қоса берiлiп отырған құжаттар атап көрсетiледi.

      69. Кассалық кiрiс және шығыс ордерлерi қосымшаларымен бiрге күнi, айы және жылы көрсетiлiп, кассирдiң немесе оның орнындағы адамның "Алынды" немесе "Төлендi" деген қолымен немесе штамппен мiндеттi түрде жабылады.

      70. Жұмыс күнiнiң соңында кассир кассалық кiрiс және шығыс ордерлерi негiзiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына сәйкес күн iшiндегi кассалық айналымдар мен құндылықтар қалдықтары туралы жиынтық анықтама жасайды және оның қорытындысын бухгалтерлiк есептiң деректерiмен салыстырады. Салыстыру тарату комиссиясының бас бухгалтерi мен кассирiнiң қолдарымен расталады.

      71. Тарату комиссиясы қолма-қол ақшаның қозғалысын және нысаналы пайдаланылуын есепке алу үшін ереженің 2-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша нөмірленетін, жіппен байланатын және мөрмен бекітілетін кассир қабылдаған және берген ақшаны есепке алу кітабын (бұдан әрі – касса кітабы) жүргізеді. Касса кітабындағы парақтар саны тарату комиссия төрағасының (бөлімше басшысының), бас бухгалтерінің және кассирінің қолымен расталады.

      Ескерту. 71-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      72. Касса кiтабында өшiруге, келiсiлмеген түзетулерге жол берiлмейдi. Қате түзетiлген жағдайда "Түзетiлдi" деген жазба жасалады да, ол түзетiлген күнi көрсетiлiп, тарату комиссиясының кассирiнiң және бас бухгалтердiң қолдарымен расталады.

      Касса кiтабын дұрыс және уақтылы жүргiзудi бақылау тарату комиссиясының төрағасының бұйрығымен бас бухгалтерге жүктеледi.

      73. Күн сайын жұмыс күнiнiң аяғында кассир касса кiтабындағы күн iшiндегi операциялардың (кiрiс және шығыс бойынша) қорытындысын есептейдi, қолма-қол ақшаның қалдығын, сондай-ақ басқа құндылықтардың келесi күнге қалған қалдығын шығарады, сондай-ақ басқа құндылықтардың қалдығын ол түзетiлген күнi көрсетiлiп, тарату комиссиясы төрағасының (бөлімше басшысының), бас бухгалтерінiң және кассирінiң қолдарымен расталады.

      Ескерту. 73-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      74. Кассадағы қолма-қол ақша қалдығы мен бухгалтерлiк есеп деректерi арасында алшақтықтар болған жағдайда бас бухгалтер бұл туралы алшақтық себептерiн анықтау шараларын көру үшiн дереу тарату комиссиясының төрағасына және бөлімше басшысына хабарлайды. Артық шығу немесе кем шығу расталған жағдайда акт жасалады.

      Ескерту. 74-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      75. Касса жинақталған соң кассир касса құжаттарын қалыптастырады және жинақтап тiгедi. Қалыптастыру кезiнде кассалық құжаттар баланстық шоттар (нөмiрiнiң өсу тәртiбiмен) бойынша және кiрiс және шығыс бойынша жеке-жеке iрiктеледi. Мемориалдық құжаттар баланстан тыс шоттардың нөмiрi бойынша iрiктеледi - басында кiрiс, содан соң шығыс деп.

      76. Касса құжаттары келесi жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей әр күн үшiн жеке папкаларға қалыптастырылады. Жинақталып тiгiлген құжаттардың жинақталған деректерi саналады және күн iшiндегi касса айналымы туралы жиынтық анықтама деректерiмен салыстырылады.

      Жауапты қызметкерлер қол қойған кассалық және мемориалдық кiрiс және шығыс ордерлерiнiң күн iшiндегi кассалық айналымдары туралы анықтамалар кассалық құжаттардан бұрын, папканың басына орналастырылады.

      77. Тарату комиссиясының төрағасы белгiлеген, бiрақ тоқсанына бiр реттен кем емес мерзiмде қолма-қол ақшаны толық қайта санау арқылы (банкнотты - парақтап, монеталарды - топтамалар бойынша) және басқа құндылықтардың болуын тексеру арқылы кассаға ревизия жасалады. Кассаны ревизиялау өндiрiсi үшiн төрағаның бұйрығымен акт жасаушы комиссия тағайындалады.

      78. Ревизия барлық құндылықтарға тексеру жүргiзу және құндылықтар мен ақшаны талан-таражға салу және кем шығу мүмкiндiгiн жасыра алмайтын бiр iздiлiк бойынша жасалады. Кассада кем шығу немесе артық шығу анықталған жағдайда актiде кем шығу немесе артық шығу сомасы, олардың пайда болу жағдайлары көрсетiледi.

6-тарау. Активтердi басқару және талаптарды қарау

      79. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерiне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының меншiктi мүлкi, құндық бағасы бар мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтар, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқа да талаптары кiредi және тарату, конкурстық массасын қалыптастыруға негiз болады.

      Ескерту. 79-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.10.24. N 241 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      80. Тарату комиссиясы тағайындалған күнінен бастап 1 (бір) айдан аспайтын мерзімде тарату комиссиясы уәкілеттік берген таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қызметкерлерінің қатысуымен мүлікті (активтерді) түгендеуді, жеке шоттарды баланстық шоттармен, сақтандыру шарттарын (полистерін), сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқа да шарттарын салыстырып тексеруді, сондай-ақ баланстық шоттардағы және меморандум шоттарындағы барлық қалдықтарды салыстырып тексеруді жүргізеді. Түгендеу нәтижелері бойынша акті жасалады.

      Бухгалтерлік есеп деректерінің дәйектілігін қамтамасыз ету мақсатында тарату комиссиясы жылына кемінде бір рет, сондай-ақ мынадай жағдайларда:

      1) материалды жауапты адамдар мен лауазымды тұлғалар, оның ішінде тарату комиссиясының төрағасы және (немесе) бухгалтерлік қызмет басшысы ауысқан жағдайда;

      2) ұрлану немесе теріс пайдаланушылық, сондай-ақ мүліктің бүліну фактілері анықталған жағдайда;

      3) табиғи апат, өрт, апаттар немесе қысылтаяң жағдайлардан туындаған басқа да төтенше жағдайлар жағдайында міндетті тәртіппен түгендеу жүргізеді.

      Ескерту. 80-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      81. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық шарттары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқа да мiндеттемелерi бойынша шарттар қолда бар барлық құжаттармен қоса тiзiмделуге және есепке алу-тiркеу құжаттарымен бiрге кейiн салыстырып тексеруге жатады. Құжаттар арасында айырмашылық анықталса не құжат болмаса, себебi көрсетiле отырып, акт жасалады.

      82. Түгендеу жолымен анықталған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық активтерi тарату массасына енгiзiлуi тиiс. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын таратудың басында оның балансына енгiзiлмеген және түгендеу барысында анықталған активтер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аралық тарату балансында көрсетiледi.

      Ескерту. 82-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      82-1. Мүлікті Ережеде белгіленген тәртіппен сатқанға дейін, тарату комиссиясы тарату шығыстарын азайту мақсатында таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін, оның ішінде тарату комиссиясы атқарушылық іс жүргізу шеңберінде сот актілері бойынша қабылдаған мүлікті, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына келтірілген зиянды өтеу есебіне алынған және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген мүлікті жалға беруді таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторлар комитетімен келісу бойынша жүзеге асырады.

      Мүлікті жалға беруден алынған ақша тарату массасына жіберіледі.

      Мүлікті жалға беру тарату комиссиясының оны сату бойынша іс-шараларды жүзеге асыруын тоқтата тұрмайды.

      Тарату комиссиясының мүлікті жалға беру шартын жасасуы жалға алушының мүлікті тарату комиссияның бірінші талабы бойынша босатуға (қайтаруға) және жалданған мүлікті қосымша жалдауға (қосалқы жалға беруге) беруге тыйым салуға келісімі болған кезде жүзеге асырылады.

      Ескерту. Ереже 82-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      82-2. Тарату комиссиясы жалға алушыны таңдауды тендер өткізу арқылы жүзеге асырады, оның қорытындысы бойынша артықшылық мүлікті жалға алудың ең жақсы шарттарын ұсынған тұлғаға беріледі.

      Бірнеше тендер қатысушысы мүлікті жалдаудың бірдей талаптарын ұсынған жағдайда, жалға алушыны таңдау тендерге мүдделі қатысушылардың міндетті түрде қатысумен жеребе арқылы жүзеге асырылады.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бұрынғы басшы қызметкерлері, акционерлері және басқа да үлестес тұлғалары, таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторлары болып табылатын тұлғалар, тарату комиссиясының төрағасы, мүшелері, тартылған қызметкерлері, сондай-ақ барлық жоғарыда атап көрсетілген тұлғалардың өкілдері тендерге қатыстырылмайды.

      Ескерту. Ереже 82-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      82-3. Тендер өткізу туралы хабарландыру тендер өткізу күніне дейін кемінде күнтізбелік 10 (он) күн бұрын аумағында жалға берілетін мүлік орналасқан облыс немесе республикалық маңызы бар қала бойынша таралатын кемінде екі мерзімді баспасөз басылымында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.

      Мүлікті жалға алушыны таңдау бойынша тендер өткізу туралы хабарландыруда:

      тендерді өткізу күні, орны және уақыты;

      таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы;

      жалға берілетін мүліктің сипаттамасы;

      өтінімдерді қабылдау орны, уақыты және мерзімдері;

      тендерлік құжаттаманы және қосымша ақпаратты алуға болатын телефондар, мекенжайлар қамтылады.

      Тарату комиссиясы тендерлік құжаттаманы таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторлар комитетімен келіседі.

      Ескерту. Ереже 82-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      82-4. Тендерлік құжаттамада мынадай мәліметтер қамтылады:

      1) хабарландыруда көрсетілген ақпарат;

      2) жалға берілетін мүлікті көрсету күні, уақыты және орны;

      3) жалға алу төлемін төлеу талаптары;

      4) тендердің жеңімпазы анықталатын критерийлер;

      5) жалға беру шартының жобасы.

      Тарату комиссиясы жалдау төлемінің мөлшерін салыстырмалы жағдайларда осыған ұқсас мүлікті жалдау кезінде әдетте қолданылатын бағаларға қарай айқындайды.

      Ескерту. Ереже 82-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      82-5. Егер тендерге екі қатысушыдан кем қатысқан болса, тендер өтпеді деп саналады.

      Тендер өтпеді деп танылған жағдайда, тарату комиссиясы тендердің жалғыз қатысушысымен жалға беру шартын жасасу туралы мәселені қарайды.

      Тарату комиссиясы тендерге қатысушымен алты айдан аспайтын мерзімге жалға беру шартын жасасады.

      Тарату комиссиясы жалға беру шартының қолданылу мерзімі өткен соң кредиторлар комитетімен келісу бойынша жалға беру шартын ұзарту туралы мәселені қарайды.

      Ескерту. Ереже 82-5-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      83. Тарату комиссиясы мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтер құнын қоспағанда) қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалаушыны (бағалаушыларды) тарта отырып, таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін бағалауды жүргізеді.

      Баланстық құнына қарамастан жылжымайтын мүлікті, бірлігі үшін 1000 (бір мың) айлық есептік көрсеткіштен артық баланстық құны бар жылжымалы мүлікті бағалау үшін бағалаушыны таңдау конкурс (тендер) өткізу жолымен жүзеге асырылады, оның нәтижелері бойынша ең тиімді талаптар (көрсетілетін қызмет үшін ақы төлеу мөлшері, бағалауды жүргізу мерзімі, бағалаушының филиалдық желісінің болуы және өзге де талаптар) ұсынған бағалаушыға артықшылық беріледі. Конкурсты (тендерді) өткізу талаптарын тарату комиссиясының төрағасы анықтайды және олар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бағалануға жататын мүлкінің орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында немесе облыста, республикалық маңызы бар қалада, Қазақстан Республикасының астанасында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.

      Тарату комиссиясы 50 (елуден) 1000 (бір мың) айлық есептік көрсеткішке дейінгі баланстық құны бар жылжымалы мүліктің 1 (бір) бірлігін бағалау үшін бағалаушыны таңдауды баға ұсыныстарын сұрату жолымен жүзеге асырады.

      Баланстық құны 50 (елу) айлық есептік көрсеткіштен аз жылжымалы мүлікті бағалау жүргізілмейді.

      Бағалау жүргізу конкурсына бір-біріне қатысты үлестес бағалаушылар қатыстырылмайды. "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабында айқындалған тұлғалар үлестес бағалаушылар болып табылады.

      Ескерту. 83-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      84. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының алдындағы берешегін өтеу есебіне, оның ішінде сот шешімін орындау есебіне мүлікті беру кредиторлар комитетімен келісу бойынша мүлікті бағалау туралы есеп болған жағдайда жүзеге асырылады.

      Ескерту. 84-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      85. Мәжбүрлеп тарату туралы сот шешiмi заңды күшiне енгенге дейiн орын алған, Қазақстан Республикасының заңнамалық тәртiбiмен аралық тарату балансы бекiтiлгенге дейiн орындалуы және құжаттамалық ресiмделуi аяқталмаған таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қатысатын мәмiлелер жасалмаған болып есептеледi.

      86. Тарату комиссиясы тарату массасын толтықтыру үшiн дебиторлық берешекті өндiрiп алу бойынша жұмыс жүргiзеді.

      Ескерту. 86-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      87. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің қабылдануы нәтижесінде мүліктік құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған заңды тұлғалар, заңды тұлғаны құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен дауды тікелей реттеу мақсатында жазбаша өтінішпен оның тарату комиссиясына хабарласады.

      Кредиторлар - жеке тұлғалар растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, жазбаша өтінішпен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясына өтініш жасайды.

      Ескерту. 87-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      87-1. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      88. Кредиторлардың талаптарында талап ету мөлшері туралы мәліметтер қамтылады (талап етудің негіздемесі мен мөлшерін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, негізгі борыш, сыйақы, тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) мөлшері туралы жеке-жеке (заңды күшіне енген сот шешімдері, шарттардың көшірмелері және басқа құжаттар)).

      Ескерту. 88-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      88-1. Кредитор Қорға кепілдік берілген төлемді алу туралы арызбен өтініш жасаған жағдайда, тарату комиссиясының атына жасалған арызда (шағымда) құжаттардың көшірмелері қоса беріліп, Қордың кепілдік берілген төлемді алу туралы арызды қарау нәтижелері туралы ақпарат көрсетіледі.

      Ескерту. 88-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      89. Шағым (өтiнiш) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен кредитор арасында жасалынған шартта басқа мерзiм келiсiлмеген жағдайда, оны алған күннен бастап екi апта мерзiмде қаралуы тиiс.

      90. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы шағымды (өтiнiштi) қарау кезiнде қойылатын талаптың заңдылығын және оның негiздiлiгiн тексеруi керек.

      Ескерту. 90-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      91. Шағымды (өтiнiштi) алған тарату комиссиясы өтiнiш берушiнiң негiзделген талабын тануға және жазбаша түрде шағымды (өтiнiштi) қарау нәтижелерi бойынша хабарлауға мiндеттi.

      Шағымға (өтiнiшке) берiлетiн жауапта мыналар көрсетiледi:

      1) шағым (өтiнiш) берушiнiң және жауап беретiн тарату комиссиясының толық атауы, почталық деректемелерi, жауап берiлетiн шағымның (өтiнiштiң) күнi және номерi;

      2) шағымды (өтiнiштi) толық немесе iшiнара таныған жағдайда, танылған сома көрсетiледi, егер ол ақшалай бағалауға жатқызылмаса, не шағымның (өтiнiштiң) мерзiмi және қанағаттандыру әдiсi көрсетiледi. Егер кредитордың шағымы (өтiнiшi) Қор кепiлдiк берген кепілдік берілетін сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру төлемiн алу құқығының болуына себепшi болса, сақтандыру төлемiн жүзеге асыратын таратылатын сақтандыру ұйымының мiндеттемесiн Қор Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен кепiлдiк берiлген төлемдердi жүзеге асыру арқылы орындауы мүмкiн;

      3) шағым (өтiнiш) толық немесе iшiнара ауытқыған жағдайда - шағымның (өтiнiштiң) ауытқуына негiзделген тиiстi нормативтiк құқықтық актiлер мен құжаттарға сүйенген ауытқу себептерi;

      4) жауапқа қоса берiлген құжаттардың және басқа дәлелдемелердiң тiзбесi.

      Ескерту. 91-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      92. Шағым (арыз) толығымен немесе ішінара қабылданбаған жағдайда, өтініш берушіге шағыммен (арызбен) бірге алынған құжаттар қайтарылады, сондай-ақ егер өтініш берушіде болмаса, шағымның (арыздың) қабылданбағанын негіздейтін құжаттар жіберіледі.

      Кредитордың растайтын құжаттарды ұсынбағанына байланысты тарату комиссиясының шағымды (арызды) қабылдамауы кредитордың шағымдарды (арыздарды) қабылдау үшін белгіленген мерзім шегінде шағыммен (арызбен) және талап етілетін құжаттарды қоса бере отырып, тарату комиссиясына қайталап өтініш жасауына кедергі болмайды.

      Ескерту. 92-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      93. Кредиторға жауап арнайы немесе бағалы хатпен, хаттың жiберiлуiн белгiлейтiн басқа байланыс құралдарымен жiберiледi.

      94. Шағымдар (өтініштер) беру мерзімі баспасөзде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап есептеледі және 2 (екі) айдан кем болмайды.

      Ескерту. 94-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      95. Шағым (өтiнiш) беру, сондай-ақ барлық ұсынылған шағымды (өтiнiштi) қарау мерзiмi аяқталғаннан кейiн, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы бiр айлық мерзiмде активтердi және мiндеттемелердi түгендеу нәтижелерiн ескере отырып, аралық тарату балансын жасайды, мұнда таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкiнiң құрамы, кредиторлар берген шағымдар мен өтiнiштердiң тiзбесi, оларды қарау нәтижелерi және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторларынан талап етiлмеген берешектерi, кредиторлардың талаптарының тiзiлiмi туралы мәлiметтер болуы тиiс.

      Филиалдары және өкiлдiктерi бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының аралық тарату балансы филиалдар мен өкiлдiктердiң аралық тарату баланстарын ескере отырып жасалады.

      96. Шағым (өтiнiш) берген кредитор бiр мезгiлде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының борышкерi болса, онда тарату комиссиясы шағымды (өтiнiштi) қарау кезiнде ұсынылған құжаттарға сәйкес аралық тарату балансы бекiгенге дейiн кредитор мен борышкердiң бiр тұлға болып дәл келуi барысында өзара талап ету сынағын өткiзу туралы мәселенi қарайды және пайда болған айырма сомасын аралық тарату балансына енгiзедi.

      Аралық тарату балансы бекiгеннен кейiн өзара талап ету сынағы осы кредитордың талабын қанағаттандыру жөнiндегi тиiстi кезегi келген кезде ғана жасалады.

      97. Аралық тарату балансын және оған қосымшаларды, оның ішінде кредиторлар талаптарының тізілімін тарату комиссиясы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8321 тіркелген "Тарату комиссияларының Қазақстан Республикасында таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының есептері мен қосымша ақпаратын ұсыну нысандарын, мерзімдерін және кезеңділігін және оларды толтыру бойынша нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 376 қаулысында (бұдан әрі – № 376 қаулы) белгіленген нысандар бойынша жасайды.

      Ескерту. 97-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      98. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      99. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру, олардың мүддесiн қамтамасыз ету мақсатында кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн жасайды және ол Сақтандыру қызметі туралы Заңның 72-бабында белгiленген кезектiлiкке сәйкес болуы тиiс.

      Кредиторлар талаптарының тiзiлiмiнде әрбір кредитор, оның ақшалай мiндеттемелер және (немесе) мiндеттi төлемдер бойынша талаптарының мөлшері туралы, әрбiр талапты қанағаттандыру кезектiлiгi туралы мәлiметтер көрсетiледi.

      Кредиторлар талаптарының тiзiлiмiне кредиторлардың даусыз болып табылатын, белгiленген мерзiмде мәлiмделген және тарату комиссиясы таныған талаптары енгiзіледi.

      Заңды күшiне енген сот шешiмдерi бойынша таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ағымдағы шотына берiлген орындау құжаттары кредиторлардың талаптарын есепке алу үшiн тарату комиссиясының төрағасына тапсырылады.

      Орындау құжаттары танылған талаптар болып табылады және орындалмаған сома мөлшерiнде тиiстi кезектілік бойынша кредиторлар талаптарының тiзiлiмiне есепке алынады.

      Тарату комиссиясы мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтандыру шарттары бойынша басталған сақтандыру жағдайлары бойынша мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан Қор кепілдік беретін сақтандыру төлемдерінің сомасын өндіріп алу туралы орындау құжаттарын кредиторлар талаптарының тiзiлiмiне есепке алады.

      Тарату комиссиясы Қормен оның жүзеге асырған кепілдік берілген төлемдерінің сомасы бойынша салыстырып тексеру актісіне қол қойғаннан кейін кредиторлардың мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтандыру шарттары бойынша басталған сақтандыру жағдайлары бойынша өзі таныған талаптарын салыстырып тексеруді жүзеге асырады.

      Тарату комиссиясы кредиторлардың, оның ішінде Қор кепілдік берілген төлемдерді жүзеге асырған орындау құжаттары бойынша талаптарын таныған жағдайда, тарату комиссиясы кредиторлар талаптарының тiзiлiмiне тиісті өзгерістер енгізеді.

      Ескерту. 99-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      99-1. Тарату комиссиясы аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тізілімін жасағаннан кейін оларды уәкілетті органға бекітуге ұсынады.

      Уәкілетті орган аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тізілімін оларды алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде бекітеді.

      Аралық тарату балансы және кредиторлар талаптарының тізілімі бекітілгеннен кейін құжаттардың бір данасы тарату комиссиясына қайтарылуға жатады, ал екінші данасы уәкілетті органда қалады.

      Аралық тарату балансының деректері ұсынылған құжаттар мен ақпараттың деректеріне сәйкес келмеген жағдайларда, сондай-ақ № 376 қаулыда көзделген құжаттар ұсынылмаған жағдайда аралық тарату балансы уәкілетті органмен бекітілуге жатпайды.

      Аралық тарату балансы және кредиторлар талаптарының тізілімі бекітілмеген жағдайда, уәкілетті орган анықталған бұзушылықтардың, кемшіліктердің себептері мен оларды жою және аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тізілімін бекіту үшін уәкілетті органға қайталап ұсыну мерзімін көрсете отырып, бұл туралы тарату комиссиясын жазбаша хабардар етеді.

      Аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тізілімін уәкілетті органға қайталап ұсыну мерзімі тарату комиссиясы аралық тарату балансы мен кредиторлар талаптары тізілімінің бекітілмегені туралы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап бір айдан аспайды.

      Ескерту. Ереже 99-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      100. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мiндеттемелерi бойынша есеп айырысулар Сақтандыру қызметi туралы Заңының 72-бабының 2-тармағында көзделген шығыстарды қоспағанда, аралық тарату балансы және оның қосымшалары уәкiлеттi органда бекiтiлгеннен кейiн ғана жүзеге асырылады.

      Ескерту. 100-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

7-тарау. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымы кредиторларының талаптарын қанағаттандыру

      101. Кредиторлардың мүдделерiн қамтамасыз ету мақсатында және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату кезiнде олардың қатысуымен шешiм қабылдау үшiн кредиторлар комитетi құрылады.

      102. Тарату комиссиясы кредиторлар комитеті құрамының тізімін аралық тарату балансы мен кредиторлар талаптарының тізілімі бекітілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қалыптастырады, тарату комиссиясының төрағасы қол қояды және 2 (екі) жұмыс күні ішінде бекітуге уәкілетті органға жіберіледі. Тарату комиссиясы кредиторлар комитеті құрамының тізімін Ереженің 3-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша жасайды.

      Ескерту. 102-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      103. Кредиторлар комитетiнiң құрамы Сақтандыру қызметi туралы Заңның 72-бабында көзделген кредиторлар санатының әрқайсысынан бiр өкiлден, кредиторлар талаптарының тiзiлiмiне енгiзiлген, мейлiнше көп талап ету сомасы бар кредиторлардан қалыптастырылады.

      Тарату комиссиясы мұндай кредиторларға осы кредиторларды тарату өндiрiсiне қатысу үшiн кредиторлар комитетiнiң құрамына енгiзу туралы ұсыныстар жiбередi.

      Кредитордың жазбаша келiсiмi болған жағдайда ол кредиторлар комитетiнiң құрамына енгiзiледi.

      Кредиторлар комитетінің құрамына таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бұрынғы басшы қызметкерлері, сондай-ақ бұдан бұрын оларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу, тарату рәсімдерін жүзеге асыру кезінде жүктелген міндеттерді орындамау немесе тиісінше орындамау, жекелеген кредиторлардың мүдделеріне қысым көрсететін не басқаларға артықшылық беретін іс-әрекет жасау фактісінің (фактілерінің) болуы анықталған банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасы немесе мүшесі болған кредиторлар мен олардың өкілдері енгізілмейді.

      Ескерту. 103-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      104. Кредиторлар комитетіне енгізілген кредиторлар саны кем дегенде 3 (үш) адам болады.

      Кредитор кредиторлар комитетінің жұмысына қатысудан бас тартқан жағдайда, тарату комиссиясы таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ең жоғары талап ету сомасы бар кейінгі кредиторға ұсыныс жібереді.

      Ескерту. 104-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      104-1. Уәкілетті орган кредиторлар комитетінің құрамын мынадай негіздер бойынша қайта бекітуге тиіс:

      1) кредиторлар комитетінің өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін шешімдерді қабылдауы;

      2) кредиторлар комитетінің отырысына мәселені 2 (екі) реттен көп рет шығару кезінде кредиторлар комитетінің өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдерді қабылдамауы;

      3) кредиторлар комитетінің кредиторлар - жеке және (немесе) заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін бұзатын шешімдерді қабылдауы.

      Кредиторлар комитетінің құрамын қайта бекіту туралы шешім тарату комиссиясына және кредиторлар комитетіне жіберіледі.

      Ескерту. Ереже 104-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      104-2. Тарату комиссиясының шешімі бойынша кредиторлар комитетінің мүшесі кредиторлар комитетінің құрамынан мынадай негіздер бойынша шығарылады:

      1) кредиторлар комитеті мүшесінің дәлелді себептерсіз қатарынан 2 (екі) реттен көп рет кредиторлар комитетінің отырыстарына қатыспауы;

      2) кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген кредиторлар комитеті мүшесінің талаптарын толығымен қанағаттандыру;

      3) кредиторлар комитеті мүшесінің кредиторлар комитетінің құрамына қатысудан бас тартуы;

      4) кредитордың кредиторлар комитетінің құрамында болуына кедергі болатын өзге де жағдайлар (заңды күшіне енген сот актілері, заңды тұлға - кредитордың таратылуы не жеке тұлға - кредитордың қайтыс болуы және басқалар).

      Ескерту. Ереже 104-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      104-3. Ереженің 104-1 және 104-2-тармақтарында көзделген жағдайларда тарату комиссиясы кейіннен кредиторлар комитетінің тізімін бекітуге уәкілетті органға ұсынумен кредиторлар комитетінің құрамын өзгерту бойынша жұмыс жүргізеді.

      Тарату комиссиясы таратылып отырған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ең жоғары талап ету сомасы бар кейінгі кредиторға ұсыныс жібереді.

      Ескерту. Ереже 104-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      105. Тарату комиссиясы кредиторлар комитетінің отырысын өткізу күніне дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей отырыстың күн тәртібін бере отырып, уәкілетті органды және кредиторлар комитетінің барлық мүшелерін кредиторлар комитетінің бірінші отырысының өткізілу орны мен күні туралы жазбаша хабардар етеді.

      Кредиторлар комитетiнiң бiрiншi отырысы кредиторлар комитетiнiң құрамы бекiтiлген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде өткiзiледi. Кредиторлар комитетi бiрiншi отырысында:

      кредиторлар комитетiнiң төрағасын сайлайды;

      кредиторлар комитетінің отырыстарын өткізу тәртібі мен дауыс беру рәсiмiн реттейтін кредиторлар комитеті туралы ережені бекітеді.

      Кредиторлар комитетiнiң төрағасына дауыс беру рәсiмiнде тең дауыс алу кезiнде шешушi дауыс алу құқығы берiледi.

      Ескерту. 105-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      106. Кредиторлар комитетiнiң одан кейiнгi мәжiлiстерi комитет белгiлейтiн тәртiп пен мерзiмде шақырылады.

      107. Кредиторлар комитетінің өкілеттігіне мыналар кіреді:

      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату процесінде жасалатын барлық құжаттармен танысу;

      2) Ереженің 15-тармағына сәйкес тарату комиссиясының төрағасымен және (немесе) мүшесімен келісім жасау;

      3) уәкілетті органды және сотты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату барысында кредиторлардың құқықтарын, мүдделерін және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы, оның ішінде тарату комиссиясы төрағасының және (немесе) мүшелерінің өз міндеттерін орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны туралы хабардар ету;

      4) сотқа және уәкілетті органға тарату комиссиясының іс-әрекеттеріне шағымдану;

      5) мүлікті сату аукциондарын және тарату комиссияның отырыстарын қоса алғанда, кредиторлар комитеті мүшелерінің арасынан тарату рәсімдерінің кез келгенін жасау кезінде қатысу өкілеттіктері берілген кредиторлардың өкілдерін сайлау;

      6) тарату комиссиясынан таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жай-күйі туралы ақпарат алу;

      7) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өндіріп алуға мүмкін емес дебиторлық берешегінің көлемін бекіту;

      8) тарату комиссиясы ұсынған таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату массасын, конкурстық массасын іске асыру жоспарын бекіту, сондай-ақ тарату комиссиясының төрағасы қабылдаған таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін алты айдан аспайтын мерзімге төлемді бөліп-бөліп төлеу түрінде ақы төлеу талабымен жария сауда-саттық арқылы сату туралы шешімді келісу;

      9) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жай-күйін ескере отырып, тарату комиссиясының төрағасына және (немесе) мүшелеріне, сондай-ақ тартылған қызметкерлерге қосымша төлемдер мөлшерін қоса алғанда, тарату шығыстарының сметасын бекіту;

      10) тарату комиссиясының мүлікті сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының балансынан есептен шығару актісін бекіту;

      11) тарату комиссиясының төрағасы қабылдаған таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін жалға беру туралы шешімді және тендерлік құжаттаманы келісу;

      12) тарату комиссиясының төрағасы қабылдаған мүлікті таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының алдындағы берешегін өтеу үшін, оның ішінде сот шешімін орындау есебіне қабылдау туралы шешімді келісу;

      13) тарату комиссиясының төрағасы қабылдаған таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жылжымайтын мүлкіне, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына келтірілген зиянды өтеу есебіне алынған атқарушылық іс жүргізу шеңберіндегі сот актілері бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы қабылдаған жылжымайтын мүлкіне қатысты мәміле жасау туралы шешімді келісу.

      Ескерту. 107-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      107-1. Кредиторлар комитеті болмаған, сондай-ақ ол өзінің функцияларын жүзеге асырмаған жағдайда, Ереженің 107-тармағының 7), 8), 9), 10) тармақшаларында көзделген өкілеттіктерді тарату комиссиясының төрағасы жүзеге асырады.

      Ескерту. 107-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.10.24 N 241 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      108. Кредиторлар комитетiнiң мәжiлiсi хаттамамен ресiмделедi.

      Кредиторлар комитетiнiң шешiмi жай көпшiлiк дауыспен қабылданады.

      109. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

8-тарау. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымының кредиторларының талаптарын қанағаттандыру

      110. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторларының талаптарын, оның iшiнде банкрот болуына байланысты қанағаттандыру Сақтандыру қызметi туралы Заңының 72-бабында белгiленген тәртiп пен кезектiлiк бойынша, аралық тарату балансы бекiтiлген күннен бастап жүргiзiледi.

      Ескерту. 110-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      111. Әрбiр кезектiң талабы осының алдындағы кезектiң талаптары толық қанағаттандырылған соң барып қанағаттандырылады.

      Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкi бiр кезектi қанағаттандыруға жетпеген жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ақшасы және мүлкi (өзгесi) осы кезектiң кредиторлары арасында қанағаттандырылуы тиiс талаптар сомасына теңбе-тең бөлiнедi.

      112. Тиісті кезегі келген жағдайда кредитордың талабы оның келісімімен Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін тәсілдермен, оның ішінде ақшалай нысанда және (немесе) оның бағалау құны бойынша заттай нысанда мүлікті, сондай-ақ есептеулердің тепе-теңдік қағидатын сақтай отырып, баланстық және баланстан тыс шоттарда есептелген дебиторлық берешекті (негізгі борышты, есептелген сыйақыны, тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлды) беру арқылы қанағаттандырылады.

      Ескерту. 112-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      113. Алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      114. Талап-шағым берудiң тарату комиссиясы белгiлеген мерзiмi өткеннен кейiнгi, бiрақ тарату балансы бекiтiлгенге дейiнгi кредиторлардың өтiнiш бойынша талаптары Қордың талаптарынан (өтiнiштерiнен) басқа, белгiленген мерзiмде өтiнiш жасалған кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудан қалған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкi есебiнен қанағаттандырылады.

      Талап-шағым жасау үшiн тарату комиссиясы белгiлеген мерзiм өткеннен кейiн Қордың жасаған талаптары кредиторлар талаптарының тiзiлiмiне енгiзiледi және осы талаптар үшiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген кезектiлiк тәртiбiмен қанағаттандырылады.

      115. Тарату комиссиясы кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудан бас тартқан, не оларды қараудан жалтарған жағдайда, кредитор сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату балансы бекітілгенге дейін тарату комиссиясына талапарызбен сотқа жүгінеді.

      Ескерту. 115-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      116. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкi жеткiлiксiз болған жағдайдағы, сондай-ақ тарату балансы бекiтiлгенге дейiнгi кредиторлардың талаптарын (өтiнiштерiн) қанағаттандырмау өтелген болып есептеледi.

      Кредиторлардың тарату комиссиясы танымаған, егер кредитор сотқа шағым-талап бермеген болса және сот шешiмi бойынша кредитордың талабын қанағаттандырудан бас тартқан жағдайдағы талаптары өтелген болып есептеледi.

      117. Өтініші тарату комиссиясымен танылған және кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген кредитордың алдындағы міндеттемелерді орындау мүмкін болмаған жағдайда, тарату комиссиясы кредиторға төленбеген соманы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен нотариустың депозитіне аударады.

      Ескерту. 117-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      118. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторлармен есеп айырысуы аяқталғаннан кейiнгi мүлкiн тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының акционерлiк қоғамдар туралы заңнамасында көзделген тәртiппен акционерлер арасында бөледi.

9-тарау. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымының мүлкiн сату тәртiбi
1-параграф. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымының мүлкiн сату бойынша аукционды ұйымдастыру және
өткiзу тәртiбi

      119. Егер таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ақшасы кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға жеткiлiксiз болса, тарату комиссиясы Ережеде белгiленген тәртiппен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкiн сатуды жүзеге асырады.

      Тарату комиссиясы таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бағалы қағаздарын бағалы қағаздардың ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған нарығында сатуды Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бағалы қағаздары нарықтық құны бойынша сатылады.

      Ұйымдастырылған нарықта айналыстағы бағалы қағаздардың (бір бірлігінің) құнын бағалау "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамының қаржы құралдарын бағалау әдістемесіне сәйкес жүргізіледі. Осындай бағалы қағаздарды көрсетілген әдістеме бойынша бағалау мүмкін болмаған не бағалы қағаздардың белгілі бір түріне қатысты әдістеме болмаған жағдайда, олардың құнын Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы бағалайды.

      Бағалы қағаздарды нарықтық құны бойынша сатып алуға ниетті тұлғалар болмаған жағдайда, кредиторлар комитеті (кредиторлар комитеті болмаса – уәкілетті органмен келісу бойынша тарату комиссиясының төрағасы) бағалы қағаздардың әрбір түрі үшін өзге құнын белгілейді.

      Ескерту. 119-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      120. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкiн сату Жоспарын таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторлар комитетi бекiтедi.

      Тарату комиссиясы кредиторлар комитетiнің құрамы бекiтілгенге дейін уәкілетті органмен келісу бойынша Ережеде көзделген тәртіппен мүлікті сатады.

      Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында кредиторлар комитетi болмаған жағдайда таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкiн сату Жоспарын тарату комиссиясының төрағасы бекiтедi және мәлiмет беру үшiн уәкiлеттi органға жiбередi.

      Ескерту. 120-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.10.24 N 241 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      121. Мүлiктi сату iске асыру Жоспарына сәйкес сауда-саттықтағы жариялылық, ашықтық және жетiмдiлiк принциптерiне сәйкес жүзеге асырылады.

      Тарату комиссиясы аукциондар өткiзу кезiнде осы Ереженiң 154-тармағында көзделген жағдайдан басқа жағдайда сауда-саттықты жүргiзу әдiсiн (ағылшын немесе голланд) таңдауды дербес жүзеге асырады.

      122. Олардың құнына қарамастан таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының үйлерi мен ғимараттары, өзге де жылжымайтын мүлiк объектiлерi, көлiк құралдары, сондай-ақ таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлiктің бiр бiрлiгi үшiн жүз айлық есептiк көрсеткiштен асатын бағалау құны бар өзге де жылжымалы мүлкi тек қана жария сауда-саттық (аукцион) арқылы сатылуы тиiс.

      Тарату комиссиясы таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлiктің бiр бiрлiгi үшiн жүз айлық есептiк көрсеткiштен кем бағалау құны бар жылжымалы мүлкiн жария сауда-саттықты өткізусіз, бiрақ бағалау құнынан төмен емес бағамен сатады.

      Тарату комиссиясы жүз айлық есептiк көрсеткiштен кем бағалау құны бар жылжымалы мүлiкті сату кезінде сату бағасын (бағалау құнынан асатын) дербес белгілейді.

      100 (бір жүз) айлық есептік көрсеткіштен аз бағалау құны бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жылжымалы мүлкі кредиторлар комитеті мүлікті сату бағасын бекіту талабымен бағалау құнынан төмен емес баға бойынша осы мүлікті сатып алуға ниетті тұлғалар болмаған жағдайда бағалау құнынан төмен баға бойынша сатылады.

      Тарату комиссиясы елу айлық есептік көрсеткіштен кем баланстық құны бар жылжымалы мүлікті жария сауда-саттықты өткізусіз, тарату комиссиясы дербес белгілеген, бірақ баланстық құнының елу пайызынан төмен емес бағамен сатады.

      Ескерту. 122-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      122-1. Тазартылған қымбат металдардың құны Лондон қымбат металдар нарығы қауымдастығының (LBMA Gold Price) сату күніне белгіленген алтын бағасы бойынша айқындалады.

      Ескерту. Ереже 122-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      123. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкiн сату алдындағы дайындық шараларына мыналар кiредi:

      1) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкiнiң құрылымын қайта қарау (сегментация, шоғырландыру) және нәтижесiнде объектiнi сату анықталатын лоттарды қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар дайындау;

      2) бағалау қызметiн жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалаушыны таңдау жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу;

      3) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкiн Қазақстан Республикасының заңнамасы белгiлеген тәртiппен бағалау;

      4) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкiн сату туралы хабарландыруды жариялау жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу;

      5) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкiн сату жоспарын кредиторлар комитетi қарауы және бекiту үшiн дайындау және ұсыну;

      6) тартылып отырған жеке немесе заңды тұлғамен сауда-саттық жүргiзу жөнiнде қызмет көрсету туралы шарт жасасу.

      124. Сату жоспарында сатылатын объектілер туралы ұсыныстар және олардың толық сипаттамасы, бағалау құны, бастапқы (және сауда-саттықтың голланд әдiсi кезiнде – ең төмен) сату бағасы, сауда-саттықты өткiзу кезеңі және әдiсi туралы мәлiметтер қамтылады.

      Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін сату жоспарына баланстық құны 50 (елу) айлық есептік көрсеткіштен аз, сондай-ақ бағалау құны 100 (бір жүз) айлық есептік көрсеткіштен аз мүлік кіргізілмейді. Бағалау құны 100 (бір жүз) айлық есептік көрсеткіштен аз мүлік тарату комиссиясы оны бағалау құнынан төмен емес бағамен сатпаған жағдайда таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін сату жоспарына кіргізіледі.

      Ескерту. 124-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      125. Тарату комиссиясы таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкiн сатуды осы Ережеде белгiленген тәртiпке сәйкес, мынадай талаптар мен мақсаттарды негiзге ала отырып жүргiзедi:

      1) сатылып отырған мүлiкке бағаны осы аймақтағы мүлiктiң осыған ұқсас түрлерiне берiлiп отырған рыноктық бағадан кем емес бағаны белгiлеу;

      2) мүлiктi ең жоғары бағамен сату;

      3) мүлiктi сату кезiнде шығындарды кемiту.

      Ескерту. 125-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      126. Сауда-саттықты ұйымдастырушы таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін сату туралы хабарландыруды аукцион өткізу күніне дейін кем дегенде күнтізбелік 10 (он) күн бұрын таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мүлкінің орналасқан жері бойынша облыстың немесе республикалық маңызы бар қаланың аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жылжымайтын мүлкін сату бойынша алғашқы сауда-саттық өтпеген болып танылған жағдайда, сауда-саттықты ұйымдастырушы таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін сату туралы хабарландыруды Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.

      Аукцион ол туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмей өткізіледі. Әрбір жеке аукционға жеке хабарландыру беріледі.

      Ескерту. 126-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      127. Сауда-саттықты жүргiзу туралы ақпараттық хабарламада мыналар болады:

      1) сауда-саттықты жасау күнi, орны және уақыты;

      2) мүлкi сатылуға қойылып отырған таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы және тарату комиссиясының мекен-жайы;

      3) қойылатын лоттардың сипаттамасы (мазмұны);

      4) әрбiр лот бойынша сауда-саттық жүргiзу әдiсi;

      5) сатуға қойылған лоттардың бастапқы және барынша төмен бағалары;

      6) кепiлдiк берiлген жарнаны енгiзу мөлшерi, мерзiмi және тәртiбi, сатушының деректемелерi;

      7) өтiнiмдердi қабылдау орны, уақыты және мерзiмi;

      8) сату объектiсiмен танысу күнi, уақыты және орны;

      9) сату объектiсiн сатып алу жөнiндегi төлем талаптары;

      10) сауда-саттықты жүргiзу ережелерiмен танысу және өзге де ақпараттар алуға болатын мекен-жай және телефондар;

      11) сатушының шешiмi бойынша басқа қосымша ақпарат.

      128. Сауда-саттықты ұйымдастырушы сауда-саттық өткенге дейiн әрбiр қатысушыға тiркелген сәтiнде берiлетiн аукционға қойылатын әрбiр лоттың ұсақ-түйегiне дейiн сипаттама берiлген аукцион картасын дайындайды.

      129. Ақпараттық хабарландыру жарияланғаннан кейiн сатушы аукционды ұйымдастыру және өткiзу және сату объектiсi туралы ақпаратпен тiлек бiлдiрушiлердiң барлығын құлақтандыруды қамтамасыз етедi.

      130. Сатушының функциясына мыналар кiредi:

      1) кепiлдiк берiлген жарналарды қабылдау;

      2) аукционды жүргiзу барысына бақылауды жүзеге асыру;

      3) сауда-саттық жеңiмпазымен сатып алу-сату шартын жасау және оны бақылау;

      4) қатысушылар мен сатып алушылардың есеп айырысуын жүзеге асыру.

      131. Аукционға қатысуға осы Ережеде белгiленген тәртiппен тiркеуден өткен жеке және заңды тұлғалар жiберiледi.

      132. Аукционға "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабына сәйкес бір-біріне қатысты үлестес әлеуетті сатып алушылар қатыстырылмайды.

      Ескерту. 132-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      133. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аукцион арқылы сатып отырған мүлкiн сатып алуға тiлек бiлдiрген тұлғалар аукцион басталғанға дейiн бір сағат бұрыннан кешiктiрмей кепiл жарна енгiзедi.

      Ескерту. 133-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      134. Аукционға қатысу үшiн кепiл жарна барлық таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшiн бiрдей мөлшерде белгiленедi және әрбiр сату объектiсi үшiн оның бастапқы бағасының бес процентi болады.

      135. Кепiл жарна қатысушының мынадай мiндеттемелерiн қамтамасыз ету болып табылады:

      1) сауда-саттық қорытындылары туралы хаттамасына қол қою;

      2) сауда-саттық қорытындылары туралы хаттамасына сәйкес сатып алу-сату шартын жасау;

      3) сатып алу-сату шарты бойынша мiндеттемелердi тиiсiнше орындау.

      136. Бір кепілдікті жарна сауда-саттыққа қатысуға және кепілдікті жарна енгізілген бір лотты сатып алуға құқық береді.

      Ескерту. 136-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      137. Кепілдікті жарнаны қатысушы не оның атынан Ереженің 132-тармағында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, кез келген басқа жеке немесе заңды тұлға енгізеді. Сатушы кепілдікті жарнаның алушысы болып табылады.

      Ескерту. 137-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      138. Сауда-саттықта жеңiске жеткен және сатып алу-сату шартын жасаған қатысушының кепiл жарнасы сатып алу-сату шарты бойынша тиесiлi шотқа қойылады.

      139. Сатушы мынадай жағдайларда:

      1) аукционды өткізуге дейін кемінде 3 (үш) күн бұрын оған қатысудан бас тартқанда;

      2) сауда-саттық жеңімпазы сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюдан не сатып алу-сату шартын жасаудан бас тартқанда;

      3) қатысушы сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға оның нәтижелерімен келіспеуді негіздемей қол қоюдан бас тартқанда;

      4) сатып алушы сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерін орындамағанда немесе тиісінше орындамағанда;

      5) егер қатысушы сауда-саттықтың ағылшын әдісінде бастама баға хабарланғаннан кейін немесе сауда-саттықтың голланд әдісінде ең төменгі бағаға жеткен кезде аукциондық нөмірін көтермеген болса, кепілдікті жарнаны қайтармайды.

      Ескерту. 139-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      140. Барлық басқа жағдайларда кепiл жарналар аукцион аяқталғаннан кейiн бес банктiк күннен аспайтын мерзiмде, ал егер сатушының банктiк шотына ақша аукционнан кейiн түскен болса, онда олар түскен күннен бастап бес банктiк күн iшiнде қайтарылады.

      141. Аукционға қатысушыларды тiркеу ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап жасалады және аукционның басталуына бiр сағат қалғанда аяқталады.

      142. Аукционға қатысушы ретінде тіркеу үшін құжаттар тізбесінде мыналарды қамтылады:

      1) белгіленген нысандағы аукционға қатысуға өтінім;

      2) жеке куәлік немесе "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларында көзделген жеке басты куәландыратын өзге құжат (жеке тұлға үшін)";

      3) кепілдікті жарнаның енгізілуін растайтын төлем құжатының немесе кіріс ордердің көшірмесі;

      4) сауда-саттыққа қатысушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжат;

      5) жарғының және құрылтай шартының (бар болса) және заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы анықтаманың (заңды тұлға үшін) нотариалды куәландырылған көшірмелері.

      Ескерту. 142-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      143. Аукционға қатысушыларды тiркеу сатушы ерiктi нысанда жүргiзетiн сауда-саттыққа қатысушыларды тiркеу журналында жасалады.

      144. Тiркеуден өткен тұлға аукцион болатын күнi аукцион нөмiрiне айырбасталатын қатысушы билетiн алады. Аукцион нөмiрiн сауда-саттық барысында басқа тұлғаның пайдалануына тыйым салынады.

      145. Аукционға қатысушы:

      1) сауда-саттыққа өзі немесе өзінің өкілдері арқылы қатысады;

      2) қосымша мәліметтерді, сауда-саттыққа шығарылатын сату объектісі бойынша нақтылауларды тегін алады;

      3) сауда-саттықта сатылатын объектіні алдын ала қарайды;

      4) өзінің құқығы бұзылған кезде сотқа жүгінеді;

      5) Ереженің 139-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кепілдікті жарнаны қайтарып алады;

      6) сатушыға бұл туралы жазбаша хабарлай отырып аукционға қатысуға өзінің өтінімін қайтарып алады.

      Ескерту. 145-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      146. Аукционға кіру билетін төлеген барлық ниет білдірушілер қатысады. Кіру билетінің құнын Сатушы өзі айқындайды, бірақ ол бір билет үшін бір айлық есептік көрсеткіштен аспайды. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, аукционға қатысушылар, уәкілетті органның және кредиторлар комитетінің өкілдері кіру билеттерін төлеуден босатылады.

      Ескерту. 146-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      147. Сатушы сауда-саттықты дайындаудың және оны өткізудің бүкіл кезеңінде:

      1) сауда-саттыққа қатысушыларға қатысы бар ақпаратты жария етпейді;

      2) Ереженің 142-тармағында атап көрсетілгендерді қоспағанда, аукционға қатысушылардан қатысушы ретінде тіркеу үшін қосымша құжаттарды талап етпейді.

      Ескерту. 147-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      148. Аукционды сауда-саттықты ұйымдастырушы өткізеді. Аукцион оны өткізу қағидаларын хабарлаудан басталады, онда сату объектісінің қысқаша сипаты, лоттың бастама (ең төменгі) бағасы, бағаны өзгерту қадамы және сауда-саттықты өткізу әдісі көрсетіледі. Аукционды өткізу қағидаларын бұзған адамдар аукцион өткізу залынан шығарылады.

      Ескерту. 148-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      149. Сауда-саттықты ұйымдастырушы бағаны өзгерту қадамын сауда-саттық барысында сату объектісінің бастама бағасының 5 (бес) пайызынан 10 (он) пайызына дейінгі шекте белгілейді.

      Ескерту. 149-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      150. Сауда-саттықты ұйымдастырушы аукцион картасында белгіленген тәртіпке қарамастан лоттарды сауда-саттыққа қою бірізділігі туралы шешім қабылдайды.

      Ескерту. 150-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      151. Аукционға бiрнеше лоттарды шығарған кезде әрбiр лот бойынша сауда-саттықтың әртүрлi әдiстерiн жасауға жол берiледi.

      152. Сауда-саттық төменде сипатталған екі әдістің бірімен өткізіледі:

      1) сауда-саттықты ұйымдастырушы лоттың бастама бағасын және бағаның өсу қадамын хабарлайтын сауда-саттықтың ағылшын әдісі. Сауда-саттыққа қатысушылар нөмірді көтере отырып бастама бағасын жоғарылатады, бірақ хабарланған қадамнан кем емес етіп жоғарылатады. Сауда-саттықты ұйымдастырушы лот бойынша сауда-саттыққа қатысатындардың аукциондық нөмірлерін хабарлайды, бағаны бекітеді және оны жоғарылатуды ұсынады. Лот бойынша сауда-саттық ұсынылған ең жоғары бағасына дейін барады. Сауда-саттықты ұйымдастырушы лоттың соңғы бағасын үш рет қайталайды және басқа көтерілген нөмірлер болмаған кезде балғамен ұрып сауда-саттық жеңімпазын атайды және осы лоттың сатылғаны туралы хабарлайды;

      2) сауда-саттықты ұйымдастырушы бастама бағасын төмендету қадамын хабарлаумен жаңа бағаны хабарлай отырып, лоттың бастама және ең төменгі бағасын хабарлайтын сауда-саттықтың голланд әдісі. Сауда-саттықты ұйымдастырушы баға хабарланған кезде аукциондық нөмірін бірінші болып көтерген қатысушының нөмірін атайды, лоттың соңғы бағасын үш рет қайталайды және басқа көтерілген нөмірлер болмаған кезде балғамен ұрып сауда-саттық жеңімпазын атайды және осы лоттың сатылғаны туралы хабарлайды. Сауда-саттыққа қойылатын лоттың ең төменгі бағасы төмендетілмейді. Сауда-саттыққа голланд әдісі бойынша алғаш рет қойылып отырған лоттың ең төменгі бағасы тарату комиссиясы бағалаушыны тарта отырып белгілейтін оның соңғы бағалау құнының 80 (сексен) пайызынан аз болмайды. Сауда-саттыққа голланд әдісі бойынша екінші рет және одан көп рет қойылып отырған лоттың ең төменгі бағасы тарату комиссиясы бағалаушыны тарта отырып белгілейтін оның соңғы бағалау құнының 50 (елу) пайызынан аз болмайды.

      Егер баға хабарланған сәтте екі немесе одан көп нөмір бір мезгілде көтерілген болса, сауда-саттықты ұйымдастырушы жеңімпазды айқындау сәтіне дейін белгіленген қадам шамасына бағаны көтере бастайды. Егер бағаны көтерген кезде өз нөмірін бір мезгілде көтерген сауда-саттыққа қатысушы тұлғалардың ешқайсысы көтерілген бағасы бойынша мүлікті сатып алуға ниет білдірмесе, сауда-саттықты ұйымдастырушы жеребе рәсімін қолданады.

      Жеребеде сауда-саттыққа қатысатын өз нөмірін бір мезгілде көтерген тұлғалар сауда-саттықты ұйымдастырушы дайындаған бірдей конверттерді тартады, олардың біреуінде "жеңімпаз" деген жазуы бар қағаз парағы, ал басқасында (басқаларында) – таза қағаз парағы болады.

      Конвертті тарту құқығын Ереженің 144-тармағына сәйкес аукционға қатысушы ретінде бірінші болып тіркеуден өткен сауда-саттыққа қатысушы алады. "Жеңімпаз" деген жазумен қағаз парағы бар конвертті тартқан сауда-саттыққа қатысушы сауда-саттықтың жеңімпазы деп танылады.

      Өткізілетін сауда-саттық мынадай жағдайда:

      1) сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер болмағанда немесе егер берілген өтінімдердің саны 1 (бір) өтінімнен аспайтын болса;

      2) сауда-саттыққа қатысушылар келмегенде немесе қатысушылардың келуі бір қатысушыдан аспайтын болғанда;

      3) сауда-саттықтың жеңімпазы сауда-саттық хаттамасына, сатып алу-сату шартына қол қоюдан бас тартқанда немесе сатып алу-сату объектісі бойынша сатушымен одан әрі есеп айырысулар тәртібін бұзғанда;

      4) көтерілген аукциондық нөмірлер болмағанда немесе сауда-саттықтың ағылшын әдісінде лоттың бастама бағасы хабарланған кезде бір ғана аукциондық нөмір көтерілгенде;

      5) сауда-саттықтың голланд әдісінде лоттың ең төменгі бағасы хабарланған кезде көтерілген аукциондық нөмірлер болмағанда өтпеген болып саналады.

      Ескерту. 152-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      153. Аукцион оған екiден кем емес қатысушы қатысқан жағдайда өткiзiлдi деп есептеледi.

      154. Аукционға бiрiншi рет қойылған мүлiктi сату сауда-саттықтың тек қана ағылшын әдiсi бойынша жүргiзiледi.

      155. Осы Ережеде аты аталған аукцион өткiзудiң кез-келген бiр әдiсi бойынша сауда-саттық өтпедi деп танылған жағдайда сатушы таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкiн сату жоспарына өзгерiстер енгiзедi. Мүлiктi сату жоспарына енгiзiлген өзгерiстердi кредиторлар комитетi, ал ол болмаған жағдайда - тарату комиссиясының төрағасы бекiтедi және уәкiлеттi органға жiберiледi. Өзгерiстер сатылатын лоттардың өзге құрылымын және (немесе) өзге бастапқы (барынша төмен) бағаны бередi.

      156. Сауда-саттықты жүргiзу кезiнде бiр сатып алушы қатысатын мүлiктi сату жоспарына енгiзiлген өзгерiстердi ескере отырып, сауда-саттықты жүргiзетiн ұйымдастырушы ұсынылып отырған лотты бiр ғана қатысушыға ағылшын әдiсi бойынша бастапқы бағадан төмен емес, голланд әдiсi бойынша барынша төмен бағадан кем емес бағамен сатады.

      157. Сол күнi әрбiр сатылған лот бойынша сауда-саттықтың нәтижесi сауда-саттықтың нәтижесi туралы хаттамамен ресiмделедi, оған сауда-саттықты жүргiзетiн ұйымдастырушы, сауда-саттық жеңiмпазы және сауда-саттықтың соңында әрбiр лот бойынша барлық қатысушылар қол қояды. Сауда-саттыққа қатысушыларға кепiл жарна сауда-саттықтың қорытындысы туралы хаттамаға қол қойған жағдайда ғана қайтарылады. Хаттамаға қол қоймаған сауда-саттыққа қатысушы оның қорытындысымен неге келiспейтiндiгiн жазбаша негiздеп бередi.

      158. Сауда-саттық қорытындысы туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартқан сауда-саттық жеңiмпазы одан әрi аукционға қатысу құқығынан айырылады. Бұл жағдайда осы объектiдегi сауда-саттық жаңаланады.

      159. Сауда-саттық қорытындысы туралы хаттама сауда-саттық жеңiмпазының және сатушының объектiнi сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартын жасайтын сауда-саттық қорытындысы мен мiндеттемелерiн белгiлейтiн құжат болып табылады.

      160. Аукцион өткеннен кейiн үш күн iшiнде шарттың мәнi, тараптар құқықтары, мiндеттерi және жауапкершiлiгi, сату объектiсiнiң түпкiлiктi бағасы, төлем шарттары, тараптар деректемелерi, сондай-ақ сатып алушы мен сатушы қол қоятын, тараптар арасында жасалатын сауда-саттық объектiсiн қабылдау-өткiзу актiсiн жасайтын тараптардың көздеуi бойынша өзге талаптар көрiнiс табатын сатып алушы мен сатушының арасында сатып алу-сату шарты жасалады.

2-параграф. Сауда-саттыққа қатысушылар арасында
есеп айырысу жүргiзу тәртiбi

      161. Егер шартта бөлiп-бөлiп төлеу көзделмеген болса, Сатушы мен Сатып алушы арасында сатып алу-сату шарты жасалғаннан кейін 5 (бес) банктік күннен кешіктірмей Сатып алушы шартта көрсетілген соманы Сатушының ағымдағы шотына аударады және оған тиісті төлем құжатының көшірмесін растауға ұсынады.

      Ескерту. 161-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      162. Сатып алушы аукционда сатып алынған мүлiк үшiн қажеттi төлемдi осы Ереженiң 161-тармағымен белгiленген мерзiмде енгiзбеген жағдайында сатушы осы шарттың талаптарында көзделген бiржақты тәртiппен сатып алу-сату шартын бұзады. Сатып алушы енгiзген кепiл жарна оған қайтарылмайды және осы мүлiк сауда-саттыққа екiншi рет қойылады. Сатып алушының сату объектiсi үшiн төлем енгiзбеген кездегi жауапкершiлiгi оның сатушымен арасында жасалған сатып алу-сату шартында көзделедi.

10-тарау. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымының құжаттарын сақтауды және архивке берудi
ұйымдастыруға қойылатын талаптар

      163. Тарату комиссиясы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына есептi қамтамасыз ету, сақталуы тиiс құжаттарды ресiмдеу және сақтау, оның iшiнде мұрағатты және құжаттарды басқару жөнiндегi мемлекеттiк уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына сәйкес тарату комиссиясының қызметiне байланысты мәселелер бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қойылатын барлық талаптарды орындауды қамтамасыз етедi.

      164. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының құрамы өзгерген жағдайда сақталуы тиiс iстердi және құжаттарды тарату комиссиясының жаңа құрамына (оның жеке мүшелерiне) беру таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iстерiн және құжаттарын қабылдау-өткiзу актiсi негiзiнде жасалады.

      165. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметі нәтижесінде пайда болған құжаттардың сақтау мерзімі көрсетілген тізбесі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру нарығының кәсіби қатысушыларының және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сақтандыру агенттерінің құжаттарды сақтау ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 182 қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6932 тіркелген) белгіленеді.

      Ескерту. 165-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 130 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      166. Iстер мен құжаттардың сақтау мерзiмiн есептеу iс жүргiзу аяқталған жылдан кейiнгi жылдың бiрiншi қаңтарынан басталады.

      167. Сақтауға жатқызылмайтын құжаттарды жою мұрағатты және құжаттаманы басқару жөнiндегi тиiстi органның сараптамалық-тексеру комиссиясымен келiсiле отырып, тарату комиссиясының төрағасы бекiткен актiмен ресiмделедi.

      168. Мұрағат ісі және құжаттама саласындағы уәкілетті органмен келісусіз құжаттарды жою жүргізілмейді.

      Ескерту. 168-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      169. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тұрақты сақталуға жататын құжаттары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналасқан жері бойынша мемлекеттік мұрағаттарға реттелген түрде тапсырылады, ал сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын таратуды толық аяқтау сәтінде сақталу мерзімі өтпеген, уақытша сақталуға жататын, оның ішінде жеке құрам бойынша құжаттары қабылдау-өткізу актісі бойынша уәкілетті органның филиалдарына тапсырылады.

      Ескерту. 169-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      170. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      171. Iстердi мұрағаттық сақтауға беруге дайындау кезiнде құжаттардың есебi мен сақталуын ұйымдастыруға жауапты тұлға тiзiмдемеге енгiзiлген iстердiң ресiмделуiнiң, қалыптасуының және iстер санының сәйкестiгiнiң дұрыстығын, таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iс номенклатурасына сәйкес расталған iстер санын тексередi.

      Егер таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құжаттарын өңдеудiң жай-күйi және сапасы тиiсiнше жағдайда болмаған болса, онда тарату комиссиясы оны тәртiпке келтiрудi ұйымдастырады.

      Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құжаттарын сақтауды ұйымдастыру жөнiндегi шығыстар таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаражаты есебiнен жүргiзiледi.

11-тарау. Таратуды аяқтау

      172. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторларымен және акционерлерiмен есеп айырысуы аяқталғаннан кейiн тарату комиссиясы сотқа уәкiлеттi органмен келiсiлген тарату туралы есептi және тарату балансын ұсынады.

      Сот тарату туралы есептi және тарату балансын бекiтедi және тарату өндiрiсiнiң аяқталғандығы туралы ұйғарым шығарады.

      173. Тарату комиссиясы тарату балансы және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату туралы есеп бекітілген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде оларды заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын әділет органына, ал көрсетілген құжаттардың көшірмелерін – уәкілетті органға ұсынады.

      Ескерту. 173-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      174. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметiн тоқтатуды тiркеу Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

      174-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметін тоқтатуды тіркегеннен кейін тарату комиссиясы бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметін тоқтатуды тіркеу туралы бұйрықтың көшірмесін ұсынады.

      Ескерту. 174-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 130 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      175. Тарату комиссиясының өкiлеттiгi сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының таратылуын тiркеу туралы әдiлет органының бұйрығын алғаннан кейiн, құжаттарды сақтау үшiн архивке тапсырғаннан кейiн және бұл жөнiнде уәкiлеттi органды хабардар еткеннен кейiн тоқтатылады.

12-тарау. Қорытынды ережелер

      176. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамалық нормаларына сәйкес шешiлуi тиiс.

  Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын
мәжбүрлеп тарату туралы ережеге
1-қосымша

      Нысан

Тарату шығыстары сметасы

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      ____________ жылғы _____ тоқсан

      __________________________________________________________

      (таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)

Шығыстар баптарының атауы

Жоспарланған шығыстар сомасы (мың теңгемен)

1

2

3

Айы


1

Еңбекке ақы төлеу шығыстары


1.1

тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне сыйақы төлеуге арналған шығыстар, оның ішінде:


1.1.1

тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне сыйақы


1.1.2

жеке табыс салығы


1.2

еңбек шарттары негізінде жұмыс істейтін тарату комиссиясына тартылған қызметкерлерге ақы төлеуге арналған шығыстар, оның ішінде:


1.2.1.

лауазымдық еңбекақы


1.2.2

жеке табыс салығы


1.2.3

міндетті зейнетақы жарналары


1.3

өтеулі қызмет көрсету шарттары бойынша қызмет көрсететін тұлғалардың жұмысына ақы төлеуге арналған шығыстар, оның ішінде:


1.3.1

көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеу


1.3.2

жеке табыс салығы


2

Бюджетке аударымдар бойынша шығыстар


2.1

әлеуметтік салық


2.2

әлеуметтік аударымдар


2.3

мүлікке салынатын салық


2.4

көлік құралдарына салынатын салық


2.5

жер салығы


2.6

қосымша құн салығы


2.7

жер телімін пайдалану төлемі, қоршаған орта эмиссиясы үшін төлем


2.8.

өзге салықтар және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер


3

Әкімшілік шығыстар


3.1

қызметтік және шаруашылық қажеттіліктерге көлік жалдау жөніндегі қызмет


3.2

байланыс қызметі


3.3

үйлер мен ғимараттарды күзету және сигнализация жөніндегі қызмет


3.4

көлікті күзету жөніндегі қызмет


3.5

көлік үшін тұрақты ұсыну жөніндегі қызмет


3.6

көлікті тіркеу жөніндегі қызмет


3.7

көлікті техникалық қарау жөніндегі қызмет


3.8

көлікті сақтандыру жөніндегі қызмет


3.9

қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеу


3.10.

коммуналдық қызмет


3.11

ағымдағы жөндеу, негізгі құрал-жабдықтарға техникалық, сервистік қызмет көрсету (қарау) жөніндегі жұмыстар


3.12

үй-жайды жалдау


3.13

тіркеу органдарында жылжымайтын мүлікті және тиісті құжаттаманы тіркеу жөніндегі қызмет


3.14

мүлікті бағалау жөніндегі қызмет


3.15

бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жөніндегі қызмет


3.16

жылыту жүйесін қосуға дайындық жөніндегі қызмет


3.17

сантехникалық жұмыстар


3.18

мүлікті сақтау жөніндегі қызмет


3.19

мемлекеттік бажды төлеу


3.20

нотариалды куәландыру жөніндегі қызмет


3.21

мүлікті тасымалдау, тиеу, түсіру жөніндегі қызмет


3.22

терезелерге темір торларды, есіктерді дайындау және орнату жөніндегі жұмыстар


3.23

аукциондар өткізу жөніндегі қызмет


3.24.

инкассация қызметі


3.25.

сараптама жүргізу жөніндегі қызмет


3.26

аудит жүргізу жөніндегі қызмет


3.27

құжаттарды аудару қызметі


3.28

телефон нөмірлерін орнатуға, ауыстыруға немесе басқа жерге орнату


3.29

акционерлердің тізілімін өзекті күйде ұстау үшін тіркеушінің қызметі


3.30

банк шотына қызмет көрсету, банк шотын ашусыз жүзеге асырылған ақша аударымы мен төлемдері жөніндегі қызмет


3.31

құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу және оларды мұрағатқа тапсыру жөніндегі қызмет


3.32

таратуды тіркегені үшін алым төлеу


3.33

коллекторлық қызмет


4

Тауар-материалдық құндылықтарды сатып алу шығыстары


4.1

офис жабдықтарын жұмысқа қабілетті жағдайда ұстау


4.2

көлік құралдарын ұстау


4.3

үй-жайды ұстау


4.4.

қағаз және бланктік өнімдерді сатып алу


4.5

кеңсе тауарларын сатып алу


4.6

жанар-жағар май материалдарын сатып алу


5

Іссапарлық шығыстар


6

Көзделмеген шығыстар


7

Өзге.шығыстар


Бір айдағы жиынтығы








Бір айдағы жиынтығы








Бір айдағы жиынтығы


Тоқсандағы жиынтығы



      Тарату комиссиясының төрағасы _________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Бас бухгалтер _________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Орындаушы _____________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы, телефоны)

  Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын
мәжбүрлеп тарату туралы ережеге
2-қосымша

      Нысан

      ________________________________________________________________

      (таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)

Кассир қабылдаған және берген ақшаны (құндылықтарды) есепке алу кітабы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Басталды ____________________

      Аяқталды ____________________

      Оны толық пайдаланғанға дейін кітапқа жазылады

Кіріс

Түскен күні

Кімнен қабылданды (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Кіріс құжаттардың саны (данамен)

Цифрлармен сомасы (валюта түрін көрсете отырып бірліктермен)

Сомасы жазумен

Мақсаты

Кассирдің қолы

Бас бухгалтердің (бөлімше бухгалтерінің)

қолы

Төрағаның (бөлімше басшысының)

қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

9










қалдығы









қалдығы









Бір күндегі жиынтығы










Шығыс

Берілген

күні

Кімге берілді (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

Шығыс құжаттардың саны (данамен)

Цифрлармен сомасы (валюта түрін көрсете отырып бірліктермен)

Сомасы жазумен

Мақсаты

Кассирдің қолы

Бас

бухгалтердің (бөлімше бухгалтерінің)

қолы

Төрағаның (бөлімше басшысының)

қолы)

1

2

3

4

5

6

7

8

9










қалдығы









қалдығы









Бір күндегі жиынтығы









Бір күндегі жиынтығы










      Растаушы жазба

      Осы кітаптағы жиынтығы

      __________________________________________________________________,

      (таратылатын банктің атауы)

      20 ___ жылғы "___" _________ жазбаларға арналған ___________________

      ____________________________________________________________________

      (саны жазумен көрсетіледі)

      __________________ нөмірден бастап_____________ нөмірге дейін қоса

      алғанда нөмірленген, байланған және мөрмен бекітілген парақ.

      20 ___ жылғы "____" ____________

      Төраға (бөлімше басшысы) __________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Бас бухгалтер (бөлімше бухгалтері)_________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Кассир ____________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

  Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын
мәжбүрлеп тарату туралы ережеге
3-қосымша

      Нысан

      Бекітемін

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Төрағасының орынбасары

      ____________________________________ жылғы "___"__________

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Кредиторлар комитеті құрамының тізімі

      Ескерту. 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      _________________________________________________________

      (таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)

р/с

Кезектіліктің (санаттың) нөмірі және атауы)

Кредиторлар комитетінің құрамына енгізілген таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кредиторының атауы

Кредиторлық берешек сомасы

1

2

3

4










      Тарату комиссиясының төрағасы _________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Бас бухгалтер ________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Орындаушы ____________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы, телефоны)