Астана қаласы бюджетiнiң қаражаттары есебiнен әлеуметтiк көмек көрсетуге мұқтаж азаматтар санаттарының тiзбесi туралы

Астана қаласы Мәслихатының 2005 жылғы 26 мамырдағы N 143/18-ІІІ Шешімі. Астана қаласы Әділет департаментінде 2005 жылғы 1 шілдеде N 395 тіркелді

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Бюджеттiк кодексiне , "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, алдағы уақытта қала бюджетiнiң қаражаттары есебiнен әлеуметтiк көмек көрсетуге мұқтаж азаматтарға көмек көрсету мақсатында, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТI:
      Ескерту: Кіріспеге өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.03.31 N 196/31-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
      1. Қоса берiлiп отырған Астана қаласының бюджетi қаражаттары есебiнен әлеуметтiк көмек көрсетуге мұқтаж азаматтар санаттарының тiзбесi бекiтiлсiн.

      Астана қаласының
      мәслихаты сессиясының
      төрағасы

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы

      Келісілді:

      Астана қаласының
      жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      департаментінің директоры

Астана қаласы мәслихатының 
2005 жылғы 26 мамырдағы   
N 143/18-III шешiмiмен   
бекiтiлген       

Астана қаласы бюджетiнiң қаражаттары есебiнен әлеуметтiк
көмек көрсетуге мұқтаж азаматтар санаттарының
ТІЗІМІ

      Ескерту. Тізімге өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2008.04.24 N 80/14-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2008.09.07 N 115/18-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2009.03.31 N 196/31-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз), 2010.12.13 N 412/54-IV (алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2011.08.11 № 474/67-IV (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді); 2012.06.26 N 47/5-V (алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Шешімдерімен.

      1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi.
      2. Жеңiлдiктерi мен кепiлдiктерi бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестiрiлген тұлғалар.
      3. Ұлы Отан соғысы жылдары алты айдан кем емес тылда жұмыс iстеген және бұрынғы КСР Одағының ерен еңбегi үшiн алқалары мен ордендерiмен марапатталмаған тұлғалар.
      4. 1, 2, 3 топтардағы мүгедектерi.
      5. Он сегiз жасқа дейiнгi мүгедек балалар.
      6. Жасы және еңбек өткерген жылдар бойынша зейнеткерлер.
      7. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2009.03.31 N 196/31-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
      8. Қазақстан Республикасының алдында ерекше қызметтерi үшiн зейнетақы алушылар.
      9. Төрт және одан да көп 18 жасқа дейiнгi балалары бар көпбалалы отбасылар.
      10. Қаланың қамқорлық, балалар үйiнiң түлектерi.
      11. Жалғыз ата-анасынан немесе ата-анасының екеуiнен айырылған жетiм балалар.
      12. Жұмыссыз азаматтар.
      13. Табыс жиынтығы азық-түлік себетінің құнынан төмен аз қамтылған азаматтар.
      14. Саяси қуғын-сүргiн құрбандары.
      15. "Астана қаласының құрметті азаматы" атағын иеленген азаматтар.
      16. "Астана қаласының түберкулезге қарсы диспансері" мемлекеттік мекемесінде диспансерлік есепте тұратын белсенді туберкулезбен ауыратын мұқтаж азаматтар.
      17. Ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар.
      18. «Алтын алқа», «Күмiс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналар.