Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 77 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 19 маусымда тіркелді. Тіркеу N 4257

Жаңартылған

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату ережесi бекiтiлсiн.
      2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерiксiз тарату туралы ереженi бекiту туралы" 2001 жылғы 28 қазандағы N 420 қаулысы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1769 тiркелген);
      2) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әдiлет Министрлiгiнде N 1769 тiркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының уақытша әкiмшiлiгiнiң, арнайы басқарушысының қызметi және ерiксiз тарату туралы ереженi бекiту туралы" 2001 жылғы 28 қазандағы N 420 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 8 қаулысы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2710 тiркелген, 2005 жылғы 16 қыркүйекте N 170-171 "Юридическая газета" газетiнде жарияланған).
      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      4. Қаржы ұйымдарын тарату департаментi (Мұқашева A.M.):
      1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларына жiберсiн.
      5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлiмi (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттiк Төрағасының орынбасары F.H.Өзбековке жүктелсiн.

       Төраға

      Келiсiлдi
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық Банкi
      Төраға

      15.05.2006
      ____________________________
      (қолы, күні, елтаңбалы мөрі)

      Келiсiлдi
      Қазақстан Республикасының
      Мәдениет және ақпарат
      министрлігінің
      Ақпарат және мұрағаттар комитеті
      Төраға

      23.05.2006
      ____________________________
      (қолы, күні, елтаңбалы мөрі)

Қазақстан Республикасы   
Қаржы нарығын және    
қаржы ұйымдарын      
реттеу мен қадағалау    
агенттiгi Басқармасының  
N 77 қаулысымен бекiтiлген

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын
мәжбүрлеп тарату туралы
Ереже

      Осы Ереже сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату, оның iшiнде банкроттық негiз бойынша (бұдан әрi - мәжбүрлеп тарату) тарату тәртiбiн, мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының (бұдан әрi - тарату комиссиясы) жұмысына қойылатын талаптарды, таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторлар комитетiн қалыптастыру және қызмет ерекшелiктерiн айқындайды.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне, 1995 жылғы 30 наурыздағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы», 2000 жылғы 18 желтоқсандағы «Сақтандыру қызметi туралы» (бұдан әрі – Сақтандыру қызметi туралы Заң), 2003 жылғы 4 шілдедегі «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы», 2003 жылғы 13 мамырдағы «Акционерлiк қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес әзiрленген.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы Ережені қолдану мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) барынша төмен баға – бұдан төмен болғанда лот сатыла алмайтын баға;
      2) бастапқы баға – әрбір лот бойынша сауда-саттық басталатын және лоттың бағалау бағасынан төмен бола алмайтын баға;
      3) болжанбаған шығыстар – тарату комиссиясы жоспарламаған, мөлшері жүз айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс, шұғыл қажеттіліктерге арналған шығын;
      4) кредиторлар комитеті – кредиторлардың мүдделерін қамтамасыз ету және олардың қатысуымен шешімдер қабылдау мақсатында таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторлары қатарынан құрылатын орган;
      5) кредиторлар санаты – талаптары біртектес сипатта болатын және Сақтандыру туралы Заңның 72-бабында көзделген белгілі бір кезек шегінде қанағаттандырылатын кредиторлар тобы;
      6) кредиторлар талаптарының тiзiлiмі – уәкiлеттi орган бекіткен, кредиторлардың белгіленген мерзімде жарияланған және тарату комиссиясы таныған талаптарын көрсететін құжат;
      7) құндылықтар – Қазақстан Республикасының валюталық құндылықтары, банкноттары мен монеталары, бағалы қағаздар және қатаң есепті бланктер, қымбат металлдар, олардан жасалған бұйымдар, сондай-ақ айналыстан шыққан, қымбат металлдардан жасалған монеталар және бағалы заттар;
      8) лот - сату үшiн бөлiнбейтiн бiрлiктерге бөлінген, аукционға шығарылатын мүлiк;
      9) мерзiмдi баспасөз басылымы - тұрақты атауы, ағымдағы нөмiрi бар және кемінде үш айда бір рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшалары;
      10) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторы – таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына азаматтық-құқықтық және өзге де міндеттемелерден туындайтын мүліктік талаптары бар тұлға;
      11) сату бағасы – сауда-саттық нәтижесінде белгіленген лоттың ақырғы бағасы, ал мүлік сауда-саттықты өткізусіз сатылатын жағдайда – кредиторлар комитеті не осы Ережеге сәйкес тарату комиссиясының төрағасы белгілеген, мүліктің ақырғы бағасы;
      12) сату объектiсi – таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сауда-саттыққа жеке (дербес) бiрлiк ретінде шығарылатын мүлкі немесе бірнеше бiрлiктерден бір лотқа шоғырландырылған өзге мүлкі;
      13) сатушы – таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы;
      14) сатып алушы - сатушымен сатып алу-сату шартын жасасқан сауда-саттық жеңімпазы;
      15) сауда-саттық жеңімпазы – сауда-саттықта лот үшiн мейлінше жоғары баға ұсынған қатысушы;
      16) сауда-саттыққа қатысушы - сауда-саттықты жүргiзудi ұйымдастырушы белгілеген тәртіппен сауда-саттыққа қатысу туралы өтiнiш берген және сауда-саттықты жүргiзудi ұйымдастырушы оны қатысушы ретінде тіркеген жеке немесе заңды тұлға;
      17) сауда-саттықты жүргiзудi ұйымдастырушы – таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы немесе тарату комиссиясымен сауда-саттықты өткізу бойынша қызмет көрсету туралы шарт жасасқан және оның қорытындысының қандай болатынына мүдделі емес жеке не заңды тұлға;
      18) сауда-саттықтың ағылшын әдiсi – лоттың бастапқы бағасы алдын-ала жарияланған қадам бойынша лот үшiн барынша жоғары баға ұсынған қатысушылардың бiрi қалған сәтке дейін көтеріле беретін сауда-саттық әдiсi;
      19) сауда-саттықтың голланд әдiсi – лоттың бастапқы бағасы алдын-ала жарияланған қадам бойынша қатысушылардың бiрi лотты жарияланған бағамен сатып алуға келіскен сәтке дейін төмендетіле беретін сауда-саттық әдiсi;
      20) тарату комиссиясы – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылданған жағдайда уәкiлеттi орган тағайындайтын (босататын), тарату рәсiмдерiн жүргізу барысында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iстерiн аяқтау және оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз ету мақсатында тарату комиссиясы төрағасының тікелей басшылығымен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін және iстерiн басқару жөнiндегi өкiлеттiктi жүзеге асыратын орган;
      21) тарату комиссиясының шығыстары – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мәжбүрлеп таратылу барысындағы тауарлардың, жұмыстың және қызметтің тұтынылуына байланысты шығындар (бұдан әрi – тарату шығыстары);
      22) тарату, конкурстық масса – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iстерiн аяқтауға және оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз етуге арналған таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері;
      23) тарату массасын мақсатсыз жұмсау – уәкiлеттi органмен келiсiлген немесе кредиторлар комитеті бекіткен тарату шығыстарының сметасында көзделмеген шығындарды жүзеге асыру;
      24) тарату шығыстарының бекiтiлген сметасы – тарату комиссиясының төрағасы уәкiлеттi органмен немесе кредиторлар комитетімен келісе отырып бекіткен, тиiстi уақыт кезеңіне арналған смета;
      25) тарату шығыстарының сметасы - тарату комиссиясы белгiлi бір уақыт кезеңіне болжап отырған шығындарды көрсететін құжат;
      26) тарату өндiрiсi - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iстерiн аяқтау және оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын, заңды тұлға ретiндегi сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметiн тоқтату рәсiмi;
      27) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы - сот шешiмiнің заңды күшіне енуіне байланысты мәжбүрлеп тарату барысында болып отырған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы;
      28) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкі – құндық бағасы бар және тарату, конкурстық массаға енгiзiлген мүлiктiк қажеттiлiк пен құқықтар жиынтығы;
      29) уақытша әкiмшiлiк (уақытша әкімші) – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мүлкiнiң сақталуын қамтамасыз ету үшін және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын басқаруды қамтамасыз ету жөнiндегi іс-шараларды жүзеге асыру үшін уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиясынан айыру туралы шешім күшіне енген күннен бастап және уәкiлеттi орган тарату комиссиясын тағайындағанға дейiнгi кезеңге тағайындайтын орган;
      30) уәкiлеттi орган – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы банкрот деп танылған жағдайда тарату осы Ережеге және Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  2-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымын мәжбүрлеп таратуды жүргiзу тәртiбi

      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешiмiнiң заңды күшiне ену күнi мәжбүрлеп тарату процесiнiң басы болып саналады.

      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешiмiнiң заңды күшiне ену күнiнен бастап және тарату өндiрiсi аяқталғанға дейiн:
      1) акционерлердiң  жалпы жиналысының , мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының  басқа органдары мен лауазымдық тұлғаларының , оның iшiнде мүлiктi басқару және мiндеттемелердi өтеу жөнiндегi өкiлеттiктерi, сондай-ақ олардың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын басқару жөнiндегi құқықтары тоқтатылады;
      2) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан немесе соның есебiнен жүзеге асатын iс-әрекеттер егер оларды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының таратылатын комиссиясының төрағасы не осы iс-қимылдарды жасау үшiн ол берген сенiмхат бар тұлға жасаған жағдайда заңды күшi болады;
      3) Сақтандыру қызметі туралы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық борыштық мiндеттемелерiнiң мерзiмдерi біткен болып есептеледі;
      4) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторлық берешегiнiң барлық түрлерi бойынша тұрақсыздық айыбын және сыйақыны (мүдденi) есептеу тоқтатылады;
      5) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкiне өндiрiп алу жөнiндегi өтiнiшке заңнамамен белгiленген барлық шектеулер алынып тасталады;
      6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты мүлiктiк сипаттағы барлық талаптары бар сотта қаралатын даулар, егер олар бойынша қабылданған шешiмдер заңды күшiне енбеген болса, тоқтатылады;
      7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты мүлiктiк сипаттағы барлық талаптар осы сәттен бастап, тек қана сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының атына берiлуi мүмкiн және осы Ережеде және Қазақстан Республикасының  заңнамасында белгiленген тәртiппен қаралады;
      8) таратылып отырған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлiктiк талаптарына қатысты соттың атқарушы құжаттарын тарату комиссиясы Сақтандыру қызметi туралы Заңында белгiленген кезектiлiк тәртiбiмен орындауға бередi.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры (бұдан әрі – Қор) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушысы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 маусымдағы Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес өзіне міндеттемелер қабылдайды.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп таратуға байланысты барлық шығыстар осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз қаражаты есебiнен ғана жасалады.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және тарату комиссиясының уақытша әкiмшiлiгiнiң (уақытша әкiмшiсiнiң) құрамына кiрген уәкiлеттi орган қызметкерлерiне еңбекақы төлеуге байланысты шығыстарды, сондай-ақ орталық әдiлет органының ресми баспасөз басылымдарында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот қабылдаған шешiм туралы ақпаратты жариялау жөнiндегi шығыстарды және әдiлет органының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату негiздемесi бойынша және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкi болмаған жағдайда не оның құны осы шығыстарды жабуға жеткiлiксiз болса, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату аяқталған соң құжаттарды мұрағатқа сақтауға тапсыру жөнiндегi қызметтiң тоқтатылуын мемлекеттiк тiркеуге байланысты шығыстарды қоспағанда уәкiлеттi органның мәжбүрлеп тарату негiздемесi бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметiн тоқтату жөнiндегi шығыстарды қаржыландыруына тыйым салынады.

  3-тарау. Тарату комиссиясы

      8. Тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап оған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкiн және iсiн басқару жөнiндегi өкiлеттiктер өтедi.
      Тарату комиссиясы уақытша әкiмшiлiктен (уақытша әкімшіден) бір айдан аспайтын мерзімде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құжаттарын және мүлкін қабылдау-өткiзу актiсi бойынша қабылдап алады.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына берiлген лицензияларының түпнұсқалары тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органға қайтарылуға тиiс.
      Тарату комиссиясы кредиторлармен және акционерлермен есеп айырысуды аяқтауды қамтамасыз ету жөнiндегi iстi қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iсiн аяқтау үшiн шаралар қабылдайды.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Тарату комиссиясы таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан іс-әрекет жасайды және оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдау кезінде дербес әрекет етеді.
      Тарату комиссиясы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату рәсімін тарату комиссиясының төрағасы бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады. Жұмыс жоспары жарты жылдықтарға бөлініп, бір жылға жасалады және тарату комиссиясы тағайындалған сәттен бастап жиырма жұмыс күні ішінде және одан кейін жоспарланатын кезеңнің алдындағы айдың оныншы күнінен кешіктірмей уәкiлеттi органға мәлімет үшін ұсынылады.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру жүйесiне қатысушы-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының құрамына уәкiлеттi органға ұсынылған өтiнiш негiзiнде Қордың өкiлi кiре алады.

      11. Тарату комиссиясының төрағасы тарату комиссиясының жұмысына басшылық жасайды және оның қызметiнiң Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес жүзеге асырылуына дербес жауап бередi. (K990409K970167K010155)
      Тарату комиссиясының төрағасы болмаған кезде оның мiндеттерiн төрағаның тарату комиссиясы мүшелерінің қатарынан тағайындайтын орынбасары орындайды.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары не өкiлдiктерi болған жағдайда, оларды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының сол жерде құрылған бөлiмшесi (бұдан әрi - бөлiмше) таратады.

      13. Бөлiмшеге тарату комиссиясы мүшелерiнiң арасынан тарату комиссиясының төрағасы тағайындайтын бөлiмше басшысы (бұдан әрi - бөлiмше басшысы) басшылық жасайды.
      Бөлiмше басшысы өз қызметiн Қазақстан Республикасының   заңнамасында белгiленген тәртiппен ресiмделген және оған тарату комиссиясының төрағасы берген  сенiмхат негiзiнде жүзеге асырады.
      Бөлiмше басшысы және тұтас алғанда бөлiмше тарату комиссиясының төрағасына есеп бередi.

      14. Бөлiмше басшысы Қазақстан Республикасының  заңнамалық актiлерiне сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметiне және филиалын не өкiлдiгiн таратуды жүзеге асыруға жауап бередi.

      15. Еңбекке ақы төлеу талаптарын қоса алғанда, тарату комиссиясы мүшесiнiң, тарату комиссиясы бөлімшесі басшысының құқықтары мен мiндеттерi тарату комиссиясының төрағасымен жасалатын еңбек шартында айқындалады. Тартылған қызметкердің құқықтары мен мiндеттерi еңбек шартында немесе өтем төленетін қызмет көрсету шартында айқындалады.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      16. Тарату комиссиясының төрағасы оның қызметін жедел басқаруды жүзеге асырады, бөлімшелерінің және олардың басшыларының қызметіне бақылау жасайды.
      Тарату комиссиясының төрағасы осы Ереженің 107-тармағына сәйкес таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторлар комитетінің өкілеттігіне кіретін мәселелерді қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату өндірісі мәселелері бойынша дербес шешім қабылдайды, сондай-ақ шарттарға, сенімхаттарға, бұйрықтарға, өкімдерге және тарату өндірісі барысында туындайтын мәселелерді шешуге байланысты басқа да құжаттарға қол қояды.
       Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      17. Тарату комиссиясының төрағасы, бөлiмшелерiнiң басшылары мен мүшелерi сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату барысында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына зиян келтiру, өкiлеттiктi терiс пайдалану, сондай-ақ басқа да жол берiлген жөнсiздiктерi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленгендей жауап бередi.
      Таратылатын заңды тұлғаның (оның басқару органдарының, басшы қызметкерлерiнiң) тарапынан Қазақстан Республикасының заңнамасын терiс мақсатта пайдалану немесе басқа да тәртiп бұзу фактiлерi анықталған жағдайда тарату комиссиясы белгiленген тәртiппен бұл жөнiнде құқық қорғау органдарына хабарлауы, сондай-ақ уәкiлеттi органға мәлiмдеуi тиiс.

      18. Тарату комиссиясы мынадай iс-шаралар жүргiзедi:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап он жұмыс күні iшiнде шағымдар (арыздар) беру тәртiбiн, мерзiмiн және кредиторлар өз талаптарын қоя алатын мекен-жайды мiндеттi түрде көрсете отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы ақпаратты орталық әділет органының ресми баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тiлдерiнде жариялайды;
      2) тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде мүлiктi және онымен жасалған мәмiленi тiркеудi жүзеге асыратын органдарды, сондай-ақ бағалы қағаздар тiркеушiлерiн сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы хабардар етедi және тарату комиссиясы жасамайтын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкiн басыбайлы беру жөнiндегi мәмiленi тiркеуге тыйым салуды, сондай-ақ кепiл ұстаушы болып табылатын таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкiнен ауыртпалықты алып тастауға тыйым салуды белгiлейдi;
      2-1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде салық органдарын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мәжбүрлеп таратылатыны туралы хабардар етеді;
      2-2) тағайындалған сәттен бастап бір жұмыс күнінен кеш емес мерзімде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банк шоттары бар екінші деңгейдегі банктерге бірінші және екінші қол қоюдың және мөр бедерінің үлгілері бар жаңа құжаттарды ұсынады; 
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату бойынша мiндеттердiң тарату комиссиясына жүктелгенiн растайтын құжатты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшыларына қол қойдыра отырып таныстырады;
      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшыларынан, не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкiмшiлiгiнен (уақытша басқарушысынан) қабылдау-өткiзу туралы акт жасай отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мөртабандарын, мөрлерiн, электронды ақпарат тасымалдаушыларын, бағдарламалық қамтамасыз етуiн, бланкiлерi мен басқа да барлық құжаттарын тез арада талап етедi;
      5) қабылдау-өткiзу актiсi бойынша активтердi, оның iшiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкiн қабылдайды, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы шарттарының (полистерiнiң) бланктерiн және сақтандыру агенттерiндегi қолма-қол ақшаның қалдығын қабылдап алады;
      6) осы Ереженің 53-тармағында көзделген, кассадағы қолма-қол ақша қалдығының күн сайынғы лимитін қоспағанда, дереу сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кассасына түгендеу жүргiзедi, ақша қалдығын таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ағымдағы шоттарына есепке жазады;
      7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы тағайындаған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банктiк шоттарын салыстырып тексередi, оларды жабады және таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының теңгемен және қажеттілігіне қарай шетел валютасында ағымдағы шоттарын ашады;
      7-1) Сақтандыру қызметі туралы Заңның 69-1-бабының 5-тармағында белгіленген тәртіпте таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелі табыс етілетіні туралы хабарландыруды жариялайды;
      8) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот қабылдаған шешiм және тарату комиссиясының тағайындалғаны туралы хабарландыруды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының клиенттерi үшiн көрнекi жерге орналастырады;
      9) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы, ал қажет болған кезде өзге де қызметкерлерiн Қазақстан Республикасының еңбек заңнамаларына сәйкес жұмыстан шығарады;
      10) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерi мен мiндеттемелерiне түгендеу жүргiзедi;
      11) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерiн анықтайды;
      12) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату мақсаттарына сәйкес активтерiн басқарады;
      13) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш ай ішінде Сақтандыру қызметі туралы Заңның 69-1-бабында көзделген тәртіпте сақтандыру портфелін басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына табыс ету бойынша шаралар қабылдайды;
      14) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан сотта талап қояды және мүддесiн бiлдiредi;
      15) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бағдарламалық қамтамасыз етуiн және электронды ақпарат тасымалдаушыларын, сондай-ақ басқа да ақпараттарын сақтауды қамтамасыз етедi;
      16) толық материалдық жауап беретiн адамдар тобын, оның iшiнде бухгалтерлiк есеп жүргiзудiң және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық және басқа да есебiн жасаудың электронды жүйесiне кiре алатын адамдарды белгiлейдi;
      17) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iстерi белгiленген заңнамалық тәртiппен қабылданған соң сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құжаттарын сақтауды ұйымдастыруға жауапты адам тағайындалады;
      18) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату процесi басталған күнге электронды түрдегi есепке алу - бухгалтерлiк ақпаратты шығарады. Мұндай ақпарат электронды түрде жоқ болған жағдайда қағазға шығарылған ақпарат негiзге алынады;
      19) тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап бес жұмыс күні iшiнде Қордың атына мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кепілдік берілетін сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру шарттарының тізілімін жiбередi; 
      20) кредиторлар тiзiмiн жасайды, қолда бар құжаттар бойынша олардың мекен-жайларын белгiлейдi және талдау есебiнiң деректерiмен салыстырады;
      21)  Алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.10.24.  N 241 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      22)  Алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.10.24.  N 241 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      23) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторларының талаптарының заңдылығын анықтайды және оларды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бекiтiлген аралық тарату балансына және кредиторлардың талап ету тiзiлiмiне сәйкес қанағаттандырады;
      24) өз функциялары мен мiндеттерiн орындауды қамтамасыз ету үшiн адамдарды еңбек шарттары, сондай-ақ өтем төленетін қызмет көрсету шарттары бойынша жұмысқа қабылдайды;
      25) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын таратудың барлық кезеңi бойына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкi мен құжаттарының сақталуы бойынша шаралар қабылдайды;
      26) жыл қорытындысы бойынша мерзiмдiк баспасөз басылымдарында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымындағы тарату өндiрiсiнiң барысы туралы ақпарат жариялайды;
      27) уәкiлеттi органның талап етуi бойынша тарату өндiрiсiне қатысты мәлiметтердi ұсынады;
      28) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату туралы есебiн, тарату балансын жасайды және оларды келiсу yшiн уәкiлеттi органға жiбередi;
      29) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату аяқталғаннан кейiн құжаттарды белгiленген тәртiппен мұрағатқа сақтауға өткiзедi және бұл жөнiнде уәкiлеттi органға мәлiмдейдi;
      30) осы Ережеге және Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес басқа да өкiлеттiктер мен мiндеттерге ие болады.
       Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.10.24. N 241(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      19. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ағымдағы шоттары тарату комиссиясының және оның бөлімшелерінің тұрған жері бойынша екінші деңгейдегі банктің филиалдарында теңгемен және қажет болған кезде шетел валютасында ашылады.
      Осы Ережеде көзделген касса лимитін қоспағанда, таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, оның ішінде филиалдарының не өкілдіктерінің барлық ақшасы таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ағымдағы шотына есепке жазылады.
      Тарату комиссиясы таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының алдында берешегі жоқ заңды немесе жеке тұлғалардың жазбаша талап етуі бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банк шоттарына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиядан айырылғаннан кейін келіп түскен, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін келіп түсетін ақшаны дереу (талапты алған күннен бастап үш жұмыс күні iшiнде) қайтаруды жүзеге асырады.
       Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      20. Уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы орындалған жұмыс туралы есептердi, ал қажет болған жағдайда қосымша ақпаратты да ұсынады.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары мен өкiлдiктерiндегi өз қызметiн жүзеге асыратын бөлiмшелер орындалған жұмыс туралы есептi тарату комиссиясының төрағасына ұсынады.

  4-тарау. Тарату шығыстарының сметасын
қалыптастыру және бекiту

      21. Тарату өндiрiсiне, оның iшiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының қызметiн қамтамасыз етуге байланысты шығыстар кезектен тыс және тұрақты, таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаражатынан жасалады.
      Кредиторлар комитетi құрылғанға дейiн, оның iшiнде тарату комиссиясы төрағасына және оның мүшелерiне төленетiн төлемдер мөлшерiн қосқандағы тарату шығыстарының сметасын уәкiлеттi органмен келiсе отырып, тарату комиссиясының төрағасы бекiтедi.
      Тарату өндiрiсiнiң шығыстары олардың пайда болу шегiне қарай тарату массасынан төленедi.
      Тарату массасын мақсатсыз жұмсауға, сондай-ақ екi айдан артық мерзiмге тарату шығыстары қаражатын резервте сақтауға жол берiлмейдi.
      Ескерту. 21-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының  2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      22. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасына және оның мүшелерiне және өзге қамтылған қызметкерлердiң әр қайсысына төленетiн ай сайынғы сыйақы мөлшерi тиiстi қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген барынша төмен жалақының он есе мөлшерiнен аспауы тиiс.

      23. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығыстарын тәртiпке келтiру мақсатында тарату комиссиясы өз қызмет кезеңiнде осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тарату комиссиясының тарату шығыстарының сметасы жасалады.
      Ескерту. 23-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының  2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      24. Тарату комиссиясы, уәкiлеттi орган және кредиторлар комитетi таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату шығыстары сметасын қалыптастыру, келiсу және бекiту кезiнде тарату шығыстарының нақтылық, негiздiлiк, орындылық, шыншылдық принциптерiн басшылыққа алып жұмыс iстейдi.
      Тарату шығыстарының нақтылық принципi тарату шығыстарының сметасын қалыптастыру кезiнде таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының нақты қаржылық жағдайын, оның iшiнде кредиторлар алдындағы берешектер көлемiн негiзге алуды болжалдайды.
      Тарату шығыстарының негiздiлiк принципiн тарату өндiрiсiнiң белгiлi бiр кезеңiнде болжалданып отырған шығындардың объективтi қажеттiгi деп түсiну қажет.
      Орындылық принципi тарату комиссиясы жасап отырған шығындар алға қойылған мақсатқа сәйкес келетiндiгiн бiлдiредi, яғни тарату өндiрiсiн аяқтауға және таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторларымен есеп айырысуға бағытталған.
      Тарату шығыстарының шыншылдық принципi жасалған (жоспарланатын) шығындарды тарату комиссиясының құжаттамалық растауы арқылы көрiнедi.
      Ескерту. 24-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының  2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      25. Тарату комиссиясы тарату шығыстары сметасын қалыптастыру кезiнде таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қандай да бiр кәсiби қызметпен айналысатын айналыспайтындығын негiзге алады және тарату комиссиясының негiзгi мiндетi таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iстерiнiң аяқталуы, Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарын сақтай отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторлармен және акционерлерiмен есеп айырысу жөнiнде шаралар көру болып табылады.

      26. Тарату шығыстары сметасында қажет ету шегiне байланысты мынадай шығын баптары көзделедi:
      1) қызметкердiң еңбегiне ақы төлеу шығыстары;
      1-1) өтем төленетін қызмет көрсету шарттары бойынша ақы төлеу шығыстары;
      2) бюджетке аударым жасау;
      3) әкiмшiлiк шығыстар;
      4) тарату өндiрiсiн жүзеге асыру үшiн қажет тауар-материалдық құндылықтарды сатып алу жөнiндегi шығыстар;
      5) iссапарлық шығыстар;
      6) болжанбаған шығыстар.
       Ескерту. 26-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.10.24. N 241 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
      26-1. Тарату комиссиясы тарату шығыстарының сметасына әрбір бап бөлігінде шығыстар сметасын қалыптастыру кезінде осы Ереженің24-тармағында көзделген принциптердің сақталуын көрсететін түсіндірме жазбаны қоса береді.
      Ескерту. 26-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының  2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      27. Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу шығыстары мынадай шығындарды көздейді: тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелерiнiң еңбегіне ақы төлеу, таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бар филиалдары мен өкілдіктері ескеріле отырып, еңбек шарттары негізінде жұмыс істейтін, тарату комиссиясына тартылған қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу.
      Еңбекке ақы төлеу шығыстарында:
      1) лауазымдық еңбекақының;
      2) мемлекеттік бюджетке аударылатын табыс салығының;
      3) мiндеттi зейнетақы жарналарының сомалары көрсетiледi
      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      27-1. Өтем төленетін қызмет көрсету шарттары бойынша ақы төлеу шығыстарына өтем төленетін қызмет көрсету шарттары бойынша қызмет көрсететін тартылған қызметкерлердің қызметтеріне ақы төлеу шығындары кіреді.
      Тарату шығыстарының сметасына өтем төленетін қызмет көрсету шарттары бойынша ақы төлеу кіргізілген жағдайда тарату комиссиялары есептеулерді қызметтер күн сайынғы негізде көрсетілетін және ақы төлеу ай сайын жүзеге асырылатын, жасалған өтем төленетін қызмет көрсету шарттарының негізінде жүргізеді.
      Ескерту. 27-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының  2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      28. Кредиторлар комитетi тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелерiне қосымша төлем жасау - қосымша төлем жасауды жүзеге асыру туралы барлық белгiлi тұлғаларға шешiм қабылдануына қатысты кредиторлардың талаптарын нақты қанағаттандыру сомасының үш процентiнен аспайтын мөлшерде олардың жұмыс қорытындысы бойынша бекiтiлуi мүмкiн.
      Тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелерiне қосымша төлем жасау кредиторлармен есеп айырысу толық аяқталған соң бiр жолғы тәртiппен тағайындалады.

      29. Еңбекке ақы төлеу бөлiгiнде тарату шығыстарының сметасын қалыптастыру кезінде есептеулер жасалған еңбек шарттарына, жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтарға негiзделедi.
      Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу шығыстарының бабы тарату комиссиясының төрағасы бекітетін штат кестесіне сәйкес қалыптастырылады.
      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      30. Бюджетке төленетiн салықтар және басқа да мiндеттi төлемдер бойынша шығыстар Қазақстан Республикасының  салықтық заңнамаларының талаптарына сәйкес жасалады.

      31. Әкiмшiлiк шығыстар мыналар үшiн көзделуi мүмкiн:
      1) қызметтiк және шаруашылық қажеттiлiктер үшiн көлiк жалдау қызметi;
      2) байланыс қызметi (телекоммуникациялық шығыстар, телефонды, телеграфты пайдаланғаны үшiн абоненттiк төлем, қалааралық және халықаралық сөйлесулер, почта және анықтамалық қызмет бойынша шығыстар);
      3) үйлер мен ғимараттарды (меншiктi және кепiл мүлiктi) күзету және сигнализация қызметi;
      4) көлiктi күзету қызметi;
      5) көлiк үшiн тұрақ ұсыну қызметi;
      6) көлiктi тiркеу қызметi;
      7) көлiктi техникалық жағынан қарау қызметi;
      8) көлiктi сақтандыру қызметi;
      9) коммуналдық қызмет;
      10) ағымдық жөндеу, мердiгерлiк тәсiлмен жүзеге асырылатын негiзгi құрал-жабдықтарға техникалық, сервистiк қызмет көрсету (қарау);
      11) үй-жайды жалдау;
      12) тiркеу органдарында жылжымайтын мүлiктi және тиiстi құжаттаманы тiркеу жөнiндегi қызмет;
      13) мүлiктi бағалау жөнiндегi қызмет;
      14) бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жөнiндегi қызмет;
      15) жылу жүйесiн iске қосуға дайындық жасау қызметi;
      16) сантехникалық жұмыстар;
      17) мүлiктi сақтау жөнiндегi қызмет;
      18) мемлекеттiк баж салығын төлеу;
      19) нотариатта куәландыру жөнiндегi қызмет;
      20) мүлiктi тасымалдау, тиеу, түсiру жөнiндегi қызмет;
      21) терезе, есiктерге торкөз дайындау және қою жөнiндегi жұмыстар;
      22) аукциондар өткiзу жөнiндегi қызмет;
      23) сараптама жасау жөнiндегi қызмет;
      24) аудит өткiзу жөнiндегi қызмет;
      25) құжаттарды аудару жөнiндегi қызмет;
      26) телефон нөмiрлерiн қою, ауыстыру және қолға алып жүру жөнiндегi қызмет;
      27) акционерлердiң тiзiлiмiн актуалды жай-күйде ұстау үшiн қажет тiркеушi қызметi;
      28) құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу жөнiндегi қызмет және оларды мұрағатқа өткiзу;
      29) таратуды тiркеу үшiн алым төлеу қызметi;
      30) инкассация бойынша қызмет;
      31) банк шотына қызмет көрсету, банк шотын ашусыз жүзеге асырылған ақшаны аударым жасау мен төлем жасау жөніндегі қызметтер. 
      Жұмыс пен қызметке төлем жасау тұрақты және бiр жолғы сипатта болуы мүмкiн.
       Ескерту. 31-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.10.24. N 241 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

      32. Ағымдағы қажеттiлiктердi қанағаттандыруға бағытталған және мыналар үшiн қажеттi жол берiлген барынша төмен қор құру үшiн тауар-материалдық құндылықтарды сатып алу жөнiндегi шығыстар:
      1) жұмыс жағдайындағы офистiк жабдықтарды ұстау;
      2) көлiк құралдарын ұстау;
      3) үй-жайды ұстау;
      4) қағаз және бланктiк өнiмдердi сатып алу;
      5) кеңсе тауарларын сатып алу;
      6) жанар-жағар май материалдарын сатып алу.
       Ескерту. 32-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.10.24. N 241 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      33. Тарату комиссиясы сатып алу үшiн әртүрлi қызмет пен тауар-материалдық құндылықтарды шығыстар сметасына енгiзу кезiнде есеп айырысу осы өңiрде белгiленген тарифтiк сеткалар мен орта рыноктық бағалар негiзiнде жасалады.

      34. Тарату комиссиясы қызметкерлерiнiң шығу шығыстары тарату шығыстарының сметасында көзделген қаражат шегi бойынша жүзеге асырылады.
      Іссапарларға жiберiлген қызметкерге бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде тәулiкақы төленедi, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларындағы бес есе айлық есептiк көрсеткiштен, облыс орталықтарындағы төрт есе айлық есептiк көрсеткiштен және аудан орталықтарындағы үш есе айлық есептiк көрсеткiштен аспауы тиiс тұрғын үй-жайды жалдау жөнiндегi, iссапарға жiберiлген жерге жету және керi тұрақты жұмыс орнына қайту шығыстары өтеледi.

      34-1. «Болжанбаған шығыстар» деген шығындар бабы бойынша шығыстардың басқа бабы бойынша артық шығысқа байланысты шығыстарды,сондай-ақ келісілуі не бекітілуі осы Ережеде белгіленген тәртіпте мүмкін болатын қажеттіліктерге арналған шығыстарды жүзеге асыруға жол берілмейді.
       Ескерту. 34-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      35. Жоспарланып отырған және жасалған шығыстарды тарату комиссиясы уәкiлеттi органға шарттар, шот-фактуралар, чектер және өзге растаушы құжаттарды беру жолымен растайды.

      36. Тарату комиссиясы оны уәкiлеттi орган тағайындағаннан кейiн  он жұмыс күнi iшiнде тарату шығыстары сметасын қалыптастырады және оны келiсу үшiн уәкiлеттi органға бередi.
      Филиалдық желiсi бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасы тарату комиссиясы бөлiмшелерiнiң тарату шығыстары сметасын жасау жөніндегі қызметiн үйлестіреді және тарату комиссиясының бөлiмшелерi бойынша шығыстар бөлiгiнде тарату шығыстарының жинақталған сметасын қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
      Ескерту. 36-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      37. Жоспарланып отырған кезеңнiң алдындағы айдың онына дейiнгi мерзiмнен кешiктiрмей тарату комиссиясы келiсу үшiн тарату шығыстарының сметасын уәкiлеттi органға бередi.

      38. Тарату комиссиясының төрағасы тарату шығыстарының сметасына өзгерiстер мен толықтыруларды тек уәкiлеттi органмен келiсе отырып енгiзедi.

      39. Кредиторлар комитетiнiң құрамы бекiтiлген соң тарату комиссиясы тарату шығыстарының сметасын тоқсан сайын жоспарланып отырған кезеңнiң алдындағы айдың бесiнен кешiктiрмей кредиторлар комитетiне бекiтуге бередi.
      Тарату шығыстарының сметасы тоқсан аясындағы әрбiр ай бөлiгi бойынша жасалады.

      40. Кредиторлар комитетi тарату комиссиясы ұсынған тарату шығыстарының сметасын жоспарланып отырған кезеңнiң алдындағы айдың он бесiнен кешiктiрмейтiн мерзiмде қарайды және бекiтедi.

      41. Кредиторлар комитетi бекiткен тарату шығыстарының сметасын тарату комиссиясы кредиторлар комитетi бекiткен күннiң ертеңiне уәкiлеттi органға ұсынады.

      42. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының нақты қаржылық жай-күйiн негiзге алып және тарату комиссиясының орындаған жұмысын ескерiп, тарату комиссиясының төрағасы бекiтiлген тарату шығыстарының сметасына алдын-ала мiндеттi түрде кредиторлар комитетi бекiтетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзе алады.
      42-1. Уәкiлеттi органмен келісілген немесе кредиторлар комитеті бекіткен тарату шығыстары алдыңғы кезеңде жүзеге асырылмаған және оларды жоспарланған кезеңде жүзеге асыру қажет болған жағдайда, көрсетілген шығыстар жоспарланатын кезеңдегі тарату шығыстарының сметасына кіргізілуі тиіс.
      Ескерту. 42-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      43. Тарату шығыстарының сметасын келiскен немесе бекiткен орган оның орындалуына бақылау жасайды.

      44. Басқа бiр бап бойынша үнем жасай отырып, екiншi бiр шығын бабы бойынша артық шығындар жасалуына жол берiлмейдi.

      45. Осы Ереженің 45-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тарату комиссиясының тарату шығыстарының сметасын уәкiлеттi органмен келiскенге дейiн немесе кредиторлар комитетi бекiткенге дейiн шығыстар жасауына жол берiлмейдi.
      Ескерту. 45-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
       45-1. Тарату шығыстарының сметасын уәкiлеттi органмен келісілгенге дейін тарату комиссиясының шығындардың мынандай баптары бойынша шығыстарды жүзеге асыруына жол берiледi:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы хабарландыруды жариялау жөніндегі қызметтер;
      2) байланыс қызметтері (телекоммуникация шығыстары, телефонды, телеграфты пайдалану үшін абоненттік төлем, қалааралық және халықаралық сөйлесу, почта және анықтама беру қызметтері бойынша шығыстар);
      3) коммуналдық қызметтер;
      4) бірінші және екінші қол қоюдың (қол қоюлардың) және мөр бедерінің үлгілері бар құжаттарды нотариаттық куәландыру жөніндегі қызметтер.
      Ескерту. 45-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      45-2. Мыналардың:
      1) тарату комиссиясының осы Ереженің 24-тармағында көзделген тарату шығыстарының сметасын қалыптастыру принциптерін сақтауын көрсететін түсіндірме жазбаның;
      2) жоспарланатын (жасалған) шығыстарды растайтын құжаттардың ұсынылмауы уәкiлеттi органның тарату шығыстарының сметасын келісуден (кредиторлар комитетінің бекітуден) бас тартуына негіздеме болып табылады.
      Ескерту. 45-2-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      45-3. Уәкiлеттi орган тарату шығыстары сметасының келісілгені (бекітілгені) туралы немесе оны келісуден (бекітуден) бас тартылғаны туралы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясына жазбаша нысанда хабарлайды.
      Кредиторлар комитетiнің тарату шығыстарының сметасын бекіту немесе бекітуден бас тарту туралы шешімі хаттамамен ресімделеді.
      Ескерту. 45-3-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

  5-тарау. Тарату комиссиясының кассалық тәртiп
сақтау талаптары

      46. Тарату комиссиясының төрағасы, бас бухгалтерi, кассирi, ал бөлiмшелерде - бөлiмше басшысы қолма-қол ақша мен құндылықтардың сақталуын, бухгалтерлiк есептiң дұрыс жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi, тарату комиссиясының кассасына түскен ақшаның уақтылы кiрiске алынуына бақылауды жүзеге асырады.

      47. Тарату комиссиясының төрағасы бухгалтерлiк құжаттарға қол қою құқығы бар тұлғаларды анықтайды.
      Бiр кассирi бар тарату комиссияларында оны ауыстыру қажет болған жағдайда кассирдiң мiндетiн атқару тарату комиссиясы төрағасының жазбаша бұйрығымен басқа қызметкерге жүктеледi.

      48. Қолма-қол ақша операцияларымен жұмысты орындап отырған, сондай-ақ өзге құндылықтарға рұқсаты бар тарату комиссиясының қызметкерiмен толық материалдық жауапкершiлiк туралы шарт жасалады.

      49. Қолма-қол ақшаны және құндылықтарды сақтау күзет, өрт және дабыл сигнализациясы құралдармен бекiтiлген және жабдықталған, сейфтермен немесе жанбайтын металл шкафтармен жабдықталған үй-жайда жүзеге асырылады.
       Ескерту. 49-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.10.24. N 241 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      50.  Алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.10.24. N 241 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      51. Тарату комиссиясының кассасының (бұдан әрi - касса) жұмысы аяқталған соң ақшаны және құндылықтарды сақтайтын үй-жай бiр комплектiсi кассирде, екiншiсi - бас бухгалтерде, не тарату комиссиясының төрағасында (бөлімшенің басшысында) болатын кiлттермен жабылады және тарату комиссиясының мөрiмен жабылады.
      Ескерту. 51-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      52. Кассада жасалатын қолма-қол ақшамен операциялардың есебi "Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп беру туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына , қаржылық есеп берудiң халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жасалады.

      53. Кассадағы қолма-қол ақша қалдығының күн сайынғы лимиті мынадай шектерде анықталады:
      1) тарату комиссиясының бас офисінде – 100 000 (жүз мың) теңге;
      2) тарату комиссиясының бөлімшесінде – 50 000 (елу мың) теңге.
      Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      54. Осы Ереженiң 53-тармағында белгiленген күн сайынғы лимит сомасы жоғарылап кеткен кезде тарату комиссиясының кредиторлармен есеп айырысу жүргiзу мақсатында екiншi деңгейдегi банктерден, мүлікті сатудан, дебиторлық берешекті өндіріп алудан алынған қалма-қол ақшаны сақтауы қызмет көрсетушi банктен ақшаны алған күндi қоспағанда үш жұмыс күнiнен аспайтын мерзiм iшiнде жүзеге асырылады.
      Ескерту. 54-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      55. Қолма-қол ақшаны кассаға қабылдау тарату комиссиясының бас бухгалтерi және кассирi қол қойған кассалық кiрiс құжаттары бойынша (қалма-қол ақшаны алып жүруге хабарлама және кассалық кiрiс ордерi) жасалады және кассалық кiрiс журналында күн iшiнде жалпы сомасы көрсетiледi.
      Кассаға басқа құндылықтарды қабылдау баланстан тыс ордерлермен ресiмделедi.

      56. Осы Ереженің 53-тармағында көзделген кассадағы қолма-қол ақша қалдығының күн сайынғы лимитін қоспағанда, кассаға қабылданған қолма-қол ақша (оның iшiнде дебиторлық берешектi өтеу есебiнен және мүлiктi сатудан алынған ақша) кассаға сол күнi кiрiске алынады және келесi жұмыс күнiнен кешiктiрмей тарату комиссиясының ағымдағы шотына аударылады.
      Ескерту. 56-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      57. Кассадан қолма-қол ақшаны беру кассалық шығыс ордерлерi бойынша жасалады.
      Басқа құндылықтарды беру баланстан тыс ордерлер бойынша ресiмделедi.

      58. Қолма-қол ақшаны кассалық шығыс ордерi бойынша беру кезiнде кассир немесе оның орнындағы адам алушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуiн талап етедi, құжаттың атауын және нөмiрiн, кiм және қашан бергенiн жазып алады.

      59. Қолма-қол ақшаны кассир немесе оның орнындағы адам тек кассалық шығыс ордерiнде көрсетiлген адамға ғана бередi.

      60. Егер ақшаны беру белгiленген тәртiп бойынша ресiмделген сенiмхат бойынша жасалса, онда ордер мәтiнiндегi ақшаны алушының фамилиясы, аты-жөнiнен кейiн кассир ақшаны алуға сенiм бiлдiрiлген адамның фамилиясы, аты-жөнiн көрсетедi. Егер ақша ведомость бойынша берiлген болса, онда ақшаны алу үшiн қол қоятын орынның алдына кассир "сенiмхат бойынша" деп жазба жасайды.
      Сенiмхат кассирде қалады және кассалық шығыс ордерiне немесе ведомостьке қосылып тiгiледi.

      61. Кассалық операциялар нәтижесiнде пайда болған және кассалық құжаттар бойынша ресiмделмеген ақшаның және құндылықтардың артық шығуы немесе кем шығуы тиiсiнше кiрiске алынады немесе акт жасала отырып, кассирден төлеттiрiп алынады.

      62. Қолма-қол ақшаны беруге арналған құжаттарға тарату комиссиясының төрағасы, бас бухгалтерi және кассирi қол қояды, ал бөлiмшелерде - бөлiмше басшысы қол қояды.

      63. Тарату комиссиясы қызметкерлерiнiң және тартылған қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеу әрбiр алушыға кассалық шығыс ордерi жасалмай төлем (есеп айырысу-төлем) ведомосi бойынша жасалады.

      64. Төлем (есеп айырысу-төлем) ведомосiнiң бiрiншi бетiнде (аты көрсетiлген) қолма-қол ақшаның берiлгендiгi туралы рұқсат беру жазбасы тарату комиссиясының төрағасының және бас бухгалтерiнiң қолмен, қолма-қол ақшаны беру мерзiмiн және сомасын жазбаша көрсету арқылы жасалады.

      65. Жалақы төлеудiң белгiленген мерзiмi өткен соң кассир:
      1) төлем ведомосiне төлем жасалмаған адамның фамилиясының қарсы тұсына штамп қояды немесе қолымен "депонирленген" деп белгi қояды;
      2) депонирленген соманың тiзiлiмiн жасайды;
      3) ведомостiң аяғында жалақының нақты төленген сомасы мен депонирлеуге жататын жалақының алынбаған сомасы туралы жазба жасайды, осы сомаларды төлем ведомосiнiң жалпы жиынтық сомасымен салыстырады және өзiнiң қолымен бекiтедi;
      4) ведомосте нақты төленген соманы көрсетедi.
      Ескерту. 65-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      66. Тарату комиссиясының қызметкерлерiне қолма-қол ақша тарату өндiрiсiне байланысты мақсаттар үшiн есептi түрде берiледi.
      Ақшаны есептi түрде берудiң негiздемесi тарату комиссиясының бас бухгалтерi және төрағасы қол қойған осы шығыстардың (тарату комиссиясының баянжазбасы, есептерi, хаттамалары және басқалар) қажеттiгiн негiздейтiн құжаттарды тиiстi жағдайда ресiмдеу болып табылады.

      67. Есеп берушi тұлғалар есептi түрде берiлген сомалар бойынша  оларды алған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кеш емес мерзiмде, iссапарлық шығыстар бойынша iссапар мерзiмi аяқталған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кеш емес мерзiмде алынған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кеш емес мерзiмде алынған сомалардың мақсатты жұмсалғанын растайтын құжаттарды бередi (барлық растаушы құжаттар қоса берiлген аванстық есептер, тауарлардың төлемi немесе көрсетiлген қызмет туралы чектер).
      Есептi түрде берiлген ақша мынадай:
      1) мақсатты жұмсалмаған;
      2) мақсатты жұмсалғанын растайтын құжаттар болмаған жағдайларда қайтарылуы тиіс.
      Есептi түрде берiлген ақша алынған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешіктірілмей, ал iссапарлық шығыстар кезінде - iссапар аяқталған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешіктірілмей қайтарылуы тиіс.
      Ескерту. 67-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      68. Кассалық кiрiс құжаттары, кассалық шығыс ордерлерi және баланстан тыс ордерлер нақты және түсiнiктi етiп толтырылады. Бұл құжаттарда ешқандай өшiру, түзетiс немесе түзету, тiптi келiсiлгендерiне де жол берiлмейдi.
      Кассалық шығыс ордерлерiнде оларды жасау негiздемелерi және оған қоса берiлiп отырған құжаттар атап көрсетiледi.

      69. Кассалық кiрiс және шығыс ордерлерi қосымшаларымен бiрге күнi, айы және жылы көрсетiлiп, кассирдiң немесе оның орнындағы адамның "Алынды" немесе "Төлендi" деген қолымен немесе штамппен мiндеттi түрде жабылады.

      70. Жұмыс күнiнiң соңында кассир кассалық кiрiс және шығыс ордерлерi негiзiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына сәйкес күн iшiндегi кассалық айналымдар мен құндылықтар қалдықтары туралы  жиынтық анықтама жасайды және оның қорытындысын бухгалтерлiк есептiң деректерiмен салыстырады. Салыстыру тарату комиссиясының бас бухгалтерi мен кассирiнiң қолдарымен расталады.

      71. Тарату комиссиясы қолма-қол ақшаның жылжуы мен мақсатты пайдаланылу есебi үшiн осы Ереженiң 2-қосымшасына сәйкес белгiленген нысан бойынша кассирмен қабылданған және берiлген ақшаның (құндылықтардың) есеп кiтабын (бұдан әрi - касса кiтабы) жүргiзедi, ол нөмiрленуi, тiгiлуi және мөрмен жабылуы тиiс. Касса кiтабындағы парақтар саны төрағаның (бөлімше басшысының), бас бухгалтердiң және кассирдiң қолымен расталады.
      Ескерту. 71-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      72. Касса кiтабында өшiруге, келiсiлмеген түзетулерге жол берiлмейдi. Қате түзетiлген жағдайда "Түзетiлдi" деген жазба жасалады да, ол түзетiлген күнi көрсетiлiп, тарату комиссиясының кассирiнiң және бас бухгалтердiң қолдарымен расталады.
      Касса кiтабын дұрыс және уақтылы жүргiзудi бақылау тарату комиссиясының төрағасының бұйрығымен бас бухгалтерге жүктеледi.

      73. Күн сайын жұмыс күнiнiң аяғында кассир касса кiтабындағы күн iшiндегi операциялардың (кiрiс және шығыс бойынша) қорытындысын есептейдi, қолма-қол ақшаның қалдығын, сондай-ақ басқа құндылықтардың келесi күнге қалған қалдығын шығарады, сондай-ақ басқа құндылықтардың қалдығын ол түзетiлген күнi көрсетiлiп, тарату комиссиясы төрағасының (бөлімше басшысының), бас бухгалтерінiң және кассирінiң қолдарымен расталады.
      Ескерту. 73-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      74. Кассадағы қолма-қол ақша қалдығы мен бухгалтерлiк есеп деректерi арасында алшақтықтар болған жағдайда бас бухгалтер бұл туралы алшақтық себептерiн анықтау шараларын көру үшiн дереу тарату комиссиясының төрағасына және бөлімше басшысына хабарлайды. Артық шығу немесе кем шығу расталған жағдайда акт жасалады. V032685
      Ескерту. 74-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      75. Касса жинақталған соң кассир касса құжаттарын қалыптастырады және жинақтап тiгедi. Қалыптастыру кезiнде кассалық құжаттар баланстық шоттар (нөмiрiнiң өсу тәртiбiмен) бойынша және кiрiс және шығыс бойынша жеке-жеке iрiктеледi. Мемориалдық құжаттар баланстан тыс шоттардың нөмiрi бойынша iрiктеледi - басында кiрiс, содан соң шығыс деп.

      76. Касса құжаттары келесi жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей әр күн үшiн жеке папкаларға қалыптастырылады. Жинақталып тiгiлген құжаттардың жинақталған деректерi саналады және күн iшiндегi касса айналымы туралы жиынтық анықтама деректерiмен салыстырылады.
      Жауапты қызметкерлер қол қойған кассалық және мемориалдық кiрiс және шығыс ордерлерiнiң күн iшiндегi кассалық айналымдары туралы анықтамалар кассалық құжаттардан бұрын, папканың басына орналастырылады.

      77. Тарату комиссиясының төрағасы белгiлеген, бiрақ тоқсанына бiр реттен кем емес мерзiмде қолма-қол ақшаны толық қайта санау арқылы (банкнотты - парақтап, монеталарды - топтамалар бойынша) және басқа құндылықтардың болуын тексеру арқылы кассаға ревизия жасалады. Кассаны ревизиялау өндiрiсi үшiн төрағаның бұйрығымен  акт жасаушы комиссия тағайындалады.  V011482

      78. Ревизия барлық құндылықтарға тексеру жүргiзу және құндылықтар мен ақшаны талан-таражға салу және кем шығу мүмкiндiгiн жасыра алмайтын бiр iздiлiк бойынша жасалады. Кассада кем шығу немесе артық шығу анықталған жағдайда актiде кем шығу немесе артық шығу сомасы, олардың пайда болу жағдайлары көрсетiледi.

  6-тарау. Активтердi басқару және талаптарды қарау

      79. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерiне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының меншiктi мүлкi, құндық бағасы бар мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтар, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқа да талаптары кiредi және тарату, конкурстық массасын қалыптастыруға негiз болады.
       Ескерту. 79-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.10.24.  N 241 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      80. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы осы Ережеге және басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес таратылатын сақтандыру ұйымының уәкiлеттi қызметкерлерiн қатыстыра отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкiне (активтерiне), жеке шоттарына, сақтандыру шарттарына (полистерiне), басқа да сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарына кейiнге қалдырмай түгендеу жүргiзуге, сондай-ақ баланстық шоттардың және меморандум шоттарының барлық қалдықтарын салыстырып тексеруге мiндеттi. Түгендеу нәтижелерi бойынша акт жасалады.

      81. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық шарттары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқа да мiндеттемелерi бойынша шарттар қолда бар барлық құжаттармен қоса тiзiмделуге және есепке алу-тiркеу құжаттарымен бiрге кейiн салыстырып тексеруге жатады. Құжаттар арасында айырмашылық анықталса не құжат болмаса, себебi көрсетiле отырып, акт жасалады.

      82. Түгендеу жолымен анықталған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық активтерi тарату массасына енгiзiлуi тиiс. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын таратудың басында оның балансына енгiзiлмеген және түгендеу барысында анықталған активтер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аралық тарату балансында көрсетiледi.
      Ескерту. 82-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      83. Тарату комиссиясы мүлiктi (зияткерлік меншік объектiлерiн, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөнiндегi бағалау қызметiн жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалаушыны(ларды)тарта отырып, таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкiн бағалауды жүргізеді.
      Баланстық құнына қарамастан жылжымайтын мүлікті, баланстық құны бірлігі үшін бір мың айлық есептік көрсеткіштен асатын жылжымалы мүлікті бағалау үшін бағалаушыны таңдау тендер (конкурс) өткiзу жолымен жүзеге асырылады, оның нәтижесi бойынша мейлінше тиiмдi талаптарды (көрсетiлетін қызметтер үшiн ақы төлеу мөлшерiн, бағалауды өткiзу мерзiмдерiн, бағалаушыда филиалдық желiнің болуын және өзге де талаптарды) ұсынған бағалаушыға артықшылық беріледі. Тарату комиссиясының төрағасы конкурсты (тендерді) өткізу талаптарын анықтайды және Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын немесе бағалануы тиіс сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкi орналасқан орны бойынша облыстың, республикалық мәні бар қаланың, Қазақстан Республикасы астанасының мерзiмдi баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.
      Тарату комиссиясы баланстық құны елуден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мүліктің бір бірлігін бағалау үшін бағалаушыны таңдауды баға ұсыныстарын сұрату жолымен жүзеге асырады.
      Баланстық құны елу айлық есептік көрсеткіштен кем жылжымалы мүлікке бағалау жүргізілмейді.
       Ескерту. 83-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      84. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы дебиторларының таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының алдындағы берешектерiн өтеуi - мүлiктi беруi, оның iшiнде сот шешiмiн орындау үшiн берген күнгi мүлiктi бағалау актiсi болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.

      85. Мәжбүрлеп тарату туралы сот шешiмi заңды күшiне енгенге дейiн орын алған, Қазақстан Республикасының заңнамалық тәртiбiмен аралық тарату балансы бекiтiлгенге дейiн орындалуы және құжаттамалық ресiмделуi аяқталмаған таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қатысатын  мәмiлелер жасалмаған болып есептеледi.

      86. Тарату комиссиясы тарату массасын толтыру үшiн дебиторлық берешек өндiрiп алу жөнiнде, оның iшiнде сақтандыру резервтерiнiң орналастырылған қаражатын қайтару жөнiнде жұмыс жүргiзуге мiндеттi.

      87. Мүлiктiк құқығы және заңды мүддесi соттың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешiм қабылдауы нәтижесiнде бұзылуы ықтимал заңды тұлғалар, заңды тұлға құрмай-ақ кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарымен дауларды тiкелей реттеу мақсатында оның тарату комиссиясына жазбаша шағым бередi.
      Кредитор жеке тұлғалар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясына растайтын құжаттардың көшiрмелерiмен бiрге жазбаша өтiнiш бередi.
      87-1. Сақтандыру шарттарының тізілімінде және (немесе) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының деректер базасында сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне енгізілген, кепілдік берілетін сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру шарты болмаған жағдайда, сақтанушы мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымымен жасалған, қолданылу мерзімі өтпеген сақтандыру шарты (түпнұсқасы, көшірмесі, дубликаты) болған кезде мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясына сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін осы шарт қолданылуы тиіс болған уақыттың қалған кезеңіне пропорционал түрде талап ету құқығымен өтініш жасайды.
      Бұл ретте мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен жасалған сақтандыру шартының қолданылуы сақтанушының мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясына берген сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін қайтару туралы өтінішінің негізінде тоқтатылады.
      Ескерту. 87-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      88. Кредиторлардың талаптарында талаптың мөлшерi (негiзгi борыштың мөлшерi туралы жеке, сыйақы (мүдде), тұрақсыздық айыбы және басқа айыппұл санкциялары, шығындар, талаптың негiздемесiн және мөлшерiн растайтын құжаттар туралы мәлiметтер және талаптың мөлшерi (күшiне енген сот шешiмдерi, шарттардың көшiрмелерi, борышкердiң борышты мойындауы және басқалары) болуы тиiс.
      88-1. Кредитор Қорға кепілдік берілген төлемді алу туралы арызбен өтініш жасаған жағдайда, тарату комиссиясының атына жасалған арызда (шағымда) құжаттардың көшірмелері қоса беріліп, Қордың кепілдік берілген төлемді алу туралы арызды қарау нәтижелері туралы ақпарат көрсетіледі.
      Ескерту. 88-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      89. Шағым (өтiнiш) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен кредитор арасында жасалынған шартта басқа мерзiм келiсiлмеген жағдайда, оны алған күннен бастап екi апта мерзiмде қаралуы тиiс.

      90. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы шағымды (өтiнiштi) қарау кезiнде қойылатын талаптың заңдылығын және оның негiздiлiгiн тексеруi керек.
      Ескерту. 90-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      91. Шағымды (өтiнiштi) алған тарату комиссиясы өтiнiш берушiнiң негiзделген талабын тануға және жазбаша түрде шағымды (өтiнiштi) қарау нәтижелерi бойынша хабарлауға мiндеттi.
      Шағымға (өтiнiшке) берiлетiн жауапта мыналар көрсетiледi:
      1) шағым (өтiнiш) берушiнiң және жауап беретiн тарату комиссиясының толық атауы, почталық деректемелерi, жауап берiлетiн шағымның (өтiнiштiң) күнi және номерi;
      2) шағымды (өтiнiштi) толық немесе iшiнара таныған жағдайда, танылған сома көрсетiледi, егер ол ақшалай бағалауға жатқызылмаса, не шағымның (өтiнiштiң) мерзiмi және қанағаттандыру әдiсi көрсетiледi. Егер кредитордың шағымы (өтiнiшi) Қор кепiлдiк берген кепілдік берілетін сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру төлемiн алу құқығының болуына себепшi болса, сақтандыру төлемiн жүзеге асыратын таратылатын сақтандыру ұйымының мiндеттемесiн Қор Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен кепiлдiк берiлген төлемдердi жүзеге асыру арқылы орындауы мүмкiн;
      3) шағым (өтiнiш) толық немесе iшiнара ауытқыған жағдайда - шағымның (өтiнiштiң) ауытқуына негiзделген тиiстi нормативтiк құқықтық актiлер мен құжаттарға сүйенген ауытқу себептерi;
      4) жауапқа қоса берiлген құжаттардың және басқа дәлелдемелердiң тiзбесi.
      Ескерту. 91-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      92. Шағым (арыз) толығымен немесе ішінара қабылданбаған жағдайда, өтініш берушіге шағыммен (арызбен) бірге алынған құжаттар қайтарылады, сондай-ақ егер өтініш берушіде болмаса, шағымның (арыздың) қабылданбағанын негіздейтін құжаттар жіберіледі.
      Кредитордың растайтын құжаттарды ұсынбағанына байланысты тарату комиссиясының шағымды (арызды) қабылдамауы кредитордың шағымдарды (арыздарды) қабылдау үшін белгіленген мерзім шегінде шағыммен (арызбен) және талап етілетін құжаттарды қоса бере отырып, тарату комиссиясына қайталап өтініш жасауына кедергі болмайды.
      Ескерту. 92-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      93. Кредиторға жауап арнайы немесе бағалы хатпен, хаттың жiберiлуiн белгiлейтiн басқа байланыс құралдарымен жiберiледi.

      94. Шағымды (өтiнiштi) беруге арналған мерзiм сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы хабарландыру баспада жарияланған күннен бастап есептеледi және екi айдан кем болмауы тиiс.

      95. Шағым (өтiнiш) беру, сондай-ақ барлық ұсынылған шағымды (өтiнiштi) қарау мерзiмi аяқталғаннан кейiн, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы бiр айлық мерзiмде активтердi және мiндеттемелердi түгендеу нәтижелерiн ескере отырып, аралық тарату балансын жасайды, мұнда таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкiнiң құрамы, кредиторлар берген шағымдар мен өтiнiштердiң тiзбесi, оларды қарау нәтижелерi және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторларынан талап етiлмеген берешектерi, кредиторлардың талаптарының тiзiлiмi туралы мәлiметтер болуы тиiс.
      Филиалдары және өкiлдiктерi бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының аралық тарату балансы филиалдар мен өкiлдiктердiң аралық тарату баланстарын ескере отырып жасалады.

      96. Шағым (өтiнiш) берген кредитор бiр мезгiлде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының борышкерi болса, онда тарату комиссиясы шағымды (өтiнiштi) қарау кезiнде ұсынылған құжаттарға сәйкес аралық тарату балансы бекiгенге дейiн кредитор мен борышкердiң бiр тұлға болып дәл келуi барысында өзара талап ету сынағын өткiзу туралы мәселенi қарайды және пайда болған айырма сомасын аралық тарату балансына енгiзедi.
      Аралық тарату балансы бекiгеннен кейiн өзара талап ету сынағы осы кредитордың талабын қанағаттандыру жөнiндегi тиiстi кезегi келген кезде ғана жасалады.

      97. Аралық тарату балансын және оған қосымшаларды, оның iшiнде кредиторлардың талаптарының тiзiлiмiн тарату комиссиясы уәкiлеттi орган бекiткен  нысан бойынша жасайды.

      98. Аралық тарату балансы және кредиторлар талаптарының тiзiлiмi жасалғаннан кейiн тарату комиссиясы оларды уәкiлеттi органға бекiтуге ұсынады.

      99. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру, олардың мүддесiн қамтамасыз ету мақсатында кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн жасайды және ол Сақтандыру қызметі туралы Заңның 72-бабында белгiленген кезектiлiкке сәйкес болуы тиiс.
      Кредиторлар талаптарының тiзiлiмiнде әрбір кредитор, оның ақшалай мiндеттемелер және (немесе) мiндеттi төлемдер бойынша талаптарының мөлшері туралы, әрбiр талапты қанағаттандыру кезектiлiгi туралы мәлiметтер көрсетiледi.
      Кредиторлар талаптарының тiзiлiмiне кредиторлардың даусыз болып табылатын, белгiленген мерзiмде мәлiмделген және тарату комиссиясы таныған талаптары енгiзіледi.
      Заңды күшiне енген сот шешiмдерi бойынша таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ағымдағы шотына берiлген орындау құжаттары кредиторлардың талаптарын есепке алу үшiн тарату комиссиясының төрағасына тапсырылады.
      Орындау құжаттары танылған талаптар болып табылады және орындалмаған сома мөлшерiнде тиiстi кезектілік бойынша кредиторлар талаптарының тiзiлiмiне есепке алынады.
      Тарату комиссиясы мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтандыру шарттары бойынша басталған сақтандыру жағдайлары бойынша мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан Қор кепілдік беретін сақтандыру төлемдерінің сомасын өндіріп алу туралы орындау құжаттарын кредиторлар талаптарының тiзiлiмiне есепке алады.
      Тарату комиссиясы Қормен оның жүзеге асырған кепілдік берілген төлемдерінің сомасы бойынша салыстырып тексеру актісіне қол қойғаннан кейін кредиторлардың мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтандыру шарттары бойынша басталған сақтандыру жағдайлары бойынша өзі таныған талаптарын салыстырып тексеруді жүзеге асырады.
      Тарату комиссиясы кредиторлардың, оның ішінде Қор кепілдік берілген төлемдерді жүзеге асырған орындау құжаттары бойынша талаптарын таныған жағдайда, тарату комиссиясы кредиторлар талаптарының тiзiлiмiне тиісті өзгерістер енгізеді.
      Ескерту. 99-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      100. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мiндеттемелерi бойынша есеп айырысулар Сақтандыру қызметi туралы Заңының 72-бабының 2-тармағында көзделген шығыстарды қоспағанда, аралық тарату балансы және оның қосымшалары уәкiлеттi органда бекiтiлгеннен кейiн ғана жүзеге асырылады.
      Ескерту. 100-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

  7-тарау. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымы кредиторларының талаптарын қанағаттандыру

      101. Кредиторлардың мүдделерiн қамтамасыз ету мақсатында және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату кезiнде олардың қатысуымен шешiм қабылдау үшiн кредиторлар комитетi құрылады.

      102. Тарату комиссиясы кредиторлар комитетi құрамының тiзiмiн аралық тарату балансы және кредиторлар талаптарының тiзiлiмi бекiтiлген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қалыптастырады, оған тарату комиссиясының төрағасы қол қояды және дереу бекiтуге уәкiлеттi органға жiберiледi. Тарату комиссиясы кредиторлар комитетi құрамының тiзiмiн осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша жасайды.
      Ескерту. 102-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      103. Кредиторлар комитетiнiң құрамы Сақтандыру қызметi туралы Заңның 72-бабында көзделген кредиторлар санатының әрқайсысынан бiр өкiлден, кредиторлар талаптарының тiзiлiмiне енгiзiлген, мейлiнше көп талап ету сомасы бар кредиторлардан қалыптастырылады.
      Тарату комиссиясы мұндай кредиторларға осы кредиторларды тарату өндiрiсiне қатысу үшiн кредиторлар комитетiнiң құрамына енгiзу туралы ұсыныстар жiбередi.
      Кредитордың жазбаша келiсiмi болған жағдайда ол кредиторлар комитетiнiң құрамына енгiзiледi.
      Кредиторлар комитетiнiң құрамына таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бұрынғы басшы қызметкерлері, сондай-ақ оларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу, тарату рәсімдерін жүзеге асыру кезінде жүктелген міндеттерін орындамау немесе тиісінше орындамау, жекелеген кредиторлардың мүдделеріне қысым жасайтын не басқаларға артықшылық беретін іс-әрекет жасау фактісінің (лерінің) болуы белгіленген, бұдан бұрын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясының төрағасы немесе мүшесі болған кредиторлар өкілдері енгiзiлмейдi.
      Ескерту. 103-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      104. Кредиторлар комитетiне енгізілген кредиторлардың саны үш адамнан кем емес болады.
      Кредитор кредиторлар комитетi жұмысынан бас тартуы мүмкiн. Мұндай жағдайда тарату комиссиясы таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мейлiнше көп талап ету сомасы бар келесi кредиторына ұсыныс жiбередi.
      Кредиторлар комитетi мүшесiнiң талабы толық қанағаттандырылған жағдайда ол кредиторлар комитетiнiң құрамынан шығарылады. Мұндай жағдайда тарату комиссиясы кейiн уәкiлеттi органға бекiтуге кредиторлар комитетiнiң тiзiмiн ұсына отырып, кредиторлар комитетi құрамын өзгерту жөнiнде жұмыс жасайды.
      Ескерту. 104-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      105. Тарату комиссиясы кредиторлар комитетiнiң барлық мүшелерiн комитеттiң бiрiншi мәжiлiсi өтетiн орын мен күн туралы хабардар етедi.
      Кредиторлар комитетiнiң бiрiншi мәжiлiсi кредиторлар комитетiнiң құрамы бекiтiлген күннен бастап он күннен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде өткiзiледi. Кредиторлар комитетi бiрiншi мәжiлiсiнде дауыс беру рәсiмiндегi тең дауыс алу кезiнде шешушi дауыс алу құқығы берiлетiн комитет төрағасын сайлайды. Кредиторлар комитетiнiң төрағасы комитеттiң жұмыс жоспарын жасайды және бекiтедi.

      106. Кредиторлар комитетiнiң одан кейiнгi мәжiлiстерi комитет белгiлейтiн тәртiп пен мерзiмде шақырылады.

      107. Кредиторлар комитетінің өкілеттігіне мыналар кіреді:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату барысында жасалатын барлық құжаттармен танысу;
      2) кредиторлардың құқықтары мен мүдделерін бұзу туралы шағымын қарауға қатысу;
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату барысында кредиторлардың құқықтарын, мүдделерін және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу жөнінде, оның ішінде тарату комиссиясы мүшелері өздерінің міндеттемелерін орындамағаны және (немесе) тиісті дәрежеде орындамағаны туралы уәкілетті органға және сотқа хабарлау;
      4) тарату комиссиясының әрекетіне сотқа және уәкілетті органға шағым жасау;
      5) мүлік сату бойынша аукциондарды және тарату комиссиясының мәжілісін қоса алғанда, кез келген тарату рәсімі болған кезде қатысуға құқығы бар комитет кредиторлары мүшелерінің ішінен кредиторлардың өкілдерін сайлау;
      6) тарату комиссиясынан таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жай-күйі туралы ақпаратты алу;
      7) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өндіріп алуға мүмкін емес дебиторлық берешегінің көлемін бекіту;
      8) тарату комиссиясы берген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату, конкурстық массасын жүзеге асыру жоспарын бекіту;
      9) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайын ескере отырып, тарату комиссиясының төрағасына және (немесе) мүшелерiне, сондай-ақ жұмысқа тартылған қызметкерлерге төленетiн қосымша төлемдердiң мөлшерiн қоса, тарату шығыстарының сметасын бекiту;
      10) тарату комиссиясының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының балансынан мүлікті есептен шығару жөніндегі актісін бекіту.
       Ескерту. 107-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.10.24. N 241 (қолданысқа енгізілу тәртібін   2-тармақтан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

      107-1. Кредиторлар комитеті болмаған жағдайда, сондай-ақ ол өзінің функцияларын жүзеге асырмағанда, осы Ереженің 107-тармағының 7)-10) тармақшаларында көзделген өкілеттікті тарату комиссиясының төрағасы жүзеге асырады.
       Ескерту. 107-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.10.24.  N 241 (қолданысқа енгізілу тәртібін   2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      108. Кредиторлар комитетiнiң мәжiлiсi хаттамамен ресiмделедi.
      Кредиторлар комитетiнiң шешiмi жай көпшiлiк дауыспен қабылданады.

      109. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық қалған кредиторлары кеңес беру дауысы құқығымен кредиторлар комитетiнiң мәжiлiсiне қатысуға құқылы.

  8-тарау. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымының кредиторларының талаптарын қанағаттандыру

      110. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторларының талаптарын, оның iшiнде банкрот болуына байланысты қанағаттандыру Сақтандыру қызметi туралы Заңының 72-бабында белгiленген тәртiп пен кезектiлiк бойынша, аралық тарату балансы бекiтiлген күннен бастап жүргiзiледi.
      Ескерту. 110-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      111. Әрбiр кезектiң талабы осының алдындағы кезектiң талаптары толық қанағаттандырылған соң барып қанағаттандырылады.
      Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкi бiр кезектi қанағаттандыруға жетпеген жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ақшасы және мүлкi (өзгесi) осы кезектiң кредиторлары арасында қанағаттандырылуы тиiс талаптар сомасына теңбе-тең бөлiнедi.

      112. Кезектiлiк бойынша кезек келген жағдайда кредитордың талабы Қазақстан Республикасының заңнамаларына қарама-қайшы келмейтiн тәсiлмен, оның iшiнде ақшалай нысанда және (немесе) есеп айырысудың тепе-теңдiгiн сақтай отырып, табиғи нысанда оның бағалау құны, сондай-ақ баланстық және баланстан тыс шоттарда есепте тұрған дебиторлық берешегі бойынша мүлiктi беру арқылы қанағаттандырылуы мүмкiн.
      Ескерту. 112-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      113. <*>
      Ескерту. 113-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      114. Талап-шағым берудiң тарату комиссиясы белгiлеген мерзiмi өткеннен кейiнгi, бiрақ тарату балансы бекiтiлгенге дейiнгi кредиторлардың өтiнiш бойынша талаптары Қордың талаптарынан (өтiнiштерiнен) басқа, белгiленген  мерзiмде өтiнiш жасалған кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудан қалған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкi есебiнен қанағаттандырылады.
      Талап-шағым жасау үшiн тарату комиссиясы белгiлеген мерзiм өткеннен кейiн Қордың жасаған талаптары кредиторлар талаптарының тiзiлiмiне енгiзiледi және осы талаптар үшiн Қазақстан Республикасының  заңнамалық актiлерiнде көзделген кезектiлiк тәртiбiмен қанағаттандырылады.

      115. Тарату комиссиясы кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудан не оларды қараудан бас тартқан жағдайда кредитор сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату балансы бекiтiлгенге дейiн тарату комиссиясының атына сотқа талап-шағым бередi.
      Кредиторлардың белгiленген мерзiмде өтiнiш жасаған, бiрақ тарату комиссиясы танымаған, оларды қанағаттандыру туралы соттың шешiмi бар талаптары кредиторлармен есеп айырысу үшiн белгiленген кезектiлiк тәртiбiмен орындалады. Аталған талаптар толық қанағаттандырылғанға дейiн есеп айырысу жасалған кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру кезегi уақытша тоқтатылады.

      116. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкi жеткiлiксiз болған жағдайдағы, сондай-ақ тарату балансы бекiтiлгенге дейiнгi кредиторлардың талаптарын (өтiнiштерiн) қанағаттандырмау өтелген болып есептеледi.
      Кредиторлардың тарату комиссиясы танымаған, егер кредитор сотқа шағым-талап бермеген болса және сот шешiмi бойынша кредитордың талабын қанағаттандырудан бас тартқан жағдайдағы талаптары өтелген болып есептеледi.

      117. Тарату комиссиясы таныған және кредиторлардың талап ету тiзiлiмiне енгiзiлген кредитордың мiндеттемелерiн, талаптарын (өтiнiштерiн) орындау мүмкiн болмаған жағдайда тарату комиссиясы кредиторға төленбеген соманы Қазақстан Республикасының  азаматтық заңнамасында көзделген тәртiппен нотариустық депозитке аударады.

      118. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторлармен есеп айырысуы аяқталғаннан кейiнгi мүлкiн тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының акционерлiк қоғамдар туралы  заңнамасында көзделген тәртiппен акционерлер арасында бөледi.

  9-тарау. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымының мүлкiн сату тәртiбi

  1-параграф. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымының мүлкiн сату бойынша аукционды ұйымдастыру және
өткiзу тәртiбi

      119. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында бар ақша кредиторлар мен акционерлердiң талаптарын қанағаттандыруға жеткiлiксiз болса, тарату комиссиясы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкiн сатуды осы Ережеде белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.
      Ескерту. 119-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      120. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкiн сату Жоспарын таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторлар комитетi бекiтедi.
      Тарату комиссиясы кредиторлар комитетi бекiткенге дейін осы Ережеде көзделген тәртіпте уәкілетті органмен келісу бойынша мүлікті сата алады.
      Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында кредиторлар комитетi болмаған жағдайда таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкiн сату Жоспарын тарату комиссиясының төрағасы бекiтедi және мәлiмет беру үшiн уәкiлеттi органға жiбередi.
       Ескерту. 120-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.10.24 N 241 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз),  2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      121. Мүлiктi сату iске асыру Жоспарына сәйкес сауда-саттықтағы жариялылық, ашықтық және жетiмдiлiк принциптерiне сәйкес жүзеге асырылады.
      Тарату комиссиясы аукциондар өткiзу кезiнде осы Ереженiң 154-тармағында көзделген жағдайдан басқа жағдайда сауда-саттықты жүргiзу әдiсiн (ағылшын немесе голланд) таңдауды дербес жүзеге асырады.

      122. Олардың құнына қарамастан таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының үйлерi мен ғимараттары, өзге де жылжымайтын мүлiк объектiлерi, көлiк құралдары, сондай-ақ таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлiктің бiр бiрлiгi үшiн жүз айлық есептiк көрсеткiштен асатын бағалау құны бар өзге де жылжымалы мүлкi тек қана жария сауда-саттық (аукцион) арқылы сатылуы тиiс.
      Тарату комиссиясы таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлiктің бiр бiрлiгi үшiн жүз айлық есептiк көрсеткiштен кем бағалау құны бар жылжымалы мүлкiн жария сауда-саттықты өткізусіз, бiрақ бағалау құнынан төмен емес бағамен сатады.
      Тарату комиссиясы жүз айлық есептiк көрсеткiштен кем бағалау құны бар жылжымалы мүлiкті сату кезінде сату бағасын (бағалау құнынан асатын) дербес белгілейді.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жүз айлық есептiк көрсеткiштен кем бағалау құны бар жылжымалы мүлкi осы мүлiкті бағалау құнынан төмен емес бағамен сатып алғысы келетін тұлғалар болмаған жағдайда және кредиторлар комитетi мүлiкті сату бағасын бекiткен кезде ғана бағалау құнынан төмен бағамен сатылуы мүмкін.
      Тарату комиссиясы елу айлық есептік көрсеткіштен кем баланстық құны бар жылжымалы мүлікті жария сауда-саттықты өткізусіз, тарату комиссиясы дербес белгілеген, бірақ баланстық құнының елу пайызынан төмен емес бағамен сатады.
      Ескерту. 122-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      123. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкiн сату алдындағы дайындық шараларына мыналар кiредi:
      1) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкiнiң құрылымын қайта қарау (сегментация, шоғырландыру) және нәтижесiнде объектiнi сату анықталатын лоттарды қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар дайындау;
      2) бағалау қызметiн жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалаушыны таңдау жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу;
      3) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкiн Қазақстан Республикасының заңнамасы белгiлеген тәртiппен бағалау;
      4) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкiн сату туралы хабарландыруды жариялау жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу;
      5) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкiн сату жоспарын кредиторлар комитетi қарауы және бекiту үшiн дайындау және ұсыну;
      6) тартылып отырған жеке немесе заңды тұлғамен сауда-саттық жүргiзу жөнiнде қызмет көрсету туралы шарт жасасу.

      124. Сату жоспарында сатылатын объект туралы ұсыныстар және олардың жан-жақты сипаттамасы, бағалау құны, бастапқы (және сауда-саттықтың голланд әдiсi кезiнде - барынша төмен) сату бағасы, сауда-саттықты жүргiзу кезеңі және әдiсi туралы мәлiметтер болады.
      Сату жоспарына елу айлық есептік көрсеткіштен кем баланстық құны бар, сондай-ақ жүз айлық есептiк көрсеткiштен кем бағалау құны бар мүлiк кіргізілмейді. Жүз айлық есептiк көрсеткiштен кем бағалау құны бар мүлiк тарату комиссиясы оны бағалау құнынан төмен емес бағамен сата алмаған жағдайда сату жоспарына кіргізіледі.
      Ескерту. 124-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      125. Тарату комиссиясы таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкiн сатуды осы Ережеде белгiленген тәртiпке сәйкес, мынадай талаптар мен мақсаттарды негiзге ала отырып жүргiзедi:
      1) сатылып отырған мүлiкке бағаны осы аймақтағы мүлiктiң осыған ұқсас түрлерiне берiлiп отырған рыноктық бағадан кем емес бағаны белгiлеу;
      2) мүлiктi мейлiнше жоғары бағамен сату;
      3) мүлiктi сату кезiнде шығындарды кемiту.

      126. Сауда-саттықты ұйымдастырушы таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкiн сату туралы хабарландыруды аукцион өткізілетін күнге дейін кем дегенде он күнтізбелік күн бұрын Қазақстан Республикасының барлық аумағында, аумағында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сатылатын мүлкi орналасқан облыста немесе республикалық мәні бар қалада таралатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.
      Аукцион ол туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап отыз күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей өткізіледі. Әрбiр жеке аукционға жеке хабарландыру берiледi.
      Ескерту. 126-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      127. Сауда-саттықты жүргiзу туралы ақпараттық хабарламада мыналар болады:
      1) сауда-саттықты жасау күнi, орны және уақыты;
      2) мүлкi сатылуға қойылып отырған таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы және тарату комиссиясының мекен-жайы;
      3) қойылатын лоттардың сипаттамасы (мазмұны);
      4) әрбiр лот бойынша сауда-саттық жүргiзу әдiсi;
      5) сатуға қойылған лоттардың бастапқы және барынша төмен бағалары;
      6) кепiлдiк берiлген жарнаны енгiзу мөлшерi, мерзiмi және тәртiбi, сатушының деректемелерi;
      7) өтiнiмдердi қабылдау орны, уақыты және мерзiмi;
      8) сату объектiсiмен танысу күнi, уақыты және орны;
      9) сату объектiсiн сатып алу жөнiндегi төлем талаптары;
      10) сауда-саттықты жүргiзу ережелерiмен танысу және өзге де ақпараттар алуға болатын мекен-жай және телефондар;
      11) сатушының шешiмi бойынша басқа қосымша ақпарат.

      128. Сауда-саттықты ұйымдастырушы сауда-саттық өткенге дейiн әрбiр қатысушыға тiркелген сәтiнде берiлетiн аукционға қойылатын әрбiр лоттың ұсақ-түйегiне дейiн сипаттама берiлген аукцион картасын дайындайды.

      129. Ақпараттық хабарландыру жарияланғаннан кейiн сатушы аукционды ұйымдастыру және өткiзу және сату объектiсi туралы ақпаратпен тiлек бiлдiрушiлердiң барлығын құлақтандыруды қамтамасыз етедi.

      130. Сатушының функциясына мыналар кiредi:
      1) кепiлдiк берiлген жарналарды қабылдау;
      2) аукционды жүргiзу барысына бақылауды жүзеге асыру;
      3) сауда-саттық жеңiмпазымен сатып алу-сату шартын жасау және оны бақылау;
      4) қатысушылар мен сатып алушылардың есеп айырысуын жүзеге асыру.

      131. Аукционға қатысуға осы Ережеде белгiленген тәртiппен тiркеуден өткен жеке және заңды тұлғалар жiберiледi.

      132. Аукционға қатысуға таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бұрынғы басшы қызметкерлерi, сауда-саттықты өткiзудi ұйымдастырушы, таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторлары болып табылатын тұлғалар, тарату комиссиясының төрағасы және мүшелері, сондай-ақ аталған тұлғалардың туыстары және жегжаттары жіберiлмейдi.
      Ескерту. 132-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      133. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аукцион арқылы сатып отырған мүлкiн сатып алуға тiлек бiлдiрген тұлғалар аукцион басталғанға дейiн бір сағат бұрыннан кешiктiрмей кепiл жарна енгiзедi.
      Ескерту. 133-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      134. Аукционға қатысу үшiн кепiл жарна барлық таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшiн бiрдей мөлшерде белгiленедi және әрбiр сату объектiсi үшiн оның бастапқы бағасының бес процентi болады.

      135. Кепiл жарна қатысушының мынадай мiндеттемелерiн қамтамасыз ету болып табылады:
      1) сауда-саттық қорытындылары туралы хаттамасына қол қою;
      2) сауда-саттық қорытындылары туралы хаттамасына сәйкес сатып алу-сату шартын жасау;
      3) сатып алу-сату шарты бойынша мiндеттемелердi тиiсiнше орындау.

      136. Қатысушылар кепiл жарнаны кез-келген санда енгiзуi мүмкiн. Бiр кепiл жарна сауда-саттыққа қатысу және ол кепiл жарна енгiзген нақты бiр лотты сатып алу құқығын бередi.

      137. Кепiл жарнаны қатысушының атынан осы Ереженiң 132-тармағында көрсетiлген тұлғалардан басқа кез-келген жеке немесе заңды тұлға енгiзуi мүмкiн.

      138. Сауда-саттықта жеңiске жеткен және сатып алу-сату шартын жасаған қатысушының кепiл жарнасы сатып алу-сату шарты бойынша тиесiлi шотқа қойылады.

      139. Сатушы кепiл жарнаны мынадай жағдайларда қайтармайды:
      1) аукционға қатысудан бас тартса;
      2) сауда-саттық жеңiмпазы сауда-саттықтың қорытындысы туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартқан не сатып алу-сату шартын жасаудан бас тартқан жағдайда;
      3) қатысушының оның қорытындысымен келiспей, негiзсiз сауда-саттық қорытындысы туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартуы;
      4) сатып алушының сатып алу-сату шарты бойынша мiндеттемелерiн орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы.
      Ескерту. 139-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      140. Барлық басқа жағдайларда кепiл жарналар аукцион аяқталғаннан кейiн бес банктiк күннен аспайтын мерзiмде, ал егер сатушының банктiк шотына ақша аукционнан кейiн түскен болса, онда олар түскен күннен бастап бес банктiк күн iшiнде қайтарылады.

      141. Аукционға қатысушыларды тiркеу ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап жасалады және аукционның басталуына бiр сағат қалғанда аяқталады.

      142. Аукционға қатысушы ретiнде тiркелу үшiн мыналарды беру қажет:
      1) аукционға қатысудың белгiленген нысаны;
      2) жеке басты куәландыратын куәлiк немесе жеке басты куәландыратын өзге құжат;
      3) кепiл жарнаның енгiзiлгендiгiн растайтын төлем құжатының немесе кiрiс ордерiнiң көшiрмелерi;
      4) сауда-саттыққа қатысушы өкiлiнiң өкiлеттiгiн растайтын құжат;      
      5) заңды тұлғалар қосымша жарғының, заңды тұлғаның тiркелгендiгi туралы куәлiктiң нотариатта куәландырылған расталған көшiрмелерiн бередi.
      Ескерту. 142-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасы төрағасының 2007.05.28 N 155 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      143. Аукционға қатысушыларды тiркеу сатушы ерiктi нысанда жүргiзетiн сауда-саттыққа қатысушыларды тiркеу журналында жасалады.

      144. Тiркеуден өткен тұлға аукцион болатын күнi аукцион нөмiрiне айырбасталатын қатысушы билетiн алады. Аукцион нөмiрiн сауда-саттық барысында басқа тұлғаның пайдалануына тыйым салынады.

      145. Аукционға қатысушының мынадай мүмкiндiктерi бар:
      1) сауда-саттыққа жеке немесе өз өкiлдерi арқылы қатыса алады;
      2) ақысыз қосымша мәлiметтер алуға, сауда-саттыққа шығарылған сату объектiсi туралы нақтылауға;
      3) сауда-саттықтағы сатылып жатқан сату объектiсiн алдын-ала қарауға;
      4) оның құқықтары бұзылған жағдайда сотқа шағым жасауға;
      5) осы Ереженiң 139-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кепiл жарнасын қайтарып алуға;
      6) аукционға қатысу жөнiндегi өзiнiң өтiнiмiн, бұл туралы сатушыға жазбаша хабарлай отырып, қайтарып алуға.

      146. Аукционға кiрiс билетiн төлеген барлық ықылас бiлдiрушiлер қатыса алады. Кiрiс билетiн сатушы дербес белгiлейдi, бiрақ ол билеттiң бiр барынша төмен есептiк көрсеткiшiнен аспауы тиiс. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi, аукцион қатысушылары, уәкiлеттi органның және кредиторлар комитетiнiң өкiлдерi кiрiс билеттерiн төлеуден босатылады.

      147. Сатушы былай жасай алмайды:
      1) қатысушыдан аукционға қойылған лоттар қатарынан ананы немесе мынаны сатып алғысы келетiндiгi туралы ақпаратты талап етуге;
      2) сауда-саттыққа дайындық кезiнде және оны өткiзу кезеңiнiң өн бойында сауда-саттыққа қатысушыға қатысы бар ақпаратты жария етуге;
      3) аукционға қатысушылардан осы Ереженiң 142-тармағында аталғандардан басқа, қатысушы ретiнде тiркелу үшiн қосымша құжаттар ұсынуды талап етуге.

      148. Аукционды сауда-саттықты ұйымдастырушы өткiзедi. Аукцион сату объектiсiнiң қысқаша сипаттамасы, лоттың бастапқы (барынша төмен) бағасы, бағаның өзгеру қарқыны және сауда-саттықты жүргiзу әдiсi көрсетiлген жүргiзу ережелерiн хабарлаудан басталады. Қатысушы тұлғалар аукционның барысына ықпал ете алмайды немесе оны жүргiзу тәртiбiн бұза алмайды, керiсiнше болған жағдайда олар аукцион өтiп жатқан залдан шығарылып жiберiлуi мүмкiн.

      149. Сауда-саттықты жүргiзудi ұйымдастырушы сауда-саттықты жүргiзу барысында қадамын жариялай отырып өзгертуi мүмкiн. Қадамын өзгерту сатылатын объектiнiң бастапқы бағасының бестен бастап онға дейiнгi процентi шегiнде белгiленедi.

      150. Сауда-саттықтағы лоттарды рет-ретiмен қою туралы шешiмдi сауда-саттықты жүргiзудi ұйымдастырушы қабылдайды. Бұл тәртiп аукцион картасында белгiленген тәртiппен сәйкес келмеуі мүмкiн.

      151. Аукционға бiрнеше лоттарды шығарған кезде әрбiр лот бойынша сауда-саттықтың әртүрлi әдiстерiн жасауға жол берiледi.

      152. Сауда-саттық төменде сипатталған екi әдiстiң бiрi бойынша жүргiзiледi:
      1) сауда-саттықтың ағылшын әдiсi бойынша сауда-саттықты жүргiзетiн ұйымдастырушы лоттың бастапқы бағасын және бағаның өсу қадамын жариялайды. Қатысушылар нөмiрлерiн көтеру арқылы сауда-саттыққа қатысушылар бастапқы бағаны көтере бередi, бiрақ ол жарияланған қадамнан кем болмауы керек. Сауда-саттықты жүргiзетiн ұйымдастырушы сауда-саттықта лот бойынша қатысушылардың аукциондық нөмiрлерiн жариялайды, бағаны бекiтедi және оны көтерудi ұсынады. Лот бойынша сауда-саттық барынша жоғары ұсынылған бағаға дейiн жүредi. Лотқа барынша жоғары баға ұсынған қатысушы сауда-саттықты өткізуді ұйымдастырушымен жарияланады. Сауда-саттықты ұйымдастырушы лоттың соңғы бағасын үш рет қайталайды және басқа көтерiлген нөмiрлер болмаған жағдайда балғаны ұрып сауда-саттықтың жеңiмпазын және осы лоттың сатылғандығын жариялайды.
      Ағылшын әдiсi бойынша жүргiзiлген сауда-саттық мынадай жағдайда өткен жоқ деп есептеледi:
      сауда-саттыққа қатысуға ұсыныс бiлдiрушiлерден өтiнiм болмаған жағдайда;
      сауда-саттыққа қатысуға тек бiр ғана өтiнiм берiлуi;
      сауда-саттыққа қатысушылардың келмеуi;
      сауда-саттық жеңiмпазының сауда-саттық хаттамасына қол қоюдан бас тартуы немесе сатып алу-сату объектiсi бойынша сатушымен одан әрi есеп айырысу тәртiбiнiң бұзылуы;
      2) сауда-саттықтың голланд әдiсi бойынша сауда-саттықты өткiзуді ұйымдастырушы лоттың бастапқы және барынша төмен бағасынжариялайды және жаңа бағаны жариялай отырып, жарияланған қадам бойынша оны төмендетедi. Сауда-саттықты өткiзуді ұйымдастырушы баға жарияланған кезде аукциондық нөмiрiн бiрiншi болып көтергенқатысушының нөмiрiн атайды, лоттың соңғы бағасын үш рет қайталайды,және басқа көтерiлмеген нөмiрлер болмаған жағдайда балғаны ұру арқылы сауда-саттықтың жеңiмпазын атайды және осы лоттың сатылғаны туралы жариялайды. Осы баға сауда-саттыққа қойылған лоттың барынша төмен бағасынан төмен бола алмайды. Голланд әдiсi бойынша сауда-саттыққаалғаш рет қойылған лоттың барынша төмен бағасы тарату комиссиясы мүлiктi (зияткерлік меншік объектiлерiн, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөнiндегi бағалау қызметiн жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалаушыны тарта отырып белгілейтін соңғы бағалау құнының сексен пайызынан кем емес болады. Голланд әдiсi бойынша сауда-саттыққа екінші және одан көп рет қойылған лоттың барынша төмен бағасы тарату комиссиясы мүлiктi (зияткерлік меншікобъектiлерiн, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөнiндегi бағалау қызметiн жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалаушынытарта отырып белгілейтін соңғы бағалау құнының елу пайызынан кем емес болады. 
      Егер бағаны жариялаған сәтте екi немесе одан артық нөмiр бiр мезгiлде көтерiлген жағдайда сауда-саттықты жүргiзетiн ұйымдастырушы бағаны реттелген қадам шегi бойынша жеңiмпаз анықталған сәтке дейiн көтере бередi. Голланд әдiсi бойынша сауда-саттықта жарияланған қадам белгiленген қадамға тең, бiрақ өсу жағына қарай. Егер бағаны көтеру кезiнде нөмiрлерiн бiр мезгiлде көтерген сауда-саттыққа қатысушылардың ешқайсысы мүлiктi көтерiлген баға бойынша сатып алуға ықылас бiлдiрмесе, онда сауда-саттықты жүргiзетiн ұйымдастырушы жеребе тарту рәсiмiн қолданады.
      Жеребе тарту - нөмiрлерiн бiр мезгiлде көтерген сауда-саттыққа қатысушы тұлғалардың сауда-саттықты жүргiзетiн ұйымдастырушының конверттердiң бiрiне "жеңiмпаз" жазуы бар парағы, ал басқасындағы (олардағы) таза парақ салып дайындаған конверттерiнiң бiрiн суырып алу арқылы жасалады.
      Сауда-саттықты жүргiзетiн ұйымдастырушы лоттың барынша төмен бағасын жариялау кезiнде қатысушылардың ешқайсысы осы лотты сатып алуға тiлек бiлдiрмеген жағдайда   лот сауда-саттықтан алынып тасталады.
      Голланд әдiсi бойынша жүргiзiлген сауда-саттық мынадай жағдайда өткен жоқ деп есептеледi:
      сауда-саттыққа қатысуға ұсыныс бiлдiрушiлерден өтiнiм болмаған жағдайда;
      сауда-саттыққа қатысуға тек бiр ғана өтiнiм берiлуi;
      сауда-саттыққа қатысушылардың келмеуi;
      сауда-саттық жеңiмпазының сауда-саттық хаттамасына қол қоюдан бас тартуы немесе сатып алу-сату объектiсi бойынша сатушымен одан әрi есеп айырысу тәртiбiнiң бұзылуы.
      Ескерту. 152-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      153. Аукцион оған екiден кем емес қатысушы қатысқан жағдайда өткiзiлдi деп есептеледi.

      154. Аукционға бiрiншi рет қойылған мүлiктi сату сауда-саттықтың тек қана ағылшын әдiсi бойынша жүргiзiледi.

      155. Осы Ережеде аты аталған аукцион өткiзудiң кез-келген бiр әдiсi бойынша сауда-саттық өтпедi деп танылған жағдайда сатушы таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкiн сату жоспарына өзгерiстер енгiзедi. Мүлiктi сату жоспарына енгiзiлген өзгерiстердi кредиторлар комитетi, ал ол болмаған жағдайда - тарату комиссиясының төрағасы бекiтедi және уәкiлеттi органға жiберiледi. Өзгерiстер сатылатын лоттардың өзге құрылымын және (немесе) өзге бастапқы (барынша төмен) бағаны бередi.

      156. Сауда-саттықты жүргiзу кезiнде бiр сатып алушы қатысатын мүлiктi сату жоспарына енгiзiлген өзгерiстердi ескере отырып, сауда-саттықты жүргiзетiн ұйымдастырушы ұсынылып отырған лотты бiр ғана қатысушыға ағылшын әдiсi бойынша бастапқы бағадан төмен емес, голланд әдiсi бойынша барынша төмен бағадан кем емес бағамен сатады.

      157. Сол күнi әрбiр сатылған лот бойынша сауда-саттықтың нәтижесi сауда-саттықтың нәтижесi туралы хаттамамен ресiмделедi, оған сауда-саттықты жүргiзетiн ұйымдастырушы, сауда-саттық жеңiмпазы және сауда-саттықтың соңында әрбiр лот бойынша барлық қатысушылар қол қояды. Сауда-саттыққа қатысушыларға кепiл жарна сауда-саттықтың қорытындысы туралы хаттамаға қол қойған жағдайда ғана қайтарылады. Хаттамаға қол қоймаған сауда-саттыққа қатысушы оның қорытындысымен неге келiспейтiндiгiн жазбаша негiздеп бередi.

      158. Сауда-саттық қорытындысы туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартқан сауда-саттық жеңiмпазы одан әрi аукционға қатысу құқығынан айырылады. Бұл жағдайда осы объектiдегi сауда-саттық жаңаланады.

      159. Сауда-саттық қорытындысы туралы хаттама сауда-саттық жеңiмпазының және сатушының объектiнi сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартын жасайтын сауда-саттық қорытындысы мен мiндеттемелерiн белгiлейтiн құжат болып табылады.

      160. Аукцион өткеннен кейiн үш күн iшiнде шарттың мәнi, тараптар құқықтары, мiндеттерi және жауапкершiлiгi, сату объектiсiнiң түпкiлiктi бағасы, төлем шарттары, тараптар деректемелерi, сондай-ақ сатып алушы мен сатушы қол қоятын, тараптар арасында жасалатын сауда-саттық объектiсiн қабылдау-өткiзу актiсiн жасайтын тараптардың көздеуi бойынша өзге талаптар көрiнiс табатын сатып алушы мен сатушының арасында сатып алу-сату шарты жасалады.

  2-параграф. Сауда-саттыққа қатысушылар арасында
есеп айырысу жүргiзу тәртiбi

      161. Сатып алушы мен сатушы арасында сатып алу-сату шартын жасағаннан кейiн бес банктiк күннен кешiктiрмей сатып алушы шартта көрсетiлген соманы сатушының ағымдағы шотына аударады және растама ретiнде оған тиiстi төлем құжатының көшiрмесiн ұсынады.

      162. Сатып алушы аукционда сатып алынған мүлiк үшiн қажеттi төлемдi осы Ереженiң 161-тармағымен белгiленген мерзiмде енгiзбеген жағдайында сатушы осы шарттың талаптарында көзделген бiржақты тәртiппен сатып алу-сату шартын бұзады. Сатып алушы енгiзген кепiл жарна оған қайтарылмайды және осы мүлiк сауда-саттыққа екiншi рет қойылады. Сатып алушының сату объектiсi үшiн төлем енгiзбеген кездегi жауапкершiлiгi оның сатушымен арасында жасалған сатып алу-сату шартында көзделедi.

  10-тарау. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымының құжаттарын сақтауды және архивке берудi
ұйымдастыруға қойылатын талаптар

      163. Тарату комиссиясы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына есептi қамтамасыз ету, сақталуы тиiс  құжаттарды ресiмдеу және сақтау, оның iшiнде мұрағатты және құжаттарды басқару жөнiндегi мемлекеттiк уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына сәйкес тарату комиссиясының қызметiне байланысты мәселелер бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қойылатын барлық талаптарды орындауды қамтамасыз етедi.

      164. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының құрамы өзгерген жағдайда сақталуы тиiс iстердi және құжаттарды тарату комиссиясының жаңа құрамына (оның жеке мүшелерiне) беру таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iстерiн және құжаттарын қабылдау-өткiзу актiсi негiзiнде жасалады.

      165. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметi нәтижесiнде пайда болған құжаттардың сақтандыру мерзiмi көрсетiлген тiзбесiн уәкiлеттi орган бекiтедi.

      166. Iстер мен құжаттардың сақтау мерзiмiн есептеу iс жүргiзу аяқталған жылдан кейiнгi жылдың бiрiншi қаңтарынан басталады.

      167. Сақтауға жатқызылмайтын құжаттарды жою мұрағатты және құжаттаманы басқару жөнiндегi тиiстi органның сараптамалық-тексеру комиссиясымен келiсiле отырып, тарату комиссиясының төрағасы бекiткен актiмен ресiмделедi.

      168. Құжаттарды тиiсiнше ресiмдемей және келiспей жоюға, сондай-ақ уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген құжаттарды сақтау мерзiмiн бұзуға жол берiлмейдi.

      169. Таратылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында тарату толық аяқталу сәтiнде сақтау мерзiмi өтпеген, уақытша сақталуы тиiс құжаттары уәкiлеттi органның аймақтық өкiлдiктерiне қабылдау-өткiзу актiсi бойынша берiледi.

      170. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тұрақты сақталуы тиiс құжаттары тиiсiнше ресiмделедi және уәкiлеттi мемлекеттiк органның мұрағатты және құжаттаманы басқару органына берiледi.

      171. Iстердi мұрағаттық сақтауға беруге дайындау кезiнде құжаттардың есебi мен сақталуын ұйымдастыруға жауапты тұлға тiзiмдемеге енгiзiлген iстердiң ресiмделуiнiң, қалыптасуының және iстер санының сәйкестiгiнiң дұрыстығын, таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iс номенклатурасына сәйкес расталған iстер санын тексередi.
      Егер таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құжаттарын өңдеудiң жай-күйi және сапасы тиiсiнше жағдайда болмаған болса, онда тарату комиссиясы оны тәртiпке келтiрудi ұйымдастырады.
      Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құжаттарын сақтауды ұйымдастыру жөнiндегi шығыстар таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаражаты есебiнен жүргiзiледi.

  11-тарау. Таратуды аяқтау

      172. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторларымен және акционерлерiмен есеп айырысуы аяқталғаннан кейiн тарату комиссиясы сотқа уәкiлеттi органмен келiсiлген  тарату туралы есептi және  тарату балансын ұсынады.
      Сот тарату туралы есептi және тарату балансын бекiтедi және тарату өндiрiсiнiң аяқталғандығы туралы ұйғарым шығарады.

      173. Тарату комиссиясы сот ұйғарымының көшiрмесiн заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын тиiстi әдiлет органына, сондай-ақ уәкiлеттi органға жiбередi.

      174. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметiн тоқтатуды тiркеу Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

      175. Тарату комиссиясының өкiлеттiгi сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының таратылуын тiркеу туралы әдiлет органының бұйрығын алғаннан кейiн, құжаттарды сақтау үшiн архивке тапсырғаннан кейiн және бұл жөнiнде уәкiлеттi органды хабардар еткеннен кейiн тоқтатылады.

  12-тарау. Қорытынды ережелер

      176. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамалық нормаларына сәйкес шешiлуi тиiс.

Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдарын мәжбүрлеп тарату 
ережесінің 1-қосымшасы    

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

____________ жылғы _____ тоқсандағы

тарату шығыстарының сметасы
_____________________________________________________________________
таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы

Шығыстар баптарының атауы

Жоспарланатын шығыстардың сомасы (мың теңгемен)

1

2

3

Айы


1

Еңбекке ақы төлеуге арналған шығыстар



лауазымдық еңбек ақы сомасы



жеке табыс салығының сомасы



міндетті зейнетақы жарналарының сомасы


2

Өтем төленетін қызмет көрсету шарттары бойынша ақы төлеу шығыстары


3

Бюджетке аударымдар бойынша шығыстар



әлеуметтік салық



әлеуметтік аударымдар



мүлік салығы



көлік құралы салығы



жер салығы



қосылған құн салығы



жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлемақы қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы


4

Әкімшілік шығыстар



қызметтік және шаруашылық қажеттіліктер үшін көлікті жалдау жөніндегі қызметтер



байланыс қызметтері



үйлер мен ғимараттар күзеті және сигнализациясы жөніндегі қызметтер



көлік күзеті жөніндегі қызметтер



көлікке көлік тұрағын ұсыну жөніндегі қызметтер



көлікті тіркеу жөніндегі қызметтер



көлікті техникалық тексеру жөніндегі қызметтер



көлікті сақтандыру жөніндегі қызметтер



коммуналдық қызметтер



мердігерлік әдіспен жүзеге асырылатын, негізгі құрал-жабдықтарды ағымдағы жөндеу, оларға техникалық, сервистік қызмет көрсету (тексеру) жөніндегі жұмыстар



үй-жайды жалдау



жылжымайтын мүлікті және тиісті құжаттаманы тіркеуші органдарда тіркеу жөніндегі қызметтер



мүлікті бағалау жөніндегі қызметтер



бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жөніндегі қызметтер



жылыту жүйесін iске қосуға дайындау жөніндегі қызметтер



сантехникалық жұмыстар



мүлікті сақтау жөніндегі қызметтер



мемлекеттік бажды төлеу



нотариаттық куәландыру жөніндегі қызметтер



мүлікті тасымалдау, тиеу, түсiру жөніндегі қызметтер



терезеге торларды, есіктерді жасау және орнату жөніндегі жұмыстар



аукциондар өткізу жөніндегі қызметтер



инкассация қызметтері



сараптама жүргізу жөніндегі қызметтер



аудит жүргізу жөніндегі қызметтер



құжаттарды аудару жөніндегі қызметтер



телефон нөмірлерін орнату, ауыстыру немесе көшіру



акционерлер тізілімін актуалды жағдайда ұстап тұру үшін тіркеуші қызметтері



банк шотына қызмет көрсету, банк шотын ашусыз жүзеге асырылған ақшаны аударым жасау мен төлем жасау жөніндегі қызметтер



құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу және оларды мұрағатқа тапсыру жөніндегі қызметтер



таратуды тіркеу үшін алым төлеу



инкассация қызметтері



банк шотына қызмет көрсету, банк шотын ашусыз жүзеге асырылған ақшаны аударым жасау мен төлем жасау жөніндегі қызметтер


5

Тауарлық-материалдық құндылықтарды сатып алуға арналған шығыстар



офистік жабдықтарды жұмыс істейтін жағдайда ұстау



көлік құралдарын ұстау



үй-жайларды ұстау



қағаз және бланк өнімдерін сатып алу



кеңсе тауарларын сатып алу



жанар-жағар май материалдарын сатып алу


6

Іс-сапар шығыстары


7

Болжанбаған шығыстар


Жиынтығында ай үшін








Жиынтығында ай үшін








Жиынтығында ай үшін


Барлығы тоқсан үшін


      Тарату комиссиясының
      төрағасы _________________________________   _____________
           (тегі, аты, бар болса – әкесiнiң аты)   (қойған қолы)

      Бас бухгалтер _________________________________ ___________
                (тегі, аты, бар болса – әкесiнiң аты) (қойған қолы)

      Орындаушы ____________________________________ ____________
               (тегі, аты, бар болса – әкесiнiң аты) (қойған қолы)

      Телефон» 

                                       Сақтандыру (қайта сақтандыру)
                                        ұйымдарын мәжбүрлеп тарату
                                         туралы Ережеге 2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

   ___________________________________________
     Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру)
                 ұйымының атауы

      __________________________________________________

         кассирінің ақшаны (құндылықтарды) қабылдау
              және беру есебіне арналған
                       Кітабы

                                            Басталды:_______________
                                            Аяқталды:_______________
                                Кітаптағы жазбалар ол толық
                                пайдаланылғанға дейін жүргізіледі

Кіріс

Түскен күні

Кімнен қабылданды (фамилиясы, аты-жөні)

Кіріс құжаттарының саны (бір данада)

Сомасы цифрмен(валюта түрін көрсете отырып, бірлікпен)

Сомасы жазбаша

Пайдалану мақсаты

Кассирдің қолы

Бас бухгалтердің қолы

Төрағаның (бөлімше басшысының) қойған қолы 



















___қалдық









___қалдық


















Осы күнгі жиынтық....









Шығыс

Берілген күні

Кімге берілді(фамилиясы, аты-жөні)

Шығыс құжаттарының саны (бір данада)

Сомасыцифрмен (валюта түрін көрсете отырып, бірлікпен)

Сомасы жазбаша

Пайдалану мақсаты

Кассирдің қолы

Бас бухгалтердің қолы

Төрағаның (бөлімше басшысының) қойған қолы 



















____қалдық









____қалдық









Осы күнгі жиынтық









Осы күнгі жиынтық...









                           Растау жазбасы

20___жылғы "______"_____________ жазбаға арналған
            (күні)    (айы)
осы кітаптың жиынтығы_______________________________________________
                       (таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру)
                                   ұйымының атауы)
___________ нөмірден бастап ___________ нөмірді қосқандағы
нөмірленген, тігілген және мөрмен жабылған_____________парақтар бар.

20___жылғы "______"______________

Төраға
(бөлімше басшысы) ______________ (тегі, аты-жөні)
                   қойған қолы

Бас бухгалтер _________ (фамилиясы, аты-жөні)
                қолы

Кассир__________________(фамилиясы, аты-жөні)
            қолы

Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдарын мәжбүрлеп тарату 
ережесінің 3-қосымшасы    

      Ескерту. 3-қосымшамен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 180 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Бекітемін        
Қазақстан Республикасы Қаржы 
нарығын және қаржы ұйымдарын 
реттеу мен қадағалау агенттігі
Төрайымының орынбасары   
_____________________________
___ жылғы «____» ____________

Кредиторлар комитетi құрамының тiзiмi

_____________________________________________________________________
      (таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)


р/р

Кезектіліктің (санаттың) нөмірі және атауы

Кредиторлар комитетiнің құрамына енгізілетін, таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кредиторының атауы

Кредиторлық берешек сомасы

1

2

3

4









      Тарату комиссиясының
      төрағасы ______________________________________ ____________
                (Тегі, аты, бар болса – әкесiнiң аты) (қойған қолы)

      Бас бухгалтер ___________________________________ ___________
                 (Тегі, аты, бар болса – әкесiнiң аты) (қойған қолы)

      Орындаушы ____________________________________ ______________
                (Тегі, аты, бар болса – әкесiнiң аты) (қойған қолы)

      Телефон»