Халықты орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезiнде заңды және жеке тұлғалармен пайдаланылатын су объектiлерiн тiркеу ережелерiн бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегі комитетi төрағасының 2006 жылғы 17 ақпандағы N 29 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 20 наурызда тіркелді. Тіркеу N 4124.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Су кодексінің 92 бабаның 1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН :

      1. Берілген халықты орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде заңды және жеке тұлғалармен пайдаланылатын су объектілерін тіркеу ережесін бекіту.

      2. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Комитет төрағасының орынбасары Ә.Кеншімовке жүктелсін.

      3. Осы бұйрық, бұның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбектік он күннің ішінде күшіне енеді.

Төраға



      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері,

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігінің

      Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық

      қадағалау комитетінің төрағасы

      "__"_______2006 ж.

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң
Су ресурстары жөнiнде
комитетi төрағасының
2006 жылғы 17 ақпандағы
N 29 бұйрығымен бекiтiлген

Халықты орталықтандырылмаған ауыз су және
шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезiнде
заңды және жеке тұлғалармен пайдаланылатын
су объектiлерiн тiркеу ережелерi
1. Жалпы ережелер

      1. Осы халықты орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезiнде заңды және жеке тұлғалармен пайдаланылатын су объектiлерiн тiркеу Ережелерi (бұдан әрi - Ережелер), Қазақстан Республикасы Су кодексiнiң (бұдан әрi - Кодекс) 92 бабының 1 тармағына сәйкес әзiрленген және орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезiнде заңды және жеке тұлғалармен пайдаланылатын жер үстi және жерасты су объектiлерiн жергiлiктi атқарушы органдармен тiркеу тәртiбiн анықтайды.

      2. Осы Ережелерде келесi түсiнiктер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен жабдықтау - жеке немесе жалпы ашық пайдаланудағы ауыз суды шығындалу жерiне жеткiзбей алуға арналған құрылыстарды пайдалану;

      2) ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау - су алу құрылғылары арқылы ауыз су және тұрмыстық мұқтаждықтарды өтеу үшiн жер үстi және жерасты су көздерiн пайдалану;

      3) су тарту құрылысы - су объектiлерiнен су алуға арналған құрылыстар мен құрылғылар кешенi;

      4) суды қысыммен ағызатын мұнара - жасанды тiрек құрылмасындағы су үшiн арынды резервуар;

      5) шахта құдығы - сумен жабдықтау мақсатында жер асты суларын алу үшiн құрылған тереңдiгi көлденең қимасынан үлкенiрек тiк тау-кен қазындысы;

      6) құбырлы құдық - жерасты суларын алуға арналған қабырғасы құбырлармен айландыра бекiтiлген тiк целиндрлiк каналдар түрiндегi құрылғы;

      7) шегендеу құрылысы - табиғи шығып жатқан жерасты суларының ашылуын және пайдалану мақсатында оларды жер бетiне шығарылуын қамтамасыз ететiн инженерлi-техникалық құрылыс;

      8) ұңғыма - жерасты суларын жер бетiне көтеруге арналған құрылғы;

      9) бұлақ - жерасты суының жер бетiне табиғи жинақталып шығуы.

      3. Халықтың орталықтандырылмаған суды пайдалануы жүзеге асады:

      1) ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға су көздерiн пайдаланатын жеке тұлғалармен тәулiгiне 50 текше метрге дейiнгi көлемде;

      2) халықты орталықтандырылмаған сумен жабдықтау қызметiн көрсететiн жеке немесе заңды тұлғалармен тәулiгiне 50 текше метрге дейiнгi көлемде.

      4. Халықты орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау үшiн келесi су алу құрылғылары қолданылады: суды қысыммен ағызатын мұнаралы ұңғымалар (тарату желiсiз), шахталы және құбырлы құдықтар, бұлақтардың шегендеу құрылғылары.

      5. Су объектiлерiнен тәулiгiне елу текше метрге дейiнгi көлемде су алу кезiнде халықты орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау арнайы лицензия алуды талап етпейдi.

2. Халықты орталықтандырылмаған ауыз су және
шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау үшiн
пайдаланылатын су объектiлерiн тiркеу ретi

      6. Су объектiсiн тiркеу оның орналасу орнына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдармен жүзеге асырылады.

      7. Заңды немесе жеке тұлғалар жергiлiктi атқарушы органдарға Ереженiң 12 және 13 тармақтарында көрсетiлген құжаттарға өтiнiштi қосып жолдайды.

      Құжаттар толық тапсырылмаған жағдайда, өтiнiш қараусыз қайтарылады.

      8. Құжаттарды қарастыруға қабылданғаннан кейiн жергiлiктi атқарушы орган оларды келiсiмге жолдайды:

      1) сол аумақтың мемлекеттiк санитарлы-эпидемиологиялық қызмет органы, су объектiсiнiң, орталықтандырылмаған ауыз-су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға қойылатын талаптарға сәйкестiгiне қатысты;

      2) аумақтық су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган, су объектiсiн орталықтандырылмаған ауыз-су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау мүмкiндiгi мәселесi бойынша.

      9. Осы Ереженiң 8-тармағында көрсетiлген мемлекеттiк органдар он күн iшiнде келiсiмiн бередi және жергiлiктi атқарушы органға осы құжаттарды қарау туралы қорытындысын ұсынады. Мемлекеттiк органдардың оң қорытындысы келісiм, ал терiс қорытындысы - келiсiмнен бас тарту болып табылады.

      10. Келiсiлген құжаттар негiзiнде жергiлiктi атқарушы орган өтiнiш қарауға қабылданған күннен бастап бiр ай iшiнде халықты орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау үшiн пайдаланылатын су объектiлерiн тiркейдi.

      11. Егер Ереженiң 8-тармағында көрсетiлген органдардың бiреуiнiң терiс қорытындысы болған жағдайда, жергiлiктi атқарушы орган өтiнiш қарауға қабылданған күннен бастап бiр ай iшiнде, себебiн жазбаша көрсете отыра бас тартады.

3. Тiркеуге қажеттi құжаттар

      12. Ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға су көздерiн меншiктiк қажеттiктерi yшiн тәулiгiне 50 текше метрге дейiнгі көлемде пайдаланатын жеке тұлғалар су пайдалану объектiлерiн тiркеу үшiн жергiлiктi атқарушы органға ұсынады:

      1) өтiнiш (Ереженiң 1 қосымшасы );

      2) су тарту құрылғысы орналасқан орны көрсетiлген жер телімiнiң жоспарының көшiрмесi.

      13. Тәулiгiне 50 текше метрге дейiнгi көлемде суды пайдаланатын халықты орталықтандырылмаған сумен жабдықтау қызметін көрсететiн жеке немесе заңды тұлғалар келесi құжаттарды ұсынады:

      1) өтiнiш ( Ереженiң 2 немесе 3 қосымшасы );

      2) су тарту құрылғысы орналасқан орнының ахуалды сұлбасы;

      3) заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгінің нотариалды куәландырылған көшiрмесi (жеке тұлға үшiн - жеке кәсiпкер ретінде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгiнiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi);

      4) жер бетi немесе жерасты су алу жүзеге асатын техникалық құрылғылар немесе құрылымдар орналасқан жер телiмi актiсiнiң көшiрмесi (жалдау шарты, әкiмнiң шешiмi);

      5) су шаруашылық құрылғының немесе құрылымның төлқұжатының көшiрмесi;

      6) меншiктi лабораториясы болған жағдайда - санитарлық гигиеналық, эпидемияға қарсы қызметтерге, соның ішінде, бактериологиялық санитарлы-химиялық зерттеулер жүргiзуге лицензияның көшiрмесi;

      лабораториялық зерттеулер басқа лабораторияларда өткізілген де - лабораториялық зерттеулер жүргiзуге келiсiм шарттың көшірмесі және сол лабораторияның көрсетiлген қызмет түрiн жүргiзуге арналған лицензиясының көшiрмесi;

      7) Сумен қамту көздерi мен шаруашылық-ауызсуға арналған су құбырларын санитарлық қорғау аймағын күтiп ұстаудың санитарлық-эпидемиологиялық талаптарына сәйкес, санитарлық қорғау аймағының жағдайлық жоспарының көшiрмесi.

  Халықты орталықтандырылмаған
ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық
сумен жабдықтау үшiн заңды және жеке
тұлғалармен пайдаланылатын
су объектiлерiн тiркеу Ережелерiне
1 Қосымша

      Тәулiгiне 50 текше метр көлемiнде орталықтандырылмаған

      ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау үшiн

      су көздерiн пайдаланылатын жеке тұлғалардың өтiнiшiнiң нысаны

      ______________________________________________________________

       (мемлекеттiк органның толық атауы)

      ____________________________________________________________________

       (жеке тұлғаның толық фамилиясы, есiмi, әкесiнiң есiмi)

       ӨТIНIШ

       Су алу көлемi тәулiгiне 50 текше метр орталықтандырылмаған

      ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау үшiн

      пайдаланылатын су объектiсiн тiркеудi сұраймын.

       Суды пайдалану мақсаты________________________________________

       (жеке мақсатта, халықты

      ____________________________________________________________________

       орталықтандырылмаған сумен жабдықтау)

       Су алу құрылысының түрi_______________________________________

       (атауы, iске қосу жылы,

      ____________________________________________________________________

       өндiрiстiк қуаты және т.б.)

       Су алу орны___________________________________________________

       (су алу құрылғысының орналасқан орнын көрсету)

      ____________________________________________________________________

      Жеке тұлға туралы мағлұмат:

      1. Тұлғаны куәландыратын құжаттың рет саны мен берiлген датасы

      ____________________________________________________________________

      2. Туылу датасы_____________________________________________________

      3. Мекен-жайы_______________________________________________________

      4. РНН______________________________________________________________

      Қосымша мағлұматтар:

      1. Тұрғындар саны___________________________________________________

      2. Үй жанындағы телiмнiң көлемi_____________________________________

      3. Мал саны_________________________________________________________

      Қосымша_____________________________________________________________

      /_____________/_____________________________________________________

       (қолы) (фамилиясы, есiмi, әкесiнiң есiмi)

      "_____"____________200_____ж.

      Өтiнiш қарауға қабылданды "______"_________________200_______ж.

      /____________/______________________________________________________

       (қолы) (өтiнiштi қабылдаған жауапты тұлғаның фамилиясы,

       есiмi, әкесiнiң есiмi)

       Халықты орталықтандырылмаған

       ауыз су және шаруашылық - тұрмыстық

       сумен жабдықтау үшiн заңды және жеке

       тұлғалармен пайдаланылатын

       су объектiлерiн тiркеу Ережелерiне

       2 Қосымша

      Тұрғылықты халыққа тәулiгiне 50 текше метр көлемiнде

      орталықтандырылмаған сумен жабдықтау жөнiндегi қызмет

      көрсететiн заңды тұлғалардың өтiнiшiнiң нысан

      ____________________________________________________________________

       (мемлекеттiк органның толық атауы)

      ____________________________________________________________________

       (заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның толық Ф.Е.ӘЕ.)

       ӨТIНIШ

       Су алу көлемi тәулiгiне 50 текше метр орталықтандырылмаған

      ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау үшiн

      пайдаланылатын су объектiсiн тiркеудi сұраймын.

       Су объектiсiнiң атауы мен оның сипаттамасы____________________

      ____________________________________________________________________

       Су алу құрылғысының түрi______________________________________

       (атауы, iске қосу жылы, өндiрiстiк

       қуаты және т.б.)

      ____________________________________________________________________

       Су тұтынушылардың саны туралы мәлiметтер______________________

       Су өлшеу аспаптарының түрлерi мен саны, оларды тексеру________

      ____________________________________________________________________

      Заңды тұлға туралы мағлұмат:

      1. Меншiк түрi______________________________________________________

      2. Құрылған жылы____________________________________________________

      3. Тiркеу туралы куәлiк_____________________________________________

       (нөмiрi, кiммен және қашан берiлдi)

      4. Заңды мекен-жайы_________________________________________________

       (индекс, облыс, аудан, қала, көше, үй офис,

       телефон, факс)

      ____________________________________________________________________

      5. Банктiк деректеме________________________________________________

       (есеп шот, банк, БИК, РНН)

      Бірге ұсынылатын құжаттар тiзiмi, Қазақстан Республикасы Ауыл

      шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетi

      төрағасының 2006 жылғы 17 ақпандағы N 29 бұйрығымен бекiтiлген

      Тұрғылықты халықты орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау үшiн заңды және жеке

      тұлғалармен пайдаланылатын су объектiлерiн тiркеу Ереженiң 13

      тармағына сәйкес жүргiзiледi

      /___________/_______________________________________________________

       (қолы) (заңды тұлға басшысының тегi, есiмi, әкесiнiң есiмi)

       М.О.

      "_____"____________200_____ж.

      Өтiнiш қарауға қабылданды "______"_______________________200 ж.

      /___________/_______________________________________________________

       (қолы) (өтiнiштi қабылдаған жауапты тұлғаның тегi, есiмi,

       әкесiнiң есімі)

       Халықты орталықтандырылмаған

       ауыз су және шаруашылық - тұрмыстық

       сумен жабдықтау үшiн заңды және жеке

       тұлғалармен пайдаланылатын

       су объектiлерiн тiркеу Ережелерiне

       3 Қосымша

      Тұрғылықты халыққа тәулiгiне 50 текше метр көлемiнде

      орталықтандырылмаған сумен жабдықтау жөнiндегi қызмет

      көрсететiн жеке тұлғалардың өтiнiшiнiң нысаны

      ____________________________________________________________________

       (мемлекеттiк органның толық атауы)

      ____________________________________________________________________

       (жеке тұлғаның толық тегi, есiмi, әкесiнiң есiмi)

       ӨТIНIШ

       Су алу көлемi тәулiгiне 50 текше метр орталықтандырылмаған

      ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау үшiн

      пайдаланылатын су объектiсiн тiркеудi сұраймын.

       Су объектiсiнiң атауы мен оның сипаттамасы____________________

      ____________________________________________________________________

       Су алу құрылғысының түрi______________________________________

       (атауы, iске қосу жылы, өндiрiстiк

       қуаты және т.б.)

      Су тұтынушылардың саны туралы мәлiметтер____________________________

      Су өлшеу аспаптарының түрлерi мен саны, оларды тексеру______________

      Заңды тұлға туралы мағлұмат:

       1. Жеке кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк___________

      ____________________________________________________________________

       (номер, кiммен және қашан берiлдi)

       2. СТРС_______________________________________________________

       3. Мекен-жайы_________________________________________________

       (индекс, облысы, ауданы, қаласы, көшесі, үйi,

       офисi, телефоны, факсi)

       Бiрге ұсынылатын құжаттар тiзiмi, Қазақстан Республикасы Ауыл

      шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетi

      төрағасының 2006 жылғы 17 ақпандағы N 29 бұйрығымен бекiтiлген

      Тұрғылықты халықты орталықтандырылмаған ауыз су және

      шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау үшiн заңды және жеке

      тұлғалармен пайдаланылатын су объектiлерiн тiркеу Ереженiң 13

      тармағына сәйкес жүргiзiледi

      /___________/_______________________________________________________

       (қолы) (тегi, есiмi, әкесiнiң есiмi)

       М.О.

      "_____"____________200_____ж.

      Өтiнiш қарауға қабылданды "______"_______________________200 ж.

      /___________/_______________________________________________________

       (қолы) (өтiнiштi қабылдаған жауапты тұлғаның тегi, есiмi,

       әкесiнiң есімі)