"Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 28 шілдедегі N 539 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2006 жылғы 16 қаңтардағы N 13 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 27 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 4059.

Қолданыстағы

      Нотариалдық іс-әрекеттерді жасау бойынша республика нотариустарының құқық қолдану практикасын жетілдіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 28 шілдедегі N 539  бұйрығына  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 564 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және басқа мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 1998 жылғы 30 қарашада N 8 жарияланған, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашада
N 527-к, 2002 жылғы 22 қарашадағы N 175, 2004 жылғы 17 мамырдағы
N 136, 2004 жылғы 7 шілдедегі N 206, 2004 жылғы 4 қарашадағы N 325, 2005 жылғы 19 тамыздағы N 215 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген Бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы Нұсқаулықта:
      барлық мәтін бойына "келісім-шарттары", "келісім-шарттың", "келісім-шарт", "келісім-шартында", "келісім-шарттарды", "келісім-шартта", "келісім-шарттар", "келісім-шартқа", "келісім-шартты" деген сөздер тиісінше "шарттары", "шарттың", "шарт", "шартында", "шарттарды", "шартта", "шарттар", "шартқа", "шартты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Нотариаттық іс-әрекет жасау кейінге қалдырылған жағдайда нотариус мүдделі адамға нотариаттық іс-әрекет жасауға жүгінген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, нотариаттық іс-әрекет жасауды кейінге қалдыруының дәлелді себебі көрсетілген қаулыны береді.";

      14-тармақта:
      "ішкі істер" деген сөздерден кейін "немесе әділет" деген сөздермен толықтырылсын;
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Кәмелетке толмағандардың жеке басын ата-анасының бірі (асырап алушысы) немесе қамқоршысы кәмелетке толмағандардың тууы туралы куәлігінің және ата-анасының бірінің (асырап алушысының), қамқоршысының жеке куәлігінің немесе паспортының негізінде анықтайды.";

      22-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Ата-аналардың, қамқоршының (қорғаншының) жеке басы олардың паспортымен немесе жеке куәлігімен белгіленеді.";

      24-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Бұл норма қолдардың үлгілері мен мөр бедерлемесі бар банкке арналған құжаттарға қойылған қолдың дұрыстығын куәландыру кезінде қолданылмайды.";

      30-тармақта "сондай-ақ" деген сөзден кейін "мөр бедерлемесі анық көрінбейтін" деген сөздермен толықтырылсын;

      35-тармақта "Мәмілелерді куәландырғанда," деген сөздерден кейін "нотариаттық куәландырылған құжаттардың дубликатын бергенде" деген сөздермен толықтырылсын;

      38-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Мұраны сенімгерлік басқарушыны тағайындау кезінде нотариус тиісті қаулы шығарады.";

      44-бап алып тасталсын;

      70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "70. Мәмілелердің мазмұны баяндалатын, нотариаттық тәртіпте куәландырылатын құжаттар данасының саны нотариаттық іс-әрекет жасауға өтініш берген адамдардың санымен белгіленеді, бірақ екі данадан кем болмауы қажет. Құжаттардың бір данасы нотариустың ісінде қалады, екінші данасы тарапқа (тараптарға) беріледі.";

      72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "72. Меншік иесінің ортақ бірлескен меншіктегі немесе үлеске меншік құқығындағы мүліктің үлесін алуы барлық қатысушылардың келісімімен жүргізіледі. Нотариаттық куәландыруды немесе мемлекеттік тіркеуді талап ететін мәмілелерді жасау кезінде нотариус мәмілелерді жасауға ортақ бірлескен меншіктің басқа қатысушыларының келісімі туралы өтінішті талап етуге міндетті.";

      92-тармақта "құжатта" деген сөз "жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамада" деген сөздермен ауыстырылсын;

      131-тармақтың екінші абзацы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Бұндай жағдайларда нотариус жылжымайтын мүлікке құқық белгілеуші құжаттарды және жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы талап етуге міндетті.";

      мынадай мазмұндағы 147-1-тармақпен толықтырылсын:
      "147-1. Қызмет көрсетілетін нотариаттық округтен тыс тұрғылықты тұратын азаматтың атынан өсиетті куәландырған жағдайда, мұндай өсиетті куәландырушы нотариус азамат тұрғылықты тұратын орын бойынша орналасқан аумақтық нотариаттық палатаға өсиетті оның көшірмесінің қосымшасынсыз куәландыру туралы хабарлама жібереді, бұл туралы нотариус өсиет қалдырушыға ескертуге және бұл туралы өсиетте белгі жасауға міндетті.";

      "Мәмілелерді куәландыру" атты 3-тарау мынадай мазмұндағы "Кепілгерлік шарттарын куәландыру" атты параграфпен толықтырылсын:
      "Кепілгерлік шарттарын куәландыру
      154-1. Нотариус мәмілелерді куәландыру үшін осы Нұсқаулықта белгіленген жалпы ережелер бойынша және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы нормаларына сәйкес кепілгерлік шарттарын куәландырады.
      Егер шартта өзгеше көзделмесе, кепілгерлік шарты нақты, яғни қолданыста бар талаптарды ғана қамтамасыз етеді.";

      155-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "155. Нотариус шаруашылық серіктестіктерінің құрылтай құжаттары: құрылтай шарты мен Жарғыны куәландырады.
      Құрылтай шартын куәландыру кезінде нотариус осы Нұсқаулықта белгіленген мәмілелерді куәландырудың жалпы ережелерін басшылыққа алады. Жарғыны куәландыру кезінде нотариус құрылтайшылардың қолдарының дұрыстығын куәландырады.";

      мынадай мазмұндағы 156-1-тармақпен толықтырылсын:
      "156-1. Шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаттарына оның құрылтайшысы (құрылтайшылары) немесе сенімхат негізінде қызмет ететін олардың өкілі (өкілдері) қол қояды. Мұндай жағдайда құрылтай шартының мәтінінде немесе Жарғыда куәландырылатын жазбада сенімхаттың тіркелген күні, нөмірі және кім куәландырғаны (бергені) көрсетіледі.
      Егер құрылтайшылар кәмелеттік жасқа толмаған адамдар болса, онда құрылтай құжаттары осы Нұсқаулықтың 63-тармағын есепке ала отырып куәландырылады.";

      262-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Қолдардың дұрыстығын куәландыру кезінде нотариус осы Нұсқаулықтың 16, 17-тармақтары бойынша азаматтардың әрекетке қабілеттілігін анықтайды";

      276-тармақта "оның заңды өкілдерінің сөзімен" деген сөздер "осы Нұсқаулықтың 14-тармағына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған сәттен бастап он күн ішінде қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасы
      Әділет министрінің
      міндетін атқарушы