Әлеуметтік қызмет көрсетудің Үлгілік Ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2005 жылғы 1 желтоқсандағы N 306-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасында 2005 жылғы 23 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3985

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  23,  24-баптарына  және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1132 қаулысымен бекітілген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы  ереженің  10-тармағы 4) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Тірек-қозғалу аппараты функцияларының бұзылушылықтары бар балаларға арналған мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік ұйымдарда әлеуметтік қызмет көрсетудің  Үлгілік Ережесі ;
      2) Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік ұйымдарда әлеуметтік қызмет көрсетудің  Үлгілік Ережесі ;
      3) Балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерінде әлеуметтік қызмет көрсетудің  Үлгілік Ережесі ;
      4) Психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетудің  Үлгілік Ережесі ;
      5) Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында әлеуметтік қызмет көрсетудің  Үлгілік Ережесі ;
      6) Үйде әлеуметтік қызмет көрсетудің  Үлгілік Ережесі  бекітілсін.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Вице-Министрі Т.Қ.Дүйсеноваға жүктелсін.
      3. Бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым Министрі

      5 желтоқсан 2005 ж.

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау Министрі

      8 қараша 2005 ж.

Қазақстан Республикасы Еңбек    
және халықты әлеуметтік қорғау   
министрі міндетін атқарушысының  
2005 жылғы 1 желтоқсандағы     
N 306-ө бұйрығымен бекітілген   

  Тірек-қозғалу аппараты функцияларының бұзылушылықтары
бар балаларға арналған мемлекеттік медициналық-әлеуметтік
мекемелер мен мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік
ұйымдарда әлеуметтік қызмет көрсетудің
Үлгілік Ережесі

1-бөлім. Жалпы ережелер

      1. Осы Тірек-қозғалу аппараты функцияларының бұзылулары бар балаларға арналған мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелер мен мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік ұйымдарда әлеуметтік қызмет көрсетудің Үлгілік Ережесі (бұдан әрі - Үлгілік Ереже) меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, тірек-қозғалу аппараты функцияларының бұзылулары бар балаларға арналған мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелердің және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік ұйымдардың (бұдан әрі - МӘҰ) қызмет тәртібін, тірек-қозғалу аппараты функцияларының бұзылулары бар балаларды қабылдау, ұстау және оларды МӘҰ-нан шығару шарттарын белгілейді.

      2. МӘҰ бөгде адамның тұрақты күтіміне және медициналық қызмет көрсетуге мұқтаж интеллекті сақталған, 4 жастан 18 жасқа дейінгі мынадай:
      түрлі этиологиядағы церебралды сал, қалпына келтіру және резидуалды кезеңдегі полиемелит салдары, тірек-қозғалу аппаратының туа біткен және кейін пайда болған кемістіктері, артрогриппоз, хондродистрофия, тұқым қуалайтын дегенеративті және жүйке-бұлшық ет аурулары бар тірек-қозғалу аппараты функцияларының бұзылулары бар балалардың (бұдан әрі - балалар) уақытша немесе тұрақты тұруына арналған.
      Мамандандырылған медициналық ұйымдарда емдеуді талап ететін белсенді процесс стадиясындағы туберкулездің, карантинді инфекциялардың, жұқпалы тері мен шаш ауруларының, венерологиялық аурулардың, ЖҚТБ, психикалық аурулардың, барлық дәрежедегі олигофренияның, жиі эпилептиформалық ұстамалылардың (айына 5 реттен артық), мінез-құлықтың психоұқсас бұзылушылықтары, қайтымсыз гидроцефалияның, нашақорлық пен жіті психотикалық симптоматикалы, мінез-құлықтың психоұқсас түрлері мен (немесе) интеллектмнестикалық бұзылушылықтары бар алкоголизмнің болуы МӘМ-де әлеуметтік қызмет көрсетуге қарсы айғақтамалар болып табылады.

      3. МӘҰ заңды тұлға болып табылады және оны құрылтайшысы қолданыстағы  заңнамаға  сәйкес құрады.

      4. МӘҰ өз қызметін құрылтай құжаттарына сәйкес медициналық және білім беру қызметіне арналған лицензия негізінде жүзеге асырады.

      5. МӘҰ өз қызметінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, осы Үлгілік Ережені басшылыққа алады.

  2-бөлім. МӘҰ міндеттері мен функциялары

      6. МӘҰ-ның негізгі міндеттері балаларға үй жағдайларына жақындатылған қолайлы тұрмыс жағдайларын туғызу, оларға әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттарына сәйкес әлеуметтік қызмет көрсету және оңалту іс-шараларын жүргізу болып табылады.

      7. МӘҰ функциялары:
      1) балалардың дербес құқықтылығын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
      2) әлеуметтік қызметтер көрсету;
      3) медициналық, әлеуметтік және кәсіби оңалту жүргізу;
      4) балалардың білім бағдарламаларын игеруіне жағдайлар жасау;
      5) балаларды жалпы орта білім берудегі мемлекеттік жалпыбілім беретін жалпыға бірдей міндетті стандарттар ескеріле отырып жүзеге асырылатын оқу бағдарламалары мен жоспарларына сәйкес және МӘҰ мамандарының тәртіпаралық командасы әзірлеген жеке дамыту бағдарламалары негізінде оқыту;
      6) қолайлы моральдік-псхологиялық ахуал туғызу;
      7) балаларды, олардың ата-аналарын (заңды өкілдерін) олардың құқықтары, әлеуметтік қызметтің көлемі мен түрлері, Ішкі тәртіп ережелері туралы хабардар ету;
      8) балаларға келушілерді қабылдау үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
      9) балалардың сақтауға тапсырған жеке заттарының және құндылықтарының сақталуын қамтамасыз ету;
      10) қамқорлыққа немесе қорғаншылыққа мұқтаж балаларға қатысты МСҰ әкімшілігіне жүктелген қамқорлық немесе қорғаншылық функцияларын заңнамада белгіленген тәртіппен орындау;
      Қамқорлықтағы адамдардың мүліктік мүдделерін қорғау үшін қажетті жағдайларда және заңнамада белгіленген тәртіппен мүлікке қамқоршы тағайындалады;
      11) қызметшілер еңбегін ұйымдастыруды жетілдіру және біліктілігін арттыру;
      12) балаларға әлеуметтік қызмет көрсету және оларды ұстаудың сапасын арттыру;
      13) МӘМ-нің қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыру;
      14) МӘМ Жарғыларына сәйкес өзге де қызметтер.

  3-бөлім. МӘҰ-ға кабылдау шарттары

      8. Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге әлеуметтік қызмет көрсетуге жіберуді облыстық (республикалық мәні бар қаланың, астананың) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.

      9. Балаларды әлеуметтік қызмет көрсетуге қабылдау мынадай құжаттардың:
      1) баланың ата-аналарының (заңды өкілдерінің) өтініші (осы Үлгілік Ережеге 1-қосымша);
      2) уәкілетті органның жолдамасы (мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге әлеуметтік қызмет көрсетуге қабылдау үшін);
      3) туу туралы куәлігі немесе жеке басының куәлігі;
      4) салық төлеушінің тіркеу нөмірі берілгені туралы куәлігінің;
      5) әлеуметтік жеке код берілгені туралы куәлігі;
      6) мүгедектік туралы анықтамадан үзінді көшірме;
      7) медициналық карта (осы Үлгілік Ережеге 2-қосымша);
      8) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (бұдан әрі - ПМПК) қорытындысы;
      9) амбулаториялық картадан үзінді көшірме;
      10) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме негізінде жүзеге асырылады.

      10. Мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік ұйымдардың әкімшілігі тұру құнын толық төлеу жағдайында қызмет көрсетілетін адамдардың құрамын дербес белгілеуі мүмкін.

  4-бөлім. МӘҰ ұстау жағдайлары

      11. Балаларды ұстау жағдайлары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, қауіпсіздік талаптарына, оның ішінде өртке қарсы талаптарға сәйкес болуға тиіс.

      12. МӘҰ ғимараты, оған кедергісіз кіруді қамтамасыз ету, ғимараттың ішінде тұру қолайлылығы, жүріп-тұру, оңалту және ойын-сауық іс-шараларын өткізу мақсатында арнаулы құрылғылармен жабдықталады.

      13. МӘҰ ғимаратының ішіндегі үй-жайлар көлемі, орналасуы және конфигурациясы жағынан сапалы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қамтамасыз етуге тиіс.

      14. Құрылтайшы МӘҰ қазіргі заманға сай техникалық жабдықталуын қамтамасыз етеді.

      15. МӘҰ-да ұстаудың бескүндік (алты күндік) режиміне рұқсат етіледі.

      16. Балалар бөлмелерге денсаулығының жай-күйі, жынысы және жеке басының мүдделері ескеріле отырып орналастырылады.

      17. Әлеуметтік қызмет түрлері әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттарында көзделгеннен кем емес көлем мен түрде көрсетіледі.

      18. Әлеуметтік қызмет түрлерін көрсету кезінде баланың жасы мен денсаулығының жай-күйі, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының мазмұны ескеріледі.

      19. Балаға көрсетілетін әлеуметтік қызмет түрлерінің кезеңділігі мен түрлерін МӘҰ директоры бекітеді.

      20. МӘҰ-да тұрудың тәртібі, уәкілетті орган немесе құрылтайшы бекітетін Ішкі тәртіп ережелерінде белгіленеді.

      21. Балаларға жәрдемақылар және өзге де әлеуметтік төлемдер қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес төленеді.

  5-бөлім. Оқу-тәрбие процесі

      22. Оқу сабақтары білім туралы  заңнамаға  сәйкес жүргізіледі.

      23. Балалар толымдылығы 10 адамнан аспайтын топтар (сыныптар) бойынша бөлінеді.

      24. Топтарды (сыныптарды) жасақтау баланың жасын, ПМПК анықтайтын парасаттылығы деңгейін және оны оқыту жылы ескеріле отырып жүзеге асырылады.

      25. Түзеп-дамыта оқыту баланың психофизикалық дамуын тәртіпаралық бағалау негізінде жасалатын жеке-дамыту бағдарламаларының негізінде құрылады.
      Балаларды оқытып тәрбиелеу жұмысындағы және еңбекке баулудағы негізгі мәселелерді шешу мақсатында педагогикалық кеңес құрылуы мүмкін, оның құрамын МӘҰ директоры бекітеді.

      26. Педагогикалық кеңес туралы ережені уәкілетті орган немесе құрылтайшы бекітеді.

  6-бөлім. МӘҰ шығару (есептен шығару), уақытша
кету және басқа жерге ауыстыру шарттары

      27. МӘҰ-дан баланы шығару:
      1) баланың ата-аналарының (заңды өкілдерінің) өтініші бойынша;
      2) 18 жасқа толғанда;
      3) мүгедектігі алынып тасталғанда жүзеге асырылады.

      28. Жеке басының уәждемесі бойынша баланың уақытша (үш айға дейін) кетуіне МӘҰ әкімшілігін жазбаша түрде хабардар етіп, МӘҰ дәрігерінің қорытындысын ескере отырып және оны қабылдайтын ата-аналарының (заңды өкілдерінің) өтініші болған жағдайда жол беріледі.
      Ата-аналарына (заңды өкілдеріне) бару сапарымен байланысты шығыстар өтелмейді.

      29. Баланы одан әрі оңалту үшін бір жылға дейін уақытқа медициналық және білім беру қызметке лицензиясы бар өзге ұйымға жіберу туралы шешімді МӘҰ әкімшілігі баланың ата-аналарының (заңды өкілдерінің) пікірін, МӘҰ дәрігерінің қорытындысын ескере отырып және баланы асырауға, оған қажетті күтімді қамтамасыз етуге келісетін қабылдаушы тараптың жазбаша міндеттемесі болған жағдайда қабылдауы мүмкін.

      30. Балаларды МӘҰ-нан балаларға арналған психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемеге ауыстыру медициналық ұйымның қорытындысы негізінде уәкілетті органның жолдамасы бойынша жүзеге асырылады.

      31. Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын, он сегіз жасқа толған балалар медициналық ұйымның және ПМПК қорытындысына сәйкес қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемеге ауыстырылады және бюджеттік қаражат есебінен ұсталады немесе балалардың қалауы бойынша үйге шығарылады.

      32. Бір өңірде орналасқан МӘҰ-нан өзге өңірде орналасқан МӘҰ-ға ауыстыру құрылтайшының немесе тиісті өңірлердің уәкілетті органдарының келісімі бойынша жүзеге асырылады.

      33. Әлеуметтік қызмет көрсетуге қарсы айғақтамалар болғанда балалар арнайы мамандандырылған медициналық ұйымға стационарлық емделуге ауыстырылады.

      34. МӘҰ әкімшілігі қамқорлықтағы адамды шығарған немесе ауыстырған кезде МӘҰ-ның шығару немесе ауыстыру эпикризін ресімдейді.

      35. Баланың шығарылуы немесе ауыстырылуы МӘҰ директорының бұйрығы бойынша жүзеге асырылады.

      36. Шығарылуы, уақытша кетуі немесе ауыстырылуы кезінде балаға жеке өзінің киімі және оған бекітілген маусымдық киім мен аяқ-киім, МӘҰ сақталатын құндылықтары беріледі.

  7-бөлім. МӘҰ-ға басшылық жасау

      37. МӘҰ директор басқарады.

      38. МӘҰ директорын уәкілетті орган немесе құрылтайшы қызметке тағайындайды және қызметінен босатады.

      39. Директор МӘҰ жұмысын ұйымдастырады және МӘҰ-ның санитарлық-гигиеналық және техникалық жай-күйі, балаларды ұстаудың, оларға әлеуметтік қызмет көрсетудің сапасы үшін, сондай-ақ балалардың МӘҰ аумағындағы әрбір мертігуі немесе және табиғи емес өлімі жағдайлары үшін дербес жауапкершілікте болады.

      40. Директор МӘҰ атынан сенімхатсыз әрекет етеді, мекемелер мен ұйымдарда оған өкілдік етеді, заңдарда белгіленген тәртіппен МӘМ мүлкін және қаражатын басқарады, келісім-шарттар жасайды, сенімхаттар береді, оның ішінде қайта сенімгерлік құқығымен сенімхаттар береді, банктерде МӘҰ шоттарын ашады.

      41. Құрылтайшы штат санын әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттарында көзделгеннен кем емес көлемде белгілейді.

      42. Директор педагогикалық, медициналық және өзге де кадрларды іріктеуді және орналастыруды қамтамасыз етеді, педагогикалық және медициналық персоналдың жұмысын басқаруды, олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асырады, сондай-ақ МӘҰ-ды балалармен жасақтауға қатысады.

      43. Директор МӘҰ қызметіне қатысты бұйрықтар шығарады, еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлерді жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады, қызметкерлерді ынталандыру шараларын қабылдайды және тәртіптік жазалар қолданады.

  8-бөлім. Қорытынды ережелер

      44. МӘҰ әкімшілігі мен қызметшілері қамқорлығындағы адамдардың құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтірмеуге тиісті.

      45. МӘҰ-да Шағымдар мен ұсыныстар кітабы болуы міндетті, ол МӘҰ әкімшілігінде сақталады.
      Шағымдар мен ұсыныстар кітабы балалардың. Олардың ата-аналарының (заңды өкілдерінің) және МӘҰ қызметкерлерінің бірінші талап етуі бойынша берілуге тиіс.

      46. МӘҰ директоры Шағымдар мен ұсыныстар кітабын апта сайын, ал уәкілетті орган немесе құрылтайшы ай сайын қарайды.

      47. МӘҰ әкімшілігі мен уәкілетті орган шағымдар мен ұсыныстарға уақытында назар аударуға және өздерінің құзыретіне енетін мәселелер бойынша тиісті шаралар қабылдауға тиісті.

      48. Заңды және жеке тұлғалардан қаражат аудару үшін МӘҰ-ның демеушілік, қайырымдылық және өзге де шоттары болуы мүмкін.

      49. Балаларды ұстау, қамтамасыз ету, оларға әлеуметтік қызмет көрсету сапасын бақылауды уәкілетті орган немесе құрылтайшы жүзеге асырады.

                              Тірек-қозғалу аппараты функцияларының
                               бұзушылықтары бар балаларға арналған
                                мемлекеттік медициналық-әлеуметтік
                                 мекемелерде және мемлекеттік емес
                                  медициналық-әлеуметтік ұйымдарда
                                   әлеуметтік қызмет көрсетудің
                                    Үлгілік Ережесіне 1-қосымша

(Әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган ресімдейді)
___________________________________________________________________
                     (уәкілетті органның атауы)
_______________________________________________________ ресімделеді
        (баланың тегі, аты, әкесінің аты)

Туу туралы куәлігі (жеке басының куәлігі) N _ __ж. "_" ___ берілген
Тіркелген жері: ___________________________________________________
Туған жері: _______________________________________________________
Туған күні, айы, жылы: "____"_________ _____ жыл
Жәрдемақының түрі мен мөлшері _____________________________________
Мүгедектік санаты _________________________________________________
Қайта куәландыру мерзімі __________________________________________
Білімі ____________________________________________________________
Соңғы оқыған жері _________________________________________________
Тұрғын үй жағдайлары ______________________________________________
                      (жеке үй, пәтер, жатақханада бөлме және т.б.)
Туысқандардың (заңды өкілдерінің) болуы ___________________________
___________________________________________________________________
    (туысқандығы, жасы, әлеуметтік статусы, тұратын мекен-жайы)

                            ӨТІНІШ

___________________ тірек-қозғау аппараттарының бұзушылығы бар
балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемеге тұрақты/уақытша
(керегін сызыңыз) тұруға қабылдауды сұраймын, яғни ол бөгде адамның
тұрақты күтіміне және әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж __________
                                                   (өзге себептер)
Мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын
      1) _______________________   2) _______________________
      3) _______________________   4) _______________________
      5) _______________________   6) _______________________
      7) _______________________   8) _______________________
      9) _______________________   10) _______________________

Медициналық-әлеуметтік мекемеге қабылдаудың, онда ұстап бағудың,
одан шығарудың шарттарымен және ішкі тәртіп ережелерімен
таныстырылдым.

"____"_________ 200___ ж.         _________________________________
                                  (Өтініш иесінің Т.А.Ә. және қолы)

Құжаттарды қабылдаған ______________________   "___"______ 200__ ж.
                    (Т.А.Ә., лауазымы, қолы)

                              Тірек-қозғалу аппараты функцияларының
                               бұзушылықтары бар балаларға арналған
                                мемлекеттік медициналық-әлеуметтік
                                 мекемелерде және мемлекеттік емес
                                  медициналық-әлеуметтік ұйымдарда
                                   әлеуметтік қызмет көрсетудің
                                    Үлгілік Ережесіне 2-қосымша

                        МЕДИЦИНАЛЫҚ КАРТА

                      _____________________________
                       (медициналық ұйымның атауы)

Т.А.Ә. ____________________________________________________________
Туған күні, айы, жылы: "____"_________ _____ жыл
Мекен-жайы ________________________________________________________

                        Медициналық тексеру
    (негізгі және ілеспелі диганозды, асқынудың орын алғандығын,
       бұрын болған аурулар туралы мәліметтерді көрсету қажет)

педиатр (берілген прививкалар) ____________________________________
хирург ____________________________________________________________
ортопед ___________________________________________________________
невропатолог ______________________________________________________
психиатр __________________________________________________________
окулист ___________________________________________________________
отоларинголог _____________________________________________________
дерматвенеролог ___________________________________________________

Айғақтамалар бойынша:
стоматолог ________________________________________________________
эндокринолог ______________________________________________________
кардиолог _________________________________________________________
нарколог __________________________________________________________
онколог ___________________________________________________________
гинеколог _________________________________________________________
зәр мен қанның жалпы анализі (RW және ВИЧ) ________________________
ішек аурулар тобының анализі ______________________________________

Қорытынды: ________________________________________________________
            (бөгде адамның тұрақты күтіміне және әлеуметтік қызмет
                  көрсетуге мұқтаждығы туралы негіздемемен)

Медициналық-әлеуметтік мекемеге (ұйымға) жолдау туралы ұсыныс
___________________________________________________________________
      (медициналық-әлеуметтік мекеме (ұйым) типін көрсетіңіз)

Медициналық-әлеуметтік мекемеге (ұйымға) жiберілмейді _____________
______________________________________________ (себебін көрсетіңіз)

М.О.

Медициналық ұйымның басшысы: ____________  "____"________ 200___ ж.
                            (Т.А.Ә., қолы)

Қазақстан Республикасы Еңбек    
және халықты әлеуметтік қорғау   
министрі міндетін атқарушысының  
2005 жылғы 1 желтоқсандағы     
N 306-ө бұйрығымен бекітілген   

  Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі
мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелер мен
мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік ұйымдарда
әлеуметтік қызмет көрсетудің
Үлгілік Ережесі

  1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелер мен мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік ұйымдарда әлеуметтік қызмет көрсетудің Үлгілік Ережесі (бұдан әрі - Үлгілік Ереже) меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына, қарамастан, қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелер мен мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік ұйымдардың (бұдан әр - МӘҰ) қызмет тәртібін, мүгедектерді қабылдау, ұстау және МӘҰ-нен шығару шарттарын айқындайды.

      2. МӘҰ денсаулығының жай-күйі бойынша басқа адамның тұрақты күтіміне және медициналық көмекке мұқтаж қарттар мен бірінші, екінші топтағы мүгедектердің (бұдан әрі - қамқорлықтағы адамдар) уақытша немесе тұрақты тұруына арналады.
      Мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді талап ететін ауру процесінің белсенді стадиясындағы туберкулездің, невроздарды қоспағанда, психикалық аурулардың, соматикалық ауру кезіндегі невроз ұқсас жай-күйлердің, жарыместің жеңіл дәрежесінің, ақыл-ес кемшіндігі мен жеке басының айқын білінетін өзгеруі жоқ, сирек ұстамасы бар (айына 2-3 реттен артық емес) тырыспалы синдромдардың, карантинді инфекциялардың, жұқпалы тері мен шаш ауруларының, венереологиялық аурулардың, ЖҚТБ болуы үйде қызмет көрсетуге қарсы айғақтамалар болып табылады.

      3. МӘҰ заңды тұлға болып табылады және құрылтайшысы оны қолданыстағы заңнамаға сәйкес құрады.

      4. МӘҰ өз қызметін құрылтай құжаттарына сәйкес медициналық қызметке арналған лицензияның негізінде жүзеге асырады.

      5. МӘҰ өз қызметінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, осы Үлгілік Ережені басшылыққа алады.

  2-тарау. МӘҰ-ның міндеттері мен функциялары

      6. МӘҰ-ның негізгі міндеттері қамқорлықтағы адамдарға үй жағдайларына жақындатылған жағдайлар туғызу, оларға әлеуметтік қызметтер көрсетудің мемлекеттік стандарттарына сәйкес әлеуметтік қызметтер көрсету және оңалту іс-шараларын жүргізу болып табылады.

      7. МӘҰ функциялары:
      1) қамқорлықтағы адамдардың дербес құқықтылығын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
      2) әлеуметтік қызметтер көрсету;
      3) медициналық, әлеуметтік және кәсіби оңалтуды жүргізу;
      4) қолайлы моральдік-псхологиялық ахуал жасау;
      5) қамқорлықтағы адамдарды олардың құқықтары, әлеуметтік қызметтің көлемі мен түрлері, Ішкі тәртіп ережелері туралы хабардар ету;
      6) келушілерді қабылдау үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету;
      7) қамқорлықтағы адамдардың сақтауға тапсырған жеке заттарының және құндылықтарының сақталуын қамтамасыз ету;
      8) қамқорлыққа мұқтаж адамдарға қатысты МӘҰ әкімшілігіне жүктелген функцияларды заңнамада белгіленген тәртіппен орындау;
      Қамқорлықтағы адамдардың мүліктік мүдделерін қорғау үшін қажетті жағдайларда және заңнамада белгіленген тәртіппен мүлікке қамқоршы тағайындалады;
      9) қызметшілер еңбегін ұйымдастыруды жетілдіру және оның біліктілігін арттыру;
      10) қамқорлықтағы адамдарға қызмет көрсетудің және оларды ұстаудың сапасын арттыру;
      11) МӘҰ-ның қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыру;
      12) МӘҰ Жарғыларына сәйкес өзге де функциялар.

  3-тарау. МӘҰ-ға қабылдаудың шарттары

      8. Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде (бұдан әрі - ММӘМ) заң бойынша оларды ұстауға және қамқорлық көрсетуге міндетті кәмелетке толған, еңбекке қабілетті жастағы жақын туыстары жоқ, сондай-ақ шынайы себептер бойынша оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз ете алмайтын (егде жастағы, бірінші, екінші топтағы мүгедектігі, онкологиялық, психикалық сырқаты бар, бас еркінен айыру орындарында жүрген, елден тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен немесе басқа елді мекенде тұратын) туыстары бар адамдар (ерлі-зайыпты адамдар) ұсталады.
      Ерекше жағдайларда Ардагерлер кеңесінің, мүгедектер істері жөніндегі кеңестердің шешімі бойынша, жанжал себебінен олармен бірге тұру мүмкін емес, кәмелетке толған, еңбекке қабілетті жақын туыстары бар қарттар мен бірінші, екінші топтағы мүгедектер ММӘМ-ге тұруға қабылдануы мүмкін.

      9. Ұлы Отан соғысының мүгедектері, қатысушылары және соларға теңестірілген адамдар (бұдан әрі - ҰОС мүгедектері, қатысушылары және соларға теңестірілген адамдар) заң бойынша оларды ұстауға және қамқорлық көрсетуге міндетті, кәмелет жасқа толған жақын туыстарының болуына қарамастан ММӘМ-ге бірінші кезектегі тәртіппен қабылданады.

      10. Зейнеткерлер мен бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектер қатарындағы тұру құны толық төленетін шартпен қабылданатын адамдардың тізбесін мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік ұйымдардың әкімшілігі дербес белгілеуі мүмкін.

      11. ММӘМ-ге әлеуметтік қызмет көрсетуге жіберуді облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.

      12. Адамдарды әлеуметтік қызмет көрсетуге қабылдау мынадай құжаттардың:
      1) өтініш (осы Үлгілік Ережеге 1-қосымша);
      2) уәкілетті органның жолдамасы (ММӘМ әлеуметтік қызмет көрсетуге қабылдау үшін);
      3) жеке басы куәлігі;
      4) салық төлеушінің тіркеу нөмірі берілгені туралы куәлігі;
      5) әлеуметтік жеке код берілгені туралы куәлігі;
      6) медициналық карта (осы Үлгілік Ережеге 2-қосымша);
      7) амбулаториялық картадан үзінді көшірме;
      8) зейнеткерлік куәлігі (зейнеткерлік жастағы адамдар үшін);
      9) ҰОС мүгедектерінің, қатысушыларының және соларға теңестірілген адамдардың мәртебесін растайтын куәлігі (ҰОС мүгедектері мен қатысушылары және соларға теңестірілген адамдар үшін);
      мүгедектер үшін қосымша:
      10) мүгедектігі туралы анықтамадан үзінді көшірме;
      11) мүгедекті жеке оңалтудың бағдарламасынан үзінді көшірме негізінде жүзеге асырылады.

  4-тарау. МӘҰ-да ұстаудың және қызметтер
көрсетудің шарттары

      13. Қамқорлықтағы адамдарды ұстау жағдайлары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, қауіпсіздік талаптарына, оның ішінде өртке қарсы талаптарға сәйкес болуға тиіс.

      14. МӘҰ ғимараты оған кедергісіз баруды, онда болудың, ғимараттың ішінде жүріп-тұрудың қолайлылығын, оңалту және ойын-сауық іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында арнаулы құралдармен жабдықталады.

      15. МӘҰ ғимаратының ішкі үй-жайлары көлемі, орналасуы және конфигурациясы жағынан сапалы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге тиіс.

      16. Құрылтайшы МӘҰ-ды қазіргі заманғы техникалық жарақтандырылуын қамтамасыз етеді.

      17. МӘҰ-да ұстаудың бескүндік (алты күндік) режиміне рұқсат етіледі.

      18. Қамқорлықтағы адамдар бөлмелер бойынша денсаулығының жай-күйі, жынысы және жеке бас мүдделері ескеріле отырып, орналастырылады.
      МӘҰ-да тұратындар қатарындағы ерлі-зайыптыларға бірге тұру үшін оқшауланған үй-жай бөлінеді.

      19. Әлеуметтік қызмет түрлері әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттарында көзделгеннен кем емес көлем мен түрлерде көрсетіледі.

      20. Әлеуметтік қызмет көрсету кезінде қамқорлықтағы адамның жасы мен денсаулығының жай-күйі, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының мазмұны ескеріледі.

      21. Қамқорлықтағы адамға көрсетілетін әлеуметтік қызмет түрлерінің кезеңділігі мен түрлерін МӘҰ директоры бекітеді.

      22. МӘҰ-да тұрудың тәртібі, уәкілетті орган немесе құрылтайшы бекітетін Ішкі тәртіп ережелерінде белгіленеді.

      23. Қамқорлықтағы адамдардың бағалы заттары және құнды қағаздары, оларды иесі немесе мұрагері талап еткенге дейін, өздерінің қалауы бойынша МӘҰ әкімшілігіне тапсырылуы мүмкін.

      24. Егер денсаулық жағдайы бойынша осы жұмысты істеуге тыйым салынбаса, қамқорлықтағы адамдар жалақысы еңбек заңдарына сәйкес төленіп, жалпы үлгідегі МӘҰ кіші қызмет көрсетуші персоналының немесе жұмысшылардың штаттық лауазымдарына жұмысқа қабылдануы мүмкін.

      25. Қамқорлықтағы адамдарға  зейнетақылар жәрдемақылар  және өзге де  әлеуметтік төлемдер  қолданыстағы заңнамаға сәйкес төленеді.

  5-тарау. МӘҰ-нан шығарудың (есептен шығарудың),
уақытша кетудің және басқа ауыстырудың шарттары

      26. Қамқорлықтағы адамды МӘҰ-нан шығару:
      1) қамқорлықтағы адамның өтініші бойынша;
      2) мүгедекке үшінші топ мүгедектігі тағайындалғанда (ММӘМ-де тұратын адамдар үшін) жүзеге асырылады.

      27. Қамқорлықтағы адамның жеке уәждемесі бойынша уақытша (үш айға дейінгі мерзімге) шығуына МӘҰ әкімшілігіне жазбаша хабарланып, МӘҰ дәрігерінің қорытындысы ескеріле отырып рұқсат етіледі.
      Туыстарына (өзге де адамдарға) барып-келу сапарына байланысты шығыстар өтелмейді.

      28. Қамқорлықтағы адамдарды МӘҰ-нан психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемеге ауыстыру медициналық ұйымның қорытындысы негізінде уәкілетті органның жолдамасы бойынша жүзеге асырылады.

      29. Бір өңірде орналасқан МӘМ-нен өзге өңірде орналасқан МӘҰ-ға ауыстыру құрылтайшылардың немесе тиісті өңірлердің уәкілетті органдарының келісімі бойынша жүзеге асырылады.

      30. Әлеуметтік қызмет көрсетуге қарсы айғақтамалар болған кезде қамқорлықтағы адамдар арнайы мамандандырылған медициналық ұйымға стационарлық емделуге ауыстырылады.

      31. Қамқорлықтағы адамдар мынадай жағдайларда:
      1) Ішкі тәртіп ережесін тұрақты (үш реттен артық) түрде бұзған, оның ішінде есірткі заттарын қабылдау, ішімдікке салыну, тауар-материалдық құндылықтарды және өзге де құндылықтарды бүлдіру, құқыққа қарсы әрекеттер жасағанда;
      2) қамқорлықтағы адам соттың шешімі бойынша ішімдікке салынудың немесе есірткі заттарды қолданудың салдарынан әрекет ету қабілеті шектеулі деп танылған;
      әрекет ету қабілетінің шектеулілігі соттың шешімі бойынша жойылған жағдайда қамқорлықтағы адам жалпы негізде қайта қабылдануы мүмкін;
      3) қамқорлықтағы адам, МӘҰ әкімшілігін хабардар етпей, МӘҰ аумағынан өз бетімен шығып кетіп, екі тәуліктен астам уақыт бойы болмаған жағдайларда шығарылуға тиіс.
      МӘҰ аумағынан шығып кеткен адам жалпы негізде ғана қайта қабылдануы мүмкін, ал маңызды себептер бойынша, бірақ ол жөнінде хабардар етуге мүмкіндігі болмаған адам қайта қабылданады.

      32. МӘҰ әкімшілігі қамқорлықтағы адамды шығарған, ауыстырған немесе шығарып жіберген кезде МӘҰ-ның шығару немесе ауыстыру эпикризін ресімдейді.

      33. Қамқорлықтағы адамның шығарылуы, уақытша шығарылуы, ауыстырылуы немесе біржола шығарылуы МӘҰ директорының бұйрығы бойынша жүзеге асырылады.

      34. Қамқорлықтағы адамды шығару, уақытша шығару, ауыстыру немесе біржола шығару кезінде жеке және өзіне бекітілген маусымдық киімі мен аяқ-киімі, МӘҰ-да сақталатын құнды заттары беріледі.

  6-тарау. МӘҰ басшылығы

      35. МӘҰ директор басқарады.

      36. МӘҰ директорын уәкілетті орган немесе құрылтайшы қызметке тағайындайды және қызметінен босатады.

      37. Директор МӘҰ жұмысын ұйымдастырады және МӘҰ санитарлық-гигиеналық және техникалық жай-күйі, қамқорлықтағы адамдарды ұстаудың, оларға әлеуметтік қызмет көрсетудің сапасы үшін, сондай-ақ қамқорлықтағы адамдардың МӘҰ аумағындағы әрбір мертігуі және табиғи емес өлім жағдайлары үшін дербес жауапкершілікте болады.

      38. Директор сенімхатсыз МӘҰ атынан әрекет етеді, мекемелер мен ұйымдарда оған өкілеттік етеді, заңдарда белгіленген тәртіппен МӘҰ мүлкін және қаражатын басқарады, келісім-шарттар жасайды, сенімхаттар береді, оның ішінде қайта сенімгерлік құқығымен сенімхаттар береді, банктерде МӘҰ шоттарын ашады.

      39. Құрылтайшы штат санын әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттарында көзделгеннен кем емес көлемде қалыптастырады.

      40. Директор медициналық және өзге де кадрларды іріктеуді және орналастыруды қамтамасыз етеді, медициналық персоналдың жұмысын басқаруды, олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асырады, сондай-ақ МӘҰ-ды қамқорлықтағы адамдармен жасақтауға қатысады.

      41. Директор МӘҰ қызметіне қатысты бұйрықтар шығарады, еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлерді жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады, оларға ынталандыру және тәртіптік жазалау шараларын қолданады.

  7-тарау. Қорытынды ережелер

      42. МӘҰ әкімшілігі мен қызметшілері қамқорлығындағы адамдардың құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтірмеуге тиісті.

      43. МӘҰ жанында қамқорлықтағы адамдар арасынан мәдени-тұрмыстық комиссия (бұдан әрі - МТК) құрылуы мүмкін.

      44. МТК МӘҰ директоры бекітетін Мәдени-тұрмыстық комиссия туралы ереже негізінде әрекет етеді және оны төраға басқарады.
      МТК туралы ереже уәкілетті органмен немесе құрылтайшымен келісілуге тиіс.

      45. МӘҰ-де міндетті түрде МТК төрағасында немесе МӘҰ әкімшілігінде сақталатын Шағымдар мен ұсыныстар кітабы болуға тиіс.
      Шағымдар мен ұсыныстар кітабы қамқорлықтағы адамдардың, олардың туыстары мен МӘҰ қызметкерлерінің бірінші талабы бойынша беріледі.

      46. МӘҰ директоры Шағымдар мен ұсыныстар кітабын апта сайын, ал уәкілетті орган немесе құрылтайшы - ай сайын қарайды.

      47. МӘҰ әкімшілігі, құрылтайшы мен уәкілетті орган өтініштер мен ұсыныстарға уақытында назар аударуға және өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тиісті шаралар қабылдауға тиісті.

      48. Заңды және жеке тұлғалардан қаражат аудару үшін МӘҰ-ның демеушілік, қайырымдылық және өзге де шоттары болуы мүмкін.

      49. Қамқорлықтағы адамдарды ұстаудың, қамсыздандырудың, оларға әлеуметтік қызмет көрсетудің сапасын бақылауды уәкілетті орган және құрылтайшы жүзеге асырады.

                                     Қарттар мен мүгедектерге
                                арналған жалпы типтегі мемлекеттік
                                медициналық-әлеуметтік мекемелерде
                                және мемлекеттік емес медициналық-
                                 әлеуметтік ұйымдарда әлеуметтік
                                    қызмет көрсетудің Үлгілік
                                       Ережесіне 1-қосымша

(Әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган ресімдейді)
___________________________________________________________________
                     (уәкілетті органның атауы)
_______________________________________________________ ресімделеді
        (баланың тегі, аты, әкесінің аты)

Жеке басының куәлігі N _______________ ____ж. "___" ______ берілген
Тіркелген және тұратын жері: ______________________________________
Туған жері: _______________________________________________________
Туған күні, айы, жылы: "____"_________ _____ жыл
Жәрдемақының түрі мен мөлшері _____________________________________
Мүгедектік сана ___________________________________________________
Қайта куәландыру мерзімі __________________________________________
Білімі ____________________________________________________________
Соңғы оқыған жері (жұмысы) ________________________________________
Тұрғын үй жағдайлары ______________________________________________
                      (жеке үй, пәтер, жатақханада бөлме және т.б.)
Туысқандарының (заңды өкілдерінің) болуы __________________________
___________________________________________________________________
     (туысқандығы, жасы, әлеуметтік статусы, тұратын мекен-жайы)

                             ӨТІНІШ

Мені қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы типтегі
медициналық-әлеуметтік мекемеге тұрақты/уақытша (керегін сызыңыз)
тұруға қабылдауды сұраймын, яғни бөгде адамның тұрақты күтіміне
және әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтажбын ________________________
                                               (өзге себептер)

Мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:
      1) _______________________   2) _______________________
      3) _______________________   4) _______________________
      5) _______________________   6) _______________________
      7) _______________________   8) _______________________
      9) _______________________   10) _______________________

Медициналық-әлеуметтік мекемеге қабылдаудың, онда ұстап бағудың,
одан шығарудың шарттарымен және ішкі тәртіп ережелерімен
таныстырылдым.

"____"_________ 200___ ж.         _________________________________
                                  (Өтініш иесінің Т.А.Ә. және қолы)

Құжаттарды қабылдаған ______________________   "___"______ 200__ ж.
                    (Т.А.Ә., лауазымы, қолы)

                                     Қарттар мен мүгедектерге
                                арналған жалпы типтегі мемлекеттік
                                медициналық-әлеуметтік мекемелерде
                                және мемлекеттік емес медициналық-
                                 әлеуметтік ұйымдарда әлеуметтік
                                    қызмет көрсетудің Үлгілік
                                       Ережесіне 2-қосымша

                        МЕДИЦИНАЛЫҚ КАРТА

                    _____________________________
                     (медициналық ұйымның атауы)

Т.А.Ә. ____________________________________________________________
Туған күні, айы, жылы: "____"_________ _____ жыл
Мекен-жайы_________________________________________________________

                        Медициналық тексеру
    (негізгі және ілеспелі диганозды, асқынудың орын алғандығын,
       бұрын болған аурулар туралы мәліметтерді көрсету қажет)

терапевт __________________________________________________________
___________________________________________________________________
хирург ____________________________________________________________
невропатолог ______________________________________________________
психиатр __________________________________________________________
окулист ___________________________________________________________
отоларинголог _____________________________________________________
дерматвенеролог ___________________________________________________

Айғақтамалар бойынша:
стоматолог ________________________________________________________
эндокринолог ______________________________________________________
кардиолог _________________________________________________________
ортопед ___________________________________________________________
нарколог __________________________________________________________
онколог ___________________________________________________________
гинеколог _________________________________________________________
зәр мен қанның жалпы анализі (RW және ВИЧ) ________________________
ішек аурулар тобының анализі ______________________________________

Қорытынды: ________________________________________________________
            (бөгде адамның тұрақты күтіміне және әлеуметтік қызмет
___________________________________________________________________
                  көрсетуге мұқтаждығы туралы негіздемемен)

Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы типтегі
медициналық-әлеуметтік мекемеге (ұйымға) жолдау туралы ұсыныс _____

Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы типтегі
медициналық-әлеуметтік мекемеге (ұйымға) жіберілмейді _____________
                                               (себебін көрсетіңіз)

М.О.

Медициналық ұйымның басшысы: ____________  "____"________ 200___ ж.
                            (Т.А.Ә., қолы)

Қазақстан Республикасы Еңбек    
және халықты әлеуметтік қорғау   
министрі міндетін атқарушысының  
2005 жылғы 1 желтоқсандағы     
N 306-ө бұйрығымен бекітілген   

  Балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік
мекемелерінде әлеуметтік қызмет көрсетудің
Үлгілік Ережесі

  1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерінде әлеуметтік қызмет көрсетудің Үлгілік Ережесі (бұдан әрі - Үлгілік Ереже) балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелері (бұдан әрі - МӘМ) қызметінің тәртібін, психоневрологиялық патологиялары бар мүгедек балаларды МӘМ-ге қабылдау, ұстау және одан шығару шарттарын айқындайды.

      2. МӘМ:
      қимылдау функцияларының тиісті мамандандырылған мектеп интернаттарының қосалқы сыныптарында білім алуын қиындататын өрескел бұзылуына ұласқан (бөгде адамның көмегінсіз жүре алмайтын, қимылдарының бұзылу ауырлығына қарай өзіне өзі қызмет көрсете алмайтын, жеке күтімді талап ететін) барлық дәрежедегі ақыл-ой кемістігі, оның ішінде есуастық;
      қимылдау функцияларының тиісті мамандандырылған мектеп интернаттарында білім алуын қиындататын өрескел бұзылуы орын алған барлық дәрежедегі ақыл-ой кемістігіне, оның ішінде есуастыққа ұласқан соқырлық (нашар көрушілік) немесе саңыраулық (нашар естушілік);
      имбецилділік, идиотия дәрежесіндегі олигофрения;
      жарыместікке ұласқан, талмалары сирек болатын (айына 5 реттен артық емес) эпилепсия (оның ішінде симптоматикалық эпилепсия);
      ақауы қатты білінетін, симптоматикасы өнімсіз шизофрения;
      миға келтірілген органикалық зақымдардан кейінгі жарыместік салдарынан денсаулығының жай-күйі бойынша бөгде адамдардың көмегіне және медициналық қызмет көрсетуге тұрақты мұқтаж, 4 жастан 18 жасқа дейінгі балалардың (бұдан әрі - балалар) уақытша немесе тұрақты тұруына арналған.
      Адамның қатты білінетін ақауынсыз, симптоматикасы өнімді шизофренияның, ұстамалары жиі (айына 5 реттен артық) болатын эпилепсияның, сериялық ұстамаларға, эпилептикалық статусқа, сананың қарауытқан күйіне, дисфорияға, кез келген нозологиялық тиістілік шеңберіндегі психопат тәріздес симптоматикаға бейім болуы, қызығушылығы мен мінез-құлқының өрескел бұзылушылықтарымен сипатталатын, баланың өзіне және айналасындағыларға қауіпті психикалық аурулардың болуы, сондай-ақ мамандандырылған медициналық ұйымдарда емдеуді талап ететін белсенді процесс стадиясындағы туберкулездің, карантинді инфекцияның, жұқпалы тері мен шаш ауруларының, венереологиялық аурулардың, ЖҚТБ болуы МӘМ-де әлеуметтік қызмет көрсетуге қарсы айғақтамалар болып табылады.

      3. МӘМ заңды тұлға болып табылады және оны құрылтайшысы қолданыстағы  заңнамаға  сәйкес ұйымдық-құқықтық мемлекеттік мекеме нысанында құрады.

      4. МӘМ өз қызметін құрылтай құжаттарына сәйкес медициналық қызметке арналған лицензия негізінде жүзеге асырады.

      5. МӘМ өз қызметінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, осы Үлгілік Ережені басшылыққа алады.

  2-тарау. МӘМ міндеттері мен функциялары

      6. МӘМ негізгі міндеттері балаларға үйдікіне жақындатылған, қолайлы тұрмыс жағдайларын жасау, оларға әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттарына сәйкес әлеуметтік қызметтер көрсету және оңалтуды жүргізу болып табылады.

      7. МӘМ функциялары:
      1) балалардың дербес құқықтылығын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
      2) әлеуметтік қызмет түрлерін көрсету;
      3) медициналық, әлеуметтік және кәсіби оңалту жүргізу;
      4) балалардың арнаулы білім беру бағдарламаларын игеруіне жағдай жасау;
      5) балаларды жалпы орта білім берудегі мемлекеттік жалпыбілім беретін жалпыға бірдей міндетті стандарттар ескеріле отырып жүзеге асырылатын арнаулы оқу бағдарламалары мен жоспарларына сәйкес және МӘҰ мамандарының тәртіпаралық командасы әзірлеген жеке дамыту бағдарламалары негізінде оқыту;
      6) қолайлы моральдық-психологиялық климат туғызу;
      7) балалардың ата-аналарын (заңды өкілдерін) олардың құқықтары, әлеуметтік қызмет көрсетудің көлемдері мен түрлері, Ішкі тәртіп ережелері туралы хабардар ету;
      8) келушілерді қабылдау үшін қажетті жағдайды қамтамасыз ету;
      9) балалардың жеке заттары мен бағалы заттарының сақталуын қамтамасыз ету;
      10) қамқорлыққа және қорғанға мұқтаж балаларға қатысты МӘМ әкімшілігіне жүктелген қамқоршы және қорғаншы функцияларын заңнамада белгіленген тәртіппен атқару.
      Қажетті жағдайларда және заңнамамен белгіленген тәртіппен балалардың мүліктік мүдделерін қорғау үшін мүлікке қамқоршы тағайындалады;
      11) персоналдың еңбегін ұйымдастыруды жетілдіру және оның біліктілігін арттыру;
      12) балаларға әлеуметтік қызмет көрсетудің және оларды ұстаудың сапасы мен тиімділігін арттыру;
      13) МӘМ қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыру;
      14) МӘМ Жарғысына сәйкес өзге де функциялар.

  3-тарау. МӘМ-ге қабылдау шарттары

      8. МӘМ-ге әлеуметтік қызмет көрсетуге жіберуді облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.

      9. Балаларды әлеуметтік қызмет көрсетуге қабылдау мынадай құжаттардың:
      1) баланың ата-анасының (заңды өкілдерінің) өтініші (осы Үлгілік Ережеге N 1-қосымша) немесе медициналық ұйымның қолдаухаты;
      2) уәкілетті органның жолдамасы;
      3) туу туралы куәлігі немесе жеке басының куәлігі;
      4) салық төлеушінің тіркеу нөмірін берілгені туралы куәлік;
      5) әлеуметтік жеке код берілгені туралы куәлік;
      6) мүгедектігі туралы анықтамадан үзінді көшірме;
      7) медициналық карта (осы Үлгілік Ережеге 2-қосымша);
      8) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (бұдан әрі - ПМПК) қорытындысы;
      9) амбулаторлық картадан үзінді көшірме;
      10) жеке оңалту бағдарламасынан үзінді көшірме негізінде жүзеге асырылады.

  4-тарау. МӘМ-де ұстау жағдайлары

      10. Балаларды ұстау жағдайлары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларына, қауіпсіздік талаптарына, оның ішінде өртке қарсы талаптарға сәйкес болуға тиіс.

      11. МӘМ ғимараты оған кедергісіз кіруді, ғимараттың ішінде тұру қолайлылығын, жүріп-тұруды, оңалту және демалыс пен ойын-сауық іс-шараларын өткізуді қамтамасыз ету мақсатында арнайы құрылғылармен жабдықталады.

      12. МӘМ ішіндегі үй-жайлар көлемі, орналасуы және конфигурациясы бойынша сапалы әлеуметтік қызмет түрлерін көрсетуге қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге тиіс.

      13. Құрылтайшы МӘМ-нің қазіргі заманғы техникалық жабдықталуын қамтамасыз етеді.

      14. МӘМ-де ұстаудың бескүндік (алты күндік) режиміне рұқсат етіледі.

      15. Қажет болған кезде уәкілетті орган жұмыс режимін жергілікті жағдайларды ескере отырып белгілейтін күндізгі бөлімшелер ұйымдастырылады.

      16. Балалар бөлмелерге, денсаулық жай-күйі, жасы мен жынысы ескеріле отырып орналастырылады.

      17. Әлеуметтік қызметтер мемлекеттік әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарында көзделгеннен кем емес көлемде және түрлерде көрсетіледі.

      18. Әлеуметтік қызмет көрсету кезінде баланың жасы мен денсаулығының жай-күйі, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының мазмұны ескеріледі.

      19. Балаға көрсетілетін әлеуметтік қызметтің кезеңділігі мен түрлерін МӘМ директоры бекітеді.

      20. МӘМ тұру тәртібі уәкілетті орган бекітетін Ішкі тәртіп ережелерімен белгіленеді.

      21.  Балаларға жәрдемақылар  мен өзге де әлеуметтік төлемдер қолданыстағы заңнамаға сәйкес төленеді.

  5-тарау. Оқу-тәрбие процесі

      22. Оқуға қабілетті балалар үшін, тәрбиеленушілерді өзіне-өзі қызмет етуге дағдыландыруды, балалардың сөйлеуін, моторикасын, танушылық қызметін, еңбек дағдыларын дамытуды, оқуға және есепке үйретуді көздейтін оқу-тәрбие процесі жүзеге асырылады.

      23. Түзеп-дамыта оқыту баланың психофизикалық дамуын тәртіпаралық бағалау негізінде жасалатын жеке-дамыту бағдарламаларының негізінде құрылады.

      24. Балалар толымдылығы 10 адам аспайтын топтарға бөлінеді.

      25. Топтарды (сыныптарды) іріктеп жинақтау баланың жасы, оқу және еңбек машықтарын игеру мүмкіндіктері, МӘМ медициналық-педагогикалық комиссиясы қорытындысымен анықталатын дене және интеллектуалдық жетілуі ескеріле отырып жүзеге асырылады.

      26. Балалар толымдылығы 10 адам аспайтын топтарға бөлінеді:
      1) 4 жастан 8 жасқа дейінгі мектепке дейінгі топ;
      2) 8 жастан 12 жасқа дейінгі даярлық тобы;
      3) 12 жастан 18 жасқа дейін еңбекке баулу тобы (оның ішінде 14 жастан 18 жасқа дейінгі жас өспірімдер);
      4) 4 жастан 18 жасқа дейінгі диагностикалық топ (ақыл-ой кемістігінің дәрежесін, еңбекке үйрету мүмкіндіктерін анықтау және түзеу-тәрбиелеу жұмысының әдістерін нақтылау мақсатында құрылады).

      27. Оқу-тәрбие жұмысының және балаларды еңбекке үйретудің негізгі мәселелерін шешу мақсатында педагогикалық кеңес құрылуы мүмкін, оның құрамын МӘМ басшысы бекітеді.

      28. Педагогикалық кеңес туралы ережені уәкілетті орган бекітеді.

  6-тарау. МӘМ-нен шығару (шығарып жіберу),
уақытша шығару және ауыстыру шарттары

      29. Баланы МӘМ-нен шығару:
      1) баланың ата-анасының (заңды өкілдерінің) өтініші бойынша;
      2) мүгедектігі алынып тасталғанда жүзеге асырылады.

      30. Баланың жеке уәждемесі бойынша уақытша (үш айға дейінгі мерзімге) шығуына, МӘМ әкімшілігі жазбаша хабарландырылып, МӘМ дәрігерінің жолға шығу мүмкіндігі туралы қорытындысы ескеріле отырып, және ата-анасының (заңды өкілдерінің) жазбаша өтініші болғанда рұқсат етіледі.
      Ата-анасына (заңды өкілдеріне) барып-келу сапарымен байланысты шығыстар өтелмейді.

      31. Баланы одан әрі оңалту үшін бір жылға дейінгі мерзімге медициналық және білім қызметіне лицензиясы бар өзге ұйымға жіберу туралы шешімді, дәрігердің қорытындысын ескере отырып және оны ұстауға әрі қажетті күтіммен қамтамасыз етуге келісім берген, оны қабылдайтын тараптың жазбаша міндеттемесі болғанда МӘМ әкімшілігі қабылдауы мүмкін.

      32. Он сегіз жасқа толған балалар, медициналық ұйымның қорытындысы мен ПМПК шешіміне сәйкес, қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемеге (ұйымға), психоневрологиялық МӘМ-ге ауыстырылады немесе балалардың, ата-аналарының (заңды өкілдерінің) қалауы бойынша үйге шығарылады.

      33. Әлеуметтік қызмет көрсетуге медициналық қарсы айғақтамалар болған жағдайда балалар мамандандырылған медициналық ұйымға ауыстырылады.

      34. Бір өңірдегі МӘМ-нен басқа өңірде орналасқан МӘМ-ге ауыстыру тиісті өңірлердің уәкілетті органдарының келісімі бойынша жүзеге асырылады.

      35. Балаларды шығару немесе ауыстыру кезінде МӘМ әкімшілігі жеке басының куәлігін және МӘМ-нен шығару немесе ауыстыру эпикризын рәсімдейді.

      36. Балалардың шығарылуы, уақытша кетуі, ауыстырылуы МӘМ директорының бұйрығы бойынша жүзеге асырылады.

      37. Шығару, уақытша шығару немесе ауыстыру кезінде балаға жеке және маусым бойынша өзіне бекітілген киім мен аяқ-киім, оның МӘМ-де сақталған құнды заттары беріледі.

7-тарау. МӘМ басшылығы

      38. МӘМ-ге директор басшылық жасайды.

      39. МӘМ директорын уәкілетті орган қызметке тағайындайды және босатады.

      40. Директор МӘМ жұмысын ұйымдастырады және МӘМ-нің санитарлық-гигиеналық және техникалық жағдайына, балаларды ұстау және әлеуметтік қызметтер көрсету сапасына, сондай-ақ тікелей МӘМ аумағындағы балалардың әрбір мертігуі немесе табиғи емес өлімі жағдайына дербес жауапты болады.

      41. Директор сенімхатсыз МӘМ атынан әрекет етеді, мекемелер мен ұйымдарда оның атынан өкілдік етеді, заңнамада белгіленген тәртіппен МӘМ мүлкіне және қаражатына иелік етеді, шарттар жасасады, сенімхаттар, оның ішінде қайта сенімгерлік құқығымен сенімхаттар береді, банктерде МӘМ шоттарын ашады.

      42. Штат санын құрылтайшы Мемлекеттік әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарында көзделген көлемнен кем емес көлемде белгілейді.

      43. Директор педагогикалық, медициналық және басқа да кадрларды іріктеуді және орналастыруды қамтамасыз етеді, педагогикалық және медициналық қызметшілердің жұмысына басшылықты, олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асырады, сондай-ақ МӘМ-ге балаларды іріктеп жинақтауға қатысады.

      44. Директор МӘМ қызметіне қатысты бұйрықтар шығарады, еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлерді жұмысқа қабылдайды және босатады, қызметкерлерді ынталандыру шараларын қабылдайды және тәртіптік жаза қолданады.

8-тарау. Қорытынды ережелер

      45. МӘМ әкімшілігі мен қызметкерлері балалардың құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтірмеуге тиісті.

      46. МӘМ-де Шағымдар мен ұсыныстар кітабының болуы міндетті, ол МӘМ әкімшілігінде сақталады.
      Шағымдар мен ұсыныстар кітабы балалардың (олардың заңды өкілдерінің) және МӘМ қызметкерлерінің бірінші талабы бойынша беріледі.

      47. Шағымдар мен ұсыныстар кітабын МӘМ директоры апта сайын, ал уәкілетті орган - ай сайын қарайды.

      48. МӘМ әкімшілігі, құрылтайшы мен уәкілетті орган шағымдар мен ұсыныстарға уақытында назар аударуға және өздерінің құзыретіне енетін мәселелер бойынша тиісті шаралар қабылдауға тиісті.

      49. Заңды және жеке тұлғалардың қаражатын аудару үшін МӘМ-нің демеушілік, қайрымдылық және өзге де шоттары болуы мүмкін.

      50. Балаларды ұстау, қамсыздандыру, оларға әлеуметтік қызмет көрсету сапасын бақылауды құрылтайшы мен уәкілетті орган жүзеге асырады.

                                    Балалар психоневрологиялық
                               медициналық-әлеуметтік мекемелерінде
                                   әлеуметтік қызмет көрсетудің
                                    Үлгілік Ережесіне 1-қосымша

(Әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган ресімдейді)
___________________________________________________________________
                    (уәкілетті органның атауы)
_______________________________________________________ ресімделеді
                (баланың тегі, аты, әкесінің аты)

Туу туралы куәлігі (жеке басының куәлігі) N__ __ж. "__"___ берілген
Тіркелген жері: ___________________________________________________
Туған жері: _______________________________________________________
Туған күні, айы, жылы: "____"_________ _____ жыл
Жәрдемақының түрі мен мөлшері _____________________________________
Мүгедектік санаты _________________________________________________
Қайта куәландыру мерзімі __________________________________________
Білімі ____________________________________________________________
Соңғы оқыған жері _________________________________________________
Тұрғын үй жағдайлары ______________________________________________
___________________________________________________________________
           (жеке үй, пәтер, жатақханада бөлме және т.б.)

Туысқандардың (заңды өкілдерінің) болуы ___________________________
___________________________________________________________________
     (туысқандығы, жасы, әлеуметтік статусы, тұратын мекен-жайы)

                              ӨТІНІШ

___________________ Балалар психоневрологиялық
медициналық-әлеуметтік мекемеге тұрақты/уақытша (керегін сызыңыз)
тұруға қабылдауды сұраймын, яғни ол бөгде адамның тұрақты күтіміне
және әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж ___________________________
                                            (өзге себептер)
Мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын
      1) _______________________ 2) _______________________
      3) _______________________ 4) _______________________
      5) _______________________ 6) _______________________
      7) _______________________ 8) _______________________
      9) _______________________ 10) ______________________

Балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемеге
қабылдаудың, онда ұстап бағудың, одан шығарудың шарттарымен және
ішкі тәртіп ережелерімен таныстырылдым. 

"____"_________ 200___ ж.         _________________________________
                                  (Өтініш иесінің Т.А.Ә. және қолы)

Құжаттарды қабылдаған ____________________     "___"______ 200__ ж.
                   (Т.А.Ә., лауазымы, қолы)

                                    Балалар психоневрологиялық
                               медициналық-әлеуметтік мекемелерінде
                                   әлеуметтік қызмет көрсетудің
                                    Үлгілік Ережесіне 2-қосымша

                        МЕДИЦИНАЛЫҚ КАРТА
                     _____________________________
                      (медициналық ұйымның атауы)

Т.А.Ә. ____________________________________________________________
Туған күні, айы, жылы: "____"_________ _____ ж.
Мекен-жайы ________________________________________________________

                       Медициналық тексеру
    (негізгі және ілеспелі диагнозды, асқынудың орын алғандығын,
       бұрын болған аурулар туралы мәліметтерді көрсету қажет)

педиатр ___________________________________________________________
___________________________________________________________________
хирург ____________________________________________________________
___________________________________________________________________
невропатолог ______________________________________________________
психиатр __________________________________________________________
окулист ___________________________________________________________
отоларинголог _____________________________________________________
дерматвенеролог ___________________________________________________

Айғақтамалар бойынша:
стоматолог ________________________________________________________
эндокринолог ______________________________________________________
кардиолог _________________________________________________________
ортопед ___________________________________________________________
нарколог __________________________________________________________
онколог ___________________________________________________________
гинеколог _________________________________________________________
зәр мен қанның жалпы анализі (RW және ВИЧ) ________________________
ішек аурулар тобының анализі ______________________________________
Қорытынды: ________________________________________________________

___________________________________________________________________
  (бөгде адамның тұрақты күтіміне және әлеуметтік қызмет көрсетуге
___________________________________________________________________
                 мұқтаждығы туралы негіздемемен)

Балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемеге жолдау
туралы ұсыныс _____________________________________________________

Балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемеге
жіберілмейді ______________________________________________________
                             (себебін көрсетіңіз)

М.О.

Медициналық ұйымның басшысы: ______________________________________
                                        (Т.А.Ә., қолы)

"____"_________ 200___ ж.

Қазақстан Республикасы Еңбек    
және халықты әлеуметтік қорғау   
министрі міндетін атқарушысының  
2005 жылғы 1 желтоқсандағы     
N 306-ө бұйрығымен бекітілген   

Психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік
мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетудің
Үлгілік Ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетудің Үлгілік Ережесі (бұдан әрі - Үлгілік Ереже) психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелер қызметінің тәртібін, мүгедектерді қабылдау, ұстау және МӘМ-нен (бұдан әрі - МӘМ) шығару жағдайларын белгілейді.

      2. МӘМ:
      айқын білінетін есуастық, имбецильдік және идиотия дәрежесіндегі ақыл-ес кемістігі;
      жіті психотиялық симптоматика болмағанымен, жарыместігі немесе психикалық кемістігінің өрескел көрінуімен сипатталатын психикалық аурулардың созылмалы түрлері;
      психотиялық симптоматикасы күшеюден тыс, жеке адам дефектісі айқын білінетін шизофрения;
      жарыместік белгілері мен сирек тырыспа және эквиваленттері (айына 5 реттен артық емес) бар эпилепсияның түрлі нысандары;
      жарыместік белгілер бар бас-ми жарақаттары;
      жарыместік белгілері бар бас, мидың жұқпалы және басқа да органикалық аурулары (энцефалиттер, туберкулезді менингиттер, менингоэнцефалиттер, ми сифилисі және т.б.);
      анық білінетін жарыместік белгілері бар тұрақты алкоголизм;
      айқын білінетін психомоторлық мазасыздығы жоқ және есінің өзгеру жай-күйінің ұзақ немесе қайталанатын жарыместік белгілері бар қан-тамыр және сенильдік аурулар салдарынан денсаулық жағдайы бойынша бөгде адамның күтіміне және медициналық қызмет көрсетуге мұқтаж бірінші, екінші топтағы он сегіз жастан асқан мүгедектердің (бұдан әрі - қамқорлықтағы адамдар) уақытша немесе тұрақты тұруына арналған.
      Мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді талап ететін ауру процесінің белсенді стадиясындағы туберкулездің, карантинді инфекциялардың, жұқпалы тері мен шаш ауруларының, венереологиялық аурулардың, ЖҚТБ болуы, сондай-ақ жіті және қатты стадиядағы психикалық аурулар, созылмалы психикалық аурудың асқыну жағдайы, айқын білінетін психотиялық симптоматикамен, қызығушылығы мен мінез-құлқының өрескел бұзылушылықтарымен сипатталатын, қамқорлық көрсетілетін адамның өзіне және айналасындағыларға қауіпті психикалық аурулардың, атап айтқанда:
      мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді талап ететін ұстамалы түрдегі немесе жиі өршімелі немесе аурудың жиі декомпенсациялы қайталамасы бар прогредиендті өтетін кез келген психикалық аурулар;
      эпилепсия және басқа этиологиядағы жиі ұстамалы (айына 5 реттен артық), жиі ұстамаға, эпилептикалық статусқа, ақыл-есі қарауытқан, дисфорияға бейім тырыспалы синдром;
      тұрақты алкоголизм, нашақорлық, тұрақты алкоголизмнен немесе нашақорлықтың кез келген түрлерінен асқынған басқа да психикалық аурулар;
      түрлі генездегі депрессиялық және қияли жай-күйлер, созылмалы реактивті жай-күйлер;
      айқын білінетін психопатқа ұқсас синдромдар, эксплозивті, параноидті, паранояльдік, қояншық ауруларының болуы МӘМ-де әлеуметтік қызмет көрсетуге медициналық қарсы айғақтамалар болып табылады.

      3. МӘМ заңды тұлға болып табылады және құрылтайшысы оны ұйымдық-құқықтық нысандағы мемлекеттік мекеме түрінде қолданыстағы  заңнамаға  сәйкес құрады.

      4. МӘМ өз қызметін құрылтай құжаттарына сәйкес медициналық қызметке арналған лицензияның негізінде жүзеге асырады.

      5. Өз қызметінде МӘМ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, осы Үлгілік Ережені басшылыққа алады.

2-тарау. МӘМ міндеттері мен функциялары

      6. МӘМ негізгі міндеттері қамқорлықтағы адамдарға үйдікіне жақындатылған, қолайлы тұрмыс жағдайларын жасау, әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттарына сәйкес әлеуметтік қызметтер көрсету және оңалту іс-шараларын жүргізу болып табылады.

      7. МӘМ функциялары:
      1) қамқорындағы адамдардың дербес құқықтылығын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
      2) әлеуметтік-құқықтық қызметтер көрсету;
      3) медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалтуды жүргізу;
      4) қолайлы моральдік-психологиялық жағдай жасау;
      5) қамқорлықтағы адамдардың жақын туыстарын олардың құқықтары, көрсетілетін әлеуметтік қызметтің көлемі мен түрлері, Ішкі тәртіп ережесі туралы хабардар ету;
      6) келушілерді қабылдауға қажетті жағдайды қамтамасыз ету;
      7) қамқорлықтағы адамдардың сақтауға өткізген жеке және бағалы заттарының сақталуын қамтамасыз ету;
      8) әкімшілікке жүктелген қамқорлыққа мұқтаж адамдарға қатысты қамқоршы функцияларын заңнамада белгіленген тәртіппен орындау;
      Қамқорлықтағы адамдардың мүліктік мүдделерін қорғау үшін қажетті жағдайларда және заңдарда көзделген тәртіппен мүлікке қамқоршы тағайындалады;
      9) қызметшілер еңбегін ұйымдастыруды жетілдіру және олардың біліктілігін арттыру;
      10) қызмет көрсетудің және қамқорлықтағы адамдарды ұстаудың сапасы мен тиімділігін арттыру;
      11) МӘМ қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыру;
      12) МӘМ Жарғысына сәйкес өзге де функциялар.

3-тарау. МӘМ-ге қабылдау шарттары

      8. МӘМ-ге әлеуметтік қызметтер көрсетуге жіберуді облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.

      9. Әлеуметтік қызмет көрсетуге қабылдау мынадай құжаттардың:
      1) ата-анасының (заңды өкілдерінің) өтініші немесе медициналық ұйымның қолдаухаты (Осы Үлгілік Ережеге 1-қосымша);
      2) уәкілетті органның жолдамасы;
      3) жеке басының куәлігі;
      4) салық төлеушінің тіркеу нөмірі берілгені туралы куәлігі;
      5) жеке әлеуметтік код берілгені туралы куәлігі;
      6) медициналық картасы (Осы Үлгілік Ережеге 2-қосымша);
      7) амбулаторлық картадан үзінді көшірме;
      8) мүгедектік туралы анықтамадан үзінді көшірме;
      7) медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының (МӘСК) анықтамасы;
      9) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме;
      10) адамды іс-әрекетке қабілетсіз деп тану туралы сот шешімінің (бар болса) негізінде жүзеге асырылады.

4-тарау. МӘМ ұстау жағдайлары

      10. Қамқорлықтағы адамдарды ұстау жағдайлары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, өрт қауіпсіздігі, оның ішінде өртке қарсы талаптарға сәйкес болуға тиіс.

      11. МӘМ ғимараты, оған кедергісіз кіруді, ғимараттың ішінде тұру, жүріп-тұру, оңалту және іс-шараларын өткізу, демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру қолайлылығын қамтамасыз ету мақсатында арнайы құрылғылармен жабдықталады.

      12. МӘМ ғимаратының ішкі үй-жайлары көлемі, орналасуы және конфигурациясы жағынан сапалы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге тиіс.

      13. Құрылтайшы МӘМ-ді қазіргі заманғы техникалық жарақтандырылуын қамтамасыз етеді.

      14. Еркектер мен әйелдер МӘМ-де корпустар бойынша бөлек ұсталады.

      15. Күтім мен әлеуметтік қызмет көрсетуді жақсарту, оларды оңалту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында қамқорлықтағы адамдар бөлімшелер мен бөлмелерге денсаулығының жағдайы, жасы (18-40 жас және 40-тан жоғары) ескеріле отырып орналастырылады.

      16. Әлеуметтік қызметтер әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттарында көзделгеннен кем емес көлемде және түрлерде көрсетіледі.

      17. Әлеуметтік қызмет көрсету кезінде қамқорлықтағы адамдардың жасы мен денсаулығының жағдайы, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының мазмұны ескеріледі.

      18. Қамқорлықтағы адамдарға көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің кезеңділігі мен түрлерін МӘМ басшысы бекітеді.

      19. МӘМ-де тұру тәртібі уәкілетті орган бекітетін Ішкі тәртіп ережелерімен белгіленеді.

      20. Қамқорлықтағы адамдардың ақшалай сомаларын, құндылықтары мен бағалы қағаздарын, олардың қалауы бойынша МӘМ әкімшілігіне сақтауға тапсырылған болуы мүмкін.

      21. Қамқорлықтағы адамдарға берілетін зейнетақылар, жәрдемақылар мен өзге де әлеуметтік төлемдер қолданыстағы заңнамаға сәйкес төленеді.

      22. Қамқорлықтағы адамдар, егер жұмыс істеу олардың денсаулық жағдайына қайшы келмесе, еңбек заңнамасына сәйкес еңбекақымен қызметтер көрсету кіші қызметшілерінің және жұмысшылардың штаттық лауазымдарына жұмысқа қабылдануы мүмкін.

5-тарау. МӘМ-нен шығару (шығарып жіберу),
уақытша шығару және ауыстыру шарттары

      23. Қамқорлықтағы адамдарды МӘМ шығару:
      1) ата-аналарының (заңды өкілдерінің) өтініші бойынша;
      2) қамқорлықтағы адамға үшінші топтағы мүгедектік белгіленген, оның өзінің тұратын жері және өмір сүруіне қажетті қаражаты болған жағдайларда жүзеге асырылады.

      24. Қамқорлықтағы адамның жеке уәждемесі бойынша уақытша (үш айға дейінгі мерзімге) шығуына МӘМ әкімшілігіне жазбаша хабарланып, МӘМ дәрігерінің қорытындысы ескеріле отырып және ата-аналарының, (заңды өкілдерінің) өтініші болғанда рұқсат етіледі.
      Туыстарына (заңды өкілдеріне) барып-келу сапарына байланысты шығыстар өтелмейді.

      25. Қамқорлықтағы адамды, МӘМ-нен одан әрі оңалту үшін бір жылға дейінгі мерзімге медициналық қызметке лицензиясы бар өзге ұйымға шығару туралы шешімді, дәрігердің қорытындысын ескере отырып және оны ұстауға әрі қажетті күтіммен қамтамасыз етуге келісім берген, қабылдайтын тараптың жазбаша міндеттемесі болғанда МӘМ әкімшілігі қабылдай алады.

      26. Бір өңірдегі МӘМ-нен басқа өңірде орналасқан МӘМ-ге ауыстыру тиісті өңірлердің уәкілетті органдарының келісімі бойынша жүзеге асырылады.

      27. Әлеуметтік қызмет көрсетуге қарсы айғақтамалары болған кезде, қамқорлықтағы адамдар мамандандырылған медициналық ұйымға стационарлық емдеуге ауыстырылады.

      28. Қамқорлықтағы адамдарды МӘМ-нен қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемесіне ауыстыру медициналық ұйым қорытындысының негізінде жүзеге асырылады.

      29. Директор МӘМ-нен өз бетімен кетіп қалған адамға іздеу салу туралы ішкі істер органдарына өтініш береді.

      30. Қамқорлықтағы адамды шығарған немесе ауыстырған кезде МӘМ әкімшілігі шығару немесе ауыстыру эпикризін ресімдейді.

      31. Қамқорлықтағы адамдарды шығару, уақытша шығару, ауыстыру МӘМ директорының бұйрығы бойынша жүзеге асырылады.

      32. Шығару, уақытша шығару немесе ауыстыру кезінде қамқорлықтағы адамға жеке және маусым бойынша өзіне бекітілген киімі мен аяқ-киімі, оның МӘМ-де сақталған құнды заттары беріледі.

6-тарау. МӘМ-ді басқару

      33. МӘМ-ге директор басшылық жасайды.

      34. МӘМ директорын уәкілетті орган қызметке тағайындайды және босатады.

      35. Директор МӘМ жұмысын ұйымдастырады және МӘМ-нің санитарлық-гигиеналық және техникалық жағдайына, қамқорлықтағы адамдарды ұстау және әлеуметтік қызметтер көрсету сапасына, сондай-ақ тікелей МӘМ аумағындағы әрбір мертігу немесе қамқорлықтағылардың табиғи емес өліміне дербес жауаптылықта болады.

      36. Директор МӘМ атынан сенімхатсыз әрекет етеді, мекемелер мен ұйымдарда оның атынан өкілдік етеді, заңнамада белгіленген тәртіппен МӘМ мүлкіне және қаражатына иелік етеді, шарттар жасасады, сенімхаттар, оның ішінде қайта сенімгерлік құқығымен сенімхаттар береді, банктерде МӘМ шоттарын ашады.

      37. МӘМ-нің штат санын құрылтайшы Әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттарында көзделген көлемнен кем емес көлемде белгілейді.

      38. Директор медициналық және басқа да кадрларды іріктеуді және орналастыруды қамтамасыз етеді, медициналық қызметшілердің жұмысына басшылықты, олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асырады, сондай-ақ МӘМ-ге қамқорлықтағы адамдарды іріктеп жинақтауға қатысады.

      39. Директор МӘМ қызметіне қатысты бұйрықтар шығарады, еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлерді жұмысқа қабылдайды және босатады, қызметкерлерді ынталандыру шараларын қабылдайды және тәртіптік жаза қолданады.

7-тарау. Қорытынды ережелер

      40. МӘМ әкімшілігі мен қызметкерлері қамқорлықтағы адамдардың құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтірмеуге тиісті.

      41. МӘМ-де Шағымдар мен ұсыныстар кітабының болуы міндетті, ол МӘМ әкімшілігінде сақталады.
      Шағымдар мен ұсыныстар кітабы қамқорлықтағы адамдардың, олардың туыстары мен МӘМ қызметкерлерінің бірінші талабы бойынша беріледі.

      42. Шағымдар мен ұсыныстар кітабын МӘМ директоры апта сайын, ал уәкілетті орган - ай сайын қарайды.

      43. МӘМ әкімшілігі мен уәкілетті орган, құрылтайшы шағымдар мен ұсыныстарға уақытында назар аударуға және өздерінің құзыретіне енетін мәселелер бойынша тиісті шаралар қабылдауға тиісті.

      44. Заңды және жеке тұлғалардан қаражат аудару үшін МӘМ-нің демеушілік, қайырымдылық және өзге де шоттары болады.

      45. Қамқорлықтағы адамдарды ұстау, қамтамасыз ету, оларға әлеуметтік қызмет көрсету сапасын бақылауды уәкілетті орган мен құрылтайшы жүзеге асырады.

                                    Психоневрологиялық медициналық-
                                       әлеуметтік мекемелерінде
                                     әлеуметтік қызмет көрсетудің
                                      Үлгілік Ережесіне 1-қосымша

(Әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган ресімдейді)
___________________________________________________________________
                     (уәкілетті органның атауы)
_______________________________________________________ ресімделеді
            (баланың тегі, аты, әкесінің аты)

Жеке басының куәлігі N _______________ ____ж. "___" ______ берілген
Тіркелген және тұратын жері _______________________________________
Туған жері: _______________________________________________________
Туған күні, айы, жылы: "____"_________ _____ жыл
Жәрдемақының түрі мен мөлшері _____________________________________
Мүгедектік санаты___________________________________________________
Қайта куәландыру мерзімі __________________________________________
Туысқандарының (заңды өкілдерінің) болуы___________________________
___________________________________________________________________
     (туысқандығы, жасы, әлеуметтік статусы, тұратын мекен-жайы)

                          ӨТІНІШ

___________________ психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік
мекемеге тұрақты/уақытша (керегін сызыңыз) тұруға қабылдауды
сұраймын, яғни ол бөгде адамның тұрақты күтіміне және әлеуметтік
қызмет көрсетуге мұқтаж ___________________________________________
                                 (өзге себептер)

Мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:
      1) _______________________ 2) _______________________
      3) _______________________ 4) _______________________
      5) _______________________ 6) _______________________
      6) _______________________ 8) _______________________
      9) _______________________ 10) ______________________

Психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемеге қабылдаудың,
онда ұстап бағудың, одан шығарудың шарттарымен және ішкі тәртіп
ережелерімен таныстырылдым.

"____"_________ 200___ ж.       ___________________________________
                                 (Өтініш иесінің Т.А.Ә. және қолы)

Құжаттарды қабылдаған ____________________     "__"______ 200___ ж.
                  (Т.А.Ә., лауазымы, қолы)

                                    Психоневрологиялық медициналық-
                                       әлеуметтік мекемелерінде
                                     әлеуметтік қызмет көрсетудің
                                      Үлгілік Ережесіне 2-қосымша

                        МЕДИЦИНАЛЫҚ КАРТА
                    _____________________________
                     (медициналық ұйымның атауы)

Т.А.Ә. ____________________________________________________________
Туған күні, айы, жылы: "____"_________ _____ ж.
Мекен-жайы ________________________________________________________

                       Медициналық тексеру
     (негізгі және ілеспелі диагнозды, асқынудың орын алғандығы,
       бұрын болған аурулар туралы мәліметтерді көрсету қажет)

терапевт __________________________________________________________
___________________________________________________________________
хирург ____________________________________________________________
___________________________________________________________________
невропатолог ______________________________________________________
психиатр __________________________________________________________
окулист ___________________________________________________________
отоларинголог _____________________________________________________
дерматовенеролог __________________________________________________

Айғақтамалар бойынша:
стоматолог ________________________________________________________
эндокринолог_______________________________________________________
кардиолог _________________________________________________________
ортопед ___________________________________________________________
нарколог __________________________________________________________
онколог ___________________________________________________________
гинеколог _________________________________________________________
зәр мен қанның жалпы анализі (RW және ВИЧ) ________________________
ішек аурулар тобының анализі ______________________________________
Қорытынды: ________________________________________________________
___________________________________________________________________
(бөгде адамның тұрақты күтіміне және әлеуметтік қызмет көрсетуге
                  мұқтаждығы туралы негіздемемен)

Психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемеге жолдау туралы
ұсыныс ____________________________________________________________

Психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемеге жіберілмейді ___
___________________________________________________________________
                     (себебін көрсетіңіз)

М.О.

Медициналық ұйымның басшысы: ______________________________________
                                          (Т.А.Ә., қолы)
"____" _______ 200___ ж.

Қазақстан Республикасы Еңбек    
және халықты әлеуметтік қорғау   
министрі міндетін атқарушысының  
2005 жылғы 1 желтоқсандағы     
N 306-ө бұйрығымен бекітілген   

Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында
әлеуметтік қызмет көрсетудің
Үлгілік Ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында әлеуметтік қызмет көрсетудің Үлгілік Ережесі (бұдан әрі - Үлгілік Ереже) аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының қызмет тәртібін, қарттар мен мүгедектерді қабылдаудың шарттарын және оларға әлеуметтік қызметтер көрсетудің тәртібін айқындайды.

      2. Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі - аумақтық орталық) заңды тұлға болып табылады және оны құрылтайшысы қолданыстағы  заңнамаға  сәйкес құрады.

      3. Аумақтық орталық өзінің қызметін құрылтай құжаттарына сәйкес медициналық қызметке берілетін лицензияның негізінде, ал әлеуметтік-педагогикалық қызмет түрлерін көрсеткен жағдайда - білім беру қызметіне берілетін лицензияның негізінде жүзеге асырады.

      4. Аумақтық орталықтар өз қызметінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, осы Үлгілік Ережені басшылыққа алады.

      5. Аумақтық орталық жеке оңалту бағдарламасына немесе медициналық ұйымның қорытындысына сәйкес бөгде адамдардың күтіміне және әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж қарттар мен бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектердің, оның ішінде мүгедек балалардың (бұдан әрі - қызмет көрсетілетін адамдар) медициналық-әлеуметтік және оңалту қызмет түрлерін алу, бос уақыты мен демалысын өткізу мақсатында күндізгі уақытта болуына арналған.
      Мамандандырылған медициналық ұйымдарда емдеуді талап ететін процесі белсенді стадиядағы туберкулездің, карантинді инфекциялардың, тері мен шаш жұқпалы ауруларының, венереологиялық ауруларының, ЖҚТБ, соматикалық ауру кезіндегі невроздарды, неврозға ұқсас жай-күйлерді қоспағанда, психикалық аурулардың, ақыл-ес кемшіндігі мен жеке басының айқын білінетін өзгеруі жоқ, сирек ұстамасы бар (айына 2-3 реттен артық емес) этиологиясы әртүрлі тырыспалы синдромдардың болуы аумақтық орталықта медициналық қызмет көрсетуге қарсы айғақтамалар болып табылады.

2-тарау. Аумақтық орталықтың міндеттері
мен функциялары

      6. Аумақтық орталықтың негізгі міндеттері қызмет көрсетілетін адамдарға үйдікіне жақындатылған қолайлы тұрмыс жағдайларын жасау, әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттарына сәйкес әлеуметтік қызмет көрсету және оңалту шараларын жүргізу болып табылады.

      7. Аумақтық орталықтардың функциялары:
      1) қызмет көрсетілетін адамдардың дербес құқықтылығын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
      2) әлеуметтік қызметтер көрсету;
      3) медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалту жөніндегі іс-шаралар жүргізу;
      4) балалардың оқыту бағдарламаларын игеруіне жағдайлар жасау (әлеуметтік-педагогикалық қызметтер көрсету кезінде);
      5) қолайлы моральдік-психологиялық климат жасау;
      6) қызмет көрсетілетін адамдарды олардың құқықтары, әлеуметтік қызмет көрсетудің көлемі мен түрлері, Ішкі тәртіп ережесі туралы хабардар ету;
      7) қызметкерлер еңбегінің ұйымдастырылуын жетілдіру және олардың біліктілігін арттыру;
      8) әлеуметтік қызмет көрсетудің сапасы мен тиімділігін арттыру;
      9) аумақтық орталықтың қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыру;
      10) аумақтық органның Жарғысына сәйкес өзге де функциялар.

3-тарау. Әлеуметтік қызмет көрсетуге 
қабылдаудың тәртібі

      9. Бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қызмет көрсетілген кезде аумақтық орталықтарға жіберуді халықты әлеуметтік қорғау саласындағы жергілікті уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.

      10. Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, қатысушыларына және соларға теңестірілген адамдарға (бұдан әрі - ҰОС мүгедектері, қатысушылары және соларға теңестірілген адамдар) бірінші кезектегі тәртіппен қызмет көрсетіледі.

      11. Құрылтайшы бюджеттік емес қаражат есебінен қызмет көрсетілетін адамдардың қосымша құрамын дербес айқындауы мүмкін.

      12. Әлеуметтік қызмет көрсетуге қабылдау мынадай құжаттардың:
      1) өтініш (осы Үлгілік Ережеге 1-қосымша);
      2) уәкілетті органның жолдамасы (бюджет қаражаты есебінен қызмет көрсету кезінде);
      3) жеке басының куәлігі;
      4) тұратын жерінен анықтамасы;
      5) денсаулық жай-күйі туралы медициналық карта (осы Үлгілік Ережеге 2-қосымша);
      6) амбулаторлық картадан үзінді көшірме;
      7) зейнеткерлік куәлігі (зейнеткерлік жастағы адамдар үшін);
      8) ҰОС мүгедегі, қатысушысы және соларға теңестірілген адамдардың мәртебесін растайтын куәлік (ҰОС мүгедектері, қатысушылары және оларға теңестірілген адамдар үшін);
      мүгедектер үшін қосымша:
      9) мүгедектігі туралы анықтаманың үзінді көшірмесі;
      10) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме негізінде жүзеге асырылады.

      13. Әлеуметтік қызмет көрсету есебінен шығару:
      1) қызмет көрсетілетін адамның жеке өтініші бойынша;
      2) басқа жерге қоныс аударған кезде;
      3) әлеуметтік қызмет көрсетуге қарсы айғақтамалар болған кезде;
      4) қызмет көрсетілетін адам Ішкі тәртіп ережесін тұрақты (үш реттен артық) бұзған, оның ішінде нашақорлық заттарды пайдаланған, спиртті ішімдіктер ішкен, тауар-материалдық құндылықтарды және өзге де мүлікті бүлдірген, заңға қайшы әрекеттер жасаған кезде;
      5) қызмет көрсетілетін адам қайтыс болған жағдайда жүзеге асырылады.

      14. Әлеуметтік қызмет көрсету есебінен шығару кезінде аумақтық органның әкімшілігі аумақтық орталықтың есептен шығару эпикризін рәсімдейді.

4-тарау. Әлеуметтік қызмет көрсетуді ұйымдастыру

      14. Қызмет көрсетілетін адамдардың орталықта болу жағдайлары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, қауіпсіздік талаптарына, оның ішінде өртке қарсы талаптарға сәйкес болуға тиіс.

      15. Аумақтық орталықтың ғимараты оған кедергісіз баруды, онда болудың, ғимараттың ішінде жүріп-тұрудың қолайлылығын, оңалту және ойын-сауық іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында арнаулы құралдармен жабдықталады.

      16. Аумақтық орталық ғимаратының ішкі үй-жайлары көлемі, орналасуы және конфигурациясы жағынан сапалы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге тиіс.

      17. Құрылтайшы аумақтық орталықтың қазіргі заманғы техникалық жарақтандырылуын қамтамасыз етеді.

      18. Әлеуметтік қызметтер әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттарында көзделгеннен кем емес көлемде және түрлерде көрсетіледі.

      19. Әлеуметтік қызмет түрлерінің тізбесін аумақтық органның директоры айқындайды және құрылтайшы немесе уәкілетті орган бекітеді.

      20. Әлеуметтік қызметтер көрсету кезінде қызмет көрсетілетін адамның жасы мен денсаулық жай-күйі, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының мазмұны, жеке басының ерекшеліктері ескеріледі.

      21. Әлеуметтік-педагогикалық қызметтер көрсеткен жағдайларда, балаларды оқыту жалпы орта білім берудегі мемлекеттік жалпыбілім беретін, жалпыға бірдей міндетті стандарттар ескеріле отырып жүзеге асырылатын оқу бағдарламалары мен жоспарларына сәйкес және аумақтық орталықтар мамандарының тәртіпаралық командасы әзірлеген жеке дамыту бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады.

      22. Көрсетілетін қызметтердің кезеңділігі мен түрлерін аумақтық орталықтың директоры бекітеді.

      23. Аумақтық орталықта болудың тәртібі құрылтайшы немесе уәкілетті орган бекітетін Ішкі тәртіп ережесінде айқындалады.

      24. Аумақтық орталықтың жұмыс кестесін директор жергілікті жағдайларды ескере отырып, құрылтайшымен немесе уәкілетті органмен келісім бойынша белгілейді.

      25. Аумақтық орталықтың әкімшілігі адамдардың болу есебінің журналын жүргізеді, онда: тегі, аты, әкесінің аты; туған күні; тұратын мекен-жайы, үй телефоны; болғаны туралы белгі қойылған ай күндері; көрсетілген әлеуметтік қызмет түрлері бағандары болады.

5-тарау. Аумақтық орталықты басқару

      26. Аумақтық орталықты директор басқарады.

      27. Аумақтық орталықтың директорын құрылтайшы немесе уәкілетті орган тағайындайды және лауазымынан босатады.

      28. Директор аумақтық орталықтың жұмысын ұйымдастырады және аумақтық орталықтың қызметі, оның санитарлық-гигиеналық және техникалық жағдайы, онда болудың және әлеуметтік қызмет көрсетудің сапасы үшін, сондай-ақ қызмет көрсетілетін адамдардың аумақтық орталықтың аумағындағы әрбір мертігуі немесе табиғи емес өлімі үшін дербес жауапкершілікте болады.

      29. Директор аумақтық орталықтың атынан сенімхатсыз әрекет етеді, мекемелер мен ұйымдарда оның атынан өкілдік етеді, заңдарда белгіленген тәртіппен аумақтық орталықтың мүлкіне және қаражатына иелік жасайды, келісім-шарттар жасайды, сенімхаттар, оның ішінде қайта сенімгерлік құқығымен сенімхат береді, банктерде аумақтық орталықтың шоттарын ашады.

      30. Штат санын құрылтайшы берілетін әлеуметтік қызмет түрлерінің көлемі мен түрлеріне қарай белгілейді.

      31. Директор педагогикалық, медициналық және басқа да кадрларды іріктеуді және орналастыруды қамтамасыз етеді, педагогикалық және медициналық қызметкерлердің жұмысына басшылықты, олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асырады, сондай-ақ аумақтық орталықты қарттармен және мүгедектермен толықтыруға қатысады.

      32. Директор аумақтық орталықтың қызметіне қатысты бұйрықтар шығарады, еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлерді жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады, ынталандыру шараларын қабылдайды және қызметкерлерге тәртіптік жазалар қолданады.

6-тарау. Қорытынды ережелер

      33. Аумақтық орталықтың әкімшілігі мен қызметкерлері қызмет көрсетілетін адамдардың құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтірмеуге тиісті.

      34. Аумақтық орталықта Шағымдар мен ұсыныстар кітабының болуы міндетті, ол аумақтық орталықтың әкімшілігінде сақталады.
      Шағымдар мен ұсыныстар кітабы қызмет көрсетілетін адамдар мен аумақтық орталық қызметкерлерінің бірінші талап етуі бойынша беріледі.

      35. Шағымдар мен ұсыныстар кітабын аумақтық орталықтың директоры апта сайын, ал құрылтайшы немесе уәкілетті орган - ай сайын қарайды.

      36. Аумақтық орталықтың әкімшілігі, құрылтайшы мен уәкілетті орган өтініштер мен ұсыныстарға уақытында назар аударуға және өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тиісті шаралар қабылдауға тиісті.

      37. Аумақтық орталықтың демеушілік, қайырымдылық және өзге де шоттары болуы мүмкін.

      38. Әлеуметтік қызмет көрсетудің сапасын бақылауды уәкілетті орган немесе құрылтайшы жүзеге асырады.

                                       Әлеуметтік қызмет көрсетудің
                                         аумақтық орталықтарында
                                       әлеуметтік қызмет көрсетудің
                                        Үлгілік Ережесіне 1-қосымша

                                       ____________________________
                                              (ұйымның атауы)

Т.А.Ә. ____________________________________________________________
Туған жылы ________________________________________________________
Тұратын мекен-жайы ________________________________________________
Телефон нөмірі ____________________________________________________
Мүгедектік санаты _________________________________________________
Тұрғын үй жағдайлары ______________________________________________
Туысқандарының болуы_______________________________________________
                (Т.А.Ә., туысқандығын, тұратын мекен-жайын көрсету)

                             ӨТІНІШ

Мені әлеуметтік қызмет көрсетудің орталық аумағында әлеуметтік
қызмет көрсетуге қабылдауды сұраймын.

Ішкі тәртіп ережесімен таныстым.

Мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:
      1) _______________________ 2) _______________________
      3) _______________________ 4) _______________________
      5) _______________________ 6) _______________________
      7) _______________________ 8) _______________________
      9) _______________________ 10) ______________________

"____"_________ 200___ ж.          ________________________________
                                  (Өтініш иесінің Т.А.Ә. және қолы)

Әлеуметтік қызмет көрсету туралы ұсынымдар ________________________
___________________________________________________________________
   (адамды әлеуметтік қызмет көрсетуге қабылдаған/қабылдамаған
                      себептерді көрсету)

Құжаттарды қабылдаған _______________________  "___"______ 200__ ж.
                     (Т.А.Ә., лауазымы, қолы)

                                       Әлеуметтік қызмет көрсетудің
                                         аумақтық орталықтарында
                                       әлеуметтік қызмет көрсетудің
                                        Үлгілік Ережесіне 2-қосымша

                                      (медициналық ұйым ресімдейді)

                       МЕДИЦИНАЛЫҚ КАРТА
                _____________________________________
                      (медициналық ұйымның атауы)

Т.А.Ә. ____________________________________________________________
Туған күні, айы, жылы "___" _________ 200 __ж.
Мекен-жайы ________________________________________________________

                      Медициналық тексеру
     (негізгі және ілеспелі диагнозды, асқынудың орын алғандығы,
       бұрын болған аурулар туралы мәліметтерді көрсету қажет)

терапевт __________________________________________________________
___________________________________________________________________
хирург ____________________________________________________________
невропатолог ______________________________________________________
психиатр __________________________________________________________
окулист ___________________________________________________________
отоларинголог _____________________________________________________
дерматовенеролог __________________________________________________

Айғақтамалар бойынша:
стоматолог ________________________________________________________
эндокринолог_______________________________________________________
кардиолог _________________________________________________________
ортопед ___________________________________________________________
нарколог __________________________________________________________
онколог ___________________________________________________________
гинеколог _________________________________________________________
зәр мен қанның жалпы анализі (RW және ВИЧ) ________________________
ішек аурулар тобының анализі ______________________________________
Қорытынды: ________________________________________________________
___________________________________________________________________
 (бөгде адамның тұрақты күтіміне және әлеуметтік қызмет көрсетуге
                мұқтаждығы туралы негіздемемен)

Аумақтық орталықта әлеуметтік қызмет көрсету туралы ұсыныс
___________________________________________________________________

Аумақтық орталыққа жіберілмейді ___________________________________
                                         (себебін көрсетіңіз)

М.О.

Медициналық ұйымның басшысы: _______________    "__" ______ 200__ж.
                              (Т.А.Ә., қолы)

Қазақстан Республикасы Еңбек    
және халықты әлеуметтік қорғау   
министрі міндетін атқарушысының  
2005 жылғы 1 желтоқсандағы     
N 306-ө бұйрығымен бекітілген   

Үйде әлеуметтік қызмет көрсетудің
Үлгілік Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Үйде әлеуметтік қызмет көрсетудің Үлгілік Ережесі (бұдан әрі - Үлгілік Ереже) қарттар мен мүгедектерді қабылдаудың шарттарын және оларға бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін әлеуметтік қызметтерді көрсетудің тәртібін айқындайды.

      2. Үйде әлеуметтік қызмет көрсетуді (үйде қызмет көрсетуді) жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік емес ұйымдар жүзеге асырады.

      3. Үйде қызмет көрсету жалғызілікті, сондай-ақ жалғыз тұратын қарттарға және бөгде адамның күтімі мен әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж бірінші, екінші топтағы мүгедектерге (бұдан әрі - қызмет көрсетілетін адамдар) көрсетіледі.
      Мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді талап ететін ауру процесінің белсенді стадиясындағы туберкулездің, невроздарды қоспағанда, психикалық аурулардың, соматикалық ауру кезіндегі невроз ұқсас жай-күйлердің, жарыместің жеңіл дәрежесінің, ақыл-ес кемшіндігі мен жеке басының айқын білінетін өзгеруі жоқ, сирек ұстамасы бар (айына 2-3 реттен артық емес) тырыспалы синдромдардың, карантинді инфекциялардың, жұқпалы тері мен шаш ауруларының, венереологиялық аурулардың, ЖҚТБ болуы үйде қызмет көрсетуге қарсы айғақтамалар болып табылады.

      4. Үйде қызмет көрсету Қазақстан Республикасының  Конституциясына , Қазақстан Республикасының  заңдарына , өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Үлгілік Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

      5. Әлеуметтік қызметтерді қарттар мен мүгедектерді күту жөніндегі әлеуметтік қызметкерлер (бұдан әрі - әлеуметтік қызметкерлер) қызмет көрсету аумағы мен аймағының көлемі ескеріле отырып, әлеуметтік қызметтерді көрсетудің мемлекеттік стандарттарында көзделгендерден кем емес көлемде және түрлерде көрсетеді.

      6. Әлеуметтік қызметкерлер үйде әлеуметтік қызметтер көрсету бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың штат санында болуы мүмкін.

      7. Әлеуметтік қызметтер көрсету кезінде қызмет көрсетілетін адамдардың жасы мен денсаулық жай-күйі, оңалтудың жеке бағдарламасының (бұдан әрі - ОЖБ) мазмұны, қозғалу белсенділігінің төмендеу дәрежесі мен басқа да объективті факторлар ескеріледі.

2. Үйде әлеуметтік қызмет көрсетудің
міндеттері мен функциялары

      8. Үйде әлеуметтік қызмет көрсетудің негізгі міндеттері қызмет көрсетілетін адамдардың үйреншікті әлеуметтік ортада болуына қолайлы жағдайлар туғызу, гигиеналық талаптарға сәйкес өмір сүру жағдайларына қолдау жасау, әлеуметтік қызметтерді көрсетудің мемлекеттік стандарттарына сәйкес әлеуметтік қызметтер көрсету және оңалту іс-шараларын жүргізу болып табылады.

      9. Үйде әлеуметтік қызмет көрсету функциялары:
      1) жалғызілікті (жалғыз тұратын) қарттарды және үйде қызмет көрсетуге мұқтаж мүгедектерді анықтау және олардың есебін жүргізу;
      2) қызмет көрсетілетін адамдардың дербес құқықтылығын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
      3) әлеуметтік-құқықтық қызметтер көрсету;
      4) қызмет көрсетілетін адамдарды олардың құқықтары, көрсетілетін әлеуметтік қызметтің көлемі мен түрлері туралы хабардар ету;
      5) әлеуметтік қызмет көрсетудің сапасы мен тиімділігін арттыру;
      6) әлеуметтік қызметкерлердің еңбегін ұйымдастыруды жетілдіру және олардың біліктілігін арттыру;
      7) Заңды тұлғалардың Жарғыларына сәйкес өзге де функциялар.

3. Жергілікті атқарушы органдардың үйде
әлеуметтік қызмет көрсетуді ұйымдастыруы

      10. Жергілікті атқарушы органдар үйде әлеуметтік қызмет көрсетуді дербес немесе үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшелері арқылы ұйымдастырады.

      11. Үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшелері (бұдан әрі - бөлімшелер) қолданыстағы заңнамаға сәйкес құрылтайшылар құратын жеке тұлға ретінде, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, медициналық-әлеуметтік мекемелердің, аумақтық орталықтардың құрылымдық бөлімшелері ретінде болуы мүмкін.

      12. Бөлімшені бөлімше меңгерушісі басқарады. Бөлімше меңгерушісі халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық уәкілетті орган бекіткен Біліктілік сипаттамаларына сәйкес болуы керек.

      13. Қажет болған кезде меңгеруші орнында уақытша болмаған әлеуметтік қызметкерді алмастырады.

      14. Жергілікті атқарушы органның немесе бөлімше (бұдан әрі - орындаушы) мен қызмет көрсетілетін адамның арасындағы қатынастар үйде әлеуметтік қызмет көрсету бойынша қызметтер көрсетуге арналған шартпен (бұдан әрі - Шарт) ресімделеді.
      Шартта қызмет көрсетілетін адамға көрсетілетін қызметтердің кезеңділігін және түрлерін көздейтін талаптардың, қызмет көрсетілетін адамға бекітілген әлеуметтік қызметкердің аты, Шарттың бұзылу жағдайлары, тараптардың жауапкершіліктері, Шарт мерзімінің болуы міндетті.

      15. Орындаушы басшылықты, практикалық көмекті және әлеуметтік қызметкерлердің қызметіне бақылауды жүзеге асырады.

      16. Еңбекті тиімді ұйымдастыру мақсатында орындаушы әлеуметтік қызметкерге қажетті қазіргі заманғы техникамен және байланыспен жабдықталған орын береді.

      17. Орындаушы сапалы әлеуметтік қызметтер көрсетілуі үшін жағдай жасайды (әлеуметтік қызметкерлерді униформамен, шаруашылық заттарымен: жуу заттарымен, ескі шүберектермен, резеңке қолғаптармен және т.б., шаруашылық жабдықтарымен, қажет болған кезде көлік құралымен немесе жол жүру билеттерімен қамтамасыз ету).

      18. Орындаушы қызмет көрсетілетін адамдардың бірінші талабы бойынша Шағымдар мен ұсыныстар кітабын ұсынады.

      19. Шағымдар мен ұсыныстар кітабын орындаушы апта сайын қарайды.

      20. Орындаушы шағымдар мен ұсыныстарға уақытында назар аударуға және өзінің құзыретіне енетін мәселелер бойынша тиісті шаралар қабылдауға тиісті.

      21. Қызмет көрсетілетін адамдардың жеке істері орындаушыда сақталады.

4. Үкіметтік емес ұйымдардың үйде әлеуметтік
қызмет көрсетуді ұйымдастыруы

      22. Үкіметтік емес ұйымдар бюджет қаражаты есебінен үйде әлеуметтік қызмет көрсетуді мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырады.

      23. Жергілікті бюджеттік бағдарлама әкімшісінің (бұдан әрі - тапсырыс беруші) және мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты шарт бойынша орындаушы ретінде әрекет ететін үкіметтік емес ұйымның (бұдан әрі - қызметтерді жеткізуші) арасындағы қатынастар үйде әлеуметтік қызметтер көрсетуге мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға арналған шартпен ресімделеді.

      24. Үйде қызметтер көрсетуді қызметтерді жеткізуші ұйымдастырады.

      25. Тапсырыс беруші басшылықты, практикалық көмекті және қызметтерді жеткізушілердің қызметіне бақылауды жүзеге асырады.

      26. Еңбекті тиімді ұйымдастыру мақсатында қызметтерді жеткізуші әлеуметтік қызметкерге қажетті қазіргі заманғы техникамен және байланыспен жабдықталған орын береді.

      27. Қызметтерді жеткізуші сапалы әлеуметтік қызметтер көрсетілуі үшін жағдай жасайды (әлеуметтік қызметкерлерді униформамен, шаруашылық заттарымен: жуу заттарымен, ескі шүберектермен, резеңке қолғаптармен және т.б., шаруашылық жабдықтарымен, қажет болған кезде көлік құралымен немесе жол жүру билеттерімен қамтамасыз ету).

      28. Қызметтерді жеткізуші мен қызмет көрсетілетін адамның арасындағы қатынастар шартпен ресімделеді.
      Шартта қызмет көрсетілетін адамға көрсетілетін қызметтердің кезеңділігін және түрлерін көздейтін талаптардың, қызмет көрсетілетін адамға бекітілген әлеуметтік қызметкердің аты, Шарттың бұзылу жағдайлары, тараптардың жауапкершіліктері, Шарт мерзімінің болуы міндетті.

      29. Қызметтерді жеткізуші қызмет көрсетілетін адамдардың бірінші талабы бойынша Шағымдар мен ұсыныстар кітабын ұсынады.

      30. Шағымдар мен ұсыныстар кітабын қызметтерді жеткізуші апта сайын қарайды.

      31. Тапсырыс беруші мен қызметтерді жеткізуші шағымдар мен ұсыныстарға уақытында назар аударуға және өзінің құзыретіне енетін мәселелер бойынша тиісті шаралар қабылдауға тиісті.

      32. Қызмет көрсетілетін адамдардың жеке істері тапсырыс берушіде сақталады, ал жеке істердің көшірмелері қызметтерді жеткізушіге беріледі.

5. Үйде қызмет көрсетуге қабылдаудың және
үйде қызмет көрсетуден шығарудың тәртібі

      33. Үйде қызмет көрсетуге заң бойынша оларды ұстауға және қамқорлық көрсетуге міндетті кәмелетке толған, еңбекке қабілетті жастағы жақын туыстары жоқ, сондай-ақ шынайы себептер бойынша оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз ете алмайтын (егде жастағы, бірінші, екінші топтағы мүгедектігі, онкологиялық, психикалық сырқаты бар, бас еркінен айыру орындарында жүрген, елден тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен немесе басқа елді мекенде тұратын) туыстары бар жалғызілікті адамдар қабылданады.

      34. Ұлы Отан соғысының мүгедектері, қатысушылары және соларға теңестірілген адамдар (бұдан әрі - ҰОС мүгедектері, қатысушылары және соларға теңестірілген адамдар) үйде қызмет көрсетуге бірінші кезектегі тәртіппен қабылданады.

      35. Үйде қызмет көрсетуге мұқтаж ерлі-зайыпты адамдар жеке адамдар ретінде есептеледі.

      36. Үйде қызмет көрсетуге жіберуді ведомстволық бағыныстылығына қарай жергілікті атқарушы орган немесе халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.

      37. Үйде қызмет көрсетуге қабылдауды уәкілетті орган мынадай құжаттардың:
      1) өтініш (осы Үлгілік Ережеге 1-қосымша);
      2) жеке куәлігі;
      3) тұратын жерінен анықтамасы;
      4) медициналық картасы (осы Үлгілік Ережеге 2-қосымша);
      5) материалдық-тұрмыстық жағдайларды зерттеп тексеру актісі (осы Үлгілік Ережеге 3-қосымша);
      6) зейнеткерлік куәлігі (зейнеткерлік жастағылар үшін);
      7) ҰОС мүгедектері, қатысушылары және соларға теңестірілген адамның мәртебесін растайтын куәлігі (ҰОС мүгедектері, қатысушылары және соларға теңестірілген адамдар үшін);
      мүгедектер үшін бұларға қоса:
      8) мүгедектігі туралы анықтамадан үзінді көшірме;
      9) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме негізінде жүзеге асырылады.

      38. Шартты бұзу үшін:
      1) қызмет көрсетілетін адамның жеке өтініші;
      2) әлеуметтік қызмет көрсетуге қабылдауға қарсы айғақтамалар болған кезде;
      3) қызмет көрсетілетін адам басқа жерге көшкен кезде;
      4) қызмет көрсетілетін адамның әлеуметтік қызметкерді оның адамгершілік қасиетін кемсітетін, негізсіз қорлауы және айыптауы негіз болып табылады.

6. Әлеуметтік қызметкерлердің қызметін басқару

      39. Қызметтерге тапсырыс беруші басшылықты, практикалық көмекті және қызметтерді жеткізушілердің қызметіне бақылауды жүзеге асырады.

      40. Әлеуметтік қызметкер халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық уәкілетті орган бекіткен Біліктілік сипаттамаларына сәйкес болуы керек.

      41. Үйде қызмет көрсетудің іс-қағаздарын жүргізу олардың болуы, үйде қызмет көрсетудің сапасы мен тиімділігін арттыру, әлеуметтік қызметкерлердің қызмет көрсетілетін адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуына жол бермеу мақсатындағы бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін құжаттарды қамтуға тиіс.

      42. Іс-қағаздарын жүргізудің тәртібін уәкілетті орган бекітеді және ол қызметтерді жеткізушілер мен әлеуметтік қызметкерлердің назарына жеткізіледі.

      43. Іс-қағаздарын жүргізу мынадай міндетті құжаттамалардың болуын көздейді:
      1) жылға, тоқсанға арналған жұмыс жоспары;
      2) қызмет көрсетуге келіп түскен адамдарды тіркеу журналы (осы Үлгілік Ережеге 4-қосымша);
      3) қызмет көрсетілетін адамдарға жақындарының келіп-кету кестесі;
      4) көрсетілген әлеуметтік қызметтер есебінің журналы (осы Үлгілік Ережеге 5-қосымша).

      44. Іс-қағаздары мен жұмыс есебінің жай-күйі, олардың дұрыс жүргізілуі үшін әлеуметтік қызметкер, бөлімше меңгерушісі, орындаушы мен қызметтерді жеткізуші жауаптылықта болады.

      45. Үйде қызмет көрсетудің сапасын бақылауды жүзеге асыру мақсатында тапсырыс беруші қызметтерді жеткізушіден құжаттамаларды сұратуға құқылы.

                                           Үйде әлеуметтік қызмет
                                             көрсетудің Үлгілік
                                             Ережесіне 1-қосымша

                                       ____________________________
                                              (ұйымның атауы)

Т.А.Ә. ____________________________________________________________
Туған жылы ________________________________________________________
Тұратын мекен-жайы ________________________________________________
Телефон нөмірі ____________________________________________________
Мүгедектік санаты _________________________________________________
Тұрғын үй жағдайлары ______________________________________________
Туысқандарының болуы ______________________________________________
                     (Т.А.Ә., туысқандығын, тұратын жерін көрсету)

                             ӨТІНІШ

      Мені үйде қызмет көрсетуге қабылдауды сұраймын. Үйде
әлеуметтік қызмет көрсету тәртібімен және шарттарымен
таныстырылдым. 

      Мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:
      1) ______________________________
      2) ______________________________
      3) ______________________________
      4) ______________________________
      5) ______________________________
      6) ______________________________
      7) ______________________________
      8) ______________________________ 

 

      Күні _________                   Қолы ________________

      Үйде қызмет көрсету туралы ұсынымдар ________________________
___________________________________________________________________
    (адамды әлеуметтік қызмет көрсетуге қабылдаған/қабылдамаған
                          себептерді көрсету)

      Күні ________                    Қолы, лауазымы _____________

                                           Үйде әлеуметтік қызмет
                                             көрсетудің Үлгілік
                                             Ережесіне 2-қосымша

                      МЕДИЦИНАЛЫҚ КАРТА
                   ______________________________
                    (медициналық ұйымның атауы)

Т.А.Ә. ____________________________________________________________
Туған күні, айы, жылы "___" _______________ _____ ж.
Мекен-жайы ________________________________________________________

                        Медициналық тексеру
    (негізгі және ілеспелі диагнозды, асқынудың орын алғандығы,
      бұрын болған аурулар туралы мәліметтерді көрсету қажет)

терапевт __________________________________________________________
___________________________________________________________________
хирург ____________________________________________________________
___________________________________________________________________
невропатолог ______________________________________________________
психиатр __________________________________________________________
окулист ___________________________________________________________
отоларинголог _____________________________________________________
дерматовенеролог __________________________________________________

Айғақтамалар бойынша:
стоматолог ________________________________________________________
эндокринолог ______________________________________________________
кардиолог _________________________________________________________
ортопед ___________________________________________________________
нарколог __________________________________________________________
онколог ___________________________________________________________
гинеколог _________________________________________________________
зәр мен қанның жалпы анализі (RW және ВИЧ) ________________________
ішек аурулар тобының анализі ______________________________________
Қорытынды: ________________________________________________________
___________________________________________________________________
   (бөгде адамның тұрақты күтіміне және көмегіне мұқтаждығын
                          көрсету қажет)

Үйде қызмет көрсету туралы ұсыныс _________________________________

М.О.

Медициналық ұйымның басшысы: ______________________________________
                                       (Т.А.Ә., қолы)

"___" ________ 200__ ж.

                                             Үйде әлеуметтік қызмет
                                               көрсетудің Үлгілік
                                               Ережесіне 3-қосымша

           Материалдық-тұрмыстық жағдайларды зерттеу 
                       АКТІ N __________

1. Т.А.Ә. _________________________________________________________
2. Туған жылы _____________________________________________________
3. Тұратын мекен-жайы: ____________________________________________
4. Телефон нөмірі _________________________________________________
5. Соңғы жұмыс орны _______________________________________________
6. Зейнетақының (жәрдемақының) түрі мен мөлшері ___________________
7. Отбасылық жағдайы: _____________________________________________
8. Балалары мен туғандарының болуы ________________________________
___________________________________________________________________
(Т.А.Ә., олардың тұратын мекен-жайы, телефон нөмірі (жұмыс және үй)

9. Тұратын жағдайы: _______________________________________________
                       (пәтер, жеке үй, жатақханадағы бөлме, т.б.)
___________________________________________________________________
(қабатты, бөлмелердің санын, тазалық бөлмелерін, орталық жылытуды,
                         лифті көрсету)

10. Үй жанындағы учаскелердің болуы _______________________________
11. Әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаждығы (әлеуметтік қызмет
көрсетудің көлемі мен түрлерін көрсету қажет) _____________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

Күні _________                      Қолы, лауазымы ________________

                                             Үйде әлеуметтік қызмет
                                               көрсетудің Үлгілік
                                               Ережесіне 4-қосымша

            Үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге келіп
              түсетін адамдарды тіркеу журналы

N

Т.А.Ә

Туған жылы

Әлеу-
меттік 
мәрте-
бесі

Мекен-
жайы 

Өтініш беру күні

Әлеуметтік қызмет көрсетуге қабылданған күні

Әлеуметтік қызмет көрсету есебінен шығарылған күні және негіздеме 

1

2

3

4

5

6

7

8

      Ескерту: Журнал нөмірленген, тігілген және мөрмен бекітілген
болу керек. Журнал күнтізбелік жылға толтырылады.

                                             Үйде әлеуметтік қызмет
                                               көрсетудің Үлгілік
                                               Ережесіне 5-қосымша

           Ұсынылған әлеуметтік қызмет көрсетулерге
                     есеп жүргізу журналы

_________ 200 __ж.
  (ай)

Қызмет көрсетілетін адамның Т.А.Ә. ________________________________
Әлеуметтік қызметкердің Т.А.Ә. ____________________________________
Келу мерзімділігі _________________________________________________

N
р/с

Ай күні

Қандай  әлеуметтік қызмет көрсетілді
(не істелді)

Қызмет көрсету сапасы
(ескертулер мен ұсыныстар) қызмет көрсетілетін адам толтырады

Әлеуметтік қызметкердің қызмет көрсетулерді орындауы туралы белгісі 

1

2

3

4

5

      Ескерту: Журнал әр күнтізбелік айға толтырылады. Әлеуметтік
қызмет көрсетілген кезеңде журнал үйде болады, ай аяқталған соң әлеуметтік қызметкерге беріледі.