Хромтау ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

Бірлескен Ақтөбе облыстық мәслихатының 2005 жылғы 4 тамыздағы N 178 шешімі және Ақтөбе облыстық әкімиятының 2005 жылғы 4 тамыздағы N 293 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2005 жылғы 24 тамызда N 3154 тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабының 2, 3 тармақтарына сәйкес және Хромтау ауданының өкiлдi және атқарушы органдарының ұсыныстарын ескере отырып, облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДІ және облыс әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Қоса берілген сызба-картаға сәйкес Тассай ауылдық округінің шекарасы оның құрамынан жалпы көлемі 3537,8 га аумақты және онда орналасқан Никельтау елді мекенін шығара отырып өзгертілсін.
       2. Құрамына Тассай ауылдық округінің құрамынан шығарылған жалпы көлемі 3537,8 га аумақты қоса отырып, қоса беріліп отырған сызба-картаға сәйкес Никельтау ауылы - әкімшілік-аумақтық бірлігі құрылсын.
       3. Хромтау ауданының әкiмi (О.Н. Далмағамбетов) жаңадан құрылған әкімшілік-аумақтық бірлікті мемлекеттік басқаруды және оны ұстауды қаржыландыруды аудандық бюджет және облыс әкімдігінің 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 386 қаулысымен бекітілген штаттық сан лимитінің шегінде қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді шешсін.
       4. "Ақтөбе облысының статистика басқармасы" ММ (А.Д.Мұқаев) облыстың әкімшілік-аумақтық бірліктерінің есептік деректеріне тиісті өзгерістер енгізсін.
       5. "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" ММ (М.Н.Жекеев) жер-кадастр құжаттарын Хромтау ауданының  әкімшілік-аумақтық құрылысында жасалған өзгерістермен сәйкестендірсін.

      Облыстық мәслихаттың                 Облыс әкiмi
        сессия төрағасы