"Ақпараттық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметтi ұйымдастыру ережесiн және "Ақпараттық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағының қатысушылары ретiнде заңды тұлғаларды тiркеу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2006 жылғы 24 ақпандағы N 68 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 20 наурызда тіркелді. Тіркеу N 4127

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Ақпараттық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" 2003 жылғы 18 тамыздағы N 1166  жарлығына  және "Ақпараттық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағының жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1377  қаулысына  сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлген "Ақпараттық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметтi ұйымдастыру ережесi және "Ақпараттық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағының қатысушылары ретiнде заңды тұлғаларды тiркеу ережесi бекiтiлсiн.
      2. Аппарат-Әкiмшілiк-құқықтық жұмыстар департаментi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде осы бұйрықтың мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Индустрия және сауда вице-министрi Ә.Ө.Исекешевке жүктелсiн.
      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Министр

Қазақстан Республикасы    
Индустрия және сауда министрiнiң
2005 жылғы 24 ақпандағы   
N 68 бұйрығымен бекiтiлген  

  "Ақпараттық технологиялар паркi" арнайы экономикалық
аймағының аумағында қызметтi ұйымдастыру
ЕРЕЖЕСI

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Ақпараттық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметтi ұйымдастыру ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 26 қаңтардағы N 2823  заңына  (бұдан әрi - Заң), Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Ақпараттық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" 2003 жылғы 18 тамыздағы N 1166  Жарлығымен  бекiтiлген "Ақпараттық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағы туралы" Ережеге, "Ақпараттық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағының жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1377  қаулысына , "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi "Ақпараттық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағы дирекциясы" мемлекеттiк мекемесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1382  қаулысына  сәйкес әзiрленген және "Ақпараттық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағының (бұдан әрi - АТП АЭА) аумағында қызметтi ұйымдастыру тәртiбiн айқындайды.

      2. "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы"  Заңның  2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақ ерекше құқықтық режимде жұмыс iстейтiн шектелген аумақты бiлдiредi.

      3. АТП АЭА:
      ақпараттық технологиялар саласын дамыту;
      Қазақстан Республикасы экономикасының әлемдiк шаруашылық байланыстар жүйесiне енуiн белсендiру;
      тиiмдiлiгi жоғары, оның iшiнде қазiргi заманғы ақпараттық технологиялардың жоғары технологиялық өндiрiсiн құру, ақпараттық технологиялық өнiмдерiнiң жаңа түрлерiн шығаруды игеру, инвестициялар тарту мақсатында құрылады.

      4. АТП АЭА-ның негiзгi мiндеттерi:
      1) Қазақстанға жаңа технологияларды, капитал, ноу-хау және трансұлттық компанияларды тарту;
      2) Қазақстанда ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласының жаңа кәсiпорындарының дамуына және өсуiне ынталандыру;
      3) осы секторларға ақпараттық және коммуникациялық технологияларды енгiзу арқылы Қазақстан экономикасында қызмет көрсету секторларын дамытуды ынталандыру;
      4) өңiрлiк және халықаралық рыноктарда ақпараттық және коммуникациялық технологиялар салаларының ерекше орнын анықтау және дамыту;
      5) технологиялар трансфертiне, сондай-ақ компаниялар, университеттер, ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар орталықтары, ғылыми-зерттеу ұйымдары және инновациялық процеске мүдделi өзге де тұлғалар арасында өзара әрекеттiң дамуына ықпал ету.

      5. АТП АЭА-ның аумағындағы қызмет  Конституцияға , Қазақстан Республикасының Заңдарына, осы Ережеге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк-құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Осы Ережеде мынадай түсiнiктер пайдаланылады:
      1) АТП АЭА - "Ақпараттық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағы;
      2) Өтiнiш берушi - АТП АЭА қатысушысының мәртебесiн алуға үмiткер заңды немесе жеке тұлға;
      3) Сараптамалық кеңес - өтiнiштердi қарастыруға және үмiткердiң АТП АЭА қатысушысы ретiнде сәйкестiгi туралы кепiлдеме беруге өкiлеттi орган;
      4) АТП АЭА қатысушы - АТП АЭА аумағында тiркелген заңды тұлға.

  2. АТП АЭА-ны басқару

      7. АТП АЭА-ны басқаруды Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi түрiндегi орталық атқарушы орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жүзеге асырады.

      8. "Ақпараттық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағының дирекциясы" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Дирекция) АТП АЭА-ны басқару жөнiндегi орталық атқарушы органның шешiмдерiн iске асыру бойынша функцияларды жүзеге асыратын орган болып табылады. Дирекция қызметi уәкiлеттi орган бекiткен Жарғыға сәйкес айқындалған.

      9. АТП АЭА-ның қызмет ету кезеңiнде АТП АЭА аумағында iс-әрекеттi жүзеге асырушы мекемелердiң салықтық әкiмшiлiк етуi бойынша функциялар берiлген орган Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң "Ақпараттық технологиялар паркi" Салық комитетi" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - АТП Салық комитетi) болып табылады. АТП Салық комитетiнiң iс-әрекетi "АТП" арнайы экономикалық аймағының аумағында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң "АТП" салық комитетi туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетiнiң Төрағасы бекiткен ережеге сәйкес айқындалған.

      10. АТП АЭА-ның қызмет ету кезеңiнде АТП АЭА аумағында қызметтi жүзеге асырушы мекемелердiң кедендiк әкiмшiлiк етуi бойынша функциялар берiлген орган Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Кедендiк бақылау комитетiнiң Алматы қаласы бойынша Кедендiк бақылау департаментi АТП АЭА Кеден бекетi болып табылады.

      11. Елде жалпы инновациялық белсендiлiктi жоғарылату саласында қызметтi жүзеге асыру, оның iшiнде жоғары технологиялық және ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстi дамытуға ықпал ететiн ұйым жарғылық капиталына мемлекеттiң 100 - пайыздық қатысуымен "Ұлттық инновациялық қор" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қор) болып табылады. Қор АТП АЭА активтерiнiң иегерi болып табылады. АТП АЭА тиiмдi қызметiн ұйымдастыру мақсатында Қор "Ақпараттық технологиялар паркiн басқару жөнiндегi компания" ЖШС еншiлес мекемесiн құрды.

      12. Технологиялық жарақтандыру және ақпараттық технологиялар, АТП АЭА тiршiлiгiн қамтамасыз етудiң барлық жүйесiнiң қалыпты қызмет етуiн қалыптастыру және қамтамасыз ету аясында жобаларды iске асыру үшiн бизнес жағдай жасау жөнiндегi компания "Ақпараттық технологиялар паркiн басқару жөнiндегi компания" ЖШС (бұдан әрi - басқарушы компания) болып табылады. Басқарушы компанияның қызметiн Қор бекiткен Жарғы айқындайды.

  3. АТП АЭА аумағындағы қызмет түрлерi

      13. АТП АЭА аумағында мынадай қызмет түрлерiн жүзеге асыруға жол берiледi:
      1) негiзгi қызметтiң түрлерi - Ережеге сәйкес АТП АЭА-ның мақсаттары мен мiндеттерiне сәйкес келетiн, жеңiлдетiлген салық салуға жататын қызмет түрлерi;
      2) қосымша қызметтiң түрлерi - АТП АЭА-ның қатысушылары үшiн қосымша жағдай жасаумен байланысты, жеңiлдетiлген салық салуға жатпайтын және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтiн кез-келген қызмет түрлерi.

  4. Өтiнiштердi қабылдау

      14. Өтiнiш берушi Басқарушы компанияға одан әрi сараптама жүргiзу үшiн және сараптық кеңеске беру үшiн өтiнiш бередi.

      15. Өтiнiштегi құжаттардың тiзбесi, өтiнiштi сараптамадан өткiзудi ұйымдастыру тәртiбi, Сараптамалық кеңестiң өтiнiштi қарау тәртiбi Басқарушы компанияның iшкi регламентiмен айқындалады.

      16. Өтiнiш берушi дербес және өз қаржысына өтiнiшке тәуелсiз сараптама тағайындауға құқысы бар.

      17. Өтiнiш берушi өтiнiштi тиiсiнше рәсiмдеген және АТП АЭА құру мақсаттарына сәйкес қызметтi жүзеге асырған жағдайда, сараптамалық кеңес Өтiнiш берушiнi АТП АЭА қатысушы ретiнде тiркеуге келiсiм беру жөнiнде шешiм шығарады және берiлген өтiнiштi қарауды аяқтағаннан сәттен бастап үш күндiк мерзiмде Өтiнiш берушiге АТП АЭА қатысушы ретiнде тiркеуге келiсiм беру жөнiнде хабарлама жiбередi.

      18. АТП АЭА қатысушы ретiнде тiркеуге келiсiм беру туралы шешiмдi Дирекцияның Сараптамалық кеңесi орналасқан мекен-жайын нақтылау туралы анықтама беру үшiн үш жұмыс күнi iшiнде жiбередi.

      19. Бас тартқан жағдайда Өтiнiш берушiге берiлген өтiнiштi қарауды аяқтағаннан сәттен бастап үш күндiк мерзiмде дәлелденген бас тарту жiберiледi.

      20. Сараптамалық кеңестiң шешiмi өтiнiш берiлген қызмет түрлерiне ғана таратылады. АТП АЭА-ның аумағында АТП АЭА қатысушысының қызмет түрлерiнiң тiзiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу өтiнiштi қайта рәсiмдеуге алып келедi.

  5. АТП АЭА қатысушылары ретiнде заңды
тұлғаларды тiркеу тәртiбi

      21. АТП АЭА-ның аумағында қызметтi жүзеге асыру үшiн Өтiнiш берушi кейiннен АТП АЭА-ның қатысушы ретiнде тiркелетiн заңды тұлға құруы қажет.

      22. АТП АЭА қатысушы ретiнде тiркелуге арыздарды АТП АЭА-ның Дирекциясы 5 жұмыс күнi iшiнде қарастырады.

      23. Заңды тұлғаларды АТП АЭА-ның қатысушы ретiнде тiркеу Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi бекiткен АТП АЭА қатысушы ретiнде заңды тұлғаларды тiркеу ережесiне сәйкес жүзеге асырылады.

  6. АТП аумағында құрылысты жүзеге асыру үшiн
АТП АЭА аумағында жер пайдалану құқығын беру тәртiбi

      24. Егер сараптамалық кеңестiң рұқсатын алған өтiнiште АТП АЭА осы заманғы инфрақұрылымын қалыптастыру бойынша бизнес-жоспарлар, жобалық-сметалық құжаттама, құрылыс-монтаждық жұмыстардан тұратын қызмет түрлерi қарастырылған жағдайда, Дирекция Өтiнiш берушiнi АТП АЭА қатысушы ретiнде тiркеудi аяқтағаннан кейiн Қазақстан Республикасының Жер кодексiне сәйкес жер алқаптарын жалға бередi.

      25. Инфрақұрылым объектiлерiн салу Жоспарлау жобасына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiлуi тиiс.

  7. АТП АЭА аумағында қызметтi ұйымдастыру

      26. АЭА аумағында кедендiк, салықтық реттеу, шетелдiк жұмыс күшiн тарту тәртiбi, АТП аумағында бақылау және есеп беру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес және тәртiппен жүзеге асырылады.

  8. АТП АЭА аумағында мемлекеттiк
органдармен өзара iс-қимыл

      27. АТП АЭА аумағында қызметтi жүзеге асырушы ұйымдар ретiнде бiр мезгiлде мынадай шарттарға сәйкес келетiн заңды тұлғалар танылады:
      1) АТП АЭА аумағындағы салық органдарында тiркеу есебiнде тұрған;
      2) АТП АЭА аумағынан тыс жерде құрылымдық бөлiмшелерi жоқ;
      3) АТП АЭА аумағында АТП АЭА құру мақсаттарына сәйкес келетiн мынадай қызмет түрлерiн жүзеге асыру нәтижесiнде алынуға тиiстi (алынған) табыстар құрайтын жылдық табыстың 90 пайыздан кем емес болуы.
      Алынған (алынуға жататын) табыстарды қызмет түрлерінен түсетін табыстарға жатқызу Дирекцияның уәкiлеттi орган бекiткен тәртiпте және нысанда берiлген Дирекцияның растауы негiзiнде жүзеге асырылады.

      28. АТП АЭА аумағында қызметтi жүзеге асырушы ұйымдарға сондай-ақ, АТП АЭА инфрақұрылымының объектiлерiн салу үшiн АТП АЭА аумағына ақылы негiзде тартылған заңды тұлғалар жатады.

  9. АТП АЭА қатысушының қызметiн тоқтату

      29. АТП АЭА қатысушының қызметiн тоқтату:
      1) АТП АЭА қатысушының бастамашылығы бойынша;
      2) Сараптамалық кеңестiң шешiмi бойынша;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де жағдайларда жүргiзiледi.

Қазақстан Республикасы    
Индустрия және сауда министрiнiң
2005 жылғы 24 ақпандағы    
N 68 бұйрығымен бекiтiлген  

  "Ақпараттық технологиялар паркi" арнайы экономикалық
аймағының қатысушылары ретiнде заңды тұлғаларды
тiркеу ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Ақпараттық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағының қатысушылары ретiнде заңды тұлғаларды тiркеу ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 26 қаңтардағы  Заңына  (бұдан әрi - Заң), Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Ақпараттық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" 2003 жылғы 18 тамыздағы N 1166  Жарлығына  (бұдан әрi - Жарлық) сәйкес әзiрленген және "Ақпараттық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағының қатысушы ретiнде заңды тұлғаларды тiркеудiң тәртiбiн, сондай-ақ "Ақпараттық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағын құрудың мақсаттарына сәйкес келетiн қызметтiң есебiн жүргiзудi және бақылауды айқындайды.

      2. Осы Ережеде мынадай түсiнiктер пайдаланылады:
      1) АТП АЭА - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң "Ақпараттық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағы;
      2) Дирекция - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi "Ақпараттық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағының дирекциясы" мемлекеттiк мекемесi, орталық атқарушы орган шешiмдерiнiң iске асырылуын жүзеге асыратын орган;
      3) Басқарушы компания - "Ақпараттық технологиялар паркiн басқару жөнiндегi компания" ЖШС;
      4) Өтiнiш берушi - АТП АЭА қатысушысының мәртебесiн алуға үмiткер заңды тұлға;
      5) Журнал - АТП АЭА қатысушысының мәртебесiн алуға үмiткер заңды тұлғаларды тiркеу журналы;
      6) Сараптамалық кеңес - өтiнiштердi қарауға және заңды тұлғаның АТП АЭА-ға қатысушы ретiндегi сәйкестiгi туралы ұсынымдарды қабылдауға уәкiлеттi басқарушы компанияның сыртқы органы;
      7) АТП АЭА-ның қатысушысы - АТП АЭА аумағында тiркелген заңды тұлға;
      8) Тұрақты тiркеу - заңды тұлғаға тiркеу нөмiрiн берiп және ол туралы мәлiметтердi АТП АЭА-ның бiрыңғай тiзiлiмiне енгiзе отырып, АТП АЭА құрылуының барлық кезеңiне тұрақты тiркеу туралы куәлiктi беру;
      9) Уақытша тiркеу - заңды тұлғаға тiркеу нөмiрiн берiп және АТП АЭА бiрыңғай тiзiлiмiне мәлiметтердi енгiзе отырып, АТП АЭА инфрақұрылымының объектiлерiн салуға келiсiм-шарттың қолданылу кезеңiне уақытша тiркеу туралы куәлiктi беру;
      10) Уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi.

  2. АТП АЭА қатысушыларын тiркеудiң мақсаттары

      3. АТП АЭА құру мақсаттарына сәйкес Дирекция АТП АЭА қатысушылары ретiнде заңды тұлғаларды тiркеудi жүзеге асырады. АТП АЭА қатысушыларын тiркеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес АТП АЭА құру мақсаттарына қол жеткiзу үшiн қажеттi қызмет түрлерi бойынша салықтық және кедендiк жеңiлдiктер алу үшiн жүзеге асырылады. АТП АЭА құру мақсатына қол жеткiзу үшiн қызмет түрлерi Жарлықпен бекiтiлген "Ақпараттық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағы туралы Ережеде көрсетiлген.

  3. Тiркеуге жататын заңды тұлғалар

      4. АТП АЭА-ның тұрақты тiркеуiн басқарушы компанияның ұсынуы бойынша Сараптамалық кеңестiң оң қорытындысын алған АТП АЭА аумағында қызметтi жүзеге асыруға үмiткер, сондай-ақ бiр мезгiлде мынадай шарттарға сәйкес келетiн:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң "Ақпараттық технологиялар паркi" Салық комитетiнде тiркеу есебiнде тұратын;
      2) АТП АЭА аумағынан тысқары жерлерде құрылымдық бөлiмшелерi жоқ;
      3) жиынтық жылдық кiрiстiң кемiнде 90 пайызын АТП АЭА құру мақсаттарына сәйкес келетiн өз өндiрiсi тауарларын (жұмыстар, қызметтер) өткiзуден алынуға жататын (алынған) кiрiстер құрайтын заңды тұлғалар жатады.

      5. Осы Ереженiң 3-тармағында көрсетiлген шарттарға сәйкес келмейтiн заңды тұлғалар тұрақты тiркеуге жатпайды.

      6. АТП АЭА уақытша тiркеуге АТП АЭА инфрақұрылымының объектiлерiн салу үшiн АТП АЭА аумағына шарт негiзiнде тартылатын заңды тұлғалар жатады.

  4. Тiркеуге өтiнiштердi қабылдау және қарау мерзiмi

      7. Сараптамалық кеңестiң оң қорытындысы және басқарушы компанияның ұсынуы негiзiнде Дирекция заңды тұлғаға Алматы қаласының Әдiлет департаментiне беру үшiн орналасқан жерiн растайтын анықтаманы ( N 4-қосымша ) бередi.

      8. Заңды тұлғалар заңнамамен белгiленген тәртiппен:
      1) Заңды тұлғаның орналасқан жерiн көрсете отырып АТП АЭА мекен-жайы бойынша қатысты құрылтай құжаттарына өзгерiстер енгiзудi;
      2) АТП Салық комитетiнде есепке қоюды;
      3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кедендiк бақылау комитетi Алматы қаласы бойынша Кедендiк бақылау департаментiнiң ақпараттық технологиялар бөлiмiнде сыртқы экономикалық қызметке (СЭҚ) қатысушының карточкасын тiркеудi және алуды жүзеге асырады.

      9. Өтiнiш берушi Дирекцияға тұрақты/уақытша тiркеуге өтiнiш бередi.

      10. Өтiнiштердi тiркеу журналына жазбаны енгiзген күн өтiнiштi тiркеу мерзiмi болып табылады.

      11. Дирекция өтiнiштi алған сәттен бастап 5 күн iшiнде сол заңды тұлғаға АТП АЭА қатысушы ретiнде тiркеуге келiсiм беру немесе бас тарту туралы хабарлама жiбередi.

  5. Өтiнiш мазмұны

      12. АТП АЭА қатысушысының мәртебесiн алуға құжаттар пакетi мыналарды қамтуы тиiс:
      1) ұйымның бланкасында өтiнiш хаты нысанындағы АТП АЭА қатысушы ретiнде тiркеуге (тұрақты/уақытша) өтiнiш (N 1/ 2-қосымша );
      2) АТП АЭА қатысушының сауалнамасы ( N 3-қосымша );
      3) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу/қайта тiркеу туралы куәлiк (нотариалды куәландырылған);
      4) статистикалық карточка (нотариалды куәландырылған);
      5) салық комитетiнде есепке қою туралы куәлiк;
      6) заңды тұлғаның жарғысы (нотариалды куәландырылған);
      7) АТП АЭА-ға қатысу туралы акционерлердiң немесе заңды тұлғаның қатысушыларының шешiмi (нотариалды куәландырылған);
      8) бiрiншi басшы немесе оны ауыстыратын тұлға, сондай-ақ бас бухгалтер (бухгалтер) қол қойған соңғы қаржы жылы үшiн бухгалтерлiк баланстың түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
      9) бiрiншi басшының және бас бухгалтердiң жеке куәлiгiнiң көшiрмелерi, СТН, тұрғылықты мекен-жайлары;
      10) уақытша тiркеудi алу үшiн АТП АЭА инфрақұрылымының объектiлерiн салуға келiсiм-шарттың көшiрмесi.

  6. Тiркеу тәртiбi

      13. Тұрақты тiркеу:
      1) Заңды тұлғаның өтiнiшiнде берiлген құжаттар толық және дұрыс ресiмделген жағдайда АТП АЭА Дирекциясы;
      2) заңды тұлға туралы мәлiметтердi тiркелiмге және электрондық дерекқорға енгiзедi;
      3) АТП АЭА тұрақты қатысушы мәртебесiн алуға куәлiк ( N 5-қосымша ) бередi. АТП АЭА қатысушысының куәлiгi арнайы типографиялық тәсiлмен дайындалған кемiнде қорғаудың үш деңгейi бар қатаң есептiлiк бланкiсi болып табылады.

      14. Уақытша тiркеу:
      1) АТП АЭА Дирекциясы:
      өтiнiштегi берiлген құжаттардың толықтығын және оларды ресiмдеудiң дұрыстығын тексередi;
      заңды тұлға туралы мәлiметтi тiркелiмге және электрондық дерекқорға енгiзедi;
      АТП АЭА аумағында қызметтi жүзеге асыру үшiн АТП АЭА қатысушысының уақытша мәртебесiн алуға куәлiк ( N 6-қосымша ) бередi. АТП АЭА қатысушысының куәлiгi арнайы типографиялық тәсiлмен дайындалған кемiнде қорғаудың үш деңгейi бар қатаң есептiлiк бланкiсi болып табылады.

  7. Дауларды қарау

      15. Өтiнiш берушi тiркеуден бас тартумен келiспеген жағдайда заңнамада белгiленген тәртiппен Дирекцияның iс-әрекетiне шағымдануға құқылы.

      16. Тараптар арасындағы даулар мен келiспеушiлiктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен шешiледi.

                                    "Ақпараттық технологиялар паркi"
                                     арнайы экономикалық аймағының
                                       қатысушылары ретiнде заңды
                                       тұлғаларды тiркеу ережесiне
                                                N 1 қосымша

Ұйымның бланкасында
200___"____"_______
N______

                                 ҚР Индустрия және сауда министрлiгi
                                  "Ақпараттық технологиялар паркi"
                                   Арнайы экономикалық аймағының
                                  дирекциясы мемлекеттiк мекемесi

____________________________________________________________________
               (заңды тұлғаның, кәсіпорынның атауы)

төмендегi шарттарда "Ақпараттық технологиялар паркi" АЭА-ға
қатысушы ретiнде тұрақты тiркеуге өтiнiмдi қабылдауды сұраймыз;
Қызмет мәнi ________________________________________________________
____________________________________________________________________
   (бағдарламалық өнiм немесе аппараттық өнiм және т.б. өндiрiсi)

Шығарылатын өнiм атауы:
Қызметтер түрi:
Меншiк түрi:
Қаржыландыру көзi: банк, акционерлiк капитал және т.б.
Меншiктi капитал:
Қаржыландырудың қосымша көздерi: шетелдiк инвестициялар,
облигациялар және т.б.
Өндiрiсте жұмысбасты персоналдың болжанатын саны:

      "Ақпараттық технологиялар паркi" АЭА қатысушы ретiнде тiркеу
бойынша құжаттар қоса берiлiп отыр.

      Басшы

                                    "Ақпараттық технологиялар паркi"
                                     арнайы экономикалық аймағының
                                       қатысушылары ретiнде заңды
                                       тұлғаларды тiркеу ережесiне
                                                N 2 қосымша

Ұйымның бланкасында
200___"____"_______
N______

                                 ҚР Индустрия және сауда министрлiгi
                                  "Ақпараттық технологиялар паркi"
                                   Арнайы экономикалық аймағының
                                  дирекциясы мемлекеттiк мекемесi

____________________________________________________________________
               (заңды тұлғаның, кәсіпорынның атауы)

төмендегi шарттарда "Ақпараттық технологиялар паркi" АЭА-ға
қатысушы ретiнде тұрақты тiркеуге өтiнiмдi қабылдауды сұраймыз;
Қызмет мәнi ________________________________________________________
            (АТП АЭА құру мақсаттарына сәйкес келетін инфрақұрылым
                               объектілерін салу)
Негіз:
____________________________________________________________________
            (келісім-шарт, келісім, қолдану мерзімін көрсету)

Қызметтер түрi:
Меншiк түрi:
Қаржыландыру көзi: банк, акционерлiк капитал және т.б.
Меншiктi капитал:
Қаржыландырудың қосымша көздерi: шетелдiк инвестициялар,
облигациялар және т.б.
Өндiрiсте жұмысбасты персоналдың болжанатын саны:

      "Ақпараттық технологиялар паркi" АЭА қатысушы ретiнде тiркеу
бойынша құжаттар қоса берiлiп отыр.

      Басшы

                                      "Ақпараттық технологиялар паркi"
                                     арнайы экономикалық аймағының
                                       қатысушылары ретiнде заңды
                                       тұлғаларды тiркеу ережесiне
                                                N 3 қосымша

            "Ақпараттық технологиялар паркi" АЭА-ға
                   ҚАТЫСУШЫНЫҢ САУАЛНАМАСЫ
 

1. Жалпы мәлiметтер

Ұйымның толық атауы

  

 

Заңды мәртебесi және
меншiк түрi

 

Құрылған жылы

 

 

Басқарушы орган

  

2. Мекен-жайы

Өңiр
(ел, облыс, аудан)

  

Елдi мекен

  

 

Көше

  

Үй

  

Индекс

e-mail

  

Факс

  

Телекс

  

Тел.

  

  

3. Банк реквизиттерi

е/ш

  

Валюталық шот

  

БСК

  

СТН

  

Басшы (Т.А.Ә.), телефон нөмiрi,
ұялы т., мекен-жайы

  

Бас бухгалтер (Т.А.Ә.)

  

Байланыстағы адам (Т.А.Ә.),
телефоны, мекен-жайы

  

4. Қызмет түрi

Сала

  

Кiшi сала

  

 

N

Өнім түрі

Қызметтер түрі

  

  

  

  

  

  

  

  

  

Жылдық айналым

  

Жұмыс істейтіндердің нақты саны

  

      Басшы

                                      "Ақпараттық технологиялар паркi"
                                     арнайы экономикалық аймағының
                                       қатысушылары ретiнде заңды
                                       тұлғаларды тiркеу ережесiне
                                                N 4 қосымша

                Заңды тұлғаның орналасқан жерi туралы
                            АНЫҚТАМА

ҚР Индустрия және сауда министрлiгiнiң "Ақпараттық технологиялар
паркi" Арнайы экономикалық аймағының дирекциясы" мемлекеттiк
мекемесi
____________________________________________________________________
      (тiркеген органның атауы, тiркеу нөмiрi, тiркелген күнi)
тiркеген
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
                   заңды тұлғаның, кәсiпорынның атауы

орналасқан орнының (мекен-жайының) өзгергенi туралы хабарлайды.

Заңды тұлғаның жаңа мекен-жайы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

Т.А.Ә.

       Директор                                ______________________
                                                     Қолы

                                    "Ақпараттық технологиялар паркi"
                                     арнайы экономикалық аймағының
                                       қатысушылары ретiнде заңды
                                       тұлғаларды тiркеу ережесiне
                                                N 5 қосымша

                       Yлгiлiк нысан

       Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi
                 "Ақпараттық технологиялар паркi"
             Арнайы экономикалық аймағының дирекциясы
                       мемлекеттiк мекемесi

      "Ақпараттың технологиялар паркi" арнайы экономикалық
    аймағына қатысушы ретiнде тұрақты тiркелгенi туралы
                            КУӘЛIК
                 ___________________________________
                           (Тiркеу нөмiрi)

Алматы қаласы                                200____"____"__________

Заңды тұлғаның атауы:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

Заңды тұлғаның орналасқан жерi:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

             КУӘЛIК ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫ
        ШЕҢБЕРIНДЕ ҚҰРЫЛТАЙ ҚҰЖАТТАРЫНА СӘЙКЕС "АҚПАРАТТЫҚ
        ТЕХНОЛОГИЯЛАР ПАРКІ" АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҒЫНДА
               ҚЫЗМЕТТI ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА ҚҰҚЫҚ БЕРЕДI.

"Ақпараттық технологиялар паркi"
Арнайы экономикалық аймағының дирекциясы
мемлекеттiк мекемесiнiң директоры                         Т. А. Ә.

Серия                                                     N ________

                                    "Ақпараттық технологиялар паркi"
                                     арнайы экономикалық аймағының
                                       қатысушылары ретiнде заңды
                                       тұлғаларды тiркеу ережесiне
                                                N 6 қосымша

                       Yлгiлiк нысан

       Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi
                "Ақпараттық технологиялар паркi"
          Арнайы экономикалық аймағының дирекциясы
                     мемлекеттiк мекемесi

      "Ақпараттың технологиялар паркi" арнайы экономикалық
    аймағына қатысушы ретiнде тұрақты тiркелгенi туралы
                            КУӘЛIК
                 ___________________________________
                           (Тiркеу нөмiрi)

Алматы қаласы                                200____"____"__________

Заңды тұлғаның атауы:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

Заңды тұлғаның орналасқан жерi:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

             КУӘЛIК ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫ
        ШЕҢБЕРIНДЕ ҚҰРЫЛТАЙ ҚҰЖАТТАРЫНА СӘЙКЕС "АҚПАРАТТЫҚ
        ТЕХНОЛОГИЯЛАР ПАРКІ" АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҒЫНДА
               ҚЫЗМЕТТI ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА ҚҰҚЫҚ БЕРЕДI.

"Ақпараттық технологиялар паркi"
Арнайы экономикалық аймағының дирекциясы
мемлекеттiк мекемесiнiң директоры                         Т. А. Ә.

Серия                                                     N ________