Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 40 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі 2006 жылғы 10 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 4181.

Қолданыстағы

      Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулы күшіне енген күннен бастап осы қаулының  2-қосымшасына  сәйкес мынадай нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      4. Қаржы ұйымдарын тарату департаменті:
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, банктердің тарату комиссияларына жіберсін.

      5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

      Келісілген

      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық Банкі Төраға

      _________________________
      қолы, күні, елтаңбалы мөр

      Келісілген

      Қазақстан Республикасы
      Мәдениет, ақпарат және
      спорт министрлігінің
      Ақпарат және мұрағат
      комитеті Төраға
      _________________________
      қолы, күні, елтаңбалы мөр

Қазақстан Республикасы Қаржы  
нарығын және қаржы ұйымдарын  
реттеу мен қадағалау агенттігі 
Басқармасының          
2006 жылғы 25 ақпандағы    
N 40 қаулысының 1-қосымшасы  

  Қазақстан Республикасында банктерді еріксіз тарату
ЕРЕЖЕСІ

      Осы Ереже банкті сот шешімі бойынша, оның ішінде банкроттық негізінде еріксіз түрде тарату тәртібін (бұдан әрі - еріксіз тарату), еріксіз таратылатын банктің тарату комиссиясы (бұдан әрі - тарату комиссиясы) қызметінің ерекшеліктерін, таратылатын банктің кредиторлар комитетінің қалыптасу және қызмет ерекшеліктерін, қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның тарату комиссиясының қызметін бақылау жөніндегі өкілеттіктерін, тарату өндірісіне қатысушылардың депозиттерге міндетті кепілдік беру жөніндегі ұйыммен өзара іс-әрекет ету мәселелерін белгілейді.

  1-тарау. Осы Ережеде қолданылатын
жалпы ережелер және негізгі ұғымдар

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексіне , "Қазақстан Республикасындағы  банктер және банк қызметі  туралы", "Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі  туралы", " Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы ", " Акционерлік қоғамдар туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленген.

      2. Осы Ереже соттың шешімі бойынша еріксіз таратылатын екінші деңгейдегі банктерге қолданылады.
      Мемлекетаралық банктерді тарату ерекшеліктері осы банктерді құру туралы халықаралық шарттармен (келісімдермен) және олардың құрылтай құжаттарымен белгіленеді.

      3. Сот:
      1) банктің банкрот болуына;
      2) уәкілетті органның банк заңнамасында көзделген негіздемелер бойынша банк операцияларын жүргізуге банктің лицензияларын қайтарып алуына;
      3) уәкілетті мемлекеттік органдардың, заңды немесе жеке тұлғалардың заңнамалық актілерінде көзделген басқа да негіздемелер бойынша банк қызметін тоқтату туралы өтінішіне (шағымына) байланысты банкті еріксіз таратады.

      4. Осы Ережені пайдалану мақсатында мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) банк кредиторы - таратылатын банкке оның азаматтық-құқықтық және басқа да міндеттемелерінен туындайтын мүліктік талаптары бар тұлға;
      2) бастапқы баға - онымен әрбір лот бойынша сауда-саттық басталатын және лоттың бағалайтын бағасынан төмен болмайтын баға;
      3) ең төменгі баға - бұдан төмен бағамен лот сатылуы мүмкін емес баға;
      4) кепілдік беру жөніндегі ұйым - екінші деңгейдегі банктердегі депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын арнайы құрылған коммерциялық емес ұйым;
      5) кредиторлар комитеті - кредиторлардың мүдделерін қамтамасыз ету және олардың қатысуымен шешімдер қабылдау мақсатында таратылатын банктің кредиторларынан құрылатын орган;
      6) кредиторлар талаптарының тізілімі - уәкілетті орган бекіткен, кредиторлардың белгіленген мерзімде қойған және тарату комиссиясы таныған талаптарын, сондай-ақ еріксіз таратылатын банкке ұсынылған есеп айырысуға сәйкес ақша сомасы көлемінде өтемақы төлеу бойынша кепілдік беру жөніндегі ұйымның міндеттемелерді орындау жөніндегі болашақ талаптарын көрсететін құжат;
      7) қатысушы банк - банкті еріксіз тарату туралы сот шешімінің заң күшіне ену сәтіне депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болған таратылатын банк;
      8) құндылықтар - Қазақстан Республикасының валюталық құндылықтары, банкноттары мен монеталары, бағалы қағаздар, қатаң есептегі бланктер және бағалы заттар;
      9) лот - бірлікті сату үшін бөлінбейтін болып ажыратылған аукционға қойылған мүлік;
      10) мерзімді баспасөз басылымы - тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар және кемінде жарты жылда бір рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшасы;
      11) сату бағасы - сауда-саттық нәтижесінде белгіленген лоттың түпкілікті бағасы;
      12) сату объектісі - жеке (дербес) бірлік ретінде сауда-саттыққа қойылған таратылатын банктің мүлкі немесе бірнеше бірліктен бір лотқа шоғырланған өзге мүлік;
      13) сатушы - таратылатын банктің тарату комиссиясы;
      14) сатып алушы - сатушымен сатып алу-сату шартын жасаған сауда-саттық жеңімпазы;
      15) сауда-саттық жеңімпазы - сауда-саттықтағы лотқа барынша жоғары баға ұсынған қатысушы;
      16) сауда-саттық жүргізуді ұйымдастырушы (аукционист) - таратылатын банктің тарату комиссиясы немесе тарату комиссиясымен сауда-саттық жүргізу жөніндегі қызмет көрсету туралы шарт жасаған және оның нәтижелеріне мүдделі емес заңды не жеке тұлға;
      17) сауда-саттық қатысушысы - сауда-саттыққа қатысу туралы өтінішті сауда-саттық ұйымдастырушысы белгілеген тәртіппен берген және оның қатысушысы ретінде сауда-саттық ұйымдастырушысы тіркеген жеке немесе заңды тұлға;
      18) сауда-саттықтың ағылшындық әдісі - лоттың бастама бағасы лотқа ең жоғары баға ұсынған қатысушылардың біреуі қалған кезге дейін алдын ала мәлімделген қадаммен көтерілетін сауда-саттық әдісі;
      19) сауда-саттықтың голландтық әдісі - лоттың бастама бағасы қатысушылардың біреуі мәлімделген баға бойынша лот сатып алуға келіскен кезге дейін алдын ала мәлімделген қадаммен төмендейтін сауда-саттық әдісі;
      20) тарату комиссиясы - банкті еріксіз тарату туралы шешім қабылданған жағдайда уәкілетті орган тағайындайтын (босататын), банк ісін аяқтау және оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз ету мақсатында тарату рәсімі барысында банктің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыратын орган;
      21) тарату комиссиясының шығыстары - банкті еріксіз тарату процесінде тауарларды, жұмысты және қызмет көрсетуді тұтынуға байланысты шығындар (бұдан әрі - тарату шығыстары);
      22) тарату, конкурстық масса - таратылатын банктің банк ісін аяқтауға және оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз етуге арналған активтері;
      23) тарату массасының мақсатсыз шығысы - уәкілетті органмен келісілген немесе кредиторлар комитеті бекіткен тарату шығыстары сметасында көзделмеген шығындарды жүзеге асыру;
      24) тарату шығыстарының бекітілген сметасы - уәкілетті органмен немесе кредиторлар комитетімен келісу бойынша тарату комиссиясының төрағасы бекіткен сәйкес уақыт кезеңіне арналған смета;
      25) тарату шығыстарының сметасы - тарату комиссиясының уақыттың белгілі кезеңіне болжанған шығындарын көрсететін құжат;
      26) тарату ісі - банк ісін аяқтау және оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын банктің заңды тұлға ретіндегі қызметін тоқтату рәсімі;
      27) таратылатын банк - сот шешімінің заң күшіне енуіне байланысты еріксіз тарату процесінде болып табылушы банк;
      28) таратылатын банктің мүлкі - құнды бағасы бар және тарату, конкурстық массаға енген мүліктік игіліктер мен құқықтар жиынтығы;
      29) уақытша әкімшілік (уақытша әкімшілік басқарушысы) - банк мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету және банкті басқаруды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды орындау үшін банк операцияларын жүргізуге лицензияларды қайтарып алу туралы шешім қабылданған күннен бастап тарату комиссиясын уәкілетті орган тағайындағанға дейінгі кезеңге уәкілетті орган тағайындайтын орган (тұлға);
      30) уәкілетті орган - қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

      5. Банкті банкрот деп таныған жағдайда оның таратылуы осы Ережеге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  2-тарау. Банкті еріксіз тарату тәртібі

      6. Банктегі тарату ісінің басы банкті еріксіз тарату туралы сот шешімінің заң күшіне енгізілген күні болып табылады.

      7. Банкті еріксіз тарату туралы сот шешімінің заң күшіне енген күнінен бастап және банкті тарату ісі аяқталғанға дейін:
      1) акционерлердің жалпы жиналысының, еріксіз таратылатын банктің басқа да органдары мен лауазымдық тұлғаларының, оның ішінде мүлікке ие болу және міндеттемелерді өтеу жөніндегі өкілеттіктері, сондай-ақ олардың банкті басқару жөніндегі құқықтары тоқтатылады;
      2) таратылатын банктің атынан немесе соның есебінен жүзеге асырылатын іс-әрекеттердің егер оларды банктің тарату комиссиясының төрағасы немесе төрағаның осы іс-әрекеттерді жасауға белгіленген тәртіппен сенімхат берген тұлғасы жасаған жағдайда, заң күші болады;
      3) таратылатын банктің барлық борыштық міндеттемелерінің мерзімі біткен болып саналады;
      4) таратылатын банктің кредиторлық берешегінің барлық түрлері бойынша тұрақсыздық айыбын және сыйақыны есептеу тоқтатылады;
      5) таратылатын банктің мүлкіне өндіріп алуға заңнамада белгіленген барлық шектеулер алынып тасталады;
      6) таратылатын банктің қатысуымен сотта қаралатын мүліктік сипаттағы даулар тоқтатылады, егер олар бойынша қабылданған шешімдер заң күшіне енгізілмесе;
      7) кепілдік беру жөніндегі ұйымның қатысушы банктің депозиторларына өтеуі тиіс ақша сомасы мөлшеріндегі талаптарды қоспағанда, банкке қатысты мүліктік сипаттағы барлық талаптар осы сәттен бастап банктің тарату комиссиясының атына ғана беріле алады және осы Ережеде және қолданылып жүрген заңнамада белгіленген тәртіппен қаралады;
      8) соттардың таратылатын банкке қойылатын мүліктік талаптарға қатысты атқару құжаттары тарату комиссиясына "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының  Заңында  (бұдан әрі - Банктер туралы заң) белгіленген кезектілік тәртібімен орындау үшін беріледі.

      8. Банкті еріксіз таратуға байланысты барлық шығыстар осы банктің қаражаты есебінен ғана жұмсалады.
      Банктің тарату комиссиясының құрамына енгізілген қызметкерлердің еңбекақы төлеу жағдайларын қоспағанда, еріксіз тарату негізі бойынша банк қызметін тоқтатуға байланысты шығыстарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми баспа басылымдарында банкті еріксіз тарату туралы сот қабылдаған шешім жөніндегі ақпараттың мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялануы бойынша шығыстарды және әділет органының еріксіз таратуы мен банктің мүлкі болмаған не оның құны осы шығыстардың орнын толтыру үшін жеткіліксіз болған жағдайда банкті таратуды аяқтағаннан кейін мұрағатқа сақтау үшін құжаттарды беру негізі бойынша банктің қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеумен байланысты шығыстарды уәкілетті органның қаржыландыруына тыйым салынады.

  3-тарау. Тарату комиссиясы

      9. Тарату комиссиясын тағайындаған күннен бастап оған таратылатын банктің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі өкілеттіктері ауысады.
      Тарату комиссиясы он күндік мерзімде уақытша әкімшіліктен (уақытша басқарушыдан) қабылдау-өткізу актісі бойынша банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиялардың түпнұсқаларын, банктің мүлкі мен құжаттарын қабылдайды.
      Тарату комиссиясы банктің істерін, оның ішінде кредиторлары және акционерлерімен есеп айырысуды қамтамасыз ету жөніндегі істерін аяқтау үшін шаралар қолданады.

      10. Тарату комиссиясы таратылатын банктің атынан іс-әрекет етеді және өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешім қабылдау кезінде дербес болады.
      Тарату комиссиясының шешімдері хаттамамен ресімделеді.

      11. Қатысушы банкті таратқан кезде кепілдік беру жөніндегі ұйымның өтініші негізінде тарату комиссиясының құрамына оның өкілі енгізілуі мүмкін.

      12. Тарату комиссиясының төрағасы тарату комиссиясының жұмысына басшылық жасайды және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның қызметіне дербес жауап береді.
      Тарату комиссиясының төрағасы жоқ кезде оның міндеттерін орынбасары орындайды.

      13. Банктің филиалдары не өкілдіктері бар болса, оларды сол жерде құрылған тарату комиссиясының бөлімшесі (бұдан әрі - бөлімше) таратады.

      14. Бөлімшені тарату комиссиясы төрағасының тарату комиссиясы мүшелерінің ішінен тағайындаған басшысы (бұдан әрі - бөлімше басшысы) басқарады.
      Бөлімшенің басшысы өзі қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген және тарату комиссиясының төрағасы оған берген сенімхат негізінде жүзеге асырады.
      Бөлімшенің басшысы және бөлімше тұтастай алғанда тарату комиссиясының төрағасына есеп береді.

      15. Бөлімше басшысы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес бөлімшенің қызметіне және филиалды не банктің өкілдігін таратуға жауап береді.

      16. Тарату комиссиясы мүшелерінің, бөлімше басшысының, тарату комиссиясының жұмысқа тартылған қызметкерінің құқықтары және міндеттері, еңбекақы талаптарымен қоса тарату комиссиясының төрағасымен жасалынатын жеке еңбек шартында (келісім-шартта) белгіленеді.

      17. Тарату комиссиясының төрағасы оның қызметін жедел басқарады, бөлімшенің және оның басшыларының қызметін бақылайды.

      18. Төраға, бөлімшенің басшысы және тарату комиссиясының мүшелері банкке келтірілген зиян үшін және банкті тарату барысында жіберілген өзге де тәртіп бұзушылықтар үшін жауап береді.
      Асыра сілтеу фактілері және өзге де заң бұзушылықтар байқалған кезде тарату комиссиясы бұл жөнінде белгіленген тәртіппен құқық қорғау органдарына хабарлауы, сондай-ақ уәкілетті органға хабарлауы тиіс.

      19. Тарату комиссиясы мынадай іс-шаралар өткізеді:
      1) тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап он жұмыс күнінің ішінде шағым-талаптар (өтініштер) беру тәртібін, мерзімін және кредиторлардың өздерінің талаптарын беруге құқылы мекен-жайды міндетті түрде көрсете отырып, банкті еріксіз тарату туралы ақпаратты мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми баспасөз басылымдарында жариялайды;
      2) тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мүлік пен олармен жасалатын мәмілелерді тіркейтін органдарға, сондай-ақ бағалы қағаз тіркеушілеріне банкті еріксіз тарату туралы ақпарат береді және тарату комиссиясы жасамаған банк мүлігін иеліктен алу жөніндегі, сондай-ақ кепіл ұстаушысы таратылатын банк болып табылатын мүліктен ауыртпалықты алып тастау мәмілелерін тіркеуге тыйым салады;
      3) тарату комиссиясына банкте тарату ісін жүргізу жөніндегі міндеттерін жүктеуді растайтын құжаттармен бірге банктің басшылығына қол қойдыра отырып, таныстырады;
      4) қабылдау-өткізу туралы актілерді жасай отырып банктің басшылығынан не банктің уақытша әкімшілігінен (уақытша басқарушыдан) банктің мөртабандарын, мөрлерін, электронды ақпарат тасымалдаушыларды, бағдарламалық қамтамасыз етуді, бланкілерді және барлық басқа құжаттарды тез арада талап етеді;
      5) қабылдау-өткізу активтері бойынша активтерді, оның ішінде банктің мүлкін қабылдайды;
      6) банк кассасын тез арада түгендейді, ақша қалдығын таратылатын банктің ағымдағы шотына есептейді;
      7) банктің тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап он жұмыс күнінің ішінде банктің корреспондентік шоттарын салыстырып тексереді, оларды жабады және таратылатын банктің теңгемен және шетел валютасында ағымдағы шотын ашады;
      8) соттың банкті еріксіз тарату және тарату комиссиясын тағайындау туралы қабылдаған шешім жөнінде хабарландыруды банктің клиенттеріне көрінетін жерге орналастырады;
      9) банк қызметкерлерін еңбек заңнамаларына сәйкес жұмыстан босатады;
      10) банктің активтерін анықтайды;
      11) банк активтерін оның таратылу мақсаттарына сәйкес басқарады;
      12) банктің атынан талап қояды және сотта сөз сөйлейді;
      13) бағдарламалық қамтамасыз етудің және электронды ақпарат тасымалдаушылардың, сондай-ақ банктің басқа ақпаратының сақталуын қамтамасыз етеді;
      14) толық материалдық жауап беретін адамдардың, оның ішінде бухгалтерлік есеп жүргізетін және банктің қаржылық және басқа есебін өңдейтін электронды жүйеге кіре алатын адамдардың шеңберін белгілейді;
      15) заңнамада белгіленген тәртіппен банктің істері мен құжаттарын қабылдағаннан кейін банк құжаттарын сақтауды ұйымдастыруға жауапты тұлғаны тағайындайды;
      16) тарату комиссиясы құрылатын күнгі электрон түріндегі есеп-бухгалтерлік ақпараттарын басып шығарады. Электрон түріндегі осы ақпарат жоқ болғанда, қағаз түріндегі ақпарат негіз етіп алынады;
      17) кредиторлардың тізімін жасайды, қолда бар құжаттар бойынша олардың мекен-жайын анықтайды және талдау есебінің деректерімен салыстырып тексереді;
      18) кредиторлар туралы мәліметтер жоқ болған жағдайда, қолдағы бар деректерді және жазбаша хабарлама жіберудің мүмкін еместігінің себептерін көрсете отырып акт жасайды;
      19) банкті еріксіз тарату туралы банктің әрбір кредиторына жазбаша хабарлайды;
      20) таратылатын банк кредиторларының талаптарының заңдылығын анықтайды және оларды банктің бекітілген аралық тарату балансына және кредиторлардың тізіліміне сәйкес қанағаттандырады;
      21) өзінің қызметі мен міндеттерін орындауға арналған келісім-шарт бойынша қажетті қызметкерлер жалдайды;
      22) банкті таратудың барлық кезеңдерінің ішінде банктің мүлкі мен құжаттарын сақтау жөнінде шаралар қабылдайды;
      23) банкті тарату ісінің барысы туралы ақпаратты мерзімдік баспа басылымдарында жарты жылда бір рет жариялайды;
      24) уәкілетті органның талабы бойынша тарату ісіне қатысты мәліметтер береді;
      25) банкті тарату туралы есепті, тарату балансын жасайды және оларды уәкілетті органмен келісуге жібереді;
      26) банктің тарату ісі аяқталғаннан кейін құжаттарды сақтау үшін белгіленген тәртіппен мұрағатқа береді және бұл туралы уәкілетті органға хабарлайды;
      27) осы Ережеге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктері және міндеттері бар.

      20. Уәкілетті орган берген лицензиялардың түпнұсқалары тарату комиссиясы тағайындалған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға қайтарылуы тиіс.

      21. Таратылатын банктің ағымдағы шоттары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сәйкес филиалындағы оның бас офисі тұрған жерде ашылады.
      Осы Ережеде көзделген касса лимитін қоспағанда, таратылатын банктің, сондай-ақ филиалдарының не өкілдіктерінің барлық ақшасы таратылатын банктің ағымдағы шотына есептеледі.
      Таратылатын банктің берешектері жоқ клиенттерінің жазбаша талаптары бойынша тарату комиссиясы банкті еріксіз тарату туралы соттың шешімі заң күшіне енгеннен кейін таратылатын банкке, олардың банктік шотына түсетін ақшаны клиенттердің жаңа деректемелері бойынша тез арада (тапсырманы алған күннен бастап үш банктік күн ішінде) қайтарады. Банктің корреспонденттік шотына қате есептелген ақшаны тарату комиссиясы банкті еріксіз тарату туралы соттың шешіміне дейін, сондай-ақ күшіне енгеннен кейін қате есептелгенін растайтын барлық қажетті құжаттарды алған күннен бастап үш банктік күн ішінде клиенттердің жазбаша талаптары бойынша ақша жіберушілерге қайтарады.

      22. Еріксіз таратылатын банктің тарату комиссиясы уәкілетті орган белгілеген мерзімде істелінген жұмыс туралы есеп береді, ал қажет болған жағдайда қосымша ақпарат береді.
      Банктің филиалдарында және өкілдіктерінде өзінің қызметін жүзеге асыратын бөлімше тарату комиссиясының төрағасына істелінген жұмыс туралы есеп береді.

  4-тарау. Тарату шығыстары сметасын
қалыптастыру және бекіту

      23. Тарату ісіне байланысты, оның ішінде тарату комиссиясы қызметін қамтамасыз ету бойынша шығыстар, сондай-ақ таратылатын банктің негізгі функцияларын қамтамасыз ету қажеттілігінен туындайтын шығыстар кредиторлар комитеті бекіткен смета шегінде таратылатын банк қаражатынан кезектен тыс және тұрақты түрде жасалады.
      Кредиторлар комитетін құрғанға дейін тарату шығыстары, оның ішінде тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне төленетін төлем мөлшерін қосатын сметаны уәкілетті органмен келісе отырып тарату комиссиясының төрағасы бекітеді.
      Тарату ісінің шығыстары олардың туындауы бойынша тарату массасынан төленеді.
      Тарату массасының мақсатсыз шығысына, сондай-ақ екі айдан астам мерзімге тарату шығыстарында қаражаттың резервте сақталуына жол берілмейді.

      24. Еріксіз таратылатын банктің тарату комиссиясының төрағасына, мүшелеріне және өзге тартылған қызметкерлерге төленетін ай сайынғы сыйақы мөлшері олардың әрқайсысына сәйкес қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген он мәрте ең төменгі жалақы мөлшерінен аспауы тиіс.

      25. Таратылатын банктің шығыстарын реттеу мақсатында тарату комиссиясының қызметі кезеңінде тарату комиссиясы тарату шығыстарының сметасы жасалады.

      26. Таратылатын банктің тарату шығыстары сметасын қалыптастыру, келісу және бекіту кезінде тарату комиссиясы, уәкілетті орган және кредиторлар комитеті тарату шығыстарының нақтылық, негізділік, мақсатқа лайықтылық және жарамдылық принциптерін басшылыққа алады.
      Тарату шығыстарының нақтылық принципі тарату шығыстары сметасын қалыптастыру кезінде таратылатын банктің нақты қаржылық жағдайын, оның ішінде кредиторлар алдындағы берешек көлемін негізге алу қажет екеніне меңзейді.
      Тарату шығыстарының негізділік принципі деп тарату ісінің белгілі кезеңіне болжанған шығындардың объективті қажеттілігі түсіндірілу қажет.
      Мақсатқа лайықтылық принципі тарату комиссиясы жасаған шығындардың алға қойылған мақсатқа сәйкес келетіндігін, яғни тарату ісін аяқтауға және таратылатын банк кредиторларымен есеп айырысуға бағытталғандығын білдіреді.
      Тарату шығыстарының жарамдылық принципі жасалған шығындарды тарату комиссиясының құжатқа негіздеп растайтындығын білдіреді.

      27. Тарату шығыстары сметасын қалыптастыру кезінде тарату комиссиясы таратылатын банк қандай да бір кәсіпкерлік қызметпен айналыспайтындығына және тарату комиссиясының негізгі міндеті таратылатын банктегі істі аяқтау, Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарын сақтауға байланысты банктің кредиторларымен және акционерлерімен есеп айырысу жөніндегі шараларды қабылдау болып табылатындығына сүйене отырып есептеулер жасайды.

      28. Қажет болған жағдайда тарату шығыстары сметасында мынадай шығын баптары көзделеді:
      1) қызметкерлерге еңбекақы төлеу бойынша шығыстар;
      2) бюджетке аударымдар;
      3) әкімшілік шығыстар;
      4) тарату ісін жүзеге асыру үшін қажет тауарлы-материалдық құндылықтарды сатып алу бойынша шығыстар;
      5) іссапар шығыстары.

      29. Қызметкерлерге еңбекақы төлеу бойынша шығыстар мынадай шығындарды көздейді: тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне еңбекақы төлеу, таратылатын банктің филиалдарын есепке ала отырып, тарату комиссиясының тартылған қызметкерлеріне еңбекақы төлеу. Шығыстарда:
      1) лауазымдық жалақының;
      2) салық қызметі органына аударылатын табыс салығының;
      3) міндетті зейнетақы жарналарының сомасы көрінеді.

      30. Кредиторлар комитеті тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне, олардың қызмет нәтижелері бойынша оларға қатысты қосымша төлемдерді жүзеге асыру туралы шешім қабылданған барлық тұлғаларға берілген кредиторлар талаптарын нақты қанағаттандыру сомасының үш процентінен аспайтын мөлшерде қосымша төлемдерді бекітуі мүмкін.
      Тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қосымша төлемдер кредиторлармен толық есеп айырысқан кезде бір жолғы тәртіппен тағайындалады.

      31. Еңбекақыға қатысты тарату шығыстары сметасын қалыптастыру кезінде есеп айырысулар жасалған жеке еңбек шарттарына және жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтарға негізделеді.
      Қызметкерлердің еңбекақысын төлеуге арналған шығыстар бабы штаттық кестеге сәйкес қалыптасады.

      32. Салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер бойынша шығыстар Қазақстан Республикасы  салық  заңдарының талаптарына сәйкес жасалады.

      33. Әкімшілік шығыстар:
      1) қызметтік және шаруашылық мұқтаждар үшін көлік жалдау жөніндегі қызметке;
      2) байланыс қызметіне (телекоммуникациялық шығыстар, телефонды, телеграфты пайдаланғаны үшін абоненттік төлем, қалааралық және халықаралық сөйлесулер жөніндегі шығыстар, почта мен анықтамалық қызметтер);
      3) үйлер мен ғимараттарды (меншікті және кепілдік мүліктегі) күзету және сигнализация жөніндегі қызметке;
      4) көлікті күзету жөніндегі қызметке;
      5) көлікке арналған тұрақты ұсыну жөніндегі қызметке;
      6) көлікті тіркеу жөніндегі қызметке;
      7) көлікті техникалық тексеру жөніндегі қызметке;
      8) көлікті сақтандыру жөніндегі қызметке;
      9) коммуналдық қызметке;
      10) ағымдағы жөндеу жұмысы, мердігерлік тәсілмен жүзеге асырылатын негізгі құрал-жабдықтарға техникалық, сервистік қызмет көрсету (байқау) жөніндегі жұмыстарға;
      11) үй-жайды жалдауға;
      12) жылжымайтын мүлік пен тіркеуші органдардағы сәйкес құжаттаманы тіркеу жөніндегі қызметке;
      13) мүлікті бағалау жөніндегі қызметке;
      14) бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жөніндегі қызметке;
      15) жылу жүйесін іске қосуға дайындау жөніндегі қызметке;
      16) сантехникалық жұмыстарға;
      17) мүлікті сақтау жөніндегі жұмысқа;
      18) мемлекеттік бажды төлеуге;
      19) нотариалды куәлік бойынша қызметке;
      20) мүлікті тасымалдау, тиеу, түсіру бойынша қызметке;
      21) терезе, есіктерге темір тор дайындау және орнату жөніндегі жұмыстарға;
      22) аукциондар өткізу жөніндегі қызметке;
      23) инкассация қызметіне;
      24) сараптама жүргізу жөніндегі қызметке;
      25) аудит жүргізу жөніндегі қызметке;
      26) құжаттарды аудару қызметіне;
      27) телефон нөмірлерін орнатуға, ауыстыруға немесе басқа жерге орнатуға;
      28) актуалды жай-күйдегі акционерлердің тізілімдеріне қолдау көрсетудегі тіркеушінің қызметіне;
      29) құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу және оларды мұрағатқа тапсыру жөніндегі қызметке;
      30) таратуды тіркегені үшін алымдарды төлеуге көзделуі мүмкін.
      Жұмысқа және қызмет көрсетуге ақы төлеу тұрақты және бір жолғы сипатта болуы мүмкін.

      34. Ағымдағы қажеттілікті өтеу және мыналарға арналған барынша төмен қорларды құруға бағытталған тауар-материалдық құндылықтарды сатып алу жөніндегі шығыстар:
      1) жұмыс бабындағы офистік жабдықтарды ұстау;
      2) көлік құралдарын ұстау;
      3) үй-жайды ұстау;
      4) қағаз және бланктік өнімдерді сатып алу;
      5) кеңсе тауарларын сатып алу.

      35. Тарату комиссияларының әр түрлі қызмет көрсетулер мен тауар-материалдық құндылықтарды сатып алу жөніндегі шығыстарды сметаға енгізу кезіндегі есеп айырысулары осы өңірде белгіленген тарифтік сетка мен орта рыноктық баға негізінде жасалады.

      36. Тарату комиссиясы қызметкерлерінің іссапарға шығу шығыстары тарату шығыстары сметасында көзделген қаражат шегі бойынша жүзеге асырылады.
      Іссапарға жіберілген қызметкерге тәуліктік ақы бір айлық есеп айырысу көрсеткіші мөлшерінде төленеді, сондай-ақ Алматы және Астана қалалары бойынша бес айлық есеп айырысу көрсеткіші мөлшерінен, облыс орталықтарында төрт айлық есеп айырысу көрсеткіші мөлшерінен, аудан орталықтарында үш айлық есеп айырысу көрсеткіші мөлшерінен аспауы тиіс тұрғын жайды жалдау жөніндегі шығыстар, іссапарға жіберілген жеріндегі және тұрақты жұмыс істеу орнына қайту жөніндегі көліктік шығыстары қайтарылады.

      37. Жоспарланған және жасалған шығыстарды тарату комиссиясы уәкілетті органға шарттарды, шот-фактураларды, чектерді және өзге растаушы құжаттарды беру жолымен растайды.

      38. Банктің тарату комиссиясы уәкілетті орган оны тағайындағаннан кейін бес жұмыс күні ішінде тарату шығыстарының сметасын қалыптастырады және оны келісуге уәкілетті органға ұсынады.
      Филиалдық желілері бар банкте тарату комиссиясының төрағасы тарату комиссиясы бөлімшелерінің қызметін оларды шоғырландырылған тарату шығыстарының сметасына енгізу үшін тарату комиссиясы бөлімшелерінің бөлігінде үйлестіреді.

      39. Тарату комиссиясы мерзімін жоспарланып отырған кезеңнен кейінгі айдың онынан кешіктірмей cоңында келісу үшін тарату шығыстарының сметасын уәкілетті органға береді.

      40. Тарату комиссиясының төрағасының тарату шығыстарының сметасына өзгерістер мен толықтырулар енгізуі уәкілетті органмен келісуі арқылы ғана жасалады.

      41. Кредиторлар комитетінің құрамы бекітілгеннен кейін тарату комиссиясы тарату шығыстарының сметасын тоқсан сайын кредиторлар комитетіне бекітуге жоспарланып отырған кезеңнен кейінгі айдың бесі күнінен кешіктірмей береді.
      Тарату шығыстарының сметасы тоқсан аясындағы әрбір ай бөлігінде жасалады.

      42. Кредиторлар комитеті тарату комиссиясы ұсынған тарату шығыстарының сметасын жоспарланып отырған кезеңнен кейінгі айдың бесінен кешіктірмей қарайды және бекітеді.

      43. Кредиторлар комитеті бекіткен тарату шығыстарының сметасын тарату комиссиясы уәкілетті органға кредиторлар комитеті бекіткен күннен кейінгі күні береді.

      44. Еріксіз таратылып отырған банктің нақты қаржылық жай-күйін негізге алып және тарату комиссиясы орындаған жұмысты ескеріп, тарату комиссиясының төрағасы бекітілген тарату шығыстарының сметасына алдын-ала міндетті түрде кредиторлар комитеті бекітетін өзгерістер мен толықтыруларды енгізуі мүмкін.

      45. Тарату шығыстарының сметасын келіскен не бекіткен орган оның орындалуына бақылауды жүзеге асырады.

      46. Басқа бапқа үнем жасау есебінен бір баптың шығындары бойынша артық шығындануға жол берілмейді.

      47. Тарату шығыстарының сметасы уәкілетті органмен келісілгенге немесе кредиторлар комитеті бекіткенге дейін тарату комиссиясының шығыстарын жүзеге асыруға жол берілмейді.

  5-тарау. Тарату комиссиясының
кассалық тәртіпті сақтау талаптары

      48. Тарату комиссиясының төрағасы, бас бухгалтері, кассирі, бөлімшелерде - бөлімше басшысы қолма-қол ақша мен құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етеді, бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізуді, тарату комиссиясының кассасына келіп түскен ақшаны уақтылы кіріске алуға бақылау жасауды жүзеге асырады.

      49. Тарату комиссиясының төрағасы бухгалтерлік құжаттарға қол қоюға құқығы бар адамдарды бұйрықпен белгілейді.
      Бір кассирі бар тарату комиссиясында оны ауыстыру қажет болған жағдайда оның міндетін атқару тарату комиссиясы төрағасының жазбаша бұйрығымен басқа қызметкерге жүктеледі.

      50. Қолма-қол ақша операцияларын орындап отырған, сондай-ақ басқа құндылықтарға рұқсаты бар тарату комиссиясының қызметкерімен толық материалдық жауапкершілік туралы шарт жасалады.

      51. Қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтауды жүзеге асыру банктің қоймасында (сақтау қоймасында) немесе тиісінше бекітілген және күзет, өрт және дабыл сигнализациясымен, сейфтермен немесе жанбайтын металл шкафтармен жабдықталған үй-жайда жүзеге асырылады.

      52. Қолма-қол ақша мен құндылықтар сақталатын үй-жай мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
      1) қабырғалар, едендер, бөлменің ішкі төбелері - жан-жақты жасалған, үй-жайдың барлық периметрлері бойынша оған шыбықтарының диаметрлері 16 миллиметр болатын 150х150 миллиметрлік металл темір торкөз орнатылуы керек;
      2) терезелердің ойықтары шыбықтарының диаметрлері 16 миллиметр болатын 150х150 миллиметрлік металл темір торкөздермен бекітіледі;
      3) кіретін есіктер металдан жасалған болуы (темір материалдың екі жағының да қалыңдығы 2 миллиметрден кем емес) және аузына екі құлып салынуы тиіс. Сол есіктің ойығына құлыпқа жабылатын шыбықтарының диаметрлері 16 миллиметр болатын 150х150 миллиметрлік ішкі металл торкөз есік орнатылады;
      4) үй-жай үш күзет бекетімен, осы қызмет түріне тиісті лицензиясы бар күзет ұйымының орталықтандырылған дабыл және өрт құралдары пультіне қосылған сигнализациямен жабдықталады.

      53. Тарату комиссияларының кассалары (бұдан әрі - касса) жұмыс аяқталған соң банктің қоймасы (сақтау қоймасы) немесе қолма-қол ақша мен құндылықтар сақталатын үй-жай бір комплектісі кассирде, біреуі - бас бухгалтерде не тарату комиссиясының төрағасында болатын кілтпен және тарату комиссиясының мөрімен жабылады.

      54. Кассада қолма-қол ақшамен жасалатын операцияларды есепке алу "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына , халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      55. Кассада қалған қолма-қол ақша қалдығының күн сайынғы лимиті мынадай шекте бекітілген ай сайынғы шығыстар негізінде анықталады:

ай сайынғы шығыстар        касса қалдығының      касса қалдығының
                           күн сайынғы лимиті    бөлімшелердегі
                                                 күн сайынғы лимиті

5 миллион теңгеге дейін    - 20 мың теңге        - 20 мың теңге
5 млн.-нан 10 млн.
теңгеге дейін              - 40 мың теңге        - 20 мың теңге
10 млн.-нан 20 млн.
теңгеге дейін              - 100 мың теңге       - 20 мың теңге
20 миллион теңгеден
жоғары                     - 150 мың теңге       - 20 мың теңге

      56. Осы Ереженің 55-тармағында белгіленген күн сайынғы лимит сомасын көтерген кезде тарату комиссиясының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі филиалдарынан, екінші деңгейдегі банктерден кредиторлармен есеп айырысу мақсаты үшін сақтауға алған қолма-қол ақшасы қызмет көрсетуші банктегі ақшаны алған күнді қоспағанда, үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.

      57. Қолма-қол ақшаны кассаға қабылдау тарату комиссиясының бас бухгалтері мен кассирі қол қоятын кассалық кіріс құжаты бойынша (қолма-қол ақшаны шығаруды хабарлау және кассалық кіріс құжаты) жасалады және жалпы сомасы бір күн ішінде кассалық кіріс журналында көрсетіледі.
      Кассаға басқа құндылықтарды қабылдау кассалық шығыс ордерлері бойынша жасалады.

      58. Кассаға қабылданған қолма-қол ақша (оның ішінде дебиторлық берешекті өтеу есебінен және мүлікті сатудан алынған ақша) сол күні кассаға кіріске алынады және келесі жұмыс күнінен кешіктірмей тарату комиссиясының ағымдағы шотына аударылады.

      59. Кассадан қолма-қол ақшаны беру кассалық шығыс ордері бойынша жасалады.
      Басқа құндылықтарды беру баланстан тыс ордер бойынша ресімделеді.

      60. Кассир немесе оның орнындағы адам ақшаны шығыс ордері бойынша берген жағдайда алушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуін талап етеді, құжаттың атауын және нөмірін, оны кім және қай уақытта берілгенін жазып алады.

      61. Кассир немесе оның орнындағы адам қолма-қол ақшаны кассалық шығыс құжатында көрсетілген адамға ғана береді.

      62. Егер ақшаны беру белгіленген тәртіп бойынша ресімделген сенімхат бойынша жасалған жағдайда кассир ақшаны алушының фамилиясы, аты-жөнінен кейін ордер мәтінінде ақшаны алу сеніп тапсырылған адамның фамилиясын, аты-жөнін көрсетеді. Егер ақшаны беру ведомость бойынша жасалатын болса, кассир ақшаны алу жөніндегі қолхатқа "Сенімхат бойынша" деген жазба жасайды.
      Сенімхат кассирде қалады және кассалық шығыс ордеріне немесе ведомостке бекітіледі.

      63. Кассалық операциялар негізінде пайда болған және кассалық құжаттармен ресімделмей қалған жетпеген ақша немесе артық шығулар және құндылықтар тиісінше кіріске алынады немесе кассирдің акт жасауы арқылы төлеттіріп алуға жатқызылады.

      64. Қолма-қол ақшаны беруге арналған құжаттарға тарату комиссиясының төрағасының, бас бухгалтерінің және кассирінің, ал бөлімшелерде - бөлімше басшысының қолы қойылады.

      65. Тарату комиссиясының қызметкерлері мен оған тартылған қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу әрбір алушыға кассалық кіріс ордері жасалмай төлем жасау ведомостері бойынша (есеп айырысу-төлем) төленеді.

      66. Төлем жасау ведомостерінің (есеп айырысу-төлем) бірінші (бастапқы) бетінде қолма-қол ақшаны беру мерзімін және оның сомасын көрсете отырып, тарату комиссиясының төрағасының және бас бухгалтерінің қолы қойылып, қолма-қол ақшаны беру жөніндегі рұқсат беру жазбасы жасалады.

      67. Кассир жалақыны төлеудің белгіленген мерзімі өткеннен кейін:
      1) төлем жасау ведомосіндегі төлем жасалмаған адамдардың фамилиясының қарсы жағына штамп қояды немесе өз қолымен "сақтауға алынды" деген белгі қояды;
      2) сақтауға алынған сомалардың тізілімін жасайды;
      3) ведомостің соңында нақты бөлінген сома және сақтауға алынуға тиісті жалақының алынбаған сомасы туралы жазбалар жасайды, осы сомаларды төлем ведомосі бойынша жалпы сомамен салыстырады және өзінің қолымен бекітеді;
      4) ведомостегі нақты көрсетілген соманы және кассалық шығыс ордерінің нөмірін көрсетеді.

      68. Тарату комиссиясының қызметкерлеріне тарату өндірісімен байланысты мақсаттарға есепті түрде қолма-қол ақша беріледі.
      Қолма-қол ақшаны есепті түрде беру негіздемесі тарату комиссиясының төрағасының және бас бухгалтерінің қолы қойылған, осы шығыстардың қажеттігін негіздейтін тиісінше ресімделген (хабарлама жазбалар, есептер, тарату комиссиясының хаттамалары және басқалар) құжаттар болып табылады.

      69. Есепті түрде берілген сомалар алынған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, іссапарлық шығыстар бойынша іссапар мерзімі аяқталған күннен бастап есепті тұлғалар алынған сомалардың көзделген мақсатқа жұмсалғанын растайтын (барлық растаушы құжаттар, тауарлар немесе көрсетілген қызметтің төленгендігі жөніндегі чектер қоса берілген аванстық есептер) құжаттарды береді.

      70. Кассалық кіріс, шығыс құжаттары және баланстан тыс ордерлер нақты және түсінікті етіп толтырылады. Ешқандай тазалау, жағалдау және тіпті сөз болған түзетулер жасауға бұл құжаттарда жол берілмейді.
      Кассалық шығыс ордерлерінде оларды жасау негіздемелері көрсетіледі және оларға қоса берілетін құжаттар атап көрсетіледі.

      71. Кассалық кіріс және шығыс ордерлері қосымшаларымен бірге штамппен міндетті түрде бекітілуі немесе кассирдің не оның орнындағы адамның күнін, айын және жылын көрсете отырып, "Алынды" немесе "Төленді" деп қолын қоюы міндетті.

      72. Кассир жұмыс күнінің аяғында кассалық кіріс және шығыс ордерлері негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес күн ішіндегі кассалық айналымдар және құндылықтар қалдықтары туралы жиынтық анықтама жасайды және оның қорытындысын бухгалтерлік есеп деректерімен салыстырады. Салыстыру тарату комиссиясының бас бухгалтерінің және кассирінің қолымен расталады.

      73. Тарату комиссиясы қолма-қол ақшаның жылжуын және мақсатты көздеп жұмсалуы үшін осы ереженің Қосымшасына сәйкес белгіленген нысанда кассирдің қабылданған және нөмірленуі, жіппен байлануы және мөрмен жабылуы тиіс берілген ақшаның (құндылықтардың) есебін алу кітабын жүргізеді. Касса кітабының парақтарының саны төрағаның және бас бухгалтердің қолымен расталады.

      74. Касса кітабында тазартуға және айтылмаған түзетулер жасауға жол берілмейді. Қателер түзетілген жағдайларда "Түзетілді" деген жазба жасалады, оған түзету күні көрсетіліп, тарату комиссиясының төрағасының және бас бухгалтерінің қолдарымен расталады.
      Касса кітабын дұрыс және уақтылы жүргізуге бақылау жасау тарату комиссиясы Төрағасының бұйрығымен бас бухгалтерге жүктеледі.

      75. Күн сайын жұмыс күнінің соңында кассир күн ішіндегі операциялардың жиынтығын (кіріс және шығыс бойынша) есептейді, қолма-қол ақша қалдығы, сондай-ақ тарату комиссиясының кассирінің, бас бухгалтерінің және төрағасының қолдарымен расталатын келесі күнгі касса кітабындағы басқа құндылықтар қалдығы шығарылады.

      76. Кассадағы қолма-қол ақша қалдығы мен бухгалтерлік есеп деректері арасында алшақтықтар болған жағдайда бұл туралы бас бухгалтер алшақтықтардың себептерін анықтау үшін тарату комиссиясының төрағасын дереу хабардар етеді. Артық шығу немесе кем шығу расталған жағдайда акт жасалады.

      77. Касса жинақталған соң кассир касса құжаттарын қалыптастырады және брошура жасайды. Кассалық құжаттарды қалыптастыру кезінде олар кіріс және шығыс бойынша жеке-жеке (нөмірлеудің өсу тәртібімен) баланстық шоттар бойынша іріктеледі. Мемориалды құжаттар баланстан тыс шоттардың нөмірлері бойынша іріктеледі - бастапқыда кіріс, одан соң шығыс болып.

      78. Кассалық құжаттар әр күн үшін жеке папкаларға келесі жұмыс күнінен кешіктірмей қалыптастырылады. Брошура жасалған құжаттардың жиынтық деректері сол күнгі кассалық айналым туралы жиынтық анықтаманың деректері саналады және салыстырылады.
      Жауапты қызметкерлер қол қойған кассалық және мемориалдық ордерлердің күн ішіндегі кірісі мен шығысының кассалық айналымдары туралы анықтамалар кассалық құжаттар папкасының бас жағына орналастырылады.

      79. Тарату комиссиясының төрағасы белгілеген, бірақ тоқсанына бір реттен кем емес мерзімде қолма-қол ақшаны (банкнотты - парақтап, монеталарды - дөңгелектеп) толық қайта санау арқылы кассаға ревизия және басқа құндылықтардың болуына тексеру жасалады. Кассаның ревизиялық өндірісі үшін төрағаның бұйрығымен акт жасап отыратын комиссия тағайындалады.

      80. Ревизия барлық құндылықтарды тексеру үшін және ақша мен құндылықтардың ұрлануын жасыруға және кем шығуына жол бермейтін бір ізділікпен жасалады. Кассада кем шығу немесе артық шығу анықталған жағдайда кем шығу немесе артық шығу сомасы және олардың пайда болу жағдайлары көрсетіледі.

  6-тарау. Активтерді басқару және талаптарды қарау

      81. Таратылатын банктің активтерінің құрамына банктің меншікті мүлкі, заңды және жеке тұлғаларға берілген қарыздар, сондай-ақ банктің басқа да талаптары кіреді және тарату массасын қалыптастыру үшін негіз жасайды.

      82. Тарату комиссиясы кідіріссіз, осы Ережеге және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мүліктерді (активтерді), жеке шоттарды, банктің кредиттік және басқа да шарттарын түгендейді, сондай-ақ таратылатын банктің уәкілетті қызметкерлерінің қатысуымен барлық баланстық шоттар мен меморандум шоттарын салыстырады. Түгендеу қорытындысы бойынша акт жасалады.

      83. Барлық кредиттік істер, оның ішінде кредиттік шарттар, өзге де кредиттік міндеттемелер бойынша шарттар бар құжаттарды қоса отырып сипаттауға және соңынан есеп-тіркеу құжаттарымен салыстыруға жатқызылады. Алшақтықтар анықталған, не құжаттар болмаған жағдайда себебі түсіндіріліп акт жасалады.

      84. Таратылып отырған банктің түгендеу жолымен анықталған активтері тарату массасына қосуға жатқызылады. Таратудың басында банктің балансына енгізілмеген және түгендеу барысында анықталған активтер таратылып отырған банктің аралық тарату балансында көрсетілуі тиіс.

      85. Тарату комиссиясы таратылып отырған банктің мүлкіне баға беру қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалаушыны тарта отырып баға береді.

      86. Таратылып отырған банктің алдындағы берешегін өтеу үшін банк дебиторының мүлкін, оның ішінде сот шешімін орындау шотын беру берген күнгі мүлікке баға беру актісі болған жағдайда ғана жүзеге асырылуы тиіс.

      87. Таратылып отырған банктің қатысуымен болатын мәмілелер, аралық тарату балансы бекітілгенге дейін орындалуы және құжаттамалық ресімделуі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жасалмаған болса, жасалмаған болып есептеледі.

      88. Кастодиан банк таратылған кезде оған сақтауға және есепке алуға сеніп тапсырылған үшінші тұлғаларға тиесілі бағалы қағаздары және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының меншікті капиталы қаражатынан басқа мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері тарату массасына енгізілмейді және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының өтініштері бойынша басқа банкке ауыстырылады.
      Борышкердің меншік құқығы бойынша тиесілі емес, сонымен бірге сенімгерлік басқаруда немесе сақтауда болған мүлік тарату массасына енгізілмейді.

      89. Банктің таратушы конкурстық массасына ипотекалық облигациялар бойынша мынадай қамтамасыз ету болып табылатын кепілдік берілген мүлік енгізілмейді:
      ипотекалық тұрғын үй қарызы шарты бойынша талап ету құқығы (ипотекалық куәліктерді қосқанда), сондай-ақ олардың ұстаушыларында аталған облигацияларға меншік құқығы пайда болған немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген мәмілелер не өзге негіздемелер бойынша ауысқан жағдайдағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары. Аталған мүлікті тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының рыноктық бағалы қағаздар туралы заңнамасына сәйкес ипотекалық облигациялардың кредиторлары-ұстаушыларымен есеп айырысу үшін ипотекалық облигацияларды ұстаушылар өкілдеріне береді.

      90. Тарату комиссиясы банкті еріксіз тарату жөніндегі сот шешімі заң күшіне енген күні орындау мерзімі жетпеген қарыздар бойынша кредиттік шарттарды өтеудің нақтылығы мен перспективалық мәніне, борышкердің мүліктік жағдайына талдау жасайды және осыдан кейін мүліктік құқық ретінде шеттетілуі мүмкін кредиттік пакетті қалыптастырады не кезегі жеткен кезде тепе-теңдік принципін сақтай отырып кредитордың талаптарын басқаға береді. Тарату комиссиясы кредиттік пакет талаптарын шеттету немесе басқаға беру мәселелерін кредиторлар комитетіне қарауға ұсынады.

      91. Кепілдік беру ұйымынан басқа заңды тұлғалар, соттың банкті еріксіз тарату жөніндегі шешім қабылдауы нәтижесінде заңды мүдделері бұзылуы мүмкін заңды тұлғаның білімінсіз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы азаматтар, тікелей банкпен болатын дауларды реттеу мақсатында оның тарату комиссиясына жазбаша талап (өтініш) береді.
      Кредиторлар - жеке тұлғалар тарату комиссиясына растаушы құжаттар көшірмелерін қоса отырып, жазбаша өтініш береді.

      92. Кредиторлар талаптарында талап ету мөлшері туралы мәліметтер болуы тиіс (талап етудің негіздемесі мен мөлшерін растайтын құжаттарды қоса отырып, негізгі борыш, сыйақы, тұрақсыздық және өзге де айыппұл санкциялардың, шығындардың мөлшері туралы жекеше (заңды күшіне енген сот шешімдері, шарт көшірмелері, борышкердің борышын тануы және басқа құжаттар).

      93. Талап (өтініш) банк пен кредитор арасында жасалған шартта басқа мерзім аталмаған жағдайда, оны алған күннен бастап екі апта ішінде қаралуы тиіс.

      94. Тарату комиссиясы талаптарды (өтініштерді) қарау кезінде көрсетіліп отырған талаптың заңдылығын және оның негізділігін тексеруі тиіс.
      Егер талапқа (өтінішке) оны қарауға тиісті құжаттар қоса берілмеген болса, онда олар өтініш берушіден почтамен жолда жіберілген кездегі уақыты есептелмей, бес жұмыс күнінен кем емес уақыт көрсетіліп, сұратылады. Аталған мерзімде талап етілген құжаттар алынбаған жағдайда, талап (өтініш) бар құжаттар бойынша қаралады.

      95. Талапты (өтінішті) алған тарату комиссиясы өтініш берушінің жазбаша нысанда жазған негізді талап етуін таниды және талапты (өтінішті) қарау қорытындысы туралы оны жазбаша нысанда хабардар етеді.
      Талаптарға (өтініштерге) жауап беруде мыналар көрсетіледі:
      1) талаптарды (өтініштерді) беруші өтініш иесінің және жауапты жіберіп отырған тарату комиссиясының толық атауы, почталық деректемелері, жауап беріліп отырған талаптардың (өтініштердің) күні және нөмірі;
      2) талаптар (өтініштер) толық немесе ішінара танылған жағдайда, танылған сома не мерзімі және егер олар ақшалай бағалауға жатпайтын болса, қанағаттандыру тәсілі көрсетіледі;
      3) талаптарды (өтініштерді) толық немесе ішінара қабылдамау себебі тиісті нормативтік құқықтық актілерге және талаптарды (өтініштерді) қабылдамауды негіздейтін құжаттарға сілтеме жасау арқылы болған жағдайда;
      4) жауапқа қоса берілген құжаттар және басқа да дәлелдер тізбесі.

      96. Талап (өтініш) толық немесе ішінара қабылданбаған жағдайда өтініш берушінің талабы (өтініші), сондай-ақ өтініш берушінің талабының (өтінішінің) қабылданбауын негіздеген құжаттар өтініш иесінде болмаған жағдайда қайтарып беріледі.

      97. Кредиторға жауап тапсырысты немесе құнды хатпен, оның жөнелтілгендігін белгілеуді қамтамасыз ететін басқа да байланыс құралдарымен жіберіледі.

      98. Талаптар (өтініштер) беру мерзімі банкті еріксіз тарату туралы баспасөзде хабарландыру жарияланған күннен бастап есептеледі және екі айдан кем болмайды.

      99. Талаптар (өтініштер) беру мерзімі өткен, сондай-ақ барлық берілген талаптар (өтініштер) қаралған соң, тарату комиссиясы кредиторлар берген талаптар мен өтініштер тізбесінде, оларды қарау қорытындысында және банк кредиторлары талап етпеген берешектерде, кредиторлардың талап ету тізілімінде таратылып отырған банктің мүлкінің құрамы туралы мәліметтер болуы тиіс активтер мен міндеттемелерді түгендеу қорытындысын ескере отырып, бір ай мерзім ішінде аралық тарату балансын жасайды.
      Филиалдары және (немесе) өкілдіктері бар банктің аралық тарату балансы банктің филиалдары мен өкілдіктерінің аралық тарату балансын ескере отырып жасалады.

      100. Талап (өтініш) берген кредитор бір мезгілде таратылып отырған банктің борышкері болып табылған жағдайда, тарату комиссиясы талаптарды (өтініштерді) қарау кезінде ұсынылып отырған құжаттарға сәйкес аралық тарату балансы бекітілгенге дейін кредитор мен борышкердің бір тұлға болып дәл келуі түріндегі өзара талап етулер сынағын өткізу туралы мәселе қарайды және пайда болған айырма сомасын аралық тарату балансына енгізеді.
      Аралық тарату балансы бекітілгеннен кейін өзара талап етулер сынағы осы кредитордың талабын қанағаттандырудың тиісінше кезегі келген кезде ғана жасалады.
      Өзара талап етулер сынағын таратылып отырған банкпен кредитордың талабы талап ету құқығын басқаға беру шарты (тар) бойынша пайда болған кезде жүргізуге тыйым салынады.

      101. Аралық тарату балансын және оған қосымшаларды, оның ішінде кредиторлар талаптарының тізілімін тарату комиссиясы уәкілетті орган белгілеген нысандар бойынша жасайды.

      102. Тарату комиссиясы аралық тарату балансын және кредиторлардың талаптарының тізілімін жасағаннан кейін оны бекітуге уәкілетті органға ұсынады.

      103. Тарату комиссиясы кредиторлар талаптарының тізілімін кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру, олардың мүдделерін қорғау үшін жасайды және ол Банктер туралы Заңның  74-2-бабында  белгіленген кезектілікке сәйкес келуі тиіс.
      Кредиторлар талаптарының тізіліміне әр кредитор туралы, ақшалай міндеттемелер және (немесе) міндетті төлемдер бойынша оның талаптарының мөлшері, әрбір талаптың кезектілігін қанағаттандыру туралы мәліметтер көрсетіледі.
      Кредиторлар талаптарының тізіліміне кредиторлардың даусыз болып табылатын талаптары, сондай-ақ ұйымның кепілдік беру жөніндегі, еріксіз таратылып отырған банктің тарату комиссиясына ұсынған есебіне сәйкес сомадағы көлемде төлемді өтеу бойынша міндеттемелерді орындау жөніндегі болашақ талаптары енгізіледі.
      Таратылып отырған банктің ағымдағы шотына жасалған, заң күшіне енген соттар шешімдері бойынша орындалатын құжаттар тарату комиссиясының төрағасына кредиторлар талаптарын есепке алу үшін беріледі.
      Орындалатын құжаттар танылған талап етулер болып табылады және орындалмаған сомалар мөлшерінде тиісті кезектілікпен кредиторлар талаптары тізілімінде ескеріледі.

      104. Таратылып отырған банктің міндеттемелері бойынша есеп айырысулар уәкілетті органның аралық тарату балансын және оның қосымшаларын бекіткен соң ғана жүзеге асырылады.

  7-тарау. Таратылған банктің кредиторлар комитеті

      105. Кредиторлардың мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында және банкті еріксіз таратқан жағдайда солардың қатысуымен шешімдер қабылдау үшін кредиторлар комитеті құрылады.

      106. Кредиторлар комитеті құрамының тізімін тарату комиссиясы аралық тарату балансын және кредиторлар талаптары тізілімін бекіткен күннен бастап он күндік мерзімде қалыптастырады және оған тарату комиссиясының төрағасы қол қояды және дереу бекіту үшін ол уәкілетті органға жіберіледі.

      107. Кредитор кредиторлар комитеті құрамына Банктер туралы Заңның  74-2-бабында  көзделген кредиторлардың әр санаты бойынша бір өкілді кредиторларды талап ету тізіліміне енгізу жөніндегі талап етулердің мейлінше көп сомасымен енуге құқылы.
      Тарату комиссиясы мұндай кредиторларға осы кредиторларды кредиторлар комитеті құрамына тарату өндірісіне қатысу үшін енгізу туралы ұсыныстар жібереді.
      Кредитордың жазбаша келісімі болған жағдайда ол кредиторлар комитеті құрамына ене алады.
      Қатысушы банктің кредиторлар комитетін қалыптастыру кезінде оның құрамына кепілдік беру жөніндегі ұйымның өтініші негізінде оның өкілі енгізіледі.
      Кредиторлар комитеті құрамына таратылып отырған банктің басшы қызметкерлері енгізілмеуі тиіс.

      108. Кредиторлар комитеті тақ санды үш адамнан кем емес құрамда құрылады.
      Кредитор кредиторлар комитетінің жұмысына қатысудан бас тартуы мүмкін. Бұл жағдайда тарату комиссиясы таратылып отырған банкте мейлінше жоғары талап ету сомасы бар содан кейінгі кредиторға ұсыныс жібереді.
      Кредиторлар комитеті мүшесінің талаптары толық қанағаттандырылған жағдайда ол кредиторлар комитеті мүшелігінен шығарылады. Бұл жағдайда тарату комиссиясы соңынан кредиторлар құрамының тізімін уәкілетті органға бекітуге беретін кредиторлар комитеті құрамының өзгергендігі жөнінде жұмыс жүргізеді.

      109. Тарату комиссиясы комитеттің бірінші мәжілісі өткізетін орын мен күні туралы кредиторлар комитетінің барлық мүшелерін хабардар етеді.
      Кредиторлар комитетінің бірінші мәжілісі кредиторлар комитетінің құрамы бекітілген күннен бастап он күннен кешікпейтін мерзімде жасалады. Кредиторлар комитетінің бірінші мәжілісіне дауыс беру рәсімінде тең дауыс болған кезде шешуші дауыс құқығы берілетін комитет төрағасы сайланады. Кредиторлар комитетінің төрағасы комитеттің жұмыс жоспарын жасайды және бекітеді.

      110. Кредиторлар комитетінің одан кейінгі мәжілістері комитет белгілеген тәртіп пен мерзімде шақырылады.

      111. Кредиторлар комитеті мыналарды жасай алады:
      1) банкті тарату процесінде жасалатын барлық құжаттармен танысу;
      2) кредиторлардың құқықтары мен мүдделері бұзылған жағдайдағы кредиторлардың арыздарын қарауға қатысу;
      3) банкті тарату процесінде кредиторлардың құқықтары мен мүдделерінің және Қазақстан Республикасының заңнамаларының бұзылуы, сонымен бірге мүшелерінің өз міндеттемелерін тиісінше орындамағандығы туралы уәкілетті орган мен сотты ақпараттандыру;
      4) уәкілетті орган мен сотқа тарату комиссиясының іс-қимылы туралы шағымдану;
      5) мүлікті сату жөніндегі аукционды және тарату комиссиясының мәжілісін қосқандағы таратудың кез-келген рәсімдерін жасау кезінде қатысу құқығы бар кредиторлар комитетінің мүшелерінің қатарынан кредиторлар өкілдерін сайлауға;
      6) тарату комиссиясынан таратылып отырған банктің қаржылық жай-күйі туралы ақпарат беруді талап ету;
      7) таратылып отырған банктің дебиторлық берешегін төлеттіру мүмкін емес көлемін бекіту;
      8) тарату комиссиясының банктің тарату, конкурстық массасын сату жөніндегі ұсынған жоспарын бекіту;
      9) тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне төленетін негізгі және қосымша төлемдер мөлшерін қосқандағы банктің қаржылық жай-күйін ескере отырып, тарату шығыстарының сметасын бекіту;
      10) жекелеген кредиторларды хабардар ету мүмкіндігінің жоқтығы туралы тарату комиссиясының актісін бекіту;
      11) мүлікті банктің балансынан есептен шығару үшін тарату комиссиясының актісін бекіту.

      112. Кредиторлар комитетінің мәжілісі хаттамамен ресімделеді.
      Кредиторлар комитетінің шешімі жай көпшілік дауыспен қабылданады.

      113. Банктің қалған барлық кредиторлары бірлесіп дауыс алу құқығымен кредиторлар комитетінің мәжілісіне қатысуға құқылы.

  8-тарау. Таратылған банктің кредиторларының
талаптарын қанағаттандыру

      114. Тарату комиссиясы таратылған банктің кредиторларының талаптарын, оның ішінде оның банкрот болуына байланысты қанағаттандыруды аралық тарату балансына сәйкес ол бекітілген күннен бастап, Банктер туралы Заңның  74-2-бабында  белгіленген тәртіп пен кезектілік бойынша жасайды.

      115. Әрбір кезектің талабы алдындағы кезектің талаптары толық қанағаттандырылғаннан кейін барып қанағаттандырылады.
      Бір кезектің танылған барлық талаптарын қанағаттандыру үшін таратылған банктің мүлкі жетіспеген жағдайда таратылған банктің ақшасы және (өзге) мүлкі осы кезектің кредиторлары арасында қанағаттандырылуы тиіс талаптар сомасына теңбе-тең түрде бөлінеді.

      116. Тиісті кезегі келген жағдайда кредитордың талабы оның келісімімен Қазақстан Республикасының заңнамаларына қарама-қайшы келмейтін тәсілдермен, оның ішінде ақшалай нысанда және (немесе) есеп айырысудың тепе-теңдігі принципін сақтай отырып, заттай нысанда, мүлік беру арқылы да қанағаттандырылуы мүмкін.

      117. Тарату комиссиясы ұсынылған талаптарды (өтініштерді) белгілеген мерзім өткеннен кейін таныған, бірақ тарату балансы бекігенге дейінгі кредиторлар талабы белгіленген мерзімде өтініш жасаған қалған кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудан қалған борышкердің мүлкі бойынша қанағаттандырылады.

      118. Тарату комиссиясы кредиторлар талаптарын қанағаттандырудан бас тартқан, не оларды қараудан жалтарған жағдайда, кредитор банктің тарату балансы бекігенге дейін тарату комиссиясы үшін сотқа талап-шағым жасауға мүмкіндігі бар.
      Белгіленген мерзімде өтініш жасалған, бірақ тарату комиссиясы танымаған, оларды қанағаттандыру туралы соттың шешімі бар кредиторлар талаптары кредиторлармен есеп айырысу үшін белгіленген кезектілік тәртібімен орындалады. Аталған талаптарды толық қанағаттандырғанға дейін есеп айырысу жасалып жатқан кредиторлардың кезегінің талаптарын қанағаттандыру уақытша тоқтатыла тұрады.

      119. Таратылған банктің мүлкі жетіспеуіне байланысты кредиторлардың қанағаттандырылмаған талаптары (өтініштері), сондай-ақ тарату балансы бекітілгенге дейін жасалмаған өтініштер өтелді деп есептеледі.
      Егер кредитор сотқа талаптанбаған және соттың шешімі бойынша оны қанағаттандырудан бас тартылған жағдайдағы тарату комиссиясы танымаған кредиторлар талаптары өтелген болып есептеледі.

      120. Кредитор алдындағы міндеттемелерді орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, тарату комиссиясы таныған және кредиторлар талаптары тізіліміне енгізілген талапты (өтінішті) осы топ кезектілігімен есеп айырысуды аяқтау кезінде Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамаларында көзделген тәртіппен кредиторға төленбеген соманы нотариустың депозитіне аудару мүмкіндігі бар.

      121. Кредиторлармен есеп айырысу аяқталғаннан кейін таратылған банктің қалған мүлкін тарату комиссиясы акционерлік қоғамдар туралы заңнамада белгіленген тәртіппен банк акционерлері арасында бөліске салады.

  9-тарау. Таратылған банктің мүлкін сату тәртібі

  1-параграф. Таратылған банктің мүлкін сату жөніндегі
аукционды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

      122. Егер таратылып отырған банктегі бар ақша кредиторлар мен акционерлердің талаптарын қанағаттандыруға жеткіліксіз болған жағдайда тарату комиссиясы осы Ережеде белгіленген тәртіппен аукциондар өткізу жолымен банктің мүлкін сатуды жүзеге асырады.

      123. Тарату комиссиясының хаттамамен ресімделген мүлікті сату туралы шешімін, сондай-ақ таратылған банктің мүлкін сату Жоспарын таратылған банктің кредиторлар комитеті бекітеді.
      Тарату комиссиясының төрағасы кредиторлар комитеті таратылған банктің мүлкін сату Жоспарын бекіткенге дейін таратылған банктің мүлкін, кейін кредиторлар комитетіне мүлікті сату жөніндегі жұмыс жүргізу жөніндегі есебін бере отырып, сату мүмкіндігі бар.
      Таратылған банкте кредиторлар комитеті болмаған жағдайда, мүлікті сату туралы шешімді, сондай-ақ таратылған банктің мүлкін сату Жоспарын тарату комиссиясының төрағасы бекітеді және оны уәкілетті органға жібереді.

      124. Мүлікті сату сауда-саттық жасау Жоспарына сәйкес ашықтық, жариялылық және рұқсат беру принциптерін сақтай отырып жүзеге асырылады.
      Тарату комиссиясы аукциондарды өткізу кезінде тарату комиссиясы осы Ереженің 157-тармағында көзделген жағдайлардан басқа жағдайларда сауда-саттық жасау (ағылшын немесе голланд әдісі) әдістерін дербес таңдайды.

      125. Таратылып отырған банктің үйлері және ғимараттары, жылжымайтын мүліктің өзге де объектілері, олардың құнына қатыссыз, сондай-ақ мүлкінің бір бірлігі үшін 100 айлық есептік көрсеткіштен артық бағалау құны бар таратылған банктің өзге мүлкі тек қана жария сауда-саттық (аукцион) арқылы сатуға жатқызылады.
      Мүлкінің бір бірлігі үшін 100 айлық есептік көрсеткіштен кем бағалау құны бар таратылған банктің өзге мүлкін тарату комиссиясы жария сауда-саттық жасамай, сатып алу-сату шартын жасау жолымен, бірақ бағалау құнынан кем емес бағамен сатуға мүмкіндігі бар.

      126. Таратылған банктің мүлкін сату алдында дайындау шараларына мыналар жатады:
      1) таратылған банктің мүлкін құрылымын қайта қарау (сегментация, шоғырландыру) жөніндегі ұсыныстарды дайындау және нәтижесінде объектіні сату анықталатын лоттарды қалыптастыру;
      2) бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалаушыны таңдау жөніндегі іс-шараларды өткізу;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіппен таратылған банктің мүлкіне баға беру;
      4) таратылған банктің мүлкін сату туралы хабарландыруларды жариялау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
      5) таратылған банктің мүлкін сату Жоспарын кредиторлар комитетіне қарауға және бекітуге дайындау және ұсыну;
      6) қамтылып отырған жеке немесе заңды тұлғамен сауда-саттық өткізу жөнінде қызмет көрсету туралы шарт жасау.

      127. Сату жоспарында сату объектілері және олардың жан-жақты сипаттамасы, бағалау құны туралы мәліметтер, сатудың бастапқы бағасы (және сауда-саттықтың голландтық әдісіндегі барынша төмен баға) туралы ұсыныстар бар.

      128. Тарату комиссиясы осы Ережеде белгіленген тәртіп бойынша тартылып отырған банктің мүлкін сатуды мынадай талаптар мен мақсаттарды негізге ала отырып жүргізеді:
      1) сатылып отырған мүлікке осы өңірдегі осыған ұқсас мүлік түрлерінің рыноктық бағасынан кем емес баға белгілеу;
      2) мүлікті мейлінше жоғары бағамен сату;
      3) мүлікті қалдырмай сатып жіберу кезіндегі жоғалтуды барынша азайту.

      129. Сауда-саттықты ұйымдастырушы таратылатын банктердің мүлкін сату туралы хабарламаны аукционды өткізген күннен бастап кемінде он күнтізбелік күн ішінде республикалық немесе облыстық баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялайды.
      Аукцион ол туралы хабарлама жарияланған күннен бастап отыз күннен кешіктірмей өткізіледі. Әрбір жеке аукционға баспа басылымында жеке хабарлама беріледі.

      130. Сауда-саттықты өткізу туралы ақпараттық хабарда мынадай мазмұн болады:
      1) сауда-саттықты өткізу күні, орны және уақыты;
      2) таратылатын банктің сатуға қойылатын мүліктің атауы және тарату комиссиясының мекен-жайы;
      3) қойылатын лоттардың сипаты (мазмұны);
      4) әрбір лот бойынша сауда-саттықты өткізу әдісі;
      5) сатуға қойылатын лоттардың бастама және ең төменгі бағасы;
      6) кепілдік беру жарнасының мөлшері, мерзімі және тәртібі, Сатушының деректемелері;
      7) өтінімдерді қабылдау орны, уақыты және мерзімі;
      8) сату объектісімен таныстыру күні, уақыты мен орны;
      9) сатып алынған объектісін сату бойынша ақы төлеу шарттары;
      10) сауда-саттықты өткізу ережесімен танысуға және өзге ақпаратты алуға болатын телефондары мен мекен-жайлары;
      11) Сатушының шешімі бойынша басқа қосымша ақпарат.

      131. Сауда-саттықты ұйымдастырушы сауда-саттықты өткізгенге дейін әрбір қатысушыға оның тіркеген сәтте берілетін аукционға қойылатын әрбір лоттың жан-жақты сипаты бар аукциондық карта жасайды.

      132. Ақпараттық хабарды жариялағаннан кейін Сатушы барлық ниет білдірушілердің аукционды өткізу ережесі және ұйымдастыру туралы ақпаратқа және сату объектісіне еркін кіруін қамтамасыз етеді.

      133. Сатушының функцияларына мыналар жатады:
      1) кепілдік берілген жарналарын қабылдау;
      2) аукционды өткізу барысына бақылауды жүзеге асыру;
      3) сауда-саттық Жеңімпаздарымен сатып алу-сату шартын жасау және оның орындалуын бақылау;
      4) қатысушыларымен және сатып алушылармен есеп айырысуды жүзеге асыру.

      134. Аукционға қатысуға осы Ережеде айқындалған тәртіппен тіркеуден өткен жеке және заңды тұлғалар жіберіледі.

      135. Аукционға қатысуға таратылатын банктің басшы қызметкерлері, сауда-саттықты ұйымдастырушы, сондай-ақ таратылатын банктің кредиторлары мен дебиторлары болып табылатын тұлғалар жіберілмейді.

      136. Таратылатын банктің аукцион арқылы сатылатын мүлігін сатып алуға ниет білдіруші тұлғалар аукцион басталғанға дейін бес күннен кешіктірмей кепілдік берілген жарнасын енгізеді.

      137. Аукционға қатысу үшін кепілдік берілген жарнасы барлық таратылатын банктер үшін бірдей мөлшерде белгіленеді және әрбір сату объектісі бойынша оның бастама бағасының 5%-ін құрайды.

      138. Қатысушылардың мынадай міндеттемелерін қамтамасыз ету кепілдік берілген жарнасы болып табылады:
      1) сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қою;
      2) сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамасына сәйкес сатып алу-сату шартын жасау;
      3) сатып алу-сату бойынша міндеттемелерді тиісінше орындау;

      139. Қатысушылар кепілдік берілген жарналардың кез келген санын енгізу мүмкін. Бір кепілдік берілген жарна бір нақты кепілдік берілген жарнасы енгізілген лотты сауда-саттыққа және сатып алуға қатысуға құқығын береді.

      140. Кепілдік берілген жарнасы осы Ереженің 135-тармағында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда кез келген басқа жеке немесе заңды тұлғалар қатысушы атынан енгізу мүмкін. Сатушы кепілдік берілген жарнасының алушысы болып табылады.

      141. Сауда-саттықта жеңген және сатып алу-сату шартын жасаған қатысушының кепілдік берілген жарнасы сатып алу-сату шарты бойынша тиісті төлемдер шотына жатқызылады.

      142. Кепілдік берілген жарна Сатушыға:
      1) аукционға оны өткізгенге дейін кемінде үш күнде қатысудан бас тартқан;
      2) сауда-саттық Жеңімпазы сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамасына қол қоюдан не сатып алу-сату шартын жасағаннан бас тартқан;
      3) қатысушысы сауда-саттық нәтижелері оның нәтижелерімен негізгі келісімінсіз туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартқан;
      4) сатып алушы сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайларда қайтарылмайды;

      143. Қалған барлық жағдайларда кепілдік берілген жарналар аукцион басталған күннен бастап бес банктік күннен аспайтын мерзімде қайтарылады, ал егер ақша аукционнан кейін Сатушының банк шотына түссе, онда олар түскен күннен бастап бес банктік күн ішінде қайтарылады.

      144. Аукцион қатысушыларын тіркеу ақпараттық хабар жарияланған күннен бастап өткізіледі және аукцион басталғанға дейін бір сағат қалғанда аяқталады.

      145. Аукцион қатысушысы ретінде тіркеу үшін мыналарды ұсыну қажет:
      1) аукционға қатысуға белгіленген нысанда өтінімді;
      2) жеке куәлігі немесе жеке басын куәландыратын өзге құжатты;
      3) кепілдік берілген жарнасының енгізілуін растайтын төлем құжаттың немесе кіріс ордердің көшірмесі;
      4) сауда-саттық қатысушысы өкілінің өкілеттігін растайтын құжатты;
      5) заңды тұлғалар нотариалды куәландырылған Жарғының, статистикалық карточкасының және заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлігінің көшірмесін қосымша ұсынады.

      146. Аукцион қатысушыларын тіркеу Сатушы еркін нысанда жасайтын сауда-саттық қатысушыларын тіркеу журналында жүргізеді.

      147. Тіркеуден өткен тұлға аукцион өткізілетін күнінде аукциондық номеріне ауыстырылатын қатысушының билетін алады. Сауда-саттық барысында аукциондық номерін басқа тұлғасы пайдалануға тыйым салынады.

      148. Аукцион қатысушысы:
      1) сауда-саттыққа өзі немесе өзінің өкілдері арқылы қатысуға;
      2) қосымша мәліметтерді, объектілерді сатуға сауда-саттыққа шығару бойынша нақтылауларды тегін алуға;
      3) Сауда-саттықта сатылатын объектіні алдын ала қарауға;
      4) оның құқығын бұзған кезде сотқа шағымдануға;
      5) осы Ереженің 142-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кепілдік берілген жарнасын қайтаруға;
      6) аукционға қатысуға ол туралы Сатушыға хабардар ете отырып өзінің өтінімін қайтарып алуға құқылы.

      149. Аукционға кіру билетін төлеген барлық ниет білдірушілер қатысуға құқылы. Кіру билетінің құнын Сатушы өзі айқындайды, бірақ бір билеттің құны ең төменгі бір есептік көрсеткіштен аспауы тиіс. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, аукцион қатысушылары, уәкілетті органның және кредиторлар комитетінің өкілдері кіру билеттерін төлеуден босатылады.

      150. Сатушы:
      1) қатысушыдан аукционға қойылған санынан сол немесе өзге лотты сатып алуға оның ниеттенгені туралы ақпаратты талап етпеуге;
      2) сауда-саттық қатысушыларына қатысы бар ақпаратты сауда-саттықты дайындау және оларды өткізу барлық кезең ішінде жарияламауға;
      3) аукцион қатысушыларынан осы Ереженің 145-тармағында атап көрсетілгендерді қоспағанда, қатысушы ретінде тіркеу үшін қосымша құжаттарды ұсынуға талап етпеуге тиіс.

      151. Аукционды сауда-саттықты ұйымдастырушы өткізеді. Аукцион оны өткізу ережесін хабарлауынан басталады, онда сату объектісінің қысқаша сипаты, лоттың бастама (ең төменгі) бағасы, бағаны өзгерту қадамы және сауда-саттықты өткізу әдісі көрсетіледі. Қатысатын тұлғаларында аукцион барысына ықпал етуге немесе оны өткізу ережесін бұзуға құқықтары жоқ, керісінше жағдайда олар аукцион залынан шығарылуы мүмкін.

      152. Сауда-саттықты ұйымдастырушы сауда-саттық барысында қадамын, ол туралы хабарлай отырып өзгерту мүмкін. Өзгеру қадамы сату объектісінің бастама бағасының 5 тен 10%-ке дейінгі шегінде белгіленеді.

      153. Сауда-саттыққа лоттарды қою бірізділігі туралы шешімін сауда-саттықты ұйымдастырушы қабылдайды. Бұл тәртіп аукциондық картасында белгіленген тәртіпке сәйкес келмеуі мүмкін.

      154. Аукционға бірнеше лоттар шығарған кезде әрбір лоттар бойынша сауда-саттықтың әр түрлі әдістер өткізуге рұқсат етіледі.

      155. Сауда-саттық төменде сипатталған әдістердің екеуінен біреуі өткізіледі:
      1) сауда-саттықтың ағылшын әдісі:
      Сауда-саттықты ұйымдастырушы лоттың бастама бағасын және бағаның өсу қадамын хабарлайды. Сауда-саттық қатысушылары номерді көтере отырып бастама бағасын көтереді, бірақ хабарланған қадамнан кем емес. Сауда-саттықты ұйымдастырушы лот бойынша сауда-саттықта қатысатын аукциондық номерін хабарлайды, бағаны бекітеді және оны көтеруге ұсынады. Лот бойынша сауда-саттықтар ұсынылған ең жоғары бағасына дейін барады. Лотқа ең жоғары баға ұсынған қатысушысын сауда-саттықты ұйымдастырушы хабарлайды. Сауда-саттықты ұйымдастырушы лоттың соңғы бағасын үш рет қайталайды және басқа көтерілген номерлер болмаған кезде, балғамен ұрып сауда-саттық жеңімпазын атайды және осы лоттың сатылғаны туралы хабарлайды.
      Ағылшын әдісімен өткізілетін сауда-саттықтар мынадай жағдайларда жасалмады деп саналады:
      1) сауда-саттыққа қатысуға ниет білдірушілерден түскен өтінімдердің болмауы;
      2) сауда-саттыққа қатысуға бір ғана өтінімнің беруі;
      3) сауда-саттық қатысушыларының келмеуі;
      4) сауда-саттық Жеңімпазының сауда-саттық хаттамасына қол қоюдан бас тартуы немесе сатып алу-сату объектісі бойынша Сатушымен бірге әрі қарай есеп айырысу тәртібін бұзуы.
      2) сауда-саттықтың голланд әдісі:
      Сауда-саттықты ұйымдастырушы лоттың бастама және ең төменгі бағасын хабарлайды және хабарланған қадаммен оны азайтады, жаңа бағаны хабарлайды. Ұйымдастырушы баға хабарланған кезде аукциондық номерін бірінші көтерген қатысушының номерін атайды, лоттың соңғы бағасын үш рет қайталайды және басқа көтерілген номерлер болмаған кезде, балғамен ұрып сауда-саттық жеңімпазын атайды және осы лоттың сатылғаны туралы хабарлайды. Осы баға сауда-саттыққа қойылатын лоттың ең төменгі бағасынан кем болмауы тиіс. Ең төменгі бағаны таратылатын банктің кредиторлар комитеті бекітеді. Кредиторлар комитеті болмаған жағдайда сауда-саттыққа қойылатын лоттың ең төменгі бағасы тарату комиссияның төрағасы бекітеді және бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалаушыны тартуымен тарату комиссиясы белгілейтін соңғы баға құнының 50% төмен болмауы тиіс.
      Егер бағаны хабарлаған сәтте бірдей екі немесе одан көп номерлер көтерілген жағдайда, онда сауда-саттықты ұйымдастырушы Жеңімпазды айқындау сәтіне дейін белгіленген қадамның шамасына бағаны көтере бастайды. Хабарланған қадам голланд әдісі бойынша сауда-саттықта белгіленген қадамға тең, бірақ өсіріледі. Егер бағаны көтерген кезде сауда-саттыққа қатысатын өз номерін бірдей көтерген тұлғалардың біреуі көтерілген бағасы бойынша мүлікті сатып алуға ниет білдірмесе, онда сауда-саттықты ұйымдастырушы жеребе рәсімін қолданады.
      Жеребеде сауда-саттыққа қатысатын өз номерін бірдей көтерген тұлғалар сауда-саттықты ұйымдастырушы дайындаған бірдей конверттерді тартады, конверттердің біреуінде "Жеңімпаз" деген жазуы бар парақ, екіншісінде - таза парақ болады. "Жеңімпаз" деген жазуымен парағы бар конвертті тартқан сауда-саттықтың қатысушысы сауда-саттықтың Жеңімпазы деп танылады.
      Егер сауда-саттықты ұйымдастырушы лоттың ең төменгі бағасын хабарлаған кезде қатысушылардың біреуінде осы лотты сатып алуға ниет білдірмесе, онда лот сауда-саттықтан алынады.
      Голланд әдісімен өткізілетін сауда-саттықтар мынадай жағдайларда жасалмады деп саналады:
      1) сауда-саттыққа қатысуға ниет білдірушілерден түскен өтінімдердің болмауы;
      2) сауда-саттыққа қатысуға бір ғана өтінімнің беруі;
      3) сауда-саттық қатысушыларының келмеуі;
      4) сауда-саттық Жеңімпазының сауда-саттық хаттамасына қол қоюдан бас тартуы немесе сатып алу-сату объектісі бойынша Сатушымен бірге әрі қарай есеп айырысу тәртібін бұзуы.

      156. Аукцион егер онда кемінде екі қатысушы қатысқан жағдайда, жасалды деп саналады.

      157. Аукционға бірінші рет қойылатын мүлікті сату сауда-саттықтың ағылшын әдісімен өткізіледі.

      158. Осы ережеде атап көрсетілген әдістердің бірімен аукционды өткізген кезде сауда-саттықтар жасалмады деп танылған жағдайда, Сатушы Таратылатын банктің мүлігін іске асыру жоспарына өзгерістер енгізеді. Мүлікті іске асыру жоспарына енгізілетін өзгерістерді кредиторлар комитеті бекітеді, ал ол болмаған жағдайда тарату комиссиясының төрағасы бекітеді және уәкілетті органға жібереді. Өзгерістерде сатылатын лоттардың өзге құрылымы және (немесе) олардың бастама (ең төменгі) бағасы болады.

      159. Мүлікті іске асыру жоспарына енгізілген өзгерістерді ескере отырып, бір сатып алушы қатысатын сауда-саттықты өткізген кезде сауда-саттықты ұйымдастырушы жалғыз қатысушыға қойылатын лотты ағылшын әдісі кезде бастама бағасынан кем емес, голланд әдісі кезде ең төменгі бағасынан кем емес сатады.

      160. Әрбір сатылған лот бойынша сауда-саттық нәтижелері сол күні сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамасымен ресімделеді, Сатушы, сауда-саттықты ұйымдастырушы, сауда-саттықтың Жеңімпазы және әрбір лот бойынша сауда-саттық аяқталған барлық қатысушылары оған қол қояды. Сауда-саттық қатысушыларына кепілдік берілген жарнасы олар сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамасына қол қойған жағдайда ғана қайтарылады. Хаттамаға қол қоймаған сауда-саттық қатысушысы оның нәтижелеріне өз келіспеушілігін жазбаша негіздейді.

      161. Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қоймаған сауда-саттықтың Жеңімпазы аукционға бұдан әрі қатысуға құқығынан айырылады. Бұл жағдайда осы объектісі бойынша сауда-саттықтар жаңартылады.

      162. Сауда-саттық нәтижелерін және сауда-саттық Жеңімпаздарының міндеттемелерін және Сатушының сату бағасы бойынша сатып алу-сату шарт жасауын белгілейтін құжаты сауда-саттықтар нәтижелері туралы хаттамасы болып табылады.

      163. Аукционды өткізгеннен кейін үш күн ішінде Сатып алушы және Сатушы арасында сатып алу-сату шарты жасалады, онда шарттың мәні, құқығы, міндеттемелері және тараптардың жауапкершілігі, сату объектісінің соңғы бағасы және ақы төлеу шарттары, тараптардың деректемелері көрсетіледі, сондай-ақ тараптар арасындағы Сатып алушы және Сатушы қол қоятын сауда-саттықтың объектісін қабылдау-тапсыру актісін жасай отырып тараптардың қарауы бойынша өзге талаптар.

  2-тарау. Сауда-саттық қатысушылары
арасындағы есеп айырысу жүргізу тәртібі

      164. Сатушы және Сатып алушы арасындағы сатып алу-сату шарт жасалғаннан кейін бес банктік күнінен кешіктірмей Сатып алушы шартта көрсетілген сомасы Сатушының ағымдағы шотына аударылады және оған тиісті төлем құжаттың көшірмесін растауға ұсынады.

      165. Сатып алушы осы Ереженің 164-тармағында белгіленген мерзімде аукционда сатып алған мүлікке қажетті төлем енгізбеген жағдайда, Сатушы сатып алу-сату шартын осы шарттың талаптарында көзделген бір тәртіппен бұзады. Сатып алушы енгізген кепілдік берілген жарнасы оған қайтарылмайды және осы мүлік қайтадан сауда-саттыққа қойылады. Сатып алушының сату объектісіне төлем енгізбегеніне жауапкершілігі ол және Сатушының арасындағы сатып алу-сату шартында көзделеді.

  10-тарау. Уәкілетті органның еріксіз таратылатын
банктердің тарату комиссияларының қызметіне бақылау
жөніндегі өкілеттіктері

      166. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес тарату комиссиясының қызметіне бақылау жасайды.

      167. Уәкілетті орган:
      1) тарату комиссиясы есепті және қосымша ақпаратты ұсынатын нысанын, мерзімін және кезеңділігін белгілейді;
      2) еріксіз таратылатын банктің тарату комиссиясын тағайындайды және босатады;
      3) банктің тарату комиссиясы ұсынған аралық тарату балансын және еріксіз таратылатын банк кредиторларының талаптар тізілімін бекітеді;
      4) банктің тарату комиссиясы ұсынған кредиторлар комитетінің құрамы тізімін бекітеді;
      5) кредиторлар комитетінің, жекелеген кредиторлардың немесе банк акционерлерінің хабарласуы бойынша, сондай-ақ өз бастамасы бойынша тарату комиссиясының қызметін тексереді;
      6) тарату комиссиясы ұсынған еріксіз тарату банктің тарату туралы есепті және тарату балансын қарайды және келіседі;
      7) банктің тарату комиссиясының қызметін бақылау бойынша осы Ережеде және басқа да нормативтік құқықтық актілерде көзделген басқа өкілеттіктері бар.

      168. Егер тарату комиссиясының қызметін тексеру не уәкілетті органға ұсынылған мәліметтерді талдау нәтижесінде банк кредиторларының және акционерлерінің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылғаны байқалса, сондай-ақ тарату процесін жүргізудің заңмен реттелген тәртібі бұзылса, уәкілетті орган тарату комиссиясына міндетті түрде орындау үшін көрсетілген заң бұзушылықтарды жою жөнінде жазбаша ескертпе жібереді және ұйғарымды орындау үшін мерзімін белгілейді.

      169. Тарату комиссиясы жазбаша ескертпені орындамаған жағдайда уәкілетті орган Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес тарату комиссиясын құрған сотқа немесе бұзылған құқықтарды және кредиторлардың заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау жөніндегі прокуратура органдарына хабарласуға құқылы.

  11-тарау. Тарату ісіне қатысушылардың кепілдік
беру жөніндегі ұйыммен өзара іс-әрекеті

      170. Осы тарау қатысушы-банктердің тарату комиссияларына қолданылады.

      171. Тарату комиссиясы кепілдік беру жөніндегі ұйымға депозиторлардың тізімін, кепілдік берілетін депозиттерді қайтару бойынша міндеттемелерді, сондай-ақ міндетті кепілдік беру депозиттердің мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерде бекітілген мерзім ішінде кепілдік беру жөніндегі ұйым бекіткен нысан бойынша еріксіз тарату туралы сот шешімі күшіне енген күнгі жағдай бойынша депозиттер бойынша өтеу есебін ұсынады.

      172. Қатысушы-банктің тарату комиссиясы депозиттер бойынша өтеуді есептеу міндетті кепілдік беру депозиттердің мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүргізеді.

      173. Қатысушы-банктің тарату комиссиясы депозиторларға өтемақы төлеу бойынша міндеттемелерді орындауға қажетті есеп айырысуды жасағаннан кейін салымшыларға төленуге тиісті өтемақы мөлшерінде кредиторлар тізілімінің үшінші кезегінде кепілдік беру жөніндегі ұйымды енгізеді.

      174. Кепілдік беру жөніндегі ұйыммен есеп айырысу кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудың үшінші кезегі басталған кезде жүргізіледі.

      175. Еріксіз таратылатын қатысушы банктің ісі біткеннен және тарату комиссиясының жұмысы аяқталғаннан кейін банкті тарату және тарату балансы туралы есепті жасау кезінде кепілдік беру жөніндегі ұйым және қатысушы-банктің тарату комиссиясы екі данадан, әрбір тарап үшін бір данадан, есеп айырысуларды салыстырып тексеру актісіне қол қояды.

  12-тарау. Таратылатын банктің құжаттарын мұрағатқа
сақтауға және тапсыруға ұйымға қойылатын талаптар

      176. Банктің тарату комиссиясы есепті қамтамасыз ету, сақтауға жататын құжаттарды ресімдеу мен сақтау мәселелері бойынша банктерге қойылатын, оның ішінде мұрағат пен құжаттаманы басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес тарату комиссиясының қызметіне байланысты барлық талаптарын орындалуын қамтамасыз етеді.

      177. Банктің тарату комиссиясының құрамы өзгерген кезде сақтауға жататын істерді және құжаттарды тарату комиссиясының жаңа құрамына қабылдау-өткізуі таратылатын банктің істері мен құжаттарын қабылдау-өткізу актісі негізінде жасалады.

      178. Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, екінші деңгейдегі банктердің қызметі нәтижесінде пайда болатын құжаттардың тізбесін уәкілетті орган бекітеді.

      179. Істер мен құжаттарды сақтау мерзімін оларды іс жүргізу аяқталған кейінгі жылдың бірінші қаңтарынан бастап есептеледі.

      180. Сақтауға жатпайтын құжаттарды жою мұрағаттар мен құжаттаманы басқаратын тиісті органның сараптау-тексеру комиссиясының келісімі бойынша тарату комиссиясының төрағасы бекітетін актісімен ресімделеді.

      181. Тиісінше ресімдеусіз және келісімсіз құжаттарды жою, сондай-ақ уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген құжаттарды сақтау мерзімдерін бұзуға жол берілмейді.

      182. Таратылатын банктің уақытша сақтауға жататын, банкті тарату толық аяқталған сәтке дейін сақтау мерзімі аяқталмаған құжаттар қабылдау-өткізу актісі бойынша аймақтық уәкілетті органның өкілдеріне тапсырылады.

      183. Таратылатын банктің тұрақты сақтауға жататын құжаттар тиісінше ресімделеді және мұрағаттар мен құжаттаманы басқаратын уәкілетті мемлекеттік органға сақтауға тапсырылады.

      184. Есепті ұйымдастыруына және құжаттардың сақталуына жауапты тұлғасы мұрағаттық сақтауға істерді тапсыруға дайындаған кезде, олардың дұрыстылығы, қалыптастыру және тізімдемеге жататын істердің саны таратылатын банктің іс номенклатурасына сәйкес куәландырылған істердің санына сәйкестігі тексеріледі. Құжаттарды тапсыру тізімдеме бойынша жүзеге асырылады және актімен ресімделеді.
      Егер таратылатын банктің құжаттарын өңдеу жағдайы мен сапасы тиісінше жағдайда болса, онда тарату комиссиясы олардың тәртіпке келтіруін ұйымдастырады.
      Таратылатын банктердің құжаттарын сақтауды ұйымдастыру бойынша шығыстар таратылатын банк қаражаты есебінде жасалады.

  13-тарау. Таратуды аяқтау

      185. Еріксіз таратылатын банктің кредиторларымен және акционерлерімен есеп айырысу аяқталғаннан кейін тарату комиссиясы уәкілетті органмен бірге келісілген тарату туралы есепті және тарату балансын сотқа жібереді.
      Сот тарату туралы есепті және тарату балансын бекітеді және тарату өндірісін аяқтау туралы ұйғарым шығарады.

      186. Тарату комиссиясы сот шығарған ұйғарымның көшірмесін заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелімін жүзеге асыратын әділет органдарына және уәкілетті органға жібереді.

      187. Еріксіз таратылған жағдайда банктердің қызметін тоқтатуын тіркеу заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы заңнамада айқындалған тәртіппен жүргізіледі.

      188. Әділет органының банктің таратылуын тіркеу туралы бұйрығы алынғаннан, банктің құжаттарын мұрағатқа сақтауға тапсырғаннан және бұл жөнінде уәкілетті органға хабарлағаннан кейін тарату комиссиясының өкілеттіктері тоқтатылады.

  14-тарау. Қорытынды ережелер

      189. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнама нормаларына сәйкес шешіледі.

                                        Қазақстан Республикасындағы
                                         банктерді еріксіз тарату
                                          ережесінің қосымшасы

      _____________________________________________
              Таратылатын банктің атауы 

             Кассир қабылдаған және берген ақшаларды
               (құндылықтарды) есепке алу
              _______________________________________
                             КІТАБЫ

                                         Басталды: _________________
                                         Аяқталды: _________________

                      Оны толық пайдаланғанға дейін кітапқа жазылады

КІРІС

Түскен
күні

Кімнен
қабыл-
данды
(аты-
жөні)

Кіріс
құжат-
тардың
саны
(дана-
мен)

Санмен
беріл-
ген
сомасы
(валюта
түрін
көрсете
отырып
бірлік-
термен)

Жа-
зу-
мен
бе-
ріл-
ген
со-
масы

Мақсатты
тағайын-
дау

Кас-
сирдің
қолы

Бас
бух-
галтер
-дің
қолы

Төраға-
ның
қолы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

Бір күнге жиынтығы...

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ШЫҒЫС

Беріл-
ген
күні

Кімге
беріл-
ді
(аты-
жөні)

Шығыс
құжат-
тардың
саны
(дана-
мен)

Санмен
беріл-
ген
сомасы
(валюта
түрін
көрсете
отырып
бірлік-
термен)

Жа-
зу-
мен
бе-
ріл-
ген
со-
масы

Мақсатты
тағайын-
дау

Кас-
сирдің
қолы

Бас
бух-
галтер
-дің
қолы

Төраға-
ның
қолы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

Бір күнге жиынтығы...

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Қаржы  
нарығын және қаржы ұйымдарын  
реттеу мен қадағалау агенттігі 
Басқармасының          
2006 жылғы 25 ақпандағы    
N 40 қаулысының 2-қосымшасы  

Күші жойылды деп танылған нормативтік
құқықты актілердің тізімі

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасындағы таратылатын банктердің мүлкін сату жөнінде аукциондар мен коммерциялық ұсыныстар конкурсын ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту" 2000 жылғы 21 сәуірдегі N 142  қаулысы  (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1136 тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде N 6 басылымында 2000 жылы 237 бетте жарияланған).
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 21 сәуірдегі N 142 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы таратылатын банктердің мүлкін сату жөнінде аукциондар мен коммерциялық ұсыныстар конкурсын ұйымдастыру және өткізу ережесіне өзгерістер мен толықтырулар бекіту туралы" 2001 жылғы 31 наурыздағы N 82  қаулысы  (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1502 тіркелген).
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында банктерді еріксіз тарату ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 28 қазандағы N 421  қаулысы  (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1765 тіркелген).
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1765 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында банктерді еріксіз тарату ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 28 қазандағы N 421 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 7  қаулысы  (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2712 тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде N 41-44 басылымдарында 2004 жылы 1047 бетте жарияланған).
      5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында банктерді еріксіз тарату ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 28 қазандағы N 421 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 100  қаулысы  (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3567 тіркелген).
      6. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасындағы таратылатын банктердің және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының мүлкін сату жөнінде аукциондар мен коммерциялық ұсыныстар конкурсын ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 21 сәуірдегі N 142 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 99  қаулысы  (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3612 тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде N 17 басылымында 2005 жылы 142 бетте жарияланған).