Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 40 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі 2006 жылғы 10 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 4181.

Жаңартылған

      Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулы күшіне енген күннен бастап осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес мынадай нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      4. Қаржы ұйымдарын тарату департаменті:
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, банктердің тарату комиссияларына жіберсін.

      5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

      Келісілген

      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық Банкі Төраға

      _________________________
      қолы, күні, елтаңбалы мөр

      Келісілген

      Қазақстан Республикасы
      Мәдениет, ақпарат және
      спорт министрлігінің
      Ақпарат және мұрағат
      комитеті Төраға
      _________________________
      қолы, күні, елтаңбалы мөр

Қазақстан Республикасы Қаржы 
нарығын және қаржы ұйымдарын 
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының         
2006 жылғы 25 ақпандағы   
N 40 қаулысының 1-қосымшасы 

Қазақстан Республикасында банктерді еріксіз тарату
ЕРЕЖЕСІ

      Осы Ереже банкті сот шешімі бойынша, оның ішінде банкроттық негізінде еріксіз түрде тарату тәртібін (бұдан әрі - еріксіз тарату), еріксіз таратылатын банктің тарату комиссиясы (бұдан әрі - тарату комиссиясы) қызметінің ерекшеліктерін, таратылатын банктің кредиторлар комитетінің қалыптасу және қызмет ерекшеліктерін, қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның тарату комиссиясының қызметін бақылау жөніндегі өкілеттіктерін, тарату өндірісіне қатысушылардың депозиттерге міндетті кепілдік беру жөніндегі ұйыммен өзара іс-әрекет ету мәселелерін белгілейді.

1-тарау. Осы Ережеде қолданылатын
жалпы ережелер және негізгі ұғымдар

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне , "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" (бұдан әрі - Банктер туралы Заң), "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы", " Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы ", " Акционерлік қоғамдар туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленген.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.29. N 155 (қолданысқа енгізілу тәртібін   2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      2. Осы Ереже соттың шешімі бойынша еріксіз таратылатын екінші деңгейдегі банктерге қолданылады.
      Мемлекетаралық банктерді тарату ерекшеліктері осы банктерді құру туралы халықаралық шарттармен (келісімдермен) және олардың құрылтай құжаттарымен белгіленеді.

      3. Сот:
      1) банктің банкрот болуына;
      2) уәкілетті органның банк заңнамасында көзделген негіздемелер бойынша банк операцияларын жүргізуге банктің лицензияларын айыруына;
      3) уәкілетті мемлекеттік органдардың, заңды немесе жеке тұлғалардың заңнамалық актілерінде көзделген басқа да негіздемелер бойынша банк қызметін тоқтату туралы өтінішіне (шағымына) байланысты банкті еріксіз таратады.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.29. N 155 (қолданысқа енгізілу тәртібін   2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      4. Осы Ережені пайдалану мақсатында мынадай ұғымдар қолданылады: 

      1) банк кредиторы - таратылатын банкке оның азаматтық-құқықтық және басқа да міндеттемелерінен туындайтын мүліктік талаптары бар тұлға; 

      2) бастапқы баға - онымен әрбір лот бойынша сауда-саттық басталатын және лоттың бағалайтын бағасынан төмен болмайтын баға; 

      3) ең төменгі баға - бұдан төмен бағамен лот сатылуы мүмкін емес баға; 

      4) кепілдік беру жөніндегі ұйым - екінші деңгейдегі банктердегі депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын арнайы құрылған коммерциялық емес ұйым; 

      5) кредиторлар комитеті - кредиторлардың мүдделерін қамтамасыз ету және олардың қатысуымен шешімдер қабылдау мақсатында таратылатын банктің кредиторларынан құрылатын орган;
      5-1) кредиторлар санаты - бір жақты сипаты бар талаптары бар және Банктер туралы Заңның 74-2-бабымен көзделген белгілі бір кезектілік аясында қанағаттандырылатын кредиторлар тобы; 

      6) кредиторлар талаптарының тізілімі - уәкілетті орган бекіткен, кредиторлардың белгіленген мерзімде қойған және тарату комиссиясы таныған талаптарын, сондай-ақ еріксіз таратылатын банкке ұсынылған есеп айырысуға сәйкес ақша сомасы көлемінде өтемақы төлеу бойынша кепілдік беру жөніндегі ұйымның міндеттемелерді орындау жөніндегі болашақ талаптарын көрсететін құжат;
      6-1) күтпеген шығыстар - мөлшері жүз айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс кідіртуге болмайтын қажеттілікке арналған тарату комиссиясының жоспарланбаған шығындары;   

      7) қатысушы банк - банкті еріксіз тарату туралы сот шешімінің заң күшіне ену сәтіне депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болған таратылатын банк; 

      8) құндылықтар - Қазақстан Республикасының валюталық құндылықтары, банкноттары мен монеталары, бағалы қағаздар, қатаң есептегі бланктер және бағалы заттар; 

      9) лот - бірлікті сату үшін бөлінбейтін болып ажыратылған аукционға қойылған мүлік; 

      10) мерзімді баспасөз басылымы - тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар және кемінде үш айда бір рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшасы; 

      11) сату бағасы - сауда-саттық нәтижесінде белгіленген лоттың түпкілікті бағасы, ал мүлікті сауда-саттықты өткізбей сатқан жағдайда – кредиторлар комитеті (кредиторлар комитеті болмаған жағдайда тарату комиссиясының төрағасы) белгілеген мүліктің түпкілікті бағасы; 

      12) сату объектісі - жеке (дербес) бірлік ретінде сауда-саттыққа қойылған таратылатын банктің мүлкі немесе бірнеше бірліктен бір лотқа шоғырланған өзге мүлік; 

      13) сатушы - таратылатын банктің тарату комиссиясы;
       14) сатып алушы - сатушымен сатып алу-сату шартын жасаған сауда-саттық жеңімпазы; 

      15) сауда-саттық жеңімпазы - сауда-саттықтағы лотқа барынша жоғары баға ұсынған қатысушы; 

      16) сауда-саттықты ұйымдастырушы - таратылатын банктің тарату комиссиясы немесе тарату комиссиясымен сауда-саттық жүргізу жөніндегі қызмет көрсету туралы шарт жасаған және оның нәтижелеріне мүдделі емес заңды не жеке тұлға; 

      17) сауда-саттық қатысушысы - сауда-саттыққа қатысу туралы өтінішті сауда-саттық ұйымдастырушысы белгілеген тәртіппен берген және оның қатысушысы ретінде сауда-саттық ұйымдастырушысы тіркеген жеке немесе заңды тұлға;
      18) сауда-саттықтың ағылшындық әдісі - лоттың бастама бағасы лотқа ең жоғары баға ұсынған қатысушылардың біреуі қалған кезге дейін алдын ала мәлімделген қадаммен көтерілетін сауда-саттық әдісі; 

      19) сауда-саттықтың голландтық әдісі - лоттың бастама бағасы қатысушылардың біреуі мәлімделген баға бойынша лот сатып алуға келіскен кезге дейін алдын ала мәлімделген қадаммен төмендейтін сауда-саттық әдісі; 

      20) тарату комиссиясы - банкті еріксіз тарату туралы шешім қабылданған жағдайда уәкілетті орган тағайындайтын (босататын), банк ісін аяқтау және оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз ету мақсатында тарату рәсімі барысында банктің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі өкілеттіктерді тарату комиссия төрағасының тікелей басшылығымен жүзеге асыратын орган;

      21) тарату комиссиясының шығыстары - банкті еріксіз тарату процесінде тауарларды, жұмысты және қызмет көрсетуді тұтынуға байланысты шығындар (бұдан әрі - тарату шығыстары); 

      22) тарату, конкурстық масса - таратылатын банктің банк ісін аяқтауға және оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз етуге арналған активтері; 

      23) тарату массасының мақсатсыз шығысы - уәкілетті органмен келісілген немесе кредиторлар комитеті бекіткен тарату шығыстары сметасында көзделмеген шығындарды жүзеге асыру; 

      24) тарату шығыстарының бекітілген сметасы - уәкілетті органмен немесе кредиторлар комитетімен келісу бойынша тарату комиссиясының төрағасы бекіткен сәйкес уақыт кезеңіне арналған смета; 

      25) тарату шығыстарының сметасы - тарату комиссиясының уақыттың белгілі кезеңіне болжанған шығындарын көрсететін құжат; 

      26) тарату ісі - банк ісін аяқтау және оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын банктің заңды тұлға ретіндегі қызметін тоқтату рәсімі; 

      27) таратылатын банк - сот шешімінің заң күшіне енуіне байланысты еріксіз тарату процесінде болып табылушы банк; 

      28) таратылатын банктің мүлкі - құнды бағасы бар және тарату, конкурстық массаға енген мүліктік игіліктер мен құқықтар жиынтығы; 

      29) уақытша әкімшілік (уақытша әкімшілік басқарушысы) - банк мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету және банкті басқаруды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды орындау үшін банк операцияларын жүргізуге лицензияларды айыру туралы шешім қабылданған күннен бастап тарату комиссиясын уәкілетті орган тағайындағанға дейінгі кезеңге уәкілетті орган тағайындайтын орган (тұлға); 

      30) уәкілетті орган - қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.11.30. N 250 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз), 2008.10.29. N 155 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз), 2009.11.02. N 227 Қаулыларымен.

      5. Банкті банкрот деп таныған жағдайда оның таратылуы осы Ережеге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2-тарау. Банкті еріксіз тарату тәртібі

      6. Банктегі тарату ісінің басы банкті еріксіз тарату туралы сот шешімінің заң күшіне енгізілген күні болып табылады.

      7. Банкті еріксіз тарату туралы сот шешімінің заң күшіне енген күнінен бастап және банкті тарату ісі аяқталғанға дейін: 

      1) акционерлердің жалпы жиналысының, еріксіз таратылатын банктің басқа да органдары мен лауазымдық тұлғаларының, оның ішінде мүлікке ие болу және міндеттемелерді өтеу жөніндегі өкілеттіктері, сондай-ақ олардың банкті басқару жөніндегі құқықтары тоқтатылады; 

      2) таратылатын банктің атынан немесе соның есебінен жүзеге асырылатын іс-әрекеттердің егер оларды банктің тарату комиссиясының төрағасы немесе төрағаның осы іс-әрекеттерді жасауға белгіленген тәртіппен сенімхат берген тұлғасы жасаған жағдайда, заң күші болады; 

      3) таратылатын банктің барлық борыштық міндеттемелерінің мерзімі біткен болып саналады; 

      4) таратылатын банктің кредиторлық берешегінің барлық түрлері бойынша тұрақсыздық айыбын және сыйақыны есептеу тоқтатылады; 

      5) таратылатын банктің мүлкіне өндіріп алуға заңнамада белгіленген барлық шектеулер алынып тасталады; 

      6) таратылатын банктің қатысуымен сотта қаралатын мүліктік сипаттағы даулар тоқтатылады, егер олар бойынша қабылданған шешімдер заң күшіне енгізілмесе; 

      7) кепілдік беру жөніндегі ұйымның қатысушы банктің депозиторларына өтеуі тиіс ақша сомасы мөлшеріндегі талаптарды қоспағанда, банкке қатысты мүліктік сипаттағы барлық талаптар осы сәттен бастап банктің тарату комиссиясының атына ғана беріле алады және осы Ережеде және қолданылып жүрген заңнамада белгіленген тәртіппен қаралады; 

      8) соттардың таратылатын банкке қойылатын мүліктік талаптарға қатысты атқару құжаттары тарату комиссиясына банктер туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген кезектілік тәртібімен орындау үшін беріледі.
       Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.29. N 155 (қолданысқа енгізілу тәртібін   2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      7-1. Банкте тарату процесінің басталуы банктің барлық дебиторлық берешек түрлері бойынша тұрақсыздық айыбын және сыйақы есептеуді тоқтатуға негіздеме болып табылмайды.
      Банктің дебиторлық берешегі бойынша тұрақсыздық айыбын және сыйақыны есептеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес және дебитор мен банктің арасында жасалған шартта көзделген талаптар бойынша жүзеге асырылады.
      Ескерту. 7-1-тармақпен толықтырлды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.11.02. N 227 (қолданысқа енгізілу тәртібін   2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      8. Банкті еріксіз таратуға байланысты барлық шығыстар осы банктің қаражаты есебінен ғана жұмсалады.
      Банктің тарату комиссиясының құрамына енгізілген қызметкерлердің еңбекақы төлеу жағдайларын қоспағанда, еріксіз тарату негізі бойынша банк қызметін тоқтатуға байланысты шығыстарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми баспа басылымдарында банкті еріксіз тарату туралы сот қабылдаған шешім жөніндегі ақпараттың мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялануы бойынша шығыстарды және әділет органының еріксіз таратуы мен банктің мүлкі болмаған не оның құны осы шығыстардың орнын толтыру үшін жеткіліксіз болған жағдайда банкті таратуды аяқтағаннан кейін мұрағатқа сақтау үшін құжаттарды беру негізі бойынша банктің қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеумен байланысты шығыстарды уәкілетті органның қаржыландыруына тыйым салынады.

3-тарау. Тарату комиссиясы

      9. Тарату комиссиясын тағайындаған күннен бастап оған таратылатын банктің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі өкілеттіктері ауысады.
      Тарату комиссиясы он жұмыс күні ішінде уақытша әкімшіліктен (уақытша басқарушыдан) қабылдау-өткізу актісі бойынша банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиялардың түпнұсқаларын, банктің мүлкі мен құжаттарын қабылдайды.
      Тарату комиссиясы банктің істерін, оның ішінде кредиторлары және акционерлерімен есеп айырысуды қамтамасыз ету жөніндегі істерін аяқтау үшін шаралар қолданады.
       Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.29. N 155 (қолданысқа енгізілу тәртібін   2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      10. Тарату комиссиясы таратылатын банктің атынан іс-әрекет етеді және өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешім қабылдау кезінде дербес болады.
      Банктің тарату комиссиясы банкті тарату рәсімдерін тарату комиссиясының төрағасы бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады. Жұмыс жоспары жарты жылға бөлу арқылы бір жылға жасалады және тарату комиссиясы тағайындалған сәттен бастап жиырма жұмыс күні ішінде уәкілетті органға мәлімет үшін беріледі. Одан әрі, тарату комиссиясы жұмыс Жоспарын жоспарланып отырған кезеңнің алдындағы айдың онынан кешіктірмей береді.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.11.30. N 250 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз). 2008.10.29. N 155 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.

      11. Қатысушы банкті таратқан кезде кепілдік беру жөніндегі ұйымның өтініші негізінде тарату комиссиясының құрамына оның өкілі енгізілуі мүмкін.

      12. Тарату комиссиясының төрағасы тарату комиссиясының жұмысына басшылық жасайды және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның қызметіне дербес жауап береді.
      Тарату комиссиясының төрағасы жоқ кезде оның міндеттерін  төраға тарату комиссиясының мүшелері арасынан тағайындайтын орынбасары орындайды.
       Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.29. N 155 (қолданысқа енгізілу тәртібін   2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      13. Банктің филиалдары не өкілдіктері бар болса, оларды сол жерде құрылған тарату комиссиясының бөлімшесі (бұдан әрі - бөлімше) таратады.

      14. Бөлімшені тарату комиссиясы төрағасының тарату комиссиясы мүшелерінің ішінен тағайындаған басшысы (бұдан әрі - бөлімше басшысы) басқарады.
      Бөлімшенің басшысы өзі қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген және тарату комиссиясының төрағасы оған берген сенімхат негізінде жүзеге асырады.
      Бөлімшенің басшысы және бөлімше тұтастай алғанда тарату комиссиясының төрағасына есеп береді.

      15. Бөлімше басшысы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес бөлімшенің қызметіне және филиалды не банктің өкілдігін таратуға жауап береді.

      16. Тарату комиссиясы мүшелерінің, бөлімше басшысының, тарату комиссиясының құқықтары және міндеттері, еңбекақы талаптарымен қоса тарату комиссиясының төрағасымен жасалынатын еңбек шартында  белгіленеді. Тартылған қызметкердің құқықтары мен міндеттері еңбек шартында немесе өтеулі қызмет көрсету шартында анықталады.
       Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.29. N 155 (қолданысқа енгізілу тәртібін   2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      17. Тарату комиссиясының төрағасы оның қызметін жедел басқаруын жүзеге асырады, бөлімшелердің және олардың басшыларының қызметін бақылайды.
      Тарату комиссиясының Төрағасы осы Ереженің 111-тармағына сәйкес таратылатын банктің кредиторлар комитетінің өкілеттігіне енген мәселелерден басқа банкті тарату өндірісі мәселелері бойынша шешімді дербес қабылдайды, тарату өндірісі барысында пайда болатын мәселелерді шешуге байланысты шарттарға, сенімхаттарға, бұйрықтарға, өкімдерге және басқа құжаттарға қол қояды.
      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.11.30. N 250 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2008.10.29. N 155 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.

      18. Төраға, бөлімшенің басшысы және тарату комиссиясының мүшелері банкке келтірілген зиян үшін және банкті тарату барысында жіберілген өзге де тәртіп бұзушылықтар үшін жауап береді.
      Асыра сілтеу фактілері және өзге де заң бұзушылықтар байқалған кезде тарату комиссиясы бұл жөнінде белгіленген тәртіппен құқық қорғау органдарына хабарлауы, сондай-ақ уәкілетті органға хабарлауы тиіс.

      19. Тарату комиссиясы мынадай іс-шаралар өткізеді: 

      1) тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап он жұмыс күнінің ішінде шағым-талаптар (өтініштер) беру тәртібін, мерзімін және кредиторлардың өздерінің талаптарын беруге құқылы мекен-жайды міндетті түрде көрсете отырып, банкті еріксіз тарату туралы ақпаратты мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми баспасөз басылымдарында жариялайды; 

      2) тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мүлік пен олармен жасалатын мәмілелерді тіркейтін органдарға, сондай-ақ бағалы қағаз тіркеушілеріне, орталық депозитарийге, кредиттік бюроларға банкті еріксіз тарату туралы ақпарат береді және тарату комиссиясы жасамаған банк мүлігін иеліктен алу жөніндегі, сондай-ақ кепіл ұстаушысы таратылатын банк болып табылатын мүліктен ауыртпалықты алып тастау мәмілелерін тіркеуге тыйым салады;
      2-1) салық органдарын банкті мәжбүрлеп тарату туралы Қазақстан Республикасының салық салу жөніндегі заңнамасында белгіленген мерзімде хабардар етеді; 

      3) тарату комиссиясына банкте тарату ісін жүргізу жөніндегі міндеттерін жүктеуді растайтын құжаттармен бірге банктің басшылығына қол қойдыра отырып, таныстырады; 

      4) қабылдау-өткізу туралы актілерді жасай отырып банктің басшылығынан не банктің уақытша әкімшілігінен (уақытша басқарушыдан) банктің мөртабандарын, мөрлерін, электронды ақпарат тасымалдаушыларды, бағдарламалық қамтамасыз етуді, бланкілерді және барлық басқа құжаттарды тез арада талап етеді; 

      5) қабылдау-өткізу активтері бойынша активтерді, оның ішінде банктің мүлкін қабылдайды; 

      6) банк кассасын тез арада түгендейді, ақша қалдығын осы Ереженің 55-тармағында көзделген кассадағы қолма-қол ақша қалдығының күн сайынғы лимитін қоспағанда, таратылатын банктің ағымдағы шотына есептейді; 

      7) банктің тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап он жұмыс күнінің ішінде банктің корреспондентік шоттарын салыстырып тексереді, оларды жабады және таратылатын банктің теңгемен және қажетті жағдайда шетел валютасында ағымдағы шотын ашады; 

      8) соттың банкті еріксіз тарату және тарату комиссиясын тағайындау туралы қабылдаған шешім жөнінде хабарландыруды банктің клиенттеріне көрінетін жерге орналастырады; 

      9) банк қызметкерлерін еңбек заңнамаларына сәйкес қажет болса жұмыстан босатады; 

      10) банктің активтерін анықтайды; 

      11) банк активтерін оның таратылу мақсаттарына сәйкес басқарады; 

      12) банктің атынан талап қояды және сотта сөз сөйлейді; 

      13) бағдарламалық қамтамасыз етудің және электронды ақпарат тасымалдаушылардың, сондай-ақ банктің басқа ақпаратының сақталуын қамтамасыз етеді; 

      14) толық материалдық жауап беретін адамдардың, оның ішінде бухгалтерлік есеп жүргізетін және банктің қаржылық және басқа есебін және олармен толық материалдық жауапкершілік туралы шарт жасауды өңдейтін электронды жүйеге кіре алатын адамдардың шеңберін белгілейді; 

      15) заңнамада белгіленген тәртіппен банктің істері мен құжаттарын қабылдағаннан кейін банк құжаттарын сақтауды ұйымдастыруға жауапты тұлғаны тағайындайды; 

      16) тарату комиссиясы құрылатын күнгі электрон түріндегі есеп-бухгалтерлік ақпараттарын басып шығарады. Электрон түріндегі осы ақпарат жоқ болғанда, қағаз түріндегі ақпарат негіз етіп алынады; 

      17) кредиторлардың тізімін жасайды, қолда бар құжаттар бойынша олардың мекен-жайын анықтайды және талдау есебінің деректерімен салыстырып тексереді;
      18) алынып тасталды ;
      19) алынып тасталды

      20) таратылатын банк кредиторларының талаптарының заңдылығын анықтайды және оларды банктің бекітілген аралық тарату балансына және кредиторлардың тізіліміне сәйкес қанағаттандырады; 

      21) өз функциялары мен міндеттерін орындауды қамтамасыз ету үшін жұмысқа адамдарды еңбек, өтеулі қызмет көрсету шарттары бойынша қабылдайды; 

      22) банкті таратудың барлық кезеңдерінің ішінде банктің мүлкі мен құжаттарын сақтау жөнінде шаралар қабылдайды;

      23) банкті тарату ісінің барысы туралы ақпаратты мерзімдік баспа басылымдарында жарты жылда бір рет жариялайды; 

      24) уәкілетті органның талабы бойынша тарату ісіне қатысты мәліметтер береді;
      24-1) "Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 17 тамыздағы N 86 қаулысына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4417 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде 2006 жылы қарашада жарияланған, N 16, 229-бап) жаңа банкке мәміле паспорты бойынша мәміле паспортының міндеттемелерін орындау жөніндегі ақпаратты береді;

      25) банкті тарату туралы есепті, тарату балансын жасайды және оларды уәкілетті органмен келісуге жібереді; 

      26) банктің тарату ісі аяқталғаннан кейін құжаттарды сақтау үшін белгіленген тәртіппен мұрағатқа береді және бұл туралы уәкілетті органға хабарлайды; 

      27) осы Ережеге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктері және міндеттері бар.
      Ескерту. 19-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.11.30. N 250 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз), 2008.10.29. N 155 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.

      20. Уәкілетті орган берген лицензиялардың түпнұсқалары тарату комиссиясы тағайындалған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға қайтарылуы тиіс.

      21. 21. Таратылатын банктің ағымдағы шоттары теңгеде және қажет болған жағдайда шетел валютасында таратылатын банктің бас офисі орналасқан жердегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі филиалында ашылады.
      Осы Ережеде көзделген касса лимитін қоспағанда таратылатын банктің, оның ішінде таратылатын банктің филиалдарының не өкілдіктерінің барлық ақшасы таратылатын банктің бас офисінің ағымдағы шотына кіріске алынады.
      Банктің тарату комиссиясының бөлімшелері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары арқылы таратылатын банктің бас офисіне тарату комиссиясы бөлімшесінің кассасы арқылы келіп түсетін ақшаны кіріске алады және осы Ережеге сәйкес шығыстарын жүзеге асыру, сондай-ақ кредиторлармен есеп айырысуды жүзеге асыру үшін таратылатын банктің бас офисінің тарату комиссиясынан ақша алады.
      Банктің тарату комиссиясынан қабылдаған шетел валютасын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары тозу дәрежесі бойынша сұрыптау және түпнұсқалығын және төлеуге жарамдылығын тексеру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Кассалық операцияларды және құндылықтарды сақтау орталығына жіберіп, кейін банктің тарату комиссиясының ағымдағы шотына кіріске алады. Банктің тарату комиссиясының ағымдағы шотынан шетел валютасын беру есепшот арқылы жүзеге асырылады. Сұрыптау процесінде төлеуге жарамсыз, сондай-ақ айналыста болуға жарамайтын шетел валютасын анықтаған жағдайда банктің тарату комиссиясы оны сатады не екінші деңгейдегі банктер немесе Ұлттық пошта операторы арқылы айырбастайды.
      Таратылатын банктің бас офисінің тарату комиссиясына және (немесе) оның бөлімшелерінің тек уәкілетті органның келісімімен ғана екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шотты ашуға жол беріледі.
      Банктің және оның филиалдарын (өкілдіктерін) таратуды аяқтаған кезде банктің тарату комиссиясы таратылатын банктің ағымдағы шоттарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1199 тіркелген) белгіленген тәртіппен жабады.
      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.11.02. N 227 (қолданысқа енгізілу тәртібін   2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      21-1. Таратылатын банк алдындағы берешегі жоқ банк клиенттерінің жазбаша талабы бойынша банк банктік операцияларды жүргізуге берілген лицензиясынан айырылғаннан кейін таратылатын банктің банктік шоттарына келіп түсетін клиенттер ақшасының қайтарылуы кідіріссіз (талапты алған күннен бастап үш банктік күн ішінде) жүзеге асырылады.
      Банк банктік операцияларды жүргізуге берілген лицензиясынан айырылғаннан кейін таратылатын банктің корреспонденттік шотына қателесіп аударылған ақшаның жіберушілерге қайтарылуы клиенттердің жазбаша талабы бойынша есепке алудың қателігін растайтын барлық қажетті құжаттарды алған күнінен бастап үш банктік күн ішінде банктің тарату комиссиясымен жүзеге асырылады.
       Ескерту. 21-1-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.11.02. N 227 (қолданысқа енгізілу тәртібін   2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      22. Еріксіз таратылатын банктің тарату комиссиясы уәкілетті орган белгілеген мерзімде істелінген жұмыс туралы есеп береді, ал қажет болған жағдайда қосымша ақпарат береді.
      Банктің филиалдарында және өкілдіктерінде өзінің қызметін жүзеге асыратын бөлімше тарату комиссиясының төрағасына істелінген жұмыс туралы есеп береді.

4-тарау. Тарату шығыстары сметасын
қалыптастыру және бекіту

      23. Тарату ісіне байланысты, оның ішінде тарату комиссиясы қызметін қамтамасыз ету бойынша шығыстар, сондай-ақ таратылатын банктің негізгі функцияларын қамтамасыз ету қажеттілігінен туындайтын шығыстар кредиторлар комитеті бекіткен смета шегінде таратылатын банк қаражатынан кезектен тыс және тұрақты түрде жасалады.
      Кредиторлар комитетін құрғанға дейін тарату шығыстары, оның ішінде тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне төленетін төлем мөлшерін қосатын сметаны уәкілетті органмен келісе отырып тарату комиссиясының төрағасы бекітеді.
      Тарату ісінің шығыстары олардың туындауы бойынша тарату массасынан төленеді.
      Тарату массасының мақсатсыз шығысына, сондай-ақ екі айдан астам мерзімге тарату шығыстарында қаражаттың резервте сақталуына жол берілмейді.

      24. Еріксіз таратылатын банктің тарату комиссиясының төрағасына, мүшелеріне және өзге тартылған қызметкерлерге төленетін ай сайынғы сыйақы мөлшері олардың әрқайсысына сәйкес қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген он мәрте ең төменгі жалақы мөлшерінен аспауы тиіс.

      25. Таратылатын банктің шығыстарын реттеу мақсатында тарату комиссиясының қызметі кезеңінде тарату комиссиясы тарату шығыстарының сметасы осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады.
       Ескерту. 25-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.29. N 155 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен

      26. Таратылатын банктің тарату шығыстары сметасын қалыптастыру, келісу және бекіту кезінде тарату комиссиясы, уәкілетті орган және кредиторлар комитеті тарату шығыстарының нақтылық, негізділік, мақсатқа лайықтылық және жарамдылық принциптерін басшылыққа алады.
      Тарату шығыстарының нақтылық принципі тарату шығыстары сметасын қалыптастыру кезінде таратылатын банктің нақты қаржылық жағдайын, оның ішінде кредиторлар алдындағы берешек көлемін негізге алу қажет екеніне меңзейді.
      Тарату шығыстарының негізділік принципі деп тарату ісінің белгілі кезеңіне болжанған шығындардың объективті қажеттілігі түсіндірілу қажет.
      Мақсатқа лайықтылық принципі тарату комиссиясы жасаған шығындардың алға қойылған мақсатқа сәйкес келетіндігін, яғни тарату ісін аяқтауға және таратылатын банк кредиторларымен есеп айырысуға бағытталғандығын білдіреді.
      Тарату шығыстарының жарамдылық принципі жасалған (жоспарланған) шығындарды тарату комиссиясының құжатқа негіздеп растайтындығын білдіреді.
      Ескерту. 26-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 2007 жылғы 30 наурыздағы N 58 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      27. Тарату шығыстары сметасын қалыптастыру кезінде тарату комиссиясы таратылатын банк қандай да бір кәсіпкерлік қызметпен айналыспайтындығына және тарату комиссиясының негізгі міндеті таратылатын банктегі істі аяқтау, Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарын сақтауға байланысты банктің кредиторларымен және акционерлерімен есеп айырысу жөніндегі шараларды қабылдау болып табылатындығына сүйене отырып есептеулер жасайды.

      28. Қажет болған жағдайда тарату шығыстары сметасында мынадай шығын баптары көзделеді: 

      1) қызметкерлерге еңбекақы төлеу бойынша шығыстар; 

      2) бюджетке аударымдар;

      3) әкімшілік шығыстар; 

      4) тарату ісін жүзеге асыру үшін қажет тауарлы-материалдық құндылықтарды сатып алу бойынша шығыстар; 

      5) іссапар шығыстары; 

      6) көзделмеген шығыстар.
      Ескерту. 28-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.11.30. N 250 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз), 2008.10.29. N 155 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.

      29. Қызметкерлерге еңбекақы төлеу бойынша шығыстар мынадай шығындарды көздейді: тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне еңбекақы төлеу, таратылатын банктің филиалдарын есепке ала отырып, еңбек шарттары негізінде жұмыс істейтін тарату комиссиясының тартылған қызметкерлеріне еңбекақы төлеу.
      Шығыстарда: 

      1) лауазымдық жалақының; 

      2) салық қызметі органына аударылатын табыс салығының; 

      3) міндетті зейнетақы жарналарының сомасы көрінеді.
      Еңбекке ақы төлеу шығыстарына, сондай-ақ өтеулі қызмет көрсету шарттары бойынша қызмет көрсететін тартылған қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу шығындары да қосылады.
       Ескерту. 29-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.29. N 155 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.

      30. Кредиторлар комитеті тарату комиссиясының төрағасы мен (немесе) мүшелеріне, сондай-ақ тартылған қызметкерлерге олардың қызмет нәтижелері бойынша оларға қатысты, уәкілетті органның, кепілдік беру жөніндегі ұйымның тарату комиссиясының құрамына енгізілген қызметкерлерін қоспағанда қосымша төлемдерді жүзеге асыру туралы шешім қабылданған барлық тұлғаларға берілген кредиторлар талаптарын қанағаттандыру үшін нақты өндірілген қаражат сомасының он процентінен аспайтын мөлшерде қосымша төлемдерді бекітуі мүмкін.
      Қосымша төлемдерді тағайындау тәртібі және талаптары тарату комиссиясы мен кредиторлар комитеті арасында жасалатын келісімде белгіленеді.
      Ескерту. 30-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 2007 жылғы 30 наурыздағы N 58 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2008.10.29. N 155 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.

      31. Еңбекақыға қатысты тарату шығыстары сметасын қалыптастыру кезінде есеп айырысулар жасалған еңбек шарттарына және жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтарға негізделеді.
      Қызметкерлердің еңбекақысын төлеуге арналған шығыстар бабы штаттық кестеге сәйкес қалыптасады, оны тарату комиссиясының төрағасы бекітеді.
      Ескерту. 31-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 2007 жылғы 30 наурыздағы N 58 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2008.10.29. N 155 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.

      32. Салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер бойынша шығыстар Қазақстан Республикасы салық заңдарының талаптарына сәйкес жасалады.

      33. Әкімшілік шығыстар: 

      1) қызметтік және шаруашылық мұқтаждар үшін көлік жалдау жөніндегі қызметке; 

      2) байланыс қызметіне (телекоммуникациялық шығыстар, телефонды, телеграфты пайдаланғаны үшін абоненттік төлем, қалааралық және халықаралық сөйлесулер жөніндегі шығыстар, почта мен анықтамалық қызметтер);

      3) үйлер мен ғимараттарды (меншікті және кепілдік мүліктегі) күзету және сигнализация жөніндегі қызметке; 

      4) көлікті күзету жөніндегі қызметке; 

      5) көлікке арналған тұрақты ұсыну жөніндегі қызметке; 

      6) көлікті тіркеу жөніндегі қызметке; 

      7) көлікті техникалық тексеру жөніндегі қызметке; 

      8) көлікті сақтандыру жөніндегі қызметке; 

      9) коммуналдық қызметке; 

      10) ағымдағы жөндеу жұмысы, мердігерлік тәсілмен жүзеге асырылатын негізгі құрал-жабдықтарға техникалық, сервистік қызмет көрсету (байқау) жөніндегі жұмыстарға; 

      11) үй-жайды жалдауға; 

      12) жылжымайтын мүлік пен тіркеуші органдардағы сәйкес құжаттаманы тіркеу жөніндегі қызметке; 

      13) мүлікті бағалау жөніндегі қызметке; 

      14) бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жөніндегі қызметке;

      15) жылу жүйесін іске қосуға дайындау жөніндегі қызметке; 

      16) сантехникалық жұмыстарға; 

      17) мүлікті сақтау жөніндегі жұмысқа; 

      18) мемлекеттік бажды төлеуге; 

      19) нотариалды куәлік бойынша қызметке; 

      20) мүлікті тасымалдау, тиеу, түсіру бойынша қызметке; 

      21) терезе, есіктерге темір тор дайындау және орнату жөніндегі жұмыстарға; 

      22) аукциондар өткізу жөніндегі қызметке; 

      23) инкассация қызметіне; 

      24) сараптама жүргізу жөніндегі қызметке; 

      25) аудит жүргізу жөніндегі қызметке; 

      26) құжаттарды аудару қызметіне; 

      27) телефон нөмірлерін орнатуға, ауыстыруға немесе басқа жерге орнатуға; 

      28) актуалды жай-күйдегі акционерлердің тізілімдеріне қолдау көрсетудегі тіркеушінің қызметіне;
      28-1) банк шотын қамтамасыз ету, банктік шотты ашпай аударым жасау және ақша төлеу қызметтеріне; 

      29) құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу және оларды мұрағатқа тапсыру жөніндегі қызметке; 

      30) таратуды тіркегені үшін алымдарды төлеуге көзделуі мүмкін.
      Жұмысқа және қызмет көрсетуге ақы төлеу тұрақты және бір жолғы сипатта болуы мүмкін.
      Ескерту. 33-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.11.02. N 227 (қолданысқа енгізілу тәртібін   2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

       34. Ағымдағы қажеттілікті өтеу және мыналарға арналған барынша төмен қорларды құруға бағытталған тауар-материалдық құндылықтарды сатып алу жөніндегі шығыстар: 

      1) жұмыс бабындағы офистік жабдықтарды ұстау; 

      2) көлік құралдарын ұстау; 

      3) үй-жайды ұстау; 

      4) қағаз және бланктік өнімдерді сатып алу; 

      5) кеңсе тауарларын сатып алу; 

      6) жанар-жағар май материалдарын сатып алу.
      Ескерту. 34-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 2007 жылғы 30 наурыздағы N 58 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      35. Тарату комиссияларының әр түрлі қызмет көрсетулер мен тауар-материалдық құндылықтарды сатып алу жөніндегі шығыстарды сметаға енгізу кезіндегі есеп айырысулары осы өңірде белгіленген тарифтік сетка мен орта рыноктық баға негізінде жасалады.

      36. Тарату комиссиясы қызметкерлерінің іссапарға шығу шығыстары тарату шығыстары сметасында көзделген қаражат шегі бойынша жүзеге асырылады.
      Іссапарға жіберілген қызметкерге тәуліктік ақы бір айлық есеп айырысу көрсеткіші мөлшерінде төленеді, сондай-ақ Алматы және Астана қалалары бойынша бес айлық есеп айырысу көрсеткіші мөлшерінен, облыс орталықтарында төрт айлық есеп айырысу көрсеткіші мөлшерінен, аудан орталықтарында үш айлық есеп айырысу көрсеткіші мөлшерінен аспауы тиіс тұрғын жайды жалдау жөніндегі шығыстар, іссапарға жіберілген жеріндегі және тұрақты жұмыс істеу орнына қайту жөніндегі көліктік шығыстары қайтарылады.

      36-1. "Күтпеген шығыстар" шығын бабы бойынша шығыстардың басқа бабында шығынға, сондай-ақ осы Ережеде белгіленген тәртіп бойынша келісілуі не бекітілуі мүмкін қажетті шығыстарға байланысты шығыстарды жүзеге асыруға жол берілмейді.
      Ескерту. 36-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 2008.10.29. N 155 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.

      37. Жоспарланған және жасалған шығыстарды тарату комиссиясы уәкілетті органға шарттарды, шот-фактураларды, чектерді және өзге растаушы құжаттарды беру жолымен растайды.

      38. Банктің тарату комиссиясы уәкілетті орган оны тағайындағаннан кейін он жұмыс күні ішінде тарату шығыстарының сметасын қалыптастырады және оны келісуге шығыстар сметасын әрбір бап бөлігінде жасауды қалыптастыру кезінде осы Ереженің 26-тармағымен көзделген принциптерді сақтауды көрсететін түсіндірме жазбамен уәкілетті органға ұсынады.
      Филиалдық желілері бар банкте тарату комиссиясының төрағасы тарату шығыстарының сметасын жасау бойынша тарату комиссиясы бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді және тарату комиссиясының бөлімшелері бойынша шығыстар бөлігінде шоғырландырылған тарату шығыстарының сметасын қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
      Ескерту. 38-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 наурыздағы N 58 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2008.10.29. N 155 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2009.11.02. N 227 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.

      39. Тарату комиссиясы мерзімін жоспарланып отырған кезеңнен кейінгі айдың онынан кешіктірмей cоңында келісу үшін шығыстар сметасын әрбір бап бөлігінде жасауды қалыптастыру кезінде осы Ереженің 26-тармағымен көзделген принциптерді сақтауды көрсететін түсіндірме жазбаның қосымшасымен тарату шығыстарының сметасын уәкілетті органға береді.
       Ескерту. 39-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.29. N 155 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      40. Тарату комиссиясының төрағасының тарату шығыстарының сметасына өзгерістер мен толықтырулар енгізуі уәкілетті органмен келісуі арқылы ғана жасалады.

      41. Кредиторлар комитетінің құрамы бекітілгеннен кейін тарату комиссиясы тарату шығыстарының сметасын тоқсан сайын кредиторлар комитетіне бекітуге жоспарланып отырған кезеңнен кейінгі айдың бесі күнінен кешіктірмей береді.
      Тарату шығыстарының сметасы тоқсан аясындағы әрбір ай бөлігінде жасалады.

      42. Кредиторлар комитеті тарату комиссиясы ұсынған тарату шығыстарының сметасын жоспарланып отырған кезеңнен кейінгі айдың бесінен кешіктірмей қарайды және бекітеді.

      43. Кредиторлар комитеті бекіткен тарату шығыстарының сметасын тарату комиссиясы уәкілетті органға кредиторлар комитеті бекіткен күннен кейінгі күні береді.

      44. Еріксіз таратылып отырған банктің нақты қаржылық жай-күйін негізге алып және тарату комиссиясы орындаған жұмысты ескеріп, тарату комиссиясының төрағасы бекітілген тарату шығыстарының сметасына алдын-ала міндетті түрде кредиторлар комитеті бекітетін өзгерістер мен толықтыруларды енгізуі мүмкін.

      45. Тарату шығыстарының сметасын келіскен не бекіткен орган оның орындалуына бақылауды жүзеге асырады.
      45-1. Тарату шығыстары сметасы мынадай жағдайларда келісуге (бекітуге) жатқызылмайды:
      1) тарату комиссиясының осы Ереженің 26-тармағымен көзделген тарату шығыстары сметасын қалыптастыру принциптерін сақтауын көрсететін түсіндірме жазбаны бермеу;
      2) жоспарланған (жасалған) шығыстарды растайтын құжаттарды бермеу.
       Ескерту. 45-1-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.29. N 155 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      45-2. Уәкілетті орган тарату шығыстары сметасын келісу немесе онымен келісуден бас тарту туралы банктің тарату комиссиясына жазбаша түрде хабарлама жібереді.
      Кредиторлар комитетінің тарату шығыстары сметасын бекіту немесе оны бекітуден бас тарту туралы шешімі хаттамамен ресімделеді.
       Ескерту. 45-2-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.29. N 155 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      46. Басқа бапқа үнем жасау есебінен бір баптың шығындары бойынша артық шығындануға жол берілмейді.

      47. Тарату шығыстарының сметасы уәкілетті органмен келісілгенге немесе кредиторлар комитеті бекіткенге дейін тарату комиссиясының шығыстарын жүзеге асыруға жол берілмейді.

5-тарау. Тарату комиссиясының
кассалық тәртіпті сақтау талаптары

      48. Тарату комиссиясының төрағасы, бас бухгалтері, кассирі, бөлімшелерде - бөлімше басшысы қолма-қол ақша мен құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етеді, бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізуді, тарату комиссиясының кассасына келіп түскен ақшаны уақтылы кіріске алуға бақылау жасауды жүзеге асырады.

      49. Тарату комиссиясының төрағасы бухгалтерлік құжаттарға қол қоюға құқығы бар адамдарды бұйрықпен белгілейді.
      Бір кассирі бар тарату комиссиясында оны ауыстыру қажет болған жағдайда оның міндетін атқару тарату комиссиясы төрағасының жазбаша бұйрығымен басқа қызметкерге жүктеледі.

      50. Қолма-қол ақша операцияларын орындап отырған, сондай-ақ басқа құндылықтарға рұқсаты бар тарату комиссиясының қызметкерімен толық материалдық жауапкершілік туралы шарт жасалады.

      51. Қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтауды жүзеге асыру банктің қоймасында (сақтау қоймасында) немесе бекітілген және күзет, өрт және дабыл сигнализациясымен, сейфтермен немесе жанбайтын металл шкафтармен жабдықталған үй-жайда жүзеге асырылады.
      Ескерту. 51-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.11.30. N 250 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      52. Алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.11.30. N 250 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      53. Тарату комиссияларының кассалары (бұдан әрі - касса) жұмыс аяқталған соң банктің қоймасы (сақтау қоймасы) немесе қолма-қол ақша мен құндылықтар сақталатын үй-жай бір комплектісі кассирде, біреуі - бас бухгалтерде не тарату комиссиясының төрағасында (бөлімше басшысында) болатын кілтпен және тарату комиссиясының мөрімен жабылады.
      Ескерту. 53-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.11.02. N 227 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

       54. Кассада қолма-қол ақшамен жасалатын операцияларды есепке алу "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына , халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      55. Кассадағы қолма-қол ақша қалдығының күнделікті лимиті мынадай шекте анықталады:    

Таратылатын банктің бас офисіндегі касса қалдығының күнделікті лимиті

Бөлімшедегі касса қалдығының күнделікті лимиті

600 мың теңге

200 мың теңге

        Ескерту. 55-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.11.02. N 227 (қолданысқа енгізілу тәртібін   2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      56. Осы Ереженің 55-тармағында белгіленген күн сайынғы лимит сомасын көтерген кезде тарату комиссиясының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі филиалдарынан, екінші деңгейдегі банктерден, мүлікті сатудан, дебиторлық берешекті төлеттіруден кредиторлармен есеп айырысу мақсаты үшін сақтауға алған қолма-қол ақшасы ақшаны алған күнді қоспағанда, үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
       Ескерту. 56-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.29. N 155 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      57. Қолма-қол ақшаны кассаға қабылдау тарату комиссиясының бас бухгалтері мен кассирі қол қоятын кассалық кіріс құжаты бойынша (қолма-қол ақшаны шығаруды хабарлау және кассалық кіріс құжаты) жасалады және жалпы сомасы бір күн ішінде кассалық кіріс журналында көрсетіледі.
      Кассаға басқа құндылықтарды қабылдау кассалық шығыс ордерлері бойынша жасалады.

      58. Кассаға қабылданған қолма-қол ақша (оның ішінде дебиторлық берешекті өтеу есебінен және мүлікті сатудан алынған ақша) сол күні кассаға кіріске алынады.
       Ескерту. 58-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.29. N 155 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      59. Кассадан қолма-қол ақшаны беру кассалық шығыс ордері бойынша жасалады.
      Басқа құндылықтарды беру баланстан тыс ордер бойынша ресімделеді.

      60. Кассир немесе оның орнындағы адам ақшаны шығыс ордері бойынша берген жағдайда алушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуін талап етеді, құжаттың атауын және нөмірін, оны кім және қай уақытта берілгенін жазып алады.

      61. Кассир немесе оның орнындағы адам қолма-қол ақшаны кассалық шығыс құжатында көрсетілген адамға ғана береді.

      62. Егер ақшаны беру белгіленген тәртіп бойынша ресімделген сенімхат бойынша жасалған жағдайда кассир ақшаны алушының фамилиясы, аты-жөнінен кейін ордер мәтінінде ақшаны алу сеніп тапсырылған адамның фамилиясын, аты-жөнін көрсетеді. Егер ақшаны беру ведомость бойынша жасалатын болса, кассир ақшаны алу жөніндегі қолхатқа "Сенімхат бойынша" деген жазба жасайды.
      Сенімхат кассирде қалады және кассалық шығыс ордеріне немесе ведомостке бекітіледі.

      63. Кассалық операциялар негізінде пайда болған және кассалық құжаттармен ресімделмей қалған жетпеген ақша немесе артық шығулар және құндылықтар тиісінше кіріске алынады немесе кассирдің акт жасауы арқылы төлеттіріп алуға жатқызылады.

      64. Қолма-қол ақшаны беруге арналған құжаттарға тарату комиссиясының төрағасының, бас бухгалтерінің және кассирінің, ал бөлімшелерде - бөлімше басшысының қолы қойылады.

      65. Тарату комиссиясының қызметкерлері мен оған тартылған қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу әрбір алушыға кассалық кіріс ордері жасалмай төлем жасау ведомостері бойынша (есеп айырысу-төлем) төленеді.

      66. Төлем жасау ведомостерінің (есеп айырысу-төлем) бірінші (бастапқы) бетінде қолма-қол ақшаны беру мерзімін және оның сомасын көрсете отырып, тарату комиссиясының төрағасының және бас бухгалтерінің қолы қойылып, қолма-қол ақшаны беру жөніндегі рұқсат беру жазбасы жасалады.

      67. Кассир жалақыны төлеудің белгіленген мерзімі өткеннен кейін: 

      1) төлем жасау ведомосіндегі төлем жасалмаған адамдардың фамилиясының қарсы жағына штамп қояды немесе өз қолымен "сақтауға алынды" деген белгі қояды; 

      2) сақтауға алынған сомалардың тізілімін жасайды; 

      3) ведомостің соңында нақты бөлінген сома және сақтауға алынуға тиісті жалақының алынбаған сомасы туралы жазбалар жасайды, осы сомаларды төлем ведомосі бойынша жалпы сомамен салыстырады және өзінің қолымен бекітеді; 

      4) ведомостегі нақты көрсетілген соманы және кассалық шығыс ордерінің нөмірін көрсетеді.

      68. Тарату комиссиясының қызметкерлеріне тарату өндірісімен байланысты мақсаттарға есепті түрде қолма-қол ақша беріледі.
      Қолма-қол ақшаны есепті түрде беру негіздемесі тарату комиссиясының төрағасының және бас бухгалтерінің қолы қойылған, осы шығыстардың қажеттігін негіздейтін тиісінше ресімделген (хабарлама жазбалар, есептер, тарату комиссиясының хаттамалары және басқалар) құжаттар болып табылады.

      69. Есепті түрде берілген сомалар алынған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, іссапарлық шығыстар бойынша іссапар мерзімі аяқталған күннен бастап есепті тұлғалар алынған сомалардың көзделген мақсатқа жұмсалғанын растайтын (барлық растаушы құжаттар, тауарлар немесе көрсетілген қызметтің төленгендігі жөніндегі чектер қоса берілген аванстық есептер) құжаттарды береді.
      Есепті түрде берілген ақша оларды алған күннен бастап, ал іссапарлық шығыстар іссапар аяқталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, мынадай жағдайларда қайтарылуы тиіс:
      1) мақсатқа лайық пайдаланылмаса;
      2) мақсатқа лайық пайдаланылатындығын растайтын құжаттар болмаса.
      Есепті түрде берілген және пайдаланылмаған ақшаны жалақыдан ұстауға жол берілмейді.
       Ескерту. 69-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.29. N 155 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      70. Кассалық кіріс, шығыс құжаттары және баланстан тыс ордерлер нақты және түсінікті етіп толтырылады. Ешқандай тазалау, жағалдау және тіпті сөз болған түзетулер жасауға бұл құжаттарда жол берілмейді.
      Кассалық шығыс ордерлерінде оларды жасау негіздемелері көрсетіледі және оларға қоса берілетін құжаттар атап көрсетіледі.

      71. Кассалық кіріс және шығыс ордерлері қосымшаларымен бірге штамппен міндетті түрде бекітілуі немесе кассирдің не оның орнындағы адамның күнін, айын және жылын көрсете отырып, "Алынды" немесе "Төленді" деп қолын қоюы міндетті.

      72. Кассир жұмыс күнінің аяғында кассалық кіріс және шығыс ордерлері негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес күн ішіндегі кассалық айналымдар және құндылықтар қалдықтары туралы жиынтық анықтама жасайды және оның қорытындысын бухгалтерлік есеп деректерімен салыстырады. Салыстыру тарату комиссиясының бас бухгалтерінің және кассирінің қолымен расталады.

      73. Тарату комиссиясы қолма-қол ақшаның жылжуын және мақсатты көздеп жұмсалуы үшін осы ереженің 2-Қосымшасына сәйкес белгіленген нысанда кассирдің қабылданған және нөмірленуі, жіппен байлануы және мөрмен жабылуы тиіс берілген ақшаның (құндылықтардың) есебін алу кітабын жүргізеді. Касса кітабының парақтарының саны тарату комиссия төрағасының (бөлімше басшысының) және бас бухгалтерінің қолымен расталады.
       Ескерту. 73-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.29. N 155 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2009.11.02. N 227 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.

      74. Касса кітабында тазартуға және айтылмаған түзетулер жасауға жол берілмейді. Қателер түзетілген жағдайларда "Түзетілді" деген жазба жасалады, оған түзету күні көрсетіліп, тарату комиссиясының төрағасының және бас бухгалтерінің қолдарымен расталады.
      Касса кітабын дұрыс және уақтылы жүргізуге бақылау жасау тарату комиссиясы Төрағасының бұйрығымен бас бухгалтерге жүктеледі.

      75. Күн сайын жұмыс күнінің соңында кассир күн ішіндегі операциялардың жиынтығын (кіріс және шығыс бойынша) есептейді, қолма-қол ақша қалдығы, сондай-ақ тарату комиссиясының кассирінің, бас бухгалтерінің және төрағасының (бөлімше басшысының) қолдарымен расталатын келесі күнгі касса кітабындағы басқа құндылықтар қалдығы шығарылады.
      Ескерту. 75-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.11.02. N 227 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

       76. Кассадағы қолма-қол ақша қалдығы мен бухгалтерлік есеп деректері арасында алшақтықтар болған жағдайда бұл туралы бас бухгалтер алшақтықтардың себептерін анықтау үшін тарату комиссиясының төрағасын және бөлімше басшысын дереу хабардар етеді. Артық шығу немесе кем шығу расталған жағдайда акт жасалады.
      Ескерту. 76-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.11.02. N 227 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      77. Касса жинақталған соң кассир касса құжаттарын қалыптастырады және брошура жасайды. Кассалық құжаттарды қалыптастыру кезінде олар кіріс және шығыс бойынша жеке-жеке (нөмірлеудің өсу тәртібімен) баланстық шоттар бойынша іріктеледі. Мемориалды құжаттар баланстан тыс шоттардың нөмірлері бойынша іріктеледі - бастапқыда кіріс, одан соң шығыс болып.

      78. Кассалық құжаттар әр күн үшін жеке папкаларға келесі жұмыс күнінен кешіктірмей қалыптастырылады. Брошура жасалған құжаттардың жиынтық деректері сол күнгі кассалық айналым туралы жиынтық анықтаманың деректері саналады және салыстырылады.
      Жауапты қызметкерлер қол қойған кассалық және мемориалдық ордерлердің күн ішіндегі кірісі мен шығысының кассалық айналымдары туралы анықтамалар кассалық құжаттар папкасының бас жағына орналастырылады.

      79. Тарату комиссиясының төрағасы белгілеген, бірақ тоқсанына бір реттен кем емес мерзімде қолма-қол ақшаны (банкнотты - парақтап, монеталарды - дөңгелектеп) толық қайта санау арқылы кассаға ревизия және басқа құндылықтардың болуына тексеру жасалады. Кассаның ревизиялық өндірісі үшін төрағаның бұйрығымен акт жасап отыратын комиссия тағайындалады.

      80. Ревизия барлық құндылықтарды тексеру үшін және ақша мен құндылықтардың ұрлануын жасыруға және кем шығуына жол бермейтін бір ізділікпен жасалады. Кассада кем шығу немесе артық шығу анықталған жағдайда кем шығу немесе артық шығу сомасы және олардың пайда болу жағдайлары көрсетіледі.

6-тарау. Активтерді басқару және талаптарды қарау

      81. Таратылатын банктің активтерінің құрамына банктің меншікті мүлкі, заңды және жеке тұлғаларға берілген қарыздар, сондай-ақ банктің басқа да талаптары кіреді және тарату массасын қалыптастыру үшін негіз жасайды.

      82. Тарату комиссиясы кідіріссіз, осы Ережеге және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мүліктерді (активтерді), жеке шоттарды, банктің кредиттік және басқа да шарттарын түгендейді, сондай-ақ таратылатын банктің уәкілетті қызметкерлерінің қатысуымен барлық баланстық шоттар мен меморандум шоттарын салыстырады. Түгендеу қорытындысы бойынша акт жасалады.

      83. Барлық кредиттік істер, оның ішінде кредиттік шарттар, өзге де кредиттік міндеттемелер бойынша шарттар бар құжаттарды қоса отырып сипаттауға және соңынан есеп-тіркеу құжаттарымен салыстыруға жатқызылады. Алшақтықтар анықталған, не құжаттар болмаған жағдайда себебі түсіндіріліп акт жасалады.
      83-1. Дебиторлық берешекті сот тәртібімен өндіріп алу Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
      Банктің тарату комиссиясы дебиторлық берешекті есептеуді сотқа шағым-талап өтінішін берген күніне дебитор мен банктің арасында жасалған шарттардың талаптарына негіздеп жүргізеді.
      Ескерту. 83-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.11.02. N 227 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

       84. Таратылып отырған банктің түгендеу жолымен анықталған активтері тарату массасына қосуға жатқызылады. Таратудың басында банктің балансына енгізілмеген және түгендеу барысында анықталған активтер таратылып отырған банктің аралық тарату балансында көрсетілуі тиіс.

      85. Тарату комиссиясы мүлікке баға беру қызметін жүзеге асыруға лицензиясы(лар) бар бағалаушыны(лар) тарта отырып таратылатын банктің мүлкін бағалайды (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтер, тазартылған қымбат металлдардың құнын қоспағанда).
      Тарату комиссиясы барлық мүлікке баға беруді бірмезгілде не мүліктің бөлігін сату шарасы қажеттігі бойынша жасайды.
      Баланстық құнына тәуелсіз жылжымайтын мүлікке, бірлігі үшін бір мың айлық есептік көрсеткіштен артық баланстық құны бар жылжитын мүлікке баға беру үшін бағалаушыны таңдау конкурс (тендер) өткізу жолымен жүзеге асырылады, оның қорытындысы бойынша ең тиімді шарттарды (көрсеткен қызметі үшін төлем мөлшері, бағалауды жүргізу мерзімі, бағалаушының филиалдық желісінің болуы және өзге де шарттар) ұсынған бағалаушыға артықшылық беріледі. Конкурсты (акуционды) өткізу шарттарын банктің тарату комиссиясының төрағасы анықтайды және олар, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында, бағалануға жататын банктің мүлкі аумағында орналасқан облыста немесе республикалық маңызы бар қалада таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады.
      Тарату комиссиясы елуден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі баланстық құны бар жылжитын мүліктің бір бірлігін бағалауға бағалаушыны таңдауды баға жөніндегі ұсыныстарды сұрату жолымен жүзеге асырады.
      Баланстық құны елуден кем болатын айлық есептік көрсеткіші бар жылжитын мүлік бағаланбайды.
     Ескерту. 85-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.29. N 155 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2009.11.02. N 227 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.

      86. Таратылып отырған банктің алдындағы берешегін өтеу үшін банк дебиторының мүлкін, оның ішінде сот шешімін орындау шотын беру берген күнгі мүлікке баға беру актісі болған жағдайда ғана жүзеге асырылуы тиіс.

      87. Таратылып отырған банктің қатысуымен болатын мәмілелер, аралық тарату балансы бекітілгенге дейін орындалуы және құжаттамалық ресімделуі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жасалмаған болса, жасалмаған болып есептеледі.

      88. Тарату массасын, конкурстық массаны қалыптастыру кезiнде оған үшiншi тұлғаларға тиесiлi және сақтау мен есепке алу үшiн кастодиан-банкке сенiп тапсырылған бағалы қағаздар, сондай-ақ есепке алу және сақтау үшiн кастодиан-банкке сенiп тапсырылған немесе оның қаржы құралдарына орналастырылған жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерi, инвестициялық қорлардың активтерi, арнайы қаржы компанияларының бөлінген активтері енгiзiлмейдi. Зейнетақы активтерi, инвестициялық қордың активтерi, арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтері жинақтаушы зейнетақы қорының, акционерлiк инвестициялық қордың, арнайы қаржы компаниясының немесе инвестициялық пай қорын басқарушы компанияның өтiнiшi бойынша басқа банкке аударылады.
      Ескерту. 88-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 2007 жылғы 30 наурыздағы N 58 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), өзгерту енгізілді - 2007.11.30. N 250 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.

      88-1. Осы Ереженің 88-тармағында көрсетілген активтерді аралық тарату балансын және кредиторлардың талаптары тізілімін бекіткенге дейін қайтару барысында тарату комиссиясы мынадай іс-шараларды жүргізеді:

      1) тарату конкурстық массаға енбеген активтерді оларды басқа банкке аудару үшін түгендеуін жүргізеді;

      2) тапсыратын күні берілетін активтердің мөлшеріне қатысты салыстырып тексеру жүргізіледі, оның қорытындысы бойынша тиісінше акт жасалады. Басқа банкке берілетін активтер сомасы таратылатын банктің есепке алу және сақтау үшін қабылдаған активтер сомасына тең болуы тиіс;

      3) активтерді (ақшаны) басқа банкке аудару туралы шарт және активтерді аудару туралы шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын активтерді қабылдау-өткізу актісін жасайды.
      Ескерту. 88-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.11.30. N 250 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      89. Банктiң тарату конкурстық массасына Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлінген активтер және ипотекалық облигациялар бойынша мынадай қамтамасыз ету болып табылатын кепiл мүлкi: ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттары бойынша талап ету құқықтары (ипотекалық куәлiктердi қоса алғанда), сондай-ақ аталған облигацияларды ұстаушыларда оларға меншiк құқығы туындаған немесе оларға мәмiлелер не Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де негіздер бойынша ауысқан жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары енгiзiлмейдi. Тарату комиссиясы аталған мүлікті және Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлінген активтерді Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес кредиторлармен - аталған облигацияларды ұстаушылармен есеп айырысу үшін ипотекалық облигацияларды немесе Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес шығарылған облигацияларды ұстаушылардың өкіліне береді.
      Ескерту. 89-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 2007 жылғы 30 наурыздағы N 58 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      89-1. Осы Ереженің 89-тармағында көрсетілген кепіл мүлік пен бөлінген активтерді аралық тарату балансын және кредиторлардың талаптары тізілімін бекіткенге дейін қайтару барысында тарату комиссиясы мынадай іс-шараларды жүргізеді:

      1) кепіл мүлік пен ипотекалық облигациялардың қамтамасыз етуі болып табылатын бөлінген активтерді ипотекалық облигациялар ұстаушылардың өкіліне тапсыру жөнінде шарт жасасады;

      2) ипотекалық облигациялар ұстаушылардың өкіліне Қазақстан Республикасының ипотека туралы заңнамасына сәйкес, ипотекалық заемдар бойынша талап ету құқығы болып табылатын ипотекалық заем шарттарын (ипотекалық куәліктерін қоса алғанда), сондай-ақ кепіл шарттарын және тапсырылатын кепіл мүлікке құқығын анықтайтын барлық құжаттарды тапсырады;

      3) талап ету құқықтарын беру туралы ережеге сәйкес ипотекалық облигациялар ұстаушылардың өкіліне ипотекалық шарт бойынша талап ету құқығын тапсыруды жүзеге асырады;

      4) ипотекалық куәлігінде ипотекалық облигациялар ұстаушылар өкілінің пайдасына тапсыру жазбасын жүргізеді. Бұл ретте тапсыру жазбасында ипотекалық куәлігі бойынша құқықтар тапсырылатын ипотекалық облигациялар ұстаушылар өкілінің аты нақты және толық көрсетілуге тиіс. Ипотекалық куәлігіндегі және ипотекалық шартындағы бланктік тапсыру жазбалары жарамсыз болып саналады.
      Ипотекалық облигациялар ұстаушылар өкіліне ипотекалық куәлігі бойынша құқықтарды тапсыру онымен келешекте оған негізгі міндеттеме бойынша құқықтарды да тапсыратынын көрсетеді. Ипотекалық куәлігінің және ипотекалық шарттың заңды иесі кепілдік ұстаушы мен кредитордың негізгі міндеттеме бойынша құқықтарын қоса алғанда, оның мазмұнынан туындаған барлық құқықтарды иеленеді;

      5) тапсыру күніне тапсырылатын ипотекалық заемдардың мөлшерін (нақтылы өтелген берешек сомалары бойынша және өтелмеген берешек қалдықтары бойынша) салыстырып тексеру жүргізеді. Ипотекалық заемдар бойынша талап ету құқығы ипотекалық облигациялар ұстаушылар өкіліне негізгі борыш, сыйақы, осы ипотекалық заемдар бойынша айыппұл, өсімпұлды қоса алғандағы сомаға тапсырылады;

      6) ипотекалық облигациялар шығарылымының көлемі мен банк берген заемдардың жиынтық сомасы арасында айырма пайда болған жағдайда ипотекалық облигациялар ұстаушылардың өкілін ипотекалық облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын ипотекалық заемдар бойынша жетпеген соманы мойындағаны туралы және осы берешек соманы кредиторлардың талап ету тізілімінің сегізінші кезек тобына енгізетіні туралы хабардар етеді;

      7) ипотекалық заемдар бойынша талап ету құқығын тапсырған кезде әрбір борышкерді жазбаша оның заем бойынша міндеттемелерін басқа тұлғаға тапсырғаны туралы хабардар етеді.
      Егер борышкер ипотекалық заемдар бойынша талап ету құқығы ипотекалық облигациялар ұстаушылар өкіліне ауыстырылғаны туралы жазбаша хабардар етілмесе банк алдындағы міндеттемелерін орындау ипотекалық облигациялар ұстаушылардың өкілі орындауы тиіс деп танылады.
      Тарату комиссиясының ипотекалық облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын кепіл мүлікті және бөлінген активтерді ипотекалық облигациялар ұстаушылар өкіліне тапсырғаннан кейін ипотекалық облигациялар ұстаушылар өкілдері мен ипотекалық облигациялар ұстаушылары арасындағы қатынас Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
      Ескерту. 89-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.11.30. N 250 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      90. Тарату комиссиясы банкті еріксіз тарату жөніндегі сот шешімі заң күшіне енген күні орындау мерзімі жетпеген қарыздар бойынша кредиттік шарттарды өтеудің нақтылығы мен перспективалық мәніне, борышкердің мүліктік жағдайына талдау жасайды және осыдан кейін мүліктік құқық ретінде шеттетілуі мүмкін кредиттік пакетті қалыптастырады не кезегі жеткен кезде тепе-теңдік принципін сақтай отырып кредитордың талаптарын басқаға береді. Тарату комиссиясы кредиттік пакет талаптарын шеттету немесе басқаға беру мәселелерін кредиторлар комитетіне қарауға ұсынады.

      91. Кепілдік беру ұйымынан басқа заңды тұлғалар, соттың банкті еріксіз тарату жөніндегі шешім қабылдауы нәтижесінде заңды мүдделері бұзылуы мүмкін заңды тұлғаның білімінсіз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы азаматтар, тікелей банкпен болатын дауларды реттеу мақсатында оның тарату комиссиясына жазбаша талап (өтініш) береді.
      Кредиторлар - жеке тұлғалар тарату комиссиясына растаушы құжаттар көшірмелерін қоса отырып, жазбаша өтініш береді.

      92. Кредиторлар талаптарында талап ету мөлшері туралы мәліметтер болуы тиіс (талап етудің негіздемесі мен мөлшерін растайтын құжаттарды қоса отырып, негізгі борыш, сыйақы, тұрақсыздық және өзге де айыппұл санкциялардың, шығындардың мөлшері туралы жекеше (заңды күшіне енген сот шешімдері, шарт көшірмелері, борышкердің борышын тануы және басқа құжаттар).

      93. Талап (өтініш) банк пен кредитор арасында жасалған шартта басқа мерзім аталмаған жағдайда, оны алған күннен бастап екі апта ішінде қаралуы тиіс.

      94. Тарату комиссиясы талаптарды (өтініштерді) қарау кезінде көрсетіліп отырған талаптың заңдылығын және оның негізділігін тексеруі тиіс.
      Егер талапқа (өтінішке) оны қарауға тиісті құжаттар қоса берілмеген болса, онда олар өтініш берушіден почтамен жолда жіберілген кездегі уақыты есептелмей, бес жұмыс күнінен кем емес уақыт көрсетіліп, сұратылады. Аталған мерзімде талап етілген құжаттар алынбаған жағдайда, талап (өтініш) бар құжаттар бойынша қаралады.

      95. Талапты (өтінішті) алған тарату комиссиясы өтініш берушінің жазбаша нысанда жазған негізді талап етуін таниды және талапты (өтінішті) қарау қорытындысы туралы оны жазбаша нысанда хабардар етеді.
      Талаптарға (өтініштерге) жауап беруде мыналар көрсетіледі:

      1) талаптарды (өтініштерді) беруші өтініш иесінің және жауапты жіберіп отырған тарату комиссиясының толық атауы, почталық деректемелері, жауап беріліп отырған талаптардың (өтініштердің) күні және нөмірі;

      2) талаптар (өтініштер) толық немесе ішінара танылған жағдайда, танылған сома не мерзімі және егер олар ақшалай бағалауға жатпайтын болса, қанағаттандыру тәсілі көрсетіледі;

      3) талаптарды (өтініштерді) толық немесе ішінара қабылдамау себебі тиісті нормативтік құқықтық актілерге және талаптарды (өтініштерді) қабылдамауды негіздейтін құжаттарға сілтеме жасау арқылы болған жағдайда;

      4) жауапқа қоса берілген құжаттар және басқа да дәлелдер тізбесі.

      96. Талап (өтініш) толық немесе ішінара қабылданбаған жағдайда өтініш берушінің талабы (өтініші), сондай-ақ өтініш берушінің талабының (өтінішінің) қабылданбауын негіздеген құжаттар өтініш иесінде болмаған жағдайда қайтарып беріледі.

      97. Кредиторға жауап тапсырысты немесе құнды хатпен, оның жөнелтілгендігін белгілеуді қамтамасыз ететін басқа да байланыс құралдарымен жіберіледі.

      98. Талаптар (өтініштер) беру мерзімі банкті еріксіз тарату туралы баспасөзде хабарландыру жарияланған күннен бастап есептеледі және екі айдан кем болмайды.

      99. Талаптар (өтініштер) беру мерзімі өткен, сондай-ақ барлық берілген талаптар (өтініштер) қаралған соң, тарату комиссиясы кредиторлар берген талаптар мен өтініштер тізбесінде, оларды қарау қорытындысында және банк кредиторлары талап етпеген берешектерде, кредиторлардың талап ету тізілімінде таратылып отырған банктің мүлкінің құрамы туралы мәліметтер болуы тиіс активтер мен міндеттемелерді түгендеу қорытындысын ескере отырып, бір ай мерзім ішінде аралық тарату балансын жасайды.
      Филиалдары және (немесе) өкілдіктері бар банктің аралық тарату балансы банктің филиалдары мен өкілдіктерінің аралық тарату балансын ескере отырып жасалады.

      100. Талап (өтініш) берген кредитор бір мезгілде таратылып отырған банктің борышкері болып табылған жағдайда, тарату комиссиясы талаптарды (өтініштерді) қарау кезінде ұсынылып отырған құжаттарға сәйкес аралық тарату балансы бекітілгенге дейін кредитор мен борышкердің бір тұлға болып дәл келуі түріндегі өзара талап етулер сынағын өткізу туралы мәселе қарайды және пайда болған айырма сомасын аралық тарату балансына енгізеді.
      Аралық тарату балансы бекітілгеннен кейін өзара талап етулер сынағы осы кредитордың талабын қанағаттандырудың тиісінше кезегі келген кезде ғана жасалады.
      Өзара талап етулер сынағын таратылып отырған банкпен кредитордың талабы талап ету құқығын басқаға беру шарты (тар) бойынша пайда болған кезде жүргізуге тыйым салынады.

      101. Аралық тарату балансын және оған қосымшаларды, оның ішінде кредиторлар талаптарының тізілімін тарату комиссиясы уәкілетті орган белгілеген нысандар бойынша жасайды.

      102. Тарату комиссиясы аралық тарату балансын және кредиторлардың талаптарының тізілімін жасағаннан кейін оны бекітуге уәкілетті органға ұсынады.

      103. Тарату комиссиясы кредиторлар талаптарының тізілімін кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру, олардың мүдделерін қорғау үшін жасайды және ол Банктер туралы Заңның 74-2-бабында белгіленген кезектілікке сәйкес келуі тиіс.
      Кредиторлар талаптарының тізіліміне әр кредитор туралы, ақшалай міндеттемелер және (немесе) міндетті төлемдер бойынша оның талаптарының мөлшері, әрбір талаптың кезектілігін қанағаттандыру туралы мәліметтер көрсетіледі.
      Кредиторлар талаптарының тізіліміне кредиторлардың даусыз болып табылатын талаптары, сондай-ақ ұйымның кепілдік беру жөніндегі, еріксіз таратылып отырған банктің тарату комиссиясына ұсынған есебіне сәйкес сомадағы көлемде төлемді өтеу бойынша міндеттемелерді орындау жөніндегі болашақ талаптары енгізіледі.
      Таратылып отырған банктің ағымдағы шотына жасалған, заң күшіне енген соттар шешімдері бойынша орындалатын құжаттар тарату комиссиясының төрағасына кредиторлар талаптарын есепке алу үшін беріледі.
      Орындалатын құжаттар танылған талап етулер болып табылады және орындалмаған сомалар мөлшерінде тиісті кезектілікпен кредиторлар талаптары тізілімінде ескеріледі.

      104. Таратылып отырған банктің міндеттемелері бойынша есеп айырысулар уәкілетті органның аралық тарату балансын және оның қосымшаларын бекіткен соң ғана жүзеге асырылады.

7-тарау. Таратылған банктің кредиторлар комитеті

      105. Кредиторлардың мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында және банкті еріксіз таратқан жағдайда солардың қатысуымен шешімдер қабылдау үшін кредиторлар комитеті құрылады.

      106. Кредиторлар комитеті құрамының тізімін тарату комиссиясы аралық тарату балансын және кредиторлар талаптары тізілімін бекіткен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қалыптастырады және оған тарату комиссиясының төрағасы қол қояды және дереу бекіту үшін ол уәкілетті органға жіберіледі. Кредиторлар комитеті құрамының тізімін тарату комиссиясы осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша жасайды.
       Ескерту. 106-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.29. N 155 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      107. Кредитор кредиторлар комитеті құрамына Банктер туралы Заңның 74-2-бабында көзделген кредиторлардың әр санаты бойынша бір өкілді кредиторларды талап ету тізіліміне енгізу жөніндегі талап етулердің мейлінше көп сомасымен енуге құқылы.
      Тарату комиссиясы мұндай кредиторларға осы кредиторларды кредиторлар комитеті құрамына тарату өндірісіне қатысу үшін енгізу туралы ұсыныстар жібереді.
      Кредитордың жазбаша келісімі болған жағдайда ол кредиторлар комитеті құрамына ене алады.
      Қатысушы банктің кредиторлар комитетін қалыптастыру кезінде оның құрамына кепілдік беру жөніндегі ұйымның өтініші негізінде оның өкілі енгізіледі.
      Кредиторлар комитетінің құрамына таратылатын банктің басшы қызметкерлері, сондай-ақ, тарату рәсімдеріне, жекелеген кредиторлардың мүдделеріне қиянат келтіретін не басқалардың артықшылықтарын білдіретін іс-қимылдар жасауын, тарату рәсімдерін жүзеге асыру кезіндегі жүктелген міндеттерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу факті(лер)сінің болуын белгілеуге қатысты осының алдында банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссияларының төрағасы немесе мүшесі болып табылған кредиторлар өкілдері енгізілмейді.
       Ескерту. 107-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.29. N 155 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      108. Кредиторлар комитетіне енгізілген кредиторлар саны үш адамнан кем болмауы тиіс.
      Кредитор кредиторлар комитетінің жұмысына қатысудан бас тартуы мүмкін. Бұл жағдайда тарату комиссиясы таратылып отырған банкте мейлінше жоғары талап ету сомасы бар содан кейінгі кредиторға ұсыныс жібереді.
      Кредиторлар комитеті мүшесінің талаптары толық қанағаттандырылған жағдайда ол кредиторлар комитеті мүшелігінен шығарылады. Бұл жағдайда тарату комиссиясы соңынан кредиторлар құрамының тізімін уәкілетті органға бекітуге беретін кредиторлар комитеті құрамының өзгергендігі жөнінде жұмыс жүргізеді.
       Ескерту. 108-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.29. N 155 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      109. Тарату комиссиясы комитеттің бірінші мәжілісі өткізетін орын мен күні туралы кредиторлар комитетінің барлық мүшелерін хабардар етеді.
      Кредиторлар комитетінің бірінші мәжілісі кредиторлар комитетінің құрамы бекітілген күннен бастап он күннен кешікпейтін мерзімде жасалады. Кредиторлар комитетінің бірінші мәжілісіне дауыс беру рәсімінде тең дауыс болған кезде шешуші дауыс құқығы берілетін комитет төрағасы сайланады. Кредиторлар комитетінің төрағасы комитеттің жұмыс жоспарын жасайды және бекітеді.

      110. Кредиторлар комитетінің одан кейінгі мәжілістері комитет белгілеген тәртіп пен мерзімде шақырылады.

      111. Кредиторлар комитетінің өкілеттігіне мыналар енеді:
      1) банкті тарату процессінде жасалған барлық құжаттармен танысу; 

      2) кредиторлардың құқықтары мен мүдделерінің бұзылғаны туралы шағымдардың қаралуына қатысу; 

      3) уәкілетті органды және сотты банкті тарату процесінде кредиторлардың құқықтары мен мүдделерінің және Қазақстан Республикасының заңнамалығының бұзылғаны туралы, оның ішінде орындамағаны және (немесе) тарату комиссия мүшелерінің және (немесе) төрағаның өз міндеттемелерін тиісінше орындамағаны туралы хабардар ету; 

      4) тарату комиссиясының іс-әрекеттері жөнінде сотқа және уәкілетті органға шағымдану; 

      5) кредиторлар комитеті мүшелерінің қатарынан мүлікті сату аукциондарына және тарату комиссияның отырыстарын қоса алғанда, таратудың кез келген процедураларының іске асырылуына қатысуға құқығы бар кредиторлардың өкілдерін тағайындау; 

      6) тарату комиссиясынан таратылатын банктің қаржылық жағдайы туралы ақпарат алу; 

      7) таратылатын банктің өндіріп алуға мүмкін емес дебиторлық берешектің көлемін бекіту; 

      8) тарату комиссиясы ұсынған банктің тарату, конкурстық массасын іске асыру жоспарын бекіту; 

      9) банктің қаржылық жағдайын есепке ала отырып тарату комиссиясының төрағасына және (немесе) мүшелеріне, сондай-ақ тартылған қызметкерлерге қосымша төлемдерді қоса алғандағы тарату шығындары сметасын бекіту; 

      10) тарату комиссиясының банк балансынан мүлікті шығару актісін бекіту.
      Ескерту. 111-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.11.30. N 250 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2008.10.29. N 155 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.

      111-1. Кредиторлар комитеті болмаған, сондай-ақ ол өзінің функцияларын жүзеге асырмаған жағдайда, осы Ереженің 111-тармағының 7)-10) тармақшаларында көзделген өкілеттіктерін тарату комиссиясының төрағасы жүзеге асырады.
      Ескерту. 111-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.11.30. N 250 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      112. Кредиторлар комитетінің мәжілісі хаттамамен ресімделеді.
      Кредиторлар комитетінің шешімі жай көпшілік дауыспен қабылданады.

      113. Банктің қалған барлық кредиторлары бірлесіп дауыс алу құқығымен кредиторлар комитетінің мәжілісіне қатысуға құқылы.

8-тарау. Таратылған банктің кредиторларының
талаптарын қанағаттандыру

      114. Тарату комиссиясы таратылған банктің кредиторларының талаптарын, оның ішінде оның банкрот болуына байланысты қанағаттандыруды аралық тарату балансына сәйкес ол бекітілген күннен бастап, Банктер туралы Заңның 74-2-бабында белгіленген тәртіп пен кезектілік бойынша жасайды.

      115. Әрбір кезектің талабы алдындағы кезектің талаптары толық қанағаттандырылғаннан кейін барып қанағаттандырылады.
      Бір кезектің танылған барлық талаптарын қанағаттандыру үшін таратылған банктің мүлкі жетіспеген жағдайда таратылған банктің ақшасы және (өзге) мүлкі осы кезектің кредиторлары арасында кредиторлар талаптарының тізіліміне сәйкес қанағаттандырылуы тиіс талаптар сомасына теңбе-тең түрде бөлінеді.
      Ескерту. 115-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 2007 жылғы 30 наурыздағы N 58 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      116. Тиісті кезегі келген жағдайда кредитордың талабы оның келісімімен Қазақстан Республикасының заңнамаларына қарама-қайшы келмейтін тәсілдермен, оның ішінде ақшалай нысанда және (немесе) есеп айырысудың тепе-теңдігі принципін сақтай отырып, оның бағалау құны, сондай-ақ таратылатын банктің баланстық және баланстан тыс шоттарындағы есептегі дебиторлық берешек бойынша заттай нысанда, мүлік беру арқылы да қанағаттандырылуы мүмкін.
       Ескерту. 116-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.29. N 155 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      117. Тарату комиссиясы ұсынылған талаптарды (өтініштерді) белгілеген мерзім өткеннен кейін таныған, бірақ тарату балансы бекігенге дейінгі кредиторлар талабы кредиторлар талабы тізіліміне енгізілмейді, бірақ басқа кредиторлық берешек ретінде жеке баланс шотында ескеріледі және белгіленген мерзім ішінде анықталған кредиторлар талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған борышкер мүлкінен қанағаттандырылады.
      Тарату комиссиясының талаптарды (өтініштерді) ұсыну үшін белгілеген мерзімі өткеннен кейін белгілі болған және тарату комиссиясы танымаған кредиторлар талаптары кредитордың ұсынған талаптарының қанағаттандырылғандығы және олардың кредиторлар талаптары тізіліміне тиісті кезекке қойылғандығы жөніндегі сот шешімі негізінде ғана енгізіледі.
       Ескерту. 117-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.29. N 155 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      118. Тарату комиссиясы кредиторлар талаптарын қанағаттандырудан бас тартқан, не оларды қараудан жалтарған жағдайда, кредитор банктің тарату балансы бекігенге дейін тарату комиссиясы үшін сотқа талап-шағым жасауға мүмкіндігі бар.
      Белгіленген мерзімде өтініш жасалған, бірақ тарату комиссиясы танымаған, оларды қанағаттандыру туралы соттың шешімі бар кредиторлар талаптары кредиторлармен есеп айырысу үшін белгіленген кезектілік тәртібімен орындалады. Аталған талаптарды толық қанағаттандырғанға дейін есеп айырысу жасалып жатқан кредиторлардың кезегінің талаптарын қанағаттандыру уақытша тоқтатыла тұрады.

      119. Таратылған банктің мүлкі жетіспеуіне байланысты кредиторлардың қанағаттандырылмаған талаптары (өтініштері), сондай-ақ тарату балансы бекітілгенге дейін жасалмаған өтініштер өтелді деп есептеледі.
      Егер кредитор сотқа талаптанбаған және соттың шешімі бойынша оны қанағаттандырудан бас тартылған жағдайдағы тарату комиссиясы танымаған кредиторлар талаптары өтелген болып есептеледі.

      120. Кредитор алдындағы міндеттемелерді орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, тарату комиссиясы таныған және кредиторлар талаптары тізіліміне енгізілген талапты (өтінішті) осы топ кезектілігімен есеп айырысуды аяқтау кезінде Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамаларында көзделген тәртіппен кредиторға төленбеген соманы нотариустың депозитіне аудару мүмкіндігі бар.

      121. Кредиторлармен есеп айырысу аяқталғаннан кейін таратылған банктің қалған мүлкін тарату комиссиясы акционерлік қоғамдар туралы заңнамада белгіленген тәртіппен банк акционерлері арасында бөліске салады.

9-тарау. Таратылған банктің мүлкін сату тәртібі

1-параграф. Таратылған банктің мүлкін сату жөніндегі
аукционды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

      122. Егер таратылып отырған банктегі бар ақша кредиторлар мен акционерлердің талаптарын қанағаттандыруға жеткіліксіз болған жағдайда тарату комиссиясы осы Ережеде белгіленген тәртіппен банктің мүлкін сатуды жүзеге асырады.
      Тарату комиссиясы бағалы қағаздардың ұйымдасқан немесе ұйымдаспаған рыногында таратылатын банктің бағалы қағаздарын сатуды Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасымен белгіленген тәртіппен іске асырады.
       Ескерту. 122-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.29. N 155 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      123. Тарату комиссия төрағасының мүлікті сату туралы шешімін, сондай-ақ таратылған банктің мүлкін сату Жоспарын таратылған банктің кредиторлар комитеті бекітеді.
      Тарату комиссиясының төрағасы кредиторлар комитеті таратылған банктің мүлкін сату Жоспарын бекіткенге дейін таратылған банктің мүлкін, кейін кредиторлар комитетіне мүлікті сату жөніндегі жұмыс жүргізу жөніндегі есебін бере отырып, сату мүмкіндігі бар.
      Таратылған банкте кредиторлар комитеті болмаған жағдайда, мүлікті сату туралы шешімді, сондай-ақ таратылған банктің мүлкін сату Жоспарын тарату комиссиясының төрағасы бекітеді және оны уәкілетті органға жібереді.
      Ескерту. 123-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.11.30. N 250 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      124. Мүлікті сату сауда-саттық жасау Жоспарына сәйкес ашықтық, жариялылық және рұқсат беру принциптерін сақтай отырып жүзеге асырылады.
      Тарату комиссиясы аукциондарды өткізу кезінде тарату комиссиясы осы Ереженің 157-тармағында көзделген жағдайлардан басқа жағдайларда сауда-саттық жасау (ағылшын немесе голланд әдісі) әдістерін дербес таңдайды.

      125. Таратылып отырған банктің үйлері және ғимараттары, жылжымайтын мүліктің өзге де объектілері, олардың құнына қатыссыз, сондай-ақ мүлкінің бір бірлігі үшін 100 айлық есептік көрсеткіштен артық бағалау құны бар таратылған банктің өзге мүлкі тек қана жария сауда-саттық (аукцион) арқылы сатуға жатқызылады.
      Мүлкінің бір бірлігі үшін 100 айлық есептік көрсеткіштен кем бағалау құны бар таратылған банктің өзге мүлкін тарату комиссиясы жария сауда-саттық жасамай, бірақ бағалау құнынан кем емес бағамен сатуға мүмкіндігі бар.
      100 айлық есептік көрсеткіштен кем бағалау құны бар банктің мүлкі тек қана бағалау құнынан кем емес баға бойынша осы мүлікті сатып алатын тұлғалар болмаған жағдайда және кредиторлар комитеті мүлікті сату бағасын бекіткенде бағалау құнынан кем болатын баға бойынша сатылуы мүмкін.
      Тарату комиссиясы баланстық құны елу айлық есептік көрсеткіштен төмен жылжитын мүлікті кредиторлар комитеті бекіткен бағамен жария сауда-саттық өткізбей сата алады.
      Ескерту. 125-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.03.30 N 58 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2008.10.29. N 155 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2009.11.02.  N 227(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.
      125-1. Тазартылған қымбат металдардың құны Лондондық Қымбат металдар нарығы қауымдастығының таңертеңгі фиксингі бойынша анықталады.
      Ескерту. 125-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.11.02. N 227 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      126. Таратылған банктің мүлкін сату алдында дайындау шараларына мыналар жатады: 

      1) таратылған банктің мүлкін құрылымын қайта қарау (сегментация, шоғырландыру) жөніндегі ұсыныстарды дайындау және нәтижесінде объектіні сату анықталатын лоттарды қалыптастыру; 

      2) бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалаушы(ларды)ны таңдау жөніндегі іс-шараларды өткізу; 

      3) Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіппен таратылған банктің мүлкіне баға беру; 

      4) таратылған банктің мүлкін сату туралы хабарландыруларды жариялау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру; 

      5) таратылған банктің мүлкін сату Жоспарын кредиторлар комитетіне қарауға және бекітуге дайындау және ұсыну; 

      6) қамтылып отырған жеке немесе заңды тұлғамен сауда-саттық өткізу жөнінде қызмет көрсету туралы шарт жасау.
       Ескерту. 126-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.29. N 155 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      127. Сату жоспарында сату объектілері және олардың жан-жақты сипаттамасы, бағалау құны туралы мәліметтер, сатудың бастапқы бағасы,  кезеңі (және сауда-саттықтың голландтық әдісіндегі барынша төмен баға) туралы ұсыныстар бар.
       Ескерту. 127-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.29. N 155 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      128. Тарату комиссиясы осы Ережеде белгіленген тәртіп бойынша тартылып отырған банктің мүлкін сатуды мынадай талаптар мен мақсаттарды негізге ала отырып жүргізеді: 

      1) сатылып отырған мүлікке осы өңірдегі осыған ұқсас мүлік түрлерінің рыноктық бағасынан кем емес баға белгілеу; 

      2) мүлікті мейлінше жоғары бағамен сату; 

      3) мүлікті қалдырмай сатып жіберу кезіндегі жоғалтуды барынша азайту.

      129. Сауда-саттықты ұйымдастырушы таратылатын банктің мүлкін сату туралы хабарландыруды аукцион өткізу күніне дейін кем дегенде он күнтізбелік күн бұрын Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында, сатылатын банктің мүлкі аумағында орналасқан облыста немесе республикалық маңызы бар қалада таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялайды.
      Аукцион, ол туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей өткізіледі. Әрбір жеке аукционға жеке хабарландыру беріледі.
      Ескерту. 129-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.11.02. N 227 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

       130. Сауда-саттықты өткізу туралы ақпараттық хабарда мынадай мазмұн болады:
      1) сауда-саттықты өткізу күні, орны және уақыты; 

      2) таратылатын банктің сатуға қойылатын мүліктің атауы және тарату комиссиясының мекен-жайы; 

      3) қойылатын лоттардың сипаты (мазмұны); 

      4) әрбір лот бойынша сауда-саттықты өткізу әдісі; 

      5) сатуға қойылатын лоттардың бастама және ең төменгі бағасы; 

      6) кепілдік беру жарнасының мөлшері, мерзімі және тәртібі, Сатушының деректемелері; 

      7) өтінімдерді қабылдау орны, уақыты және мерзімі;

      8) сату объектісімен таныстыру күні, уақыты мен орны; 

      9) сатып алынған объектісін сату бойынша ақы төлеу шарттары; 

      10) сауда-саттықты өткізу ережесімен танысуға және өзге ақпаратты алуға болатын телефондары мен мекен-жайлары; 

      11) Сатушының шешімі бойынша басқа қосымша ақпарат.

      131. Сауда-саттықты ұйымдастырушы сауда-саттықты өткізгенге дейін әрбір қатысушыға оның тіркеген сәтте берілетін аукционға қойылатын әрбір лоттың жан-жақты сипаты бар аукциондық карта жасайды.

      132. Ақпараттық хабарды жариялағаннан кейін Сатушы барлық ниет білдірушілердің аукционды өткізу ережесі және ұйымдастыру туралы ақпаратқа және сату объектісіне еркін кіруін қамтамасыз етеді.

      133. Сатушының функцияларына мыналар жатады: 

      1) кепілдік берілген жарналарын қабылдау;
       2) аукционды өткізу барысына бақылауды жүзеге асыру; 

      3) сауда-саттық Жеңімпаздарымен сатып алу-сату шартын жасау және оның орындалуын бақылау;
      4) қатысушыларымен және сатып алушылармен есеп айырысуды жүзеге асыру.

      134. Аукционға қатысуға осы Ережеде айқындалған тәртіппен тіркеуден өткен жеке және заңды тұлғалар жіберіледі.

      135. Аукционға қатысуға таратылатын банктің басшы қызметкерлері, сауда-саттықты ұйымдастырушы, таратылатын банктің кредиторлары болып табылатын тұлғалар жіберілмейді, сондай-ақ банктің тарату комиссиясының төрағасы және мүшелері.
       Ескерту. 135-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.29. N 155 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      136. Таратылатын банктің аукцион арқылы сатылатын мүлігін сатып алуға ниет білдіруші тұлғалар кепілдік берілген жарнасын енгізеді.
      Ескерту. 136-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 2007 жылғы 30 наурыздағы N 58 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      137. Аукционға қатысу үшін кепілдік берілген жарнасы барлық таратылатын банктер үшін бірдей мөлшерде белгіленеді және әрбір сату объектісі бойынша оның бастама бағасының 5%-ін құрайды.

      138. Қатысушылардың мынадай міндеттемелерін қамтамасыз ету кепілдік берілген жарнасы болып табылады: 

      1) сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қою; 

      2) сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамасына сәйкес сатып алу-сату шартын жасау; 

      3) сатып алу-сату бойынша міндеттемелерді тиісінше орындау;

      139. Қатысушылар кепілдік берілген жарналардың кез келген санын енгізу мүмкін. Бір кепілдік берілген жарна бір нақты кепілдік берілген жарнасы енгізілген лотты сауда-саттыққа және сатып алуға қатысуға құқығын береді.

      140. Кепілдік берілген жарнасы осы Ереженің 135-тармағында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда кез келген басқа жеке немесе заңды тұлғалар қатысушы атынан енгізу мүмкін. Сатушы кепілдік берілген жарнасының алушысы болып табылады.

      141. Сауда-саттықта жеңген және сатып алу-сату шартын жасаған қатысушының кепілдік берілген жарнасы сатып алу-сату шарты бойынша тиісті төлемдер шотына жатқызылады.

      142. Кепілдік берілген жарна Сатушыға: 

      1) аукционға оны өткізгенге дейін кемінде үш күнде қатысудан бас тартқан; 

      2) сауда-саттық Жеңімпазы сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамасына қол қоюдан не сатып алу-сату шартын жасағаннан бас тартқан; 

      3) қатысушысы сауда-саттық нәтижелері оның нәтижелерімен негізгі келісімінсіз туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартқан; 

      4) сатып алушы сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайларда қайтарылмайды;

      143. Қалған барлық жағдайларда кепілдік берілген жарналар аукцион басталған күннен бастап бес банктік күннен аспайтын мерзімде қайтарылады, ал егер ақша аукционнан кейін Сатушының банк шотына түссе, онда олар түскен күннен бастап бес банктік күн ішінде қайтарылады.

      144. Аукцион қатысушыларын тіркеу ақпараттық хабар жарияланған күннен бастап өткізіледі және аукцион басталғанға дейін бір сағат қалғанда аяқталады.

      145. Аукцион қатысушысы ретінде тіркеу үшін мыналарды ұсыну қажет:
      1) аукционға қатысуға белгіленген нысанда өтінімді;
      2) жеке куәлігі немесе жеке басын куәландыратын өзге құжатты;
      3) кепілдік берілген жарнасының енгізілуін растайтын төлем құжаттың немесе кіріс ордердің көшірмесі;
      4) сауда-саттық қатысушысы өкілінің өкілеттігін растайтын құжатты;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      5) тармақшағы өзгерту енгізу көзделген - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 2007.05.28 N 155 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыcымен.
      5) заңды тұлғалар нотариалды куәландырылған Жарғының, статистикалық карточкасының және заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлігінің көшірмесін қосымша ұсынады.

      146. Аукцион қатысушыларын тіркеу Сатушы еркін нысанда жасайтын сауда-саттық қатысушыларын тіркеу журналында жүргізеді.

      147. Тіркеуден өткен тұлға аукцион өткізілетін күнінде аукциондық номеріне ауыстырылатын қатысушының билетін алады. Сауда-саттық барысында аукциондық номерін басқа тұлғасы пайдалануға тыйым салынады.

      148. Аукцион қатысушысы:
      1) сауда-саттыққа өзі немесе өзінің өкілдері арқылы қатысуға;
      2) қосымша мәліметтерді, объектілерді сатуға сауда-саттыққа шығару бойынша нақтылауларды тегін алуға;
      3) Сауда-саттықта сатылатын объектіні алдын ала қарауға;
      4) оның құқығын бұзған кезде сотқа шағымдануға;
      5) осы Ереженің 142-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кепілдік берілген жарнасын қайтаруға;
      6) аукционға қатысуға ол туралы Сатушыға хабардар ете отырып өзінің өтінімін қайтарып алуға құқылы.

      149. Аукционға кіру билетін төлеген барлық ниет білдірушілер қатысуға құқылы. Кіру билетінің құнын Сатушы өзі айқындайды, бірақ бір билеттің құны ең төменгі бір есептік көрсеткіштен аспауы тиіс. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, аукцион қатысушылары, уәкілетті органның және кредиторлар комитетінің өкілдері кіру билеттерін төлеуден босатылады.

      150. Сатушы:
      1) қатысушыдан аукционға қойылған санынан сол немесе өзге лотты сатып алуға оның ниеттенгені туралы ақпаратты талап етпеуге;
      2) сауда-саттық қатысушыларына қатысы бар ақпаратты сауда-саттықты дайындау және оларды өткізу барлық кезең ішінде жарияламауға;
      3) аукцион қатысушыларынан осы Ереженің 145-тармағында атап көрсетілгендерді қоспағанда, қатысушы ретінде тіркеу үшін қосымша құжаттарды ұсынуға талап етпеуге тиіс.

      151. Аукционды сауда-саттықты ұйымдастырушы өткізеді. Аукцион оны өткізу ережесін хабарлауынан басталады, онда сату объектісінің қысқаша сипаты, лоттың бастама (ең төменгі) бағасы, бағаны өзгерту қадамы және сауда-саттықты өткізу әдісі көрсетіледі. Қатысатын тұлғаларында аукцион барысына ықпал етуге немесе оны өткізу ережесін бұзуға құқықтары жоқ, керісінше жағдайда олар аукцион залынан шығарылуы мүмкін.

      152. Сауда-саттықты ұйымдастырушы сауда-саттық барысында қадамын, ол туралы хабарлай отырып өзгерту мүмкін. Өзгеру қадамы сату объектісінің бастама бағасының 5 тен 10%-ке дейінгі шегінде белгіленеді.

      153. Сауда-саттыққа лоттарды қою бірізділігі туралы шешімін сауда-саттықты ұйымдастырушы қабылдайды. Бұл тәртіп аукциондық картасында белгіленген тәртіпке сәйкес келмеуі мүмкін.

      154. Аукционға бірнеше лоттар шығарған кезде әрбір лоттар бойынша сауда-саттықтың әр түрлі әдістер өткізуге рұқсат етіледі.

      155. Сауда-саттық төменде сипатталған әдістердің екеуінен біреуі өткізіледі:
      1) сауда-саттықтың ағылшын әдісі:
      Сауда-саттықты ұйымдастырушы лоттың бастама бағасын және бағаның өсу қадамын хабарлайды. Сауда-саттық қатысушылары номерді көтере отырып бастама бағасын көтереді, бірақ хабарланған қадамнан кем емес. Сауда-саттықты ұйымдастырушы лот бойынша сауда-саттықта қатысатын аукциондық номерін хабарлайды, бағаны бекітеді және оны көтеруге ұсынады. Лот бойынша сауда-саттықтар ұсынылған ең жоғары бағасына дейін барады. Лотқа ең жоғары баға ұсынған қатысушысын сауда-саттықты ұйымдастырушы хабарлайды. Сауда-саттықты ұйымдастырушы лоттың соңғы бағасын үш рет қайталайды және басқа көтерілген номерлер болмаған кезде, балғамен ұрып сауда-саттық жеңімпазын атайды және осы лоттың сатылғаны туралы хабарлайды.
      Ағылшын әдісімен өткізілетін сауда-саттықтар мынадай жағдайларда жасалмады деп саналады:
      1) сауда-саттыққа қатысуға ниет білдірушілерден түскен өтінімдердің болмауы;
      2) сауда-саттыққа қатысуға бір ғана өтінімнің беруі;
      3) сауда-саттық қатысушыларының келмеуі;
      4) сауда-саттық Жеңімпазының сауда-саттық хаттамасына қол қоюдан бас тартуы немесе сатып алу-сату объектісі бойынша Сатушымен бірге әрі қарай есеп айырысу тәртібін бұзуы.
      2) сауда-саттықтың голланд әдісі:
      Сауда-саттықты ұйымдастырушы лоттың бастама және ең төменгі бағасын хабарлайды және хабарланған қадаммен оны азайтады, жаңа бағаны хабарлайды. Ұйымдастырушы баға хабарланған кезде аукциондық номерін бірінші көтерген қатысушының номерін атайды, лоттың соңғы бағасын үш рет қайталайды және басқа көтерілген номерлер болмаған кезде, балғамен ұрып сауда-саттық жеңімпазын атайды және осы лоттың сатылғаны туралы хабарлайды. Осы баға сауда-саттыққа қойылатын лоттың ең төменгі бағасынан кем болмауы тиіс. Сауда-саттыққа голланд әдісі бойынша бірінші рет қойылып отырған лоттың ең төменгі бағасы мүлікті бағалау жөніндегі бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалаушыны (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтер құнын қоспағанда) тарта отырып, тарату комиссиясы белгілеген соңғы баға құнының 80% төмен болмауы керек. Сауда-саттыққа голланд әдісі бойынша екінші рет және бірнеше рет қойылып отырған лоттың ең төменгі бағасы мүлікті бағалау жөніндегі бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалаушыны (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтер құнын қоспағанда) тарта отырып, тарату комиссиясы белгілеген соңғы баға құнының 50% төмен болмауы керек.
      Егер бағаны хабарлаған сәтте бірдей екі немесе одан көп номерлер көтерілген жағдайда, онда сауда-саттықты ұйымдастырушы Жеңімпазды айқындау сәтіне дейін белгіленген қадамның шамасына бағаны көтере бастайды. Хабарланған қадам голланд әдісі бойынша сауда-саттықта белгіленген қадамға тең, бірақ өсіріледі. Егер бағаны көтерген кезде сауда-саттыққа қатысатын өз номерін бірдей көтерген тұлғалардың біреуі көтерілген бағасы бойынша мүлікті сатып алуға ниет білдірмесе, онда сауда-саттықты ұйымдастырушы жеребе рәсімін қолданады.
      Жеребеде сауда-саттыққа қатысатын өз номерін бірдей көтерген тұлғалар сауда-саттықты ұйымдастырушы дайындаған бірдей конверттерді тартады, конверттердің біреуінде "Жеңімпаз" деген жазуы бар парақ, екіншісінде - таза парақ болады. "Жеңімпаз" деген жазуымен парағы бар конвертті тартқан сауда-саттықтың қатысушысы сауда-саттықтың Жеңімпазы деп танылады.
      Егер сауда-саттықты ұйымдастырушы лоттың ең төменгі бағасын хабарлаған кезде қатысушылардың біреуінде осы лотты сатып алуға ниет білдірмесе, онда лот сауда-саттықтан алынады.
      Голланд әдісімен өткізілетін сауда-саттықтар мынадай жағдайларда жасалмады деп саналады:
      1) сауда-саттыққа қатысуға ниет білдірушілерден түскен өтінімдердің болмауы;
      2) сауда-саттыққа қатысуға бір ғана өтінімнің беруі;
      3) сауда-саттық қатысушыларының келмеуі;
      4) сауда-саттық Жеңімпазының сауда-саттық хаттамасына қол қоюдан бас тартуы немесе сатып алу-сату объектісі бойынша Сатушымен бірге әрі қарай есеп айырысу тәртібін бұзуы.
       Ескерту. 155-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.29. N 155 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен

      156. Аукцион егер онда кемінде екі қатысушы қатысқан жағдайда, жасалды деп саналады.

      157. Аукционға бірінші рет қойылатын мүлікті сату сауда-саттықтың ағылшын әдісімен өткізіледі.

      158. Осы ережеде атап көрсетілген әдістердің бірімен аукционды өткізген кезде сауда-саттықтар жасалмады деп танылған жағдайда, Сатушы Таратылатын банктің мүлігін іске асыру жоспарына өзгерістер енгізеді. Мүлікті іске асыру жоспарына енгізілетін өзгерістерді кредиторлар комитеті бекітеді, ал ол болмаған жағдайда тарату комиссиясының төрағасы бекітеді және уәкілетті органға жібереді. Өзгерістерде сатылатын лоттардың өзге құрылымы және (немесе) олардың бастама (ең төменгі) бағасы болады.

      159. Мүлікті іске асыру жоспарына енгізілген өзгерістерді ескере отырып, бір сатып алушы қатысатын сауда-саттықты өткізген кезде сауда-саттықты ұйымдастырушы жалғыз қатысушыға қойылатын лотты ағылшын әдісі кезде бастама бағасынан кем емес, голланд әдісі кезде ең төменгі бағасынан кем емес сатады.

      160. Әрбір сатылған лот бойынша сауда-саттық нәтижелері сол күні сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамасымен ресімделеді, Сатушы, сауда-саттықты ұйымдастырушы, сауда-саттықтың Жеңімпазы және әрбір лот бойынша сауда-саттық аяқталған барлық қатысушылары оған қол қояды. Сауда-саттық қатысушыларына кепілдік берілген жарнасы олар сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамасына қол қойған жағдайда ғана қайтарылады. Хаттамаға қол қоймаған сауда-саттық қатысушысы оның нәтижелеріне өз келіспеушілігін жазбаша негіздейді. Егер сауда-саттық болмай қалған жағдайда, сауда-саттықты ұйымдастырушы болмай қалған сауда-саттық туралы хаттама жасайды.
       Ескерту. 160-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.29. N 155 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен

      161. Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қоймаған сауда-саттықтың Жеңімпазы аукционға бұдан әрі қатысуға құқығынан айырылады. Бұл жағдайда осы объектісі бойынша сауда-саттықтар жаңартылады.

      162. Сауда-саттық нәтижелерін және сауда-саттық Жеңімпаздарының міндеттемелерін және Сатушының сату бағасы бойынша сатып алу-сату шарт жасауын белгілейтін құжаты сауда-саттықтар нәтижелері туралы хаттамасы болып табылады.

      163. Аукционды өткізгеннен кейін үш күн ішінде Сатып алушы және Сатушы арасында сатып алу-сату шарты жасалады, онда шарттың мәні, құқығы, міндеттемелері және тараптардың жауапкершілігі, сату объектісінің соңғы бағасы және ақы төлеу шарттары, тараптардың деректемелері көрсетіледі, сондай-ақ тараптар арасындағы Сатып алушы және Сатушы қол қоятын сауда-саттықтың объектісін қабылдау-тапсыру актісін жасай отырып тараптардың қарауы бойынша өзге талаптар.

2-тарау. Сауда-саттық қатысушылары
арасындағы есеп айырысу жүргізу тәртібі

      164. Сатушы және Сатып алушы арасындағы сатып алу-сату шарт жасалғаннан кейін бес банктік күнінен кешіктірмей Сатып алушы шартта көрсетілген сомасы Сатушының ағымдағы шотына аударылады және оған тиісті төлем құжаттың көшірмесін растауға ұсынады.

      165. Сатып алушы осы Ереженің 164-тармағында белгіленген мерзімде аукционда сатып алған мүлікке қажетті төлем енгізбеген жағдайда, Сатушы сатып алу-сату шартын осы шарттың талаптарында көзделген бір тәртіппен бұзады. Сатып алушы енгізген кепілдік берілген жарнасы оған қайтарылмайды және осы мүлік қайтадан сауда-саттыққа қойылады. Сатып алушының сату объектісіне төлем енгізбегеніне жауапкершілігі ол және Сатушының арасындағы сатып алу-сату шартында көзделеді.

10-тарау. Уәкілетті органның еріксіз таратылатын
банктердің тарату комиссияларының қызметіне бақылау
жөніндегі өкілеттіктері

      166. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес тарату комиссиясының қызметіне бақылау жасайды.

      167. Уәкілетті орган:
      1) тарату комиссиясы есепті және қосымша ақпаратты ұсынатын нысанын, мерзімін және кезеңділігін белгілейді;
      2) еріксіз таратылатын банктің тарату комиссиясын тағайындайды және босатады;
      3) банктің тарату комиссиясы ұсынған аралық тарату балансын және еріксіз таратылатын банк кредиторларының талаптар тізілімін бекітеді;
      4) банктің тарату комиссиясы ұсынған кредиторлар комитетінің құрамы тізімін бекітеді;
      5) кредиторлар комитетінің, жекелеген кредиторлардың немесе банк акционерлерінің хабарласуы бойынша, сондай-ақ өз бастамасы бойынша тарату комиссиясының қызметін тексереді;
      6) тарату комиссиясы ұсынған еріксіз тарату банктің тарату туралы есепті және тарату балансын қарайды және келіседі;
      7) банктің тарату комиссиясының қызметін бақылау бойынша осы Ережеде және басқа да нормативтік құқықтық актілерде көзделген басқа өкілеттіктері бар.

      168. Егер тарату комиссиясының қызметін тексеру не уәкілетті органға ұсынылған мәліметтерді талдау нәтижесінде банк кредиторларының және акционерлерінің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылғаны байқалса, сондай-ақ тарату процесін жүргізудің заңмен реттелген тәртібі бұзылса, уәкілетті орган тарату комиссиясына міндетті түрде орындау үшін көрсетілген заң бұзушылықтарды жою жөнінде жазбаша ескертпе жібереді және ұйғарымды орындау үшін мерзімін белгілейді.

      169. Тарату комиссиясы жазбаша ескертпені орындамаған жағдайда уәкілетті орган Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес тарату комиссиясын құрған сотқа немесе бұзылған құқықтарды және кредиторлардың заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау жөніндегі прокуратура органдарына хабарласуға құқылы.

11-тарау. Тарату ісіне қатысушылардың кепілдік
беру жөніндегі ұйыммен өзара іс-әрекеті

      170. Осы тарау қатысушы-банктердің тарату комиссияларына қолданылады.

      171. Тарату комиссиясы кепілдік беру жөніндегі ұйымға депозиторлардың тізімін, кепілдік берілетін депозиттерді қайтару бойынша міндеттемелерді, сондай-ақ міндетті кепілдік беру депозиттердің мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерде бекітілген мерзім ішінде кепілдік беру жөніндегі ұйым бекіткен нысан бойынша еріксіз тарату туралы сот шешімі күшіне енген күнгі жағдай бойынша депозиттер бойынша өтеу есебін ұсынады.

      172. Қатысушы-банктің тарату комиссиясы депозиттер бойынша өтеуді есептеу міндетті кепілдік беру депозиттердің мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүргізеді.

      173. Қатысушы-банктің тарату комиссиясы депозиторларға өтемақы төлеу бойынша міндеттемелерді орындауға қажетті есеп айырысуды жасағаннан кейін жіберілген міндеттемелер сомасын баланстан бір мезгілде есептен шығарып және таратылатын банктің кепілдік беруі бойынша ұйым үшін ашылған тиісті шотқа есепке ала отырып, салымшыларға төленуге тиісті өтемақы мөлшерінде кредиторлар тізілімінің үшінші кезегінде кепілдік беру жөніндегі ұйымды енгізеді.
       Ескерту. 173-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.29. N 155 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен

      174. Кепілдік беру ұйымымен кепілдік берілген депозиттер бойынша оның төлеген (төленетін) өтеу сомасы бойынша есеп айырысу таратылатын банктің кредиторлары талаптарын қанағаттандырудың үшінші кезегі келген кезде жүргізіледі.
      Кепілдік беру жөніндегі ұйымы тарату комиссиясы депозиттерін қайтару жөніндегі міндеттемелеріне кепілдік берілетін депозиторлар тізіміне және депозиттер бойынша өтеудің есебіне кіргізбеген тұлғаларға оның төлеген кепілді өтеу сомасы бойынша талап қойған жағдайда банктің тарту комиссиясы кепілдік беру жөніндегі ұйымның талаптарын даусыз деп тану туралы мәселесін қарайды.
      Көрсетілген талаптар даусыз деп танылған кезде, олар кепілдік беру жөніндегі ұйым үшін белгіленген кезек тәртібімен орындалады. Көрсетілген талаптар толық қанағаттандырылғанша есептеу жүргізілген кезектің кредиторларының талаптарын қанағаттандыру тоқтатыла тұрады.
       Ескерту. 174-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.11.02. N 227 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      175. Еріксіз таратылатын қатысушы банктің ісі біткеннен және тарату комиссиясының жұмысы аяқталғаннан кейін банкті тарату және тарату балансы туралы есепті жасау кезінде кепілдік беру жөніндегі ұйым және қатысушы-банктің тарату комиссиясы екі данадан, әрбір тарап үшін бір данадан, есеп айырысуларды салыстырып тексеру актісіне қол қояды.

12-тарау. Таратылатын банктің құжаттарын мұрағатқа
сақтауға және тапсыруға ұйымға қойылатын талаптар

      176. Банктің тарату комиссиясы есепті қамтамасыз ету, сақтауға жататын құжаттарды ресімдеу мен сақтау мәселелері бойынша банктерге қойылатын, оның ішінде мұрағат пен құжаттаманы басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес тарату комиссиясының қызметіне байланысты барлық талаптарын орындалуын қамтамасыз етеді.

      177. Банктің тарату комиссиясының құрамы өзгерген кезде сақтауға жататын істерді және құжаттарды тарату комиссиясының жаңа құрамына қабылдау-өткізуі таратылатын банктің істері мен құжаттарын қабылдау-өткізу актісі негізінде жасалады.

      178. Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, екінші деңгейдегі банктердің қызметі нәтижесінде пайда болатын құжаттардың тізбесін уәкілетті орган бекітеді.

      179. Істер мен құжаттарды сақтау мерзімін оларды іс жүргізу аяқталған кейінгі жылдың бірінші қаңтарынан бастап есептеледі.

      180. Сақтауға жатпайтын құжаттарды жою мұрағаттар мен құжаттаманы басқаратын тиісті органның сараптау-тексеру комиссиясының келісімі бойынша тарату комиссиясының төрағасы бекітетін актісімен ресімделеді.

      181. Тиісінше ресімдеусіз және келісімсіз құжаттарды жою, сондай-ақ уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген құжаттарды сақтау мерзімдерін бұзуға жол берілмейді.

      182. Таратылатын банктің уақытша сақтауға жататын, банкті тарату толық аяқталған сәтке дейін сақтау мерзімі аяқталмаған құжаттар қабылдау-өткізу актісі бойынша аймақтық уәкілетті органның өкілдеріне тапсырылады.

      183. Таратылатын банктің тұрақты сақтауға жататын құжаттар тиісінше ресімделеді және мұрағаттар мен құжаттаманы басқаратын уәкілетті мемлекеттік органға сақтауға тапсырылады.

      184. Есепті ұйымдастыруына және құжаттардың сақталуына жауапты тұлғасы мұрағаттық сақтауға істерді тапсыруға дайындаған кезде, олардың дұрыстылығы, қалыптастыру және тізімдемеге жататын істердің саны таратылатын банктің іс номенклатурасына сәйкес куәландырылған істердің санына сәйкестігі тексеріледі. Құжаттарды тапсыру тізімдеме бойынша жүзеге асырылады және актімен ресімделеді.
      Егер таратылатын банктің құжаттарын өңдеу жағдайы мен сапасы тиісінше жағдайда болса, онда тарату комиссиясы олардың тәртіпке келтіруін ұйымдастырады.
      Таратылатын банктердің құжаттарын сақтауды ұйымдастыру бойынша шығыстар таратылатын банк қаражаты есебінде жасалады.

13-тарау. Таратуды аяқтау

      185. Еріксіз таратылатын банктің кредиторларымен және акционерлерімен есеп айырысу аяқталғаннан кейін тарату комиссиясы уәкілетті органмен бірге келісілген тарату туралы есепті және тарату балансын сотқа жібереді.
      Сот тарату туралы есепті және тарату балансын бекітеді және тарату өндірісін аяқтау туралы ұйғарым шығарады.

      186. Тарату комиссиясы сот шығарған ұйғарымның көшірмесін заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелімін жүзеге асыратын әділет органдарына және уәкілетті органға жібереді.

      187. Еріксіз таратылған жағдайда банктердің қызметін тоқтатуын тіркеу заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы заңнамада айқындалған тәртіппен жүргізіледі.

      188. Әділет органының банктің таратылуын тіркеу туралы бұйрығы алынғаннан, банктің құжаттарын мұрағатқа сақтауға тапсырғаннан және бұл жөнінде уәкілетті органға хабарлағаннан кейін тарату комиссиясының өкілеттіктері тоқтатылады.

14-тарау. Қорытынды ережелер

      189. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнама нормаларына сәйкес шешіледі.

                                     Қазақстан Республикасындағы
                                      банктерді мәжбүрлеп тарату
                                         ережесіне 1-қосымша

       Ескерту. Ереже 1-қосымшамен толықтырылды, өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.29. N 155 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2009.11.02. N 227 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен

           ________жылғы____________тоқсанға арналған
                    Тарату шығыстары сметасы

N

Шығыстар бабы атауы

Жоспарланған шығыстар сомасы (мың теңгемен)

1

2

3

Ай


1

Еңбекке ақы төлеу шығыстары


1.1

Тарату комиссиясының Төрағасының, мүшелерінің еңбегіне, сондай-ақ еңбек шарттары негізінде жұмыс істейтін тартылған қызметкерлер еңбектеріне ақы төлеу шығыстары



лауазымды жалақы сомасы



жеке табыс салығы сомасы



міндетті зейнетақы жарнасы сомасы


1.2

Өтеулі қызмет көрсету шарттары бойынша қызмет көрсететін тартылған қызметкерлердің еңбектеріне ақы төлеу шығыстары


2

Бюджетке ақша аудару жөніндегі шығыстар



әлеуметтік салық



әлеуметтік аударымдар



мүлікке салынатын салық



көлік құралдарына салынатын салық



жер салығы



қосылған құн салығы



жер учаскесін пайдалану төлемі қоршаған орта эмиссиясы үшін төлем


3

Әкімшілік шығыстар



қызметтік және шаруашылық қажеттіліктерге көлік жалдау жөніндегі қызмет



байланыс қызметі



үйлер мен ғимараттарды күзету және сигнализация жөніндегі қызмет



көлікті күзету жөніндегі қызмет



көлік үшін тұрақты ұсыну жөніндегі қызмет



көлікті тіркеу жөніндегі қызмет



көлікті техникалық қарау жөніндегі қызмет



көлікті сақтандыру жөніндегі қызмет



коммуналдық қызмет



мердігерлік тәсілмен жүзеге асырылатын ағымдағы жөндеу, негізгі құрал-жабдықтарға техникалық, сервистік қызмет көрсету (қарау) жөніндегі жұмыстар



үй-жайды жалдау



тіркеу органдарында жылжымайтын мүлікті және тиісті құжаттаманы тіркеу жөніндегі қызмет



мүлікке баға беру жөніндегі қызмет



бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жөніндегі қызмет



жылу жүйесін қосуға дайындық жөніндегі қызмет



сантехникалық жұмыстар



мүлікті сақтау жөніндегі қызмет



мемлекеттік баж салығын төлеу



нотариатта куәландыру жөніндегі қызмет



мүлікті тасымалдау, тиеу, түсіру жөніндегі қызмет



терезелер, есіктерге торкөзді дайындау және қою жөніндегі жұмыстар



аукциондар өткізу жөніндегі қызмет



инкассация қызметі



сараптама жасау жөніндегі қызмет



аудит жүргізу жөніндегі қызмет



құжаттарды аудару жөніндегі қызмет



телефон нөмірлерін орнату, ауыстыру немесе тасымалдау



актуалды жағдайдағы акционерлер тізілімдеріне қолдау көрсететін тіркеуші қызметі



банк шотын қамтамасыз ету, банктік шотты ашпай аударым жасау және ақша төлеу қызметтері



Құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу жөніндегі қызмет және оларды мұрағатқа тапсыру



Таратуды тіркеу жөніндегі алымды төлеу


4

Тауар-материалдық құлдылықтарды сатып алу шығыстары



офис жабдықтарын жұмысқа қабілетті жағдайда ұстау



көлік құралдарын ұстау



үй-жайды ұстау



қағаз және бланктік өнімдерді сатып алу



кеңсе тауарларын сатып алу



жанар-жағар май материалдарын сатып алу


5

Іссапарлық шығыстар


6

Күтпеген шығыстар


Айдың қорытындысы








Айдың қорытындысы








Айдың қорытындысы


Тоқсан ішіндегі барлығы


Тарату комиссиясының төрағасы
_________________________________________________   ___________
     (тегі, аты, бар болса - әкесінің аты)             (қолы)

Бас бухгалтер
_________________________________________________   ___________
    (тегі, аты, бар болса - әкесінің аты)              (қолы)

Орындаушы
_________________________________________________   ___________
     (тегі, аты, бар болса - әкесінің аты)             (қолы)

телефон.

                                        Қазақстан Республикасындағы
                                         банктерді еріксіз тарату
                                          ережесінің 2-қосымшасы

       Ескерту. 2-қосымшыға өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.29. N 155 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз),  2009.11.02. N 227 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен

      _____________________________________________
              Таратылатын банктің атауы

            Кассир қабылдаған және берген ақшаларды
               (құндылықтарды) есепке алу
              _______________________________________
                             КІТАБЫ

                                         Басталды: _________________
                                         Аяқталды: _________________

                      Оны толық пайдаланғанға дейін кітапқа жазылады

КІРІС

Түскен күні

Кімнен қабылданды
(аты-
жөні)

Кірісқұжаттардың саны (данамен)

Санмен
беріл-
ген
сомасы(валюта түрін көрсете отырып бірліктермен)

Жа-
зу-
мен
бе-
ріл-
ген
со-
масы

Мақсатты тағайындау

Кассирдің қолы

Бас
бухгалтердің
қолы

Төрағаның (бөлімше басшысының)
қолы




























Бір күнге жиынтығы...









ШЫҒЫС

Беріл
ген
күні

Кімге берілді
(аты-
жөні)

Шығыс құжаттардың саны (данамен)

Санмен
беріл-
ген
сомасы (валюта түрін көрсете отырып бірліктермен)

Жазумен
берілген
сомасы

Мақсатты тағайындау

Кассирдің қолы

Бас
бухгалтердің
қолы

Төрағаның (бөлімше басшысының)
қолы




























Бір күнге жиынтығы...









                                       Қазақстан Республикасында
                                    банктерді мәжбүрлеп тарату
                                      ережесінің 3-қосымшасы

       Ескерту. Ереже 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын
және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2008.10.29. N 155 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
Қаулысымен

                                               Бекітемін
                                       Қазақстан Республикасы
                                      Қаржы нарығын және қаржы
                                   ұйымдарын реттеу мен қадағалау
                                  агенттігі Төрайымының орынбасары
                                   ______________________________
                                   ______жыл "___"_______________

             Кредиторлар комитеті құрамының тізімі
         _________________________________________
                 (таратылатын банктің атауы)
 

р/с
N

Кезектіліктің (санаттың) нөмірі және атауы

Кредиторлар комитеті құрамына енгізілген таратылатын банктің кредиторының атауы

Кредиторлық берешек сомасы

1

2

3

4









Тарату комиссиясының төрағасы
____________________________________________   ______
   (тегі, аты, бар болса - әкесінің аты)       (қолы)

Орындаушы
____________________________________________   ______
    (тегі, аты, бар болса - әкесінің аты)      (қолы)

телефон.";

      Қазақстан Республикасы Қаржы 
нарығын және қаржы ұйымдарын 
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының         
2006 жылғы 25 ақпандағы   
N 40 қаулысының 2-қосымшасы 

Күші жойылды деп танылған нормативтік
құқықты актілердің тізімі

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасындағы таратылатын банктердің мүлкін сату жөнінде аукциондар мен коммерциялық ұсыныстар конкурсын ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту" 2000 жылғы 21 сәуірдегі N 142 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1136 тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде N 6 басылымында 2000 жылы 237 бетте жарияланған).
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 21 сәуірдегі N 142 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы таратылатын банктердің мүлкін сату жөнінде аукциондар мен коммерциялық ұсыныстар конкурсын ұйымдастыру және өткізу ережесіне өзгерістер мен толықтырулар бекіту туралы" 2001 жылғы 31 наурыздағы N 82 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1502 тіркелген).
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында банктерді еріксіз тарату ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 28 қазандағы N 421 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1765 тіркелген).
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1765 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында банктерді еріксіз тарату ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 28 қазандағы N 421 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 7 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2712 тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде N 41-44 басылымдарында 2004 жылы 1047 бетте жарияланған).
      5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында банктерді еріксіз тарату ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 28 қазандағы N 421 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 100 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3567 тіркелген).
      6. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасындағы таратылатын банктердің және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының мүлкін сату жөнінде аукциондар мен коммерциялық ұсыныстар конкурсын ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 21 сәуірдегі N 142 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 99 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3612 тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде N 17 басылымында 2005 жылы 142 бетте жарияланған).