Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді белгілеу, бағалы қағаздардың нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу Ережелерін бекіту туралы" 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 264 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 29 қазандағы N 386 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 1 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3955

Қолданыстағы

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  3-бабы, 2-тармағының 11), 15) тармақшаларына,  49-бабына  және "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  9-бабы, 1-тармағының 5), 6) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Агенттік Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді белгілеу, бағалы қағаздардың нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу Ережелерін бекіту туралы" 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 264  қаулысына  (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 3196 тіркелген, 2004 жылы "Қаржы хабаршысы" N 12 журналында жарияланған), Агенттік Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310  қаулысымен  енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 3868 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздардың нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесінде:
      2-тармақ:
      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "5-1) ықтимал шығындар резервін шегере отырып, Қазақстан Республикасы ұйымдарының инфрақұрылымдық облигациялары (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын есепке ала отырып);

      мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "10-1) ықтимал шығындар резервін шегере отырып, (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын есепке ала отырып) шетел мемлекеттердің немесе Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған рыноктарында айналыста жүретін, "ВВ"-ден ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "Ва2"-ден төмен емес ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) рейтингтік бағасы бар немесе Қазақстан Республикасының "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "А" рейтингтік бағасы бар брокерге және дилерге қатысты аффилиирленген тұлға болып табылмайтын Қазақстан Республикасы ұйымдарының акциялары және шетел мемлекеттердің немесе Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған рыноктарында айналыста жүретін, "ВВ"-ден ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "Ва2"-ден төмен емес ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) рейтингтік бағасы бар немесе Қазақстан Республикасының "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "А" рейтингтік бағасы бар брокерге және дилерге қатысты аффилиирленген тұлға болып табылмайтын Қазақстан Республикасы ұйымдарының борыштық бағалы қағаздары;";

      мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "12-1) ықтимал шығындар резервтерін шегере отырып (елу процентке азайтылған) ашық және/немесе аралық инвестициялық пай қорларының пайлары;";

      қосымшада:
      "20__ жылғы "___" ___________ жағдайы бойынша пруденциалдық нормативтің есебі" кестесін:
      мынадай мазмұндағы 5-1 жолмен толықтырылсын:

5-1.

Ықтимал шығындар резервін шегере отырып, Қазақстан Республикасы ұйымдарының инфрақұрылымдық облигациялары (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын есепке ала отырып)

 

100%

 

      мынадай мазмұндағы 10-1 жолмен толықтырылсын:

10-1.

Ықтимал шығындар резервін шегере отырып, (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын есепке ала отырып) шетел мемлекеттердің немесе Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған рыноктарында айналыста жүретін,«ВВ-ден ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "Ва2"-ден төмен емес ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) рейтингтік бағасы бар немесе Қазақстан Республикасының "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша«А»рейтингтік бағасы бар брокерге және дилерге қатысты аффилиирленген тұлға болып табылмайтын Қазақстан Республикасы ұйымдарының акциялары және шетел мемлекеттердің немесе Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған рыноктарында айналыста жүретін, ВВ-ден ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "Ва2"-ден төмен емес ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) рейтингтік бағасы бар немесе Қазақстан Республикасының "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша А рейтингтік бағасы бар брокерге және дилерге қатысты аффилиирленген тұлға болып табылмайтын Қазақстан Республикасы ұйымдарының борыштық бағалы қағаздары

 

100%

 

      мынадай мазмұндағы 12-1 жолмен толықтырылсын:

12-1.

Ықтимал шығындар резервтерін шегере отырып ашық және/немесе аралық инвестициялық пай қорларының пайлары

 

50%

 

      "20__ жылғы "___" ___________ жағдайы бойынша Пруденциалдық нормативті есептеуге арналған қосымша мәліметтер" кестедегі:
      "Көрсеткіштің атауы" бағанындағы 8014 жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ықтимал шығындар резервін шегере отырып, (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын есепке ала отырып) шетел мемлекеттердің немесе Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған рыноктарында айналыста жүретін, "ВВ"-ден ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "Ва2"-ден төмен емес ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) рейтингтік бағасы бар немесе Қазақстан Республикасының "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "А" рейтингтік бағасы бар брокерге және дилерге қатысты аффилиирленген тұлға болып табылмайтын Қазақстан Республикасы ұйымдарының акциялары және шетел мемлекеттердің немесе Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған рыноктарында айналыста жүретін, "ВВ"-ден ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "Ва2"-ден төмен емес ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) рейтингтік бағасы бар немесе Қазақстан Республикасының "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "А" рейтингтік бағасы бар брокерге және дилерге қатысты аффилиирленген тұлға болып табылмайтын Қазақстан Республикасы ұйымдарының борыштық бағалы қағаздары";

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

8015

Басқа бағалы қағаздар

 

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы қабылданған күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, сауда-саттықты ұйымдастырушыға жіберсін.

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға